Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың қылмыстық аспектілері


КІРІСПЕ2
1 ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ6
1. 1 Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің дамуы6
1. 2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылық құрамында лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану15
2 ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ20
2. 1 Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың қылмыстық аспектілері20
2. 2 Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың себептері мен шарттары35
3 ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ КРИМИНАЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ39
3. 1 Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың криминалогиялық аспектілері39
3. 2 Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланудың алдын алу шаралары46
ҚОРЫТЫНДЫ50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ54
КІРІСПЕДипломдық жобаның өзектілігі: Қазақстан Республикасында соңғы бірнеше жылда болып жатқан жаһандық қайта құрулар, соған байланысты қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қайшылықтар мен қиындықтар әлеуметтік басқару жүйесінде елеулі өзгерістерді талап етеді. Аса маңызды салаларда басқару функцияларын жүзеге асыратын ерекше қоғамдық құрылым ретінде мемлекеттік аппараттың қазіргі жағдайы түбегейлі жаңартуды талап етеді.
Республика өмірінің қоғамдық, саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларындағы ағымдағы жағдайды талдау мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің қызметінде, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру, қаржы және банк операцияларында күрделі келеңсіз процестерді көрсетеді. Шенеуніктер өздерінің материалдық әл-ауқатын құру үшін өздерінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланады. 1996 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана қызмет бабындағы теріс қылық фактілері бойынша республикада 355 қылмыстық іс қозғалып, әртүрлі деңгейдегі 1116 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 1995 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 5%-ды құрады.
Осыған байланысты қылмыстық-құқықтық ғылымға практиканың қоятын мәселелерінің теориялық дамуы, оның бірі билікті немесе қызметтік жағдайды асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілік мәселелерін әзірлеу ерекше өзектілікке ие [1] .
Қазірігі таңда Қазақстан Республикасының басты стратегиялық мақсаттарының бірі 2026 жылдың қорытындысы бойынша «Transparency International» парақорлықты қарау индексінде 47 балға, ал 2030 жылы 55 балға қол жеткізу. Бұған байланысты парақорлыққа қарсы тұжырымдаманы бекітуі туралы Мемлекет қызметкерлерінің 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге келтіру жоспарын жарыққа шығарды. "Транспаренси Қазақстан" ммлекеттік қоры ұйымдастырған "2020 жылғы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі" әлеуметтік есептерді қорытындылай келе парақолық тарапынан мемлекеттік мекемелер мен өкілеттіктердің тізімі жылдар өте іс жүзінде өзгермейтіндігін айтып кеткен. Бұған медпунктар мен ауруханалар, полиция бөлімшелері, жер инспекцисы басқармалары, ХҚКО, мемлекеттік балабақшалар мен жоғары оқу орындары кіреді. Осы үш жыл ішінде парақорлыққа қары қылмыс құрамының айтарлықтай бөлімін жемқорлық фактілері алып отыр. Бұл негізгі есептің - 50% - дан астамын құрайды. Жалпы бөлім құрамына: қалып қалған әкімшілік қайшылықтар, екі мәнді және өкілеттік нормалар, мемлекеттік органдардың толық түрде ашықтықсыздығы, міндетті (қағаз) негізде көрсетілетін мемлекеттік жұмыстардың басым бөлігі үлкен болуы. Кері практиканың басты негізі жоспарлаудың жүйесі мен бюджет ақшсын игеру қаарындағы өзара қарым-қатынастың жеткіліксіздігі болып табылады. Бюджеттік өтінімдер көбінесе жауапты
тұлғалармен үлестес компаниялардың негізсіз жоғары баға ұсыныстары негізінде қалыптастырылады [2] .
Дипломдық жобаны зерттеудің мақсаты мен міндеті. Зерттеудің мақсаты кәсіби лауазымды адамдар мен жеке басқарудың лауазымды адамдары корпусын құру жағдайында билікті немесе лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану белгілеріне қылмыстық-құқықтық, криминалистикалық талдау жасау, осы құрамның шектен шығуының даулы мәселелерін шешу болып табылады. Басқа да теріс қылықтар құрамын және осының негізінде құқық қолдану тәжірибесінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін жауаптылық туралы қылмыстық - құқықтық норманы жетілдіру бойынша қолданбалы сипаттағы ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу.
Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында келесідей міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
- билікті немесе қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңнамаға ретроспективті талдау жүргізу;
- әлеуметтік шындықтың өзгеру жағдайларын ескере отырып, қолданыстағы қылмыстық заң бойынша билікті немесе қызметтік жағдайды теріс пайдаланудың объективті және субъективті белгілерін зерттеу;
- лауазымды тұлғаның қызметтік міндеттерін орындау талаптарын бұзатын әрекетін оның заңсыздығын, аса қажеттілігін және негізделген тәуекелді болғызбайтын мән - жайлар ретінде талдау шеңберінде қарау;
- билікті немесе қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілікті көздейтін қолданыстағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Дипломдық жобаның объектісі және пәні:қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланумен күресу саласындағы қылмыстық заңды жүзеге асыру барысында туындайтын қатынастар болып табылады.
Дипломдық жобаның пәні:билікті немесе қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы қылмыстық - құқықтық норманың әлеуметтік шарттылығы мен тиімділігі болып табылады.
Дипломдық жобаның тәжірибелік білімі : лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану: қылмыстық құқық және криминалогиялық аспектілері туралы жобаны тәжірибе жүзінде мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде пайдалана алады.
Дипломдық жобаның ғылыми өңделу дәрежесі: лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану туралы зерттеген Қазақстандық ғалымдар өте аз, соның ішінде: Ағыбаев А. Н., Рахметов С. М., Куринов Б. А., Наумов А. В.
Шет ел авторларына тоқтала кететін болсақ: Ресейдегі сот шешімдерін орындау органдарының эволюциясын зерттеуге байланысты орыс ғалымдары алғаш рет 19 ғасырдың аяғы - 20 ғасырдың басына бет бұрды. Васковский Е. В., Голмстен А. Х., Гордон В. М., Исаченко В. И., Малышев К., Нефедиев Е. А., Энгельман Е. А. еңбектерінде азаматтық сот ісін жүргізу сатысында сот шешімдерін орындау ерекшеліктерімен байланысты мәселелер қарастырған.
Дипломдық жобаның қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар:
- Билікті немесе қызмет бабын асыра пайдаланудың құрамын қылмыстық - құқықтық талдау оны қылмыстың объектісі де, субъектісі де тұрғысынан қылмыстық құқық бұзушылықтың ерекше түрі ретінде қарастыру қажет деген қорытынды жасауға болады;
- Билікті немесе қызмет бабын асыра пайдалану қылмысының тікелей екі объектісі бар:
а) мазмұны болып табылатын әлеуметтік қатынастар азаматтардың
құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін іс жүзінде іске асыру;
б) әлеуметтік қатынастар осы құрылымның белгілеріне жататын қылмыспен залал келтірілген мемлекеттің, қоғамдық аппараттың немесе мемлекеттік басқарудың жеке аппаратының белгілі бір буынының қызмет бағыттары.
- Моральдық зиянның маңыздылығын анықтау кезінде тек конституциялық құқықтардың бұзылуын ғана емес, сонымен қатар белгілі бір азаматтың «билігіне» (мінез-құлық бейнесіне) келтірілген зиянды да ескеру қажет;
- Мемлекеттік, қоғамдық, жеке қызмет салаларындағы лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін ажырату. Қылмыстық кодекске мемлекеттік емес кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда теріс қылықтар жасағаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін көздейтін дербес бапты мынадай редакцияда енгізудің қажеті жоқ. Әкімшілік өкілеттіктерді теріс пайдалану;
- Мемлекеттік органдардағы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін адамдардың жауаптылығы Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар» тарауында қарауы қажет;
- Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміне мынадай редакцияда жеке баппен көзделген іс-әрекеттің қылмыстылығын негізді тәуекел ретінде жоққа шығаратын мән-жай енгізілуі қажет.
Лауазымдық өкілеттікті теріс пайдаланғаны үшін келесідей жауаптылықтар қарасытырлуы қажет:
а) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан уақытша немесе толықтай айыру;
б) келтірілген зиянның орнын толтыру міндетін жүктеу;
в) бас бостандығынан айыру [2] .
Дипломдық жобаның құрылымы мен көлемі:
«Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану: қылмыстық құқық және криминалогиялық аспектілері» тақырыбындағы жоба: нормативтік сілтемелер, анықтамалар, кіріспе, үш ауқымды тарау мен алты тармақтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Құқық (ағылш. 1. law (наука) ; 2. right) - мемлекет бекіткен және оның күшімен негізделетін, жалпыға ортақ қоғамдық бйланыстады реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері жеткілікті, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының басты элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде - мақсатын қорғау, жүзеге асыру;
- қарым - қатынастарды қадағалап, бақылау;
- қоғамды құлдырысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т. б. жоспарын ары қарай дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқықтың екі негізгі түсінігі бар; біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік жүзеге асыруына сәйкес жаңа байланытардың дамуы; екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан байанытарды бақылап, басқаратын нормативтік актілерді мерзімінде қабылдап бекіту.
Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық өзара қарым-қатынастардын байланысын, жүзеге асыру жолдарын, бағыттарын тауып отыру. Құқыктың қорғау функциясы - нормативтік актілердің коғамдағы қатынастардың салдары, әсерін нығйту, теріс қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылып кеткендей, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет жүзеге асыратын, коғамдық байланыстарды қалыптстыратын нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір құраушы бөлімі, қоғамдық өзара қарым-катынастардың жақсы нығайуының үлгісі деп те айтуға болады. Ол адам істерінің, жұмысының, құзіретінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және өзара байланысын реттеп, қадағалап отырады [3, 73 б. ] .
Құқықтық нормалардың белгілері:
- Норма мемлекеттік органнын қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды азаматтардың басым бөлігі дұрыс орындайды.
- Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер өз еркімен іс- әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
Құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқықтық нормалардың негіздері бірлесіп, оның құрылымын реттейді. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.
Жалпы заңды нормаларда негіздерінің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде нормалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі.
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардын міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі [4, 482 бабы] . Диспозицияның үш түрі болдады:
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.
Толық айқын түрі: мазмұны нормада толық көрсетіледі. Мысалы,
Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі. Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аякталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.
Санкция - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет кандай іс-әрекеттерді, мінез - құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияпың турлері: абсолюттi анық, баламалы, салыстырмалы.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т. б. бағыттағы нормалар.
Құқықтың әр саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық - процессуалдық, қылмыстық- процессуалдык, т. б. саладағы нормалар.
Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.
Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді:міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.
Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының карым - қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, кылмыстык, зангерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т. б. [5] .
Құқықтьқ нысаны - мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:
Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет- ғүрып нормалары адамдардың карым-катынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан - жақты тәжірибе арқылы қалыптаскан. Мысалы, Maнy заңы, орыс правдасы, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысы" т. б. айтуға болады. Қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда, күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. Сонымен қатар, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Әдет-ғүрып нормалары арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.
Құқықтық прецедент - соттың және әкімшілік органның нақты бір істі - мәселені карап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір түрі [3, 78 б. ] .
Нормативтік шарттар қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады.
Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т. б.
Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер - заңның бір түрі.
Сондықтан бұл кесімдер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz