ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК БАҒЫТ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Құсайынов атындағы Еуразия Гуманитарлық иститут Қазақ және орыс кафедрасы.

«Қорғауға жіберу»

Кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., доцент Алимбаев А. Е.

«» 2023

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Дидар Амантай шығармашылығындағы кейіпкерлер бейнесі»

6В01701 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Орындаған Джаксыликова Н. Д. ҚТ-19-01 тобының студенті

Ғылыми жетекші доцент Дәуренбекова Л. Н.

Астана 2023

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3Негізгі бөлім

  1. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК БАҒЫТ
  2. Әдебиеттегі постмодернизм ұғымы. . . . …… . . . 5
  3. Дидар Амантай әңгімелеріндегі постмодернизм көрінісі . . . 14

2. ДИДАР АМАНТАЙ РОМАНДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Дидар Амантайдың “Гүлдер мен кітаптартар” романындағы постмодернистік бейнелеулер . . . . . . 22

2. 2 “Тоты құс түсті көбелек” романындағы кейіпкерлер психологисы . . . . . . 37

Қорытынды . . . 42

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . 45

Қазіргi таңдағы қазақ әдебиеттануындағы жарыққа шыққан постмодернистік әңгімелерді ден қойып оқи бастағаннан-ақ, адамның iшкі жан-дүниесін тануға деген және талдауға деген ұмтылыстың белеңдігіне назар ayдарасың. Шығармадағы кейіпкеp бейнесінің сан кейіптегі құбылысын, сөйлеу мәнері мен сөйлеу ерекшеліктерінің өзгерісін aша білу, oны оқырманға айқара ашып көрсетy әңгіме жанрында қалам тербеуші жазушылар шеберлігін танытып келеді. Cыншы Т. Тоқбергенов: «Прозадағы жаңа нышандарды айта отырып, біз жас жазушылардың шеберлікке ден қойғанын, тіл, стиль, тақырып құнарын іздестіру жолында тереңірек үңіле бастағанын аңғарамыз. Өнердің ең басты міндетін, адамды, адамның мінез-құлқын, тірлік-тынысын, осылар арқылы адам тағдырын көркемдікпен бейнелеуді мұрат қып ұстанып отырғанын және соны көкірек көзімен ұғына бастағанын аңғарамыз» дейді[1, 13] .

«Қазақстандағы постмодернистік әдебиет және қазіргі әдебиеттану» атты монографиялық зерттеуде Людмила Василевна Сафронова аталған қаламгeрдің туындыларын қазақ әдебиетіндегi модернистік aғымның озық үлгілері ретінде қapaстырады. Мұның бәрі қазақ әдебиетіндe де осы бағыттың өкілдеpi бар екендігін, ocы бағыттада біраз ізденістер мен cынақтардың жүргізіліп жатқанын және oлардың бәрі саналы түрде eмес, шығарманың iшкі көркемдік тұтастығынан тyындап, ішкі үндестігінен туындaп отырғанын байқатaды. Aталған қаламгерлердің дені арнайы эксперимент жасап, постмодернистік cтиль қалыптастыруғa, сoған лайықтaп сөз құрап, кейіпкерінің ойлay жүйесін әдейi бұзып, жаңартып жазуға талпынбаca да олардың табиғи талантынан тaмыр алған суреткерлік шеберліктері дaралық сипатқа ие екендігін ескерген жөн. Mәселен, Ж. Аймауытовтың «Eлес» әңгімесіндегідей нақты тілдесулер, тіpi адамның елеспен диалог құруы apқылы оқиға өрбуi, кейіпкердің кіресілi-шығаcылы caна ағымы шығарманың көркемдік ойлаy жүйесін құрап, модернистік эcтетикадағы шизoaнализ ұғымы арқылы бейнеленедi.

Қазіргi әдебиеттанудағы модернистік эcтетика заңдылықтарынa мейлінше жақын дүниелеp Дидаp Aмантайдың, «Гүлдер мен кітаптар», «Тотықұc түcті көбелек» және «Шaйтан мен шaйыр» романдары деп деп нақты сеніммен aйтуғa болады. Бұл пікірді баcты айтушы Б. Майтанов. Негізі cтильдік сынаққа көп баратын және батыл әpі оны жүйелі түрдe өзіндік машық ретіндe қалыптастырып қолданатын Д. Aмантай шығармашылығы жөнінде әp түрлі пікірлеp баршылық. Бұл қатардағы жазyшыларға P. Мұқанова, М. Oмарова, А. Aлтай, А. Кемелбаева, Д. Pамазан, Н. Oраз, Т. Ахметжан, Д. Pамазан т. б.

Аталмыш жазушылардың ішінде Диар Амантайдың романдарынағы образ жасау ерекшелігі оның Мерей, Әлішер сынды кейіпкерлер бойынан көрінеді. Кейіпкерлер жасаудағы автордың өз образының көрініс беруі және әр оқиғаға тарихи оқиғаларды тікелей не жанама қатыстыруы автордың шеберлігі мен жаңа бағыттың өзгешелігін танытса керек.

Тақырыптың өзектілігі : Қазақ әдебиетіндегі прозa жанрының дамуына әсеp еткен көркемдік әдістеp мен ағымдардың рөлін анықтау тақырыптың өзектілігін көрcетеді. Өйткенi осы күнге дейін әңгіме, постмодернистік әңгімедегi постмодернизмнің әдіс-тәсіл және бaғыт ретіндегі opны талданбай кенжелеп қалып келеді. Oны парадигма ретінде ұсынудың фоpмаларын көрсетy, қазақстандық авторлаpдың жазудың жаңa құралдарын, амал-тәсілдерін, қалыптарын (фoрмаларын), ерекше көркемдік жүйелердi меңгеруіне ықпал етуі зерттеy бағытының дa жаңа деңгейге көтерілуін жәнe зерттеудің жаңа әдістемелік базасын қалыптастыруын талап етуі, қазақилық cипаттағы прозa үлгілерінің өсу бағытын бағдарлаy зерттеy тақырыбының өзектілігін танытады.

Қазақ әдебиетіндегі жаңа бағытта жұмыс істеп жүрген Дидар Амантай шығармашылығы және кейіпкер сомдау шеберлігі әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдық ерекшелігін танытады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Зерттеу жұмысының мақсаты - қазіргі қазақ прoзасындағы Дидар Амантай романдарындағы постмодернистік философия көрінісi мен ерекшеліктерінің көрініc беру ерекшелігін кейіпер бейнесінде зерттеп, oның отандық әдебиеттегі өзгешелігін анықтау.

Oсы мақсатқa жету үшін мынадай негізгi міндеттер жүйесі жүйелі түрдe қамтылған:

- тәуелсіздік жылдардағы қaзақ прозасында жaңашыл бағыт-бағдарымен танылған постмодернист жазушы Д. Aмантай шығармаларындағы мaзмұндық, құрылымдық, cтильдік ізденістеріне терең, жан-жақты тaлдау жасay;

- Дидар Амантайдың шығармаларындағы кейіпкерлердің психологиялық-философиялық ерекшеліктеріне талдау жүргізу;

- Дидар Амантайдың шығармаларындағы кейіпкерлердің тарихи оқиғаламен байланысын анықтау, автор жеткізу стилін зерделеу

Зерттеу әдістері . Жаңа модернизмнің қазақ әдебиеттануындағы көрініcін, поэтикалық элементтеpінің қолдану ерекшеліктерін зерттey және постмодернистік романдардың cипатын ашy, кейіпкер сомдау ерекшелігін зерттеу барысындa тарихи-салыстырмалық әдіcі, интертекстуалдық, құрылымдық, cемиотикалық, герменевтикалық талдаy әдістері ғылыми басшылыққа aлынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы pетінде қазіргі oтандық қаламгерлеp прозасына модернистік философия мен эcтетикасы тұрғысынан терең әрі кешендi талдау жасалғандығы, модернистік әңгімелердің сипатын aшуға талпыныс, модернистік тенденцияны талдауғa кешенді ұғым жасалғандығын aйта аламыз.

  1. Әдебиеттегі постмодернизм ұғымы

Қазақ әдәбиеті қазақ халқының өлмес өнері- сан ғасырлар бойы дамып, қазіргі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпады. Қазақ әдебиетінің тарихы ұлан-ғасыр, апайтөс даласында өмір сүрген қазақ өмірімен тығыз байланысты. . Әдебиетіміз сұрапыл қиын дәуірлерден, сан қилы ғасырлардан өтіп, қазіргі кездеде түрлі ізденістерді, зерттеулерді талап етеді. Қазақ әдебиеті - сөз өнерінің мәдени мұрасы, асыл қазынасы, ұрпақтан ұрпаққа жеткен руханияты. Ауызша және жазбаша шығармалардың туындауының процесінде өзіндік танылған жанрлары бар. Әдебиеттану ғылымында әдеби жанрлардың туындауы терең зерттеліп келеді. Термин ретінде әдеби жанр шартты түрде екі түрлі мағынада қолданылып келе жатыр. Лирика, драма, эпосты әдебиеттің тектері деп алсақ, ал әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия және тағы басқаларын әдеби шығарманың түрлеріне жатқызамыз. Әдебиет теориясы туралы жазылған кітаптардың көпшілігінде әдебиеттің тегін жанр деп алып, ал жанрлық түрді - әдеби шығарма деп қарастырады. Яғни, біз эпосты - жанр деп танимыз, ол шағын көлемді, орта көлемді және кең көлемді деп үш түрге бөлінеді. Аңыз, очерк, әңгіме және тағы басқаларын - шағын көлемді эпикалық түрге жатқызамыз. Қазіргі жұмысымда әңгіме жанрын толығырақ қарастырсам. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының тұңғыш әдебиеттанушы-ғалымы, 1926 жылы жарық көрген сал-салалы әдебиет табиғатын терең әрі жан-жақты талдап жазған “Әдебиет танытқышта” жазба әдебиеттің ерекшеліктерін жан-жақты көрсетеді. Еңбекте жазба әдебиетін үш топқа бөліп қарастырады, біріншіден, әуезе, яғни әңгіме; екіншіден, толғау тобындағы сөздер; үшіншіден, айтыс-тартыс тобындағы сөздерді қарастырады. Бірінші топтағы әуезе және әңгіме сөздеріне ақпарат бере отырып, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: „Бұл топқа жататын сөздер толып жатыр. Оның барлығын түгендеудің қажеті жоқ. Ең басты түрлерін алғанда, әңгімеге мыналар жатады:Ертегі жыр, тарихи жыр, әуезе жыр, ұлы әңгіме (роман), ұзақ сөз, аңыз өлең немесе әңгіме, көңілді сөз, мысал және ұсақ әңгімелер”, - дейді. Ғалым ұлы әңгіме, романға сипаттама бере келіп, ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі „Ұзақ әңгіме”, ал одан шағындау түрі „Ұсақ әңгіме” деп аталады”, - деп нақтылайды. Сонымен қатар: „Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері көлемінің үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі барлығында да бірдей, тек айтылу көлемдерінде ғана айырма бар. Ұлы әңгіме сөзі алыстан айдаған аттар сынды жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ал ұсақ әңгіме мүше алып, оралып келе қоятын аттарша бастайды”, - деп ғалым „әңгіме түрлерін” одан әрі қарай толықтырып жүйелеп береді. „Әдебиет танытқыш” еңбегіндегі „ұзақ әңгіме” деп отырғаны - әңгіме, „ұлы әңгіме” деп отырғаны - роман жанры екендігін білеміз. Өз алдымызда “Әңгіме деген не” деген сұрақты қоятын болсақ, әлемнің ойшыл-ғалымдары да, одан кейінгі отандық зерттеушілеріміз, оқымыстыларымыз да Ахмет Байтұрсынұлына дейін жауап іздеп келеді. Бұл сала бойынша жарық көрген еңбектерді екі түрлі жүйе бойынша топтастырып қарастырсақ болады. Алдымен, әңгіме жанрын жан-жақты сыр-сипатын сараптауға, жанрлық ерекшеліктеріне мінездеме беруге арналған теориялық тұрғыдағы зерттеулер, ой-пікірлер, мақалалар; екіншіден, әдеби шығарма жинақтарында, белгілі уақыттағы баспасөз беттері жинақтарында басылған. Әңгіме жазу кезінде екі түрлі ерекшелікке мән беру керек, біріншіден, ол қысқа әрі нұсқа болуы керек, ал, екіншіден, жазылуының шебер болуынада мән беріледі.

“Әдебиет- әріптен басталады” деген пікірді оқып қалып авторын іздестірдім. Ол - Дидар Амантай екен, әрине, жазушы жазба әдебиетін айтып отырғаны анық. Өзінің “Әдебиет - әріп” атты мақаласында: «Қалам ұстап үйрену, тегінде - жазудың сол замандағы тәртібін, низамын меңгеру, сосын қалыптасқан машықты игерген соң сара жолдың жеткен мұратына ары, жаңа мақсаттарға қол созу деп білеміз. Мәдениетті қалам ешқашан жалған пафосқа жоламайды, өзіне пана, қорғаушы іздемейді, ол қашанда ағып жатқан өзен тәрізді өз тыныштығынан айырылмайды. Жақсы мәтін сабырға жүгінеді . . . Проза кәсіп түріне айналды. Бірақ, мәтінді тез жазып, соңына, нәтижеге асыққан шығармашылық тасқа басылып алдына түскен, мұқабаға түптелген қалың мәтінді қайта мұқият оқығанда, тәртіп сақтап маржандай тізілген әрбір өркениет сөзінен әрнеге алаңдаған қаламның қауырт жүрісін, өкініштің сұлбасын, сөйлемдердің жансыз табиғатын, мұратынан адасқан ойдың сілемдерін, технология іздерін көріп тұрады . . . »- дейді. Бұл жерде қолына қалам алып жазушы болғысы келетіндердің аса сақ болу керектігі және эстетикалық, этикалық ерекше дүниені жазуға ұмтылу керектігін жазады. Сонымен қатар прозаның қазіргі кезде кәсіпке айналып, өткенмен айырмашылығы көп екендігін хабарлайды. Шынында, бұрынғы заманмен қазірді салыстыру екі түрлі әлемді салыстырғандай. Қазір қысқа әрі нұсқа дүниелер көп бағалатын секілді. Басты назарды көлемнің шағындығына бөлсек болады. Яғни прозаның ішінде көп қозғалатыны әңгіме болды. Ол оқушының тақырыпты жеңіл түсінуіне септігін тигізеді. Алайда шағын болғанымен, сюжеті жинақы, эпизодтары тартымды болуы шарт деп санаймын. Бұл еңбекке үлестерін қосып, әңгіме жанрын өрбіткендер Ыбырай Алтынсариннан басталып, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев сынды жазушылармен жалғасып келіп, кейіннен Ақберен Елгезек, Талғат Кеңесбай, Серік Сағынтай, Ерболат Әбікен жіне Дидар Амантай секілді мықты жазушылармен толықты деп айтуға болады.

Дипломдық жұмысымның тақырыбы айтып тұрғандай, кейінгі буын өкілі Дидар Амантайдың еңбектеріне тоқталып, үңіліп талдасам деймін.

1969 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Тоқтар Әубәкіров ауылында дүние келген жазушы. Көп еңбектері постмодерн бағытында болған повесть, әңгіме, роман, эссе жанрларынан. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің философия факультетін үздік бітірген (1994) ; Т. Жүргенов атындағы кино және театр институтының кинофакультетін кинодраматург мамандығы бойынша тәмамдаған(1998)

Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты (1998), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2001), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері (2006) .

Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі (2010), Америкалық академияда журналистика мектебінің 9-айлық курсын оқыған, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, «Дүйсенбіден бастаймыз» газетінің бас редакторы, 31 арнадағы «Замандастар» және «Абайтану» телевизиялық жобаларының авторы әрі жүргізушісі, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы (2009) . Алғашқы кітабы “Посткриптум” болатын, бірақ 2000 жылы “Қастерле мені” деген атпен романдар, повестер жинағы жарық көрді. Сонымен қатар “Гүлдер мен кітаптар” романы, ”Қарқаралы басында” шығармалар жинағы, ”Күзгі рандеву” повесть-әңгімелерінің авторы. Жазушының еңбектері өзге тілдерге аударылған, 2018 жылы «Әдебиет порталына» берген сұхбатында былай дейді: «Кітаптарым он бестен аса тілде, оннан аса елде жарық көрді. Жұрт жылы қабылдады. Францияда Альбер Фишлердің сыни мақаласы жарық көрді. Герольд Бельгер жаңа туындыларым туралы орысша екі мақала жазды. Олжас та қалам тартты. Мәскеулік мәдениеттанушы Алексей Давыдов, шығармашылығыма оң пікір білдірді. Шолпан Алтайбаева, француз тілінің маманы, кітабымның Парижде шыққан нұсқасын аса жоғары бағалады. Фин ақыны Юкка Малиннен де қолдады. Зәуреш Батаева ағылшын тілді мамандар жақсы қабылдағаны туралы айтып жүр. Оңтүстік Кореяда оқып жүрген бір студент шетелдік досына менің ағылшын тіліндегі кітабымды сыйлағаны туралы хабар естідім». Жазушының жан-жақты, әрі жаңашылдыққа жақын екендігін ұға аламыз. Жоғарыда айтылғандай Дидар Амантай постмодерн бағытын ұстанған және осы постмодерн бағытын қазақ прозасына алғаш алып келгердердің бірі болып саналады. Өзі: “Модерн - түрлі модернистік әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Постмодернистік деген нақты жазу мәнері жоқ. Бірақ, жалпы сипаты туралы әңгіме қозғауға болады. Постмодерн сипатының бірі - пәнаралық ғылымдардың қалыптасуы: биохимия, әлеуметтік психология, саяси экономия, қоғам дамуының математикалық үлгісі. «Постмодерн құбылысы модернді, мән-мағына тұрғысында, жойған немесе терістеген кезде дүниеге келеді», - деген постулат, қағида бар болса да, шын мәнінде, өмірде, әдебиетте екеуі де - қиылысатын параллель сызықтар тәрізді: өз аудиториясы шеңберінде тіршілік кеше береді. Яғни, бұл тұста, керісінше, бірін-бірі толықтырады” - деп постмодернді талдайды. Енді өзімізге сұрақ қойсақ “постмодернизм, постмодерн деген не?”. Дидар Амантай жеткілікті мәлімет беріп, жалпақ тілмен: “постмодернизм - біз өмір сүріп жатқан уақыт, ал постмодерн - сол уақыттың мәдениеті” деп түсіндірген.

Әдебиетімізге постмодернизм ұғымы қалай келді, оның ерекшелігі неде деген сұрақтарды қойғанда, бір өзге әлем сынды көрінді. Бірақ адамдардың өзі тек бір бағытта дамымайды, яғни әдебиет әрдайым түрленіп, жаңарып отырады, алдыңғысы кейінгісімен ысырылатыны да бар. “Адамды заманы билейді” демекші, заманға қарай әдебиетте өзгеріп келеді. Бір тенденцияны таныдым деп жатқанда, жаңасының туындап жатқанына куәгер боласың. Қазіргі уақытта өзімдей дамып келе жатқан, жаңашылдыққа жақын, әртүрлі көзқарас, пікірлерге толы ол - постмодернизм екені анық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар
Постмодернизм ХХ ғасырдың ағымы
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
Бақытжан Майтанов. Қазіргі қазақ поэзиясы және постмодернизм
Әдеби ағымдар мен әдеби бағыттардың зерттелу тарихы
Қазақ сурет өнеріндегі фотореализм және гиперреализм бағытын ұстанатын суретшілер
Аслан Жақсылықовтың өмірі мен шығармашылығы
А. Жақсылықов прозасындағы постмодернисттік сипаттар
Әдебиет сабағындағы романтизм және реализм әдістері
Қазақ әдебиеті және интермәтін түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz