Тамақ өнеркәсіптерінің орналасқан жері, басты өнімдері және кәсіпорындары



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Тамақ өнеркәсібінің экономикалық көрсеткіштері және мақсаты
2. Тамақ өнеркәсіптерінің орналасқан жері, басты өнімдері және кәсіпорындары
3. Әлемдік масштабта саланың бәсекеге қабілеттілігі
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеу (бағдарламалар, заңдар, актілер)
5. Тамақ өнеркәсібіндегі сыртқы экономикалық әрекет (импорт, экспорт)
ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Тамақ өнеркәсібінің экономикалық көрсеткіштері және мақсаты
2. Тамақ өнеркәсіптерінің орналасқан жері, басты өнімдері және
кәсіпорындары
3. Әлемдік масштабта саланың бәсекеге қабілеттілігі
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеу (бағдарламалар, заңдар, актілер)
5. Тамақ өнеркәсібіндегі сыртқы экономикалық әрекет (импорт,
экспорт)
ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Бұл өнеркәсіптегі ең жалпы халықтық және тек қалада ғана
орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық
жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен,
көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен
байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен
қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл
шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.
Көптеген тамак өнеркәсіптері көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар
пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық
шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат
болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер
ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет
ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны
үлкен.
Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант
өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде
тәтті өнімді дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.
Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып
орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен
мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. 
Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды
шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.
Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкеніс, жеміс
өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде,
әсіресе, Алматы облысында орналасқан.
Шикізат кезіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнер- кәсібі ауыл
шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі
көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.
Саланың басты кәсіпорны - Атыраубалык АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын
ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.
Түтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын
салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный,
басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы
қиын болып келеді.
Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон
өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу бейнесі осыған ұксайды. Ең ірі
кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон енімдері
- Петропавл қаласында орналасқан.
Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да
бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен
айналысады.
Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ,
кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары,
мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп
сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең сүтті аудандары -
Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі. Ет
өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау
(шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді
пайдаланатын орталықтарға бекітілсе, ал ет консервілерін (бұқтырылған ет)
өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер
бір кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда
қазіргі таңдағы сүт өнімдерінің – 40%-ы, ет өнімдерінің 29%-ы және көкөніс
өнімдерінің 43%-ы шетелдерден жеткізіледі екен. Яғни еліміздің отандық
тамақ өнеркәсібі төмен деңгейімен сипатталады. Сондықтан Елбасымыздың
алдағы он жылда экономикамызды әртараптандыру бойынша Үкімет алдына қойған
міндеттерінің бірі осы саланы да қамтиды. Мысалы, тамақ өнеркәсібі бойынша
осыған дейін жүзеге асырылған инновациялық жобалардың арқасында аталған
нарықтағы өсім былтыр төрт пайызды құраған. Ал биыл іске кіріскен
Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы шеңберіндегі қаржыландыру
бойынша бұл көлемнің тағы арта түсері хақ. 
Мысалы, Қазақстан жылына 200 мың тоннаға жуық құс етін сырттан
алдыртады. Үстіміздегі жылы елімізге 109 мың тонна құс еті импортталса,
оның 92 па¬йы¬зын буштың сирағы құрайды екен. Осыған байланысты құс еті
импортын жою бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына мақсат қойып,
бүгіндері нақты іс-шаралар қабылдауға да көшкен. Оған таяуда ашылу
салтанатына Елбасымыз арнайы барған Шымкенттегі Ордабасы құсы ЖШС жайы
айғақ бола алады. Күрке тауықты өсіріп қана қоймай, одан дайын өнім
шығарумен айналысатын кластерлік жүйедегі бұл өнеркәсіп бүгіндері 1500-ге
жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Аталған өндірісті аяғынан тік тұрғызып,
оны іске қосуға 3 миллиард 294 мың теңге қажет болған. Мұндағы 715 миллион
теңге Ордабасы құсы ЖШС-ның өз қаражаты болса, ал қалғаны –
Қазагроқаржы АҚ-тың арзан несиесі. Биыл бұл кәсіпорын нарыққа 3 мың тонна
күрке тауық етін, әрі осы шикізаттан 30 түрлі тамақ өнімін ұсынатындығын
айтады. Бұл арадағы басты мақсат – құс етінің импортына тосқауыл қойып,
нарық сұранысын отандық өніммен өтеу.
Сондай-ақ жыл басында Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы
Е.Аман алдағы бес жылдың ішінде тауық етіне қатысты импортқа деген
тәуелділіктен түбегейлі құтылатындығымызды жеткізген. Бізде құс
шаруашылығы қарқынды дамып келе жатыр. Биыл құс етін өндіру көлемі 20-25
мың тоннаға артты. Қазір құс өсіретін бес зауыт салынып жатыр. Алдағы бес
жылда тағы алты құс фабрикасын салу жоспарда бар. Осы жағынан алғанда,
алдағы бес жылдың көлемінде ішкі нарықтағы құс еті сұранысының 75-80
пайызын өзіміз қамтамасыз ететін жағдайға жетуіміз керек, – дейді ол.
Биыл Даму қорының Даму-Қолдау бағдарламасы бойынша шағын және орта
кәсіпкерлікке 3 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба қаржыландырылған екен.
Оның ішінде тамақ түрлері де бар. Нақтырақ айтқанда, Даму қорынан
Өскемендегі Raimbek-Vostok-Agro ЖШС-ға бұрынғы қалалық сүт комбинаты кешені
аясында ұзақ мерзімге сақталатын зарарсыздандырылған сүт шығару бойынша
жаңа өндірісті құру үшін 750 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл арада
аталған кәсіпорынның сүт өндірісі бойынша еліміздегі көш бастаушы
компанияға айналып отырғанын айта кетелік. 
Астық, ұн өндірісі бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы
мемлекет болып саналады. Бірақ соған қарамастан, бізде ұннан өндірілетін
тағамдар ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы
министрлігінің мәліметінше, 2009 жылы елімізде 127 228 тонна макарон
өнімдері өндірілген, бұл 2008 жылмен (128 858 тонна) салыстырғанда 1,3%-ға
кем. Ал макаронның ішкі тұтыну көлемі қарқынды өсу үстінде. Бұл ретте соңғы
жылдары макарон өнімдерін ішкі тұтынудың өсімі өндіріс көлемінің өсімінен
артық. Осыған байланысты соңғы жылдары өндірістегі экспорттың үлесі
төмендеп, 2009 жылы 7%-ды құрады. Осы кезеңдегі макарон өнімдерінің импорты
(20 422 тонна) 2,5 есеге артқан. Даму-Қолдау бағдарламасы бойынша
қаржылық қолдауға ие болғандардың ішінде ұн және ұннан дайындалатын өнімдер
шығарумен айналысатын Мулен ЖШС, макарон өнімдерін шығаратын Злак плюс
М ЖШС, ұн және ұннан дайындалатын өнімдер өндіретін Тағам-Регион ЖШС
және дәнді-дақылдарды өңдеумен айналысатын Компания Аманат ЛТД ЖШС
секілді компаниялар бар. Мысалы, Злак Плюс М ЖШС берген мәлімет бойынша,
2009 жылы кәсіпорынның өнім көлемі 133 тоннаны құрапты.133-ке 30% пайызды
қосқанда 172,9 деген санға қол жеткіземіз. Демек, 39,9 тоннаға артады. Олар
енді экспорт бойынша жоспар құрып жатыр екен. Алғашқы экспорт Қырғызстанға
бағытталмақшы. 
Сондай-ақ отандық өнімдерге басымдық беру мақсатында Жол картасы
бағдарламасы бойынша әлеуметтік сауда желілері де іске қосылып жатыр.
Алайда бүгінгі тамақ өнеркәсібінің бір мәселесінің ұшы осы сауда желілеріне
келіп тіреліп отырғаны анықталып отыр.
Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары өте көп мөлшерде ауылшаруашылығының,
озен мен теңіз промыслдерінің өнімдерін өңдейді.
Қазақстан тамақ өнеркәсібі 1000 жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын
көптеген салаларға бөлінеді. Ең дамыған сала ет өнеркәсібі, республикада
бүкіл тағам өнімдерінің 32% еттен жасалады. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін
шығаратын зауыттың бірі 30-шы жылдары салынған Семей ет консерві
зауыты.барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін
шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Қант, шарап, арақ, сусын, өсімдік майын
жасайтын орталықтарда орналасқан. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қатты,
сұйық және газды түрде заттарды қоршаған ортаға тастауына байланысты
ластаушы көздің бірі болып саналады. Атмосфераға зиянды заттар шығаратын
көздерге технологиялық пештер, буып- түйетін аппараттар, сепараторлар,
нейтрализаторлар, қабық тазалағыштар, темекі кесетін машиналар, ет өңдейтін
өндірістер, еритін кофе мен цикорий дайындайтын зауыттар, сүйек ұны мен
желім дайындайтын кәсіпорындар, дән жарғыш машиналар мен астық тазалайтын
орындар жатады.өнеркәсіп миллиондаған текше метр суды қолданып, оның 70-80%
көлемін ластанған түрде қоршаған ортаға қайта жіберіп отырады. Бұлардың
құрамындағы зиянды заттардың мөлшері бірнеше мындаған тонна деңгейінде.
Ақаба сулардың құрамында көбіне кездесетін заттар ас тұзы, жууға,
дезинфекциялауға қолданылған қосылыстар, нитриттер, фосфаттар, сілтілер,
шикізат пен жем қалдықтары, т.б. косерві шығаратын заыттардан шикізет
ретінде пайдаланылған жеміс- жидектің, көкөністердің, т.б. өсімдіктердің 20-
25% қалдыққа айналып, табиғи ортаға тасталынады. Сонымен қатар, ақ
қаңылтырды ластағанда қолданылған лак ерітінділері мен органикалық
ерігіштер ауаға ұшып оны ластап отырады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Тамақ өнеркәсібінің экономикалық көрсеткіштері және мақсаты

Отандық тамақ өнеркәсібінің дамуы мемлекеттің барлық экономикалық
жүйелерінің қызығушылықтарын қарастыратындықтан елдің азық– түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты фактор болып табылады. Республиканық
азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өнімдік салаларды дамыту және
оны экономиканың жоғары тиімді жіне жоғары табысты секторға айналдыру
жолымен қол жеткізеді.
Өнімдік салалардың тұрақты қызмет етуі тек азық-түліктік қауіпсіздікті
ғана емес, сондай-ақ басқа да қызметтерді атқарады: су және жер ресурстарын
сақтау, қоршаған ортаны қорғау, ауылдық аудандарды дамыту, ландшавтарды
және дәстүрлі мәдениеттерді сақтау. Ауыл шаруашылығында жұмысбастылар үлесі
жоғары елдер үшін әлеуметтік- экономикалық жағынан бұл саланың жағдайы
маңызды болып табылады.
Тағам өнеркәсібі экономиканың маңызды саласы бола отырып барлық халық
үшін тағам өнімдерін өндіреді. Аймақтық тағам өнеркәсіптері не болмаса
шикізат қайнар көздеріне, немесе соңғы өнімді тұтынушылар үшін тартады.
Тамақ өнеркәсібі өмірді қамтамасыз етудің бірінші деңгейіндегі сфералардың
бірі. Мұнымен инфляция шарттарында басқа салаларға қарағанда тамақ
өнеркәсібіндегі неғұрлым алға ұмтылатын өнім бағасының өсімі түсіндіріледі.
Олардың көтерілу темпі бойынша тамақ өнеркәсібі табиғи монополия салаларына
ұқсас.
Қоғамдағы тұрақтылық халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету
деңгейіне байланысты болғандықтан тамақ өнеркәсібінің дамуына үнемі ерекше
көңіл аударылды.
Қазіргі таңда агроөндірістік секторлардың дамуында позитивті
тенденциялар қалыптасты:
1. Агроөндірістік секторлардағы салалардың дамуы. Бүгінгі таңда
Қазақстанда тамақ салалары сүт, ет, нан пісіру және макарон, сыра
қайнату және ликеросулық өнеркәсіптерден тұрады, оның үлесіне
елдегі тауар айналымының жартысынан астам бөлігі келеді.
2. Тамақтық қайта өңдеу өнеркәсіптерінің әр түрлі субьектілерінің
дамуы. Өнімді қайта өңдеу салаларындағы негізгі суббьектілер
ұлттық, сондай- ақ шетелдік тауар өндірушілер немесе біріккен
кәсіпорындар болып табылады. Шаруашылық қызметінің неғұрлым
тұрақтылығында, көптеген кәсіпорындардың меншіктің жаңа формаларына
көшуінде, басқару жүйелерінің өзгеруінде, қызмет етудің нарықтық
қағидаларына енгізуде тенденциялар пайда болды.
3. Халықты азық- түлік өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейінің өсуі.
Республика халқының азық- түлік өнімдерімен қамтамасыз етілгендік
талдауы тұтынудың стандарттарына сәйкес негізінен алғанда
республика азық- түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен өзін-өзі
қамтамасыз етілгендігін көрсетеді:
▪ Бидай, күріш, картоп, жемістер, көкөністер, ет, сүт, жұмыртқа
бойынша қамтамасыз етілгендік бастапқы мәндерінен жоғары;
▪ Алма, қант, құс еті, балық, май және күнбағыс бойынша нақты
өндіріс тұтынудың стандартты нормаларынан төмен.
4. Тамақ өнеркәсібіндегі өнім өндіру көлемінің артуы. Тамақ
өнеркәсібінің қазіргі заманға сай жағдайы жыл сайынғы өндіріс
көлемінің өсу темпімен сипатталатын жеткілікті дамыған нарық
сегменттерін көрсетеді.
Тамақты қайта өңдеу өндірісінің құрылымында 2002 жылы өндірістің ең
үлкен көлемдерімен келесідей азық- түлік түрлері көрсетілді: ұн- 2107 мың
тонна, қант– 390,5 мың теңге, сүт– 122,5 мың теңге. Тамақ өнеркәсібі
өнімінің қалған түрлері өндірістің жалпы көлемінде аздаған үлесін алады.
(1- кесте).

Тамақ өнеркәсібіндегі өндіретін маңызды өнімдердің түрлері


1998 1999 2000 2001 2002
Қант- песок
230.0 228.5 279.7 346.5 390.5
Ет және КРС тамақ өнімдері, 104.0 99.1 77.2 74.3 67.3
шошқа, құс, ешкі, ат еттері
Колбаса өнімдері 11.9 9.7 12.0 12.4 16.4
Балық аулау және басқа теңіз 23.9 22.1 26.6 23.8 25.7
өнімдерін өндіру
Сары май
4.4 3.6 4.4 6.1 9.0
Сыр (майлы сыр және брынза)
3.8 3.8 4.6 4.4 5.0
Майдан өндіріп алған сүт 9
өнімдері 111.0 90.0 109.6 108.5 122.5
Йогурт және сливки 29.8 35.5 43.1 47.9 53.9
33.4 44.1 55.2 78.8 83.5
Сұйық май
Маргарин өнімдері 2.9 6.1 10.4 17.3 18.4
Кондитер өнімдері 26.0 24.8 28.3 32.8 39.9
Ұн 1546.1 1261.9 1740.8 1776.1 2107.1
Крупа 78.7 34.5 23.8 22.3 26.1
Макарон өнімдері 63.3 32.5 37.8 46.9 62.0

Көздері: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі

5. Халықтың тамақтану құрылымының жақсаруы. Қазіргі уақытта
халықтың тамақтану құрылымы жақсарды: нан және нан өнімдерін
тұтынудың төмендеуі кезінде балық, ет, сүт және кондитерлік
өнімдерді тұтыну артты. Он жыл ішінде барлық халықты есептегенде
тұтынудың орта деңгейіне талдау тұтынудың төмендеу тенденциясы
туралы, содан кейін көлемнің біртіндеп артқандығын көрсетеді.
Сонымен 1990 жылы етті тұтыну 2000 жылға қарағанда 29 кг артық
болған, сүт -76 кг – ға, жұмыртқа -123 данаға. 2002 жылы өндірістік
тауарларды тұтыну 1990 жылы деңгейден көп мөлшерде артта қалады, картоп
жемістерді есепке алмағанда және ғылыми негізделген тұтыну нормаларына
сәйкес келмейді. 1998 жылы нақты өнімдерін тұтыну, нан және сүт өнімдерін
есептемегенде, бюджеттің ең төменгі тұтыну нормасына да жетпеді. 1997-1998
жылдар аралығында азық- түлік өнімдерін тұтынудың кенет қысқаруының негізгі
себебі бағаның өсуі және халықтың нақты табыстарының қысқаруы нәтижесінде
халықтың төлем қабілеттілігі сұранысының төмендеуі болып табылады.
Көптеген оң тенденциялармен бірге қазіргі заманға сай кезеіде тамақ
өнеркәсібінде республикада оның дамуына кедергі келтіретін келесідей
мәселелер құрылды:
1. Өнімнің европалық стандарттарына және өндірістің шығындарын
төмендетуге сәйкес сапалы өндіруге мүмкіндік бермейтін моральды
және физикалық ескірген технологиялық құрал- жабдықтардың болуы;
2. Өндірісті несиелеу кезіндегі жоғары банктық пайыдық қойылымдар;
3. Өндірілген өнімдер сапасының халықаралық талап стандарттарына
сәйкес келмеуі;
4. Алдын- ала даярлау жүйесінің жоқ болуы;

Республикада 2000-2005 жылдарда өнім өндіру (мың тонна)

Өнімнің атауы 2003 2004 2005
Ет және қосымша тағамдық өнімдер 149.6 209.7 288.5
Шұжықтық өнімдер 22 29 34.6
Ет және ет- өсімдік консервілер 3.0 3.4 4
Сары май 4.9 5.1 5.3
Қоюландырылған сүт 2.0 3.0 10.0
Құрғақ сүт 2.8 3.0 3.5
Сары ірімшік 5.7 6.0 6.2
Қант 394 413.7 434.4
Өсімдік майы 75 80 98
Жеміс- көкөніс консервілері 43.2 45.9 48.3

Технологиялық құрал жабдықтың қуатын арттыру және жаңғырту,
шикізат сатып алуды жетілдіру есебінен 2005 жылы өнеркәсіп өндірісі
2001жылғы деңгейімен салыстырғанда: ет пен қосымша тағам өнімдері бойынша
3.7 есе; шұжық өнімдері бойынша 2.9 есе; ет және ет – өсімдік консервілері
бойынша 2.7 есе; сары май бойынша 20%- ға; қоюландырылған сүт бойынша 10
мың тоннаға дейін; құрғақ сүт бойынша 3.5 мың тоннаға дейін; сары ірімшік
бойынша 35%- ға; қант бойынша 30%- ға; өсімдік майы бойынша 1.6 есе, жеміс-
көкөніс консервілері бойынша 20%- ға ұлғаяды.
Отандық шикізатты қайта өңдеудің үлесі 2003 жылы 35 - 40%- ға, 2004
жылы 45 - 55%- ға, 2005 жылы 80%- ға дейін өседі, қант қызылшасын, майлы
дақылдардың дәнін қайта өңдеу бойынша 30- 35%- ға, 2004 жылы 40- 45%- ға
дейін, 2005 жылы 60%- ға дейін өседі.
2005 жылғы қайта өңдеуші сала өнімдері жекелеген түрлерінің ішкі
рыноктағы үлесі былайша құралады: ет және ет – өсімдік консервілері–50% –
ға дейін, шұжық өнімдері 85%- ға дейін, сары май 55%- ға дейін,
қоюландырылған сүт 40%- ға дейін, құрғақ сүт 70%- ға дейін, жеміс- көкөніс
консервілері 25%- ға дейін, табиғи шырындар 35%- ға дейін, балаларға
арналған және диеталық тағамдар 5%- ға дейін, өсімдік майы 70%- ға дейін,
қант 85%- ға дейін.
Жұмыс орындары қалпына келтіріледі және жаңадан қосымша құрылатын
болады, бюджетке түсетін түсімдер ұлғаяды.
Қайта өңдеу шарасында көзделген шараларды іске асыру 2003 жылы 289
жұмыс орнын қалпына келтіруді және жаңадан 64 жұмыс орнын құруды, 2004
жылы тиісінше 301 және 64, ал 2005 жылы 330 жұмыс орнын қалпына келтіруді
және 90 жұмыс орнын құруды талап етеді.

2. Тамақ өнеркәсіптерінің орналасқан жері, басты өнімдері және
кәсіпорындары

Қазақстанда бұл сала толып жатқан кіші салаларға бөлініп 800 астам
тағам түрлерін өндіреді.
Қазақстанда осы салада көш басында жетекші ет өнеркәсібі, мұнда ауыл
шаруашылық шикізаттарын өңдейтін өнеркәсіп өнімдері көлемінің 32%- і
өндіріледі. Ет өндіруде Қазақстан ТМД елдерінде Украйнадан кейін үшінші
орын алады.
1930 жылдың басында бұрынғы КСРО үкіметі қуатты тағам индустриясын
дамыту бағдарламасын құрған. Осы саланың тұңғышының бірі болып ТМД
елдеріндегі ең ірі кәсіпорын – Семей ет– консерві комбинаты саналады. Ірі
ет өнеркәсібі орындары Алматы, Петропавл, Орал және басқа қалаларда да
орналасқан.
Май жасаушы және ірімшік қайнататын өнеркәсіптің негізгі аймақтары
республиканың солтүстік, солтүстік– шығыс және оңтүстік– шығыс өңірлері, ал
сүт өнекәсібі барлық қалаларда және өнеркәсіп орталықтарында орналасқан.
Қазақстанның оңтүстігінде қант, жеміс– көкөніс жіне шарап шығаратын
өнеркәсіптер орналасқан.
Республикада балық аулауда бірінші орында Каспий реңізі тұр, мұнда
қуыртпа, бекіре, май шабақ және т.б балықтар ауланады. Ірі балық өңдейтін
кәсіпорын – Атырау балық – консерві комбинаты.
Өкінішке орай, нарыққа өтпелі кезеңде өндірістің төмен құлдырауы тамақ
өнеркәсібін де шалмай кеткен жоқ. 1995 жылғы тамақ өнеркәсібі өнімінің
көлемі 1994 жылмен салыстырғанда 21%– ке қысқарды. Осы арада ет, шұжық.
Сүт, өсімдік майы, қант және т.б. өнімдерді өндіру кенет қысқарды.
Қазіргі кезде шетел инвесторлары мұнай шығаратын, ауыр индустрияға
және энергетика салаларына ерекше көңіл бөлуде. Бірақ та соңғы жылдары
біртіндеп басқа салалардың кәсіпорындарына көздері түсуде. Шетел фирмалары
және компаниялары Алматы темекі , Қарағанды тәтті тағамдар фабрикалар және
басқа кәсіпорындарды сатып алды.
Швейцар Gavex AG компаниясы халықаралық тендерде. 150 млн. теңгеге
бақылау акция пакетін иемденіп, Атырау балық өңдеуші комбинатын сатып алды.
Атырау балық өңдеу комбинаты бұрынғы жылдары қара уылдырыққа әлем
сұранысының 30% – ін қамтамасыз етсе, 1994-1996 жж. Бұл көрсеткіш 10%– ке
дейін төмендеді. Швейцар Gavex AG компаниясы 3 жылдың ішінде өнеркәсіптік
тоңазытқыш орнатуға, жаңа консерві цехын, тағы басқа құрылыстар салуға 2,7
млн. АҚШ долларын жұмсамақ.
Өндіру саласындағы басты проблема маусымдық. Жаз, күз айларында
әсіресе көкөністерді қабылдауда және оны өндіруде іске асыруда, өндіріс
күндіз және түнде демалыссыз жүреді. Қалған уақытта олар тұрып қалады,
цехтар жабылады, тек қана сату бөлімшелері қызмет істейді.
Қосымша бағыттың бар болуы кейбір компаниялардың инфрақұрылым
шығындарын төмендетуге көмектеседі. Мысалы: Жеке жүзім егістері бар Gold
Product компаниясы кең түрде шарабтың әр түрін шығарады. Акжол ЖШС– і
шығындарын төмендету үшін полуфабрикаттардан дайындалған өнімдерді сатып
алды.Қазір олар арнайы асептикалық пакеттерде сақталған, 2 жыл мерзімге
дейін пайдалануға жарамды жаңа тағамдардан пюре дайындайды. Сондай– ақ
консерві өнеркәсібі де кең түрде дамуда. Булгарконсервіөнімі компаниясы
осы жылы кукуруз бен жасыл бұршақ өнімдерін өндіруді көздеп отыр.
Жоспарланған көлемі– 1млн және 0.5 млн тоннаға сәйкес келеді. Сондай– ақ
жасыл бұршақты консервілеу АлуаАгро ЖШС– де жоспарланып отыр. Бұл
компания үлкен завод құру мүмкіндігін ойластыруда.
Ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың саны 220, олардың қуаты 10%- ға
дейін ғана, оның ішінде тиісінше: малдың барлық түрінің етімен тағамдық
қосымша өнімдер өндіру бойынша - 4.1%- ға, ет консервілері- 3.3% - ға,
шұжық өнімдері-15% -ға пайдаланылады.
Сүт өнімдерін өндіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 195,
олардың қуаты 25%- ға дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоюландырылған сүт
Сүт қышқылды өнімдердің ассортименті, пайдалылығы
Дүние жүзінің жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайын, даму қарқынын, экономикаға қосар үлесін анықтау, жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі негізгі мәселелерді қарастыру
Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптердің шығарған өнімдері
Қазақстанды экономикалық аудандастыру
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы туралы
ТМД Елдері
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қоршаған ортаны қорғау міндеттерімен мақсаттары. Атмосфера экологиясы
Пәндер