Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы
( XI-XIIғ)
Орындаған: Зиноллина Ж
Тексерген: Мухангалиева Ж.К
Жоспар:
Кіріспе
Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы
Қоғамдық құрылысы
Қыпшақ хандығының саяси жағдайы.
Қыпшақтардың ішкі және сыртқы саяси жағдайы
Қорытынды
Пайдалнылған әдебиеттер

Қыпшақтар туралы айтқанда, біз, міндетті түрде қимақ тайпаларын еске аламыз. Өйткені бұл тайпалардың тарихы бір-бірімен тығыз байланысты. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері ХІ ғ. жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшеді. Ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құланды даласынан, оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақты алып жатты.
Қыпшақ хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдарияның орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан. Қыпшақ шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналғанҚыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің аңғарларын жайлаған. Араб деректеріне қарағанда, қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған.Сонымен, Алтайдан Еділге дейінгі аралықтың Қыпшақтар даласы (Дешті Қыпшақ) деп аталуының өзі бұл кең-байтақ аймақтың қыпшақтардың атамекені екндігін толығымен растайды.
Қыпшақтар этникалық құрамы VІІ-VІІІ ғасырларда құрыла бастаған. Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы екі бөліктен тұрған. Бірінші -- қыпшақтардың батыс бірлестігі, бұлардың тайпалық құрамы он бір тайпадан тұрады: елбөрілі, тоқсоба, йетиоба, дурут,т.б. Екінші -- қыпшақтардың шығыс бірлестігі, бұлардың тайпалық құрамы он алты тайпадан тұрған. Олардың сегізі негізгі тайпалар, ал қалған сегізі ұсақ тайпалық бөлімшелер. Тайпалардың ішінде ең беделдісі -- бөрілер болған. Бұл елбөрілер болып та айтылады. Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған. Тайпаның бөрілер аталуы қасқырға табынуды көрсетеді. Ал мұндай салт ердегі түрік тайпаларынан бері қарай белгілі. Тоқсоба да тоғыз тайпалы деген ұғымды білдіретін беделді тайпалардың қаратарына жатқан.Дурут -- төрт тайпа, йетоба -- жеті тайпа дегенді білдіріп, олардың біріккен тайпалар екендігін аңғартады.
Жалпы Қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ, оғыз, қуман, ежелгі башқұрт тайпалары да енген. ХІІ ғ. бастап қыпшақтар Арал маңына билік жүргізген кезде олардың құрамында қаңлылар, қарлұқтар мен жікілдер де болған.
Сонымен қыпшақтардың этникалық құрамына кірген тайпалардан қыпшақ халқы қалыптаса бастады. Бұл тайпалардан тіл, наным-сенім, қоғамдық құрылыстары, шаруашылықты жүргізу жағы бір-біріне ұқсас болды. Әрине тіл жағынан кейбір жергілікті диалектілер сақталған. Бірақ ол бірыңғай қыпшақ халқы болып қалыптасуға кедергі болмаған. Оны Плано Карпинидің қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен дегені толық дәлелдейді. Тайпалар бірлестігінің ішінде мұндай жақындасу жағдайлары тығыз жүріп жатты. Сондықтан да Дешті Қыпшақта (Қыпшақтар даласында) қыпшақ халқының қалыптасуы заңды құбылыс еді. Бірақ монғол шапқыншылығы бұған үлкен нұқсан келтірді. Сөйтіп, Қазақстанда бірыңғай халық болып қалыптасу құбылысы ХV ғасырға дейін кешеуілдеді.
Қоғамдық құрылысы.
Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы тікелей Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысының жалғасы болды. Бұл хандық та да билік әкеден -- балаға мұрагерлікпен беріліп отырды. Мұндағы бір ерекшелік, хан тағына елбөрілі тайпасының белгілі өкілдері ғана сайланып отырған. Сондықтан да тарихшы Жүзжани бұл хандар әулетінің тайпасы деп атаған.
Хандық биліктің орталығы орда деп аталды. Ордада хандық өкіметті билеушілер тұрды. Әскери басқару жүйесі бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша оң және сол қанат болып бөлінді. Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласының орнында болса, ал сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласында орналасты. Әскери басқару жүйесінің екі қанатқа бөлінуі оң қанаттың батыстағы, сол қанаттың шығыстағы билікті мызғытпай ұстап отыруы үшін жасалған еді.
Қыпшақ хандығының әлеуметтік-экономикалық тегі таптық құрылыс болды. Ақсүйек-шонжарларға хандар, оның туған-туыстары, тархандар, басқақтар, бектер, байлар және ру-тайпа көсемдері жатты. Ал қарапайым бұқара халық малы жоқ кедейлерден тұрды. Кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтары да болды. Қыпшақ қоғамында құлдар да еңбек етті. Мұндай басыбайлы құлдыққа малы жоқ кедейлер, қолға түскен тұтқындар түсіп отырған. Феодал-шонжарлардың баю жолындағы біршама табысы тұтқындарды Орта Азияның базарына сатудан түсетін еді. Қыпшақ хандығында құлдықтың болғандығын Махмуд Қашқаридің қыпшақ тілінде құлдыяланкуг деп атағандығынан анық байқауға болады.
Қыпшақ хандығының саяси жағдайы.
ХІ ғ. бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығына қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңтүстік далалы аудандарына шығу қажет болды. Алайда бұл жерлерге шығу оңай емес еді. Өйткені арада оғыздар мемлекетінің билігі жүріп тұрған. Х ғ. аяғы -- ХІ ғ. басында Оғыз хандығының жағдайы нашарлай бастайды. Бұл жағдайды Қыпшақ хандығы дер кезінде пайдаланып, оғыздарға солтүстік және солттүстік-шығыстан басып кіреді. Сөйтіп қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдарияның орта ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді.
Сонымен қыпшақтар оғыздарды жеңгеннен кейін Еділ өзеніне дейінгі жерлерді иеленеді. Оңтүстік орыс далаларын, Кавказ, Қырым жерлерін алып, шекараларын Жонға дейін ұлғайтады. Ресей жерлеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректерінде половецтер (далалықтар) деп, ал Дунай бойына барып жайғасқан қыпшақтарды венгрлер кундар немесе командар деп атаған. Қыпшақтар Хорезм елімен де қатынасты жақсартуға әрекет жасайды. Алайда Хорезм шахы қыпшақтардың күшеюінен және олардың өз шекараларына жақындауынан қауіптене бастаған болатын. Сондықтан да шах әр түрлі саяси қулықтар жасауға тырысады. Ондай әрекеттерге кезінде Хорезм шахының мұрагері Атсыз да барған болатын. Бұлардың арасындағы саяси жағдай да өте тұрақсыз болды. Хорезм шахы кез-келген мүмкіндікті өз пайдасына шешуге тырысып отырды.
Кейбір жазба деректерге қарағанда, Атсыз қыпшақтардың қол астындағы оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл да жасаған. 1133 ж. қыпшақтар жеңіліп те қалған. Бірақ Хорезм мемлекеті ешбір нәтижелі жеңіске жете алмаған. Дегенмен осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастаған. Ашық майданда жеңіске жете алмайтындықтарын білген хорезмдіктер енді қыпшақтардың ішкі қайшылықтарын пайдалануды көздеді. Мәселен, қыпшақтардың ақсүйек-шонжарларын өз жақтарына қызметке тартып, сый-сияпат жасап, олардың арасынан әскери топтар құрып, өздеріне қарсы қоюға тырысқан. Қыпшақтардың арасына ислам дінін таратумен де айналысады. Сөйтіп, олардың ішіне іріткі салып, қыпшақтарды өздеріне тәуелді етуге әрекет жасайды.
Хорезм билеушілері Текеш пен Мұхаммед бұрын іске аспаған істерді іске асыруға әрекет етеді. Олар қыпшақ ханы Қадыр-Буке хан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып, Сығанақ қаласын басып алуды ойластырады. Текеш өз ойын іске асыру үшін 1195 ж. Сығанақта басқарып отырған Қадыр-Буке ханға қарсы жорыққа аттанады. Бұл жорықта Текеш Отырарды билеп отырған Алып-Деректің әскерін өз жағына шығарып, қаланы жаулап алады.
Ал ХІІІ ғ. басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болып өтеді. Бұл шайқастарда қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінеді. Бірақ олардың арасындағы жауласушылық мұнымен бітпейді. Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы бұл екі ел үшін ұзақ жылдар бойына қақтығыс көзіне айналады. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.
Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлде жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды. Ақыр соңында олар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.
XI ғасырдың басында бұрынғы кимек, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл асай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Европа мемлекетімен тікелей белсенді қарым-қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың 2-ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-өзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған болған жоқ. XI ғасырдың 1-жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Европамен жалғастырып жатқан жолдың бұл учаскесі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдың 2-ширегінің басында Оғыздар даласы (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына Қыпшақтар даласы (Дешті Қыпшақ) деген ату пайда болды. Маеңғыстауды, сондай-ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді.XI ғасырдың ортасында кумандародың негізгі бұқарасы мен билеуші тоқсоба және бұржоғлы руларының қоластындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теңіз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударды. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этно-аумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс Қыпшақ және Батыс Қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді. Қазіргі Қазақстан аумағаның көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болды.
Қыпшақ ақсүйектерінің шығыс Дешті Қыпшақ тайпалары қоныстанған аумақты едәуір кеңейтуіне мүмкіндік берген XI ғасырдың 1-жартысындағы қаулаған қауырт оқиғалар Сырдариядағы оғыздар державасымен, Орта Азиядағы салжұқтар, хорезмшахтар және қарахан әулеттерімен соғыстарға және қақтығыстарға әкеп соқты. Сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі де роль атқарып, ол қыпшақтар мемлекетінң құрылуына объективті себеп болды.
Ғылыми әдебиетте қыпашақтарда мемлекет болу проблемасына 2 көзқарас бар. Олардың біріншісін жақтаушылар қыпшақтарда бір жажағдайда - бұрынғы ммемлекеттік құрылым ретінде, ал екінші жағдайда атап айтқанда, хорезмшахтардың мәдени ықпалы барысында қыпшақтардың мемлекеттік болған деп санауға бейім.
Қыпшақ хандығының саяси негіздері қыпшақ және куман тайпаларының едйуір топтарының шығыс Дешті Қыпшақта орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едйуір нығайды.XI ғасырдың 2-жартысынан XII ғасырдың 13-не дейін қыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен деректемелерде ең елеулі екі билеуші - құдіретті билеуші және ең үлкен құрметке ие патша бөліп айтылады.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузджани (1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшақ ханының әлеуметтік руы туралы мынандай құнды мәліметтер келтіреді: жас кезінде Қазақстан аумағынан Үндістанға монғолдардан қашып барған (ұлы)ханның асқан ұлы ұлығы, Дели сұлтанатында ол Елбөрі ханы және имектердің шахы ретінде белгілі болды. Ұлық-ханның әкесі де,- деп жазады одан әрі Джузджани, -
Елбөрі тайпасының арасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған, Ал оның атасы Абар-ханның ұрпағы саналады. Демек, Абар-хан қыпшақтардың әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеолгиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім емес.
Осыған байланысты Махмұд Қашғаридың қыпшақтар арасындағы Табар-хан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табар-хан Жөнінде ешқандай қосыша мәліметтер келтірілмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда, Табар-хан мен Абар-хан бір-ақ адам. Осыны негізге ала отырып, Табар-хан (немесе Абар-хан) XI-XII ғасырдың басындағы Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.
Орда депаталған ордасында ханның мал-мүлкі мен хан армиясының басқарған ханның басқару аппараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасу ықтимал оң қанатқа және хан ордасы Сығанақ қаласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бөлінді. Неғұрлым күштісі оң қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы Торғай далаларында болса керек. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйелеріне ерекше мән берілді, өйткені олар көшпелі тұрмыстың ерекшелігін көрсетті және көшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болды.
Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатң иерархиялық жүйесі (хандар, тархандар, югурла, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетіледі, сонымен қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінді. Орталық Азияның көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпалардың қатаң иерархиясы қоғамдық және мемлекеттік дамудың негізгі принципі болды.
Қыпшақ хандығында мемлкеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырды. Жазба деректерде, қытай, үнді, ұйғыр ғұламары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.
Қыпшақ көшпелі қоғамы өркениетінің ерекшелігі - оларда байланыс желісінң жетілдірілгендігі болып табылады. Қыпшақтар елінде қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің техникалық прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін. Осыған байланысты XI-XIII ғасырдың басындағы қыпшақтардың этникалық аумағының кең-байтақ кеңістігі олардың қоғамының коммуникациялық мүмкіндіктеріне сәйкес болғанын атап өту жеткілікті.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқы басты байлық саналды. Орта ғасырлардағы авторлардың хабарлағанындай, қыпшақтар елінде көптеген адамдар бірнеше мың жыылқы иеленген, ал олардың кейбіреулері он мың жылқы және одан да көп үйірлі жылқыны иеленген.
Қыпшақ тайпаларының көшіп-қонуы тез малшы топтары жүздеген, ал кейде мыңнан астам шақырым жерге көшіп жүреді. Олардың көшетін аумағы тарихы дәстүрлерге, байлық дәрежесіне және табиғат жағдайларының сипатына қарай әртүрлі болып отырды. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары, сан ғасырлық тәжірибе ұрпақтардың бойында қалыптасты. Осыған байланысты отан (этникалық аумақ) ұғымына жайылымдық жер, жайлау және қыстау ұғымдары арқылы ой жүгіртуге болады. Тұрақты көшу жолдарын елеулі экономикалық, әлеуметтік немесе саяси себептер ғана өзгерте алатын. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды, дағдылы құқықтың (төре) орныққан нормалары бойынша жазаланды деп есептелді. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер (таңбалар) салынды. Малынан айырылған, демек, көшу мүмкіндігін жоғалтқан еркін қауым мүшесі отырықшы тұрғандар-жатақтар (ятұқтар) қатарына өтті. Кедей ятұқтар жеткілікті мөлшерде мал пайда болысымен-ақ, ол қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысыпотырды. Қыпшақ қоғамында ең құқықсыз топ соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып отыратын құлдар болды.Этникалық аумақ шептерінң көптеген ерекшеліктерін басқа халықтарымен этникалық-саяси қарым-қатынастар анықтады. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлектетерімен, әсіресе хорезмшахтармен ерекше табанды күрес жүргізді. Егемендікті тану, әдетте, вассалдардың билеушілерге адалдыққа ант беріп, алым төлеуінен, оның соғыс жорықтарына өз қолдарымен қатысуынан көрінді. Салжұқтар әскерінің құрамы көбінесе қыпшақ көсемдері бастаған тайпалық топтармен толықтырылып отырды.
XI ғасырдың 2-ширегінде хорезшахтар салжұқтардың өктемдігііне қарсы қыпшақ және оғыз тайпаларынан тұратын әскер қолдарын қызметке кең көлемде тартты. 1065 жылы салжұқтардың билеушісі Алып Арслан хорезмшахтарды бағындырып, қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасады, онда қыпшақтардың жақсы бекінген қамалы орналасты. Қыпшақтарды бас идіруге көндірген Алып Арслан оғыздардың шағрақ тайпасына шабуыл жасап, олардың 30 мыңдық әскерін талқандайды. Осыдан кейін салжұқ сұлтаны Жент пен Сауранға жорық жасады. Осы соғыс науқанының нәтижесінде қыпшақ тайпаларының бір бөлігі уақытша Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. Сірә, осы тайталастар барысында қыпшақтар оғыз-салжұқтардың алабұлақ тайпасын тұтқынға алса керек, бірақ соңғылары, Махмұд Қашғаридің айтуынша, олардан құдайдың көмегімен құтылып кеткен.
XI ғасырдың осңғы ширегіні ңаяғында Маңғыстауда және Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізді, оларға оғыз және түрікмен тайпаларының жекелеген топтары саяси жағынан тәуелді болды. 1096 жылы құдіретті хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге жорық жасады. Алайда хорезмшахтардың қамқоршылары салжұқтар оларды Маңғыстауға қайтуға мәжбүр етті.
Махмұд Қашғаридың жанама мәліметтеріне қарағанда, қыпшақтардың әскери-көшпелі шонжарлары қарахандар әулетінің билеушілерімен саяси жағынан күрделі өзара қатынастарда болды. Қарахандар қыпшақ ұлысының шығыс шектеріне жорықтар жасады, ал кимектер. Қыпшақ хандары өз жерінің оңтүстік-батысында, Тараз аймағында Қарахандар мемлекетімен шекаралық мекен ретінде Кенжек Сеңгір бекінісін салды.
XI ғасырдың аяғында Жент, Жанкент және төменгі Сырдарияның басқа да қалалары қыпшақ көсемдерінің қолында қала берді. Алайда XII ғасырдың 1-жартысында бұл аймақ қыпшақ хандары мен оны қайткен күнде де иеленуге тырысқан Орта Азияның мұсылман әулеттері арасындағы табан тірескен күрес өңіріне айналды. Кутб ад-дин Мұхаммед билеген кезеңде (1097-1127) қыпшақтар хорезмшахқа пәрменді қарсылық көрсетіп, төменгі Сырдария мен Арал және Каспий теңіздері аралығындағы далалық жерлерді өздеріне сақтап қалды. Қыпшақ билеушілері Мұхаммедтің мұрагері, ұлы Атсызды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz