Потанин мұражайы - тарихтың куәгері


Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
КЕАҚ «Торайгыров университет»
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті
«Тарих» кафедрасы
куpстЫҚ жоба
Пәні бойынша: 1-жоба (мұражайлардағы мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеудің негізгі дағдылары)
Тақырыбы: Потанин мұражайы
(бағасы)
Комиссия мұшелері:
(лауазымы, ғылыми дәрежесә)
(тегі, аты - жөні)
(қолы) (күні)
(лауазымы, ғылыми дәрежесі)
(аты жөні, тегі)
(қолы) (күні)
Нормобақылаушы :
(лауазымы, ғылыми дәрежесә)
(тегі, аты - жөні)
(қолы) (күні)
Ғылыми жетекшісі
(лауазымы, ғылыми дәрежесә)
(тегі, аты - жөні)
(қолы) (күні)
Білім алушы
(тегі, аты - жөні)
(қолы) (күні)
(тобы)
2023
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Әдеби шолу 4
1. 1 Потанин Г. Н-нің өмірі мен ғылыми қызметі 4
2 Потанин мұражайы - тарихтың куәгері 8
Кіріспе
Мұражайдың негізгі экспозициясы қаланың ескі бөлігіндегі Ленин көшесінде орналасқан сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан. 1890 жылдары салынған, онда бірінші гильдия саудагері А. Деровтың дүкендері орналасқан. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ескі ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф кеңсесінде орналасқан. Негізгі қор қоймасы сәулет ескерткіші болып табылатын жеке ғимаратта, Ленин көшесі 129 мекен-жайында орналасқан.
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы "Қазақстанды зерттеу қоғамы"облыстық бөлімшесінің негізінде құрылды. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азияны зерттеуші Потаниннің есімі берілді. Мұражайдың негізін қалаушы фотограф, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев болды. Мұражай экспозициясы біздің өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 10 залда орналасқан. Мұражай коллекциясының негізін археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, Нумизматика, фотобейнелеу, деректі, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару - жарақ-атыс және суық коллекциялар құрайды.
Мұражайда ғылыми кітапхана және үш филиал жұмыс істейді: Багаев Д. П-тың үй-мұражайы, ән шығармашылығының үй-мұражайы, Майра Шамсутдинова және Әскери даңқ мұражайы.
Мұражай жұмысының үлкен мақтанышы мен шығармашылық көрсеткіші-оның қорлары. Мұражай қорларының коллекциясы жылдан жылға толықтырылып, ғылыми өңдеу жетілдірілуде. Мұражай қорында негізгі қордың 105 мыңнан астам экспонаттары бар.
Қор коллекцияларымен жұмыс логикалық түрде бірқатар ғылыми каталогтарды шығарумен аяқталды: "Мұражай қорынан Багаев Д. П-тың негативтер жинағы", "XIX-XX ғасырлардағы зергерлік бұйымдар. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының коллекцияларында", "Григорий Николаевич Потанин. Қор коллекциясының материалдары", "Мұражай қорындағы қолжазбалар, сирек кездесетін баспа басылымдары мен сыйлық әдебиеттерінің коллекциясы", "Павлодар тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық коллекциялары". "Павлодар облысы аудандық мұражайларының сирек және құнды жәдігерлері"жиынтық каталогы шығарылымға дайындалды.
Мұражай қызметінің басымдықтарының бірі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Ғылыми қызметкерлер өлкенің тарихы мен мәдениеті, Палеонтология, Археология, Этнография бойынша тақырыптық дәрістер әзірлейді, " Мұражайға барғым келеді!", "Қалатану".
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының базасында. Г. Н. Потанин ведомстволық, аудандық, қоғамдық мұражайлардың ғылыми қызметкерлері үшін ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының жетекші мамандарын шақыра отырып, Мұражай семинарлары, тренингтер өткізеді. Мұражай облыс мұражайларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
1 Әдеби шолу
1. 1 Потанин Г. Н-нің өмірі мен ғылыми қызметі
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1959 жылдан бастап әйгілі саяхатшы, ғалым, этнограф, қоғам қайраткері Григорий Николаевич Потаниннің есімімен аталады.
Болашақ ғалым Ямышев станицасында 1835 жылдың 4 қазанында дүниеге келген. Ғалым өз естеліктерінде Ямышево туралы былай деп жазады: «…Когда-то, в конце XVIII столетия, это был важный административный и торговый пункт, важнее Омска. Ямышево свое торговое значение приобрело очень давно, благодаря тому, что в его окрестностях было богатое соляное озеро. Сюда съезжались жители за солью со всей Западной Сибири, из отдаленных городов Туркестана из Кашгара и Яркенда. Синолог отец Палладий напечатал небольшую карту Монголии, которая, по его мнению, была составлена во времена Чингисхана, т. е., в ХIII столетии. Так давно ямышевская ярмарка была известна в Центральной Азии». «XVIII ғасырдағы Жоңғариялық Бұхарамен керуендік сауда туралы» еңбегінде Потанин «Озеро Ямыш едва ли не до начала XVIII столетия являлось торговой станицей; с юга сюда приходилибухарские караваны, с севера усские поднимались на судах за солью, которую ломали в Ямыше и выменивали здесь бухарские товары, рабов» деп жазады.
Әкесі Николай Ильич Баянаул станицасының приказында қызметін атқарған. Ол кісі бір себептермен сол кезде офицер шенінен айрылып, абақтыға түседі.
1 Сурет. Омбы кадет корпусы
Омбы кадет корпусында оқып жүргенде, ол Шоқан Уәлихановпен танысып, сол кезден бастап араларындағы қарым-қатынас нығаяды. Сол жерде жүргенде, қазақ халқының тұрмысы мен әдет-ғұрыптары жөнінде айтқаны Шоқанның әңгімелерін Потанин дәптерге жазып алып отырады, ал Шоқан осы жазбаларды қару-жарақ үлгілері, аң аулау құралдарының суреттерімен толықтырады.
Екеуінің білімге, айналамен танысуға күштарлығы сондай мол болады. Шоқан кітапханадан география, Шығыс елдерінің тарихы, саяхатшылардың естелік кітаптарын әкеліп, Потанинмен бірге оқып, басқа елдерді көруді армандайтын. Шоқанның көзқарасы Потаниннің ой-өрісіне үлкен ықпал еткен.
Әйгілі географ, саяхатшы Орыс Географиялық қоғамының вице-президенті Семенов П. П Іле Алатауына келген кезде, жергілікті тұрғындар оған казак офицері Потанин және Ш. Уәлиханов откілтең табиғат зерттеулері туралы айтқан болатын. Сөйтіп, Потанинді әскери қызметтен босату үшін, жарамсыз деген анықтама алынады. Енді Потаниннің алдында Петербор университетіне түсу жолдарын табу мәселесі тұрады. М. Бакунин болашақ ғалымды Петерборға алтын апаратын керуснге ілестіріп, Потанин Г. Н Петерборга жетіп, сол жердегі университеттің физика-математика факультетінің жаратылыстану бөлімшесіне окуға түсті.
2 ̶ Сурет. Григорий Потаниннің 1876-1877 жылдардағы экспедициясы бойынша жазған және Императорлық Орыс географиялық басылымы басып шығарған ХІХ ғасырдағы географиялық әдебиеттің ең іргелі шығармаларының бірі ̶ Солтүстік-батыс Моңғолия очерктеріне қосымшалар мен түсініктемер
Осы студенттік жылдары Г. Н. Потанин көптеген қоғам қайраткерлері зуши лар, ғалымдар, суретшілермен танысады. Олардың ішінде Н. М. Ядринцев, Черневский Н. Г, Щукин Н. С, Дуров С. Ф, Шишков В. Я, Шашков С. С-тар бар болатын. Г. Н. Потанин Сібірден келген студенттермен бірге үйірме құрып, Сібірдің дамуы мен халық ағарту мәселелерін көтеріп. ол үшін қудаланады. Осындай себептен, 1861 жылы оны тұтқындайды. Потанин Петербор қамалында екі ай абақтыда отырып, одан кейін Омбыға қайтадан оралады. 1862 жылы Семенов П. П-ның қолдауымен Потанин Моңғолиялық Алтаймен Жоңғар Алатауындағы Струве К. В-нің астрономиялық құрамына кіреді. 1863 жылдың көктемінде Потанин Шығыс Қазақстанның көп жерлерінде болып, көлдерді зерттеумен, гербарий жинақтаумен айналысады.
1865 жылы Потанинді Сібірді дамыту идеялары үшін «Сібірді Ресейден бөліктеу мақсатында үйірме кұрған» деген айыппен тұтқындайды. Үш жылын Омбы абақтысында өткізген ол тергеу аяқталғаннан кейін, Вологда губерниясына төрт жыл каторга жұмысына айдалады. 1872 жылы каторга мен айдау аяқталғаннан кейін, Потанин жаяу жүріп, Никольск қаласынан Тотьмаға оралады. Осы кішігірім саяхат Потаниннің «Никольск қаласынан Тотьмаға дейін жолдағы этнографиялық жазбалар» деген мақаласына негіз болады.
Ғалым Орта Азия, Моңғолия, Тибет, Қытай, Алтай жерлеріне жасалған үлкен экспедицияларға қатысып, жан-жақты географиялық, этнографиялық, жаратылыстанымдық зерттеулерді қалдырады. Бұл туындылардың қазіргі күнде де маңызы зор. 1876 жылы Потанин жұбайы Александра Викторовнамен бірге Орталық Азияға үлкен саяхаттар бастайды. Ғалым бірнеше рет Моңғолияның Гоби шөлін кесіп өтеді. 1881-83 жылдары Петербор қаласында оның «Солтүстік-Батыс Моңғолияның очерктері» атты 4 томдығы жарыққа шығады. Бұл энциклопедиялық жинақты Моңғолия, Тува, Алтай халықтарының мәденисті, шаруашылығы, этникалық құрамы жөніндегі очерктер, экспедициялық маршруттардың әңгімелері, фольклор үлгілері құрайды.
Г. Н. Потанин ̶ Европаны тұнғыш рет Орта Азия, Моңғолия, Алтай халықтарының мәдениетімен таныстарған ғалым. 1886 жылы ол жаңа саяхатқа - Үнді мұхитымен Ява аралына шығады. Саяхаттың нәтижесінде ботаника, зоология, география ғылымдары жаңа мәліметтермен толықтырылады, оның ішіндекей біреулері өте маңызды еді. Потаниннің «Қытайдың Таңғұш-Тибет шеті және Орталық Моңғолия» атты екі томдығы жарық көреді. Осы еңбегі үшін Орыс Географиялық қоғамы ғалымды үлкен алтын медальмен марапаттайды. Оның есімі бүкіл Ресейге танымал болады. Осыдан кейін, 1894 жылы Шығыс Тибетке жасалған жаңа экспедицияны басқарады. Бірақ бұл сапары ғалымның зайыбы Александра Викторовнаның сырқаттануына байланысты, аяқталмай қалады.
Александра Викторовна Потанина ең алғашқы жиһанкез, этногроф ретінде ғылымда ерекше орын алады. Онын Потанин экспедициясына катысуының үлкен маңызы болды, себебі, ол әйел ретінде жергілікті халықтын отбасылық тұрмыс-тіршілігіне араласып, өз көзімен көреді. Ол монгол княздары мен қытай шенеуніктерінің әйелдерінде конақта болып, сұхбаттасып, олардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын жазып алып отырған. Бұл ол кісіге дербес әдеби туындылар жазып, ол сибектерін сапар аралығындағы бос уақыттарда Сібір өңіірінде шығатын басылымдарға жариялауға мүмкіндік берді. Потанинаның бұл жазбалары жұбайының ғылыми енбектерін толықтырып отырған. Кейін Кяхта қаласында ғалымның зайыбы Александра Викторовнаға ескерткіш қойылады.
Потанин Г. Н 1863 жылы Қытай мен Ресейдін шекарасын белгілейтін комиссияның жұмысына қатысады. Осы кезде қазақша жазу үйреніп, қазақтың, Алтайдағы түрік жұртының ауыз әдебиеті мен казактардікін салыстырып, бұл жонінде үлкен еңбек жазады. Бес жыл Г. Потанин Петербургта тұрып, Азия және Еуропа халықтарының эпосын зерттеді, осының нәтижесінде «Орта ғасырлық суропа эпосындағы шығыс әуездері» атты жинақ жарық көрді.
1899 жылы Потанин Шығыс Моңғолияға кезекті экспедицияны дайындайды. Экспедиция Үлкен Хинган жотасының бөлігін басып өтіп, Маньчжурияға дейін жеткен. 1901 жылы ғалымның ақырғы экспедиция жөнінде «1899 жылдың жазында Үлкен Хинганның орта бөлігіне сапар» деген есебі жарияланады.
Григорий Николаевич Павлодар-Ертіс өңірінің зиялы қауым өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болған, олар қазақ тарихы мен этнографиясын жинақтау барысында ғалымға кеңес беріп, өз білгендерімен бөліскен. Ертіс-Баянауыл өңірінің белгілі тұлғасы, Баянаул сыртқы округінің аға сұлтаны Мұса Шорманов
ғалыммен жақын қарым-қатынаста болып, ғылыми қызметіне көмек көрсетіп, қазақ халқының этнографиясы жөніңдегі материалдар мен Шоқан Уәлихановтың қолымен жазған қазақ руларының шежіресін, ертегі-аңыздарды ғалымға тапсырып отырған. 1904 жылы «Шоқан Уәлиханов туралы өмірбаяндық мәліметтер» мақаласында Потанин Г. Н Мұса Шорманов туралыда жазады. Г. Н. Потанин Мұса Шормановтың ауылыңда тұрып, жергілікті ақсақалдардың айтқан аңыздарын жазып алған. Оның ішінде «Солтүстік-Батыс Моңғолияның очерктері» еңбегінің төртінші басылымында жарық көрген - «Алаша хан», «Шоң би», «Бала мерген», «Жиренше шешен және Алдар көсе», «Байқұс», «Мал қорғаушылары» секілді әңгімелер бар. Қаныштың әкесі Имантай Сәтбаев Потанин үшін Бұқар жыраудың немересі, Құреке деген кісінің аузынан Абылай хан туралы айтқандарын жазып алған. Музей қорында Сәдуақас Шормановтың Г. Н. Потанинге жазған хаттарының көшірмелері сақталған. 1887 жылдың 10 ақпанда жазған хатында Сәдуақас әкесінің қайтыс болғаны туралы хабарлап, Мұса Шорманов туралы жазған естеліктерді журналда жариялауға қолғабыс жасауын сұрайды. Екінші хатында Григорий Николаевичқа Шоқан Уәлихановтың және өз әйелі Нұриламен түскен портреттерің жібергені туралы жазады.
1913 жылы Потанин Қарқаралы уезінде қазақ халқы ауыз әдебиетінің үлгілерін, ертегілерді жинап, қағаз бетіне түсіреді. Алдын-ала келісім бойынша, ғалым өзінің жас досы Ә. Ермековтың ауылына бармақ болып шешім қабылдайды. 1895 жылы Петербор университетінің студенті Дінмұхамед Сұлтанғазин ғалымның өтінішімен көптеген аңыз-ертегілерді жазып алып, орысшаға аударған. Осы ертегілер 1916 жылы жарық көреді.
Ғалым қазақ халқына үлкен құрметпен қарап және болашағы жоғары ел болады деп үміт артатын. Григорий Потанин қазақ халқының тұрмыс-салты мен дәстүрлерін, ауыз әдебиетін жақсы біліп, жоғары бағалаған.
Әсіресе, «Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу» дастанын қазақ халқының махаббат жырларының ішіндегі шыңы деп санаған. Ол былай деп жазады: «Любимая повесть, которую знает вся степь от Оренбурга до Зайсана, верх киргизской эпики, это история красавицы Баян-Сулу, которая влюбилась в бедного пастуха Козы-Корпеша».
Потанин туралы «Русская мысль» журналында Ольденбург. С «Докладчика встречало много киргизов, которые находили сказочников и привозили их к нему», - деп жазған. Смирнова Н. С: «Среди этих лиц - многочиеленная родия Чокана Валиханова: его братья, его дядя Муса Шорманов и другие, кто собирал материал для Чокана, а затем продолжали для Потанина, позже - семейство Султангазиных и Ермеконых» - деп көрсетеді.
Григорий Потанин Алаш кайраткерлерімен достық қарым-катынаста болған. 1917 жылы Орынбор қаласында өткен «Алаш» партиясының I съезінде Потанинді қазақ зиялылары Алаш партиясынын Құрметті төрағасы ретінде сайлайды.
1915 жылы Потаниниің 80-жылдық мерейтойына «Қазақ» газетінің редакторы, ағартушы, лингвист Ахмет Байтұрсынов арнайы өлең жазған.
«Алаш» партиясының аса көрпекті жетекшісі Міржақып Дулатов ғалым туралы мерейтойлық макалада былай жазалы: «Жасынан ғылымға құмар, барлық ғұмырын туған Отанының табиғат һәм түрмысын үйренуге күмеаған, ғылым жолында есепсіз қызмет еткен. Г. Н. Потанин Сібірдің санаулы ұлының бірі һәм біріншісі. Атакты жиһангер, кен ойлы ғалым, кеменгер, әлеумет косемі
Потанин Г. Н-нің сексенге толған күнін бүгін бүкіл Сібір мейрам етіп отыр, Сібірде неше түрлі халық болса, Потанин Г. Н бірдей қадірлі, бәрінің бірдей қамқоры, оның пайдалы қызметі бәріне де ортақ».
3 - Сурет. Потанин Г. Н атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Потанин Г. Н өмірінің соңғы жылдарын Томск каласында өткізеді. Ғалым Азияның географиясы мен этнографиясы мәселелерімен көп айналысқан. Қартайғанда жанарынан айырылып, өзі жаза алмай қалған сон, ғалымның ойларын көмекшісі қағаз бетіне түсіріп отырған. Сөйтіп, ұлы ғалым, биік рухты тұлға 85 жасында жарық дүниемен қоштасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz