Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

ЖОО-ның қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының студенттеріне педагогикалық практиканы ұйымдастыру

КІРІСПЕ
1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1. Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімдерін дайындаудың ерекшеліктері
1. 2. Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практиканың тарихи-
педагогикалық сипаттамасы
2. ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІН ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ
МАҢЫЗЫ
2. 1. Мектепте болашақ мұғалімдердің педагогикалық практикасын
кешенді ұйымдастыру жолдары

2. 2. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жоғары оқу орындарында міндетті түрде жүргізілетін педагогикалық практиканың қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасында оқитын студенттер үшін маңызы мен мәселелері талданады. Педагогикалық практиканың ұйымдастыру жолдары мен студенттерді практика кезінде білікті маман етіп шығарудың ерекшеліктері мәселесі көтеріледу.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында Қ. К. Тоқаев: «Азаматтардың сауаттылығы мен цифрлы біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл құжатта бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу нәтижелерін мойындау, кәсіби дағдыларды сертификаттау мәселелерін қарастыру қажет. Сонымен бірге біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн», - деп жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде мамандарды дайындауда еңбек нарығынның сұраныстарын қанағаттандыратын білікті мамандарды дайындау қажеттілігі айтылған болатын. [1] .

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - делінген. Елбасы қол қойған мемлекетік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден педагогтың кәсіби білімін арттыру, екіншіден, жоғары оқу орындары студенттеріне қойылатын талаптарды күшейту басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан педагогикалық білімі бар маманның кәсіптік-педагогикалық шеберліктерін шыңдаудың педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын және ерекшеліктерін зерттеу айырықша мәнге ие.

Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім беру барысында жасөспірімдердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде қалыптасуын және оның танымдық әрекетімен, ой-санасын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Себебі, жасөспірім - бұл болашақ маман. Осы тұрыдан алғанда, қазақ тілі мен әдебиетінен беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де өзекті істің бірі болып табылатыны анық. Адамның жекебас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі осы бастауышта құрылатыны педагоктердің де, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға - мұғалім. Педагогикалық үрдіде орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни оқушымен дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және теориялық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың бірі.

Педагогикалық институттарда териялық білім берумен қатар педагогикалық практиканы қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде, педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол.

Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма - педагогикалық практика. Ресей жазушысы В. Афанасьев: «Теория мен практиканың айырмашылығы - тәжірибеде. Теория деген не? Өткен ұрпақтардың жинаған іс-тәжірибесі. Практика деген не? Өзіміз жинақтайтын іс-тәжірибе. Теорияны да, тәжірибені де ескерген жөн. Теориямен нығайтылмаған тәжірибе ешқашанда тиімді болмайды, қандай тақырыпта сөз қозғалса да» - деп айтқан.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Педагогикалық практика кәсіптік оқыту педагогының кәсiби даярлығы жүйесiнде келесі маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық; дамытушылық; тәрбиелiк; диагностикалық. Осыған орай кәсіптік мектептегі педагогикалық практика университеттегi теориялық оқыту мен студенттердiң оқу-тәрбие мекемелерiндегi өзiндiк жұмысы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, студенттердi алғашқы, әрi өте құнды педагогикалық iс-әрекет тәжiрибесiмен қаруландырады, теориялық бiлiмдердi бекіту мен тереңдету құралы ретiнде қарастырылып отырады.
Практика ұғымының философия, психология, педагогика ғылымдарында өзіндік қалыптасу тарихы болғандықтан теориялық талдау мен практиканың рөлі жөнінде В. И. Лениннің, К. Маркстің, Ф. Энгельстің, И. Т. Фроловтың, Ә. Нысанбаевтың, Д. Кішібековтердің еңбектерінде философиялық тұрғыда теория мен практика ұғымдарының мәні талданып, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Б. Ф. Ломов, Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, Н. К. Вахтомин, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, Қ. Б. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Х. Шериязданова, С. М. Жақыпов және т. б. еңбектерінде практика таным процесінде ақиқатқа жетудің көзі деген тұжырымдар жасалған.
А. В. Усова, Г. А. Бакулина, Е. Б. Весна, Ш. А. Абдраман, О. А. Абдуллина, В. А. Сластенин, С. Я. Батышев, Б. К. Момынбаев, В. В. Егоров, Б. Ә. Әбдiкәрiмов, Н. Д. Хмель, Н. В. Кузьмина, Л. К. Керімов, Т. П. Смолкина, А. А. Калюжный, Г. К. Нұрғалиева, Б. Р. Елманова, А. И. Пискунов, С. Яковлев, Б. Р. Айтмамбетова, Қ. Қ. Шалғынбаева, Л. И. Гусев, Г. К. Байдельдинова, Н. Иванова және т. б. ғалымдар жоғары мектеп педагогикасында педагогикалық практиканың орны мен маңызы туралы, А. И. Щербаков, В. В. Воробьева, Г. И. Михалевская, А. И. Панталеева және т. б. жалпы теориялық мәселелері, мазмұны, ұйымдастыру әдістері; А. П. Упорова, Н. А. Шамков, М. К. Танасейчук, Н. Е. Жақсылықова, Г. М. Сарсенбаева, А. Б. Бекманова практиканың оқу процесі мен студенттердің өзіндік жұмыстарындағы рөлін және орнын анықтау; В. А. Радионова, А. Ф. Линенко, К. С. Төребаева, А. Б. Нургожина, К. Әбдімәжитұлы, К. І. Аманқұлов, А. И. Балабаева, С. А. Жолдасбекова кәсіби маман даярлауды жетілдіру; Н. З. Еловая, В. К. Розов, С. Ш. Әбенбаев және т. б топ кураторы профессиограммасын құрастыру туралы ғылыми зерттеулер жүргізілген болатын. Сонымен бірге А. П. Сейтешев педагогикалық практиканы теориялық білімдерін, педагогикалық іскерліктері және дағдылармен ұштастырып, кәсіби сапаларды қалыптастырушы маңызды алғышарты ретінде көрсеткен. Зерттеу барысында аталған ғалымдардың еңбектері мен педагогикалық практиканы жетілдіру туралы ғылыми тұжырымдары басшылыққа алынды.

Орыстың белгілі ғалымдары, тіпті сонау Крупская Н. К. [2], К. Д. Ушинскийден [3] бастап, кеңестік дәуірде Сухамлинский В. А. [4], Каменский Я. А. [5] . А. С. Макаренка [6] т. б. атақты педагог классиктердің бәрі де жоғары оқу орынында білім мен біліктілікті жетілдірудің және мұғалім кадрлердің болашақтағы өз ісіне дайын болуының негізі педагогикалық практиканың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты екенін атап айтқан. Солай бола тұрғанмен, әрбір мамандықты дайындауға арналған педагогикалық практиканың өзіндік ерекшелігі, мазмұны, жүйесі бар.
Ғалым педагогтар, психолог, әдіскерлер: О. А. Абдуллин [7], Б. Р. Айтмамбетов [8], А. Е. Әбілқасымова [9], Л. К. Керімов [10], Н. Д. Хмель [12], Халықова К. З. [11], Қ. Әбдіжамитұлы [13] педагогикалық практиканың мақсатын, мәнін зерттеу барысында оны жастарды мұғалімдік қызметке дайындаудың бірден-бір үрдісі ретінде дәлелдейді. Бұл зерттеулердің әр қайсысы мұғалім дайындау мәселесінің әр саласына арналған. Бірі педагогикалық практика кезіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының жүйесін ашса, енді бірі студенттерді маман етіп дайындауда педагогикалық практиканың білімдік, тәрбиелік мәнін жүйелеуге арналып жазылған болатын.

Магистрлік зерттеу жұмысының мақсаты.
педагогикалық практика барысында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін қазіргі талапқа сай кәсіби шеберлікке баулудың педагогикалық және әдістемелік негізін жасау.

Магистрлік зерттеу жұмысының объктісі: педагогикалық институттарда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін дайындау процесі.

Жұмыстың міндеттері: педагогикалық институтта мұғалім кадрларды дайындаудың әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін жетілдірумен айналысудың даму тарихымен танысып, оны ғылыми тұрғыда тұжырымдау негізінде алдыңғы қатарлы әс-тәжірибелерді анықтау.

- Қазақстан мектептеріндегі педагогикалық практиканың қазіргі жағдайын саралап, кездескен кемшіліктерді жоюдың жолын ұсыну;

- педагогикалық практика барысында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастырудың бағдарламасын жасау;

- мектептегі педагогикалық практиканың алдын-ала жүргізілетін жұмыс түрлерінің жүйесін жасау;

- қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін баулудың әдістемелік нұсқауын эксперимент нәтижесінде ұсыну;

Жұмыстың әдістері:

- мектептегі және педагогикалық институттарда білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;

- жоғары білімді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындауға арналған білім стандартының мазмұнын жасау;

- педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспа материалдарымен танысу, оларға талдау жасау;

- мектеп бағдарламасына, оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларға шолу;

- педагогикалық институттың педагогикалық практикаға арналған оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және әдістемелік нұсқауларымен танысу;

- мектеп оқушыларына студенттердің өткізетін педагогикалық практикасының мазмұнымен, құрылысымен, оны ұйымдастырудың түрлерімен және әдістерімен танысу;

- педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу және сауалнамалар жүргізу;

- мектептегі оқу процесін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелерімен танысу;

- педагогикалық институттағы педпрактиканың алдынала жүргізілетін жұмыстардың мазмұнымен танысу;

Жұмыстың методологиялық негізі: таным, баулу ұғымдарының ғылыми философиялық негізі, теория мен практиканың өзара байланысы, болашақ мамандардың кәсіби шеберлігі туралы педагогикалық, психологиялық еңбектердегі жекебас қасиеттерін дамыту және оларды шығармашылыққа баулу туралы қағидалар.

Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, төрт бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімдерін дайындаудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің: ұлттық мақтаныш, патриоттық сезім, адамдарға гумандық қарым-қатынас, ұлттық үрдістегі өзіндік мәдениетін сыйлауды, адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасуын талап етеді. Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының жеке тұлғасын тәрбиелеуші ретінде қалыптастырудың жаңа тәсілінің дәріптелуін, кәсіптік-педагогикалық білім берудің заман талабына сай жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуін, тұлғаның қоғам дамуының белгілі бір деңгейге жетуін талап етеді. Осы мәселелердің іске асуы жоғары оқу орындарында кәсіптік мектептерде педагогикалық практиканы өткізудің дұрыс жолға қойылуына тәуелді. Әзірге, жалпы тәрбие мәселесі, оның ішінде педагогикалық практика білім беру процесімен, оның мазмұнымен, жаңа бағдарламалармен, оқулықтармен, оқыту технологияларымен шектеліп отыр. Тәрбие мәселесінің кәсіптік жоғары оқу орындарында көлеңкеде қалып қойғаны жөнінде айта кеткен жөн. Қазіргі қалыптасқан жағдай екі әртүрлі, бірақ өзара байланысқан оқыту мен тәрбиелеу процесін бір «білім беру» терминіне біріктіреді. Соның нәтижесінде жалпы тәрбие процесі, оның ішінде педагогикалық практика барысындағы тәрбие мәселесі назардан тыс қалып қойды. Егер білім берудің құраушылары үнемі жаңаланып отыратын білім беру жүйесімен байланысты мазмұнды танымдық контекске бағытталған болса, онда тәрбие құраушылары жеке тұлғаның құндылық құрамына, оның адамгершілік, рухани мәдениетіне бағытталған кәсіптік мектеп тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын қанағаттанарлық деп есептеуге болмайды, ол кәсіптік мектеп оқушыларына тәрбиенің жеткіліксіздігімен тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының жарық көруі, осыған орай мектеп бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, оқушыларды дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман дайындау ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр.
Білім мен тәрбиенің байланысын диалектикалық тұрғыдан үнемі дамуда және бір-бірімен байланыста түсініп, осы үрдістегі күрделі мәселелерді дидактикалық бағдарда шеше білетін маманның тұлғасы педагогикалық практика кезінде қалыптасады.

Қазіргі кезеңде ғылымда және білім беру жүйесінде интеграция процестерінің жедел жүзеге асуының маңыздылығы тұсында, таныиның диалектикалық бірлігі және шындықтың қайта құрылуының маңыздылығы арта түскені сөзсіз.

Педагогикалық практика әр түрлі, әсіресе интегралды, кешенді білімді қолдануды қажет етеді, сондықтан оны қолданудың соңғы нәтижесі жаңа білім алу және жаңа іскерлікке үйрену болып табылады. Педагоктік мамандықтың мәнін тану және меңгеру ұзақ уақытты керек етеді де, әлеуметтік дамудың әрбір кезеңінде оқу-ағарту ісіне жаңа талаптар мен міндеттер қойылған сайын жаңарып, жасарып, дамып, шарықтап отырады.

Қандай да болмасын маман дайындау мәселесінің нәтижелілігі теориялық білім мен практикалық іскерліктің қабысуынан келіп туындайтыны белгілі. Осыған байланысты педагогикалық практиканың негізгі міндеті студенттің педагогикалық ойын дамытып, іскерлігін шыңдау.

Педагогикалық практика студенттердің өзін-өзі дамытуына, ізденуіне, өз икемдігі мен талантын анықтауына да көмектеседі. Себебі, қазіргі таңда педагоктер алдына қойылып отырған талаптардың басты бір саласы - мұғалімнің, жалпы адамның өзін-өзі бағалай білуі. Сырттан біреудің берген бағасынан гөрі адамның ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін есептей отырып, өзін-өзі анықтауы оның бойындағы күш-қуатты шығарып қана қоймай, білімі мен тәжірибесін орынды жерінде, тиімді пайдалануына жағдай туғызады.

Педагогикалық практика мамандық бойынша оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлерін саралауға, іріктеуге, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді тиімді қолдануға да үйретеді. Мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесінің оңтайлы, қолайлы, жаңа түрлерін бақылай білуге, анықтауға, бағалауға, талдауға, қорытынды жасауға да бейімделеді. Басқа педагоктің жұмысындағы жақсы жақтарын көре білу үлкен дайындықты, мұғалімдік этиканы, мәдениеттілікті, білімділікті талап етеді.

Өз ісін жете білетін маман дайындауда педагогикалық практиканың алатын орнын айтып қана қоймай, оның ішкі мазмұнын түпкі мақсатын түсінген педагоктер бұл туралы өз пікірлерін ертеден-ақ ортаға салып, дамытып келеді. С. Т. Шацкий “Жас мұғалімдер өмірмен байланысты педагогикалық ортада үйрену керек. Жастар үшін академиялық қажеттілікпен шектелу және практикалық қызметке сырттай бақылаушы ретінде қарау зиянды. Өз күшімізді байқау үшін курстардың арнайы жағдайларында пайда болған идеяларды тексеріп көруді дамытуымыз керек”-деп, атап көрсетті [11, 69] . Осы сияқты Ресейдің әлеуметтік тәрбие беру Академиясын басқарған белгілі педагог П. П. Блонский де өз естелігінде “Тек лекциялар мен кітаптар арқылы ғана педагогикаға үйрену мүмкін емес, сонымен бірге практика қажет, бірақ ол дәл көшірме емес, шығармашылық және саналы түрде түсіну тұрғысынан болуы керек”-деп жазып кеткен болатын [12, 75] . Сонымен қатар, Н. П. Блонский теориялық білім мен практикалық процестің үйлесімді бірлікті болуын жақтады. Осы бағыттың жалғасын қазіргі көрнекті ғалымдар О. А. Абдуллина [14], Ю. К. Бабанский [15], Н. И. Болдырев [16], И. В. Кузмина [17], Б. Я. Гудзенко [18], В. А. Сластенин [19], т. б. еңбектерінен де кездестіруге болады.

Практика таным әдісінің өзі болып есептеледі. Шындығында, студенттер практика кезінде өмірден байқағанын тікелей пайымдау, мақсатты түрде бақылау, талдау, жинақтау, дерексіздендіру және тағы басқа педагогикалық жағдайларды бастан кешіруге мүмкіндік алады.

Практика жалпы адамзаттық танымда оның бастапқы да, соңғы да кезеңі болып табылады. Кез-келген ғылым саласына маман дайындауда да практика осындай қызмет атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде танымның концепциясын әр-түрлі түсіндіру жиі кездеседі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ғылыми ұғымдар, түсініктер тәжірибеден тумайды, алдымен жоспары жасалып, теориямен бекітілген болжамдар ұсынылады, содан соң ол тәжірибеде тексерілед, қарастырылады.

Студенттің танымы мектеп өмірінен басталып, көркем шығармалар оқуға, деректі ғылыми білімдер алуға, кинофильмдер көруге, сондай-ақ, институтта алған білімдері мен қоршаған ортадан әсер еткен жағдайларға және тәрбие нәтижелеріне тікелей байланысты. Студенттің танымын кеңейтіп, бұрын алған білімдері мен жинақталған тәжірибелерін іс жүзінде қолдану арқылы кәсіби шеберлікке төселуінің бірден-бір жолы педагогикалық практика екені сөзсіз.

Методологиялық білімнің абстрактілі негізі жанама немесе тікелей практикаға бағытталатынын атап өткен жөн. Студент мұғалімнің оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу процесін талдай отырып, бастапқы кезде, өзі әлі оқу-тәрбие іс-шараларын жүргізбей тұрып, алған теориялық білімін салыстырады, оны іс жүзінде қолданудың жолын үйренеді. Сөйтіп, білімін практикада қолдана білу мүмкіндігін тексереді. Ал, педагогикалық практика болашақ педагоктің жеке тұлғасын қалыптастырудағы қоғамдық, әлеуметтік факторлардың арақатынасын түсінуге, оқытудың дәстүрлі уақыт талаптарына төтеп беретін және танымның қазіргі деңгейін көрсететін жаңа байланысын жасау үшін тиімді жағдай жасайды. Педагогикалық практиканы студенттердің педагогикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде оның танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ олардың теориялық білімін бекіту мен тереңдету құралы ретінде құрастыруға нақты болады.

Педагогикалық институттарда маман дайындау мәселесінің жаңа бағыт, жаңа мазмұн, жаңа мақсатқа ие болуына байланысты, қазіргі таңда жоғары оқу орындарында мектептерге мұғалім мамандарды дайындау күрделі де, жауапты да істердің біріне айналып отыр.

Нормативтік құжаттар бойынша жоғары оқу орнына келген студенттер алғашқы күннен бастап-ақ, педагогикалық, психологиялық арнаулы пәндер теориясымен қатар жеке пәндер әдістемесін оқып, семинарлық, практикалық сабақтар барысында мұғалімдік жұмыстың қыры мен сырына төселе бастайды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің негізгі іс-әрекеттерімен танысып қана қоймай, сабақ және тәрбие жұмыстарының жоспарларын жасайды.

Студенттердің институт қабырғасында алған теориялық және практикалық білімдері үшінші курстан бастап педагогикалық практикамен жалғасады. Бұл қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін дайындауға бүртұтас үрдіс ретінде қарап, педагогикалық практика барысында студенттердің білім берудегі тек әдістемелік дағдысын қалыптастыруға көңіл бөліп қана қоймай, олардың теориялық білімін көтеру, тәрбие мен оқытудың дидактикалық жүйесін меңгеру мүмкіндігін жетілдіру, сол арқылы кәсіптік шеберліктерін дамытуды педагогикалық, психологиялық тұрғыдан негіздеудің керектігін анықтайды.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін өз дәрежесінде шешу үшін ең алдымен адам жайындағы ғылым салаларын меңгеріп, күнбе-күн жедел қарқынмен өсіп, дамып отыратын жасөспірімдердің анатомиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, өз іс-әрекетінде осы ерекшеліктерді ескере білетіндей, дәрежеге жетуі тиіс. Сонда ғана мұғалім оқушылармен бірлестікте жұмыс істеу тәсілін меңгеріп, олармен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алады.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әмбебап білім иесі болу керек деген пікіріміздің дәлелі - адам өмірінің бүкіл алдағы кезеңдеріне білім жағынан да, мінез құлық ұйытқысының қалыптасуы тұрғысынан да негіз боларлықтай іргетасы оқушылар бойында бастауыш сыныптан бастап негізін алады. Оны мықты етіп қалау мен негіздеу, саналы, білімді, жан-жақты дамыған, қоғамда болып жатқан өзгерістерге тез икемделгіш, кәсіби шеберлігі қалыптасқан, оқушылардың психологиялық ерекшелігін жете білетін маман өз ісінің нағыз шебері екенін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Зәки Уәлиди Тоған
Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz