Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы:Ілияс Есенберлин - тарихи жадыны жаңғыртқан дәуір суреткері

Дайындаған оқушы:
Ғылыми жетекші:

2021-2022 оқу жылы

МАЗМҰНЫ
І.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы
2.2 Ілияс Есенберлин ұлт шамшырағы
III.Зерттеу бөлімі
3.1 Ілияс Есенберлиннің еңбектері ұрпағына мәңгі естелік
3.2 Тарихты түгендеген тарлан жазушы
IV. Қортынды
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

МЕКТЕПТІҢ АТАУЫ жалпы орта білім беретін ОҚУШЫНЫҢ АТЫ-ЖӨНІ класс оқушысы
Ілияс Есенберлин тарихи жадыны жаңғыртқан жазушы
тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына
ПІКІР

Ғылыми жұмысының тақырыбы Ілияс Есенберлин тарихи жадыны жаңғыртқан жазушы. Жұмыстың мақсаты нақты нақты тұжырымдалған және негізделген.
Жұмыс сауатты ғылыми тілде жазылған. Жұмысты ресімдеу жалпы қойылған талаптарға сәйкес келеді.
Кіріспе өте мазмұнды және көлемді көрінеді. Өз жұмысында оқушым Ілияс Есенберлин шығармашылығын зерттеді. Зерттеу нәтижелерін талдап, негізгі тұжырымдарды қысқаша тұжырымдады. Әдебиеттер тізіміне талаптарға сәйкес жасалған әртүрлі көздер кіреді. Жалпы, жұмыс өте жақсы бағалауға лайық. Зерттеу жұмысы сауатты жазылған, алынған мәліметтер тақырыпқа сәйкес, талапқа сәйкес келеді. Бұл зерттеу жұмысының теориялық практикалық маңызы жоғары. Оқушымның алғашқы өз бетімен дайындаған жұмысы болғандықтан, болашақта толықтырады деген үміттемңн. Жұмысты ғылыми конференцияға қатысуға ұсынуға болады.

Ғылыми жетекшісі:

Аннотация

Қазіргі уақытта адамгершілік қасиеттің таразыға түскен тұсында берер мағынасы мол екенін айта түсемін. Менің пайымдауымша жастарға үлгі болатын еңбектерін мейілінше мектеп оқулығына енгізе түссе нұр үстіне нұр болар деп едім. Осы жобаны жазар кезде көптеген ойыма түйген түйіндерім көп болды. Адамның адамгершілігі адамдығында екенін ұға түстім.Адамгершілікті бойымызға дарыта түссек нұр үстіне нұр болар еді. Адамынан заманы озған тұста біз адами құндылықты жоғалтып алғандаймыз.

Аннотация

Я хотел бы сказать, что сегодня имеет большой смысл уступить равновесие морали. Думаю, было бы здорово, если бы молодые люди могли как можно больше включать свои образцовые работы в школьные учебники ... Когда я писал этот проект, у меня было много идей. Я понял, что человеческая мораль в человечности. Это был бы свет, если бы мы внушили нам человеческий дух. Как будто со временем мы утратили человеческое достоинство.
Annotation

I would like to say that today it makes a lot of sense to yield to the balance of morality. I think it would be great if young people could include their exemplary works in school textbooks as much as possible ... When I was writing this project, I had a lot of ideas. I realized that human morality is in humanity. It would be light if we instilled in us the human spirit. As if over time we lost our human dignity.

Тақырыптың өзектілігі:

Ілияс Есенберлин қаламынан туып, қазақ көркем сөзінің қуатын жалпақ әлемге танытқан мерейлі шығармаларының сыр-сипатын бүкіл қазақ біледі. Әр сөзі әрлі кемеңгер жазушының зергерлігі айта қалғандай құбылыс болатын.
Мақсаты:
Әдебиетіміздің әлем таныған дара тұлғасы, қазақ руханиятының біртуар қайраткері Ілияс Есенберлиннің соңында қалған соқталы шығармалары - ұлт руханиятының баға жетпес қазынасы, түгесілмес құндылығы.
Міндеті:
* Ілияс Есенберлин қоғам өміріндегі азаматтық тұлғасын таныту;
* Жазушының шығармалары бүгінгі ұрпақты патриоттық сезімге, рухани адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы екенін айқындау;
* Ілияс Есенберлин еңбектерін жинақтап оқушылармен тәрбиелік шығармаларын жан-жақты талдау.
Зерттеудің маңызы:
* Ілияс Есенберлин еңбектері болашақ жастар үшін рухани азық;
* Жазушының еңбектері болашақта жастарға үлгі болып қалатындығы.
Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде :
Ілияс Есенберлин шығармалар жинағы, газет-журнал материалдары, "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы басшылыққа алынды.
Зерттеудің жаңалығы:
Ілияс Есенберлин мұрасы бүгінгідей рухани құндылықтың азайған шағында, қоғамның келеңсіз жайттарына тұсау салуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Жазушы мұрасы бүгінгі ұрпақ жүрегіне шынайы сезімнің ұшқынын жағуға болатынына көз жеткізу.
Зерттеудің нәтижесі:
Қазақ әдебиетінде аты алтын әріптермен жазылып кеткен біртуар дарын иесі - ілияс Есенберлиннің халқымыз үшін орны бөлек. Еліміздің әдеби байлығы мен мемлекет ісінде өшпес із қалдырған Ілияс Есенберлинді халық ерекше ілтипатпен бағалайды. Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.

І.Кіріспе

Қазақ әдебиетінің көркем қазынасын байытуға қомақты үлес қосқан жазушы әр түрлі жанрларға құлаш ұрды. Қыруар өлең, он дастан, екі повесть, он жеті роман жазды. Драматургия, кино, аударма саласында да еңбек етті. Елінің күнделікті өмірімен тыныстаған шығармалармен қатар, ұлт өмірінің ғасырларға кететін кең ауқымды, қарымды панорамасын жасаған құнарлы туындылар берді. Жазушы туындылары жұртшылық жүрегіне жол тапты. Көптеген шет тілдеріне аударылды. Ата-бабамыз қалай өмір сүрді? Қандай жолдан өтті? Тарихи тағдырлары неге сүйіндірді, неден жирендірді? Қазақ жазушыларының арасында үлкен оқырманның бұл шақыруына үн қосқан алғашқы қаламгерлердің бірі - Ілияс Есенберлин. Біз оны жаңа сапа белесінен көрдік те таныдық, -- деп жазды сыншы Мұхаметжан Қаратаев. - Біз оны қажырлы еңбегі үшін сыйлаймыз.
Жазушы туындылары жұртшылық жүрегіне жол тапты. Көптеген шет тілдеріне аударылды. Туындыгердің шабытты еңбегі, шалқар шығармашылығы жоғары бағаланды. Ілияс Есенберлин Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен, көптегеп медальднрмен марапатталып, халқының құрметіне, зор абырой, даңққа бөленді.
Біздің елімізде ғана емес, одан сыртқы жерлерде де даңқы жайылған "Көшпенділер", "Алтын Орда" трилогияларының авторы - Ілияс Есенберлин - қазақ тарихи романшылығына үлкен үлес қосқан қажырлы калам иесі. Халқымыздың сан ғасырлық өмір сапарында орын тепкен ұланғайыр оқиғалар мен алуан түрлі қаһарман тағдырын көркем шежіреленген бұл шығармалар әдебиетіміздің асыл мүлкі болып табылады. Көркемдік дамуымызға, ұлттық ойымыздың оянуына орасан зор серпін берген "Көшпенділердің" оқиғалық тосын оралымдары, суреттелген тарихи факторларының күрделілігі, жанрлық жаңалығы, тыңнан табылған тұлғалар молдығы салалық - олар жазушының өзге туындыларын бірауыз тасада қалдырылғандай да сезілді.

II.Негізгі бөлім
2.1 Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы

Әдебиетіміздің кейінгі ширек ғасырында кең өріс алған тенденциялар І.Есенберлин романдарынан толық аңғарылады. Мәселен, автордың "Алыстағы арпалыс", "Маңғыстау майданы" романдары осы айтқанымызды дәлелдейді.
І.Есенберлин шығармасын қандай проблемаға құрса да, нағыз заманалық рухани, мәдени қажеттерді бірінші кезекте қояды. Оның ұнамды қаһармандары, мейлі, қазақ жеріндегі көне цивилизация калдығын іздейтін археолог болсын немесе алдыңғы қатарлы кенші болсын, бәрі бір барысы, жан әлемі, іс-әрекеті заман сазына үндес. Сондықтан да, олардың тағдыры, жеңісі мен өкініші, үміті мен арманы оқушы көңіліне жақын. өмірдің жанды мәселелсін, күрделі жиынтығын қаны-сөлі көрініп бұл шығармалардың шыншылдық, әсерлік қуатын арттырады.
Дегенмен, жазушының өнімді байсалды прозасының ерекше бағалы өрнегі неде десек, оның қаламынан туған қызғылықты, соны қаһармандары екенін айтқан болар едік. Қазіргі дәуірдегі қазақ көркем қара сөзінде бұрын көрінбеген алдан түрлі адам типтері мол кездеседі. Әдеби шығармаларының тақырыптық аумағы артқандығы, тартыстардың сыры мен сипаты мейлінше жан-жақты бола бастауы бір-бірінен дараланып тұратын кейіпкерлер қатарынан да айрықша аңғарылады. Ал жаңаша ойлайтын қаһарман қашанда шығарманың идеялық-көркемдік құрылысына бейнелеу жүйесіне тиісті өзгеріс еңгізіп отыратыны анық. Қазіргі қазақ әдебиеттегі осындай сан-сала ізденістер, ілгерлеулер процесінің заңдылықтары мен шарттылықтары І.Есенберлин шығармаларына тән деп білеміз.
Қаламгердің "Айқас" романы - көптеген мәселелрдің де, көркем бейнелермен де оқушыға ой салалық, соны бітімді шығарма. Мұнда сырттай қарағанда өндіріс, ғылым проблемасына байланысты қайшылықтар, тартыстар сөз болатын өкілді. Бірақ шығармада аңғарылатын ойлар мен армандар анағұрлым терең де түбегейлі жан-жақты ұғыну, байланыстар заңдылықтардың таба білу жазушыны жаңа көркемдік жүрістер тың мінездер ашуға аспаған.
Осы роман қызғылықты характер қосқанын алдымен атап өтуіміз керек. Жаңа характер дегенде біз, әйтеуір, аты-жөні, мамандығ,ы, істер баяндалатын кейіпкерлер қатарын ғана айтпаймыз. Кітап жүзіне өлі схема күйінде түсіп, тек авторлық аңсар болып қалатын бейнелер қаншама. Олар ешкімді қызықтырмайды, көңілге ұяламайды. "Айқастың" жанды иедяларға, күрделі ақиқатқа құрылғандығы, оқушыға берелік нәрінің барлығы сүйсіндіреді.
Романның оқиғалық өрісі өндіріс ертасында өтеді. Бірақ мұнда ешбір жерде өндіріс процесі көрсетілмейді. Бұған ақарап еңбек ортасы, жұмысшы тағдыры қалып қалған жеуге болмайды. Жазушы техникалық зиялылар өмірінің бір саласын екшеп алып-ақ олардың арасындағы шытырман күрпес сырын аша білген. Демек, шығарманың құндылығы сүреткерлік ойдың биіктігімен, таңдап алған мінез бен тартыстың өміршеңдігімен, байланыстар шындылығымен өлшенді екен. Суреткердің көркем концепциясы, өмірді өзінше тануы.
Қазіргі шығармаларда қоғамдық қайшылықтар мен тартыстардың жаңа беткейлері, бұрын бейнеленбеген адам типтегі елеулі орын алып келеді. Бұл - әдебиеттің биікке өрлеуіне, әлеуметтік зерттеушіліктің арта түсуіне, эстетикалық нормалар мен принциптердің ердің көкжиегі кеңге бастағанына байланысты құбылыс. Осындай шығармашылық кеңшілік жазушыларымызға бұған дейін қаламға ілінбеген өмір өлкелеріне баруға мүмкіндік беріп отыр.
Есенберлиннің алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Ол көркем әдебиетінің көп жанрында жазды. Әдеби творчествасын поэзиядан бастады 1945 жылы "Айша", "Сұлан" поэмаларын жазды. "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағын шығарды. Жалынды революционер, большевик Ә.Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасын", "Біржан сал трагедиясы" дастанын жазды. "Өзен жағасында", "Толқиды Есіл" повесттеді, "Айқас", "Қатерлі өткел", "Ғашықтар", "Қаһар", "Алмас қылыш", "Алтын құс", "Жанталас" туралы "Көлеңкең мен қорғай жүр" романдары қазақ совет әдебиетіне қосылған елеуіл үлес болды. Совет өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенцисының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығында қарсы күрестін баяндайтын "Айқас" сыйлығы берілді. Ал тарихи тақырыпқа жазылған "Алмас қылыш", "Жанталас", "Қаһар" трилогиясы қазақ халқының басылған өткен ауыр кезеңдері социалистік реализм рұғысынан суреттеген шығарма ретінде танылды. Есенберліннің орыс тілінде шыққан "Песня о человеке" романы 1958 жылы Қытай тіліне аударылды. "Таудағы тартыс" пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театырында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған "Құйма" киносценарии бойынша жазылған фильм бүкіл совет және венг, поляк, болғар экрандарында шықты.

2.2 Ілияс Есенберлин ұлт шамшырағы

Әдебиет - өзінің сан қырлылығымен де әдебиет. Егер жазушы қаламынан туған барлық шығармалар бірін бірі қайталап, бір-бірінен айнымайтын күн туса, онда әдебиетте өмір сүруін тоқтатар еді. Өйткені, ондай біркелкі дүниенің кімге керегі бар?
Қаламгер дей тұрсақ та, олардың арасында бейне бір алға жүзген алып кеше секілді, халықтың тарихы мен әдебиеттің кезеңдік келелі мақсат - мүдделерін шешуге негіз бола білген жазушылар бар. Оларды өзгелерден ерекшелейтін қасиет не дегенге келсек - мінездер болмасты тиянақты түрде зерттелі білу, кезең мен дәуірге терең талдау жасау зерттелігі.
Әдетте, мұндай жазушының шығармасы жеке бір кейіпкердің тағдыры, оның отбасы мен ортасы арқылы тұтас бір дәуірдің қырсырын, өткелі мен өтемді тұтастарын оқырман алдына өткізеді. Мәселе бұл шығарманың тарихи, не бүгінгі жай-күйді қозғауында емес. Өйткені тарих дегеніміз қашанда уақытпен өзара қатысын үзген емес.
Ал енді жазған дүниесі барлаушы кеме істетті жүйрік, тез шабуылды, тез жеңіске жетуді көздейтін жазушы ағайындар тағы бар. Қаламгерлердің бұл сонына өз басым Ілияс Есенберлинді қосар едім. Бәлікм көтерген тақырыбы, алға қойған проблемасы, жанрларының ерекшелігі жағынан ептен алшақтығы болар, әйтсе де мен оны орыс әдебиетшілері арасынан әсіресе Ілияс Эренбургқа ұқсастар едім.
Орнығып қалған белгілі бір ой-пікірді, тұтасып тұрған идеологияның қатпар-қабат мұзын әрекет керек. Мен "Көшпенділерді" де, оның ішіндегі "Хаг Кенені" де осындай қозғаушы тың бір күштің қатарына жатқызар едім.
Қазақ деген халықтың өз тағдыры бар да, тарихы жоқ деген сыңаржақ тұжырым осы, кешегі дейін ресми түрде айтылып келді емес пе? Ал, аталған шығармада импенрияның идеологиялық схемасына карсы тарихи деректілермен ел аузындағы шындыққа белгісіз аңыз, шежірелер негізінде Қазақ мемлекетінің тарихи тұлғасын өз болмыс - табиғатымен бой көрсетеді. Өкінішке орай бұл шындық, бұл ақиқат Қазан төңкерісінің ол жақ - бұл жағымен ғана есептеліп келгені бізге белгілі.
Есенберлин - кеңес ақыны, жазушысы. Заманын жырлағанда шын ниетімен жырлады. Оның социалистік реализм әдісін саналы басшылыққа алған шығармаларын прозадан басқа жанрлардан да ұшыратамыз. Алматыдағы Балалар мен жас өспірімдер театрында Таудағы тартыс (1962) пьесасы қойылды. Ол сценарийін жазған (М.Ерзинкянмен бірге) Құйма көркем фильмі (1961) кезінде республикамыздан тысқары жерлерде де көрсетілді. К.Д.Ушинскийдің Әңгімелері мен ертегілерін (1945), М.Жулявскийдің Қызыл дария (1956) романын қазақ тіліне аударды. Революционер Тоқаш Бокиннің өмірінен Бір түнде (1966) атты драмалық дастан тудырды.
Аткөпір шығармаларының бірсыпырасына социалистік реализмнің нормативі салқынын тигізбей қоймағаны жоғарыда айтылды. Асығысгык, іздері де байқалды. Кей романдарында хандардың қабағының жиі кірбің тартуы, болатын оқиғаны түсінде көре беруі, сарай төңкерістерінің шамадан тыс суреттелуі секілді қайталаулар да ұшырасады.
Алайда аталған ағаттық, олқылықтар жазушы шығармаларының көркемдік құнын түсіре алмайды. Стилі мен тілін көркем публицистика қайрағына жанып, отты сөз тудыратын Есенберлин поэтикасы - өз алдына жеке зерттелуге тиісті үлкен тақырып. Қала мэрінің дарғуа аталуы, қалталы Иман мен кәрі Михаилдың заманы деген сияқты мәтел боп кеткен көне сөздер мен тіркестердің түсіндірілуі, т.т. мәдени мұраны игеруге құштар бүгінгі қоғамымыз ушін пайдасы мол дүние.
Ілияс Есенберлиннің тынымсыз шығармагерлік еңбегі ерлікке пара-пар. Кешегі тоталитаризмнің қыспағына тетеп беріп, ұлт тақырыбын өрістеткен бұл жазушының арман еткен тәуелсіздік таңы атты. Тамаша туындыларының актуальділігін жоймағаны, бүгінгі заманымызбен үндес келетіні осы себепті.
Есенберлиннің Алтын оттар оянды (Аманат) романының кейіпкері Дәниелдің тақпақ ететін және Есенберлиннің Намыс атты соғыс дастанына эпиграф ретінде алынған ақын өлеңінде қайталанатын мынадай жолдар бар.
Өлім не? Тыныштық ол тас қамалды.
Кәріден бұрын кейде жасты алады...
Тек қана қаһарманға қара жерден
Ұлы өмір мәңгі өлмес басталады.
Сол қаһарманның бірегейі - халқына қаруымен де, қаламымен де ерен қызмет еткен, қазағы арасынан басқаға жақсылық ойлайтын жақсы адам көбірек өсуін көксеген Ілияс Есенберлиннің мәңгі өшпес екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
Ілияс Есенберлиннің романдарын оқытудың әдістері
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
Ілияс Есенберлин өмірбаяны
Көркем шығармадағы психологизм. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер
Көшпенділер трилогиясы хронолгиялық жүйеге құрылған тарихи шығарма
Алаш зиялылары
Пәндер