Билстрой ЖШС бас жоспары


«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Тогизбаева Б. Б.
«» 2020 ж.
ДИПЛОМДЫҚ жоба
Тақырыбы: Өскемен қаласы «Билстрой» ЖШС мысалында
технологиялық жабдықты жасау арқылы агрегаттар
учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру.
Мамандық: 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»
Орындаған Шүренов Т. С.
/қолы/ /аты-жөні/ Ғылыми жетекшісі, п. ғ. к, доцент Косыбаев Ж. З./қолы/ /аты-жөні/
Нұр-Сұлтан 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Факультет Көлік-энергетика
Мамандық 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»
Кафедра Көлік, көлік техникасы және технологиялары
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
Тогизбаева Б. Б.
«» 2019 ж.
Дипломдық жобаны орындауға арналған ТАПСЫРМАСтудент Шүренов Тамырлан Серікұлы
1. Жобаның тақырыбы Өскемен қаласы «Билстрой» ЖШС мысалында
технологиялық жабдықты жасау арқылы агрегаттар
учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру.
ЖОО « 27 » қараша 2019 ж. № 1935-п бұйрығымен бекітілген.
2. Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі « 10 » маусым 2020 ж.
3. Дипломдық жобаға берілген бастапқы мәліметтер мен негізгі көрсеткіштер:
1. Дипломдық жобаны орындауға арналған кафедра тапсырмасы;
2. «Билстрой» ЖШС-ның жылдық есебі;
3. Дипломдық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар;
4. Дипломдық жобада қаралуға тиісті сұрақтардың тізімі немесе дипломдық жобаның (жұмыс) қысқаша мазмұны:
1) ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫН НЕГІЗДЕУ;2) Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу және диагностикалау бойынша жұмыстарды жоспарлау;
3) «АГРЕГАТТАР УЧАСКЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ЖАСАУ.
5. Сызба материалдарының тізімі (негізгі сызуларды анық көрсету керек) :
1) «Билстрой» ЖШС шаруашылық қызметін талдау (бас жоспар, өндірістік ғимарат жоспары) ;
2) ТҚ және жөндеу бағдарламалары мен ТҚ және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау;
3) Агрегаттар учаскесінің жоспары;
4), 5) Конструкторлық бөлім (ұсынылған стендтің жалпы көрінісі, жинақты сызбасы және бөлшектері) ;
6) Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
6. Ұсынылған негізгі әдебиеттер:
1. Қоқаев Ө. Ш., Әліпбаев Ж. Р. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Оқу-әдістемелік құралы. - Алматы: «Отан», 2015. - 246 бет
2. Напольский Г. М. Технологическое проектирование автотранспортных предприятий и станций технического обслуживания. -М. :Транспорт, 1985. -232 с.
3. Техническое эксплуатация автомобилей. Под редакцией проф. Г. В. Крамаренко. Изд. второе. - М. : Транспорт, 1982. - 488 с.
7. Жоба (жұмыс) бойынша кеңесшілер, жоба (жұмыс) бөлімдеріне тиістісін көрсету керек
8. Дипломдық жобаның орындалу графигі
Тапсырманы берген күн « 26 » қараша 2019 ж .
Ғылыми жетекші Косыбаев Ж. З./қолы/
Тапсырманы орындауға алған студент Шүренов Т. С./қолы/
Мазмұны
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу
санын анықтау.
Агрегаттар учаскесін қайта құрудан болатын жылдық
үнемдеуді анықтау. .
КІРІСПЕ
Еліміздің автомобиль шаруашылығы жылдан-жылға жаңа, заманауи, күрделірек, жоғары төзімді, өнімді және үнемді техникамен жарақтандырылуда. Автокөлік құралдарының саны артып келеді, жүк-жолаушы ағыны үнемі өсуде. Автомобиль паркінің сандық өсуімен бірқатар оның сапасы да өзгеруде, конструкциясы жағынан заманауи машиналар мен оларға қызмет көрсетудің техникалық құралдары енгізілуде [1] .
Көлік біздің Қазақстанның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бір жағынан, бұға елдің орасан үлкен аумағы (2725 мың км 2 ), оның халықының төмен тығыздығы (орта есеппен 6 адам\км 2 ) және шикізаттық және өндірістік ресурстардың бытыраңқылығы себепші болған. Мұндай жағдайда көліктік-коммуникациялық кешен (ККК) елдің экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси қызметін де қамтамасыз етеді.
Автомобиль көлігі мемлекеттің ККК-ның ажырамас және құраушы бөлігі болып табылады. Ол:
- ең үлкен таралуымен және қол жетімділігімен;
- жоғары маневрлігімен және жүктер мен жолаушыларды жеткізу жылдамдығымен;
- жүкпен қандай болса да қосымша аралық операцияларды өткізусіз тасымалдауды жүзеге асыру мүмкіндігімен;
- қашықтықтарға іс-жүзінде баламасыз қызметтерді көрсетумен (қала ішіндегі және қала маңындағы, ауылдық жердегі тасымалдар) ;
- өндірісте де, қызметтер саласында да әртүрлі технологиялық процестерге бейімделудің жоғары дәрежесімен;
- капиталдардың салыстырмалы жоғары емес сыйымдылығымен сипатталады.
Осы жағдайлардың салдарынан автомобиль көлігі, қиыстырылған және мультимодальды тасымалдарды қосқанда, барлық заманауи көліктік технологиялардың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Әлемдік, ал енді отандық тәжірибе көрсеткендей, автомобиль көлігі сұраныс пен ұсыныстың нарықтық теңгерімінде жұмыс істеуге барынша бейімделген. Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бірінші кезекте ККК-ның нақты осы секторында іске асырылғаны кездейсоқ емес. Қазіргі сәтке қарай мұнда көліктік қызметтерді көрсету кезінде, сондай-ақ саланың өзінде қызметті техникалық қамтамасыз етуде нарықтық қатынастардың ең үлкен тәжірибесі жинақталған.
Автомобиль паркін пайдалану саласындағы ең маңызды міндеттердің бірі автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру, жұмысқа қабілеттілігін арттыру және сонымен бірге жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету болып табылады.
Автомобильдерді техникалық пайдалану тиімділігін арттырудағы маңызды және анықтаушы іс-шаралар автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді кешенді механикаландыру және автоматтандыру, заманауи бақылау-диагностикалық жабдықтарды және ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін енгізу арқылы АКК-ның өндірістік базасын жетілдіру болып табылады [1] .
Гараждық процестерді механикаландырудың өзіне тән ерекшелігі автомобильдерді және оның компоненттерін ТҚК, диагностикалау және жөндеу кезінде қолданылатын технологиялық әдістер мен құралдардың алуан түрлігі болып табылады. Бұл ерекшелік AКК-да, едәуір бөлігі стандартты емес, яғни өнеркәсіппен шығарылмайтын, әртүрлі түрдегі және типті жабдықтардың көп мөлшерін пайдалануды шарттайды.
TҚК-АЖ өндірістік процестерін механикаландыру операцияларды орындау уақыты мен жөндеу жұмысшыларының санын азайтуға, механикалық себептер бойынша ЖКО-ларды азайтуға, жанармай шығынын азайтуға, ауыр қол және қауіпті жұмыстардың көлемдерін азайтуға, жұмыстардың сапасы мен еңбек жағдайларының жайлылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Дипломдық жобада «Билстрой» ЖШС-нің бөлімшелерін қайта құру үшін барлық қажетті есептеулер орындалған.
Қойылған мақсатты шешу үшін жеке міндеттер шешілген:
- соңғы 4 жылдағы өндірістік-шаруашылық қызметінің талдауы орындалған;
- автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлау орындалған;
- ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету аумақтарының техникалық есептеулері орындалған, әр түрлі маркалы автомобильдердің дискілерін баспақтап шығаруға арналған әмбебап стенд жаңартылған;
- ұсынылатын іс-шаралардың техникалық-экономикалық бағалауы орындалған;
- еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғаныс бойынша іс-шаралар әзірленген.
1 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫН НЕГІЗДЕУ
1. 1 «Билстрой» ЖШС туралы жалпы мәліметтер
«Билстрой» ЖШС кәсіпорны Өскемен қаласындағы Химстрой тресінің УМР-3 ұйымының банкроттығы нәтижесінде пайда болды [2, 3] .
1982 жылы Химстрой тресінің құрылыс бригадалары алғашқы әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды, жөндеу шеберханаларын және мұнай өнімдері қоймасының тұрғызуға кірісті [2] .
1985 жылы ғимараттардың құрылысы аяқталып, оларды жабдықтармен толтыру басталды. Сонымен қатар, базада соның өзінде 68 бірлік машиналар паркі болды.
УМР-3 ұйымы негізінен химия өнеркәсібінің объектілерін салу үшін, сонымен қатар тұрғын үйлерді салу үшін құрылған.
1985 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі аралықта УМР-3 айтарлықтай бай техникалық базаға, жұмысшылар мен инженерлердің жоғары деңгейіне ие болды.
Бірақ Кеңес Одағының ыдырауына байланысты 1991 жылдан бастап база тез кері кете бастады; кемімелі құрылысқа тапсырыстардың төмендеуінен болды. Осыған байланысты 1998 жылы УМР-3 кәсіпорны толық банкроттыққа ұшырады және оның орнында «Билстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырылды.
«Билстрой» ЖШС Өскемен қаласының солтүстік-батыс торабының батыс бөлігінде орналасқан 2 гектар жерді алып отыр. Базаның ауданы өлшемдері: ұзындығы - 250 м; ені 80 м болатын төртбұрышты пішінге ие болады.
«Билстрой» ЖШС кәсіпорнын ешкімге тәуелсіз болмайтын дербес кәсіпорын ретінде сипаттауға болады, оның құрамына мыналар кіреді: 63 бірліктен тұратын автомобиль техникасының паркі; өзінің де, қала тұрғындарының да техникасын жөндеу үшін жабдықталған жөндеу шеберханалары. Кәсіпорында барынша аз, бірақ кәсіптік тұрғыда өте жоғары деңгейдегі адамдар жұмыс істейді.
УМР-3 банкроттықтан кейін кәсіпорынға мұрағатқа берілген барлық жабдықтарды қалпына келтірілген және шаруашылық есеп қаланың кәсіпорынымен үшін жалға беріледі.
Кәсіпорын жас болғандықтан, осыған байланысты, ол шамалы ғана тапсырыстарға ие болады, сондықтан жұмысшылар бірнеше жұмыс орындарында жұмыс істеуге мәжбүр болады.
1. 2 «Билстрой» ЖШС-нің қызметін техникалық-экономикалық талдау
Жаңа экономикалық жағдайларда барлық өндірістік қорларды пайдаланудың, оның ішінде үлесіне тасымалдардың жалпы санының 90%-ы келетін автомобиль көлігін пайдаланудың тиімділігін күрт жоғарылату талап етіледі. Алайда, қазіргі уақытта паркті пайдалану тиімділігі өте төмен болып қалып отыр. Тасымалдардағы көлікті пайдаланудың бағалық көрсеткіштерінің қолданыстағы жүйелері және жұмысты төлеу нарықтық экономикаға көшуге мүмкіндік туғызбайды және түбегейлі өзгерісті талап етеді. Автокөлік бір ауысымда жұмыс істейді және нарядтағы орташа ұзақтығы 9, 4 сағатты құрайды. Көліктік шығындар орасан үлкен [2, 3] .
1. 1-кестеде кәсіпорынның соңғы 4 жылдағы негізгі көрсеткіштері келтірілген.
Кесте 1. 1
«Билстрой» ЖШС жұмысының көрсеткіштері [2]
1. 1-кестенің талдамасы барлық көрсеткіштер бойынша құлдырау жүріп келетінен көрсетеді. Атап айтқанда, соңғы 4 жылда тасымалдар көлемі 85%-ға төмендеді және 2800, 4 мың теңгені құрады. Жүк айналымы, өз кезегінде, 75%-ға төмендеді және 2400, 68 мың тонна км құрады [2] .
Пайдалану шығыстарының өсуі байқалады, ол 5960, 0 мың теңгені құрды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 50%-ға көп болды. Пайдалану шығыстарының көбеюі негізінен қосалқы бөлшектерге және жылжымалы құрамға ТҚК және Ж бойынша барлық қызметтер түрлеріне бағалардың өсуі есебінен болады.
Техникалық дайындық пен машиналар паркін пайдалану коэффициенттері айтарлықтай төмендеді. Бұл коэффициенттердің төмендеуі жыл сайын болып отыратын автомобильдердің ескіруіне байланысты болды.
Жоғарыда айтылғандай, парктің өзі де өзгеріске ұшырады. Соңғы жылдары автомобильдердің тізімдік құрамы 12, 5%-ға төмендеді және 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай 64 бірлікті құрады [2] .
Мекеменің техникалық дайындық коэффициенті мен паркті пайдалану коэффициентінің өзгеру динамикалары 1. 1-1. 2-суреттерде көрсетілген.
Сурет 1. 2 Техникалық дайындық коэффициентінің өзгеру динамикасы.
Сурет 1. 2 Паркті пайдалану коэффициентінің өзгеру динамикасы.
1. 3 Автомобильдер паркінің құрылымдық және маркалық құрамы
«Билстрой» ЖШС-да түгендеу нәтижелері бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай теңгерімінде 63 бірлік әртүрлі автомобльдер бар. Автомобильдер паркі әртүрлі маркалы болып табылады. Ең көп санын мына автомобильдер құрайды: ЗИЛ-130 (автокран) - 12 дана; КамАЗ-5511 автоөзіаударғыштар - 11 дана және КрАЗ-258 - 9 дана.
Жылжымалы құрам паркінің бір бөлігі ескірген болып табылады, қызмет ету мерзімі 10 жылдан асады. Бірақ кәсіпорынның барлық экономикалық қиындықтарына қарамастан, техниканы 25%-ға жөндеу және оны жақсы жағдайда ұстау мүмкіндігі табылды.
«Билстрой» ЖШС-нің автомоблильдер паркі 54%-ға дизельді қозғалтқышы бар автомобильдерден және 46%-ға бензин қозғалтқыштары бар автомобильдерден тұрады.
Парктегі машиналардың жалпы санынан негізгі маркалар ЗИЛдар, КрАЗдар және MAЗдар және олардың базасындағы арнайы машиналар болып табылады.
Кәсіпорындағы парктің құрамы машиналардың түрлері мен маркалары бойынша алуан түрлі, олардың тізбесі 1. 2-кестеде келтірілген.
Кесте1. 2
«Билстрой» ЖШС-нің автомобильдер паркінің құрылымдық құрамы [2]
Жүріс, мың км.
атқарым, мың мото-сағ
1. 2-кестеде 2020 жылға мұнай өнімдеріне сұранысты есептеу үшін қажетті деректер келтірілген. Шығындардың желілік нормалары қозғалтқыштарға техникалық сипаттамалардан, ал орташа жылдық жүріс кәсіпорынның статистикалық деректері бойынша алынған. Автокрандар мен автомұнаралар бойынша есептеу үшін мото-сағаттармен атқарымды қабылдады [2, 3] .
«Билстрой» ЖШС-нің қалыпты жұмыс істеуі және шаруашылық қажеттіліктерді қанағаттандыруы үшін орташа жүріс пен жүк айналымы бойынша жоспарланған көлемдерді орындау қажет. Бұл автомобильдер паркінде орташа жүріс жылына жуық шамамен 3900 мың км құрауы керек. Сонымен бірге ең жоғары жүріс КраЗ-258 автомобильдері үшін шамамен 30 мың км, КамАЗ-5511үшін - 50 мың км, ал ЗИЛ-130 үшін - 50 мың км деп жоспарланған [2] .
Бұл автомобильдер бүкіл машиналар паркінің 70%-нан көбін құрайды.
Жиынтық жылдық жүк айналымы шамамен 5, 0 млн. т. км. құрауы керек. Жұмыстардың осындай көлемін орындаған кезде ғана кәсіпорынның нарықтық жағдайларда қалыпты жұмыс істеуі және күн көруі мүмкін болады.
1. 4 Автокөлік кәсіпорнының өндірістік-техникалық базасын талдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz