Киіктер табиғат сыйы


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университкті

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

“Экология” кафедрасы.

Өндірістік практика бойынша есеп

“5В060800-Экология” мамандығы

Орындаған :Дүйсенбек Жайнагүл

Тобы : Экология 31

Нұр-сұлтан 2022 ж.

Жалпы өндірістік практикасының жоспары:

Кіріспе

  1. Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері
  2. Өндіріс орнындағы қауіпсіздік ережелері

Негізгі бөлім

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі “ Алтын дала” РММ
  2. Биоалуантүрлікті сақтау. Киіктер табиғат сыйы

Қорытынды.

Кіріспе

  1. Өндірістік практиканың мақсаты:

Орталық Қазақстанның солтүстік шөл даласының және шөлейтті далаларының экожүйесін, биоалунтүрлілігін сақтау. Еліміздің ең ірі Бетпақдала киіктерінің популяциясын, олардың көшіп-қонуын негзгі төлдеу, қыстау, шоғырлану, орындарын сақтау. Аймақтағы ең ірі түпкілікті орнитологиялық аумақ болып танылған Сарықопа тұщы сулы көлдерінің бірегей жүйесін сақтау.

Өндірістік практиканың міндеті:

«Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының негізгі жұмыс бағыты, қоршаған ортаны қорғау, табиғаттың байлығын келешек ұрпаққа сақтап қалу. Осы мақсатта табиғи кешенді қалпына келтіру және мониторинг бөлімінің мамандары жыл сайын Қыс айында жануарлардың қысқы есебін жүргізеді.

  1. Өндірістік практика орнындағы қауіпсіздік ережелері.

1. тыныштық пен тыныштықты бұзу,

2. жартастарға, ағаштарға ою немесе жазулар жасауға, тастарды лақтыруға және төгуге;

3. трассадағы баспалдақтарды, тұтқаларды, орындықтарды, ақпараттық тақталарды, белгілерді және басқа жабдықтарды зақымдау;

4. су режимін бұзуға және орман алқабын жыртуға;

5. ағаштардың, өсімдіктердің тұқымдары мен көшеттерін жинауға, табиғатта тіршілік ететін жануарларды ұстауға;

6. орманда темекі шегуге, от жағуға, шатыр тігуге, түнеу немесе тоқтау ұйымдастыру;

Негізгі бөлім.

Биоалуантүрлікті сақтау. Ақбөкендер табиғат сыйы.

Мен Дүйсенбек Жайнагүл Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экология мамандығы бойынша 3 курс студентімін. Қазіргі таңда “Алтын дала” мемлекеттік резерватында өндірістік практикадан өтіп жатырмын

"Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты - Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан резерват. 2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №1496 қаулысымен жаңадан "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты ұйымдастырылды. "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерватының жер көлемі - 489 766 га алқапты қамтиды. Бұл табиғи резерват Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан далалы, шөлейтті, шөлді, шалғынды және сулы батпақты алқаптардың табиғи экожүйелері мен ландшафтылық ерекшеліктерін және еліміздегі ақбөкендердің бетпақдала популяциясын қорғауды көздейді. Еліміздің ең ірі Бетпақдала киіктерінің популяциясын, олардың көшіп-қонуын негзгі төлдеу, қыстау, шоғырлану, орындарын сақтау. Ақбөкендер - Қазақстан даласында мекендейтін дала бөкендері. Еліміздегі олардың саны 1992 жылдан 2003 жылға дейін 50 есе азайды, шамамен 1 миллионнан 20 мыңнан астамға дейін. 2002 жылы киіктерді жойылып кету қаупі бар түрлерге жатқызды. Ғалымдардың айтуынша, еліміздегі 150 мың ақбөкеннің қырылуына ауа райының өзгеріске ұшырауы және жұқпалы індеттің кең таралуы себеп болған. Биыл зерттеушілер «дала аруларының» мынадай қырылуларын олардың тыныс алу жолындағы қауіпті бактериялардың шамадан тыс көбейіп кетуінен көріп отыр. Мұны ғалымдар да құптады. Өйткені, ауа райының күрт өзгеріске ұшырауы, яғни қыстың қаттылығы мен көктемгі кездің дымқыл келуі жануарлар ағзасындағы теріс ауытқушылыққа негізгі себепші болады екен. Ұлыбритания мамандарының айтуынша, жануарлардың қырылу эпидемиясы ауа температурасының күрт төмендеуінен және теңіз дауылы салдарынан орын алады. Шетелдік зоологтар сондай-ақ, киіктерде пастерелез ауруын алдын алуға бағытталған әдістер Қазақстанда жоқтың қасы дегенді алға тартады. Сонымен қатар, олар жануарларды егу жұмыстарының механизмі елімізде құрылмаған көрінеді. Енді шетелдік ақпарат көздері дерегіне жүгінсек, 25 жылға жетпейтін уақыт ішінде браконьерлер әлемдегі киіктің 95 пайызына жуығын қырып жіберген екен. Осының салдарынан аталған жануарлар мүлде жойылып кетуге шақ қалып тұр. ”Алтын дала” табиғи резерватының негізі бағыты осы ақбөкендерімізді қорғап, көбейту жұмыстарына арналады

Һ

. Өндірістік практикадан өту барысында “Алтын дала” МТР РММ-нің мониторинг маманы : М. Ерғалиевтен сұхбат алған болатынмын. "Киіктердің төлдеу мерзіміндегі ерекшеліктері"

«Құралай салқыны» жайлы не білеміз?

Мамыр айының орта кезінде даланың еркесі- ақбөкен төлдей бастайды. Дәл осы уақытпен тұспа- тұс, яғни жаңа төл аяққа тұрып кеткенше, ауа-райы құбылмалы бола бастайды. Мұны қазақ «Құралай салқыны», «Құралай желі» деп атап кеткен. «Құралайдың салқыны» кезінде ауа-райы күрт өзгеріп бұзылады. Жел тұрып, жанбыр жауады. Осы шақта аналықтар төлдеу уақыты жеткенін түсінеді. Әбден әлсірегенше желге қатты жүгіріп толғағын шығарады. Қолайсыз ауа-райы жаңа туған құралайды жыртқыштардан қорғайды. Ал соққан жел төлдің аяқтанып кетуіне мүмкіндік береді және кіндігінің тез түсуіне әсер етеді. Табиғаттың бұл құбылысы мамыр айының екінші жартысымен тұспа-тұс келеді. Ол бір аптадан он күнге дейін созылады. Бір ғажабы, киік қанша көп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп үлгереді екен. Түз жануарларының тез төлдеуінің бір сыры- аналық киіктер кез келген құралайды емізіп, бауырына ала беретін көрінеді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмайтыны осыдан болса керек. Бір қызығы, даланың нәзік еркелеріне құмар жыртқыштардың дәл осы «Құралай салқыны» кезінде тәбеті қашып, етке жақындай алмай қалады екен. Құралайлар аяққа тұрып кеткен кезде ғана жыртқыштардың етке деген тәбеті қайта оралады. Сондай- ақ, көктемнің соңында, тек мамырдың 22-28-і күндері «түйетабан» деп аталатын өсімдікті көруге болады. Кереметтігі сонда- оның аса үлкен жасылдау-қызғылт түсті жапырақтары жаңа туған киік құралайын жасырып тұрады екен. Солайша қырағы бүркіттердің өзі табиғаттың қорғауында жатқан құралайды көре алмайтын көрінеді. Сөйтіп, құралайлар аяғынан тұрысымен- ақ, әлгі «түйетабан» өсімдігі келесі көктемге дейін жоғалып кетеді екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық проблемалар туралы мәлімет
Жер-су аттары
Тұяқты жануарлар
Табиғат - тал бесігім
Шөлейт зонаның климаты даламен салыстырғанда құрғақ
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватындағы сүтқоректілердің көптүрлілігі мен қорғау шаралары
Балқаш аңызы және атауы
Қазақстанның Қызыл кітабы туралы
Ақбөкен
Қазақстанда мекендейтін кәсіби жануар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz