Қазақтың әншілік дәстүрі Алматы АРЫС


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӘНШІЛІК ДӘСТҮРІ
МАЗМҰНЫ
Батыс Қазақстан өңірі дәстүрлі ән өнерінің тарихи-әлеуметтік
мән-мағынасы . . . 12
1. 2 Батыс Қазақстан әншілік дәстүрінің атақты мектептері, орындаушылары, жеткізушілері . . . 14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Әр халықтың ұлттық мәдениеті ертеден келе жатқан өзіне тән өнері, дәстүрлі жыр-күйлері, әдет-ғұрпы, тұрмыстық салт-дәстүрлері негізінде жетілетіні белгілі. Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтың дәстүрлі музыка мәдениетінің түрлерін жинақтап зерделеудің, оның тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесін зерделей отырып, негіздеу, сұрыпталған рухани мұраны келер ұрпаққа жеткізу әрбір ұлттық нышаны қалыптасқан өнер зерттеушінің қасиетті міндеті деуге болады.
Әр заманда қазақ халқы өз даналығы мен тұрмыс-тіршілігін, адалдық пен адами қаситтерін өзінің рухани мұрасында қалдырған. Қазақтың музыка өнерінің тамырын зерттеп, салмақты еңбектер жазу арқылы ұлттық дәстүрімізді, соның ішінде халық әншілік дәстүрлерді зерттеген біршама ғалымдар мен қайраткерлердің еңбектері ұлттық болмысымызды қалыптастыруда бастама болды деуге толық дәлел бар. Қазақтың жыр өнерін, тұңғиық терең ой-байламдарын халық шығармашылығынан іздегенШ. Уәлихановтың, қазақ халқының әншілік өнерін жиыстырып, келешек ұрпаққа қалдырған теңдесіз еңбек қалдырған халық музыкасының зерттеушісіА. В. Затаевичтің«Қазақтың 500 әні», «Қазақтың 1000 әні» еңбектері бүгінгі күні де өз құндылығын жоймай келе жатқан жұмыстар.
Кәсіби өнертанушылық, музыкатанушылық бағыты басталғалы да аты мәлім сүбелі еңбектер жазып, ұлттық мұра қорына өз үлестерін қалдырған талай ғалымдарды, өнер зерттеушілерін білеміз. Қазақтың тұңғыш кәсіби композиторы, музыкатанушысы Ахмет Жұбанов өзінің «Замана бұлбұлдары» [1] еңбегінде әншілік-жыршылық дәстүрге ден қойып, аймақтарға бөлінген түрлі әншілік дәстүрлі мектептер мен оның негізін салушылар жөнінде мол зерттеулер қалдырған болса, Б. Ерзакович, Т. Бекхожина, Ә. Құнанбаева, Б. Ысқақов, З. Қ. ҚоспақовА. Мұхамбетова және т. б. ұлттық өнерді жан-жақты қарастырып, ерекшеліктеріне сараптама жасаған құнды еңбектер жазды. Алдыңғы буын дәстүрін жалғастырып, зерттеулер жүргізіп, қомақты үлесін қосып жүрген зерттеушілер С. Елеманова, Б. Жүсіпов, П. Шегебаев және т. б. бар.
Дегенмен, қазақтың әншілік дәстүрінің өңірлік жеріне орай, соның ішінде Батыс Қазақстан әншілік дәстүріне қатысты мәліметтердің, осы бағытты ашып жариялаған еңбектердің аздығы, дәстүрлі әнші-композиторлар мен орындаушылар, жеткізушілер жөнінде жалпы баспа жоба тақырыбын таңдау барысында белгілі болды. Батыс Қазақстан әншілік дәстүрінің түп-тамырын зерделеген, оның орындаушылық ерекшеліктерін, жергілікті сарындық, мақамдық тұрғыдан арнайы зерттеулердің аздығы ұсынылып отырған жобаның тақырыбын таңдауға түрткі болды.
Жобаның мақсаты -Батыс Қазақстан әншілік дәстүрінің өңірлік ерекшелігін сараптай отырып, атақты халық әнші-композиторлары мен орындаушылардың шығармашылығын зерделеу.
Жобаның міндеттері:
- Батыс Қазақстан әншілік дәстүрлі өнеріне қатысты өнертанушылық, музыкатанушылық еңбектерге сараптама жасау;
- Батыс Қазақстан өңірінің тарихи-әлеуметтік жағдайын зерделей отырып, әншілік дәстүрге әсерін айқындау;
- Әншілік дәстүрлі мектептердің атақты өкілдерінің шығармашылығын зерттеу;
- Әншілік дәстүрді орындаушылар мен дерек берушілер жөнінде мәліметтерді жаңалау.
Жоба болжамы - егер Батыс Қазақстан әншілік дәстүрлі өнеріне қатысты жарияланған еңбектерді саралап, ерекшеліктеріне талдама жасалып, жаңа мәліметтермен толықтырылса, ұлттық өнер құндылықтарымызға және осы бағыттағы өнертанушылық зерттеулерге қосқан шағын үлес болмақ.
Жобаның теориялық негіздері- өнертанушылық, пәлсапалық (философиялық), музыкатанушылық, тарихи деректер мен архив материалдары.
Жобаның нысаны - Батыс Қазақстан айммағының дәстүрлі ән өнері
Жобаның негізгі кезеңдері:
I кезеңде (қыркүйек-желтоқсан 2022 ж) - әншілік өнер, дәстүрлі өнер, Батыс Қазақстан аймағының әншілік дәстүрлі өнері аясында өнертанушылық, музыкатанушылық, тарихи деректер, ауызша жеткізушілердің және архив материал жинастырылды.
II кезеңде (қаңтар-наурыз 2023 ж) - деректерді жинастыру жалғастырылды. Әншілік дәстүрлі өнер туралы монография, еңбектерге талдау жасалды, Батыс Қазақстан ән өнерінің негізін қалаушылар мен орындаушылар, жеткізушілер жөнінде деректер жаңартылды.
III кезеңде (сәуір-мамыр 2023 ж) - жиналған деректі материалдарға жүйелі талдау жасалып, ой елегінен өткізілді, қосымша материалдар жинағы жасалды, CD дискіге Батыс Қазақстан әншілік дәстүрлі шығармалар жинағы құрастырылды.
Әдебиеттер:
- А. Жұбанов. Ән-күй сапары. А., «Ғылым», 1976. -186 б.
- А. Жұбанов. Заман бұлбұлдары. А., «Жазушы» 1975. -448 б.
- «Ақын-жыраулар» А., «Ғылым», 1979,
- А. В. Затаевич «Қазақтың 1000 әні» М., 1963. -366 б.
- «Бес ғасыр жырлайды» А., «Жазушы» А., 1989. -172 б.
- «Қазақ әндерінің антологиясы» (Құрастырған Ж. Кәрменов) А., «Өнер». 1991.
- Ә. Құнанбаева. «Жанровая система казахского музыкального эпоса. Опыт обоснования//Музыка эпоса». -Йошкар-Ола, 1989. -98 б.
- А. Мухамбетова. «Казахская традиционная музыка и ХХ век» А., 2002 г. -117 с.
- С. Елеманова «Казахское традиционное песенное искусство» А., 2000 г.
- Т. Бекхожина. «Қазақтың 200 әні» А., «Ғылым», 1972ж- 232 б.
- Б. Жүсіпов. «Жиделі байсын күйлері» - А., «Ғылым», 2000-288 б.
- Қазақ әндерінің антологиясы. (Құрастырған Ж. Кәрменов) . А., «Өнер», -А., 1991 ж.
- Б. Жүсіпов. «Мырзастағы жыр мектебі» А., 1992ж
- П. Шегебаев, С. Елеманова «Қазақ музыка әдебиеті» (Дәстүрлі кезең)
Астана., «Фолиант» баспасы, 2015ж. -144 б.
Әмина Нұғман. «Қазақтың әншілік дәстүрі»Алматы «АРЫС»
Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі-тамыры терең рухани мұра.
- Батыс Қазақстан өңірі дәстүрлі ән өнерінің тарихи-әлеуметтік мән-мағынасы.
Қазақ әншілік дәстүрінің тарихы қазақ тарихының құрамдас бір бөлігі, халықтың әр дәуірдегі басынан өткен рухани тіршілігінің әлеуметтік психологиясының, көңіл-күйінің айқын айғағы екендігі анық. Сондықтан халықтың әншілік дәстүрін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін халықтың тарихи тағдырынан бөле қарау мүмкін емес.
ХVIII ғасырдың алғашқы жартысынан бастап қазақ елінің біртіндеп Ресей патшалығына қосыла бастауы қазақ халқының тағдырына, әлеуметі мен мәдениетіне елеулі қзгерістер әкелді. Ең бастысы-елдің мазасын кетірген сыртқы жаулардың толассыз шабуылынан құтылды. Оның есесіне патша үкіметінің қазақ елін отарлау саясаты бұрынғыдан да үдей түсті, сонымен қоса патша қарулы күштеріне арқа сүйеген қазақ сатқындары мен мансап иелері өзара жерге таласып, осының салдарынан тарих тауқыметінің бар ауыртпашылығын көтерген жалпы халықтың күйзелуі шектен асқан еді. Осының нәтижесінде туған шаруалар көтерілісі, Сырым көтерілісі, Исатай Махамбет көтерілісі сынды ірі көтерілістер қазақ тарихындағы елеулі оқиғалар, халық сана-сезімінің біртіндеп ояна бастағанының айғағы еді. Халықты тебірентіп, дүр сілкіндірген бұл оқиғалар ән-күй, жыр болып мәңгіге ел тарихында, өнерінде мұра болып, ел аузында қалды. Халықтың әншілік дәстүрінде терең өзіндік із қалдырып, оны байыта түсті.
Міне осындай өмірі ымырамға келмейтін екі бағыттың күресі бірте-бірте ХІХ ғасырда белең алып асқындағаны сондай, қазақ даласының шартарабында езушілерге қарсы қозғалған күрес өрті әр жерден қаулап шыға бастады. Мұның нәтижесі езілген қазақ кедей шаруаларын қазақ жұмысшы, интеллигенциясың маңына топтап, саналы тап күресіне жұмылдыруға ықпал жасады.
Сонымен, ХІХ ғасыр бүкіл дүние жүзіндегі езілген елдердің қайнаған кегі буырқанып, сыртқа шыққан, ояну дәуірі, революциялық ғасыр деуге болады. Бұл ғасырдың эмоциялық сипатын Кеңес одағының көрнекті мәдениет қайраткері, А. В. Луначарский былай сипаттайды «ХІХ ғасырдың бас кезінде демократиялық күреске жұмылған бүкіл дауылды өнер тілінде бейнелеу үшін тарих қоғамға алып заказ берді. Қоғам бұған халықтың буырқанған эмоциясын бейнелетін аспап бар, ол - Людвиг Бетховен» деп жауап берді. Тарих сол аспапта болашақ революциялық музыканың алып прелюдиясын ойнағандай болды, Ұлы француз революциясының соңынан ұлы орыс революциясы, онымен қоса бүкіл дүние жүзіндегі революциялық толқындар ұласты.
Міне, осы бүкіл әлемді шарпыған революциялық толқыннан қазақ даласы да сырт қалмады. Патша отаршылдығына қарсы күрес, өз ішіндегі қанаушыларға қарсы шиыршық атқан арпалыс халықтың жауларына сілтер рухани қаруы, іштегі қайнаған ыза-кектің жаршысы- халықтың дәстүрлі ән-күй өнерін де мейлінше ширатып, шыңдай түсті. Ән - ең алдымен революция тілі деп А. Блок айтқандай, ертеден енле жатқан халықтың әншілік, күйшілік дәстүрі тасқындаған революциялық рухтан нәр алудың арқасында жаңа түр, жаңа кегін, халық мұңын өз жырларына арқау еткен азатшыл өнер саңлартары ұлан-байтақ қазақ жерінің шартарабынан қаулап шығып, халықтық өнгердің күрескерлік рухын, азаматтық мәнін паш етіп, айқындай түсті. Өнер туын жоғары ұстап, халық әні - халықтың қайнаған эмоциялық сезімін паш ететін өткір күрес қаруы екендігін іс жүзінде таныта білді.
Қазақ елін революциялық толқынның рухы түгелдей шарпыған бұл тарихи кезең қазақ әншілік дәстүрінің де өзгеше дамыған сипат алып, бұрынғы қалыптасқан жыршылық дәстүрден даралана бастаған шағы еді. Бұрын бірсыдырғы әуенмен орындалатын термелерде өлеңдік жағы басым болса, енді орындаушылық жағынан дауыс техникасының анағұрлым күрделі формаларын талап қылатын куплеттік әндер, күрделі романстар, тұрмыс салтын жырлайтын нелер әсем лирикалық әндер дүниеге келді. Ән өнеріндегі, міне, бұл жаңа ағым қазақ елін сыртқы дүниеменде жалғастыратын мәдени байланыстың көпірі іспетті болды. Жаңа түр, жаңа мазмұнмен суғарылған қазақ әншілік дәстүрінің көне жыршылық өнерінен бөлініп, өнердің дербес, жеке жанры ретінде дамуына үлкен негіз болды.
Сонымен ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әншілік дәстүрі қайта түлеп, дамудың биік сатысына көтерілді. Ұлан-байтақ қазақ жерінің шартарабында өзіндік мол ерекшеліктері бар тамаша әншілік мектептеріміз қалыптаса бастады. Мысалы, Шығыста Алтай Тарбағатай, Оңтүстікте Жетісу ән мектебі, Сырда Сыр өңірінің әншілік жыршылық мектебі, Орталықта Арқа және Батыс Қазақстанда Батыс мектебі яғни Мұхит мектебі қалыптасты. Міне, осылардың барлығы дәстүрлі ән өнерінің шоқтығын биіктете түскен аса зор мәдени жетістік болды. Бұл әрине кездейсоқ жағдай емес, бүкіл әлемдік революция толқынының ықпалынан туған күрестің жемісі, рухани өрлеу дәуірінің қазақ даласындағы зор табысы еді. Қазақ әншілік дәстүрі осындай алаулаған күреске толы ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайлардың әсерімен дамып, қалыптасты. Мқндағы еске алатын бір жағдай ХІХ ғасырдағы революциялық толқындар барлық халықтардың да әлеуметтік өміріне айтарлықтай өзгерістер әкеліп, халық мәдениетінің, профессионалды өнердің қалыптасуы да осы тарихи кезеңге тура келді.
Қазақ халқы өзінің этногенетикалық жағынан өте күрделі, ерте заманда қазіргі ұлан байтақ қазақ жерін мекендеген көшпелі түркі тайпаларынан құралған. Тарихта қазақ халқының құрылуын 16 ғасырда аяқталды деп көрсетеді. Дегенмен Қазақстанда шаруашылық жағынан бір-біріне ұқсамайтын, елеулі өзгешіліктері бар үш аймақ бар. Жетісу, Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстанның өзіндік ерекшеліктері ертеден ақ қалыптасқаны ақиқат. Территориялық және экономикалық жағынан бір-бірінен оқшау бұл негізгі региондық одақтар қазақ тарихында Ұлы жүз, Кіші жүз, Орта жүз деген атпен мәлім. Жүз дегеніміз- қазақ хандықтары мен қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі тайпалық одақтың территориясы. Осы жүздер мекендеген ұлан-байтақ қазақ жерінің жаратылысы, ауа райы да бір бірінен ерекше. Оңтүстіңтің қайнаған ыстығы, Солтүстіктің сақылдаған сары аязы, Шығыстың мәуелі бақшасы, Батыстың ұшы қиыры жоқ сар даласы, жайқала аққан Жайық өзені, Сарыарқаның сан алуан табиғаты, сабасынан сарқылмаған Сырдың өзіндік табиғаты . Міне, осының бәрі қазақ жеріне тән қасиет. Қазақ жерінің табиғатындағы осы өзгешеліктертек халықтың экономикасы ғана емес, материалдық және мәдени мұрамызға, Сол халықтың мекендеген жерінің табиғатын, ауа-райын мелодиялық дыбыстармен бұлжытпай суреттейтін нағыз шыншыл картина деуге келеді. Зер салар болсақ, шын мәнінде әр халықтың әндері сол халықтың тек мінез-құлқын, ұлттық ерекшелігінғана бейнелеумен шектелмей, сол халық өмір сүрген географиялық ортасын да қалтқысыз бейнелейтін дыбыс картинасы екендігі ақиқат. Бұл шындықты күнделікті өмір тәжірибемізден де байқауға болады. Мысалы, Неоплитан әндерін тыңдағанымызда теңіздің бұйралаған көк толқындары елестеп, тіпті қиялмен шалқып жатқан теңіздің тынысын сезгендей ерекше сезімге бөленеміз. Міне, бұл ән құдыретінің
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz