Ауызша аударма тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
05-12
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Мирас колледжі мекемесі

Мирас
Колледжі

Өндірістік іс-тәжірибие бойынша
(оқу іс тәжірибиесі)

ЕСЕБІ

ПәнДисциплина: КП03 кәсіби іс-тәжірибесі

МамандығыСпециальность: 0512000 Аударма ісі

ТобыГруппа: А-201

Курс: 3

Өтілу мерзіміСроки проведения практики: 20.02.2023 - 14.04.2023

Место практики: №54 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектеп

Директордың ОӨІТ орынбасары: ___________ Жолшыбекова М.А.
(қолы)
Іс-тәжірибие жетекшісі: ___________ Кәрімханова Б.Қ.
(қолы)
Есепті дайындаған: Кендебай Нұрсәуле Нұркенқызы

Шымкент 2023
МАЗМҰНЫ

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.1. Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2. Гид-аудармашы мамандығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
II. Негізгі бөлім
2.1. Аударма туралы түсінік және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Ауызша аударма және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.3. Ауызша аударма тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
2.4. Ауызшы аудару шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
2.5. Аудармашыға койылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
III. Практикалық бөлім
3.1. The past present perfect tense ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2. Ағылшын тіліндегі артикльдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
V. Қосымшалар(фото) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

.

КІРІСПЕ

Тіл білімінің аударма саласы да кез келген халықтың рухани дүниетанымымен, болмысымен байланысып жатады. Өйткені аударма процесі бір тілдегі тілдік бірліктерді екінші тілге аударып қою ғана емес, сол бірінші аударатын тілді тұтынушы ұлттық тіліндегі әлем бейнесін екінші аударылатын тілді қолданатын халықтың тілі арқылы жарыққа шығару болып табылады.
Аударма шығармашылық іс, рухани өнер. Ұлттар, халықтар, мемлекеттер арасындағы рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси, экономикалық-сауда қарым-қатынастарының ең қажетті құралы, дәнекері болған аударма жұмысы бұрын да зор рөл атқарған және қазірде солай. Шын мәнісінде осыншама рөлі мен маңызы бар және өмір тынысының барлық жақтарын қамтитын іс-әрекеттің өзіндік теориялық негізі, ғылыми дәйек-тірегі болуға тиіс. Яғни, аударма теориясының міндеті - шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастарының заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан туған тұжырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйене отырып қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик аудармашыға себебін тигізетін шамасын белгілеп беру. Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі - түпнұсқа мен аударманың арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы.
Аударма теориясының міндеті - аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру. Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әртүрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет. Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады.
Аударма сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін - ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма - сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.
Алғашқы аударма теоретиктері ретінде өздерінің тәжірибесін қорытындылауға ұмтылған аудармашылардың өздері болды, бірақ та кейде кәсіби бойынша әріптестерінің тәжірибесі де осыған қосылды. Өздерінің аудармашылық ісін көрсетуге барлық кезеңнің атақты аудармашылары болған еді, дегенмен олардың білдірген көзқарастары қазіргі талаптарға сай ғылыми дәлелді болмағанымен жүйелі теоретикалық тұжырымдамаларға енгізілмесе де, бір қатар осындай пікірлер мен көзқарастар күні бүгінге дейін өзіне қызығушылықты арта түседі.
Сонымен, антик кезеңінің аудармашылары түпнұсқаға аударманың жақындық деңгей мәселесін кеңінен талқылауға түсірген. Библия мен басқа шығармашылардың ерте кездегі киелі мен негізгі болып саналатын аудармаларында түсініксіздікке немесе аударманың толық ұқпауына әкеліп соққан түпнұсқаны дәлме-дәл аудару мен тастап алуға талпыныстар басым болды. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар түпнұсқаға қатысты үлкен бостандыққа ие болуға аудармашылар құқығын теориялық жағынан әріпті емес, мағынасы немесе жалпы көрінісін, түпнұсқа ерекшелігін көрсету керектігін айқындауға тырысты.
Аудармашы көздеуге тиісті мақсаты туралы бастапқы пікірлердің өзіндеақ біздің заманымыздың дәлме-дәл немесе еркін аударманың болуы мен түп нұсқа ие болатын оқырмандарға әсерін тигізетін жақтарын сақтауға керектігі туралы көптеген теоретикалық даулы қайшылықтарды табуға болады.
Қазіргі тіл білімі арқылы меңгерілетін көптеген күрделі мәселелердің арасында тіл аралық қатынастар қызметінің лингвистикалық аспектілерін аударма немесе аударма қызметі деп аталатын меңгеру саласы маңызды орын алады.
Аударма - бұл, әлбетте, адам кәсібінің өте көне түрі. Адамзат тарихында адам топтарының тілдер айырмашылықтары бар қалаптасуымен қатар әр түрлі тілдер ұжымдарымен қатанасуға көмектесетін билингвтер де пайда болды. Жазба тілінің шығуымен осындай ауызекі тілші-толмач аудармашыларға жазбаша түріндегі де ресми, діни және іскери түрдегі әр түрлі мәтіндерді аударатын аудармашылар қосыла бастады.
Басынан бастап аударма маңызды әлеуметтік адамдар арасындағы тіл аралық қатынасты жасайтын қызметті атқарды.
Жазбаша аудармаларды тарату адамдарға басқа халықтардың мәдени мұраларына қол жеткізуді кеңейтіп, мәдениет пен әдебиеттерін байытуға, әсерін тигізуге мүмкіндік берді.
Шетел тілдерін білу - бұл тілдердегі кітаптардың түпнұсқасын оқуға мүмкіншілік береді, бірақ бір ғана шет тілін меңгеріп алудың өзі әркімнің қолынан келмейді.
Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.

ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
Қауіпсіздік техникасы -- еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.
Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың -- стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
5. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
6. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
2. Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
2. Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

ГИД-АУДАРМАШЫ МАМАНДЫҒЫ
Гид-саяхатты бастаушы - аудармашы шетелдік және отандық туристерге сауда-саттық негізінде түрлі саяхаттарды ұйымдастырып, оның есеп мәселелерін шешуге багытталған жұмыстардың бағдарламасын жасайды.
Шет елге іскерлік сапарларда бизнес-келіссөздерді тиімді жүргізуге және сапар барысында басқа елдердің өкілдерімен еркін сөйлесуге көмектесетін жақсы гид-аудармашының қызметтері пайдалы болатыны сөзсіз, сондай-ақ баратын еліңіз туралы жаңа және қызықты ақпарат беріп, мәдени деңгейді арттырады. Қай елге бағыт алсаңыз да, сіз үшін оны жаңа қырынан ашып, тілдік кедергілерден оңай өтуге көмектесетін маманды міндетті түрде табатыныңызға сеніңіз.
Гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға.
Жіктелу -- мәнді белгілер бойынша құбылыстарды, нәрселерді орналастыру, жіктеу.
Экскурсиялардың жіктелуі -- белгілер бойынша саяхаттарды жіктеу.
Тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
Туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты.
Туризм нұсқаушысы - осы қызмет түріне лицензиясы, тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға.
Турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға.
Туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.
Туристік қызмет көрсету - туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
Туристік маршрут - туристің (саяхат кезінде) танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттармен өту, қарау үшін белгіленген барлық географиялық мекендердің, болу объектілерінің тізбесін көрсететін жүру жолы.

THE PROFESSION OF GUIDE-TRANSLATOR
A guide-a novice traveler-translator organizes various trips for foreign and domestic tourists on the basis of merchandising and draws up a program of works that contribute to solving his tasks.
Undoubtedly, the services of a good guide-translator will be useful, which will help to effectively conduct business negotiations on business trips abroad and freely communicate with representatives of other countries during the trip, as well as give new and interesting information about the country of visit, increase the cultural level. No matter what country you are going to, believe me that you will definitely find a specialist who will help you open it from a new angle and easily overcome language barriers.
A guide (guide-translator) is an individual who has undergone professional training, who provides tourists with sightseeing, informational, organizational services for familiarization with tourist resources in the country (place) of temporary stay.
Classification-placement, classification of phenomena, objects by significant signs.
Classification of excursions-classification of excursions by signs.
A tour is a complex of tourist services that includes a trip along a certain route within the established deadlines.
Tourism is the travel of individuals in the country (place) of temporary stay, lasting from twenty-four hours to one year or less than twenty-four hours, but not related to paid activities.
A tourism instructor is an individual who has a license for this type of activity, appropriate qualifications and experience in passing tourist routes, who has passed professional training.
A tourist is an individual who arrives in the country (place) of temporary stay for a period of twenty-four hours to one year and has spent the night in this country (place) at least once for recreational, educational, professional, business, sports, religious and other purposes without engaging in paid activities.
Tourist activity is the entrepreneurial activity of individuals or legal entities providing tourist services.
Tourist services-necessary services provided to a tourist during his trip and to meet his needs related to this trip (accommodation, transportation, meals, excursions, services of tourism instructors, guides (guides-interpreters) and other services provided depending on the purpose of the trip).
Tourist route-The route of the tourist (during the trip), indicating a list of all geographical points, objects of stay, established for travel, inspection with educational, sports, aesthetic or other purposes.
The State Register of Tourist Routes and Trails is a document of accounting for tourist routes and trails.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
АУДАРМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Аударма - тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру процесі. Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Қазіргі кезде аударманың қолданылмайтын саласы жоқ. Телеграф агенттіктерінің хабарларын, газет-журнал материалдарын, техника мен ғылым мағлұматтарын, компьютер мен ғаламтор жаңалықтарын көпшілікке таратудың ең тиімді жолы - аударма.
Аударма теориясы екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар карастырады.
Аударма түрліше тұрғыдан мынандай түрлі бөлінеді:
1) аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге аудару, өзге тілден өз тілге аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма барысында ана тілінен басқа тілге аудару біршама қиын болады. Өйкені, аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен бейнелеу қабілеті ана тіліндегісіндей бола қоймайды. Сондықтан да екі тілге бірдей жетік аудара білу әрқандай аудармашы қолжеткізуге құлшынатын биік нысана болып есептеледі.
2) аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ екеуінің аудармашыға қоятын талабы түрліше болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың өзіне тән жеңілдіктері мен қиыншылықтары бар. Ауызша аудармда- аудармашыдан тез түсініп, қолма-қол аудару талап етіледі. Бірақ, сөйлеушінің стилін сақтауға, нақтылыққа, жинақтылыққа ерекше жоғары шарт қойылмайды. Бейнелеу жағында көп еркіндіке ие болады. Бір сөзді, бір мазмұнды бірнеше түрлі синонимдермен ауыстырып аудара алады. Оның есесіне оларды түсінбей қалған сөздерді біреуден сұрауға сөздіктерді пайдалануға мүмкіндігі болмайды. Ал жазбаша аудару - аудармашыдан мол білімді, қалам қуатының күшті болуын, мазмұнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып толғануды қажет етеді. Түпнұсқаға адал бола отырып, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бойсынуға міндетті болады. Сөз сөйлемге, грамматикаға, нақтылыққа, логикаға, емлеге баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздік пайдалану, қайта-қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі мол болады.
3) аударма материалдық өзгешеліктерге қарай саяси теориялық шығармалар аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми техникалық шығарма аудармасы және іс қағаздар аудармасы деп бөлінеді. Жанрладың ерекшеліктеріне қарай оларғақойылатын талап та өзгеше болады.қытай тілінде әр саланың өте күшті ұлттық сипатта бейнеленеді. Сондықтан да әрбір аудармашы ең алдымен өзі аударатын материялға қанық болуы, кәсіптік білім деңгейінің жоғары болуы, түпнұсқаның мазмұнына, ерекшеліктеріне баса назар аудару қажет.
4) аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы толық аудару, бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару деп тағы да төртке бөлінеді. Бастан-аяқ Бастан аяқ түгел аударуды толық аудару дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін ғана аудару бөліп аудару деп аталады. Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып аудару мазмұндап аудару деп аталады. Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін өзі құрастырып жазу құрастырып аудару делінеді. Бөліп аудару,мазмұндап аудару, құрастырып аудару дегендер әдетте ерекше бір қажетке қарай болады.
1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден аударманың 3 түрін ұсынады:
- Біріншіден, метафраз - түпнұсқаның дәл жеткізілуі,
- екіншіден, парафраз - түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі,
- үшіншіден, имитация - түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ағылшын аударматануының теориялық жағын дамытуға өз үлесін қосқан Т.Сэвори Аударма өнері кітабында аударманың мынадай 4 түрін көрсетеді:
- Кемел құнды аударма - таза ақпаратты фраза хабарландырулардың аудармасы.
- Барабар аударма - мазмұны ғана маңызды, баяндалуы аса маңызды емес сюжетті шығармалардың аудармасы. Аударманың бұл түрінде аудармашы мағынасы түсініксіз сөзді немесе тұтас сөйлемдерді түсіріп тастайды да, түпнұсқаны басқаша баяндайды.
- Аударманың үшінші түрінің аты жоқ. Бұл классикалық шығармалардың аудармасы. Онда форманың да, мазмұнның да сақталуы маңызды.
- Аударманың төртінші типі барабарға 2-ші типке жақын. Бұл ғылыми-техникалық материалдардың аудармасы. Олардың пайда болуы тәжірибелік қажеттіліктерден туады. Тәржіменің бұл түрі аудармашыдан түпнұсқада сөз болып отырған жайт туралы көп білуді қажет етеді.
Сонымен қатар, Л.С.Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді:
1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма);
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы.

АУЫЗША АУДАРМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ауызша аударма - аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма және ілеспелі аударма.
Синхрондық аударма дегеніміз - аудармашы түпнұсқаның сөзін тыңдай отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша аударманың бір түрі, синхрондық аударма техникалық базамен қамтамасыз етілген арнайы кабиналарда жүзеге асырылады. Мұнда оратордың сөзі аудармашыға наушниктер арқылы беріледі, аудармашы берілген ақпаратты микрофонға айтып аударады. Синхрондық аударма ауызша аударманың ең қиын түрі, себебі бұл аудармашыдан біруақытта түрлі сөйлесу қарым-қатынасты орындауды талап етіледі: бір тілден тыңдап, оратордың сөйлеу темпінен қалмай екінші тілде аударуды талап етіледі. Синхрондық аударма есте сақтау қабілетіне, мұқият назарды, түпнұсқаның келесі бөліктерін болжау, қате кеткен болжамдарын дұрыстау және тез арада шешім қабылдаумен тығыз байланысты.
Кез-келген тілдік қарым-қатынаста ақпараттың берілуі бір ғана бағытта өтіледі: Түпнұсқаның қайнар көзінен Рецептірге. Аудармашы түпнұсқадағы тілден аударылатын тілге аударады. Ауызша аудармада екі жақты қарым-қатынастар бойынша әңгімеге ұласуы мүмкін, мұнда әрбір қарым-қатынас құрушы репликтермен алмастырылып отыруы мүмкін. Бұл кезде аудармашы екі жақты аударманы орындайды.
Ауызша аударманы оқытуда үш басты бағытқа негізделеді. Зерттеудің бірінші аспектісі аудармашының түпнұсқаның мазмұнындағы ақпаратты қабылдауын оқытып үйретеді. Ауызша аударма дегеніміз - ауызша айтылған оратордың сөзін, ойын ауызша аудару. Ауызша аудармада сөзді қабылдау қысқа уақытпен, біркелкілікпен ерекшеленеді.Аудармашының толық түсінуі ритмге, паузаға және сөйлеу темпіне байланысты.
Ауызша аударма теориясы аудармашының басқа да қасиеттерін оқытып үйретеді. Оған жай артикуляция, хезитатциондық үзіліске байланысты, аудармада жаңылысу, бұл интервалдың ұлғаюына әкеліп соғады, сондай-ақ айтылатын сөзге қатысты үзіліс кіреді. Синхрондық аудармада аудармашы жоғары темппен сөйлейді. Ілеспелі аудармада сөйлеу темпі біртіндеп баяулай бастайды, себебі аудармашы түпнұсқаның мазмұнын есіне түсіреді. Ауызша аудармада ең басты назар аудармашылардан нормативтік талаптарына аударылады. Мұндай талаптар синхрондық және ілеспелі аудармада аса қажет: нақты артикуляцияны қамтамасыз ету, ритмнің біркелкілігі, акцентті дұрыс қою, соңғы айтылған ойдың дұрыс әрі түсінікті берілуі.
Ауызша аударманың орталық аспектісіне аударманың ерекше түрі ретінде жазбаша аудармаға қарама-қарсы қою. Арнайы ауызша аударма теориясы сандық және сапалық ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.
Синхрондық аудармада мәтіннің көлемі аударылатын бөліктің ұзақтығына байланысты. Синхрондық аудармада қысқа сөздердің аудармасы жазбаша аудармаға қарағанда көп болады. Ұзақ сөзді аудару барысында көлемі теңестіріледі. Абзацты немесе мәтіннің ірі бөліктерін аударғанда синхрондық аудармада өте қысқа түрде беріледі. Сондықтан да ауызша аударма теориясы ерекше назарды сөздік қысқартуға береді.
Бұл тәсілдерді пайдаланудың өзіндік себептері бар. Біріншіден, оратордың жылдам темпіне байланысты аудармашыға мәтіннің толық мазмұнын аудару қиынға түседі. Екіншіден, аудармашылардың барлығы оратор секілді сөйлей алмайды. Үшіншіден, жылдам аударылған мәтін көп жағдайда тиімсіз және айтушы мен тыңдаушылар арасында кері байланыс тудыруы мүмкін.
Сөйлемді қысқарту ауызша аудармада оңай шаруалардан емес. Мұнда тек қана кейбір бөліктерді тастап кету емес, сонымен қатар аударылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы ауызша аударманың өркендеуі
Аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері
Лингвистикалық аударма теориясы
Ілеспе аударманың қолданылуы
Жалпы аударма теориясы
Аударма
Аударманың түрлері. Аударма мәдениетаралық қарым-қатынас құралы
Аударманың лексиколистикалық мәселелері
Аударма теориясы қалыптасуы мен дамуы.
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Пәндер