Қазіргі қазақ тілді әлеуметтік желідегі сөз мәдениетін проблемалары қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды Университеті
М. Т. Мыңжасарова
Интернет-қоғамдағы қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6B01702 - «Қазақ және ағылшын тілдері» білім беру бағдарламасы
Қарағанды қ.
2023ж
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды Университеті
«Қорғауға жіберілді»
Қазақ тіл білімі кафедрасының
Меңгерушісі фил. ғыл. кандидаты,
Қауымдастырылған профессор
С. А. Кенжеғалиев
6B01702 - «Қазақ және ағылшын тілдері»
білім беру бағдарламасы
«Интернет-қоғамдағы қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері. »
тақырыбындағы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Ізденетін дәреже: бакалавр
Орындаған: студент М. Т. Мыңжасарова
. . .
Ғылыми жетекшісі: ф. ғ. к.,
қауымд. профессор Б. А. Қалиев
. . .
Қарағанды қ.
2023
Жоспары:
Кіріспе
І ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ КҮЙІ ЖАЙЫНДА
Қазақ тілі лексикалық және грамматикалық жүйесінің соңғы жылдардағы зерттелуі (1990-2022ж)
Лексика саласындағы «Тілдік ауытқу», «Грамматикалық өзгерістер»
ІІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ СИПАТЫ
2. 1 Қазіргі әлеуметтік желілер, ондағы ұғымдар мен түсініктер
2. 2 Қазіргі қазақ тілді әлеуметтік желілердегі тілдік қолданыстар
2. 3 Әлеуметтік желілердегі сөз мәдениетінің қате қолданыстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тіл - халқымыздың асыл қазынасы. Ұлттың болашағы - ана тілінде. Оның мерейін асқақтататын да, төмен түсіретін де өзіміз. Әрбір адам өз ана тілінде білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті. Тіл атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес асыл мұра.
Тіл - қай ұлттада, қай елде болмасын қасиетті, киелі ұғым. Қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл.
Тақырыптың өзектілігі: Ұлтты ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі. Әлеуметтік желі - бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын веб-сайт қана емес, сонымен қатар жастардың сөз мәдениетін дамытатын құрал. Қазргі кез келген ұялы телефонда бір емес, бірнеше әлеуметтік желінің түрлері бар. Әлеуметтік желі тақырыбы түрлі ғылым салаларын ойландырып келе жатыр. Әлеуметтік желі және ондағы қауіпсіздік түрлі ғылым салаларын ойландыруда. Дәрігер мамандарын көзге әсері жайы алаңдатса, психологтар өз саласының маңайынан қарастыруда. Отбасыға әсерін өзіндік козқарас тұрғысынан әлеуметтанушылар қарастырса,
дінтанушылар дін жағынан зерттеп жатыр. Олардың пайдалы, пайдасыз жақтарын ажыратып, әрбір зерттеуші жақ мәселенің шешілу бағыттарын ұсынады. Мен де болашақ тіл маманы ретінде осы мәселені қарап, шешімін табуға тырыстым.
Қазіргі таңда оқушылар көркем шығарманы өте аз денгейде оқитынын жақсы білеміз. Барлығы дерлік ауызекі тілде қолданылатын сөздермен сөйлеседі, сөздердің айтылу ережесін сақтамайды, бір- біріне әлеуметтік желіде хат жазғанда жазылу емлесін мүлде қолданбайды. Жастар мен жасөспірімдердің сөздік корында түсініксіз сөздер мен сөйлемдер өте көп. Олардың әлеуметтік желідегі амандық-саулық сұрасқанын оқыған кезде, төбе шашың тік тұрады. Мысалыға алар болсақ, сөздерді әріптерін тастап кету немесе жөнді-жөнсіз қысқарту, латын әріптерн колдану, төл дыбыстарды пайдаланбау, орыс тілінің сөздерін араластырып сөздердің орнына смайликтерді жіберу әдетке айналып кеткен.
Мұндай олқылықтар туған тіліміздің дамуына, көркеюіне, өз бойындағы табиғатын сақтап калуына зияны орасан зор болмақ. Ал филолог мамандардың негізгі міндеті әрі тіледі жаргондарды жою және тіл мәдениетін сақтап қалуға ат салысу.
Тіл мәдениетін, сөз мәдениетін он бір жыл бойы мектепте оқиды. ЖОО-на келіп, тағы да қайталап оқытылады. Жан-жақтан оқытылады. Бірақ тіл мәдениеті бұзылады. Неге? Бұрын осындай бұзылған нәрселер ауызекі тілде ғана колданылатын еді. Мысалы: бара жатырмын- баратрм, келе жатырмын-кежатрым, сол жаққа-сояққа, әке-батя, әже-бабуля т. б. Жазбаға түскенде өз нормасы сақталынып отырып жазылатын. Ал әлеуметтік желі айтылған сөзді дәл солай жазуды нормаға түсіріп жатыр. Қалай айтылса, солай жазылып жатыр. Осы каншалықты дұрыс, қаншалықты дурыс емес? Оған әсер етіп отырған фактор не? Бұзылуды зерттеп жатқан ғалымдар кімдер? Ютуб арнасы, кинолар, өзге тілдің әсері бар ма? Бұзылуға сеппігін тигізіп жатқан жастар тілі болса, жастар қанша? Осы сұрақтардың жауабы осы дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының маңыздылығы: Қазақ тілінің тарихтан бүгінге жалғасқан Қазіргі қазақ тілінің ахуалы. Қазақ тілінің тарихына тоқала отырып, бүгінгі жағдайын саралау. Мемлекеттік тіл дамуындағы өсекті мәселелерді дәлелді талдау.
Диплом жұмысының нысаны. Қазіргі қазақ тілді әлеуметтік желідегі сөз
мәдениетін проблемалары қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақ тілді әлеуметтік желі оның түрлері жөнінде түсінік бере отырып ондағы қазақ тілін қолданыс аясына
талдау, зерттеу жүргізу.
Диплом жұмысының міндеттері. Диплом жұмысында көрсетілген
мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді орындау көзделді:
-Қазақ тілді әлеуметтік желідегі сөз мәдениетіне талдау жасау;
-Әлеуметтік желінің түрлері, ондағы ұғым-түсініктерге шолулар
жасау, анықтамаларды жинақтау саралау;
-Қазргі қазақтілді әлсуметтік желілер, ондағы тілдік қолданыстарға талдаулар жүргізу;
-Әлеуметтік желілердегі қате және қайшы колданыстар, мәдениетіндегі проблемаларды анықтау;
-Қазақ тілін оқытудағы бүгінгі жаңа көзқарастар мен идеяларға байланысты ұсыныс-пікірлерге шолулар жасау, саралау;
Диплом жұмысының дереккөздері. Қазақ тілді әлеуметтік желідегі сөз мәдениеті мен тілді оқыту мәселелері туралы дипломдық зерттеу жұмысымызда отандық және шетелдік ғалымдардың, тілді оқытудың өзекті мәселелері бойынша әдіскер ғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің, жалпы қазақ тілінің дамуы мен қолданылуына аландаушылық тудыратын әлеуметтік желі қолданушылардың пікірлері мен көзқарастары пайдаланылды. Осылардың ішнде әсіресе М. Балақаев, Р. Сыздық, А. Абасилов т. б. еңбектері басшылыққа алынып, теориялық негіз ретінде қолданылды.
Жұмыстың теориялық, практикалық кұндылығы.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Жұмыс барысында сипаттау, баяндау, талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылысы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ КҮЙІ ЖАЙЫНДА
1. 1Қазақ тілі лексикалық және грамматикалық жүйесінің соңғы жылдардағы зерттелуі (1990-2022ж)
Лексикология (гр. lexikos сөз туралы және logos ілім создерінен) тіл білімінің сөздік құрамды, тілдің лексикасын зерттейтін саласы. Сөздік құрам дегеніміз тілдегі барлық создердің жиынтығы, ол лексика деп те аталады. Сөздік құрамға байланысты лексикологияның қарастыратыны: тілдің негізгі бірлігі ретінде көрінетін сөз мәселесі, лексикалық бірліктердің типері, сөздік құрамның құрылымдық сипаты, лексикалық бірліктердің функциялық қызметі, сөздік құрамнын толығу, даму жолдары, лексиканың тілден тыс шындық өмірге қатысы, тілдің басқа салаларына сөздік құрамның қарым қатынасы.
Қазақ тілінің лексикологиясы - қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл тарихының, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, ол ғасырлар бойы даму нәтижесінде бірте бірте қальптасқан. Лексикологияны жете түсіну үшін, оның нысаны болып табылатын сөздік құрам тұтас бір бүтін жүйе ретінде каралуға тиіс. Создік құрам тұтас жүйе ретінде көп салалы болумен бірге, тілдің баска салаларымен де тікелей байланысты. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды тек сөз атап білдірмейді, сонымен бірге тұрақты сөз тіркестері де біліре алады. Осыған орай лексикология сөз мағынасымен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологизмдерді де (гр. phrasis сөйлемше, logos ілім) нысан етіп карастырады. Тіл байлығы тек сөздің молдығынан көрінбейді, тіл байлығы дегенді тілдің мағыналық байлығынан тыс қарастыру біржақтылық болады. Бұл жағынан лексикология сөздердің магыналық күрылымын зерттейтін семасиология (зр. semasia мон, мағына, logos ілім сөздерінен) ғылымымен тікелей байланысты, Семасиологияда шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды атап білдіретін атауыш сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы (лексикалық семантика) жан-жақты қарастырылады. Лексикология тіл білімінің грамматика саласымен де үнемі қарым-қатынаста болады. Тілдегі сөздер номинативтік (атауыштық) қызмет атқара отырып, грамматикалық формалар арқылы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе тілін тарихи даму барысында лексикалық бірліктерді грамматикалану процесін, сонымен бірге сөз тіркестерінің лексикалық бірлікке (созге) ауысу (лексикалану) процесінен айқын көрінеді. Мысалы, құлап қала жаздады дегендегі жаздады сөзінің лексикалық мағынасынан айрылып, көмекші етістікке айналуы грамматикалану нәтижесі. Осындай жағдай басқа да бірқатар көмекші етістік мәніндегі (сал, бол, бер, қал, қой, тұр) сөздерден байқалады.
Сөз айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның аты я атауы болса, әрине, ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ ол мағына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да, сол ұғымды білдіретін белгі (таңба) я сол ұғымның мазмұнының бейнесі ретінде қалыптасатындықтан, бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне де бірдей түсінікті болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздерді алсақ олардың әрқайсысы - әрі нақтылы, әрі жалпы атау. Өйткені ағаш деп көз алдымыздағы (я қолымыздағы) белгілі бір нақтылы ағашты да, сондай-ақ, жалпы, ағаш атаулыны да атай береміз.
Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспен, жеке-дара тұрғандағы (статикалық күйдегі) нақтылы я негізгі мағынасы, әдетте, лексикалық я тура мағына деп аталады.
Тілдің сөздегі осындай әр алуан мағыналары бар сөздерден құралады. Тілдегі сөздерді, олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық тұрмыстың сала-салаларымен байланыс-қатысын, сондай-ақ, жеке сездердің лексикалық мағыналарын, сөздердің шығу тарихы мен мағыналарының даму, колданылу өзгешеліктерін лексикология ғылымы тексереді.
Лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді әрі қарай топшылай түсіп, топ-топқа бөліп, олардың әр тобына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздердің мағыналары жоғарыда лексика тұрғысынан қаралса, енді олардың бәрін де заттың атын білдіретін жалпы белгісіне қарай, бір ғана топқа жатқызып, зат есімдер деп, грамматика тұрғысынан топшылауымызға әбден болады. Сөздерді зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау деген сияқты грамматикалық топтарға бөлу салты - осылайша топшылаудан туған дәстүр. Екінші сөзбен айтқанда, сөздерді грамматикалық топ- тарға бөлу рәсімі оларға грамматикалық түрғыдан қарап (грамматикалық мағыналарын ашып), соған сәйкес категориялық сыр-сипаттарын анықтаудан туған. Мысалы: Кен асылы - жерде, сөз асылы - елде (мақал) ; Елде болса, ерінге тиер; Ауылда болса, ауызға тиер (мақал) ; Тау-тауға қосылмас, адам адамға қосылар (мақал) деген сөйлемдердегі жерде, елде, ауылда, ерінге, ауызға, тауға, адамға сөздері мен тиер, қосылар сөздерін грамматикалық түрғыдан салыстырып топтауымызға әбден болады. Мысалы, жерде, ауылда, елде, ерінге, ауызға, тауға, адамға деген сөздердің лексикалық мағыналарында айырмашылық бола тұрса да, бұл жеті сөздің алғашқы үшеуінің (жерде, елде, ауылда) грамматикалық мағыналарында өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын, кейінгі төртеуінің (ерінге, ауыз- ға, тауға, адамға) грамматикалық мағыналарында да өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын аңғару қиын емес: жерде, елде, ауылда сөздерінің бәріне тән жалпы грамматикалық мағына жатыс септік жалғауы арқылы байланысса, ал ерінге, ауызға, тауға, адамға сөздеріндегі жалпы грамматикальіқ мағына барыс септік жалғауы арқылы топтанып айтылып тур. Оның бер жағында, осы сөздерді тек жатыс я барыс септікте ғана емес, шығыс, ілік, табыс, көмектес септіктерінде де, сондай-ақ, көптік я тәуелдік жалғауларында да қолдануға болады. Жалпы грамматикалық мағыналары жағынан бірыңғай болып келетін жоғарыдағыдай сөздерді зат есімдер деп атап, бір топқа белеміз.
Екінші топтағы тиер, қосылар деген сөздердің лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұрса да, екеуінде де іс-әрекетті я амал-қозғалысты білдірулерімен байланысты ортақ бір жалпы мағына бар. Бұл жалпы мағына оларға жалғанып тұрған есімшенің -ар (-ер) қосымшасынан тіпті айқын көрініп тур. Сондай-ақ, осы сөздерді ешбір іріктеместен тисе, қосылса, тиген, қосылған, тиетін, қосылатын; тиді, қосылды деген тәріздендіріп бірдей өзгерте беруімізге де болады. Іс-әрекетті білдіретін бұл сияқты сөздердің бәрі де етістік деп аталатын сөз табы категориясына жатқызылады, өйткені олардың әрқайсысына есімше, кесемше, етіс, шақ секілді грамматикалық категориялардың қай-қайсысы да жат емес.
Сөздің лексикалық мағынасына тікелей байланысатын, осындай жалпы грамматикалық мағыналарын, сондай-ақ, сол жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін формаларды грамматика ғылымы зерттейді.
Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да бір сөздің бойында жарыса өмір сүре береді. Мысалы, көршіні көрші шақырды (Абай) деген сөйлемдегі үш сөзді алсақ, алғашқы екі сездің лексикалық мағынасы бір де, соңғы сөздің лексикалық мағынасы өз алдына басқа. Алғашқы екі сөздің лексикалық мағыналары бір болғанымен, грамматикалық магыналарында өзгешеліктер де бар. Бұл екеуінің грамматикалық мағыналарындағы жалпы ұқсастықтар мыналар: екеуі де - зат есім, екеуі де - жекеше мағынаны білдіреді. Ал, ол екеуінің грамматикалық мағыналарыпдағы өзгешелік сол екі сөздің сыртқы түрлеріндегі (формаларындағы) айырмашылыққа байланысты. Әрине, көрші сезінен көршіні деген сөздің - ні бөлшегі артық. Осы артық бөлшек екінші сөздің тек сырткы түріне ғана емес, грамматикалық мағынасына да өзгешелік енгізіп тұр. Демек, көршінің сөзінде жоғарыда айтылған грамматикалық мағыналардан басқа, қосымша табыс септіктің мағынасы да бар. Осыған орай, бұл екі сөздің сейлем мүшелік қызметі жағынан құралатын грамматикалық мағыналары да ажырап, біреуі сейлемнің бастауышы (көрші) , екіншісі сөйлемнің толықтауышы болып тур. Соңғы шақырды деген сөздің де бірнеше грамматикалық мағынасы бар: бул сез -етістік, ол әрі өткен шақтың мағынасы, әрі үшінші жақтың мағынасын білдіреді.
Жығылсаң, нардан жығыл (мақал) деген сөйлемдегі'-жығыл және жығылсаң сездерінін түбірі (жық), лексикалық мағынасы да бір. Ал түбірге -ыл белшегі қосылып, жық етістігіне етіс категориясының, -са қосьшшасы шартты рай мағынасын, -ң қосымшасы оның үстіне екінші жақ пен жекешелік категорияларының мағыналарын берген.
Осы талдаудан мынадай қағидалар туады.
Сөз - тек мағынасы жағынан ғана емес, құрамы жағынан да аса күрделі категория. Сөз қолданылғанда әр алуан тұлғалық өзгеріске ұшырап, түрленіп отырады. Ондай өзгеріс, ең алдымен, сөздің, морфологиялық құрамында болып отырады. Осындай тұлғалық өзгеріске орай, сөздің бірде лексикалық мағынасы өзгерсе, бірде семантикасы басқа реңкке көшеді. Сонымен бірге осындай өзгерістерге байланысты сездің грамматикалық мағынасы да түрленеді.
Сөздің бөлшектері мен мағыналарын, олардын, араларындағы қарым-қатынастарын және сол қарым-қатынастар мен құбылыстардың жүйе-жүйелерін зерттеудің нәтижесінде әрі сөздің морфологиялық құрамы мен құрылысы, әрі алуан түрлі грамматикалық категориялардың сыр-сипаттары айқындалады.
Сөздің сыртқы жамылышы (формасы) ретінде қызмет ететін дыбыстық құрамның (комплекстің) әрбір ұсақ дыбыстық бөлшегі, сол сөздің белгілі бір грамматикалық мағынасын білдіретін әрбір ұсақ бөлшегінің сыртқы жамылышы (формасы) ретінде қызмет етеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің әрбір грамматикалық бөлшегінің өзіне тән дыбыстық керсеткіш болады. Грамматика сөзді тексергенде, фонетикаға да, лексикаға да сүйенеді, олармен тығыз байланыса отырып, сөздің сырын ашады.
Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалык сез арқылы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бәрін де тек грамматикалық амал-тәсілдердің кемегі ар- қылы ғана түсінікті етіп айта алады. Ендеше, грамматикалық тәсілдер де лексикалық тәсілдермен қоса-қабат қолданылатын аса қажетті тәсілдер болып саналады.
Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. ‘
Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сез арқылы ғана көрініп отырады; сезді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық кұрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру объектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология - сөз және оның формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы қарым-қатынасқа түседі де, әлденеше қилы өзгеріске ұшырап, әр алуан қызмет атқарады морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға беліп, сол топ-топтыц әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалады, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады. Осындай талдаулардың нәтнжесінде сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелері, сөздің бөлшектенуі және олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтері анықталады.
Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойы нша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады (Ол туралы «синтаксис» оқулығынан қараңыз) .
Морфология сөзді, сөздің тиісті белшектерін, олардың мағыналары мен қызметтерін талдаса, синтаксис сейлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сез тіркестерін я жеке сөздерді (сейлемнің мүшелерін), олардын. қарым-қатынастары мен грамматикалық сыр-сипаттарын талдайды.
Грамматиканың бұл екі саласы екі сара болып ікТк- телгенімен де, олар іштей бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті екеуі бір бүтіннің екі бұтағы сияқты. Мысалы, Қызы едім Есімбектің атым Шұға; Басталды бул өлкеге атым шығады (Б. Майлин) . деген сөйлемдердегі сөздерге жалпы грамматикалық талдау жасай бастасақ, ондағы сөздерді, әрине, морфология өз тұрғысынан, синтаксис өз турғысынан талдайды. Ал, ондай талдау үстінде іс жүзінде морфология синтаксистің ішіне еніп кетсе, керісінше, синтаксис морфологияныц да ішіне еніп кетеді, демек, ол екеуі бір-біріне жәрдемдесіп, өзара селбесіп отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz