Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Алматы облысы бойынша жер ресурстарын есепке алу және тіркеу жұмыстарында автоматтандырылған ақпараттық жүйе технологиясын пайдалану әдістері.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. ЖЕР КАДАСТРЫ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жер кадастрының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Жер кадастрының даму аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Жер кадастрының міндеттері және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы, жер бедері ... ... ... ... ... ...
2.2 Алматы облысының әкімшілік бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Алматы облысының жер санаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ ЖҰМЫСТАРЫНДА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
3.1 Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері ... ... ... ... ... ... .. 13
3.2 Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің мақсаттары мен әдістері ... ... ... .19
3.3 АИС ГЗК автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
3.4 аргис, мап инфо
3.5 АИС ГЗК шетелдік тәжірибе
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
(Шетелмен салыстыру ) Германия, Франция, АКШ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

КІРІСПЕ

Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау жер учаскесінің кадастрлық дерегін береді, яғни мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтер жүйесін - жер кадастры деп атаймыз.
Зерттеу өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа даму тарихында азық- түлік және энергетика бойынша әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін алдыңғы қатардағы елдердің санатына қосылып отыр. Соның нәтижесінде елімізді ерен еңбектерге, толағай табыстарға бағыттайтын Қазақстан - 2050 жаңа саяси стратегиясы туындады.
Елбасы осы маңызды жолдауда ауыл шаруашылығы кешенін жаңғырту саясаты шешуші рөлге ие болады деп атап көрсетті. Ол үшін ауыл шаруашылығында ауқымды жаңғырту қажет екені айтылып, 2050 жылға дейін елімізде ішкі жалпы өнімдегі ауылшаруашылық өнімінің үлесін 5 есе арттыру межесі белгіленді. Сол себепті еліміздің ауыл шаруашылығы саласы білімі мен ғылымын жоғары деңгейге дамытуға арналған технологияларды, Қазақстандағы реформалар нәтижесінде жер қатынастарында айтарлықтай өзгерістер және жаңа инновациялық технологияларды енгізу басты бағыт болып саналады.
Жер реформасының негізгі түпкі мақсаты - жерді барынша тиімді пайдалану, яғни ауылшаруашылық мақсатындағы жерде еңбек етіп жүргендердің мейлінше мол, жоғары саналы ауылшаруашылық өнімін өндіру. Соның нәтижесінде аса маңызды заманауи мәселелердің бірі - елдің азық-түліктік тәуелсіздігін шешу. Ол үшін қазіргі нарықтық жағдайда, жер мүлтіксіз сапалық және сандық жағынан есепке алынып, бағаланатын және реттелетін өндірістің жалпы құралы және жылжымайтын мүлік ретінде танылуы тиіс. Сол кезде аграрлық секторда маңызды міндеттердің шешімі табылып, жер үлесінің меншік иелері иелену құқығын толық жүзеге асырып, жер тиімді шаруа субъектілеріне өтетін болады.
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түі алу қажеттілігінен тарихи жер кадастрі туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу қажеттілігі туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жер кадастры туралы мағлұмат алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
жер кадастрының әлемдік дамуының теориялық және методологиялық негіздері туралы түсінік беру;
кадастрлық аумақтарға бөлу, есепке алу, пайдалану, жерге орналастыру мен қорғау және мониторинг, жерді бағалаумен реттеудің экономикалық механизмдері қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖЕР КАДАСТРЫ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жер кадастрының теориялық негіздері

Кадастр сөзі латынның саріtastrum деген сөзінен шыққан. Бұл сөз салық салынатын заттардың тізімі деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен жақты түсінікте жер кадастрі - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әректтер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді.
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру жерлерді пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады. Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік бақылау мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік қүрамында Мемлекеттік жер инспекциясы құрылды.
Жер адамзат үшін тіршіліктің басты көзі, қоршаған орта, барлық өндіріс түрлерін, іс-әрекеттерін жүргізетін, қоректік қажеттіліктерін табатын, үй-жай, қызмет орындарын орналастыратын жалпыға бірдей базис болып табылады. Жер адамзаттың тіршілік үшін әрекеттерінің кеңістік орны ретінде және өзінің табиғи жаратылысының әмбебаптығынан жерді меншіктеу мәселесі өте күрделі және көпжақты.
Табиғи игіліктерді игеру үшін адамдар бір-бірімен өзара қоғамдық қатынастарға түседі. Бұл қатынастардың негізгі мәні материалдық игіліктерді меншіктеп алуда. Сондықтан түрлі елде жер қатынастарының дамуы әртүрлі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жерге орналастыру, жер кадастры және жер ресурстарын пайдалану қатынастарында мемлекеттік және жекеменшіктік иелік қатар дамуда. Меншіктің барлық түрлеріне бірдей құқық құзіреті тән, бірақ мазмұндары мен аумақтары әр түрлі. Жерді пайдаланудың мақсаттарына сәйкес оның негізгі міндеттері туындайды. Олар жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптерін көрсетеді.
- Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
- Жерде шаруашылық жүргізудің барлық түрлеріне бірдей даму жағдайларын туғызу;
- Жердің тиімді пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру;
- Табиғи ортаны сақтау және тұрақты жақсарту;
- Нарықтық қатынас уақытында жерді жылжымайтын мүлік ретінде қалыптастыру және дамыту.
Жерді пайдаланудың мақсат-міндеттеріне қарай әрбір кезеңде оның өзіндік мазмұны қалыптасады.

Жер кадастрының даму аспектілері

Басқа елдердегідей, Қазақстанда жер қатынастары қоғам өмірінде жердің ерекше рөлімен негізделген қоғамдық және экономикалық қатынастардың негізі болып табылады. Өндірістің, қарым-қатынастың, халық тұратын жерлердің барлық түрлерін орналастыру үшін жалпыға тән жер базисі бүкіл қоршаған ортаның басты компоненті болып табылады. Сондай-ақ, әр елде жер қатынастарын дамыту әр түрлі болады, мәселен, отырықшылыққа ерте көшіп, көбінесе егіншілікпен шұғылданатын халықтарда жер қатынастарының нарықтық формасы мен меншігінің жеке формасын қалыптастыру қоғам мен мемлекеттің ерте дамуының басымдылығын танытты.
Көшпелі халықтарда олар көбінесе мал шаруашылығымен айналысқандықтан, жер қатынастарының дамуында үлкен айырмашылықтар болды, отырықшылық өмірдегі жекелеген алқаптардағы халықтың шағын бөлігі ғана егіншілікпен шұғылданды. Қазіргі Қазақстан аумағында тұратын халықтардың жер қатынастарының даму тарихын, біздің көзқарасымызша шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңге ерте кезден Ресейге қосылғанға дейінгі жер қатынастарының тарихи дамуын жатқызуға болады.
Екінші кезең - Қазақстанның Ресей құрамында 1917 жылға дейін отарлық шегінде болу кезеңі. Үшінші кезең - бұл Кеңес кезіндегі жер қатынатарының дамуы мен қалыптасуы, яғни 1917 жылдан 1990 жылға дейін уақытты қамтиды. Соңғы төртінші кезең Қазақстанда жер реформасының басталуынан қазіргі кезге дейінгі кезең. Көбінесе ауыл шарушылығымен шұғылданатын халықтар үшін жер әрқашан маңызды мәнге ие болады. Ол ауыл шаруашылығында кеңестік базис қана емес, өндірістің басты жағдайы, еңбек және өндіріс құралы болып табылады.
Көшпелі мал шаруашылығы үшін жер қажетті азықтық алқаптарға орын бере отырып, мал өсірудің басты шарты болып табылады. Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы табиғи-климаттық жағдай жер ресурстарын пайдалануға ерекше жағдай қалыптастырды, яғни түрлі маусымда жайылымды пайдаланатын көшпелі мал шаруашылығын дамыту арқылы кең-байтақ жайылым жерлерді пайдаланды. Осыған байланысты қазақтар жайылымды жылдың әр түрлі кезеңінде пайдаланды да, оны әр түрлі атады (жайлау, қыстау, көктеу, күзеу). Жер алқаптарының, жайылымдардың негізгі түрлерін бұлай бөлуді есепке ала отырып, Қазақстан аумағын ежелден мекендеген көшпенді халықтарда өздеріне тән жер қатынастары болғанын пайымдауға болады. Барлық мемлекеттің кез келген тарихи кезеңдеріндегі жер қатыныстарының негізінде меншік қатынастарының қалай реттелетіні, жер меншігінің формалары туралы мәселелер тұрады.
Республикада тарихи және құқықтық аспектілерде жер қатынастарын дамыту мәселелерін әр кезеңде көптеген, ғалымдар зерттейді. Мұнда олар түрлі тарихи кезеңдердегі жер қатынастарының ерекшеліктері мен жер меншігінің қатынастарының ерекшеліктері мен меншігінің формаларына әр түрлі пікірлер мен көзқарастар танытады. Пікірлерді бөлу негізінде феодалдық жер меншігінің болуы мен формасы және ерте кезден бері патриархалдық-феодалдық жер қатынастарының сипаты туралы сауалдар туады. Пікірлердің үлкен айырмашылықтарына қарамастан, зерттеушілердің көзқарастарын топтастыруға болады.
Оңтүстік Қазақстанда кеңінен таралған кең-байтақ егін шаруашылығына келсек, көптеген зерттеушілер мұнда ерте кезден-ақ түрлі формадағы жекеменшіктің болғанын құптайды. Алайда зерттеушілер пікіріндегі басты мәселе - қазақтың ұшы-қиырсыз даласындағы көшпелі халықта феодалдық жер меншігінің болуы. Бұл мәселені зерделей келе, ғалымдардың бір тобы көшпенді қоғам меншік пен жер қатынастарын құқықтық реттеу формаларының болу мүмкіндігін жоққа шығаратындықтан, көшпелі халықтарда, соның ішінде қазақтарда феодалдық жер меншігінің болғанын көрсетеді. Алайда екінші топтағы ғалымдардың көпшілігі көшпенділерде феодалдық жер меншігінің болғанын құптаумен ғана шектеледі.
XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысымен шектеле отырып, бұл жер қатынастарының классикалық феодализм елдеріндегі жер қатынастарынан айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін ашпай, Қазақстандағы феодалдық жер меншігінің пайда болуын қай кезеңге жатқызу керектігі, олардың даму сатылары қандай екені туралы мәселені қалыс қалдырды. А. Е. Ереновтың пікірінше, бірінші пікірді жақтаушылар феодализмнің болуы ең алдымен феодалдық жер меншігінің бекітілуімен байланысты және оны экономикалық іске асыру жер рентасын беру болып табылатынын түбегейлі дәлелдей алмады. Олар ұсынған феодализмнің басқа экономикалық негізі - малды жекеменшіктеу, А. Е. Ереновтың пікірінше, қолайлы емес. В.Ф.Шахматов, негізінен көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданған Қазақстанда феодалдық қатынастар жер ешкімдікі болмай тұрғанда өндірістің негізгі құралы болған мал меншігі негізінде пайда болып, дамыды деп санайды. Осыдан ол Оңтүстік Қазақстанда монғол басқыншылығына дейін ірі феодалдық жер меншігі болды, қалған аудандарда ХІХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік қатынастар негізінде ғана пайда болды деген ой айтады.

1.3 Жер кадастрының міндеттері және сипаттамасы
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан егіншілік пайда болғанда туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты жыртылатын жер, жайылым, яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті.
Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуы және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Мысалы, жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және занды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына қүқықтық негіз салынып, жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т.б.
Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді:
- жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемалары және жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту, қорғаудың бағдарламаларын әзірлеу;
- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен қәзіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін орналасқан жерінде карталарда бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер пайдалануға, иеленуге қүқық беретін құжаттар жасау;
- елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жер пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру жобаларын, сондай-ақ, жер пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеу;
- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық топырақтық, геоботаникалық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу;
- жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру жерлерді пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады.
Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларынсоның ішінде әсіресе, жердің маңызы зор есепке алу қажеттілігін есептейді. Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болып топырақтардың құнарлығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының сапалық жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек. Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тұзданудың, ластаудың, батпақтанудың және басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін процестердің алдын алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер алқаптарының сапалық жай-күйін жан-жақты зерттеу және есепке алуға негізделеді.
Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы; 06.06.1996 ж. №710 бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлем мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарының бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.
Кадастр мәліметтер топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық,картографиялық,жерді үйлестру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жүмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі,оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады. Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлік нөмірі, жеке немесе заңды тұлға жер учаскенің құқықтық субъектісі аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.

2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы, жер бедері

Алматы облысы -- Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлігі. Жерінің аумағы 105,3 мың км2. Облыс аумағында 9 аудан және 1 облыстық бағыныстағы қала Қонаев бар. Тұрғыны 2 038 934 адам (2019).
Әкімшілік орталығы -- Қонаев қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Жетісу облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
блыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген.
Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер -- соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.
Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтжазық бөлігінде -- 10-16°С, оңтүстікте -- 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -- 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады
Өзендері Балқаш -- Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлі: Балқаш, Іле өзен бойында Қапшағай бөгені және СЭС-сі салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.

2.3 Алматы облысының топырақ жамылғысы

Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір -- облыс малшыларының жазғы жайлауы.

3. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
3.1 Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Жер учаскесінің жерін пайдалануға және (немесе) меншік құқығын алуға мүдделі физикалық және заңды тұлғалары Шымкент қаласы жер қатынастары бөліміне, жекелеген жағдайда жер учаскесі орналастырылған орны бойынша жергілікті атқару органына өтініш береді.
Өтініште көрсетілуі тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның нақты көлемі, орналасқан орны, сұралынатын қолдану құқығы .
Өтінішке қоса тіркеледі:
- жеке басты куәландыратын куәлік;
- салықшының тіркеу нөмірі (СТН);
- инвентарлық іс;
- жер учаскесін бекіту негізі.
Жер учаскелері меншіктер иелері атынан және жер қолданушылар атанынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер - кадастрлық жұмысты орындаушы - тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер қолданушылар атынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер - кадастрлық жұмысты орындаушы - тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушының рәсімделген сенімхаты бар болса өтініш жасай алады.
Жер қатынастары бөлімі жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе жер - кадастр жұмыстары іске асырушы олардың өкілетті тұлғасына бекітілген тәртіпте қажетті мәліметтер (геодезиялық тірек желісінің қосынының координат каталогы, жер-кадастрлық істерінің көшірмесі және басқа да) кімге жұмыс жасалады. Жер учаскесіне қатысты, сонымен бірге көршілес жер учаскесінің қажеттілігі бойынша мәліметтер ұсынылады.
Жұмыс сапасы үшін және мәліметтің растылығына жер-кадастрлық жұмыстарын орындаушы тұлға жауап береді.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет көлем және мақсатты нысанды анықтау үшін тұрғылықты орны бойынша жер учаскесін зерттеумен ұсынылған құжатты тексеруді іске асырады. Айтылған өзгерістер болғанда, олар бекітілген тәртіпте атқару органында қайта бекітілуге жатады.
Жер учаскесінің шекарасын белгілеу (қайта белгілеу) табиғи шартқа, геодезиялық қамтамасыз ету, жоспарлы-картографиялық материалдардың барлығына, геодезиялық құралдармен жабдықталу деңгейінің мүмкіндігі кезекті тәсілдермен орындалады:
- геодезиялық;
- аэрофотогеодезиялық.
Тәртіп бойынша жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстарды іске асыруда геодезиялық (теодолиттық жолдар, қиылыстырулар, полярлық әдістер және перпендикулярлық әдістер). Жер учаскесінің бұрылыс нүктелерінің координатымен анықталады.
Жер учаскесіне пайдаланушылар немесе меншік иесі тілек бойынша нақты координатсыз шекара (қайта белгілеуге) белгілеуге жіберіледі немесе (координатты анықтаудың графикалық тәсілі) берілген аумақ түрі үшін масштаб талаптарына және сапасы бойынша жауап беретін аэрофото жоспарлар және қазіргі карта негізінде графикалық координатын анықтаумен белгіленеді. Жер учаскесі жоспарында бұрылыс нүктесі координаты жоқ болғаны туралы тиісті жазба жасалады, немесе қор масштабының көрсетілуімен графикасы мен координаты анықталады.
Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен белгіленеді. Жер учаскесінің шекаралары елді мекенде белгіленген үлгідегі межелік белгілермен бекітіледі.
Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстар нақты жүйемен орындалады:
- Дайындық (кіріс материалдарын жинау, геодеректердің үзіндісін алу, жұмыс сызбасын дайындау және т.б.);
- Далалық (бұрыштарды геодезиялық өлшеу және желі шаралары, шекараларды тану, межелік белгілерді қою, шекаралардың желісін айдау т.б.с.).
- камеральды (далалық өлшем материалдарын өңдеу, көлемін есептеу, соңғы құжаттарды рәсімдеу);
Жер учаскесінің шекарасын белгілеу бойынша жұмысты аяқтағаннан кейін жер - кадастрлық картасына координаттары бойынша учаскенің шекарасы енгізіледі, егер координаттар анықтамаса, онда учаске шекарасы сипаттау бойынша байланыстыра картаға, топографикалық карта және жоспарға, фотокартаға, фотожоспарға (фото сызба) жасанды түрде енгізіледі. Жер учаскесінің контурында шекарасының координаты анықталғаны қисық сызықпен штрихтеледі.
Жер кадастрлық картасына (сызбасына) шекараларды енгізгеннен кейін жер - кадастрлық нөмірін беру туралы тізімге кіргізу жолымен кадастрлық нөмер беріледі.
Кадастрлық номер иерархиалық құрылымы бар, аумақтық бірлікке сәйкес 4 деңгейден тұрады:
- А - Республикалық мәндегі қала және облыстың коды;
- Б - облыстық мәндегі қала немесе әкімшілік ауданының коды;
- В - есеп тоқсаны коды;
- Г - жер учаскесінің нөмірлері.

А - бірінші деңгейінде екі разрядты ондық сан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.06.1996 жылғы №710 Қаулысының 1 тіркемесі Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірін қалыптастыру мақсаты үшін облыстық сәндегі қала және әкімшілік ауданның берілген код тізіміне сәйкес республикалық мәндегі қала немесе әкімшілік - аумақты 19 коды бар.
Б - екінші деңгейінде үш разрядты ондық санды кадастрлық нөмірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.06.1996 жылғы №710 қаулысының екінші тіркемесі Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірін қалыптастыру мақсаты үшін облыстық мәндегі қала және әкімшілік ауданының берілген код тізіміне сәйкес облыстық мәндегі қала және әкімшілік ауданы коды көрсетілуді Шымкент қаласы 309.
Үшінші деңгейдегі кадастрлық нөмірде облыстық мәндегі қала немесе әкімшілік ауданының бөлігі болып табылатын квартал есеп коды көрсетіледі.
Кадастрлық бөлулер 1996 жылы қала құрылысын аумаққа бөлу материалдарын, орман құрылысы материалдарын негізін пайдаланумен электронды түрде (вектор) орындалған.
1:10000. Кадастрлық кварталдардың жалпы саны 139 құрайды.
Төртінші деңгейде - төрт разрядты сандар, есеп кварталындағы жер учаскесінің реттік саны.
Кадастрлық нөмірді құру мысалы: 19-309-139-487
Жер учаскесіне кадастрлық номер берілгеннен кейін Бірегей мемлекеттік жер реестрі дерегіне ену үшін тапсырыс бланкасы толтырылады.
Жер - кадастрлық құжаттары келесі талаптарға сәйкес болады.
Орындау бекітілген үлгідегі бланкада барлық деректермен толтырумен жүргізіледі. (Орган, мекеме, ұйым атаулары, олардың берген құжатының нөмірі, күні, адресат (құжат алушының) көрсетіледі.
Жер учаскелерінің шекарасын (сызба) жоспарын дайындау, мемлекеттік актісін дайындау.
Жер ресурстарын басқару бойынша орталық өкілетті орган бекіткен техникалық талаптарымен және жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттарды облыстық өкілетті органы берген (республикалық мәндегі қала) болып табылатын тіркеме).
- жер учаскесіндегі жеке меншіктегі - жеке меншік құқығы актісі;
- тұрақты жер пайдалану - тұрақты жерпайдалану құқығы актісі;
Уақытша өтеулі жер пайдалануда - уақытша өтеулі жерпайдаланулар құқығы актісі.
Жер учаскесінің меншік құқығы актілер заңды тұлғалар және азаматтарға акт бланкасын беру туралы, тұрақты жер пайдалану құқығына, уақытша өтеулі жерпайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметі Президентінің Жарлығы қазіргі күші бар 22.12.1995 жылғы №2717 Жер туралы заңымен, ҚР Үкіметінің 22.08.2003 жылғы №851 жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттардың формаларын бекіту туралы заңмен бекітілген. Жер учаскесіне меншік құқығы актісі, тұрақты жерпайдалану құқығы немесе уақытша өтеулі жерпайдалану қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
Акт екі данадан жасалады: біріншісі жер учаскесінің меншік иесіне беріледі, ал екіншісі Қазақстан Республикасы жерге орналастыру және жер кадастры бойынша мемлекеттік комитеті аумақтық органына сәйкес сақталады. Тұрақты жер пайдалану құқығы актісі бланкасы, жер учаскесіне меншік құқығы жоғары сапалы ақ қағазда дайындалады.
Жер учаскесіне қатысты көлемнің ұсынылған немесе пайдалануға сәйкес берілген бланк 210х300 мм және 300 х 420 мм құрайды.
Акт бланкасының таңдалған көлемінің негізгі талаптары болып, жоспар масштабындағы жер учаскесінің шекара желі өлшемі бейнелейді. Актінің титул жағы (бірінші беті) көкшіл түспен болып және мазмұны мынадай болуы керек:
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гербі
- актінің атауы;
- көркемдік рама;
- қорғаныш торы.
Екінші бетінде сұр түспен кадастрлық нөмер, рет бойынша журналда берілген акті нөмірі, жер учаскесінің меншік иесі немесе заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты мекен-жайы жазылады. Жер учаскесінің мақсатты нысаны көлем (га).
Жер учаскесін шектеу немесе уақытында тоқтату.
Актіні беру негізі.
Үшінші бетте жер учаскесінің жоспары, оның орналасу орны, көршілесін сипаттау және байланыстыру желісін шығаруы орналасады. Төртінші бетте жер учаскесінің бөгде меншік иелері және жер пайдаланушылар оларға бекітілген жер көлемі тізім таблицасымен орналасады, тұрақты жер пайдалану құқығы, жер учаскесіне меншік құқығы актісін жазатын кітапқа актіні беру жазғанындай қандай нөмірмен жазылғаны,сонымен бірге актіні жіберген жерге орналастыру және жер қатынастары бойынша тиісті орган төрағасының аты, жөні, тегі, қол қою орны, актіні беру күні көрсетіледі.
Жер учаскесі толық қалыптасып бітті деп есептеледі, егер оның шекарасы белгіленсе және кадастрлық ісі ашылса.

3.2 Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің мақсаттары мен әдістері
Мемлекеттік тіркеу жүргізетін органның басты мәселелері болып:
1. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығын және олармен келісім шарт жүргізеді, заңды тұлғаларды, жылжымалы мүліктің келісімін тіркеу, филиалдардың және өкілдердің есептік тіркеуін жүзеге асыру;
2. Құқықтық территориалдық органдардың жұмысы және мемлекеттік республикалық Комитеттің подведомостволық өндірісін ұйымдастыру;
3. Құқықтық кадастрды, заңды тұлғалардың, бірыңғай мемлекеттік тіркеуші және филиалдар мен өкілдердің реестрін енгізуі.
4. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығын және олармен келісім шарт жүргізуді, заңды тұлғалардың жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу, филиалдар және бірыңғай методологиялық базаны өндіру.
Басқару органы тапсырыс берушінің құжаттарының түгелдігін тексереді:
1. Жылжымайтын мүлікке тіркеу құқығын беру өтініші;
2. Жылжымайтын мүлікке тіркеу құқын беретін құжаттар;
3. Тіркеу органдарының қызметіне төлем ақысын көрсететін құжаттар;
4. Өтініш берушінің жеке басты қуәлігі, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің беделін көрсететін құжаттар.
Тіркеуші жерге құқықтың қолданылу растығын анықтайтын жағдайда тексеру керек.
Өтініш беруші қажетті талаптарға сай болуы керек: әрекет қабілеті және құқықтық қабілеті бар болуы керек.
Өтініш беруші ретінде меншік иелері мен жерге басқа құқығы бар мемлекеттік тіркеуді міндетті қажет ететін, сонымен қатар ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматы, Қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар шыға алады.
Өтініш беруші тіркеу органына:
1. Жер төлеміне құқықты тіркеу жайында өтініш
2. Жер төлемін құқықты растайтын құжаттар.
3. Тіркеу органының көрсеткен қызметін банктен төлемін көрсететін қағазға төлем ақысын көрсететін құжаттар.
Жеке тұлғаның өтінішінде тіркеу органының аты, өтініш берушінің аты - жөні, тегі, мекен жайы, жеке бас куәлігі, жер учаскесінің орналасқан жері және аты, тіркеу құқығының категориясы керекті құжаттардың тізімі және басқа бекітілген түрге сәйкес мәліметтер көрсетілуі қажет.
Заңды тұлғаның өтінішінде: тіркеу органының аты, заңды тұлғаның аты заңды мекен жайы, жер учаскесінің орналасқан жері және аты, тіркеу органының категориясы керекті құжаттың тізімі және басқа бекітілген түрге сәйкес мәліметтер көрсетілуі қажет. Сондай-ақ заңды тұлға тіркеу жайлы куәлікті, сауда реестрынан көшірмесі және осы мемлекеттің заңына сәйкес берілген субъект заңды тұлға екенін растайтын басқа да құжаттарды көрсетеді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тарту келесідей негіздемелер бойынша жүзеге асады:
- сенімсіз адам өтініш берсе немесе жеке басын куәландыратын құжаты және өкілеттігі болмаса;
- құжаттарда тазартулар, қосымша жазулар жазылған, сызып тастаған сөздер мен өзгеде ескертілмеген түзетулер болса;
- құжаттардың түпнұсқасында немесе олардың көшірмелерінде қажетті қолдар мен мөрлер болмағанда, мекен-жайлары, аты-жөндері немесе заңды тұлғалардың атаулары дұрыс көрсетілмегенде;
- талап беруші құжаттар жиынтығын толық немесе дұрыс рәсімдемеген жағдайда;
- тіркелуге төленетін алым туралы құжат болмағанда;
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін белгіленген заңдар жүйесінде белгіленген тәртіппен Құқықтық кадастрдың тіркеу парағына жеке-жеке жазады.
Тіркеу тоқтатыла тұрғанда немесе одан бас тартылған жағдайда құқықтық кадастрда тиісті жазба жасалады. Тіркеуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бас тартылу себебі туралы жазбаша нысанда хабар жіберіледі. Хаттың көшірмесі, бұрынырақ осы жылжымайтын мүлікке арнап ашылған іске тіркеледі.
Егер тіркеуге бас тартудың негізі болатын жағдайлар жойылған кезде, талап беруші тіркеуші органға жанадан өтініш беруге болады.
Жерді есепке алудың міндеті және сипаты. Біртұтас мемлекеттік жер қоры мемлекеттік меншіктің объектісі болғандықтан, жер учаскелерін пайдалану мен иеленуге мемлекеттік құқығы бар, олай болса, жерді пайдаланудың кез келген түрі рәсімделуі керек, ал жер учаскелерін өзі белгілі бір аумақ және жылжымайтын мүлік ретінде белгіленген тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметтерді жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу жүргізеді. Оның мәліметтерді қоғамның құқықты мүшесі немесе заңды тұлғаға белгілі бір жер алаңын пайдалану үшін негіз бола алады. Есепке алуда жер өлшемімен, кеңістіктегі орналасуымен, сапалы жайымен, пайдаға асуымен сипатталады. Есептегі тіркеу мәліметтері әрбір нақты пайдаланушы (жалгер) немесе меншік иесінің жер учаскесі мөлшерін жазу үшін негіз болады. Мемлекеттік қордағы бос жерлер бөлек орналасқан жер массивтері тәрізді тұрған орны бойынша есепке алынады.
Есепке алу барысында есептік көрсеткіштер ғана емес, өндіріс құралы және табиғи ресурс ретінде жердің сапалық көрсеткіштері де анықталып, белгіленеді. Алайда топырақтың табиғи құрамы бірдей мәнге ие болмағандықтан, олардың салыстырмалы бағасының қажеттілігі, яғни жер қыртысы сапасын бағалап айыруды жүргізу туындайды. Жерді есепке алу және тіркеу мәліметтері жеке учаскелердің жер қыртысы сапасын бағалап айыруда, олардың сапалы бағасы және есебін білуде негізгі ақпарат береді. Жер сапасы табиғи факторлармен қатар, экономикалық жағдайларға да байланысты болады, сондықтан экономикалық, ал жаңа жағдайда жердің ақшалай құнын қажет етеді.
Жер кадастры орындайтын жұмысының сипаты мен көлеміне қарай екі түрге - негізгі (бірінші) және ағымдағы (жалғастырушы) болып бөлінеді. Негізгі кадастрдың мақсаты - кадастрланған аумаққа (жер учаскесі, аудан, облыс) жататын жердің табиғаты, құқығы, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәлімет алу. Осындай мәліметтер негізде мемлекеттік жер кадастрының құжаттарында алғашқы жазба жүргізіледі. Осылайша негізгі кадастрды жүргізу нәтежесінде елдің жер қорының мөлшері, оның негізгі категорияларға бөлінуі және құны туралы ақпарат алады. Негізгі жер кадастры суретке түсіріп алу, тексеру, суреттеу жеке бағалау сияқты кең көлемді жұмыстарды жүргізумен байланысты. Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы) және күнделікті (келесі) болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:
Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алуды жүйелеу және талдау жасау.
Жоспарлы материалдар мен жер-есебі мәліметтерінің қажеті алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу.
Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау.
Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есептік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.
Жер қорына жер санаттары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер (аудандар, облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.
Ағымдағы жер кадастрының міндеті және есепке алуы жер-кадастрлы құжаттарға өзгерістер, таратулар, жердің сапалық жайы мен пайдаланылуы және жаңа жер учаскелерінің пайда болуы туралы мәліметтерді анықтау және енгізу болып табылады. Жерді алу өз еркімен беру, бағалы пайдаланылатын жерлерді бағалауды төменге аудару түріндегі заңсыз әрекеттер жер-кадастрлық құжаттарда көрсетілмейді, оларды жою шаралары қолданылады. Олар болса, негізгі және ағымдағы жер кадастры елдің жер қоры туралы ақпарат беріп қана қоймай, жерді пайдалануға байланысты уақытымен бақылау жүргізеді, мемлекеттік және жеке жер меншігін қорғайды. Негізгі және ағымдағы кадастр арасында байланыс бар. Біріншісі жерге толық сипаттама береді, екіншіні жүргізуге негіз береді және оның қызметін анықтайды. Екіншісі біріншінің мәліметтерін жаңартып және толықтырып, қазіргі заман деңгейінде біріншісінің мәліметтерін жүйелі қолдайды.
Жер есебі жер кадастрының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы есебінің бір түрі болып саналады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң мақсатты тағайындауына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады.
Жер учаскелерiн кадастрлық есепке алу олардың орналасқан жерiнде бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзiледi. Жердi сандық және сапалық есепке алу олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгерiстер олар жергiлiктi жерде болғаннан кейiн тiркеледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзiледi.
Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала бойынша қалыптастырылады. Бұл peттe ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi. Барлық санаттағы жерлер есепке алуға жатады және ол жер алқаптарының түрлерi бойынша жүргiзiледi.
Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады:
жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi;
жер учаскесiнiң алаңы;
жер учаскесiне меншiктiң нысаны;
жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы;
жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;
жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi.
Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара болып есептелінеді. Сол үшін, оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және тәртібін мемлекет анықтайды. Ол жерді есепке алу ақпараттарының мазмұны мен оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп беру мерзімін, есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін жүргізуге бақылау тәртібін анықтайды.
Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы-картографиялық материалдары негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойынша жүргізіледі. Жер есебіне барлық жер қоры әкімшілік-территориялық бірлікке бөлінген, жер санаттары мен жерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
Жалпы орта білім беретін мектептердегі басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар
Салықтық бақылау қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде
Сырымбет ауылдық округінің жерге орналастыру тәжірибесін зерттеу
Жерді бонитеттеу және оны бағалау
Жер кадастры
Жерлерді кадастрлық бағалау
Жер кадастрлық мәліметтердің мазмұнын
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Пәндер