Мұхаметханов және Абай мұражайы Семей таңы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

Рамазан Дана Сержанқызы

Мұхит Гүлім Ересенқызы

«Қайым Мұхаметханов - тарихи тұлға ретінде»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B012900 - География-Тарих

Семей, 2022 жыл

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

«Қорғауға жіберілді»

Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі:

(б. ғ. к., доцент) Сапарова. Г. С.

“___ ” 2022

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қайым Мұхаметханов - тарихи тұлға ретінде »

5B012900 - География-Тарих

Орындағандар: Рамазан Дана

Мұхит Гүлім

Ғылыми жетекшісі: Каримов Мұхтарбек Қарпықұлы

тарих ғылымдарының кандидаты,

доцент

Нормобақылаушы: Уәшова Мейрамгүл Уәшқызы

Семей, 2022 жыл

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1.
Кіріспе: Қайым Мұхаметхановтың өмір жолы, қызметі
3: 7
: 1. 1
Кіріспе: Өскен ортасы
3: 7
: 1. 2
Кіріспе: Қайраткердің еңбек жолы
3: 13
: 1. 3
Кіріспе: Заңсыз жазалаудың құрбаны
3: 19
: 2.
Кіріспе: Қайым Мұхаметхановтың Қазақстан ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесі.
3: 24
: 2. 1
Кіріспе: Абайтанушы
3: 24
: 2. 2
Кіріспе: Қазақ тарихының білгірі
3: 34
: 3.
Кіріспе: ІІІ тарау. «Қайым Мұхаметханов-тарихи тұлға» тақырыбы сыныпта өткізудің әдістемесі.
3: 43
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 46
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 47

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда отандық тарих ғылымында тұлғатануға ерекше көңіл бөлінеді. Тұлғатану кеңестік кезеңдеде зерттелініп отырған мәселелердің қатарында болды. Бірақ, ол кездегі саяси жүйеге тікелей байланысты көптеген маңызды және бірегей тұлғалар таптық көзкарастары жат ретінде зерттеу нысаны ретінде қарастырылмады. Осы тұрғыдан келгенде Қайым Мұхаметхановты кеңестік саяси жүйеге сәйкес келмейтін тұлға ретінде қарастырылды. Сондықтанда, оның бүкіл өмір жолы әсіресе тарих ғылымы саласы тұрғысынан жан-жақты зерттеу нысаны бола алмады.

Кеңес Одағының ыдырауы, комунистік идеологияның үстемдігінен арылған бүгінгідей еркін қоғамда, ел тарихына, ғылымына, мәдениетіне еңбегі сіңген, кешегі күндері жат деп есептелген тұлғаларды зерттеу, олардың еңбектерін көрсету оң үрдіске айналды. Осы тұрғыдан келгенде «Қайым Мұхаметханов-тарихи тұлға» тақырыбы сөз жоқ өзектілердің қатарына жатады.

Қайым Мұхаметхановтың өмірі мен тағдыры өзі қатысып, елеулі үлес қосқан ел өміріндегі маңызды оқиғалармен тығыз байланысты. Атап айтсақ, ғалымның еңбектері - мемлекеттік рәміздерді қалыптастыру, қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау, Алаш мұратын бүгінгі ұрпаққа жеткізу, жаңа ғылыми бағыттарды ашу, мыңдаған есімдер мен қолжазбаларды қалпына келтіру секілді баға жетпес еңбегі бар.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхаметхановтың еңбегі - ғалымның ел тарихы мен мәдениеті, білім саласы, өмір жолы мен қуғын-сүргін кезеңіне қатысты құнды еңбектерін терең танып, зерделеу, оның шығармашылығын мектеп оқушылары арасында насихаттау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылды:

- Қайым Мұхаметхановтың өмір жолы мен қызметін талдау;

- Ғалымның қуғын-сүргін кезіндегі еңбектерін талдау;

- Қайраткердің Қазақстан ғылымы мен мәдениетіне абайтанушы ретінде қосқан үлесін көрсету;

- «Қайым Мұхаметханов-тарихи тұлға» тақырыбын сыныпта сабақ ретінде өткізудің әдістемелік жүйесін жасау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қайым Мұхаметхановтың өмірі, ұстаздық жолы, ғылыми және мәдени творчествосы белгілі дәрежеде зерттеу нысанына айналған. Оның өміріне қатысты еңбектер негізінен отандық ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері болып табылады. Монографиялар. Естеліктер. Ғылыми және танымдық мақалалар. Қорғалған диссертациялар.

Жалпы Қайым Мұхаметханов туралы кешенді зерттеу жүргізілмеген. Қайым Мұхаметхановтың өмірі, ұстаздық жолы, ғылыми және мәдени творчествосы белгілі дәрежеде зерттеу нысанына айналған. Оның өміріне қатысты еңбектер негізінен отандық ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері болып табылады. Монографиялар. Естеліктер. Ғылыми және танымдық мақалалар. Қорғалған диссертациялар айтуымызға болады.

Негізінен Қайым Мұхаметхановтың зерттеу еңбектерін қазақ зиялылары осыдан 3 жыл бұрын 10 томдық жинаққа басып шығарған болатын.

Қазіргі уақытта жіті зерттеуді қажет ететін тақырып болып отыр. Бұл тақырыпта бірнеше ғалымдар қалам тербеген. Олар:

Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы -жазушы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

- "Қайсар ғалым" (1989, Жұлдыз) мақаласында былай делінген:" Қ. Мұхаметханов-Абайдың жазбаша тарихын, мұрасының жарияланымдарын зерттеген тарихшы, Абай өлеңдерін құрастырушы, библиограф, үш-төрт басылымға түсініктеме берген, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай құқығы мен оның ақындық дәстүрі бойынша монографиялық еңбектер жазған теоретик, сонымен қатар сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарын, әдеби нұсқаларын, өлеңдерін, әңгімелері мен аңыздарын зерттейтін тарихшы". Филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Сіләмұлы Еспенбетов бастауымен қорғалған Қазақ инновациялық гуманитарлық -заң университетінің доценті Ақмарал Смағұлова. Қайым Мұхаметхановтың шәкіртінің кандидаттық дисертациясында ғалым шығармашылығы жан жақты, барлық қырынан талданған. - Мұхаметханов және Абай мұражайы // Семей таңы. - 2009. - 18 маусым.

Шығыс Қазақстан Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының маманы Әсел Қарчалованың ғылыми-зерттеу жұмыстары" Оралхан Бөкей мен Қайым Мұхаметхановтың шығармашылығы" тақырыбындағы зерттеу жұмысында жақсы көрініс тапқан. Әсел Карчаловтың "бақыт - бұл еркіндік" атты мақаласында Каюм Мұхаметхановтың 800-ден астам жарияланымдары, оның ішінде монографиялар, қорғалған диссертациялар, ғылыми зерттеулер, кітаптар бар. Ол 100-ден астам өлең жазып қана қоймай, оларды басқа тілдерден қазақ тіліне аударған. Қайым Мұхаметханов есімі абайтанушы ретінде жылдан-жылға маңызын жоймай келеді. 2008 жылы Алматы қаласында «Қ. Мұхаметханов атындағы білім беру және мәдени орталық» атымен қоғамдық қор құрылды. Оның директоры абайтанушының қызы - Дина Мұхаметханова. Қордың басты мақсаты - Қ. Мұхаметхановтың мәдени мұрасын сақтау.

Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық қорық-музей-қорықтың сирек кездесетін қорлары мен иконографиялық жазбалары бөлімі 2003 жылдан бастап Шығыс Қазақстанның қазақ жазушылары туралы материалдар жинау жұмыстарын жүйелі және мақсатты түрде жүргізіп келеді. Музей қорында оның ғылыми жұмысы туралы Мұхаметхановтың қатысуымен қызықты бейнефильмдері бар треп-диск сақталатын болады. Жазба "Хабар"АҚ-да да көрсетілді. Бейнефильмнің продюсері Қайымның ұлы Жәнібек Мұхаметхан болды. Динаның әпкесі мен Розаның мемориалдық заттары: лекциялары бар дәптер және Қазақстан Жазушылар Одағының делегат-делегаттарының мандаты. Сондай-ақ, отбасылық мұрағаттардан сапалы көшірме ұсынылды. Семейде тұратын қайраткердің ұлдары Болат пен Қанағат мұражайға жазушының мемориалдық киімдерінің топтамасын сыйға тартты: жақсы сақталған жейделер, халат, костюм, малақай, аяқ киім және түрлі тілшілерге жазған хаттарының түпнұсқалары.

Қайым Мұхаметханов жайлы деректер өте аз. Еңбектерде жоқтың қасы. Тіпті көбісі «Қайым Мұхаметханов кім?» деген сұраққа «Абайтанушы» деп қана жауап береді. Ал шын мәнінде абайтанудан басқа да көптеген еңбектері, зерттеулері, тарихқа қосқан үлесі ұшан теңіз.

Зерттеу жұмысының методологиясы : Тақырыпты саралау кезінде қалыптасқан обьективтік және сыни талдау мен сыни зерделеу принциптері басты ұстаным болды. Жұмыс барысында зерттеудің жалпы ғылыми, дәстүрлі және заманауи тәсілдері қолданылды. Қайраткерге қатысты еңбектерді ой елегінен өткізіп, жаңаша көзқараста синтездеу және анализ жасау әдісі қолданылды. Сонымен қатар теориялық әдіснамалық негіздердің бірі - тақырыпқа сай еңбектер мен жекелеген мақалаларды да назардан тыс қалдырмай салыстыру, сараптама жасау негізге алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Қайым Мұхаметхановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді барынша мұқият талдауға көңіл бөлінді және соның негізінде қайраткердің өміріне арналған оқушыларға қашықтықтан оқыту әдісі бойынша бейнесабақты жасау іске асырылды. Сонымен бірге осы диплом жұмысы арқылы қайраткердің өмір жолы, шығармашылығы тұңғыш рет кешенді түрде зерттеліп отыр.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Қайым Мұқамедхановтың өміріне тікелей қатысты тарихи кезең - 1916-2004 жылдар арасын қамтиды.

Зерттеу жұмысының нысаны: Қайым Мұхаметхановтың өмірі, ұстаздық және ғылыми - мәдени шығармашылық қызметі болып табылады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: осы дайындалған диплом жұмысы негізінде оқу-әдістемелік құрал жасауға, зерттеу жұмысының материалдарын сабақ жүргізгенде пайдалануға болады. Сол сияқты диплом жұмысын студенттер, магистранттар сабаққа пайдаланғанда да қолдана алады.

Зерттеу жұмысының деректік негізі: Қайым Мұхаметхановқа қатысты естеліктер, мақалалар болып табылады.

Дипломдық жұмыстың апробациялануы: дипломдық жұмыстың тақырыбы негізінде Шәкәрім атындағы университет студенттерінің 2021-2022 оқу жылындағы ғылыми конференциясында «SHAKARIM INNO-2022» қазіргі ғылыми білімнің гуманитарлық және қоғамдық ғылымдағы өзекті мәселесі» секциясы бойынша «Қайым Мұхаметханов-мемлекеттік гимннің авторы» тақырыбында баяндама жасалды және жүлделі үшінші орын иеленілді.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, әр бөлім екі - үш бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І тарау. Қайым Мұхаметхановтың өмір жолы, қызметі

  1. Өскен мазмұнына ортасы

Ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, алаштанушы, текстолог, Семейде Абай жатқан мұражайын ұйымдастырушы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, бұрынғы ССР тірісінде Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі, Семей, Аягөз қаласының, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы, 1000- нан аса ғылыми еңбектің авторы, қоғам қайраткері - Қайым тоқталу Мұхаметханов 1916 кешегі жылы 5-қаңтарда қазіргі текстологиялық Жаңасемейде, келген бұрынғы «және Заречная арналған слободка» дәлдігін аталған абай жерде тоқталмақ дүниеге жариялап келді. атқарылды Кейін сақтауға Жаңасемейдің акерман бұл айғақты бөлігі бұхар Алаш қаласы келген аталғаны жарылған белгілі. Қайым таныстыру Мұхаметханов жазушылар бала деген кезінен қа­аталған зақтың бейнелері біртуар ақын азаматтарының абай тәрбиесін семейімнің көріп өсті. тарихын Оған шығармаларының себепкер менi болған ғалымның әкесі жеткізді Мұхаметхан абайша Сейітқұлұлы ешқашан болатын.

Қайымның әкесі - пушкиннің Мұхаметхан бастан Сейтқұлов - байланыста аса кітап мейірімді, толық білімді, ақын жомарт, бірнеше алашордашы, аямады ислам сөздр уағызшысы ақынға болған шындық адам зерттеуші еді. шәкірттері Оның қазақ егіз мәдениетінің тоғысып белгілі қайраткерлерін қалыптастыру шалдың жолындағы бағдарламасына еңбегі жанын ерен. түпкілікті Сейтқұлов бұрынғы ХІХ ғасырдың жұмысының соңы - мұхамедхановтың ХХ ғасырдың соның алғашқы үш тұрып онжылдығында қазақ анықтап халқының есепке рухани туған дамуына жылдарда ықпал патриот етті. есiмнен Ол абай көптеген қолжазбалар туралы мен кездегі тарихи өлең-сақтауға жырларды нұсқасына жинақтаушы шариф және тұрғанмен мәдени баспаға мұраны айтылғанын сақтаушы. кеткен Мұхаметхан амалсыздан Сейтқұлов 1937 алып жылдың 2 білді желтоқсаны отырған күні яғни түнде абай атылды. жылы Кейін шығармаларының ақталған [1] .

Қайым Мұхаметханов қарапайым, сауатты отбасында дүниеге келген. Әкесі - озық ойлы қазақ қауымының бір қадірмендісі Мұхаметхан Сейітқұлұлы, анасы - өте сабырлы, жомарт, ашық мінезді, тапқыр Мақыпжамал Сейітқұлова. Қайым Мұхаметханов анасының осындай асыл қасиеттерін жастайынан бойына сіңіріп өскен. Анасы ұстамды, қарапайым, жұбайының әрдайым жолын ашып, сый-құрметке бөлеген ақылды, қазақ әйеліне тән қылықты болған. Мақыпжамал мен Мұхаметханның Қайымнан басқа екі ұлдары, бір қызы болған. Құрманғали (1918-1946) - ұстаз, Екінші дүниежүзілік соғыстың Сталинград шайқасына қатысып, ауыр жараланған. Мәулетхан (1924-1942) Семей педагогикалық институтының студенті. Майданға аттанып, хабарсыз кеткен. Және қыздары-Гүлсім (1905-1976) .

Қайым Мұхаметхановтың әкесі туралы естеліктерінен:

«Әкем Мұхаметхан соншалықты оқымысты кiсi болмағанымен, заманына сай көзi ашық сауатты адам еді. Бойына біткен кiсiлiгiнiң арқасы шығар, ертеден ұлы Абай төңiрегiмен аралас-құралас болған. Бергi төнкерiс кезiнде Семейде шыға бастаған Алаш үні «Сарыарқа» газетi мен Жүсіпбек пен Мұхтар шығарған «Абай» журналына, қазiргi тiлмен айтканда, меценат ретінде демеушiлiк көрсетуі сол ұлы ақын өнеге-тәрбиесі емес деп кім айтады? Әкем қойын дәптерiне бүгiн ана газетке пәлен сом, мына журналға түген сом көмек жасадым деп тiркеп қояды екен. 1937 жылы әлгі дәптерi өзiмен бiрге тәркіленіп, қамауға алынды.

Әкем - Мұхаметхан Сейiтқұлұлы (1870-1937) Уақ руынан, көзі ашык, көңiлi ояу, мұсылманша да, орысша да сауатты және ауқатты, қолы ашық, кең пейiлдi, момын адам болыпты. Ертiстiң сол жақ жағасында, патша заманында «Заречная слободка» деп аталатын. 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылғаннан бастап Алаш аталған (қазiргi Жаңасемей) қалада әкемiздiң көк шатырлы үлкен үйi болды. Қазақтың сол кездегi оқымысты, зиялы адамдарына, мәдениет, әдебиет қайраткерлерiне әкемiздің үйінің есiгi әрқашан айқара ашық, дастарханы жаюлы болған. Шәкәрім, Тұрагүл, Көкбай сиякты Абай елiнiң адамдары Семейге келген кездерiн де жатып жүретін үйлерiнiң бiрi бiздiң үй болыпты. Шәкәрімнің кітаптарын бастыруға келiп, 1912 жылы бiздiң үйде жатқан кездегi болған оқиғаларды әкем қызықты әңгiме етiп айтып отырушы едi. Ол өз алдына бір әнгіме.

Әкемiз қоғамның саяси-әлеуметтік мәселесiнен тыс қалмаған, «Алаш» партиясының тiлегiнде болған. Қолынан келген қамқорлық көмегiн жасап отырған. Мысалы, Семейде «Алаш» партиясының комитеті құрылғаны туралы күнделiк дәптерiнде: «1917-iншi жылы, 4-iншi сентябрьде қазақтың областной комитетi пайдасына деп, казначей Әнияр Молдабайұлына 100 сом бердім», - деп жазып қойыпты.

Семейде 1917 жылы шыға бастаған алаштық «Сарыарқа» газетiне (редакторы Халел Ғаббасов) қаражат жағынан жәрдемдесiп тұрған. Ал 1918 жылы февраль айынан бастап, «Уақ-қарыз серiктiгiнiң» жәрдемімен шығып тұрған «Абай» журналына үлкен қамқорлық жасап, қаржымен қамтамасыз етiп тұрған адамның бiрi де Мұхаметхан болған. Мұхтардын менiң әкем мен табысып, жақындасып кетуiне осы уақиғалар негiзгi себеп болады» - деп жазады.

Мұхаметхан Сейітқұлұлы ХIX-XX-ғасыр аралағындағы озық ойлы қазақ қауымының бір қадірмендісі болған. Алаңдатпаған ауқаттылық, жұрт көрсетіп жүрген құрмет-қошемет оны масайрата алмапты. Жаратылысынан жайсаң жан өнер-білімге құштар екен. Ағайын-туыс, алыс-жақын таныс-біліс пен дос-жолдас оның отбасына үйір болғаны да сондықтан шығар. Секеңнің тұңғыш қызынан кейінгі ұлы Қайым Мұхаметханов сондай отбасында өніп-өсті. Балдырған бақытқа кенелді. Кезінде тағдыр айдап келген австриялық шебер құрылысшылар салған еңселі, әдемі үй. Қазан төңкерісіне дейін «Зареченская слободка» деп, одан кейін «Алаш» деп аталған бүгінгі Жаңасемей ауданында. Белгілі Тыныбай мешітінің жанында. Іші-сырты суреттей сұлу үйдің ерекше байлығы - бір бөлмені тұтас алып тұрған кітапханасы, онда бүкіл дерлік әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары бар. Зиялылардың «суаты» - сол. Шығыс, орыс, еуропа әдебиетінің әйгілі туындылары қатарына Абай Құнанбаевтың 1909-жылы шыққан тұңғыш жинағы қойылған. Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сұлтанмахмұт өлеңдерін оқи аласың, қазақтың: «Қазақ», «Сарыарқа», «Тәржіман», «Дала уәлаяты» гәзеттерінің, орыстың «Записки императорского русского географического общества» жорналының, ал татардың: «Шура» жорналы мен «Уақыт» газетінің тігінділерін ақтаруыңызға болады. Бұлардан басқалар да баршылық.

Үй иесі араб, орыс, татар тілдеріне жетік. Ел аузынан көне тарихи дастандарды жинайды. Сонымен қатар «Атымтай жомарттың» өзі: Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов шығарған «Абай» жорналына, сондай-ақ «Сарыарқа», «Қазақ» гәзеттеріне қаржылай демеуші болды. Үй есігі танымал ақын-жазушыларға ғана емес, талапты жастарға да әрқашан ашық. Онда қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиеті хақында жан-жақты әңгіме, тіпті қызу пікірталас та болып тұрады. Қазақ театрының негізі осында қаланды. Шадыман шаңырақтың ақ дастарқаны басында жиі болатындар: Шәкәрім, Көкбай, Сұлтанмахмұт, Иса, Әміре, Жүсіпбек, Әлмағамбет, Мағжан, Әлихан, Міржақып, Мұхамеджан (Тынышбаев) . Қазақ тарихының заңғар көгіндегі жарық жұлдыздар.

. . . Уақыт өтіп, замана өзгере бастады. Әлеуметтік толқын мен дауыл «ескі дүниені» қаусатуға кірісіп, оның екпіні Ертіс бойына да жетті. 1921-жылы Мұхаметханның ақ сарай үйі тәркіленіп, иесіне екі бөлмесі ғана қалдырылып, басқасы №20 мектепке қаратылды. Ол өзгеріс кішкентай Қайымға, әрине, қолайсыз бола қоймады: мектебі - өзі туып-өскен үй!

1928-жыл пролетариаттың «езуші тапқа» қарсы күресінің бір кезеңі болғаны мәлім. Жүздеген адам тұтқындалды. Ішінде Абай Құнанбаевтың ұлы Микаэл, Сейітқұлұлы Мұхаметхан бар. Мұхаметхан Сейітқұлұлы көп бөгемей босатылса да, бүкіл мүлкінен айрылды. Кейін Қайым Мұхаметхановтың өз балаларына бейнелеп айтқанындай, ол бейтаныс біреулер шықпыртып міне жөнелген өз аттарының көзінен жас ағып бара жатқанын көрді. Сейітқұл әулеті соңғы екі бөлмесінен қуылды. Жаз жайлауы Көкен, жасыл құраққа тігілетін киіз үй, сары қымыздың иісі, саф таза ауа көзден бір-бір ұшты. Әйтседе, жинақы Мұхаметхан Тыныбайдан төрт бөлмелі үй сатып алды. Тыныбай мешiтiнiң жанында, яғни Ертiстiң жар қабағында, шамамен, казiргi Речной вокзалдын» бергі жағында Тыныбай медресесi болғанын, оның жаңағы вокзалды 1960 жылдары сала бастаған кезде бұзылып тасталғанын, Семейдiң көнекөз қарттары айтады. Ғалым ағамыз Қайымның әкесі Мұхаметхан ақсақал осы медреседе мұсылманша дәріс берген керiнедi.

Сол 1928-жылы Қайым бастауыш мектепті тәмәмдәп . . . ойламағаның түсіңе кірмейді болмай, кеңес мектебі бай баласын есігінен сығалатпай қойды. Екі жылдан соң колхоз жастарының жетіжылдық мектебі ашылды, бірақ одан үміттену бекершілік еді. Алайда, «сабақты ине сәтімен» ғой, бір күні Мұхаметханның көптен бергі досы Тұрлыхан Қасенов келе қалып: «Мұха, жетіжылдық мектеп ашылды, мені соған директор етіп тағайындады, ал менің мұнда тұратын үйім жоқ, соны ақылдасқалы келдім» дегені. Жақсылыққа жаны құмар адам жақынынан несін аясын: «Үй іздеп әуре болма, осында тұр, орын жетеді» деді. Сөйтіп Тұрлыхан Аягөзден Семейге көшіп келіп, жұмысына кірісті. Қайым мектепке алынды.

Тұрлыханның Болаты - атақты балуан Дәулет Тұрлыхановтың әкесі - дүниеге Мұхаметханның сол үйінде келген.

Кейінде Қайым аға Абай мен Әріптің өлеңдерін жатқа айтатын, домбыраны шебер тартатын сүйікті мұғалімі Тұрлыханды есіне жиі алып жүрді. Әдебиет әлеміне енуіне жол ашқан әкесінен кейінгі екінші қамқоршы адам, расында, Тұрлыхан болды.

1932-жылы Кеңес өкіметі Сейітқұловтар отбасын мүлде баспанасыз қалдырды да, Мұхаметхан қаланың Солдат көшесіндегі үйшіктей ғана бір үйді пана тұтуға мәжбүр болды. Өкіметтің ол зорлығы отбасы тартқан тауқыметтің соңғы дүмпуі емес еді. Мұхаметхан оны сезді, бірақ күштіге жағынып жан сақтауды, немесе басқа жаққа кетіп қалуды ойлаған жоқ. Қайым болса, жетіжылдықты бітіріп шыққан соң жұмысқа орналасып, мұғалімдердің екіжылдық курсында, одан кейін педагогикалық институтта оқи жүріп, үй-ішіне көмектесіп бақты. Рас, оның өмірінде ол жылдары шуақты күндер де болмай қалған жоқ. Қазақ тілі курсында бір сұлу қызбен танысты. Қарапайым да ұқыпты, сәнді киінген, арқасында ұзын қос бұрымы ырғалған, мінезі салмақты, сабырлы, сыпайы. Білімдар. Ойлы, орнықты сөйлейді. Екеуі танысып, түсінісіп, жарасып жүрді. Сөйтіп, Семей мешіті молласының қызы, Ташкенттің белгілі діни тұлғасының шөбересі Фархинұр 1936-жылы сымбатты оқытушы жігіт Қайымға тұрмысқа шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Қайым мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы
Абай және қазақ әдебиеті
Қазақстандағы аймақтық басылымдар
Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы
Абайдың қоғамдық қызметі
Абайдың ақын шәкірттерінің мұрасын зерттеудегі еңбектерінің салмағын межелеу
Алаш ұранды Сарыарқа газеті
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz