Тәжірибе жұмысын даярлау және зертханалық-табиғи эксперименттердің әдістемелік негіздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Практикалық сабақ 1. Тақырыбы. Тәжірибе жұмысын даярлау

Мақсаты. Тәжірибе жұмысын даярлау және жүргізу жолдарын қарастыру, зертханалық (лабораториялық) және табиғи тәжірибеге сипаттама.

Жоспар.

1. Тәжірибе жұмысын даярлау және жүргізу жолдарын

2. Зертханалық (лабораториялық) және табиғи тәжірибе

Тапсырмалар.

1 сұрақ бойынша: Тәжірибе жұмысын даярлау жолдарын қарастыру.

Тәжірибе жұмыстарын дайындау және жүргізу - бұл кезеңде құрамына анықтаушы, жасампаз, қалыптастырушы, тексеру эксперименті енетін тәжірибе жұмыстарының кезеңдері анықталады.

Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:

1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу;

2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;

3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру.

Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі:

- теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу) ;

- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақтылау) ;

- эксперимент жұмысы - бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау) ;

- талдау - сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.

Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне зертханалық - қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді) . Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т. б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.

Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.

2сұрақ бойынша: Зертханалық (лабораториялық) және табиғи тәжірибеге сипаттама жасау.

2. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция) , оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.

Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.

Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.

Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.

Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.

Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.

Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;

Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т. б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы - А. Ф. Лазурский (1910) . Оның негізгі мақсаты - зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектеп физика курсындағы демонстрациялық эксперименттердің әдістемелік негіздері және жүйесі
Дисперстік жүйелердің физика-химиясы: зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқау (6B01507 Химия-биология мұғалімдерін даярлау)
Жануарлар патологиясы: зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған оқу-әдістемелік кешен
Биотехнологияның экологиялық негіздері: зертханалық әдістемелік нұсқау
Мектептегі биология сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік негіздері
Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік негіздері мен жолдары
Білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері
Білімгердің өзіндік жұмысын басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері мен дамыту жолдары
Киберқауіпсіздікке кіріспе: зертханалық тәжірибе есебі
Зертханалық жұмыс №2. Мультиплексорлар, демультиплексорлар және цифрлық компараторлардың жұмысын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz