Сопылық - исламның рухы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе
2.1.Ислам дініндегі сопылық ілімі және оның ерекшеліктері.
2.2.Сопылық - исламның рухы.
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстанның ғылыми ортасында да, қарапайым халықтың арасында да әр алуан пікір қайшылықтарына, тіпті кейде ғылыми дау-дамайға да негіз болып жүрген діни ұғымдардың бірі - сопылық. Бұл кейде сопылық жолы немесе сопылық ілімі деп аталады. Тек Қазақстанда емес, дүние жүзінде де сопылық ілімі тұрғысында бір-бірінен алшақ немесе мүлдем керағар пікірлер ғасырлар бойы жалғасып келеді. Сондықтан болса керек, әлемнің, әсіресе, тарихи жолы Ислам дінімен тамырласып жатқан елдерде сопылық ілімі ғылыми айналымға ертерек түскен. Бұл тақырып - Исламның ғылыми әлемінде өте маңызды, өзекті, ауқымды сала. Бұл салада докторлық, кандидаттық, магистрлік диссертациялар, монографиялар жазылған. Ал, қазақ ғылымында сопылық деген не, оған мұсылман ғалымдары қандай анықтама берген, оның діни-идеялық түбірлері қайсы деген секілді сұрақтар әлі де өз деңгейінде арнайы ғылыми нысанға айналмай жүргені анық.
Сопылық - кісінің көкірек сарайын мансапқорлық пен атаққұлдық, дүниеқұмарлық пен рияшылдық, өзімшілдік пен тәкаппарлық, көрсеқызарлық пен қызғаныш секілді рухани дерттен емдеп, жүрегін Алладан басқа барлық нәрседен тазартып, шынайы ықыласқа жетелейтін, тұла бойын барша жаман қылықтардан арылтып, көркем қасиеттермен безендіретін тәрбие ошағы һәм рухани емхана.

Исламдағы сопылық ілімінің мән-маңызы мен оның әу бастағы негіздері жайлы сөз қозғаймыз. Сопылықтың ерекшелігі сол - оны бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес. Сондықтан мұсылман ғалымдары оған түрлі қырынан келіп түсініктеме беруге тырысқан. Мысалы, Зәкәрия әл-Ансари (һ.929 жылы қайтыс болған): Сопылық мәңгілік бақытқа жету мақсатында нәпсіні тәрбиелеудің жай-жапсарын үйрететін, мінез-құлықты көркейтетін, кісінің ішкі жан дүние мен сыртқы жаратылысты қатар меңгертетін ілім деп анықтама берген [1]. Имам әл-Жүнәйд (һ.297 жылы қайтыс болған): Сопылық деп күллі жақсы мінездерді пайдаланып, барлық нашар мінездерді тәрк етуді айтамыз деп анықтама берген [2]. Ахмад ибн Ажиба былай деген: Сопылық мүліктердің жалғыз иесінің құзырына апаратын жолдарды үйрететін, ішкі жан дүниені кесірлі мінездерден тазартатын және оны әр алуан асыл құндылықтармен безендіретін ілім. Оның бастауы - ілім, ортасы - әрекет, соңы - Алланың сыйы 3]. Осы секілді анықтама, түсініктемелердің саны өте көп. Олардың арасында біріне бірі ұқсастары да, бір-бірін толықтыратындары да кездеседі.Жинақтай келгенде, Исламдағы сопылық - мұсылманның Жаратқанға деген иманын амалмен күшейтетін, әрбір ісін Алланың өзін көріп тұрғанын сезіне отырып жасауға баулитын, жүрегіне Аллаға һәм Оның елшісіне деген ерекше махаббатты оятып, күллі адамзатқа, тіпті жалпы жаратылысқа деген мейірімі мен жанашырлығын тереңдететін тәрбие мектебі. Сопылық - адам рухын нәпсі үстемдігінен құтқарып, өзінің мендігін ұмыттырып, Жаратқанның қалауына толықтай бойұсынуға тәрбиелейтін үздіксіз күрес майданы. Сопылық жол - иман ақиқатына жетуді мақсат еткен ұзақ та қиын жолаушылық.Сопылық Алла елшісінің (С.А.У.) заманында ережелері мен тәсілдері бекітілген жеке ғылым ретінде қалыптаспаған болатын. Себебі, бұған қажеттілік жоқ еді. Алғашқы ғасырдың адамдары Алла елшісінің заманына жақын болғандықтан, табиғи түрде жүректерін тек Аллаға арнаған, құлшылығы көп, дүниенің сән-салтанатына алданбаған шынайы тақуа жандар болатын. Сондықтан оларға рухани мақамдарды бағындырған ұстаз-шейхтың, арнайы жүйеленген тәрбие ережелерінің қажеті жоқ болды. Мәселен, қазақ тілі бойына ана сүтімен сіңіп, ауыл ақсақалдарының мақал-мәтел аралас дана сөздерін естіп, бұрынғылардың жыр-дастандарын тыңдап өскен бала қазақ тілін арнайы оқымай-ақ, ешбір ереже-қағидасын үйренбей-ақ табиғи түрде жетік меңгерген шешен болып өсетінінде шүбә жоқ. Ал, ондай ортаны көрмеген баланың тілі шала болғандықтан, оған арнайы тілдің ереже-қағидасын үйретіп, оқыту қажет. Дәл осы секілді сахабалар мен табиғиндер, атбағут-табиғиндер тақуалыққа толы ортада, ғұмырлары ғибратпен гүлденген тұлғалардың қоғамында жүргендіктен, олар табиғи түрде тақуа болатын. Олар сопы деп аталмаса да іс-әрекет, қимылдарының бәрі сопылық мектебінің мақсатына сай болатын.Жоғарыда білдірілгендей, сопылық - кісінің қандай жағдайда болмасын, қиыншылықта да, қуанышта да, молшылықта да, таршылықта да, мейлі басшы болсын, мейлі қосшы болсын, мейлі далада яки тасада болсын, Алламен бірге болуы, жүректен Алладан өзгені былай ысырып, шынайы ықыласқа жетуі болмақ. Адамның нәпсісін қытықтап алыстан өзіне тартып алатын жалған дүниенің жалт-жұлт еткен сән-салтанатына алданбай Хаққа қарай жүруі, құлшылықта тереңдеуі, қандай биік шыңдарды бағындырса да, өзінің әлжуаз да әлсіз құл екенін ұмытпай, қарапайымдылығынан айнымай ғұмыр кешуі - сопылықтың діттеген төл мақсаты.
Ендеше, алғашқы дәуір мұсылмандарының аты сопы болмаса да, заты сопылыққа сай еді. Олар діннің міндеттеген парыздарын орындаумен ғана шектелмей, Алла елшісінің көрсеткен күллі сүннет амалдарын, үйреткен барша мұстахаб әрекеттерін бүге-шігесіне дейін қалтқысыз атқаратын. Харамдарды былай қойғанда, күмәнді нәрселердің маңына да жоламайтын. Тіпті, бір ғана күмәнді нәрседен қашу үшін кейде рұқсат етілген дүниелерді де пида ететін. Олардың осындай тақуалықтарының нәтижесіне көкірек көздері ашылып, жүректерінен тілдеріне даналық нұры төгілетін. Алла елшісінің (С.А.У.) тікелей тәрбиесінің нәтижесінде сахабалар рухани жоғары дәрежеге жеткені соншалық, Абдуллаһ ибн Масғұд бұл жайлы былай дейді: Біз тамағымыздан өткен астың тәсбихын (зікірін, Алланы пәктеуін) сезінетіндей жағдайға жеткен едік.Осылайша, тілі басқа, ділі өзгеше, салт-санасы бөтен әртүрлі ұлттардың мұсылмандықты қабылдауының нәтижесінде ислам жағрафиясы кеңейе бастады. Уақыт өтіп, заман сырғыған сайын Алла елшісімен (С.А.У.) бірге болудан пайда болатын рухани күш біртіндеп әлсірей бастады. Нәтижесінде кейбір адамдардың жүрегінде дүниеге деген құлшыныс артып, Алла елшісінің заманындағыдай тақуалық әлсірей бастады. Міне, осы кезде жүрек іліміне ден қойған тақуа жандар тасаууф ғылымының негізін қалай бастады.
Бұл жайлы Ибн Халдун өзінің мұқаддимасында былай дейді: Сопылық білімі кейін пайда болған шариғи ғылымдарға жатады. Алайда, сопылық жолының негізі мен мәйегі белді сахабалар мен табиғиндерде және олардың артынан келгендерде ақиқат пен һидаят жолы ретінде бар болатын. Бұл жолдың негізі - құлшылықта тереңдеу, тек Аллаға ғана берілу, дүниенің сән-салтанатынан бас тарту, көпшіліктің жүгіре ұмтылатын мал-мүлік пен мансапқа, рахат пен ләззатқа бату секілді нәрселерді жүрегімен тәрк ету, елден оңашаланып Аллаға құлшылық жасау. Бұлардың бәрі жалпы түрде сахабаларда, үмбеттің алғашқыларында бар болатын. Екінші және одан кейінгі ғасырларда адамдар дүниеге ұмтыла бастады. Міне, сол кезде құлшылыққа берілген жандар сопы деген атпен таныла бастады. Имам әл-Қушайри сопылықтың һижри жыл санауы бойынша екінші жүз жылдықтың алдында пайда бола бастағанын айтады: Алла елшісі (с.а.у.) бақилық болғаннан кейін мұсылмандар сахабалар деген аттан өзге айдармен танылған жоқ еді. Өйткені, сахаба дегеннен артық дәреже де жоқ болатын. Кейіннен адамдар, мәртебелері де өзгере бастады. Сөйтіп, аса діндарларға әз-зүһһад (дүниені жүрегімен тәрк етуші), әл-Ъүббад (құлшылығы мол адамдар) делінетін болды. Одан кейін бидғаттар бой көтере бастады. Әр топ өздерін зүһһад, ъүббад дейтінді шығарды. Сол кезде Аллаға шынайы беріліп, ғафылдықтың барлық жолдарынан өздерін сақтай білетін әһлү сүннетті ұстанатындардың озықтары тасаууф есімімен ерекшеленді. Һижри бірінші жүз жылдықтың соңында аталмыш ұлыларға сопы деген ныспы кең қолданыла бастады.
Бұдан түйгеніміз, ориенталистердің айтқанындай исламдағы сопылық ғылымы - Үнділерден немесе Гректерден яки Христиан монахтарынан, тіпті болмаса Буддадан дінімізге шатасып енген адастырушы жат дүние емес. Сопылықтың негіздері мен ережелері Алла елшісінің ғибратты ғұмыры мен тағылымға толы тұлғасынан, әз сахабалардың өнегеге толы өмірінен, исламның негізгі қағидаттарынан алынған дүние.Кейінгі ғасырларда исламның иман, ислам, ихсан секілді негізгі тіректерінің бірі саналатын осы сопылық жайлы күдікті ойдың қалыптасып отырғаны жасырын емес. Әрине, мұның өзіндік себептері де жоқ емес. Ол, біріншіден, әлемде шынайы сопылық-тариқат өкілдерінің мейлінше азайып, жалған шәйхтардың, тұнығы лайланған сопы мектептерінің көбеюі болса, екіншіден, ғасырлар бойы силсилалы шежіремен сабақтасып келе жатқан көптеген (бәрі емес) сопылық мектептерінің жаһандану үрдісімен жаппай өзгеріп жатқан жаңа өмір талаптары мен ислам әлемінде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық түрлі саладағы ауқымды өзгерістерге қажетті деңгейде ыңғайланып, бейімделе алмауы. Бұның бәрі сопылық мектептері мен өкілдерінен негізгі ұстындарын сақтаумен қатар жаңаша қадам, өзгеше ижтиһад, басқаша қайрат талап етуде еді. Қысқасы, халықтың ішінде жүріп Хақпен бірге болу тәсілдерінің жаңа жағдаяттарға қарай бейімделуі қажет еді. Алайда, бұл қажетті деңгейде, дұрыс бағытта қалыптасып үлгермеді. Заман көшінен қалып қойды.

Сопылық - исламның рухы. Мұны дінге қарсы пікір ұстанатындар да, әрине, жақсы біледі. Сондықтан олар қатардағы қарапайым жұртты сопылықтан бездіру үшін әдейілеп тариқат өкілдерінің еңбектеріне шариғатқа қайшы сөйлемдерді енгізіп, тіпті танымал шейхтардың атынан кітаптар жазып немесе жалған сопылық мектептерін қолдан құрастыру арқылы яки қайсібір ағымдарды сопылыққа қарсы қою жолымен де алты айлалы жоспарларын жүзеге асыруға тырысып бағуда.Бұлардың ішінде сопылыққа жасалған ең үлкен соққы - жалған сопылардың жасаған бүлігі. Олардың шариғатқа қайшы, сопылық негіздерімен үш қайнаса қосылмайтын әрекеттері көптеген адамдардың сопылық жайлы теріс пікірге баруына себеп болып отыр.Ақиқатына келгенде, сопылық - исламның негізгі үш ұстұнының бірі. Жебірейіл хадисі деген атпен белгілі мына мәшһүр хадисте діннің үш негізі анық айтылған. Хазреті Омар (Р.А.) былай деді: Бір күні Алла елшісінің (С.А.У.) жанында отырғанымызда киімі аппақ, шашы қап қара бойында жолаушының белгісі жоқ бір бөтен кісі шыға келді. Ол Алла елшісінің жанына отыра кетті де тізесін тізесіне тақады да, екі алақанын санының үстіне қойды. Сөйтті де: Уа, Мұхаммед! Маған ислам жайлы айтшы, - деді. Алла елшісі: Ислам бұл Алладан басқа тәңірдің жоқ екеніне және Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік келтіруің, намазды толық оқып, зекет беруің, рамазан оразасын тұтып, шамаң жетсе қажылыққа баруың, - деп жауап берді. Сонда әлгі кісі: дұрыс айтасың деді. Біз әрі сұрап, әрі растап отырғанына таң қалыстық. Маған иман туралы айтшы, - деді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымы
Тарихи тұрғыдан түркі ислам философиясының қалыптасу
Ислам сопылығы және оның қайнар көздері
Суфизм философиясындағы болмыс сипаты
Ислам дінінің даму барысы
Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
«Сопылық» («суфизм»)
Диуани хикметтегі сопылық жайлы хикмет
Дәстүрлі діни түсінік
Пәндер