Қазақстандағы машина жасау кешенінің дамуы


Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1. Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы

2. Машина жасаудыңэкономикадығы рөлі, географиялық орналасуы және факторлары, мамандануы

3. Қазіргі жағдай

4. Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама:

  1. Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау
  2. Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау
  3. Мұнай-газ, Тау-кен металлургиясы, Темір жол машиналары, Ауыл шаруашылығы машиналары, Электр жабдығы, Автомобиль жасау
  4. Саланы дамытудың негізгі проблемалары. Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағысаясатын талдау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
  5. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері. Қажетті ресурстар.

III) Қорытынды

IV) Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.

Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 5-тармағы болып табылады.

Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.

Бағдарламаны саланы жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде айқындалған бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған жаңа сапалық деңгейде қалпына келтіруді және дамытуды бастауға, оның өндіріс көлемін ұлғайтуға және тұрақты өткізу нарықтарын табуға арналған, сонымен қатар қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірістің озық шетелдік технологиялары мен кәсіпорындарды басқару менеджментін енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған машина жасау кәсіпорындарын жедел дамыту және машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін жасауға бағытталған барынша тиімді, ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлемелерді игеру негізінде өнім сапасын тұрақты жетілдіру бағдарламасы ретінде қарастыру керек.

Негізгі бөлім

Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы

Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп өкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды. Металлургиялық құрал-жабдык (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент), аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды. Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Яғни машина жасау салаларының кешені калыптаса бастады. 1990 жылдардың басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта калып келді. KCPO-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші орындағы республика болды. Бірақ кешеннін, құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады. Барлық зауыттардың 1/3 белігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен (ҚӨК) құрады. 1990 жылдары машина жасау кешені оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға кажетті өнім шығару міндеті тұрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркәсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты етудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады.

Машина жасау үш негізгі технологиялық кезеңнен тұрады . Бірінші кезең - құю, соғу немесе сығымдау арқылы бөлшектер даярлау. Екіншісі - бөлшектерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі - бөлшектерден дайын өнімдер құрастыру. Егер зауыт ендірістің барлық үш кезеңін жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық мамандану, яғни технологиялық процестер кезеңі бойынша мамандану болып табылады. Мысалы, Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты автокөліктерді тек дайын бұйымдар жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл - технологиялық мамандану болып саналады. Кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ынтымақтасусыз) мүмкін емес. Кез келген автокөлік түрлі белшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұрады. Бір зауытта олардың барлык түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз. Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты «Нива» көлігіне аккумуляторларды Талдықорғаннан әкеледі. Сонымен, машина жасау кешені салааралык емес ішкі салалық дамуымен ерекшеленеді.

Машина жасаудыңэкономикадығы рөлі, географиялық орналасуы және факторлары, мамандануы

Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның кұрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуык салалар кіреді: 1) машина жасау (машиналар мен күрал-жабдықтар шығару) ; 2) металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу) ; 3) «кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту) . Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің кауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралык кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын жөне басқа да құрал-жабдықтар, өр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін кеп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды ендіру, керісінше, машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес. Машина жасау кешені мен агроөнеркәсіптік және көлік кешендерінің арасында қандай байланыстар бар?

Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордыңрөлі артады. Ол әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыт- тарды орналастыруға мүмкіндік берді. Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металды тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мындай фактор - тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталыктарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады. Түрлі көліктерді шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек шығыны кажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп кажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек корларымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында металлургтер каласы - Өскеменде конденсатор мен аспап шығаратын зауыттарды орналастырған. Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті кеп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен бірігіп жүмыс істеу қажет. Бүл салалар өрі еңбекті, өрі гылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі калалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналған технопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған. Металды кеп қажет ететін енімдер (ірі кәлемді) шығаратын за- уыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі төн болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарында шоғырланған.

Машина жасау кәсіпорындары:

1. Қазақстандағы ең алғаш кұрылған машина жасау көсіпорнына 1909 ж. Верный (Алматы) қаласында орналаскан тұқым сепкіш машинасын жатқызуға болады.

2. Металл өңдеу өнеркөсібінің ең бір ерекше кәсіпорны - Өскемен аласындағы Қазакстан Республикасының Монеталар сарайы. Ол 1992 жылы ұлттық валюта - теңгенің енуіне дайындыққа байланысты Үлбі металлургия зауытының бір цехының негізінде құрылған. Монеталар сарайы монеталар соғады, Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарын, төс белгілер мен әскери кызметкерлердің айыру белгілерін, өшекей бұйымдар шығарады.

3. Құны 20 млн долларды құрайтын «Азия-Авто» зауыты Өскеменде 2003 жылы салынған. Бұл зауытта автокөлік дайын күйінде келген бөлшектерден құрастырылады. Оны ресейлік «АвтоВАЗ («Ниват») зауыты, чехиялық «Шкода-Ауто» («Шкода») және америкалық серіктестігінің оңтүстік кәріс филиалы «Дженерал Моторс» («Шевроле») зауыттары «Шкода» маркалы автокөлігін құрастыруға көшуде. Зауыттың жобалау қуаты - жылына 15 мың, 2008 ж. 3271 автокөлік құрастырылды: оның 2358- «Лада», 593 - «Шевроле» және 320 -«Шкода». Бұл еліміздегі ең ірі автокөлік құрастыратын өндіріс.

4. Қазақстанда барлығы 30-дай өр түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобильдерін (микроавто-бустар, самосвалдар, рефрижераторлар) троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері, коммуналдық техника шығаратын Алматы қаласында орналасқан. Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайнын шығарады.

5. Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда өнімдері КСРО-ның басқа еш жерінде шығарылмайтын бірнеше ерекше зауыттары болды. Олардың ішінде «Ақтөбеауылмаш» (кой қырқатын машинкалар шығаратын), Алматы электротехника зауыты (жер асты түзды суларын тұщыландыратын кондырғылар), «Целиноградауылмаш» (жер кабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары, дестелегіш жөне қар тоқтатқыштар) зауыттарын айтуға болады.

6. Көп уақытқа дейін Қазақстанның ауыр машина жасау өнеркәсібінде жетекші орында Алматы ауыр машина жасау зауыты болды. Зауыт әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Зауыт өнімдері - алюминий, мыс сым темірлері, құбыр, прокат құралдары, металлургия, химия өнеркәсіптеріне және атом реакторларына арнап күрделі прокаттық құрал-жабдықтар шығарылады, олар - ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарында пайдалануда.

7. Жоспарлы экономика кезеңінде республика аумағындағы корғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Бұл зауыттар өскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарған. Солардың арасындағы жетекші зауыттар Петропавл (орта қашықтыққа ататын зымырандар, бүл зымырандар ядролык зарядтарды тасымалдай алатын КСРО мен АҚШ арасындағы келісім бойынша карудың бұл түрі жойылды), Алматы (әскери теңіз флотына арналған торпедо), Орал (атқыш қару-жарақ), Зырян (зымыран техникаларына арналған микросызбалар) қалаларында орналасты. Қазіргі кездің өзінде де осы аталған 50-ге тарта корғаныс зауыттар Қазакстан жөне ТМД елдерінің Қорғаныс күшіне арнап, өнімдер шығаруда.

8. 2009 ж. Астана каласында америкалық «Дженерал электрик» компаниясы мен ірі тепловоз құрастыратын зауыт пайдалануға берілді. Ол бүгінгі күнге сай казақстандыктар жөне шетел нарығы үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловоз шығаратын болды.

Маманданудың үш түрі - бұйымдық, тетіктер мен бөлшектер шығару жөне технологиялық түрлері бар. Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трактор жасайтын - тракторлар, станок жасайтын - станоктар, аспаптар жасау - аспаптар шығарады. Бір салаға өнім шығаратын зауыттар сол өз саласына орай маманданады. Мысалы, Қызылордадағыауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт - күріш жинайтын машина, Астанадағы зауыт - тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт - тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды - бұйымдық мамандану деп атайды. Машина жасау зауыттары, кеп жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль), оның бөлшектерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды бөлшектер бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордагы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы - ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы - аккумуляторлар шығарады. Машина жасау зауыттарының үшінші бір түрі - технологиялық мамандану.

Қазіргі жағдай

Қазір зауыт Қазақстанның мұнай жөне газ өнеркәсібіне жұмыс істейді. Олар техниканың жаңа түрлерін - шағын бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды жендеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады. Қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар. Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жүмыскерлер қызмет етеді. Бірак кешеннің өнім өндіру үлесі небөрі 3%-ды ғана құрайды. Сендер Қазақстанның түрғын халқының шағындығына байланысты, машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыту мүмкін емес екендігін түсінесіңдер. Сондықтан олардың алдында ең маңыздылары мен болашағы барларын таңдап алу міндеті тұр. Оларға, ең алдымен мұнай, металлургия, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттық өлуетінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Көліктік машина жасаудың міндеті - ел ішіндегі көптеген әндірістердің дамуына жағдай туғызу (72-сурет) . Өзірге біздің елімізде тек құрастыру көсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісіне Өскемен (жеңіл автокөлік), Көкшетау (жүк таситын автокөлік), Семей (автобус) қалалары жатады. Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты казірдің езінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. \

Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады. Машина жасаудың дамуына шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, АҚШ) жағдай жасайды. Олар автомобиль, трактор, компьютерлік құралдарды жасау немесе дамытуға ықпал ететін болады. 3. Машина жасаудағы мамандану мен кооперативтендіру. Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар қиыншылықтар әсер етеді. Ең алдымен бұл - шығарылатын енімдердің күрделілігіне байланысты. Ол кәсіпорындардың салалары мен ішкі салалық маманданудың қажеттілігін туғызады.

Қазақстанда өндірілген машина жасау саласы өнімдерінің осы сияқты шетелдік өнімдермен бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себептері ­ республиканың кәсіпорындарының көпшілігінде ескі өндіріс технологияларын қолданатынын, импортталатын құрамдас бөлшектерді, қуат көздеріне құны жоғары материалдарды шамадан тыс көп пайдаланудың салдарынан болған олардың анағұрлым жоғары құны мен төмен сапасы. Дегенмен машина жасау кәсіпорындарының қазіргі жағдайының сараптамасы өндіріс көлемінің ұлғайғанын көрсетті, осылайша ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2011 ж. қаңтар-мамыр айларында машина жасау өндірісінде көлемі 171 974 млн. теңгені құрайтын немесе 2010 ж. сәйкесінше мерзіміндегі өндіріс көлемінен 29, 0% артық өнім шығарылды, ал жалпы өнеркәсіп тек 5, 8% ұлғайды. 2011 ж. мамыр айында машина жасау өндірісінің көлемі төмендеп 39 250 млн. теңгені құрады, ал 2010 жылдың сәйкесінше мерзіміне қарай ФКИ 129, 0%, құрады.

Айларға бөліп қарағанда көлемнің ең көп өсуі автокөліктер, трейлерлер және жартылай тіркемелі көліктер өндірісінен байқлады, мұнда 2010 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 2011 жылдың мамырында НКИ 226, 9% құрады, компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісінде сәйкесінше 64, 6% құрады.

2 Сурет. Өнеркәсіптің, өңдеуші өнеркәсіптің және машина жасау түрлерінің НКИ айлар бойынша (өткен жылдың сәйкесінше айына қарай % өлшеммен)

http://nex.kz/images/1/image002.jpg

Жеңіл жолаушы автокөліктерінің өндірісі үлкен өсім көрсетті, сөйтіп, 2011 ж. қаңтар-мамыр айларындағы көлемі 2 487 дананы құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше мерзімінің көрсеткішінен 352, 8% жоғары, ағымдағы жылдың мамыр айында көлемі 485 дананы құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше мерзіміндегі көлемнен 141, 8% жоғары болып табылады, сонымен қатар ағымдағы жылдың сәуір айымен салыстырғанда 36, 3% төмендеу байқалды. 2011 ж. қаңтар-мамыр айларында 99 666 дана, немесе өткен жылдың сәйкесінше мерзімінің 77, 0% көлемінде радиохабар тарататын қабылдағыштармен бірлескен немесе бірлеспеген телевизиялық қабылдағыштар, дыбыс, бейнежазушы немесе жаңғыртатын қабылдағыштар өндірілді.

3 Сурет. Машина жасау өнімінің өндірісі заттай мәнінде

http://nex.kz/images/1/image003.jpg

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 1. 06. 2011 ж. қарай 253 ірі және орта машина жасау мекемелері тіркелген, оның ішінде компьютер, электронды және оптикалық өнім өндірушілері - 8, электр құрал-жабдығын өндіретіндері - 19, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу және орнатумен, басқа көлік құралдарын өндірумен айналысатындары - 156, автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелі көліктерді өндіретіндері - 6, басқа көлік құралдарын өндірушілері - 17.

4 Сурет. Мекемелер мен өндірістердің саны (ірі және орта)

http://nex.kz/images/1/image004.jpg

2011 жылдың сәуірінде ең жоғары еңбекақы компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісінде байқалды және 118 421 теңгені құрады, бұл ағымдағы жылдың қаңтарындағы мөлшерден 31% жоғары.

5 Сурет. Бір жұмыскердің орташа айлық еңбекақысы (теңгемен)

http://nex.kz/images/1/image005.jpg

2011 жылдың наурызында өткен жылдың наурызымен салыстырғанда компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісіндегі жалдамалы жұмыскерлердің саны 2648 адамнан 1 386 дейін немесе 47, 7% қысқарды, басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен құрал-жабдықтар өндірісінде олардың саны 16990 адамнан 18 092 адамға дейін, немесе 6, 5% өсті. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісі 2011 жылдың сәуірінде 2010 жылдағы 2 400 көрсеткішінен 1 312 дейін, немесе 45, 3% төмендеді, басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен құрал-жабдықтардың өндірісі 16 114 көрсеткішінен 17 159 дейін, немесе 6, 5% көбейді.

Нақты инвестициялар мен инновациялардың болмауы (негізінен меншікті қаражат есебінен) сала мекемелерінің артта қалуына және шетелдік анаоогтарымен салыстырғанда шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігіне алып келеді.

Басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар жасау өндірісінде 25 749 млн. теңге сомаға өнім өндірілді, нақты көлем индексі - 124, 3% құрады

Электр жабдықтарын жасау өндірісінде 20 100 млн. теңге сомаға өнім өндірілген, нақты көлем индексі - 93, 6% құрады.

6 Сурет. Машина жасау түрлері бойынша негізгі инвестициялар айлар бойынша (млн. теңге)

http://nex.kz/images/1/image006.jpg

2011 жылдың қаңтар­сәуір айларында жер үсті көліктерінің, ұшқыш аппараттардың, жүзгіш құралдардың және көлікке жататын құрылғылар мен құрал-жабдықтардың экспорты 33 894, 3 мың. АҚШ долл., өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда өсім 198, 8% құрады. 2011 ж. қаңтар-сәуір айларында ақпаратты автоматты түрде өңдеу машиналары, олардың блоктары; санағыш құрылғылар, ақпаратты кодталған үлгіде тасымалдаушыларға мәліметтерді ауыстыру машиналары бойынша импорт 1 038, 0 дананы құрап, 204, 7% көбейді, жеңіл автокөліктер бойынша ­ 6 968, 0 дананы құрап, 110, 0% көбейді, қоғамдық көлік құралдары, іштей жанатын піспек қозғалтқышты моторлы жолаушылар көліктері бойынша өсім өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 259, 6% құрады. [15. ]

Қазақстан Республикасының СЭҚ ТН 4 белгісі бойынша машина жасаудың кейбір түрлерінің экспорты және импорты

Көрсеткіштің атауы
2011 ж. қаңтар-сәуір айлары
Экспорт
Экспорт
саны
саны
саны
саны
Көрсеткіштің атауы: Ақпаратты автоматты түрде өңдеу машиналары, олардың блоктары; санағыш құрылғылар, ақпаратты кодталған үлгіде тасымалдаушыларға мәліметтерді ауыстыру машиналары, дана
2011 ж. қаңтар-сәуір айлары: -
-
1 037 972, 5
101 304, 5
Көрсеткіштің атауы: Телевизиялық қабылдағыштар (оның ішінде бейнемониторлар, проекторлар), дана
2011 ж. қаңтар-сәуір айлары: -
-
167 362, 0
31 724, 3
Көрсеткіштің атауы: Жер үсті көліктері, ұшқыш аппараттар, жүзгіш құралдар және көлікке жататын құрылғылар мен құрал-жабдықтар, тонна
2011 ж. қаңтар-сәуір айлары: 13 140, 6
33 894, 3
-
-
Көрсеткіштің атауы: Қоғамдық көлік құралдары, іштен жанатын піспекті қозғалтқышты жолаушыларға арналған моторлы көліктер, дана
2011 ж. қаңтар-сәуір айлары: -
-
5 315, 0
28 075, 3
Көрсеткіштің атауы: Жеңіл актокөліктер, дана
2011 ж. қаңтар-сәуір айлары: -
-
6 968, 0
141 032, 4
Көрсеткіштің атауы: Жүк автокөліктері
2011 ж. қаңтар-сәуір айлары: -
-
2 387, 0
72 283, 7

Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама.

Мақсаты: Қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Көлік геграфиясы
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының көліктік жүйесінің жағдайы мен транспорттық тасымалдау қызметін зерттеу
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі бағыттары
Қазақстан Республикасы машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы мен болашағы
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Ауыл шаруашылығының экономикадағы ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz