Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы
Орал гуманитарлық- техникалық колледжі мекемесі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қозғалмалы ойындар және оқыту әдістемесі
Топ студенті: 4Акшф А.Б. Габдулкаким
Жетекші: А.Қ. Виктор
Орал қаласы, 2023ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы тәрбиелеудің маңызы 5
1.1Денені жалпы дамытатын қимыл-қозғалыс жаттығулары 5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене қасиетін жалпы дамыту жаттығулары арқылы тәрбиелеу 11
ІІ тарау. Мектепке дейінгі балалардың бұлшық ет жүйелерін жалпы қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы қалыптастыру 16
2.1 Сабақта қимыл-қозғалыс ойындарының бала денесінің дұрыс дамып қалыптасуындағы маңызы 16
2.2 Балабақша балаларының қимыл-қозғалыс жаттығулары қасиеттерін жалпы дамыту жаттығулары арқылы дамыту және қалыптастыру 18
Қорытынды 29
Пайдаланған әдебиеттер 30
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Конститутциясында жазылған Орта білім алу міндеттілігі қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабыноқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл - денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Бұл турасында Президент жолдауында: Көптеген елдер бұл кеселге тиым салғанымен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбір елдер ұтымды ақпараттық және түсіну саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізді.
Ден тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық -- тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды[1].
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті -- өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.
Денсаулық - физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу адам өмірінң мақсаты болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық - адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір- біріне ұқсас. Қалып- дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдалынылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алады. Бірнақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір- бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т. б. Айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай қалып деген ұғым денсаулық деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс[2].
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың денені жалпы дамыту жаттығулары денесін дамытудағы рөлін анықтау.
Зерттеу міндеттері: Денені жалпы дамыту жаттығулары арқылы балалардың дене қасиеттерін дамыту.
Зерттеу орны. Байзақ ауданы, Астана балабақшасы.
Зерттеу нысаны. Бауырсақ тобы
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
І тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы тәрбиелеудің маңызы
1.1Денені жалпы дамытатын қимыл-қозғалыс жаттығулары
Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Кеуденің алдында тұрған қолды жан-жаққа созу, желкені ұстап тұрған қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа созу. Қолдың құлып болып ұстасқан саусақтарын жоғары алға көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және кезектесіп көтеру. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою. Қолды алға шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың саусақтарын ашып, жұму.
Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден алмай, өкшені жоғары көтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және басты иіп жүрелеп жүру. Алға және жан-жаққа ұмтылу. Ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру. Аяқтың ұшын тірей отырып өкшемен таяқпен арқан үстімен бір жағымен аттап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасына сүйене отырып бір қырындап өкшені өкшеге қойып жылжу. Табанды майыстырып, түзеп, айналдыру[3].
Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға бетімен қарап тұрып белінің тұсына сай қолына рейка ұстап алға еңкейіп, иілу. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреп тұрып қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап аяқты кезектестіре бүгіп және тіке көтеру. Арқасына ұстасқан қолдарын көтеріп алақанын еденге тигізіп, алға еңкею. Тізерлеп тұрып, алға еңкейіп отыру. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Арқасымен жерде жатып аяқты жоғары көтеру, велосипед айдағандай аяқты қимылдату. Бір аяқпен тіреуішке сүйеніп, тіреуіштен тіреуішке өту. Ішпен жатып, аяқты майыстырып, қайта жазу (алдымен бір аяқпен, содан соң екі аяқпен бірге). Арқамен жату, одан кейін ішпен жатып ауысу және керісінше. Ішпен жатып қолды жан-жаққа созып майыстыру және иығын аздап жоғары көтеру.
Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолды орындыққа сүйеп, аяқты бірге керіп тартылу 5-10 рет 5-6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).
Денені нығайтуға (пресс) арналған жаттығулар. Жұптасып жасайды: қол желкеде, арқамен жату, екінші бала бірінші баланың аяғына отырады (5-10 рет), гимнастикалық қабырғада қолымен ілініп тұрып, аяқтарын қосып, бұрау (5-10 рет).
Арқаға арналған жаттығулар. Топтасып алға, артқа әткеншек жасап домалау (5-10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен ішпен жорғалау.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу. Төмен түсіп келе жатып тежеу. Бірін-бірі сырғанату.
Сырғанау. Мұз айдынында екпіндеп келіп өз еркімен сырғанау. Сырғанау кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.
Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі сырғанай кезектескен адыммен алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Байыпты қарқынмен 0,5-1 км жерге шаңғымен жүріп өту. Бір орында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасап тұру. Тіке аяқты алға шырша, жартылай шырша сияқты тастап төбешікке шығу. Аласа тіреу бойымен төмен түсу. Өз еріктерімен шаңғы алып, орнына қою, киіп, қайта шешу, қолдың астына алып жүру.
Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен қос дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және сол аяқпен итеріп самокатпен жүру.
Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау (жоғары, төмен). Судың түбінде қолын алға, артқа сермеп жүру (аяғын көлденеңінен созып). Иекке, көзге дейін суға батырып отыру, суға бетті түгел батырып, суға үрлеу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасын екі аяқтап күшпен итеру жаттығуын жасау. Арқамен және кеудемен сырғанап, суға демін жіберу. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілімен жүзу.
Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары
Топ бөлмесінің ауасын жүйелі түрде тазартып отыру арқылы қалыпты температура ұстап отыру. Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, күн сайын жеткілікті мөлшерде таза ауаға шығару.
Балалармен қарапайым су процедураларын өткізу. Біртіндеп судың температурасын төмендету арқылы дене шынықтыру.
Аяққа дене температурасына қарсы су құю жаттығуларын жүргізу. Баланың денесіне түгел су құю кезінде судың бастапқы температурасы 34-35°С, ақырғы температурасы 22-24°С болады.
Балаларды гигиеналық талаптарға сай ашық өзен, көлдерде шомылдыру. Шомылу уақытының ұзақтығын біртіндеп ұзартып, 8-10 минутке жеткізу. Судың температурасын біртіндеп төмендетіп отыру.
Шынықтыру өткізу барысында дене шынықтыру құралдарын пайдалану - баланың денсаулық жағдайын ескере отырып жүргізілуі керек.
Ертеңгілік жаттығуларды (10-12 мин) орындауға қызықтыру. Балаларға жаттығуларды реттілікпен орындауға үйрету: бастапқы қалыпқа сәйкес тұру, жәй қарқынмен қол, аяқ, кеудеге арналған жаттығуларды орындау, белгіленген тәртіп бойынша дем шығару жүйесі жаттығуларын жасау[4].
Жақсы дене сымбатын қалыптастыру мен аяқ табанының дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.
Серуен кезінде жиналған іскерлік пен дағдыларды қолданып қимылды ойындар мен дене шынықтыру жаттығуларын өз еріктерімен ұйымдастыра білуге үйрету, бірлесіп, ережелерді сақтай отырып ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Балаларды күнделікті өмірде жыл мезгілдеріне сай табиғат ерекшеліктерін қолданып ойнауға үйрету.
Балаларды баскетбол, бадминтон, хоккей ойындарын ойнауға үйрету.
Шаңғымен, велосипедпен жүру және т.б. дағдыларын жетілдіру.
Қажет жағдайда сабақтарда ұзақтығы 3 минут болатын сергіту сәттерін ұйымдастыру: жүру, жүгіру, бір орында секіру жаттығулары, тартылу, бұрылу, еңкею, отырып-тұру, қолдың саусақтарын ашып-жұму және т.б. қиын емес жаттығулар.
Дене шынықтыру сабағында құрдастарымен әсерлі қарым-қатынас жағдайында өзінің қимылдау тәжірибесін қолдану, әртүрлі іс-әрекеттерінде шығармашылық таныту.
Дене шынықтыру мерекелеріне, мереке кезінде ұжымдық ойындарға, сауықтарға, жарыстарға белсенді қатысуға қызықтыру.
Өзінің жетістіктерін, меңгерген қимыл түрлерін, ептілігін, шыдамдылығын, батылдығын, тапқырлығын керек жерде көрсете білуге, жолдасының сәтсіздігіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Жетістігіне қуануға, достық қарым-қатынасын нығайтуға, кішкентай бөбектерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі процесінде білім беру міндеттерін шешудің де маңызы аз емес: қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзу ұстау, гигиена дағдыларын бойға сіңіру, дене тәрбиесі туралы білімді игеру.
Нерв жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл-қозғалыс дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін (еңбектеу, жүру, жүгіру, шаңғы тебу, велосипед теуіп ойнау т.б.) балалар күнделікті өмірде пайдаланады.
Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді және оны танып-білуге көмектеседі: мәселен еңбектеуді үйренген бала оны қызықтыратын заттарға өзі жақындайды да олармен танысады, шаңғы, велосипед тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін оңай танып-біледі, жүзу кезінде судың қасиеттерімен танысады.
Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардық, сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсерін тигізеді. Мысалы қолды артқа сілтей құлаштап лақтыру әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтей лақтыруды кеуде, аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды. Бұл бұлшық еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай жасайды.
Гидроаэробика. Ернеуде тұрып суда бұрылыс жасап секіру және басқа да жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
Спорттық ойындар элементі
Қалашық. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып бір қырынан таяқты лақтыру. 3-4 пішіндерді білу. Қалашықты 2-3 м және 5-6 м аралықтан таяқ лақтыру арқылы ұшырып құлату.
Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру. Кеуде тұсынан екі қолмен допты лақтыру. Ойынды топпен игеру.
Бадминтон. Белгіленген жаққа ракетканың воланын тойтару. Тәрбиешімен жұптасып ойнау.
Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Заттың айналасына допты айналдыру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу. Жұптасып тұрып допты аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғып аяқпен бір-біріне беру.
Хоккей. Берілген бағытқа, қақпаға доптаяқпен шайбаны домалату. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне домалату[5].
Өзіндік қозғалыс іс-әрекетінің белсенділігін арттыру
Ойынды түрлендіріп, қызықты өткізуге мүмкіндік беретіндей түрлі құрал-саймандармен, спорттық керек-жарақтармен жабдықталған қозғалыс әрекетін дамытатын қозғаушы орта құру. Заводтық спорт құрал-жабдықтармен қатар жүйелі түрде массажерлар, жүру мен жүгіруге арналған, ептілікті, үйлесімділікті дамытуға бағытталған жасанды құрылғыларды пайдаланған жөн.
Ойын алаңын басқа да ойындарды ойнауға ыңғайлы болатындай етіп ұйымдастыру керек. Ойындардың, қимыл-қозғалыстардың, жаттығулар түрі жазылған карточкалар жиынтығы болуы қажет.
Балаларды құрдастарымен жарыс ұйымдастыру барысында ережеге бағынуға үйрету.
Балалардың қалауы бойынша қимылды ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау. Серуен кезінде меңгерген қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру. Серуендеу орынын дұрыс жабдықтау.
Қыс мезгілінде мұз жолдарымен сырғанау, шаңғымен жүру, хоккей ойнау, шанамен сырғанау, ал жылдың жылы мезгілінде велосипедпен жүру, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарын ойнауға қолайлы жағдай туғызу керек. Ойын алаңдарында кедергі жолдары болғаны дұрыс.
Айына бір рет дене шынықтыру ойын-сауығын, жылына 2 рет - қыста және жазда дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру
Дене тәрбиесі тәрбие жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады.
Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру және тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.
Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене шынықты- руға өр түрлі дене төрбиесі амалдары, жаттығулары жөне санитар лық-гигиеналық фактор лар жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен әскери іс-өрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді. Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді[6].
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету жолындағы ізденістері мен талпыныс- тарын спорт дайындығы дейміз.
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына тоқталсақ:
Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы. Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: балалардың үйлесімді дамуы; дене шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі; дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі бағытқа бөлінеді:
1. Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып, баладарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады, адамның көркемдік-өсемдік танымына әсерін тигізеді.
2. Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан- жақты дамытуға арналған жаттығулар дене шынықты үрдісі кезінде балалардың қимыл шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене шыныңтырудың жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалардың мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды.
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене шынықтыру жаттығулары, сабақтары балалардың денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылыңтарын, балалардың жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.

Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық -- тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.

Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі[7].

Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми - техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене қасиетін жалпы дамыту жаттығулары арқылы тәрбиелеу
Дене шынықтырудың негізгі құралдары: дене жаттығулары, гимнастика, спорт, ойын, саяхаттар. Жаратылыстың табиғи күштері (ауа, күн, су) жөне еңбектегі гигиеналық жағдай.
Дене жаттығулары. Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік қүралы. Дене жаттығулары адамға жан-жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайын өзгертеді, арнайы іріктеп өткізілетін дене жаттығулары дене шынықтыру міндеттерін шешеді. Дене жаттығуларының ағзаға әсері толық жағдайға байланысты. Мұндай жағдайлар:
-жаттығулар түрлерінің ағзаға әр түрлі әсер етуі;
-дене жаттығуларын орындау барысындағы өткізілетін орын мен жағдайға байланыстылығы;
-жаттығулар өлшемі, ұзақтығы, саны жас ерекшелігіне қарай жаттығудың орындалуы, жынысы, дене дайындығы деңгейі және айналысушының денсаулық жағдайы;
-сабақ барысындағы әдіс-тәсілдерді қолдануымен анықталады.
Жасөспірімдер мен балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде әр түрлі жаттығулар түрлері қолданылады. Дене шынықтыру міндеттерін іске асыруда жаттығулар тиімділігіне, орындалу барысындағы жағдайға, дене жаттығуларын іріктеп алуға ғылыми түрғыда қарау мен дене жаттығуларының денеге өсерін қадағалау қатаң есеп беруді талап етеді.
Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүру; теріс қарап жүру[8].
Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м. қашықтыққа бар екіпінімен жарыса жүгіру (10 м -- 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30 м. -- 8,5-7,5 сек).
Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Бұл топтағы жаттығулар негізі мынадай:
1. Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
2. Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
3. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
Секіру жаттығулары. Екі аяқты бірге ұстап, оң, сол жақтарымен 4-5 мжерге секіру; Бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру; екі аяғымен кезек аттап 5-6 м. жерге секіру; биіктігі 20 см, заттың үстіне қос аяқтап секіріп шығу; ені 10 см. биіктігі15-20 см. болатын қатар жатқан 5-6 параллоннан оң (сол) жағымен біртіңдепсекіріп өту; жүгіріп келіп, 30-40 см. биіктікке секіріп шығу; жүгіріп келіп 1м. ұзындыққа секір; жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау; бір орында тұрып, қос аяқтап 80 см. қашықтыққа секіру; өз бетімен секіртпемен секіру.
Лақтыру және қағып алу жаттығулары. Жоғары лақтырылған доптыбір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу; жүгіріп келе жатып, доптыекі қолымен жерге кезек соғып ыршыту; допты бір қолымен соғып ыршытуды өз орныңда бір айналып келіп қайталау; екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап алып, екі қолыменлақтырып, лақтырған допты қағып алып жүрістерін қайта жалғастыру; екі аяқты алшаққойып (тізерлеп, тұрып, аяқты созып отырып), 1 кг. мақта допты екі қолымен желкетұсынан бастап асыра лақтыру; теннис добын екі қолымен желке тұстан бастан асыралақтыру; теннис добын, 200 г. қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып, көрсеткішінанықтау; өз беттерімен әртүрлі заттарды лақтыру.
Еңбектеу және өрмелеу жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстіне тізерлеп тұрып, екі қолымен ұстап тартылу; қырынан жерге тигізе ұстап тұрып, басыниіп астынан өтіп шығу; гимнастикалық қабырғаға сүйеп қойған бөренемен, тақтаймен, баспалдақпен еңбектеп барып, қабырғамен өрмелеу; салбырата ілінген арқанмен ұстап,аяқтың көмегімен тартылу және арқанды бойлай сырғып түсу; екі қолымен гимнастикалық қабырғадан ұстап, екі аяқты кезек-кезек алға көтеру және қолымен бірнеше рет жоғары тартылу[9].
Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстімен 1 кг, доптыдомалатып журу; орындықтың үстіне тұрып, қолындағы добын лақтыру (өзіне лақтырылған допты қағып алу); 1 кг, толтырылған допты төбеге, желкеге қойып, орнында бірайналып жүріп кету; қолды жоғары созып, өкшені біріктіре көтеріп ұзақ тұру; мақта доптың үстіне бір аяқпен тұрып, екінші аяғын алға (жанға, артқа) көтеріп, тізесін бүгіп ұзақ тұру; жалғыз (екіден қол ұстасып) тұрып, әртүрлі қимылдар жасап айналу; көзін жұмып, бір аяқпен ұзақ тұру.
Жалпы дамыту жаттығулары
Қол және иыққа арналған жаттығулар.
Басты айналдыру, Басты бұру, Қолды алға жіберу, Саусақтарды бүгу, Қолды уқалау.
Аяққа арналған жаттығулар. Табанды бүгу және жазу, Табанды айналдыру, Аттап созылу, Қаз, Аяқты қозғау.
Кеудеге арналған жаттығулар. Піл, Керік, Маймыл, Ләйлек, Диірмен.
Тынысқаарналған жаттығулар. Бақылау үзілісі, Египтянші, Отын, Жүргінші, Балдырған, Түтікше, Шар, Ояну, Демалыс.
Сапқа тұрып, бір-бірінің артынан және шашыраңқы күйде жүріп, алаңды айналып қатарға қайта сапқа тұру. Орнында тұрып оңға, солға бұрылу.
Біздің елімізде дене шыныңтыру маңсаттары, міндет- тері адамның жан-жақты дамуы жөніндегі ілім езінің наңты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы жан-жақты ңоғам ңүру шарттарының бірі ретінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz