Қалдықтардың ерекшеліктері
ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қалдықтар, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері
Орындаған: Болатов Рамиль
Тобы: 22-БЧСК-1
Тексерген: Жаманбаева М. К.
Өскемен
2023 ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Қалдықтардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Қазақстанның қалдықтармен ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Әлем мемлекеттері қоқысқа қарсы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Шешім бар ма? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Жер бетіндегі жеті миллиардтан астам адам үшін маңызды экологиялық, ғаламдық мәселенің бірі - қалдықтар. Оның түрлері мен қоршаған ортаға қаупі қаншалықты маңызды болса, уақытында тазартып, жойып отыру да кезек күттірмейтін жұмыс.
Технологиялық прогрестің нәтижесінде көп нәрсе қолжетімді. Солардың ішінде жүздеген жылдан астам уақыт өмір сүре алатын полиэтилен пакеттері, пластикалық бөтелкелер бар. Дүниежүзілік банктің есебінше, 2050 жылға қарай әлемдегі тұрмыстық қалдықтың көлемі 3,4 млрд тоннаға жетеді. Бұл келешекте Жер планетасының үлкен қоқыс полигонына айналатынын білдіреді. Бірқатар дамушы елдерде қалдықты бөліп жинау мәдениеті әлі күнге жолға қойылмаған. Өкінішке қарай, бұл қатарда Қазақстан да бар. Елдегі қоқыс полигондарының жағдайы қалай? Әлем елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, қалдықтарға қарсы қандай шаралар қолданылуда? Сараптап көрейік.
Қалдықтардың ерекшеліктері
Сарапшылар қалдықтарды пайда болуына қарай, тұрмыстық, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, радиоактивті деп бөліп қарастырады. Тұрмыстық қатты қалдықтардың құрамына тағам қалдықтары, қағаз, металл сынықтары, резеңке, шыны, ағаш, мата, пластикалық және синтетикалық қалдықтар кіреді. Атмосфералық тұнбалар, қоқыстардың өрт салдарынан еруі тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында физика-химиялық және биохимиялық үрдістердің жүруіне әсерін тигізеді. Яғни, қалдықтарды сақтағанда сұйық, қатты және газ тәрізді көптеген улы химикаттар пайда болады. Бұл биосфераға және адамзат өміріне үлкен қауіп төндіреді, қоқыстардың қоршаған ортаға биогендік әсерінің нәтижесінде жәндіктер, құстар, кеміргіштер арқылы бактериялар мен вирустар үлкен қашықтықтарға тарайды. Сондай-ақ мамандардың айтуынша, сұйық өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар топырақ және өсімдік қабатын, жер асты суларын улы заттармен жоғары деңгейде концентрациялайды.
Қоқыстың сақталу ұзақтығы бірнеше жүз жылға дейін баратынын атап өттік. Соның ішінде газет, картон қағаздар - 3 ай, ағаш тақтайшалар, аяқ киімдер мен банкалар - 10 жыл, темір бөлшектер - 20 жыл, сағыз - 30 жыл, автомобиль батареялары - 100 жыл, полиэтилен пакеттері - 100-200 жыл, пластикалық бөтелкелер - 200 жыл, балаларға арналған бір реттік жаялықтар - 300-500 жыл, шыныдан жасалған бұйымдар - 1000 жылдан астам уақытқа дейін шірімей, жата береді. Олар ұзақ сақталған сайын ауаға сіңіп, өздері байқамаса да, адамдарда, әсіресе, әйелдер мен балаларда түрлі ауруды тудырады.
Қазақстанның қалдықтармен ластануы
2019 жылы елде ұйымдастырылған экологиялық мониторингтің нәтижесінде Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен қалаларында атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі анықталған. Ал 2020 жылы елдегі 3,2 мың полигонда 125 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Жыл сайын 5 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар қалыптасады. Коммуналдық қалдықтар көлемі жыл сайын өсуде. Бізде полигондардың қуаты іс жүзінде таусылған, олардың басым бөлігі экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, өңірлерде қоқыс өңдейтін тиісті инфрақұрылым жоқ, - дейді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев. Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі 15 процентке дейін артқан. Алайда, бұл жеткіліксіз. Себебі дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30 проценттен асып түседі.
Мәселен, жыл сайын елімізде 4,3 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналып, соның небары 12 процентке жуығы ғана қайта өңделеді. Қалғаны қоқыс полигондарына көміледі екен. Елімізде тұрмыстық қалдық тасталатын 3 520 полигон бар, соның 18 проценті ғана тиісті талапты сақтауда. Қоғам белсенділері және экологтар заңсыз қоқыс алаңдарының азаймағанын айтып, дабыл қағып жатқаны тегін емес. Өндірістік және тұтыну қалдықтары тасталатын орын саны 17 934-ке жеткенімен, осы полигондардың дені санитарлық талаптар мен экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді.
Алдағы жылдары елімізде сұрыпталмаған қоқысты көмуге жаппай тыйым салынбақшы. Жалпы сарапшылардың дерегінше, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар екені анықталған.
- Автокөлік шинасын жерге көмсек, 150 жылға дейін шірімейді. Ал осындай дөңгелектің 1 тоннасын өртесе, ауаға 250 келі күл тарап, 450 келі уытты газ бөлінеді екен. Енді экологиялық заң бойынша барлық ұйым шиналарды арнайы кәдеге жарату орындарына тапсырады. Ал жеке тұлғаларға оның әр келісі үшін 5 теңгеден ақы төлеу де қарастырылған. Қызылордада әзірге автокөліктің ескі доңғалағын қайта пайдаға жарататын бір ғана өндіріс бар. Онда спорт алаңдарына арналған резеңке үгінділері мен су түтікшелері шығады. Сондықтан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz