Китчин циклы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Китчин циклы . . . 1

Китчин циклінің Жуглар цикліне өтуі . . . 1

Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметтеріндегі толқыны . . . 3

Қорытынды . . . 7


Китчин циклы

Китчин циклы - қысқамерзімді экономикалық цикл. Китчен тауарлық запастар қозғалысындағы қаржы шоттары мен сату бағасын талдау негізінде, өзінің назарын, ұзындығы 2-ден 4 жылға дейін болатын, қысқа толқындарды зерттеуге аударған.

Китчин циклын 1920 жылы ағылшын экономисті - Джозеф Китчен ашқан болатын. Китченнің түсіндіруі бойынша, қысқамерзімді осы толқындардың пайда болуы - әлемдік алтын қорының бағасының тұрақсыздығынан деп түсіндірді, бірақ қазіргі таңда бұндай түсіндіру жеткіліксіз. Қазіргі экономикалық теорияда бұндай процестердің болуын, қажетті информацияның, коммерциялық фирманың шешіміне әсер ететін информацияның, кеш келуінен деп түсіндіріледі.

Фирманың конъюктурасын жақсарту мақсатында фирма өзінің барлық күшін қосады, нарықта тауарлар саны артады, біраз уақыттан соң қоймаларда шектен тыс тауарлар саны пайда болады, одан кейін фирма күшінің қарқындылығын төмендету туралы шешім қабылдайды, бірақ ол шешім кешеуілденіп қабылданады, себебі ұсыныстың сұранысқа қарағанда артып кеткендігі туралы информация қажет уақытысына қарағанда кешеуілдеп келеді, сонымен қатар бұл информацияны тексеруге біраз уақытты қажет етеді; одан басқа, белгілі бір шешімге келу үшін де белгілі уақыт қажет. Сонымен қатар шешім қабылдау мен жұмыс қарқынлығын төмендету туралы шешімдер өте кеш қабылданатындығы байқалған. Ақырында, қоймадағы запастардың азаюына да біраз уақыт керек. Китчин цикліне қарағанда Жуглар циклінде тек тауарлық запастар қозғалысындағы қаржы шоттарының толқының ғана қарастырмаймыз, сонымен қатар инвестициялық негізгі капиталдың толқының қарастырамыз.

Китчиннің екі циклы Жуглар циклін құрайды.

Жуглар цикліне тоқтала кететін болсақ, бастапқыда экономикалық ғылым 7-12 жылдық циклді, соңынан Жуглардікі деп бөліп қараған. Осы циклдің басқаша аттары аз емес: «бизнес-цикл», «өнеркісіптік цикл», «орташа цикл», «үлкен цикл». Бірінші өнеркәсіптік цикл 1825ж. Англияда болды. Осы кезде машиналық өндіріс металлургияда, машина жасауда және басқаша жетекші салаларда билік жүргізуге кіріскен болатын. 1836 ж. Дағдарыс Англияда басталып, соңынан АҚШ-қа ауысқан.

1847-1848 жж. Дағдарыс АҚШ-та басталған, соңынан бірнеше Еуропалық елдерге тараған. Осы дағдарысты мән жағынан қарағанда бірінші әлемдік өнеркәсіптік дағдарыс деп атауға болады. Осыдан соң ретімен 1857 және 1866 жж. Дағдарыстар келеді. 1873 ж. Дағдарыс өте терең қиын болды деуге болады. Егер ХІХ ғ. Өнеркәсіптік цикл 10-12 жылға созылса, ХХ ғ. Оның ұзақтығы 7-9 және одан да аз жылғы жетті. 1882, 1890, 1900, 1907 жж. дағдарыстар. Экономикаға өте үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж. Экономикалық дағдарыстар. Осылардың ішінен 1929-1933 жж. «Ұлы депрессияны» жеке атап өткен жөн, өйткені ол өндірістің өте терең және ұзақ мерзім бойы құлдыратты.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптік дағдарыстар 1948-1949, 1953-1954, 1957-1958, 1960-1961, 1969-1970, 1973-1974, 1981-1982 жж. болды, әсіресе 70-ші жылдардың ортасындағылар көп шығындар әкелді.

Мысалы:

C:\Users\Таугуль\Documents\r6.gif

Китчин циклінің негізгі ерекшеліктері: қор мөлшерінің, инфляцияның, жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы, тауарлық цикл. Китчен циклін анығырақ түсіну мақсатында «Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметтеріндегі толқынды» қарастырайық.

Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметтеріндегі толқыны

Қазақстан Республикасы республика экономикасына инвестиция тарту саласында елеулі нәтижеге жетті. Мемлекеттік ұстанған инвестициялық саясатының арқасында жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Елдегі инвестициялық ахуалдың жақсаруы мемлекет қызметі басымдылығының бірі болып табылады. Тұрақты және мақсатты жұмыс жүргізудің арқасында Қазақстан, халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша, ТМД елдері арасында инвестициялық реформа жүргізудің көшбасшысы болып табылады.

Standart & Poor’s, Moody’s Investors Servise және FitchIBKA халықаралық рейтингтік агенттердің инвестициялық рейтингі, «инвестициялық» кластағы (ВВС) кредиттік рейтингті тағайындауы, Әлемдік банктің 2003 жылы Қазақстанды инвестиция салуға ең тартымды жиырма елдің қатарына енгізуі республикадағы инвестициялық ахуалды растайды.

Қазақстан өзі таңдаған инвестициялық саясатта инвестормен жасалатын қарым-қатынастарды тұрақтылық пен айқындылық, заңнама нормаларының ашықтығы, инвесторлар мүдделерінің қорғалуы, жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін тең жағдай жасау, бұрын жасалған келісімшарттардың орнықтылығы қағидаларын ұстанады.

2000 жылдан бастап жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтануының және кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жағдайының жақсаруының нәтижесінде инвестициялық және құрылыс қызметі жанданды. 2000-2006 жылдар аралығында Қазақстан негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 3, 4 есеге ұлғайып, 2007 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 3234193 млн теңгені құрады немесе 2006 жылмен салыстырғанда 11, 3%-ға артты, ал 2008 жылдың сәуір-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 373, 1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9, 7%-ға аз.

Мемлекет экономикасының шикізат емес салаларына инвестиция салу үшін жағдай жасайды. Ірі инвесторларға бірқатар жеңілдік беру қарастырылған тиісті заңнама базасы әзірленіп қабылданды.

Инвестициялық салық преференцияларын беру арқылы өңдеу өнеркәсібінің тіркелген активтеріне инвестиция тарту жөніндегі саясат айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Республикада инвестициялық қызметтің құқтық өрісінде сапалы һзгерістер орын алды.

Қазақстан отандық және шетелдік инвесторлардың қызметін реттейтін «Инвесторлар туралы» 2003 жылғы 9 қаңтардағы №373-ІІ Заң қабылданды. Аталмыш Заң шетелдік және отандық инвесторларға арналған заңнаманың бірыңғай талаптары түріндегі құқтық режимді сәйкестендіруге мүмкіндік берді.

Мемлекет инвесторларға инвестициялық қызметті көтермелеуге бағытталған бірқатар инвестициялық проферциялар беру кіретін тікелей инвестицияларды қолдайтын белсенде іс-шаралар қолдануда.

Осындай преференцияларға салықтық, кедендік преференциялар, сондай-ақ табиғи гранттар беру жатады.

Республикада шетелдік инвесторлардың жаңа инвестицияларын жылжытуға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін көрсету жөніндегі белсенді ақпараттық жұмыс бағдарламасы іске асырылуда. Шетелдік ықтимал инвесторлармен қарым-қатынас орнату, шетелдік инвесторлардың түсініктемелерін жақсы қабылдайтын заңнама процесін қалыптастыру жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Белгілі хадықаралық орталықтарда еліміздің тартымды инвестициялық имиджін қалыптастыру және шетелдік инвесторларды көптеп тарту жөнінде халықаралық коференциялар, тұсаукесерлер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұдайы өткізіледі.

Осыған байланысты жүргізілетін инвестициялық саясатта еліміздің инвестициялық ахуалын одан әрі жақсартуға, шетелдік және отандық инвесторларға ең төмен саяси және қаржы тәуекелімен еліміздің экономикасына инвестицияларды кедергісіз салу үшін мүмкіндік беруге ерекше назар аударылды.

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында инвестициялық саясаттың өңірлік аспектілері күшетілуде. Өңірлердегі инвестициялық саясат орта мерзімді бағдарламалармен байланыстырылып жүзеге асырылады және өңірдің экономикалық-географиялық ерекшелігіне байланысты сараланады. Қазақстанның әрбір өңірінде кәсіпкерлер биснестің таңдалған бағытын шығармашылықпен ойластырған жағдайда инвестициялық преференция алады.

Орталықтандырылған жүйеден шаруашылық жүргізудің нарықтық негізіне көшудің нәтижесінде инвестициялық қызмет түбегейлі өзгерді. Осы саладан мемлекеттің кетуіне байланысты күрделі құрылысты қаржыландыру практикасы өзгеріп, кәсіпорындардың инвестициялық қызметін меншікті қарыз қаражатының есебінен көбейтуге жол ашылды, енді шетелдік инвестицияларға тәуелділік күшейді, осының барлығы инвестицияның көздері мен оның көлемінің өзгеруіне әсер еткен шешуші факторға айналды.

Экономиканы реформалау жылдары меншік нысандары бойынша барлық қаржыландыру көздерінің есебінен күрделі салымдардың құрылымы айтарлықтай өзгерді. Меселен, егер 1992 жылы мемлекеттік меншіктің үлесі 81%-ды, муниципалдық меншіктің үлесі - 6%-ды, араласы (шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындарды қосқанда) - 10%-ды, жеке меншік - 3%-ды құраса, 2006 жылы меншік нысандары бойынша күрделі салымдардың құрылымы мүлдем басқаша қалыптасты: мемлекеттік меншіктің үлесі 11, 6%-ға дейін төмендеп, жеке меншіктің үлесі 65, 1%-ға, шетелдік үлес 23, 3%-ға дейін ұлғайды. 2009 жылы шетелдік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесі 12%-ды құрады.

Мемлекет өзінің инвестициялық салаға қатысуын қысқартты. Бюджет есебінен қаржыландырылатын негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесі 1992 жылы инвестициялардың жалпы көлемінің 16, 6%-ын құраса, 2006 жылы осы көрсеткіш 11, 2%-ға дейін төмендеді. 2009 жылдың бірінші тоқсанында өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынатын инвестицияларды республикалық бюджеттен қаржыландыру жүргізілген жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық цикл түрлері
Экономикалық дағдарыстар жайлы
Жұмыссыздық мәселесі және түрлері
Экономиканың циклдық дамуының механизмі
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция туралы ақпарат
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу себептері
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдарын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz