Экологиялық туризмнің жіктелімі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика факультеті

«Туризм кафедрасы»

«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ»

Астана

2023

МАЗМҰНЫ

:
: КІРІСПЕ
:
: 1
: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТҰРАҚТЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
:
: 1. 1
: Экологиялық туризмнің қалыптасуы мен даму алғышарттары
:
: 1. 2
: Экологиялық туризм: мәні, функциялары, негізгі бағыттары мен түрлері
:
: 1. 3
: Шет ел тәжірибелеріндегі экологиялық туризмді тұрақты дамытудың үлгілері
:
:
:
:
: 2
: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
:
: 2. 1
: Шығыс Қазақстан облысында экологиялық туризмді дамытудың туристік әлеуетін талдау
:
: 2. 2
: Өңірдегі ерекше қорғалатын аумақтарда экологиялық туризмнің тұрақты дамуын бағалау
:
: 2. 3
:

Шығыс Қазақстан облысында экологиялық туризм дамуының

мәселелері

:
:
:
:
: 3
:

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ

:
: 3. 1
:

Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық туризмнің даму

тенденциялары

:
: 3. 2
: Шығыс Қазақстан облысының туристік мүмкіндіктерін тәжірибелік қолдану негізінде экологиялық туристік маршрут ұйымдастыру
:
:
:
:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
:
:
:
: ҚОСЫМШАЛАР
:
:
:
:
:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:

КІРІСПЕ

Туризм саласы - экономикада қосымша жұмыс орындарын құруды, жұмыспен қамтуды арттыруды және ел халқының әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ететін әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта туризм саласы экономиканың өсуіне әсер ететін маңызды салалардың біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасы жоғары туристік және рекреациялық әлеуетке ие. Оның аумағында бірегей табиғи және рекреациялық ресурстар, ұлттық және әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілері шоғырланған, маңызды экономикалық, мәдени, қоғамдық және спорттық оқиғалар ұйымдастырылып тұрады. Елде бірқатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және олардың қызметін ұйымдастыру мәселесі шешімін тапқан. Мемлекетте әртүрлі туристік-рекреациялық ресурстардың болуы туризмнің барлық түрлерін, оның ішінде рекреациялық, мәдени-танымдық, іскерлік, белсенді, сауықтыру, агротуризм және экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Экологиялық туризмді дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығына Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да басымдық берілгені белгілі. Экологиялық туризм түрін дамытуда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ресурстық әлеуетін пайдалану, саланы дамытудың құралы ретінде қаралуы керек. Осы орайда, Шығыс Қазақстан аумағында экологиялық туризмді дамытудың мүмкіндіктерін қарастыру өзекті болып табылады.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде Шығыс Қазақстан облысы таңдап алынды. Шығыс Қазақстан облысы өзінің бірегей табиғи ресурстық мүмкіндіктерімен экологиялық туризмді ұйымдастыруға және осы бағыт бойынша туристік дестинациялардың қызметін көрсетуге қолайлы деп есептеуге болады.

Шығыс Қазақстан облысында экологиялық туризмді дамытудың мүмкіндіктерін айқындау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді орындау керек:

- экологиялық туризмнің теориялық аспектілерін отандық және шетел елдік ғалымдардың еңбектерін негізінде тұжырымдау;

- экологиялық туризмнің жалпы қолданыстағы модельдерін саралау және шет елдерде экологиялық туризмнің ұйымдастырылуы мен басқарылуының қазіргі тәжірибелерін қарастыру;

- Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін айқындау, статистикалық сандық көрсеткіштер негізінде өңірдегі туризм саласының даму қарқынын талдау;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды экологиялық туризм мақсатында қолданудың мүмкіндіктерін бағалау;

- Шығыс Қазақстан облысының туристік-ресурстық әлеуетіне SWOT- талдау жасау;

- Шығыс Қазақстан облысында экологиялық турды ұйымдастырудың жобалық маршрут сызбасын әзірлеу.

Диплом жұмысының әдіснамалық зерттеуі ретінде жүйелік әдісі қолданылды және жұмыстың тәжірибелік мәні ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы Катон-Қарағай ұлттық паркі, Марқакөл қорығы секілді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алынуы мүмкін.

Диплом жұмысының тәжірибелік негізі ретінде тақырып бойынша ұсынылған барлық ұсыныстарды еліміздегі басқа да табиғи аумақтарына қолдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТҰРАҚТЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

  1. Экологиялық туризмнің қалыптасуы мен даму алғышарттары

Экотуризмнің пайда болуының негізгі алғы шарттарының ішінде туризмнің бұқаралық сипатына байланысты өсіп келе жатқан табиғи, мәдени және тарихи туристік ресурстарға антропогендік қысым жетекші рөл атқарады. Бұл жүктеме туристік сапарлардың өсу қарқынына тікелей пропорционалды түрде артады. ХХІ ғасырда Дүниежүзілік туристік ұйым болжаған туризмнің даму көрсеткіштеріне назар аударсақ, туристік сұранысты қанағаттандыру және туристік ресурстарды ұтымды пайдалану мәселесінде қарама-қайшылықтардың күшейе түскені байқалады.

Дамыған елдердің экономикасында постиндустриалдық үлгінің қалыптасы процесі кезінде қызмет көрсету секторында жақсы экологиялық жағдайда өмір сүруге қызығушылық танытқан шаруашылық салалардың күшті тобы қалыптасады. Бұл салаларға мәдениет, білім, ғылым, туризмді жатқызуға болады. Соңғы жиырма бес жылдықта осы салалардың идеялық тұрғысынан экофильді әртүрлі жобаларды жүзеге асыру мақсатында және ашық түрде жылпостық әрекеттілікті белсенді және табысты түрде қолдануда. Сонымен қатар, мұндай салаларға қолайлы экологиялық орта - ол табысты да тиімді қызмет ахуалы бар қажетті орталық екені түсініліп отыр.

Постиндустиалдық дәуірде туризм экономиканың жетекші секторларының бірі бола бастады. Бұған байланысты туризм табиғат геожүйесіне рекреациялық жүктеменің күшеюіне байланысты антропогендік қысымның өсу факторы ретінде қарастырылады. Рекреациялық аумақтағы экожүйеге антропогендік жүктемеге арналған ғылыми зерттеулер біздің елде де, шетелде де көп десе болады. Туризмнің табиғатқа жағымсыз әрекет етуіндегі біршама талаптардың жалпы әділдігін ұмытпау, екінші жағынан ескермеу әділетсіз болар еді. Себебі, туризм біртіндеп, экология саласының бірі, кең аумақтағы өмірді экологияландырудың қозғаушы және реттеуші күші бола бастайды. Осыған рекреациялық жүктеменің шегін сақтап және есептеу жағдайы дамыған елдердің тәжірибесі бойынша жетуге болады.

Туризмді адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыру кезіндегі «пайдалану жағдайын - сақтау, сақтау жағдайын - пайдалану» ережесі бойынша құрылатын шаруашылық саласына жатқызуға болады. Туризмді табиғатты қорғаудағы бір әрекет құралы ретінде жатқызылады. Табиғи аймақты рекреациялық қанаудан алынған табыс туристік бизнесті сауатты ұйымдастыру кезіндегі табиғатты қорғау шараларын жүргізуге, өз кезегінде аз да болса табысты арттыруға мүмкіндік береді.

Экологиялық туризм ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында жергілікті идея ретінде қалыптасты - табиғаттағы рекреациядан алынатын экономикалық пайда мен ғаламдық идея аясында рекреациялық аймақтардың экологиялық қауіпсіздігі арасындағы тепе-теңдікті құру - жер шарының табиғатын сақтау.

Туристердің рекреациялық табиғи аймақтарға шамадан тыс баруының жағымсыз салдарларының мысалдары осы уақытқа дейін өте көп мөлшерде жинақталды. Ең әсерлі және белгілі мысалдарға АҚШ-тың бірқатар ірі ұлттық саябақтарында, Камчаткадағы Гейзерлер алқабында, Альпі тауларындағы демалыс аймақтарында, Непалдағы Эверестте қоқыс тауларының жиналуы мен табиғаттың деградациясы жатады.

Табиғи аймақтардың рекреациялық деградациясының мысалдарының бірі ретінде ХХ ғасырдың 80-жылдарының басында Непалдың туристік Меккесі - Аннапурна тауының етегінде қалыптасқан жағдайды қарастыруға болады. Жыл сайын Непал тау туризмін жақсы көретін 200 мыңнан астам туристті қабылдайды. Жылдан жылға Аннапурна тауының етегінде туристік шатырлы лагерьлер құрылуда. Бұл аймақта бұқаралық туризм дамығанға дейін тау беткейлерін жауып жатқан ормандар тек жергілікті халықтың қажеттіліктеріне пайдаланылды: тұрғын үй салу және жылыту, тамақ дайындау, орман аулау, терімшілік және т. б. Туризмнің дамуы туристік ағынның ұлғаюына, халықтың жалпы тығыздығының (жергілікті халық және туристер) және табиғи ресурстардың тартылу көлемінің ұлғаюына, атап айтқанда, төменгі бөлігінде орналасқан ормандардың қарқынды түрде жойылуына әкелді. Соның салдарынан орманмен көмкерілген беткейлердің көлемі айтарлықтай азайып, беткейлердің бір бөлігі жалаңаш болып қалды. . Жаңбырлы маусымда беткейлерден бұзылған топырақ шайылып, эрозияға әкеліп, беткейдегі өсімдіктердің табиғи қалпына келуіне кедергі келтірді. Бір кездері тамаша табиғи аумақта экологиялық дағдарыстың белгілері байқала бастады: орман алқаптарында бұзылған аумақтардың басталуы, жалаңаш жерлерде топырақ эрозиясы, қалпына келтіру процестерінің баяулауы және т. б. Экологиялық дағдарыстың фонында әлеуметтік дағдарыстың белгілері пайда бола бастады, олар бастапқыда жергілікті халықтың туристерге деген теріс көзқарасының өсуінен көрінді, олармен шектеулі өмірлік ресурстарды бөлісуге тура келді. Территорияның рекреациялық тартымдылығын және әлеуметтік жайлылығын жоғалтуы нәтижесінде туристік ағын төмендей бастады, бұл жергілікті тұрғындарды қосымша табыстан айырды және ел қазынасына түсетін қаржылық түсімдерді азайтты.

Осылайша, табиғи ландшафтқа өз мүмкіндіктерінен асып түсетін жүктеме жағымсыз экологиялық және әлеуметтік салдарлардың ізіне соқты. Егер деградацияға ұшыраған таулы аумақтарды қалпына келтіру өте көп шығынды және өте көп уақытты қажет ететін шара екенін ескерсек, онда қысқа мерзімді туризмнен келген зиянның бұзылған аумақты қалпына келтіруге қажетті шығындармен салыстыруға келмейтіндігі туралы мәселе туындайды.

Экотуризмнің пайда болу алғышарттарының ең маңыздысы - табиғи, мәдени және тарихи туристік ресурстарға антропогендік, яғни адамдардың табиғатқа кері әсерінің ұлғаюы болды. Бұл проблемалар туристердің келу көрсеткішінің өсімі қарқынына тікелей пропорционалды өседі. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) ХХІ ғасырда туризм дамытудағы көрсеткіштеріне сүйенсек, туристік сұранысты қанағаттандыру және туристік ресурстарды тиімді пайдалану ұғымдары бір-біріне қарама-қайшы келеді [Қазақстан Республикасындағы туризмді дамытудың кластерлік әдісі: оқу-әдістемелік құралы / Түсіпбекова Г. М. -А. : 2015] .

ХІХ ғасырдың аяғында "Жабайы Батыс" табиғатының ерекше бұрыштарында ұлттық саябақтардың бүкіл сериясы құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде ұлттық саябақтарды құру процесі күрт күшейе түсті. Сонымен, егер 1950 жылы 39 елде 200-ге жуық саябақ болса, 1982 жылы олардың саны 1 мыңнан асты [ДТҰ ресми сайты. Кіру режимі: https://www. unwto. org/] .

Кесте 1

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы ұлттық саябақтар

Мемлекет: Мемлекет
Бірінші ұлттық саябақ ашылған жыл: Бірінші ұлттық саябақ ашылған жыл
Ұлттық саябақтар саны: Ұлттық саябақтар саны
Аумағы: Аумағы
Мемлекет: АҚШ
Бірінші ұлттық саябақ ашылған жыл: 1872
Ұлттық саябақтар саны: 59
Аумағы: 210 000
Мемлекет: Канада
Бірінші ұлттық саябақ ашылған жыл: 1885
Ұлттық саябақтар саны: 43
Аумағы: 377 000
Мемлекет: Мексика
Бірінші ұлттық саябақ ашылған жыл: 1917
Ұлттық саябақтар саны: 66
Аумағы: 14 320
Мемлекет: Аргентина
Бірінші ұлттық саябақ ашылған жыл: 1934
Ұлттық саябақтар саны: 33
Аумағы: 35 844
Мемлекет: Жаңа Зеландия
Бірінші ұлттық саябақ ашылған жыл: 1887
Ұлттық саябақтар саны: 14
Аумағы: 25 000
Мемлекет: Аустралия
Бірінші ұлттық саябақ ашылған жыл: 1879
Ұлттық саябақтар саны: 685
Аумағы: 335 062
Мемлекет: Индонезия
Бірінші ұлттық саябақ ашылған жыл: 1982
Ұлттық саябақтар саны: 50
Аумағы: -
Мемлекет: ОАР
Бірінші ұлттық саябақ ашылған жыл: 1926
Ұлттық саябақтар саны: 19
Аумағы: 40 803
Мемлекет: Ескертпе: Кесте [ДТҰ ресми сайты. Кіру режимі: https://www. unwto. org/] мәліметтер негізінде автормен құрастырылған

Берілген 1-кесте бойынша АҚШ, Канада және одан кейінгі Мексика, Аргентина, Жаңа Зеландия, Австралия, Индонезия, Оңтүстік Африка Ұлттық саябақтарын ұйымдастырушылар алға қойған негізгі міндеттері - адамдардың демалу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғаттың "туындыларын" қорғау. Экологиялық туризмнің пайда болуы мен дамуы эстетикалық және рекреациялық тұрғыдан ерекше тартымды табиғи аумақтарды бөлу тарихымен, оларды пайдалану мен қорғаудың нормативтерін әзірлеумен тығыз байланысты. Бірінші ұлттық саябақ АҚШ-та 1872 жылы Йелоустоун қаласында құрылды.

Қазіргі уақытта экологиялық туризмді дамытудың ерекшеліктері аймақтық деңгейде біршама міндеттерді шешуге мүмкінді береді, оларға келесілерді жатқызуға болады:

  • Туристік инфрақұрылымды, әсіресе, рекреациялық орталықтарды дамытуды ынталандыру. Негізгі мақсаты - белсенді емес демалыс пен рекреациялық қызметті ұсынатын көптеген туристер экологиялық жағынан жағымды аудандарға барады, ол осы аймақтағы орналастыру орындары, тамақтандыру кәсіпорындары, көлік инфрақұрылымының және т. б. дамуына әсер етеді;
  • Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау. Экотуризммен айналысатын туристтердің санының артуы, арнайы аумақтарда туристік қызметтерге сұраныстың артуына әкеліп соғады, ол қосымша шаруашылық субъектілердің пайда болуы үшін жағымды жағдай, ол әсіресе экскурсия, орналастыру мен тамақтану саласындағы қызмет көрсету кезінде байқалады;
  • Жергілікті халық үшін қызмет көрсету саласында да, материалды өндіріс саласында да қосымша жұмыс орындарын құру. Барлық жаңа субъектілердің пайда болуы жергілікті халықты қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, берілген аймақта тұрғын үйді жалға беру, көлікпен тасымалдау және гид ретінде туристерге қызмет көрсету сияқты, өзін еңбекпен қамтитындардың саны арттыруы мүмкін;
  • Білім беру, ол берілген аймақтың экологиялық мәселелері саласында туристің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған. Арнаулы аймаққа бара отырып, туристер осы аймақтың мәдени және әлеуметтік өміріне тартылады, ол туристерге тек экологиялық сала мәселелерін ғана емес, басқа да салалардағы мәселелерді көруге және сезінуге мүмкіндік береді;
  • Мемлекеттің экологиялық саясатын тиімді жүзеге асыруды арттыру. Экотуризммен айналысатын туристер санының артуы мемлекетке территорияның экологиялық тазалығын сақтау бойынша қатаң нормаларды қабылдауға мәжбүрлейді, сол сияқты, территорияның экологиялық жағынан неғұрлым аз ластанатын жобалардың жүзеге асуын қолдайды.

Туристік мақсатта саяхат жасаушылардың саны адамдардың тұрмыстық жағдайының өсуіне тура пропорционалды түрде әсер етіп, өсетіні түсінікті. Бүгінгі таңда туристердің көпшілігі - олар жоғары экологиялық талапты білдіруші елдердің тұрғындары. Бұл жерде туризм - мамандандыру саласы ретінде, сол елдердегі рекреациялық аймақтарды экологияландыруға, мемлекеттік және жеке қаржы құралдарын көптеп салуды ынталандыратын жерлер.

Рекреациялық аймақтарды дамыту жөніндегі бұл бағдарламаның басты мәні - экономикалық және экологиялық қызығушылықтарды ортақтастыру. Мысалы, экологиялық жайлылықтың жоғарғы белгісі Еуропалық Одақтың көгілдір туын иемденген жағажайларды қамтитын ұйымдардың табысын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан Қара теңіз бен Кавказ жағалауы жағажайларына қарағанда, туристердің саны он еседен артық қабылдайтын Жерорта теңіз жағалауындағы жағажайларды, басқалармен салыстырғанда тонналап қоқыстар басып жатқан жоқ.

1990 жылы экологиялық туризмге ресми мәртебе берілді, оған жыл сайынғы "Annual World Congress on Adventure Travel & Ecotourism" халықаралық симпозиумына шақыру және өзінің коммерциялық емес ұйымдарын құру құқығы берілді.

Экологиялық туризмнің қазіргі жағдайы мен даму деңгейін бағалау әр түрлі басылымдарда айтарлықтай ерекшеленеді. Айырмашылықтардың көп бөлігі экологиялық туризмді анықтауға байланысты. Сонымен, егер экологиялық туризм табиғи ресурстарды пайдалануға негізделген демалыстың барлық түрлерін біріктіреді деген идеяны негізге алсақ, онда экологиялық менеджмент технологияларымен бірге табиғаттағы рекреациялық-танымдық іс-шаралар экологиялық туризмге жататын жағдайға қарағанда көлемді бағалау едәуір жоғары болады.

ДСҰ бағалауы бойынша әлемдік туристік индустрияның жалпы көлеміндегі экологиялық туризмнің үлесі 2-4% құрайды. Сараптамалық бағалаулардың деректері бойынша экологиялық туризмнің қажеттіліктері үшін жыл сайын 55 млрд. Экотуризмнің өсуі жылына 30% - ға жетеді . Өсімнің мұндай жоғары пайызы дәстүрлі рекреациялық табиғатты пайдалануды туристік маршруттар мен бағдарламаларды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа нысандарына ауыстырумен түсіндіріледі.

Табиғаты ерекше елдерде туризм көбінесе ұлттық саябақтарды құрудың басты себебі болып табылады. Мысалы, Коста-Рика өз аумағының 30% -. табиғатты қорғау аймағы деп жариялады. Бұл елдегі туризм жетекші табыс көзі болып табылады және жылына 650 миллион долларға жетеді. Оңтүстік Африкада экологиялық туризм кірістілігі бойынша гауһар тастардан кейін екінші, Аляскада мұнай өндіруден кейін екінші орында. Кенияның ұлттық саябақтарды пайдаланудан жылдық табысы 450 миллион долларға жетеді. Эквадор сәйкесінше Галапагос аралдарындағы экотуризмнен 180 миллион доллардан астам алады. Руанда жанартауларының ұлттық саябағында тау гориллаларын көруге келген туристер шамамен 1 миллион доллар қалдырады. Дамыған елдерде экологиялық туризм де табысты бизнес болып табылады. Мәселен, АҚШ-тың ұлттық парк жүйесі туристерді тартудың әлемдегі ең ірі жүйесі болып табылады. 90-жылдардың басында АҚШ Федералды Үкіметі басқаратын ұлттық саябақтар жыл сайын шамамен 270 миллион туристті қабылдады; олардың үкіметтері басқаратын жекелеген Штаттардың саябақтары сол кезеңде тағы 500 миллион келушілерді қабылдады. Сонымен қатар, бірқатар штаттарда туристер саны штаттың өзінен 5 есе көп болды. Канадада федералды маңызы бар ұлттық саябақтар сол жылдары 20 миллионға дейін келушілерді қабылдады, провинциялық саябақтар-тағы 47 миллионға жуық турист.

Сонымен, «экотуризм» түсінігінің пайда болуына бірнеше тенденциялар ықпал етті. Біріншіден, туризм ең ірі әлемдік экономикалық қызметтің біріне айналды. Дүние жүзіндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келушілер санының артқаны сонша, олардың табиғи кешендерге келтіруі мүмкін зияны үлкен алаңдаушылық туғызды. Сонымен қатар, туризмді ұтымды басқарса, табиғатты қорғауға нақты қаржылық қолдау көрсете алатыны және бастапқы қалпында сақталуы тиіс табиғи нысандардың құндылығын арттыратыны белгілі болды. Қоршаған ортаны қорғау мамандары табиғатты қорғау үшін туризмді қалай «жұмыс істеуге» болатыны туралы көптеген зерттеулерді арнай бастады, осылайша ерекше қорғалатын аумақтар «өзін-өзі ақтай алады» (Степаницкий В. Б., 2012) . [Развитие экологического туризма в Ставропольском крае]

Екіншіден, табиғатты қорғау іс-шараларының табысты болуы тек «тыйым салу» шараларының негізінде мүмкін еместігі, әсіресе, егер олар жергілікті халықтың мүдделеріне қарсы бағытталған болса, айқын болды. Жергілікті тұрғындардың осы қызметке серіктес болуы және табиғатты құрметтеу олар үшін экономикалық тиімді болды. Туризм бұл ретте оң рөл атқара алады.

Үшіншіден, туристердің мотивтерінде басымдықтардың өзгеруі байқалды. барған сайын көбірек адамдар, әсіресе дамыған индустриялық елдерде, қалалардан салыстырмалы түрде бұзылмаған табиғат бұрыштарына ұмтыла бастады. Дәстүрлі «жағажай-курорттық» демалыстан айырмашылығы, белсенді және танымдық бағыттағы турларға сұраныс артты.

Осылайша, туристік-рекреациялық өнімнің жаңа сипатымен айқындалатын рекреация мен туризмді дамытудың жаңа тәсілдері аумақтың ерекшеліктеріне, оның табиғи және мәдени мүмкіндіктерін анықтауға ерекше мұқият назар аударуды талап етеді.

  1. Экологиялық туризм: мәні, функциялары, негізгі бағыттары мен түрлері

Туристік сала мен экологияның тығыз байланысы туризмнің сирек түрлерінің пайда болуы мен даму факторларының бірі болды, оның негізі ретінде территорияның ерекше ландшафтысын, табиғи-климаттық жағдайларын, аймақтың географиялық ерекшеліктерін және т. б. жатқызуға болады. Туризм мен экологияның өзара байланысының нәтижесінде туындаған туризм түрі болып экологиялық туризмді атауға болады. Экологиялық туризмнің дамуы мен мәні бүкіләлемдік ғылыми қоғамды қызықтырады және бүгінде экологиялық туризмнің дамуының жеке аспектілеріне арналған, шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жеткілікті саны бар. Экологиялық туризмнің мәселелері Дж. Уокер, Н. В. Дроздов, Н. Р. Данилин, С. Р. Ердәулетов, М. К. Қожахметов, Л. Вандер Ваген, Н. С. Мироненко, И. Т. Твердохлебов және т. б. еңбектерінде қарастырылады. Олардың әрқайсысы «экологиялық туризм» түсінігін қарастыра отырып, экотуризмнің теориялық аспектілерін сипаттауда өз ойларын ұсынады. Бірақ, келтірілген дәлелдердің түрлілігіне қарамастан, экологиялық туризмнің негізін келесілер құрайды:

  • Жабайы табиғат орындарына саяхат;
  • Табиғатқа минимум әсер ету;
  • Табиғатты қорғау қызметі және қорғалатын территорияны қолдау;
  • Экологиялық - білім беру құраушыларының болуы;
  • Жергілікті халықтың болуы және осы қызметтен кіріс алу, олар үшін табиғи ортаны сақтауға ынталандырушы болып табылады [Туризмология негіздері: оқулық / Г. И. Ешенкулова, А. Б. Баймбетова, А. Г. Гиззатжанова, А. Х. Муканов, А. Е. Есенбаева, О. В. Подсухина - Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ типографиясы, 2018] .

Экологиялық туризм - бұл ашық ауада табиғаттың ерекше жаратылыстары мен құбылыстарын зерттеумен ұштасатын саяхаттың түрі. Сондай-ақ, туризмнің бұл түрі экологиялық науқандарға қатысуға шақырады. Экотуризм ХХ ғасырдың 80-жылдарында дами бастады. Бұл терминді Гектор Цебаллос Ласкурейн енгізген [Экологический туризм в зарубежной Европе : пособие для студентов вузов / Д. А. Бессараб, Л. В. Штефан, И. Н. Бесса-раб. - Минск : Тетралит, 2013. - 304 с. - (География путешес-твий и туризма) ] .

Экологиялық туризмнің ең перспективалы және сұранысқа ие бағыттары: табиғи-танымдық, оңалту, ауылдық және экологиялық-этнографиялық туризм.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік саладағы инновациялар
Дүниежүзілік туристік қызметтерді ұйымдастыру және басқару
Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің дамуын талдау
Қонақүй клиенттерін орналастыруды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Экстремалды туризмнің мақсаты
ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Туристік бизнес жүйесіндегі қонақ үй бизнесі
Weekend турлары
Қонақ үй бизнесі туралы
«Туристік қызметтер менеджментінің ерекшеліктері («ABDI Travel» ЖШС-ның материалдары негізінде)»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz