Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы


Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Қысқаша сипаттама
3. Зерттеу мақсаты
4. Зерттеудің өзектілігі:
5. Әр білім алушының қосқан үлесі (атқарған жұмыстары жазылады
6. Әдебиетке шолу
7. Таңдама және зерттеу әдістері
8. Нәтижелер және оларды талдау
9. Қорытынды
10. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
11. Қосымшалар
1. Кіріспе
Бүгінгі жас буын - еліміздің ертеңгі болашағы. Қазіргі таңда баланың дұрыс қалыптасуы мен тұлғалық кемелдену мәселесі мемлекеттік саясаттың да ажырамас, ең негізгі мәселелерінің бірі болып отыр. Сондықтан жас жеткіншектер мен мектеп жасындағы балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оларға жақсы білім беру - бүгінгі мемлекетіміздің ең негізгі мақсаттарының бірі.
Жаңа заманның баласын тұлғалық сипаты кемел, жан-жақты ойлау, саралау мүмкіншілігі мол жоғары дәрежелі интелект иесі ретінде қалыптастыру бүгінгі уақыттың басты талабы. Өйткені, бүгінгі жас өрен еліміздің ертеңгі келешегі. Сондықтан балаларды ерте жастан дұрыстап тәрбиелеуге мол күш салуымыз қажет. Бұл үшін ең әуелі балаларды халықтық тәрбиенің қайнар көзі халық ауыз әдебиетіне, яғни төл әдебиетімізге жақындатуымыз керек. Себебі, өз халқының рухани мол мұрасымен ерте жастан ауызданып өскен әр бала халық үшін қарекет етер толық мәнді тұлға бола алады.
Балаларға мәдени халық мұрасын таныстыру ерте жастан бастау алуы қажет. Қазіргі таңда балалардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту қызметін мектепке дейінгі ұйымдар да қалтқысыз атқарып келе жатыр. Балабақшалардағы жас жеткіншектердің халықтың телегей теңіз мол мұрасының бір парасымен танысып, сусындауының өзі бала интелектісінің дамуына басты кепіл бола алады. Ауыз әдебиетінің сан ғасырлық рухани мұрасын бала бойына сіңіру мектепке дейінгі білім беру орталықтары мен бастауыш сынып бағдарламасына ғана жүктелмей, орта және жоғары буын оқушыларына да жүйелі жүргізілуі керек. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жасалынған оқу бағдарламасында әр сыныпта халық ауыз әдебиетінен шығармалар берілген. Әйтсе де, бағдарламада көрсетілген ауыз әдебиетінің үлгілерінен өзге де халықтың асыл қазыналарымен оқушыларды таныстырып отыру керек.
Сан қилы шытырман оқиғаларға негізделген ертегі, дастандар, адам ойын ұшқырлыққа бастайтын жұмбақтар, мағына-мәнге бай тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - мақал-мәтелдер баршасы да халқымыздың рухани төл мұралары.
Көшпелі дала мәдениетінде балаларды тәрбиелеудің басты құралы саналған халық ауыз әдебиетінің орны айрықша. Халық ауыз әдебиеті ол ұлттық құндылық, рухани мұра ғана емес, сондай-ақ біздің еліміз үшін тарихты тану құралы. Сан ғасырлық сан тарау тарихында көшпелі ғұмыр көшкен халқымыз өз мәдениетін, ділін, дәстүрін ауыз әдеби мұралары арқылы сақтап келді. Сондықтан қазақ халқы үшін ауыз әдеби мұралары тек қана рухани байлық емес, ол сондай-ақ халқымыздың генетикалық айқындаушы коды.
Халық ауыз әдебиеті - талай ғасырдан жалғасып, жинақталып келе жатқан мол мұра, сарқылмас байлық, халық шежіресі. Одан халқымыздың өткенін білеміз. Өткенді тану арқылы халқымыздың батырлық, ерлік тарихына қанығамыз. Бүгінгі заман дидарын дұрыс танимыз.
Халық ауыз әдебиеті - халықымыздың рухани мұрасының бастауы, негізгі өзегі, алтын кені. Халықтың мол мұрасын толайым талдап, зерттеп-зерделеген іргелі еңбектер қазақ әдебитінің тарихында көптеп кездеседі. Атап айтқанда, А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», М. Ғабдуллиннің «Ата аналарға тәрбие туралы кеңес», Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтың «Қазақ тәлім-тәрбиесі», С. Қалиевтың «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» және т. б. еңбектерде бұл мәселе жан-жақты ашып көрсетілген.
Мұндай еңбектер көркем ойлау мен көркем сөздің, озық тәрбиенің үлгісі болатын қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде оқушылардың сөйлеуін дамытудың жолдарын айқындай отырып, оның білім мазмұнындағы орнын белгілеудің көкейкестілігін дәйектеуге негіз болды.
2. Қысқаша сипаттама
Халық ауыз әдебиеті - халық рухани мәдениетінің ерекше саласы, халықтың өз еншісі, төл мұрасы, өйткені оны - жасаушы да, таратушы да, тыңдаушы да - халық. Қадым замандардың куәсі болып бүгінге жеткен төл әдебиетіміздің ерекше саласы - халқымыздың ауыз әдебиеті өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастырушы, халқымыздың ой-өрісін, дүниетанымын айқындайтын, жоғарыда атағанымыздай, ұлттық код іспетті. Ол мазмұн мен форманың, идея мен тақырыптың молдығымен, көркемдік-идеялық және эстетикалық қуат-күшімен, сюжеттік бояудың мейілінше қанықтығымен, сондай-ақ ең бастысы терең тәрбиелік мазмұнмен ерекшеленеді. Біз қарастырып отырған халық ауыз әдебиеті жанрлық ерекшеліктер әдебиеттің негізгі функцияларының бірі - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлт жадынан хабар беруге атсалысып, тарих ғылымдарының құрығы жете бермейтін тереңге бойлайды, халықтың байырғы дүниетанымы, наным-сенімі, ой-өрісі, көзқарасы жайынан түсінік қалыптастарады. Ғасырлар жүгін арқалаған осы маңызды қызмет оның сан қатпарлы әдебиет тарихының төрінен орын алуына ықпал етіп, биік тұғырға көтерді деп бажайлаймыз. Десек те, бастауын сонау түркілік кезеңнен алып, қазіргі күнге дейін жалғасып келген ауыз әдебиетіміздің өресін сол төрде сақтап тұру да оңай шаруа еместігі біз айтып ажыратпасақ та бесенеден белгілі, өйткені, дала академиясының түлектері атанған талғампаз халық, тауып айтылмаған, орнымен жұмсалмаған сөзді мойындамады, тереңдігі жоқ өлеңді өлең деп танымады, мазмұнсыз жырды жақсы санатқа қоспады, сәйкесінше, халық сынына ұшыраған өлең - өміршең болмады. Міне, осындай биік талап пен талғас арқасында ауыз әдебиетінің барлық жанрлары күрделене дамып, классикалық деңгейне көтерілді. Мұндағы назар аударарлық тағы бір жай, халқымыздың ауыз әдебиеті өзге отырықшы халықтардың фольклорындай емес, жалпыхалықтық сипат алды, ол биге де батырға да, бай ға де кедейге де, ханға да қараға да арналып, бұқараға ортақ өнер болды. Бұл көшпелі халықтарға тән ерекшелік, дала перзенті күнделікті тұрмыстағы кез келген нәрсені құбылта суреттеп, бедерлі бейнелеуге бейім болуы, онымен қоса, ауыз әдебиеті қоғамның бар саласынан қолдау тапқандықтан, күнделікті тұрмыстан өнер деңгейіне көтеріліп, бүкіл ұлтқа ортақ мұраға айналды.
Ауыз әдебиетінің ықылымнан арқалаған ауыр жүгі бүгінгі күні де жеңілдеген жоқ, мән-маңызы заманалар көшсе де жоғалған жоқ деуге толық негіз бар. Себебі әлі күнге дейін тұтас ұлтымыздың болмысы ауыз әдебиетінен табылады, әлі күнге дейін ұлттық таным-түсінік пен ұлттық педагогиканың рухани қайнары - осы.
Ауыз әдебиеті халық тұрмыс-тіршілігінің әр кезеңінде қолданылғандықтан, сан-салалы жанрлық түрлерге бөлінді: тұрмыс-салт жырлары, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар, шешендік сөздер, ертегілер, батырлар жыры, ғашықтық жырлар (лиро-эпос), тарихи жырлар, айтыс өлеңдер. Бұлардың бәрі де мазмұнына, тақырыбына, құрылысына қарай ішкі жанрлық түрлерге жіктеледі. Аталған жанрлардың қай-қайсының болмасын, жеткізілуінің басты құралы - сөз, сондықтан ауыз әдебиеті - ең алдымен, сөз өнері. Ауыз әдебиеиінде орындаушылық өнер мен әншілік өнер де бар екендігі рас, десек те, ауыз әдебиетіне жататын барлық жанрлық түрдің көркемдік идеясы, мәдени мән-маңызы, эстетикалық қуаты кестелі, сұлу сөзге негізделген. Сөз өнеріне жазба әдебиет те жататыны даусыз. Десек те, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді. Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей. Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес. Дегенмен, ауыз әдебиетіндегі басты ерекшелік - табан асты тауып айтатын импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиетіндегі барлық жанрларда ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі.
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы. Қазақ ауыз әдебиетінің пайда болуы кеше пайда болған әдебиеттің бір туындысы емес. Оның алғашқы нұсқалары түркі тектес тайпалардың, рулардың сөйлеу тілі қалыптаса бастаған сәтте-ақ қалыптаса бастаған. Тіпті ежелгі үлгілерін орхон ескерткіштерінен, көне түркі жазбаларынан көре аламыз. Оған дәлел ретінде әйгілі Махмуд Қашқаридың ХІ ғасырда жарық көрген «Диуани лұғат ат-түркісін», Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білікін» ауыз толтырып айта аламыз. Себебі, мен тоқталған екі еңбекте де қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері ұшырасады. Қазақ ауыз әдебиетін алғаш қағаз бетіне ХІ ғасырда түсіргенде осы қос түркі ғалымы.
Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары қазақтың өмір салтымен, әдет-ғұрыпымен, тыныс-тіршілігімен бітесе қайнап туындаған. Оған тұрмыс-салт жырларымыз, шешендік сөздеріміз, батырлар жырларымыз, ғашықтық жырларымыз, мақал-мәтел, жұмбақтарымыз, айтыс өлеңдеріміз жатады. Бұлардың ішінде де тақырып мазмұнына сай жік-жікке бөле аламыз. Әсіресе тұрмыс-салт жырларының түрлері өте көп деп айтсақ қате айтпаймыз. Бұл аталған жанрлар, қазақтың осы күнге дейін қаймағы бұзылмай, сарқыты үзілмей келе жатқан қазақ болмысының мәйегі. Ұлтымыздың ұлт болып, әдет-ғұрыпын, ата-дәстүрін ұрпаққа сары майдай сақтап алып келуінің көрінісі осы қазақ ауыз әдебиетінде. Қазақ қашанда сөз қадірін білген, сөз қадіріне жеткен халық. Тарихқа көз жүгіртсек, хандық заман уақытында да қырық уәзір ақылы бар ханның өзі ел басқаруда жіберген кем-кетігін жырауларымыз бен шешендеріміз жыр арқылы елдің мұң-мұқтажын жеткізіп, басу айта білген. Сөз қадіріне жеткен тақтағы тарланда ашу-ызаға ерік бермей зер салып, ақылға келе білген.
Ауыз әдебиетіндегі көне жанрлардың бірі - батырлар жыры. Батырлық жырлар белгілі бір дәуірді қамти отырып, сол кезеңдегі халық өмірін, тұрмыс-тіршілігін көрсетеді және батырлардың жауларға қарсы күресі, ел мен жері үшін қан төгуі жайлы айтылады. Олардың шығармада сырт келбеті мен ақылы қоса дәріптейді . Шығармадағы батырдың жүріп- тұруы, елін жаудан қорғауы, өзге де ерлік істері барлығы да бір кейіпкердің маңайында сөз етіліп, батырдың бейнесін ашуға қызмет етеді
Қазақ халқы ежелден ұл-қызын тәрбиелеуде сөздің қадірін, сөздің құдіретін қашанда алға тартқан. Бала тәрбиесінде ұр-тоқпаққа қарағанда түсіндіру жұмыстарымен айналысуды жөн көрген. Қазақ даласында дүниеге перзент келуі зор қуаныш болған . Әрине, әзірге дейін сол қалпын сақтап келеді. Сол қуанышты ел-жұрт қара сөзбен емес жыр қылып айтып, ауыздан-ауызға айтып, қазақ ауыз әдебиетіне тұрмыс-салт жырлар атты мол мұра қалыптастырды. Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларына байланысты туындаған өлең-жырлары. Тақырыбы, мазмұны қолдану аясына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бала шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап, дәм тұзы таусылған сәтке дейін қазақ өлең-жыр арнаған. Баланың өмірге келуімен (бесік жыры), үйлену (тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар), ұзату (сыңсу), өмірден өтуі (естірту, қоштасу, жоқтау, көңіл айту) қазақтың ауыз әдебиетінде орын алған. Тіпті төрт түлік туралы өлеңдерді, мерекелік наурыз өлеңдерінде бұл қатардан көре аламыз.
Қазақ ауыз әдебиеті тек ойын-сауық пен күн көріс қамына ғана емес, баланың ақыл ойын дамыту мақсатына да негізделген. Мысалы ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар, шешендік сөздер баланың жақсы дамуына мол ықпалын тигізеді.
Ал бүгінгі күннің күн тәртібіндегі алғашқы мәселенің бірі, қазақ ауыз әдебиетін мектеп бағдарламасында оқыту әдістемесі. Қазақ ауыз әдебиеті ғұмыры қысқа, болашағы жоқ, ертең жадымыздан шығып кететін туынды емес. Ол ғасырлар бойы өз маңызын жоймаған - қазына. Бұл қазынаны бала бойына сіңіруге әсер ететін бірден бір орта - мектеп. Мектеп жасында бала бес-алты жасынан бастап, он жеті жасына дейін білім мен тәлім алып шығады. Негізгі тәрбие беретін тұлға да - мұғалім. Мұғалімнің ұстанған ұстанымы, берер білімі, жасаған әдістемесі балаға әсер етеді. Халық ауыз әдебиетін мектеп бағдарламасында оқыту әдістемесі біршама ұстаздар толғанысын тудырып жүрген сауал. Бұл сауалдың жауабы халық ауыз әдебиетінің маңыздылығын түсінуде.
Халық ауыз әдебиетінің маңыздылығы бала тәрбиесін, бала ойын дамытуда. Ауыз әдебиетінің кең тараған түрлерінің маңыздылығына тоқтала кетсек.
Ертегі - ауыз әдебиетінің негізгі жанрының бірі. Ертегі - халық шығармашылығының дамыған, ерекше әсемделген түрі, яғни ауыз әдебиетінің көркем прозасы. Ертегінің мақсаты - тыңдарманға айтушының қиялынан туындаған туындыны есту ғана емес, ғибрат беру. Сондықтан ертегінің атқаратын қызметі, баланың дамуындағы рөлі зор. Ол тәрбиелік әрі көркем-эстетикалық маңызда. Сол себепті ертегінің басты міндеті - құрылымы тартымды, сюжеті көркем болуы керек. Ертегі бұл аңыз емес, яғни мазмұны шықдыққа негізделмейді. Мұнда ертекшінің бар қиялы іске қосылады. Тіпті қиял-ғажайып ертегілер де болады. Ертегі ертекшінің дәріптеуге, насихаттауға бағытталған тақырыбы аясында өрбиді. Сондықтан ертегінің адам жадысын дамытуда алатын орны аса зор. Ал бала тәрбиесінде, баланың ойлау қабілетін дамытуда қосатын үлесі сансыз. Баланың ойы ертегі құрастыра бастаған сәттен бастап, мидың жұмысы басталады. Ал ертегінің шым-шытырық тұстарымен түрлі оқиғаларын құрастыра бастағанда баланың миы дами түседі. Ертегі жанрын мектепте оқытудың маңыздылығы осында әрі оқушының ойлауымен қатар айтылым дағдысын дамытуда әсері аса зор.
Мақал-мәтел - қазақ халқының даналығының, шешен әрі білгір екендегінің нақты дәлелі. Қазақ шұбыртпа сөзден гөрі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанды жақсы көрген және солай дұрыс деп шешкен. Мақал-мәтел ел аузында жүріп, ауызша тараған әрі ауызша сақталған халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Мектеп бағдарламасында мақал-мәтелдерді қытудың маңыздылығы зор. Оның себебі, қысқа сөздің түбінде үлкен тәрбие жатқандығы анық. «Мақал сөздің мәйегі» дегендей, тәрбиенің бастауы осы мақал-мәтелдерден басталуы керек.
Ауыз әдебиеті үлгілерін алғаш қағаз бетіне түсірген, жүйелеп зерттеген зерттеуші - Шоқан Уалиханов болды. Ғалым қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жазып алып, олардың ерекшеліктері туралы ой-пікірлерін білдірген тұңғыш қазақ ғалымы. Шоқан қазақ ауыз әдебиетінің халық өміріндегі маңызын атай келе, фольклорық шығармалардың жанрлық түрлері мен өзгешеліктерін, олардың этнографиялық көріністерін айқын ашады. Қазақ әдебиетінің жекелеген өкілдерінң шығармашылығына да тоқтала келе, жалпы әдебиетке деген ғылыми танымын білдіреді. Ғалымның әдебиет жайлы айтқан ой-тұжырымдарының ғылыми салмағы мен тереңдігі осы күнге дейін мән-маңызын жойылған жоқ. Қазіргі таңда Ш. Уалихановтың көп томдық таңдамалы шығармалар жинағының төртінші томында әдебиетке қатысты ойлары жинақталған. Ш. Уалихановтың көп томдық шығармалар жинағына төртінші томында «Ауыз әдебиеті шығармашылы» атты ғалымның еңбегінде импровизация және импровизаторлар, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, халық поэзиясы және ертегілер жайлы ойларын айтады [1, 416] . Сонымен қатар ұлт зиялысы Ыбырай Алтынсариннің шығармаларынан да ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі орны көрініс тапқан.
Ауыз әдебиетіндегі көне жанрлардың бірі - батырлар жыры. Батырлық жырлар белгілі бір дәуірді қамти отырып, сол кезеңдегі халық өмірін, тұрмыс-тіршілігін көрсетеді және батырлардың жауларға қарсы күресі, ел мен жері үшін қан төгуі жайлы айтылады. Олардың шығармада сырт келбеті мен ақылы қоса дәріптейді. Шығармадағы батырдың жүріп- тұруы, елін жаудан қорғауы, өзге де ерлік істері барлығы да бір кейіпкердің маңайында сөз етіліп, батырдың бейнесін ашуға қызмет етеді.
Батырлар жырына тоқталып, сөз еткен ғалымдар өте көп. Олардың өнімді еңбектері, зерттеу жұмыстары батырлар жырын заманға қарай топтастыру үлгілерін жасауы сонау Әбубәкір Диваев, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов секілді ғұлама ғалымдардың зерттеу еңбектерін алсақ болады. Осы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып көптеген ғалымдар батырлар жырларын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырған
Қазіргі таңда жырды пайда болу дәуіріне қарай үлкен үш топқа бөліп қарастырған. Оларды ең көне замандағы эпос, тарихи дәуірдегі эпос, жаңа дәуір эпосы деп бірнеше топқа бөліп қарауымыға болады.
Ең көне заманғы эпос немесе көне эпос деп те аталып кеткен. Бұл алғашқы дәуірдегі батырлық жырлар болып табылады. «Ер Төстік», «Ергенеқон» т. б. жырлар осы дәуірге жатады. Түрік қағанаты, оғыз, ноғай, қазақ хандықтарындағы жырлар тарихи дәуірдегі э посқа жатады. Бұл кезеңдегі батырлар «Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар», «Ер Тарғын» және т. б батырлар. Соңғы дәуір бір мың тоғыз жүз он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезеңіндегі «Өтеген», «Наурыз», «Еспенбет» және т. б батырлар жаңа дәуір эпосы кезеңіндегі батырлар жайлы сөз етілген. Жыр көне замандағы эпостың жалғасы ретінде дами түсіп, бұрынғы тайпалар мен рулардың біртіндеп ел болып қалыптасуына сәйкес келеді. Осыған байланысты көне мифтік түсініктер жойылды.
Мифтік кезеңнен бері қалыптасып келге жатқан батырларға отбасы, ғашығы, елі мен жұрты үшін күрес әрекеттері дәріптеле бастады. Бұлардың бәрі миф пен көне эпостың жанрлық табиғатын өзгерте келіп, мүлдем өзге жанрдың, яғни батырдың жырдың пайда болып, дамуына жағдай жасады. Әйткенмен, баяғы көне эпостардың негізіндегі бірқатар батырлық жырлар архаикалық белгілерін сақтап та қалғаны белгілі. Мысалы, батырдың болашақ жарын іздеп шыққан кезі, осы сапарындағы қиыншылықтары мен қарбалас сәттері, оларды жеңіп, жеңіске жетуі. «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» жырларында осы тұстар көрінеді. Яғни алғашқы жорықтары осымен басталған еді. Батырлар жырын заманға сай оқыту қазіргі таңдағы өзекті мәселелерінің бірі деп айтсақ қателеспейміз. Себебі тарихи көне шығармаларды қазіргі жас буын өкілдері бірі қызыға оқыса, енді бірі мәнде бергісі келмейді. Сол себепті шығармаларды оқытуда заман талабына сай түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, түрлі видео, аудио және т. б материалдармен жұмыс жасау керек болады. Батырлық жырларды жас өспірімдердің оқуы олардың дамуына, кеудесіндегі жүрекке күш беруіне, рухани дамуына өз септігін тигізері анық. Себебі шығармада отанды сүюге, ел- жұртын қорғау, махаббатқа адалдық пен адамгершілік туралы насихаттайды. Әрбір жыр өзіндік ерекшеліктері мен адами құндылықтары арқылы ерекшеленеді. «Кім боласың?» деген сұрақ қойылған кезде «батыр» болам дейтін кішкентай балапандардың сөзін естіген боларсыздар. Осыдан-ақ белгілі батыр деген бір сөздің астында үлген мән мағына жатыр. Бұл ұғым жас ұрпаққа сол батырлар жырларындағы кейіпкерлерімізден қалыптасқан ұғым екені айдан анық.
3. Зерттеу мақсаты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz