Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі ШЖҚ КМК

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

"Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі" пәні бойынша

Тақырып: Ересек балалар тобында өсімдіктермен таныстыру үрдісінде дидактикалық ойындарды қолдану

Орындаған:
Студент: Төлеген Жанерке Мамандық: "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту"
Біліктілік: Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
Топ: АМДТО - 41
Оқытушы:Болатбаева Е.Т.
___________________________
(қолы)
________________________
(бағасы, күні)

2022-2023 оқу жылы

Мазмұны
Кіріспе 3 бет
1 Теориялық бөлімі
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстырудың 5 бет
ерекшелігі мен міндеттері
1.2Ересек тобында балаларды өсімдіктермен таныстырудың 8 бет
әдістері мен тәсілдері
1.3 Баланың жан- жақты дамуына дидактикалық ойынның 11 бет
әсері
1.4 Өсімдіктермен таныстыру үрдісінде дидактикалық 15бет
ойындарды қолданудың ерекшеліктері мен маңызы
2. Практикалық бөлім
2.1 Дидактикалық ойын арқылы ересек тобында балаларды 28 бет
өсімдікпен таныстыруды бекіту
2.2 Ересек балалар тобында өсімдіктермен таныстыру үшін 33 бет
дидактикалықойындарды қолдану бойынша тәжірбиелік жұмыс
нәтижелері
Қорытынды 34 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35 бет
Қосымша 37 бет

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшаның тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру - балардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғат пен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әр түрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы - денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру - олардың санасында қоршаған табиғат жөніндегі білімдерді себу құралы, мұның өзі сезімдік тәжірибеге және табиғатқа деген дұрыс көзқарасқа негізделген. Балаларды табиғатпен таныстыру процесінде өзара тығыз байланысты білімді және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау- экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі.Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс.
Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақтарға жауаптар іздейді. Сайф Сарай: - "Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа..." - деген екен.
Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсінеді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар, ойындар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.
Ересек топ балаларын өсімдіктер әлемі туралы білімдері кеңейтуде ағаштар, бұталар, шөптер туралыұғымдарын қалыптастырып, қыс мезгіліндегі өсімдіктер тіршілігімен танысады. Ағаштар мен бұталардың бірнеше түрін ерекшеліктеріне қарай (жапырағына, жемістеріне, діңіне) ажыратып атай білуге үйренеді.Жемістер мен көкеністер туралы түсініктерін кеңейтіп, оларды ажыратып, жемістерді бөлек, көкеністерді бөлек топтастыруға, аььарын дұрыс атай білу керек. Осы жаста өсімдіктердің тірі табиғатқа жататындығын, оған да басқа тірі денелер сияқты өсіп жетілуі үшін арнайы жағдайлар (топырақ, жарық, жылу, су) керек екндігін түсінулері, өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсінеді.
Өсімдіктің көбею жолдарымен (тұқым, қиынды бұтақшалары, түйін т.б.) өсімдіктердің дұрыс жетілуіне кері әсер ететін жағдайлармен (жарықтың, жылудың, ылғалдылықтың, тыңайтқыштардың жетіспеушілігі т.б.) танысады. Өсімдіктердің өсіп жетілу жолдарымен (тұқым, бүршік жару,жапырақтары мен сабағы гүл), өсіру тәсілдерімен жәнеоларды күтіп-баптау (жерге отырғызу, суару, жерді қопсыту, отау, құнарландыру) түрлерімен танысады. Өсімдіктерлердің әр алуан жерлерде (дала, шалғын, орман, бау-бақ және т.б.) өсетіні туралы түсініктерін қалыптастыру және кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерімен (жолжелкен, өгейшөп, мыңжылдық, түймедақ) және олардың емдік қасиеттерімен танысады. Аймақтың табиғат ерекшеліктеріне тән өсімдіктері (түйетабан, сексеуіл, бетеге, қараған, ебелек, (қаңбақ), жүзген) туралы біледі.
Ғылыми теориялық негізде: К.Д.Ушинский Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойлауын, сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Ойын- бала үшін қолжетімді және қызықты әрекет түрі, алған әсері арқылы білім мен эмоциясын дамытамыз. А.В.Запорожец айтқандай,баланның шынайы әлеуметтік тәжірбиесі ойын болып табылады. Мектеп жасындағы бала үшін ойын сөйлеу мен ойлауды, танымдық процестерді дамытуда таптырмас құрал болып табылады. Я.А.Коменский "Тәрбие табиғилығы" еңбегiнде кешендi оқу процесiн жүргiзуде табиғаттың алатын орны ерекше екендiгiн, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары қоршаған ортамен салыстырмалы түрде түсiндiрiлiп, жүргiзiлсе, нәтижелi болатынын ескертедi.
С.Торайғыров өз еңбегінде: Балалықтың қанына ойын азық, - деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын кезінде бүдіршіннің бейімділігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын ажырата алатыны анық байқалады
Курстық жұмыстың мақсаты: Ересек тобында балаларды өсімдіктермен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа қамқорлық танытудың маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
2.Дидактикалық ойындардың ерекшелігін анықтау;
3.Ересек балалар тобында өсімдіктермен таныстыру арқылы баланың бойында әсемдікті танып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың объектісі. Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Курстық жұмыстың болжамы: Егер біз ересек балалар тобында өсімдіктермен таныстыруды дидактикалық ойын арқылы дамытар болсақ, онда біз балалардың бойында табиғатқа деген қызығушылығын арттырамыз.

1. Теориялық бөлім
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстырудың ерекшелігі мен міндеттері.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Табиғат және қоршаған орта мектеп жасына дейінгі балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ, балалар көп нәрсені байқай бермейді. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды процесін ұйымдастырудың әрбір формасы балалардың танымдық қызметтерінің саналуан түрлерін ынталандырады: әртүрлі ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істеу - фактіге негізделген материал жинауға, қоршаған ортаның ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді, ойын саналы түрде шешім қабылдау тәжірибесін, шығармашылық қабілет қалыптастырады, сонымен бірге жергілікті экожүйелерді меңгеруге және қорғауға нақты үлес қосуына, құнды идеяларды насихатттауға мүмкіндік береді.Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып,сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет.
Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері.
- көрнекілік әдісі
-бақылау әдісі
-бейнелі көрнекіліктерді пайдалану әдісі
-модельдеу әдісі
-практикалық әдіс
-дидактикалық ойындар
-қимылды ойындар
-еңбек әдісі
-сөздік әдісі
Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді. Балаларда табиғаттағы заттарды бір-бірімен салыстыру, олардың бір-бірінен қандай айырмашалығы бар, осы жайлы өзіндік ойлар туа бастайды.
Бес-алты жасар балаларда табиғаттағы заттардың, жануарлардың, өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары арқылы ерекшеленетінін ғалымдарымыздың мынадай тұжырымдары анықтай түседі. Мысалы, жануарлардың пішіні, түр-түсі, сыртқы жамылғысы т.б, арқылы салыстырады. Бұл жастағы бала мысық пен кірпіні былай салыстырады: кірпінің терісі инелер, мысықта тері, ал тері кірпінің бауырында ғана болады, мысықта мүлде инелер болмайды және т.б. Бала осы сөздермен мысық пен кірпінің ерекшелігін толық сипаттадым деп ойлайды, ал шын мәніндегі ой-түсінік кейін келе қалыптасып, жетіле береді. Осыған сәйкес, Өсімдіктер әлемі тақырыбын өткенде, балаларды балабақша ауласындағы ағаштармен, гүлдермен, шөптермен таныстырып, олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын түсіндіріп өткен жөн.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім беру барысында өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, бағдарламаға сәйкес балаларға таныстырылатын өсімдіктерге тоқтала:
❖ оны күтіп баптау және тіршілік ерекшеліктерімен таныстырып;
❖ күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу;
❖ өсімдіктін өсуі үшін белгілі бір жағдайлар-топырақ, ылғал, күннің көзі, жылуы керек екені түсіндіріледі.
Балаларды балабақша ауласындағы ағаштармен, гүлдермен, шөптермен таныстырып, олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын түсіндіріу керек.
Педагог В.А.Сухомлинский табиғат құбылыстарының қай-қайсы да адамға әсер ететiндiгiн, сондықтан оның сырларын бiлудi бала кезден қалыптастыру керектiгiн айтқан. Сондықтан, жылдың қай мезгiлiнде де табиғаттың әдемiлiгiн танытып, сол арқылы бала жанына сұлулық пен тазалықтың нәрiн құю керектiгiн мол педагогикалық жұмысының өзегi еткен. Балалардын табиғатты танып білуге деген қызығушылын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктермен құстарға қамқорлық жасауға, табиғаттын сұлулығын сезіне білуге үйретеді. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандарымен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап оларды зерттеп, ауа райы жағдайына бақылау жасап, еңбек және басқада әрекеттер жүзеге асады. Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту,өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.
Қоршаған ортаны аялауға деген баланның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балаларды сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар,шығармашылықпен жұмыс істейтін баланы қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып,баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп,оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды,көруді,сезінуді, тыңдауды үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып,өмір бойы есінде қалады. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз.
Баланы өз туған:
❑ өлкесінің табиғатын сүюге;
❑ туған өлкенсін аялай білуге;
❑ туған өлкесін қорғауға қызығушылығын арттырып;
❑ жауапкершілігін күшейтуге;
❑ табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету.
Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы-ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындыларды,әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме,батырлар жырын тыңдау арқылы Осы тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар азығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Яғни, адамзат өмір бойы барлығын табиғаттан үйренді, үйреніп келеді. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды және жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. Алтын күз, Құстар күні, Табиғатты сүйеміз, т.б ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтың ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
1.балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу;
2.балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.

1.2 Ересек тобында балаларды өсімдіктермен таныстырудың әдістері мен тәсілдері.
Өсімдік- тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын өсімдіктерге аудартуы үшін көптеген тәсілдерді қолдану керек.
Балаларды өсімдіктермен таныстыру тәсілдері:
1.Ойын-сабақтар
2.Табиғат бұрышы және ондағы бақылаулар
3.Күнделікті еңбек (топта және аулада)
Балаларды өсімдіктермен таныстыру әдістері:
1.Көрнекілік әдіс
2.Практикалық әдіс
3.Сөздік әдіс.
Бағдарлама бойынша ересек тобында
-Өсімдіктер, оларға күтім жасау (жерді қопсыту, суару, жапырақтардың шаңын сүрту) туралы түсінікті дамыту.
-Бақылау, эксперимент және еңбек ету барысында өсімдіктердің тірі тіршілік иелері екендігін, өсімдік тұтастығының мәнін, олардың өсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін анықтау.
-Өсімдіктердің даму кезеңдері (тұқым, көшет, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
-Өсімдіктердің жіктелуі туралы түсініктерді кеңейту: жемістер, көгөністер, жидектер (орман-бақша), гүлдер (бөлме, бақша және шабындық), бұталар және ағаштар (бақша және орман).
-Бөлме өсімдіктерімен таныстыруды жалғыстырады, өсімдіктерге күтім жасау.
Табиғат бұрыштарына қойылатын жалпы талаптар
Жылдан-жылға өсіп, кеңейіп отырған бұл талаптар білім беру бағдарламаларында көрсетілген:
::Санитарлық нормаларға сәйкес жануарларды топтық бөлмелерге, киім ауыстыратын бөлмелерге, жатын бөлмелеріне орналастыруға тыйым салынады. Егер балабақшада балалар оларды бақылап, оларға күтім жасау мүмкіндігіне ие болғысы келсе, оларды хомяк, попуга және т.б. ұстау үшін алып кетеді.
::Орналасуы, оның ішінде табиғи жарық... Ондағы өсімдіктер жиһаздың, ойыншықтардың көлеңкесінде болмауы керек, яғни оларды күндіз максималды күн сәулесімен қамтамасыз ету керек
Бұрыштың жанына өсімдіктермен қоршау орнатқан дұрыс болар еді, бұл балаларға жүгірмеуді және осы жерде шу шығармауды ескертеді.
::Негізгі талаптардың бірі - қауіпсіздік. Өсімдіктер, материалдар мен құралдар балаларға зиян келтірмеуі немесе ықтимал қауіп төндірмеуі керек.
::Жиһаз жақсы бекітіліп, сөрелер балалардың көз деңгейінде болуы керек. Кішкентай балалар бәрін көру үшін қолын созбауы керек.
::Эстетикалық дизайн, жарықтық және тартымдылық. Кез-келген топтық бөлмеде табиғат бұрышы эстетикалық функцияларды да атқарады: өсімдіктердің жасыл бөліктері, гүлдер, сонымен қатар табиғат күнтізбесі, балалар суреттері және басқа да қолөнер бұйымдары арқасында топты безендіреді.
::Әртүрлілік. Бұл талаптың орындалуы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бұрышты қажетті өсімдіктермен, материалдармен және жабдықтармен толтыру арқылы жүзеге асырылады
Балабақшаның табиғат бұрышындағы өсімдіктерді таңдау мен күтіп-баптауға қойылатын талаптар
Табиғи тарих бұрышына орналастырылатын өсімдіктерге қойылатын жалпы талаптар да бар:
::типтілік, яғни олар өз тобының жарқын өкілдері болуы керек (фикус - биік, тіке сабағы бар, күлгін - жапырақтардың айқын түбі бар және т.б.);
::сыртқы тартымдылық (жапырақтың тығыз розеткасы, жапырақтардың қанық түсі, мол гүлдену);
::екінші кіші топтан бастап, бұрышта кейбір түрлердің екі немесе үш өсімдіктері болғаны жөн айрықша ерекшеліктері (мысалы, ақ және қызғылт күлгін) тірі объектілердің сипаттамаларын салыстыру және олардың әрқайсысының бірегейлігі мен эксклюзивтілігі туралы тұжырым жасау;
::Мектеп жасына дейінгі балалар мұғалімнің басшылығымен оларға қамқорлық жасай алатындай қарапайым және көп еңбекті қажет ететін күтім;
::әр өсімдіктің оған күтім жасау талаптарын (суарудың жиілігі мен көптігі, бүрку қажеттілігі және т.б.) көрсететін тақтайшасы мен паспорты болуы керек және оңтайлы жағдайлар өсу үшін.
Балабақшаға рұқсат етілген өсімдіктердің көпшілігін жеуге әлі де рұқсат етілмеген. Балаларға, әсіресе кішкентайларға, өсімдіктерді қорғау керек екенін, жапырақтарды қажетсіз жұлып алмауды, табиғат бұрышына енбеу керектігін түсіндіру керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды өсімдіктермен таныстыру барысында әр жас ерекшеліктеріне қарай өз талаптары мен ережелері бар. Балабақшада балаларды өсімдіктермен таныстыру барысында табиғатпен үнемі байланыста болу керек. Тәрбиеші балалардың қызығушылығын арттырып зейінің аудара білуі керек.
Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге бақылау жыл бойы ұйымдастырылады.
Ал учаскідегі өсімдіктер жаз мезгілінде ғана ұйымдастырылады. Тәрбиеші балаларды әдемі гүл мен, жағымды иісімен қызықтыратын шөптесін өсімдіктермен таныстырады. Ойлау қабілетін дамыту үшін өсімдіктерді атағанда кейбір өсімдіктердің атауларына және олардың ерекшелігіне назар аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен -- жол бойында өседі, шырмауық -- басқа шөптерге оралып, шырмалып өседі, т.б. Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу.
Жаз күнінін ұзақтығы, жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ туралы түсініктерін нақтылау. Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде гүлдейтін
өсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау. Гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелерді безендіру. Табиғат бұрышында балалар бөлме ішінде өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады, сондай-ақ аквариумды, құс торларын тазартады, өсімдіктер мен жануарларды дұрыс күту мен олардың жақсы жағдайда болуы арасындағы байланысты анықтауға үйретіледі. Табиғат мүйісінін эстетикалық көркемдігіне балалар назарын үнемі аударып отыру. Бұл топта тәрбиешінің суреттерді, диафильмдер мен көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне көп орын беріледі және табиғат құбылыстары туралы өз елінің табиғатын қорғап, қамқор бола білу қасиеті бойына сіңіріледі.
Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Өсімдік өмір сәні,табиғат көркі,дәрі-дәрмек екенің, олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды оған көрік беріп, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болатынын, балаларға таныстырамыз.
Тәрбиеші бөлме гүлдерін көрсетіп, әңгімелейді. Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.
Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар екенің таныстыру керек. Сондай-ақ, бөлме ішін ылғалдандырып, уытты заттардан тазартатының айтуымыз керек. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Оттегіні күндіз бөліп, түнде жұтатын қабілетке ие фикусты жатын және балалар бөлмеге қою керек.
Міне өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екенің. Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірліктің, жақсылық пен жомарттықтың болары сөзсіз екенің балаларға жеткізіп түсіндіру керек.

1.3 Баланың жан- жақты дамуына дидактикалық ойынның әсері

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын, сондықтан оның мәні ерекше. Бала өмірінде ойын үлкен орын алады. Ойын-тәрбие процесінің негізгі әдістерінің бірі. Балалар үшін ойын-ол оқу, ол тәрбиелеу әдісінің негізгі бір тәсілі болып табылады. Ал, психикалық дамуы тежелген балалар үшін ойын сөйлеу тілін қалыптастырудың негізгі бірден-бір жолы болып табылады. Өздеріміздіңкүнделіктіөмірде байқағанымыздай: -қазір ойын ойнаймыз- десек болды, олардың көздері күлімдеп,қуаныштарында шек болмайды. Қандай бала болмасын ойынмен өсіп, жетіледі. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал, еркіндік дегеніміз-барлық дамудың баспалдағы. Ойын іс-әрекетінде балалар өз еркімен берілген тапсырманы ойын түрінде қабылдайтындықтан , нәтижеге ойнай отырып, жеңіл жетеді.
А.С.Макаренко өз тәжірибесінде ойынның ролін былай тұжырымдаған: Кез-келген баланың бойында ойынға деген қызығушылық, ынта-жігер болады,міне, осыны қанағаттандырып отыру керек.Бала өмірі - ойын арқылы дамиды-деген.
Міне, сондықтан да психикалық дамуы тежелген балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты тәрбиелеуде және сөйлеу тілін қалыптастыруда әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі осы мақсатта педагог-тәрбиешілер арасында мынадай міндеттерді орындау керек:
1) балалардың ойлау әрекетін дамыту және әрі қарай байыту;
2) белгілі ойын түрлерін әрі қарай кеңейту;
3) Ойынды балалардың жалпы және тілдік қатынасын қалыптастырудағы түзету құралы ретінде пайдалану міндеттері тұрады;
Дидактика термині гректің дидактос,яғни уйлестіретін деген сөзден шыққан.
Дидактикалық ойын дегеніміз -- балалардың ынта-ықыласын күшейтетін,оқу қызыметінің қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу қызымет барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуатты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі.
Кез-келген ойынды ұйымдастыру кезінде тәрбиеші сол ойынға жан-жақты дайындалуы керек. Ойынға қажетті құрал-жабдықтар, әртүрлі көрнекіліктер, ойында қолданатын сөздіктер болуы керек, ойынға қажетті құрал-жабдықтар мен ойыншықтарды қалай пайдалану керектігін үйрету керек.
Психикалық дамуы тежелген балалармен ойынды ұйымдастыру кезінде олардың ойын әрекетінің бір жақтылығын, бір-біріне қарап еліктеп орындайтындығын, сонымен бірге қимыл-қозғалыс ойыны кезінде ойынның бір кейіпкерінен екінші кейіпкеріне өту кезіндегі қиыншылықтарын ескеру қажет.
Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Әр оқу іс-әрекетінде ойынды тиімді пайдалану жаңа тақырыпты баланың жақсы, өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі.Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздыққа, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялық түсінік пен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өміріндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады.Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын,сондықтан да оның мәні ерекше. Дидактикалық ойындар - бұл балаларды оқыту және тәрбиелеу мақсатында арнайы құрылған педагогика ережелері бар ойындардың бір түрі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды өсімдіктер мен жануарлармен таныстыру балалардың әртүрлі іс-әрекеттері аясында жүзеге асырылады. Дегенмен, тиімді әдістердің бірі - дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын түрлері.
Үш негізгі түрі:
- заттармен ойындар (ойыншықтар, табиғи материалдар);
- тақтадағы баспа ойындары;
- сөздік ойындар.
Заттармен, ойыншықтармен және нақты заттармен (тұрмыстық заттар, құралдар), табиғат объектілері (көкөністер, жемістер, конустар, жапырақтар, тұқымдар) бар ойындарда қолданылады. Нысандармен ойындар әртүрлі білім беру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді: балалардың білімін кеңейтеді және нақтылайды, ақыл-ой операцияларын дамытады (талдау, синтез, салыстыру, дискриминация, жалпылау, жіктеу), сөйлеуді жақсарту (объектілерді, олармен іс-әрекеттерді атай білу, олардың қасиеттері, мақсаты ; заттарды суреттеу, жұмбақтар құрастыру және болжау, сөйлеу дыбыстарын дұрыс айту), еркін мінез-құлық, есте сақтау, зейін қоюға тәрбиелеу.
Табиғи материалы бар ойындар (өсімдік тұқымдары, жапырақтары, түрлі гүлдер, қиыршық тастар, қабықшалар) балалардың табиғи орта туралы білімдерін бекітуге, психикалық процестерді қалыптастыруға (талдау, синтездеу, жіктеу) мүмкіндік береді. Мұғалім мұндай ойындарды серуендеу кезінде, табиғатпен тікелей байланыста ұйымдастырады: ағаштар, бұталар, гүлдер, жапырақтар, тұқымдар.
Тақталық және баспа ойындары мазмұнына, жаттығу тапсырмаларына, дизайнына байланысты әртүрлі. Олар балалардың әлем туралы түсініктерін кеңейтуге, білімдерін жүйелеуге, ойлау процестерін дамытуға көмектеседі. Тақталар мен баспа ойындарының түрлері әртүрлі: жұптасқан суреттер, лото, домино, лабиринт, кесілген суреттер, текшелер, жұмбақтар.
Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға,оқуға қызықтыра отырып,тұлға дамуын қалыптастыруға болады.Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың мазмұнды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі.Себебі,ойын-оқу,еңбек іс-әрекеттермен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі. Балалармен жұмысында деңгейлік дидактикалық ойындар көп орын алады.Оларды әр оқу іс-әрекетінде және балалардың өз бетінше жұмыс істегенінде қолданамын.
Дидактикалық ойын оқудың бөлшегі болып табылады.Ол оқу іс әрекетін меңгеруге,бекітуге,танымдылық қызыметінің әдісін меңгеріп көмектеседі.Балаларды заттың сын-сипатын біліп,қортындылауға,салыстыруға жүйелеуге үйретеді.Дидактикалық ойын сабақтың құрамдық бөлшегі болып табылады.Ол оқу іс-әрекетін меңгеруге,бекітуге,танымдылық қызыметінің әдісін меңгеріп көмектеседі.Балаларды заттың сын-сипатын біліп,қортындылауға салыстыруға жүйелейге үйретеді.Дидактикалық ойындар тақырыпқа байланысты қолданылады .Тапсырма берер алдында оны балаларға түсіндіру,тексеру қажет.
Дидактикалық ойындар,ойын тапсырмалар біртіндеп күрделенеді,сондықтан оларды ретімен орындату қажет.Әрбір ойынға балалар қызыға қатысады.Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.Дидактикалық ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім,білік,дағдыларын және түсінік беру,оларды қалыптастыру тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.Дидактикалық ойынның міндеті балалардың қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.Дидактикалық ойындар-балабақша бүлдіршіндері үшін өзіне тән жүру барысы,мақсаты,маңызы бар әрекет. Бала әр бір затты ұстап дәмін татып,сан рет байқап көреді.Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар.М.Жұмабаев,Ш.Құдайбердіұлы ,С.Торайғыров өз еңбектерінде айтып кеткен.Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі.Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып сөздік қоры өседі.
Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама береді дидактикалық ойындар дегеніміз балаларға белгілі бір білім беріп іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әпекет.
Мысалы: Сыңарыңды тап! ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі
Пәндер