Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

Құқықтық пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Алаяқтық және оның түрлері

Орындаған: Тілегенова Аружан
Тексреген:

Орал, 2023ж.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы мен түсінігі
1.1 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі мен маңызы ... ... ... ... .5
1.2 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы

2 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылық
2.1 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың объективті және субъективті белгілері11
2.2 Алаяқтық құқық бұзушылықтың сараланған құрамдары19
2.3 Алаяқтық құқық бұзушылығының ұқсас қылмыс құрамдарынан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ...32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабының бірінші бөлігінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады деп көрсетілгендей алаяқтық тәсілмен меншікке қол сұғу да, қылмыстық заңмен қорғалады. [1, 5]
Таңдалып отырған тақырып өзектілігінің негіздемесі. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, оның ішіндегі алаяқтық қылмысының мемлекеттік сипаттағы мәселелері мен олардың болашақта даму тенденцияларын қарастыруға байланысты зерттеулер жиынтығы.
Ғылыми жаңалығы ретінде ұсынарым, Қылмыс субъектісінің қылмысты жүзеге асыру механизімін толыққанды тексеріп анықтауы міндетті. Қылмыстық топтың басшысын анықтамай, оның қарамағындағы адамдарды жауапқа тартқанмен ол қылмыс тоқтамайды, керісінше, оданда сауатты түрде, қылмыс арықарай дамып, ұйымдастырылады. Бұл қоғам үшін өте зардабы өте ауыр болып келетін қылмыс түрі. Қаншама адам өзіндегі бүкіл қаражатын беріп, үйін, жерін алаяқтық топқа сеніп, беріп қойып жатқанын тәжірибе көрсетуде.
Соттардың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы, яғни бөтен мүлікті өзінің меншігіне не оған құқықты өзінің пайдасына не басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы өтеусіз айналдыруға ұмтылуы болып табылатынына аударылсын. Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жасалады, олардың ықпалымен меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.
Айыптау актісінде және сот үкімінде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын сипаттау кезінде жасалған іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтарын ескере отырып, алаяқтық жасалған тәсіл нақтылануы тиіс.Банктегі барлық операцияларға бақылау жасалынуы, күдік туғызатын шоттар болса, соған ерекше назар аудара отырып, ақшаның қалай, қайда кеткенін анықтауы. Күдікті шот иелеріне жасырын бақылау жүргізуі.
Тәжірибелік мәні - зерттелетін аядағы алаяқтық қылмысының көптеп орын алуы және ондағы тактикаларының даму деңгейінің өзгеруі.
Жасөспірімдер мен әйелдердің арасындағы қылмыстың артуы қоғамда дабыл қағарлықтай жағдайға жетті. Бала тәрбиесі отбасынан басталады десек, балаларға тәлім-тәрбие беретін кейбір әйелдердің қылмыстық жауапқа тартылуы әрбірімізді толғандыруы тиіс. Бала тәрбиесін бір мектепке ғана артып қоймай, жастар тәрбиесіне қатысты кешенді жоспар жасап, арнайы бағдарлама әзірлеп, оны дайындауға бүкіл білім мекемелері мен ата-аналар, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдар бірлесіп жасағанда ғана тиісті нәтижесін береді.
Қарастырылып отырғалы тұрған тематиканың теориялық және методологиялық негізі - мемлекеттегі алаяқтық қылмысына байланысты құбылыстардың жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістерін қарастыру: тарихи, салыстырмалы, логикалық, формальді-құқықтық, функционалды және тағы басқа. Зерттелетін аядағы Қазақстан Республикасының әрекет ету қағидалары мен мазмұнының түсінігі туралы ғылыми көзқарастардың жетілуіне әсерін тигізеді деген қорытындыға жетуге болады. Қазақстан Республикасында сот жүйесінде алаяқтық қылмысын дұрыс саралаудың жетілуі - орын алған алаяқтық қылмысының қауіптеріне әсерлі тойтарыс бере алады. Тек оған жету жолдарына билік тарапынан жақсы қолдаулар және жаңа заң актілері қабылданса өте дұрыс болар еді. Жұмыста қарастырылған нәтижелер мен ұсыныстар қылмыстық құқықтың және қылмыстық процестік құқықтың дамуына пайдалы болады деген үміттемін.
Зерттеу жұмысының мақсаты - алаяқтық құқық бұзушылығын қоғамнан азайту, алдын алу, сондай - ақ, алаяқтардың сенімге кіру және алдау тәсілдерінің жаңа формаларын айқындау болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері келесідей:
Алаяқтық құқық бұзушылының түсінігі мен сипатын баяндау;
Алаяқтық құқық бұзушылығының құрамын талдап көрсету;
Алаяқтық құқық бұзушылығы үшін тағайындалатын жазаның
мөлшерлерін айқындау;
Ұқсас құқық бұзушылықтардан айырмашылығын көрсете білу;
Зерттеу жұмысының объектісі Қазақстан Республикасында алаяқтық қылмысы бойынша қоғамдық қатынастарда туындайтын материалдық - құқықтық мәселелер болып табылады.
Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi.Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi[1].
Қазіргі кездегі алаяктық әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, олар занды тұлғаның атынан азаматтық - құқықтық мәмілелер жасап және қаржылық - шаруашылық операцияларды жүзеге асыруында. Кейінгі жылдары алаяқтық құқық бұзушылығының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар құрып кейіннен халықтың қаражатын иелену; тұрғын үйлерді алу (сату, айырбастау, жалға беру, кепілге беру) үшін жалған құжаттар жасау; банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудің немесе қолдан жасалған пластикалық карточкаларды колдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, құнды қағаздарды сату барысында жалған құжаттарды қолдану және т.б.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы
мен түсінігі

1.1 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі мен маңызы

Жалпы алаяқтық қылмысының қысқаша түсінігі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 - бабында көрсетілген, алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену - болып табылады. [4]
Меншікке қарсы таралған қылмыстардың бірі алаяқтық болып табылады. Алаяқтық адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларына енген. Алаяқтық тәсілдері әртүрлі және бақыланбайтын кірістердің кіруіне, бөтеннің мүлкін заңсыз иеленуге бағытталған. Алаяқтықпен қылмыстық-құқықтық күрестің мәселелерін зерттеу отандық құқықтануды теориясы мен практикасының өзекті мәселелерінің бірі. ҚР Конституциясының 26 бабына сәйкес ҚР азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады делінген. [1] Оған ешкімнің қол сұғуына жол берілмейді. Нарықтық қатынасқа өтумен, меншік нысанының және кәсіпкерлікке еркіндіктің көптүрлілігімен адамдардың белсенділігі мүмкін, рұқсат етілген нысанда ғана емес, сонымен бірге баю мен бизнестің криминалдық тәсілдері шеңберінде де едәуір өсіп отыр. Галопирациялық инфляция, экономикалық және құқықтық тұрақсыздық жағдайында экономикалық қылмыстардың шығыны миллиондаған теңгемен есептеледі. Меншікке қарсы қылмыстар түрін өзгертеді, жаңа, әлі зерттелмеген, сапалы форманы иеленеді. Бұл жалпылай алаяқтыққа қатысты. Қазіргі уақытта алаяқтық едәуір сырт пішінін өзгертті, оның жаңа белгілері паайда болды. Әрине, қазір де ақшаны немесе валютаны алдау арқылы ауыстырумен т.б., өмір сүріп отырған адамдар бар. Бұл алаяқтықтың дәстүрлік түрлері әлі де ұзақ уақыт бола беруі мүмкін. Алайда, нарықтық қатынас алдаудың жаңа түрлерінің пайда болуының мүмкіндігін туғызады. Бұл-банктік алаяқтық, (кредитті заңсыз алу жолымен тонау, жасанды авиозоны пайдалану және т.б.), компьютерлік және қамсыздандыру алаяқтығы, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу кезіндегі алаяқтық, оның ішінде ипотека, бизнес және т.б.
Нарықтық экономика жағдайына және кәсіпкерлік қызметтің кең өрістеуіне байланысты талан - тараждың ең көп тараған нысаны алаяқтық болып табылады. Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде алаяқтық қылмысы көп кездесетін, бірақ кейінгі жылдары оның есу қаркыны бірден көзге түседі. Алаяқтың қоғамға қауіптілігі күннен - күнге өсуде, бұл тектес қылмыстық әрекеттер мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, коммерциялык құрылымдарға және азаматтарға үлкен материалдық зиян келтіріп, саяси тұрақсыздандыруға апаратын факторға айналып отыр. Алаяқтық құқық бұзушылықтың заты, бөтеннің мүлкі немесе бөтен мүлікке құқық алу болып табылады. Көбінесе алаяқтық әрекетті жүзеге асырғанда қылмыстық кол сұғушылық заты болып ақша табылады. Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау қызметкері етіп көрсету, әр түрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнінде көрінеу жалған шатастыру, жалған сенімхаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе мүлікке құқықты алу, осындай әдіспен біреудің үйін, көлігін және басқа да мүлкін сатып, айырбастап жіберу т.б. болып табылады. Алаяқтық жасаудың тәсілі ретінде алдау өткен немесе қазіргі кездегі фактілерді бұрмалап көрсетуде ғана емес, алаяқтық келешекте болатын мән - жайларды да бұрмалауында. Алдаудың жәбірленушінің санасына ықпал ететін тәсіл болуы бұл қылмыстың міндетті белгісі болады. [5, 316]
Кейбір жағдайларда алаяқтар өндірістік тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды, мүлікті, зергерлік бұйымдарды, өнер тауарларын иемденеді. Алаяқтық қылмысы әр түрлі тәсілдермен жасалады. Алдау немесе сенімді пайдалана отырып зиян келтірудің көптен келе жатқан тәсілдеріне мыналар жатады: карта, басқа да әуесқой, құмар ойындарды (рулетка, сүйек-бөтелке айналдыру т.б.) ойнағанда әр түрлі айла қолдану; жасанды асыл бұйымдарды сату; жасанды ақша мен заттарды пайдалану; жалған ақша купюраларының эквивалентті емес түрлерін айырбастау; өздерін бақылау және құқық қорғау және т.б. органдарының қызметкерлері ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау. Алаяқтар жоғары кәсіпқойлығымен, техникалық, жағынан толық жабдықтануымен ерекшеленеді. Карта ойнайтындар ойынға қатысушылардың картасын көру үшін телеқондырғыларды қолданған жағдайлар да кездеседі. Алаяқтар қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге жылдам назар аударып, қарапайым тұрғындар мен коммерсанттардың жеткілікті кұқықтық білімінің және нарықтық қатынастарға сәйкес тәжірибелерінің жоқтығын ескере отырып, нарыктағы бағалы қағаздармен, шетелмен коммерциялық байланыстарды жүргізуге, жекешелендіруге толық инвестициялармен, несиелік - банктік қызметпен байланысты әр түрлі алдау әдістерін ойластырып тәжірибеде қолдануда.
Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау қызметкері етіп көрсету ж әне т. б. болып табылады. [6, 150]
Нарықтық қатынастардың және шаруашылықтың жеке секторының әрі қарай дамуы, кәсіппорындар мен мекемелердің санының көбеюі, оның ішінде ұсақ және орта кәсіпкерліктің, қаржылық - мүліктік қатынастардың, осы құрылымдағы жұмысшылардың санының өсуі, бақталастықтың шиеленісуі банкроттық қауіпінің өсуіне алып келеді. Алаяқтықтың ұзақ тарихы бар, криминалдық ортада бұл қылмысты жасау тәжірибесі толы және тәжірибе толысып жатыр. Алаяқтықпен ұрлық әлемінің кәсіпқойларының яғни, кәсіпқой қылмыскерлік, сондай-ақ көптеген жасанды банктік және қаржылыққұжаттарды пайдалануды талдаудан шыққан ұйымдасқан қылмыскерліктің іс-әрекеті, алаяқтық операцияларын жасау үшін арнайы құрылған әр түрлі фондтар, кәсіпорындар және компаниялардың әрекеттері. Бұл көрсетілген криминалды кәсіпшілік пайдасымен түсіндіріледі. Меншікке қарсы қылмыстар - пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді. - деп көрсетілген. [7, 93]
Бір қарқынды және ебін тауып жүргізілген операция дайындығына кеткен барлық шығынды ғана жаппай, сонымен бірге алынған кірістермен салыстырғанда өлшеусіз үлкен болып табылатын табыстар әкеледі, мысалы, ұрлық, Алаяқтық меншікке қарсы қылмыстарға қарағанда қауіпті тәуелділігі азырақ қылмыс. Жоғарыда клтіргендей қазіргі уақытта алаяқтық мәселесі едәуір өзекті деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жоғарыда айтылғандай алаяқтықтың жаңа түрінің саралануы негізгі мәселе болып табылады. Зиян келтірудің көлемі бойынша экономикалық қылмыстың ерекше тобын кредиттік-қаржылық қатынастар саласындағы алаяқтық талан - тараж құрайды. Дәл осы бағытта іс-жүзінде күрделілік туындайды. Сөз ҚР ҚК-нің іс - әрекеттер саласында басқа қылмыстардан ажырауы туралы болып отыр. Бөтеннің мүлкі немесе бөтеннің мүлкіне құқық болып табылатын алаяқтық қол - сұғушылықтың объект ерекшелегінен шыға отырып, осы қылмысты алаяқтау сәтін белгілеу кезеңінде де қиыншылық туындайды.
Сонымен бірге, соңғы уақытта отандық баспасөзде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің стандарттық шеңберінде кездеспейтін қылмыстық әрекеттердің жаңа түрінің пайда болуы туралы мақалалар жариялануда. Басқаша айтқанда, құқыққа қарсы әрекеттер бар, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде оны саралау үшін сәйкес баптар жоқ болып отыр. Сөз жоғары технология (фрикерлік, хакерлік, радиопираттық) саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы болып отыр. Осы әрекеттерді толықтай сенімділікпен алаяқтыққа жатқызуға болады. Заң әдебиеттерінде алаяқтықтың жеке мәселелеріне ғалым-құқықтанушылар Б. Завидов , Г.А.Кригер, В.Д. Ларичев, В. Лимонов, Б.С.Никифоров, Ф.Г. Шахкелдов және т.б. бірқатар жұмыстары арналған. Алаяқтықтың бұл нарықтың экономика және кәсіпкерлік қызмет еркіндігіндегі жағдайда неғұрлым кең таралған талан-тараж нысаны. Бұл ең алдымен Қазақстанның қылмыстық құқығында толық болмаған оның жаңа түрлерінің туындаумен байланысты. Жаңа қылмыстың құқықтық қабылдауына байланысты жаңартулар енгізу алаяқтық құрамына да қамтиды. Осы сұрақтардың бәрі де мұқият зерттеуді және одан әрі ұғынуды талап етеді. Нақ осы мүліктік құқықтар, оларды сатып алуды қосқанда мүліктік құқықтарды қамтитын құжаттар, тәжірибе көрсетіп отырғандай түрлі алаяқтық операциялардың нысаны болады. Залал келтіру ауқымы бойынша кредиттік ақша қатынастары саласындағы алаяқтық талан-тараж экономикалық қылмыстардың ерекше тобын құрайды. Банк капиталы саласы соңғы жылдары экономиканың ең кримиогендік секторы болады. Осы саладағы кең тараған алаяқтық тәсілдердің бірі- кәсіпкерлік құрылымдардың кредиттер мен ссудалардың иелену болып табылады. Нарықтық қатынасқа өту және заңдарды либерализациялауға байланысты директорат ішкі шаруашылық бақылауды әлсіретіп қана қоймай, өзінің лауазымдық жағдайын теріс пиғылмен пайдаланып, экономикалық қылмыстардың жолында тұр. Мысалы, Смагулов және оның қатысушыларының жасаған қаржылық пирамида түріндегі алаяқтықтан Алматы қаласының мыңдаған тұрғындарына залал келді. Қылмыстылықпен күресте заң ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымы маңызды роль атқаруы қажет. Оның жетістіктері мемлекеттің заң шығару қызметі сияқты, құқық бұзушылармен күрес жүргізетін органдардың жұмыс тәжірибесіне де ықпал жасайды. Мұның үстіне қылмыстық құқық ғылымының маңызды міндеті - қылмыс тық қол сұғушылықтан меншіктің барлық нысандарын сақтау, оларды қорғау шараларын қамтамасыз ету болып тыбылады. Яғни, әрбір жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі зор мағынаға ие.
Бұл іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі сонда, оның жасаудың нәтижесінде меншік құқығы бұзылады. Алаяқтық объектісі меншік болып табылады. Алаяқтың заты ретінде тек мүлік қана емес, сонымен қатар оған құқық, сондай-ақ мүлікке кейбір өклеттіктер де табылады. Алаяқтың ерекшелігі осы қылмыстың жасалу тәсілінде - мұнда алдау және сенімге қиянат келтіру орын алады. Алдау болған адам бір нәрсені жалған ұғынады, адасады. Алдау белсенді нысанда не пәс мінез - құлықта көрініс табады. Белсенді нысандағы алдауда адамға қандай да бір фактілер, оқиғаларжайында жалған деректер беріледі. Пәс алдауда шындық айтылмай қалады, егер фактілер мен мән-жайлар жайында дұрыс ақпарат алса, жәбірленуші өз мүлкіне билік етуден тартынған болар еді. Мүліктік құқық қатынасының шарты мен мазмұнын елеулі өзгертіп мән-жайларды айтпау да пәс алдауға жатады. Алаяқтық жасаудың тәсілі ретінде алдау өткен немесе қазіргі кездегі фактілерді бұрмалап көрсетуде ғана емес, алаяқтың келешекте болатын мән-жайларды да бұрмалауында. Алаяқтың көп тараған түрлерінің бірі келешекте болатын оқиғалар жайында алдау. Мысалы: қымбат автомобиль сатып аламын деп немесе жай қарызға жәбірленген ақша алу сияқты әрекеттер. Алдау сөз нысанында да немесе жәбірленушіні қатерілестіретін басқа әрекеттер арқылы да көрініс табады. Мүлікті немесе мүлікке құқықты алаяқтық жолмен алудың басқа бір тәсіліне заң сенімде қианат жасауды жатқызады, бұл жағдайда айыпты өзінің меншік иесімен немесе мүліктің заңды иегерімен арадағы сенімдік қатынасты пайдаланады. Алаяқ пен жәбірленуші арасындағы сенімді қатынасты пайдаланады. Алаяқ пен жәбірленуші арасындағы сенімдік қатынастың негізінде тек құқықтық негіздеме ғана емес, сонымен қатар сенімдік қатынасты тудырған өзге де мән-жайлар, мысалы: жеке таныстық, туысының ұсынысы, қалыптасқан нақты жағдай, т.б болады. Алдау кезінде адам бір нәрсені жалған ұғынады, адасады. Алдау белсенді формада не пәс мінез - құлықта көрініс табады. Белсенді формадағы алдау адамға қандай да бір фактілер, оқиғалар жайында жалған деректер беріледі. Пәс алдауда - шындық айтылмай қалады, егер фактілер мен мән - жайлар жайында дұрыс ақпарат алса, жәбірленуші өз мүлкіне билік етуден тартынған болар еді. [8, 289]
Қазіргі кездегі алаяктық әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, олар занды тұлғаның атынан азаматтық - құқықтық мәмілелер жасап және қаржылық - шаруашылық операцияларды жүзеге асыруында. Кейінгі жылдары алаяқтық құқық бұзушылығының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар құрып кейіннен халықтың қаражатын иелену; тұрғын үйлерді алу (сату, айырбастау, жалға беру, кепілге беру) үшін жалған құжаттар жасау; банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудің немесе қолдан жасалған пластикалық карточкаларды колдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, визаларды рәсімдеу кезіндегі, қамтамасыз етілмеген акцияларды және құнды қағаздарды сату барысында жалған құжаттарды қолдану және т.б. Тәсілдерге тоқталатын болсақ: бірінші, мемлекеттік және коғамдык материалды құндылыкты қоймалардан, базалардан және басқа да объектілерден жалған құжаттарды пайдалану арқылы алу; екінші, жалған құжаттарды пайдалана отырып мемлекеттегі құжаттарды, мемлекетгік зейнетақыларды немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдарынан басқа да төлемдерді заңсыз жолмен иелену; үшінші, мемлекеттік және коммерциялық банктерден әр түрлі жалған чектік құжаттарды қолдану жолымен көп мөлшердегі каражаттарды иелену; төртінші, мемлекеттік мүлікті жалған құжат арқылы несиеге алу немесе калған қарызды төлеуден жалтару. Алаяқтардың ақшалай қаражаттармен жасаған қылмыстық тәсілдері банктік есеп айырысуда толық құрылымды және күрделі болып келеді. Алаяқтар қылмыстық іске кіріспес бұрын, міндетті түрде дайындық жұмыстарын жүргізеді. Олар алдымен қатаң есептегі банк қүжаттарын қолға түсіріп, ұрланған ақшаны аударатын ұйымдарды анықтайды және кұжаттарды жеткізу (жіберу) әдістерін шешеді. Басқа да қажетті мәліметтер мен банк кодтарын, шифрларын, т.б. алдын ала анықтап біледі. Сонымен қатар, дайындық жұмысына қылмыскердің көздеген тиісті коммерциялық банктердің қызметкерлерімен алдын ала сөз байласып келісулері жатады. Алаяқтық құқық бұзушылығы, құжаттарды белгіленген жерге жіберіп, оның банкке өтуін қадағалау мен есеп бойынша аударылған ұйымнан түскен ақшаны алу жолымен жүзеге асады. Мұндай кылмыстық іс ақша айналымын құрайтын құжаттарды (жалған мәміле, шарт, келісімдер және т.б.) тексеру арқылы ашылады. Азаматтардың жеке мүлкіне қол сұғушылық кезінде алаяқтар әр түрлі тәсілдерді қолданады: ақшаны жоғары пайызбен қарызға алу және оны қайтармау; сатылатын заттың өзін емес оған ұқсас затты беру; сауда жасағанда, акшаны айырбастағанда, майдалағанда алдау; алтын бұйымдардын орнына мыстан жасалған бұйымдарды сату; жалған ақша беру; көмек көрсетемін деп ақша алу немесе белгілі бір кызмет көрсетуге тауарларды алу; пал ашу, тәуіпшілік, емшілік жасау арқылы акша алу; тауарларды және басқа да материаддық құндылыктарды алу мақсатында басқа адамның атын иеленіп жалған шарттар жасау нәтижесінде ақша алу; жалған мәмілелер жасау. Алаяқтық кылмысын жасау тәсілдерінің кеңінен тараған түрлері: алаяқтар бір бума ақшаға ұқсас жалған ақшаларды жолға тастап, оны бөлген кезде жәбірленушінің шын ақшаларымен ауыстырып алу, сонымен қатар алаяқтардың бөтеннің мүлкін иелену мақсатымен некеге тұру; атақты әншілердің атынан концерттер қою, өнер туындыларын қолдан жасау және сату сияқты тәсілдері жиі кездеседі. Жәбірленушілерді алдау, олардың тікелей байланысқа түсулері арқылы жүзеге асыратыдықтан, соңғылары барлық уақытта өздерінің қылмыстық іс-әрекетінің ізін жасыруды ойластырады. Осындай мақсатта картадан ұтылған жәбірленушіге ақшаның жартысын ұтып алуына, жалған құжат жасауына, жалған алиби құрастыруына, шетелге қашуына мүмкіндіктер беріп, сырт көзге занды болып көрінетіндей барлық шараларды қолданады.
Алаяқтық қылмысы қолданылатын тәсілдері мен басқа да жағдайларға байланысты көшеде, жеке пәтерде, дүкен, фирма мекемелерінде жасалады. Алаяқтардың жеке басын зерттеу кезінде олардың жоғары кәсіби деңгейі, кұқыктық білімдері, ой-өрісінің жетіктілігі анықталады. Алаяқтардың ішінде рецедивистер көп, соның 30 пайызын әйелдер құрайды. Соңғы жылдары қылмыстың жекеленген түрлері бойынша мамандандырылып ұйымдасқан топтарды құру кеңіңнен таралуда. Бұл топтардың ішінде кылмыскерлер атқаратын рөлдерін өзара бөліседі. Әдетте әр түрлі әуесқой ойындарды өткізген кезде біреулері азаматтарды ойынға тартады, ал басқалары ойын үстінде жәбірленушіге психологиялық әсер етеді, үшіншілері ойынды жүргізеді, төртіншілері операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Топтың мұндай түрі техникалық жабдыктылығымен, шапшандығымен, басқа топ қылмыскерлерімен тұрақты байланысымен ерекшеленеді. Олардың ішінде кейбіреулері нақты белгіленген, танымал ұлттық - аумақтық атаққа ие - деп С. Б. Ақылбай айтып көрсеткен. [9, 193]
Алаяқтық құқық бұзушылықты болдырмау үшін, оның орын алу жағдайларын, түсінігін білу маңызды. Алаяқтықтың жиі орын алуы, жәбірленушілердің ішінде қасақана занды бұзуы. Оларды көбінде алаяқтар пайдаланады. Мұндай тұлғалар тәртіптен тыс визалар, шетеддік паспорттарды алуға, банктік несиелерді пайдалануға, шетелдік келісім шарт жасауға, шетел азаматтарынан келіп түскен жүктерді кеденнен өткізуге, өздерінің мүлік - заттарын валютаға сатуға тырысады. Занды мүлтіксіз орындайтын азаматтардың көбісі алаяқтардың алдауына ұшырап, кылмыс құрбаны болуда. Алаяқтар қылмыстық әрекеттерін көбінесе тұрғын үйі бар жалғыз басты қарттар, психикалық аурумен ауыратын адамдар, көп балалы жанұялар, кәмелетке жасы толмағандарға жасайды. Алаяқтық қылмыстарын жасау тәсілдері туралы мәліметтерді олардың қалдырған іздері ғана арқылы ала аламыз. Олардың қатарына: жәбірленушілер мен басқа да адамдардан алаяқ жайлы және оның әрекеті жайында мәліметтерді алу; жәбірленушіде қалған қылмыс құралдары (жасанды ақша, қолхат, жалған кұжатгар мен бағалы қағаздар, жасанды зергерлік бұйымдар, заттар және т.б.); кылмыскерлердің алаяқтық әрекетіне дайындығын нақты көрсететін тұпнұсқалық құжаттарды (телеграмма, келісім-шарттар) және т.б. жатқызуға болады.Тәжірибе көрсетіп отырғандай, алаяқтык әрекеті анықтама органдары жедел-іздестіру шараларьш жүргізген кезде анықталады немесе олар жайлы мәліметтер азаматтардың арыздары мен занды тұлғалардың хабарлауы арқылы белгілі болады. Алаяқтардың ақшалай қаражаттармен жасаған қылмыстық тәсілдері банктік есеп айырысуда толық құрылымды және күрделі болып келеді. Алаяқтар қылмыстық іске кіріспес бұрын, міндетті түрде дайындық жұмыстарын жүргізеді. Олар алдымен қатаң есептегі банк құжаттарын қолға түсіреді. Алаяқтык құқық бұзушылықтар, азаматтық құқықтық мәмілелермен немесе қаржылық - шаруашылық операциялармен бүркемеленіп жасалған жағдайларда анықтама органдары тергеуге дейінгі келесідей тексеру жұмыстарын жүргізеді: кұжаттар мен нормативтік актілерді талап ету және тексеру, жәбірленушіден, сезіктіден және т.б. түсініктемелер алу, ревизия тағайындау, мамандармен кеңес жүргізу. - деп А. М. Бейсенов түсіндірді. [10, 111]

1.2 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы

Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасын қарастыратын болсақ, ең алдымен алаяқтық қылмысының негізгі түрлеріне зерттеу жүргізу керек. Әрине қазіргі таңда, алаяқтық құқық бұзушылығы әрбір салада кездеседі. Халықтың сауаты ашылған сайын, бұл қылмыс түрленуде. Адамның сеніміне кірудің барлық айла - тәсілдерін ойластырып, алдын - ала жоспарлау негізінде адамның психологиялық әлсіз күйін немесе адамға керекті қажеттіліктерді зерттеп, бұл қылмысты жүзеге асырады. Соның ішінде интернет желісі арқылы орындалатын алаяқтық қылмысына сипаттама беруді жөн көріп отырмын. Бүгінгі күні интернет қызметі қарқынды дамып жатыр. Мысалы, кез - келген уақытта, интернет магазиннен тауар сатып алуыңызға болады, банктегі ақшаңыздың есебінен. Интернет қолданушылардың санының артуына байланысты, осы қолданушылар арқылы табыс табатын алаяқтардың да саны өсуде. Желідегі алаяқтықтың қызықты ерекшелігі - оның көптеген тәсілдері ашық түрде заң бұзушылық болып табылмайтындығында және бұл жайт алаяқтарды заңмен қудалауға мүмкіндік бермейді. Интернетте ең көп тараған алаяқтықтың түрлеріне талдау жасауға және олардан қорғануға арналған. Фишинг Интернетте ең көп тараған алаяқтықтың бір түрі болып табылады. Бұл термин ағылшынның password fishing (сөзбе-сөз құпия сөздерді қармақпен іліп алу) сөз тіркесінен шыққан және классикалық түсіндірмеде жалған сайт көмегімен, қолданушыны банк сайтына ұқсас немесе қолданушының басқа интернет-жүйені болжамалды сәйкестендіру арқылы қателестіруді білдіреді. Фишердің басты мақсаты - қолданушыны алдап, тұзақ-сайтқа әкелу және оны қандай да бір тәсілмен сәйкестендірме мәліметті хабарлауға көндіру. Осындай мәселені шешу үшін фишерлер әдетте келесі тәсілдердің бірін қолданады: спам - оның әдеттегі ойы, қандай да бір операцияны (шотты ашу, қате транзакцияны қайтару және т.б) орындау үшін қолданушылардан жедел авторландыруды талап ететін әлдебір проблемамен қорқыту болып табылады.
Осындай хатта жалған сайтқа сілтеу қамтылады және де көзбен қарағанда, әдетте, нағыз сілтемеден ол оңайлықпен ажыратылмайды. Фишингтің одан қарапайым түрі банк атынан жіберілген немесе әлдебір провайдер қызмет атынан шоттың нөмірін, логинқұпиясөз және басқа дербес мәліметтерді анықтауды сұрап, оларды көрсетілген мекен-жайға жіберуді сұрайтын жалған хаттарды жіберуден тұрады;
:: интернет-дүкеннен алуға болатын әлдебір тауарларды жарнамалау және жарнамада міндетті түрде дүкеннің сайтына сілтеме беріледі. Бұл тәсіл алдыңғыға ұқсас келеді - қолданушы, дүкен сайтының орнына, фишердің сайтына немесе алаяқтармен жасалған біркүндік-дүкенге түсуі мүмкін;
:: трояндық бағдарламаны немесе немесе сайтаралық скриптингті қолданушыларды заңды сайтқа түсу әрекетінде фишерлер сайтына аудару үшін қолданылады. Берілген тәсілддің ең қарапайым орындалуы - Hosts файлын түрлендіру, ал одан күрделі тәсілдер руткиттерді, SPILSP трояндық провайдерлерін немесе жүйелік күйге келтірулерді түрлендіру қолдануға негізделген - мысалы браузерді қайта күйге келтіру жұмысында трояндық прокси - сервер арқылы немесе TCPIP күйіне келтірулерінде DNS провайдер серверін трояндық DNS-серверге ауыстыру. Соңғы уақытта фишингтің жаңа түрі жайлы - қолданушыдан оның сканерленген құжаттарының көшірмесін алу - жиі баяндалады. Жеке жағдайда, паспорт көшірмесі мен қолтаңбасының үлгісі болса, теориялық тұрғыдан қолданушы атынан несие жасауға болады. Сенімді қолданушының сканерленген құжаттарының көшірмесін алу қиынға соқпайды - мысалы, оның лотерея ұтқандығы туралы, Х сайтының N-мыңыншы келушісі болып табылатындығы және т.с.с. хабарлама жіберу. Фишерлердің көптеген тәсілі сенімге негізделген - сондықтан, олардан басты қорғаныс сен, бірақ тексер кағидасына негізделген. Бұл қағиданың тәжірибелік жүзеге асырылуы қарапайым ережелер қатарына негізделеді:
:: банк ешқашан өз клиентінен несие картасының нөмірін, олардың PIN-кодтарын және басқа да дербес мәліметтерді сұрамайды. Банкке бұл ақпараттар басынан бастап мәлім және нақтылау қажет болған жағдайда, банк өкілдері қолданушыға керек құжаттармен банкке келуін сұрайды, бірақ ешқашан оларды, мысалға, пошта арқылы жіберуді талап етпейді;
:: спам-хаттарда көрсетілген сілтемелерден өту қажет емес. Сілтеу сырттай дұрыс сілтемеге ұқсағанымен, оның дұрыс сайтқа апаратындығын білдірмейді;
:: кез-келген лотерея көбісі ойнап, тек бірліктері ғана ұтып алады (играют многие, выигрывают единицы) қағидасына негізделеді, сәйкесінше ойнаушылардың негізгі саны жүлдеге жұмсалған шығындарды жабады. Демек, қолданушы лотерялық билет алмай, немесе басқа да әдіспен лотереяға қатысуын төлемей, кенеттен ұтқандығы туралы хат алған жағдайда, мұның - алаяқтық екендігі әбден мүмкін;
:: бағасы басқа дүкендерден бірталай төмен тауарлар жарнамасына абайлықпен қараған жөн;
:: интернет-дүкенмен жұмыс істеу кезінде келесі қарапайым бақылауды жүргізу керек: дүкен домені қашан тіркелген, дүкенде кеңсе бар ма, заңи мекен-жайы, телефоны және т.б (әрине, бұндай ақпаратты оңай тексеруге болады). Сайтта осындай ақпарат көрсетілмеген жағдайда, ондай дүкенмен іс жүргізбеген жөн.
Жалпылама ереже ретінде, бейтаныс сайттарда ешқашан несие картасының нөмірін енгізуге болмайтындығын айта кеткен жөн. Төлем жүйесінде жүргізілетін алаяқтық. Алаяқтықтың экспресс-төлем жүйелерімен және төлем жүйелерімен жүргізілетін әртүрлі әдістері фишингтің бір түрі ретінде жіктеледі. Бірақ алаяқтықтың бұл түрі ерекше таралғандықтан, оны жан-жақты қарастырған жөн. Жүзеге асыру тұрғысынан көптеген нұсқаларды көрсетуге болады, атап айтқанда:
:: сиқырлы әмияндар - алдаудың қағидаты, спам немесе зиянкес жасаған арнайы web-сайт көмегімен әлдебір әлсіздік жайлы немесе пайда түсіруге мүмкіндік беретін, көрсетілген әмиянға кейбір соманы аударуға мүмкіндік беретін құжаттандырылмаған ерекшелік жүйесін суреттеу болып табылады. Бұл түрді суреттеуде, мысалы, ақшаның белгілі бір уақыттан кейін екі еселенген түрде қайтарылатындығы жайлы баяндалады. Әрине, ешқандай осалдық жоқ және ақша тек зиянкеске түседі.
:: жасанды электронды ақша айырбастау және түрлі қызметтердің төлем сервистері;
:: қайыршылық - бұл әдетте баланы құтқаруға операция жасау үшін, жедел ақша аудару туралы өтініш, ғибадатхананы жөндеу және қайта қалпына келтіру, балалар үйіне көмек және басқа да ұқсас нәрселерді сұрайтын спам (почтада және түрлі форумдарда);
:: қолданушының атынан келген қарызға ақша беру жайлы өтініші бар жалған хат. Типтік сұлбасы - трояндық бағдарлама арқылы қолданушылардың ДК-нен құпиясөздерді ұрлау, электрондық почтаны тартып алу және соңынан келетін қарызға ақша беру өтінішін жіберу;
:: төлем жүйелерін қолданатын әртүрлі пирамидалар;
:: алаяқты интернет-банктер - әдетте электрондық ақшаны өте тиімді шарттар бойынша салуды ұсынады, ақша салынғаннан кейін қолданушы не ақшаны, не пайыздарды көрмейді;
:: шағын төлемге абыройлы жұмыс тауып беруді ұсынатын (әрине, ақша алынып, оның орнына ешнәрсе ұсынылмайды) алаяқты еңбек биржалары. Алаяқты қашықтықтағы жұмыс жүйесі осыған тәріздес қалыптасқан: ізденушіге қашықтықтағы жұмыстың табылуына уәде беріледі, бірақ құжат рәсімдеуге немесе басқа да операцияның орындалуына белгілі мөлшердегі соманы төлеу ұсынылады;
:: әртүрлі интернет-лотереялар, казино және басқа да азарттық ойын түрлері
:: жеке тұлғалардан қарыз алу - қарыз алушы мүмкіндігінше көп несие алып, жоғалып кетеді; Берілген тізім тек алаяқтықтың негізгі түрлерін ұсынып отыр, бірақ олардың бәрінің ортақ белгісі - қолданушыдан ақша алдап алу. Мәселе электрондық төлемді бақылау қиын болып келетіндігімен қиындатылады, ал сомалардың шамалылығы көбінесе қылмыстық істі қозғауға мүмкіндік бермейді. Қорғаныстың басты тәсілдерінің бірі көптеген экономикалық қауіпсіздік қызметі қолданатын - кез-келген алдын ала төлем күдікті аксиомасына негізделуі мүмкін. Сондықтан да, екі жақтың қолы қойылған келісім шартсыз, төлем енгізу туралы сұраныс потенциалды түрде қауіпті - алаяқтық болған жағдайда ақшаны қайтарып алу мүмкін емес. Одан басқа, келесі қарапайым ережелер қатарын ұстану қажет:
:: электрондық почта арқылы таныстан қарыз беру жайлы өтініш алғанда, көрсетілген әмиян оған тиесілі екендігін және оның қарыз сұрағандығын міндетті түрде тексерген жөн;
:: сиқырлы әмиянның және таңғажайып байып кету әдістерінің жоқтығын ескереген жөн. Бұл анық дерек, бірақ алданған қолданушылардың саны күн сайын артуда;
:: төлем алдында электрондық төлем жүйелерімен ұсынылған қорғаныс сұлбаларын пайдаланған жөн.
SMS - дауыс беру және төлеу. Берілген алаяқтықтың мақсаты соңғы кезде пайда болған арнайы нөмірге SMS жіберу арқылы жүргізілетін төлем жүйелеріне негізделген. Алдау қағидаты кейбір интернет-сайттарда кез-келген сылтаумен, әдетте сайтқа дауыс беру, сайттың тыйым салынған бөліміне немесе жүктелінетін контентке рұқсат алу және т.б. ұсынысымен қолданданушыға көрсетілген қысқа нөмірге берілген мәтінмен SMS жіберу ұсынылады. Алдау SMS жіберген қолданушы шотынан шегерілетін нақты соманы көрсетілмеуінде қамтылған. Осы сәт алаяқтықты, қолданушыға SMS құнын көрсететін немесе соманы қолмен беру ұсынылатын, заңды SMS-жинақ сандықшасынан ажыратады. Қолданушының төлем деректемелерін ұрлау. Руткит-технологиясын жиі қолданатын төлем деректемелерін ұрлау трояндық бағдарлама арқылы іске асырылады. Трояндық бағдарламаның жұмыс қағидаты көптеген төлем жүйелерінің сайттары бір үлгі бойынша жасалғандығына негізделген, демек, HTTP-трафигін қағып ала отырып, несие картасы мен оның PIN-кодын енгізу нысандары толтырылғандығын байқауға болады. Берілген жағдайда ең қауіптісі, осындай трояндық бағдарлама өз белсенділігін көрсетпей, оны табу қиынға соғатындығында. Тәріздес ақпарат жинаудың балама әдісі болып, снифферларды қағып алу және трафик талдануына қолдану табылады - мысал ретінде, тәріздес сұлба интернет-кафеде жүзеге асырылуы мүмкін. Несие карталарының нөмірін және PIN-кодын, сондай-ақ кез-келген басқа жасырын ақпаратты қағып алудың үшінші тәсілі болып, кейлоггер көмегімен немесе экран мен пернетақтаны көзбен бақылау табылады. Қорғаныс ең алдымен антивирус дестелерін, проактивті қорғаныс жүйелері мен брандмауэрлерді қолдануға қиыстырылады. Сыншыл ақпаратты енгізу кезінде, қорғалған қосылыс (мысалы, HTTPS протоколы) қолданып жатқандығына көз жеткізген жөн. Одан басқа, көпшіліктің кіруге рұқсаты бар компьютерге құпия ақпарат енгізуден қалыс қалған жөн. Сайттарды бұзу және DDoS-шабуылдар. Бұл бағыт таза түрдегі қылмыс болып табылады және зиянкестер түрлі интернет-ресурстардың жұмыс істеуін бұзып, шабуылды тоқтату үшін, анықталған осалдық туралы ақпарат немесе белгілі уақыт аралығында сайт бұзылмайтындығы жайлы ақпарат үшін ақшаны қорқытып алуға негізделген. Қорғаныс. DDoS-шабуылдан қорғану аса қиын үрдіс - DDoS-қа қарсы тұру үшін трафикті сараптауға арналған мамандандырылған бағдарлама өнімдері және жылдам интернет-каналға қосылып тұрған бөлінген сервердің жалдамасын (тәріздес серверді қайта қосу аса қиын) болжайтын қымбат тарифтік жоспарлар қолданылады. Компьютерді және қолданушы мәліметтерін блоктау. Қорқытып алудың мұндай әдістемесі келесілерге негізделген:
:: компьютер жұмысының қайтымды блоктауына. Типтік мысалдар - Trojan.Win 32.Agent.il (ол Trojan. Griven болып табылады), Trojan.Win 32. Krotten;
:: шифрлеуге немесе қолданушы мәліметтерінің қайтымды бұрмалануына.
Жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтықтың құрбандары көбінесе өздері кінәлі, соңында баспанасыз қалады. Мамандардың айтуынша, кейбір азаматтарда жағдайды түбегейлі ұғыну түйсігі болмайды. Әсіресе, жылжымайтын мүліктің төмен бағаға берілуіне баса мән бермейді. Сенімхатқа сене беруге болмайды. Пәтерге байланысты алаяқтық бүгінгі таңда, бақытқа орай, жиі кездесетін қылмыс болып табылмайды. [12]
Соңғы жылдары ел арасында көп тараған алаяқтықтың үшінші түрі жоғары байланыс туралы аңызға құрылады. Мысалы, қылмыскерлер тіпті бастапқы жарнапұлсыз-ақ және табыстарды растамай-ақ ипотеканы ресімдеуге мүмкіндіктері бар екендіктерін айтады. Құрбандарға банктегі таныстарының арқасында несиені жеңіл әрі жылдам ресімдейтіндіктеріне сендіреді. Әрине, нақтылы төлемге. Алғыс білдірудің сомасы да клиенттердің қаржылық шамасына байланысты болады. Алаяқтар банк арқылы кепілде тұрған мүлікті сатып алуды ұсынады болмаса сауда-саттықтан қымбат емес жылжымайтын мүлікті иеленуге мүмкіндік жасайтындықтарына уәде береді. Сонымен, өткен жылдың желтоқсанында Қарағандыда еш құқықтары болмаса да, банкте кепілде тұрған пәтерді сатқан алаяқтардың ісі бойынша шешім шығарылды. Бірақ, сатып алушыдан қылмыскерлер оны иелену үшін бар болғаны 20 мың доллар сұраған. Қорытындысында жәбірленуші кепіл ретінде миллионнан аса теңге берген. Тағы да осындай жағдайда алаяқтар мәміле заңды көрінуі үшін арнайы займ шартын ресімдеуден де қорықпаған.
Жоғары байланыс деген жеңілдікпен тұрғын үймен көмектесуге уәдесін берген азаматтарға қатысты болады. Мысалы, өткен күзде Астанада нақты сыйақыға жатақханаға орналастыру туралы студенттерге уәде берген алаяқтар ұсталды. Зардап шегушілердің саны қорытындысында 12-ге жетті, олардың әрқайсысы болашақ бір керует-орын үшін 60 мың теңге ұсынған. Қостанайда қыстың басында 64 жастағы айыпталушыға қатысты сот процесі басталды, ол мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді жалға алуға көмектесу үшін, қол ұшын беру үшін құрбандарына уәде берген. Қуақы азаматшаның әрекетінен 11 адам зардап шекке, ал, өзі 14 миллион теңгеге байыған. Тіпті оның қызметі үшін прайсы болған: бір бөлмелі пәтерді алуға 250 мың теңге, екі бөлмеліге -- 350 мың, үш бөлмеліге -- 450 мың теңге беретін болған. Мұндай жағдайда арамзалар өздерінің құрбандарын таныстары арқылы жиі-жиі табатын болған. Тәртіп бойынша өздерін әкімдіктің қызметкерлері ретінде көрсетеді және жер учаскесін немесе жеңілдікпен үйді алдыртуға сөз береді. Мұндай жағдайда қандай да бір ақыл айту қиын. Өйткені, азаматтардың өздерінің заңды бұзуы жиі кездеседі, ортақ белгіленген ережені айналып өту үшін олар пара беруге дайын тұрады. Пәтердің тарихын тексеруге, құрбанның риелторды немесе юристі жауапкершілікке тартуға мүмкіндік берілмейді -- бәрі құпия және тез істеледі. Адамдарды түсінуге болады: қолжетімді тұрғын үйге қол жеткізу қиынның қиыны, сондықтан көпшілік біреулердің көмегімен заңсыз әрекет етуге мәжбүрленеді. Бұны қу-алаяқтар пайдаланады. Сот істі қарағанда 100 пәтер 99 жағдайда алаяққа ақша берген жәбірленушінің емес, нағыз қожайынның иелігінде заңды түрде қалады. Егер де қылмыскер алдау, арбау жолымен алған қаражатты жұмсап үлгерсе, оларды қайтару өте қиын болады.
-- Залалды қайтару сотталған адамның жазасын өтеу орнына жіберіледі, -деп түсіндіреді судья Әлия Жошева. -- Колонияда олар жұмыс істейді, жалақы алады, оны аударады. Онда қанша табады, дәл білмеймін, 16-20 мың теңге. Зардап шегушілер төлемді жылдар бойы күтуі мүмкін, оларға тиындап түседі. Сондықтан мен айтамын: сараң екі рет төлейді. Бұл мақал негізінен арзан пәтерге қызығушылық танытқан құрбандарға тым қатысты болады. Мұндай салақтықтың нәтижесі -- моралдық және материалдық мол шығындар, полицияға жүгіну, қылмыстық іс, көптеген созылыңқы сот мәжілістері. Алаяқтықтың мұндай түрі бойынша, бас бостандығынан айырылады, жиі мүліктер тәркіленеді. Егер қылмыскер шынымен өкінсе және құрбанға келтірген залалды толығымен өтесе, жаза шартты болуы ықтимал.
Сонымен қатар сатушының жеке басын білгеннің гөрі мәміленің заңдық тазалығын тексеру кезеңі де өте маңызды. Аталған пәтерде сатушыдан басқа тағы кімдердің тұруға құқықтары бар?
Төмендегі жағдайларға мына проблемалар жиі байланысты болады:
-- Сот шешімі бойынша келісімшарттың негізінде осы пәтерде тұруға құқы бар бұрынғы жұбайдың пайда болуы.
-- Пәтерді жекешелендіру кезінде үлеске құқы бар, уақытша пәтерден шығарылған бас бостандығынан айырылған орыннан босатылған адамның пайда болуы.
-- Жекешелендіру кезінде бұрын тіркелген және шығарылған шетелде оқып жатқан, ұзақ іссапарда болған, себепсіз жоқ болған, жоғалған жанұя мүшесінің күтпеген жерден, аяқ астынан пайда болуы.
-- Пәтердің мұрагерлерінің арасындағы даулар, өсиет бойынша мұрагердің пайда болуы.
-- Аталған пәтерге тығыз да тікелей байланысты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылық
Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру қылмысының өзгеде меншіке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ерекшелігі
Алаяқтық алдаудың мазмұны - алаяқ жәбірленушіні адастыратын жағдайлар
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері
Алаяқтық және онымен күресудің проблемалары мен болашақ мәселелері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
Адам саудасы қылмысыбойынша жазалау мәселесі
АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ
Пәндер