Ірі қара төлін өсірудің маңызы



Мал тұқымын асылдандыру, олардың онімділігін жылдан.жылға арттыру және малдың конституциялық . экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған бұзауларға, ата.тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық камтамасыз етілсе, олордың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындыла алады. Мал төлден өседі. Сондықтан мал шарушылығының тажірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде зат алмасу күшейіп, әрі ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы суттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады .
Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып, бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп өсіреді. Етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды 6.8 айға дейін енелерімен бірге, әрі қосымша азық беріп өсіреді. Мұның өзі екі бағыттағы шаруашылықтардың бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетеді.

Төл өсірудің теориялық негізі

Ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму үшін, олрға қолайлы орта жағдай болуы керек. Оның бастысы . малды дұрыс азықтандыру және дұрыс пайдалану.
Малдың организімі мен сыртқы ортада тығыз байланыс бар, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас организім де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс болады, әсіресе жас малдың өсіп.дамуына және өнімділігінің қалыптасуына тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді. Мал дұрыс азықтандырылмаса немесе мал азығы жетіспесе, оның тұқым қуалаушылық қасиеті жузеге аспай қалуы сөзсіз. Азықтандырудың бірінші тәсілін қолданып, оның өнімдік қасиетін де өзгертуге болды. Сондықтан төл өсіру ірі қара табынынан өнімді көп алудың негізгі бір жолы.
Малдың өнімдік және тұқымдық қасиетінің қалыптасуы дұрыс азықтандырумен қатар олардың эмбрионалдық (бұзаулағанға дейін) және постэмбрионалдық (бұзаулағаннан кейінгі) өсіп даму заңдылығына байланысты. Төлдің эмбрионалдық даму уақытын үш кезеңге: ұрықтық, эмбрионға дейінгі және эмбриондық деп бөледі. Ұрықтық кезеңі 34 күнге

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
1. Кіріспе

Ірі қара төлін өсірудің маңызы

Мал тұқымын асылдандыру, олардың онімділігін жылдан-жылға
арттыру және малдың конституциялық – экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі
төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен
бұқалардан алынған бұзауларға, ата-тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін,
шаруашылықтың өзінде бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан
азықпен толық камтамасыз етілсе, олордың тұқым қуалаушылық заңдылықтары
толық айқындыла алады.
Мал төлден өседі. Сондықтан мал шарушылығының
тажірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан
кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды
азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мал
шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді
қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде зат алмасу күшейіп, әрі
ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы суттің көп болуына
әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден
аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады .
Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып,
бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп
өсіреді. Етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды 6-8 айға дейін енелерімен
бірге, әрі қосымша азық беріп өсіреді. Мұның өзі екі бағыттағы
шаруашылықтардың бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетеді.

Төл өсірудің теориялық негізі

Ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері
қалыптасып даму үшін, олрға қолайлы орта жағдай болуы керек. Оның бастысы –
малды дұрыс азықтандыру және дұрыс пайдалану.
Малдың организімі мен сыртқы ортада тығыз байланыс бар, сыртқы ортаның
өзгеруіне байланысты жас организім де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс
болады, әсіресе жас малдың өсіп-дамуына және өнімділігінің қалыптасуына
тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді. Мал дұрыс
азықтандырылмаса немесе мал азығы жетіспесе, оның тұқым қуалаушылық қасиеті
жузеге аспай қалуы сөзсіз. Азықтандырудың бірінші тәсілін қолданып, оның
өнімдік қасиетін де өзгертуге болды. Сондықтан төл өсіру ірі қара табынынан
өнімді көп алудың негізгі бір жолы.
Малдың өнімдік және тұқымдық қасиетінің қалыптасуы дұрыс
азықтандырумен қатар олардың эмбрионалдық (бұзаулағанға дейін) және
постэмбрионалдық (бұзаулағаннан кейінгі) өсіп даму заңдылығына байланысты.
Төлдің эмбрионалдық даму уақытын үш кезеңге: ұрықтық, эмбрионға дейінгі
және эмбриондық деп бөледі. Ұрықтық кезеңі 34 күнге созылады, мұнда
тканьдар дамып, дене мүшелері түзіле бастайды. Ұрықтық даму кезеңінде ұрық
тез дамиды, онвң салмағы 600 есе өседі. Эмбрионға дейнгі кезеңде тканьдар
мен дене мүшелері одон әрі дамып өсе бастайды, бұл кезеңнің аяқталуы
эмбрионның пайда болуымен бітеді. Эмбрион өзінің анатомиялық құрылысы
бойынша жаңа туған бұзауларға ұқсас. Эмбрионның даму кезеңінде оның салмағы
8-15г болады, ал даму уақыты (эмбрионға деінгі) 26 күнге созылады. Жалпы
төлдің эмбриондық кезеңінің уақыты 61 күннен бұзау туғанға дейін созылады.
Бұл уақыт ішінде организм қалыптасып өсе бастайды, әрі дененің абсолюттік
салмағы да өседі. Эмбриондық кезеңінің аяғында, оның салмағы 25-40 кг-ға
дейін жетеді. Әсіпесе, бұзау тууға екі ай қалғанда эмбрион өте күшті, әрі
тәулігіне 300-400г салмақ қосады. Эмбрионның салмағы 5 айлығында 2-4кг, ал
7 айлығында 12-16кг және туардан бұрын 9,5 айлығында 25-40кг-ға жетеді.
Әрине, эмбрионның салмағы ірі қараның тұқымына байланысты. Сонымен бұзаудың
тууына 2-2,5 ай қалғанда эмбрионның салмағы 12кг-нан 26кг-ға дейін өседі.
Малды азықтандыру мөлшері және оның жоспарлы түрде салмақ қосуы оның
тұқымына, жынысына және өсіру бағытына байланысты. Сүтті тұқымға жататын
тайыншаларды өсіргенде тәуліктік салмақ қосуы өте аз немесе керісінше өте
көп болғаны жөн. Ал, жас бұқаларды өсіргенде барлық өсу-даму кезеңінде
тәуліктік салмақ қосу көп болғаны жөн. Сондықтан тана бұқаларды малдарды
ұрықтандыру үшін ерте бастан пайдаланады.
Егер төл етке арналған болса, олардың барлық өсіп-даму кезеңінде
үнемі молынан азықтандыру керек, сонда ғана олардың денесіне ет және май
ерте бітеді.

2. Негізгі бөлім
2.1.Мал қораларын жобалаудың нормативтік базасы

Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигиеналық норма мен
ветеринариялық-санитариялық ьалаптарға сай жобалауға, малуға және
пайдалануға бақылау жасап отыру қажет.
Ауылшаруашылық өндірісінің технологиясы. Ауылшаруашылық кәсіпорынның
негізін белгілі бір өнім өндірідің технологиясы құрайды. Оның маңызды
элеметтері: малды ұстау жағдайы, толық сапалы азықтандыру және суару
режимі, малдың тұқымын жақсарту үшін белгілі бағыттағы селекциялық жұмыстар
жүргізу, микроклиматпен ( желдетужылу жүйелері, қи шығару және т.б.)
қамтамасыз ету, зоотехникалық талаптары орындау, ветеринариялық жұмыс
жүргізу жүйесі және т.б.
Технология табиғи – климаттық және экономикалық жағдайларға сай, сондай-ақ
шаруашылықтың бағытына қарай жасалады. Әрине, оның бәрі басты мақсат –
белгілі бір өнім алуға бағытталады: мал бордақылау шаруашылықтарында арзан
ет, сауын фермаларында – сүт, құс шаруашылығында – арзан жұмыртқа алу.
Алайда, осы шарушылықтың тиімділігін арттыру үшін малға жоғары өнім
беретіндей ыңғайлы әрі тиімді технология қажет.
Мал шаруашылығын жүргізу технологиясы алдын ала жасалған жобаға, әсірісе,
оның жануалар органдарының биологиялық талаптарын қанағаттандыра алатындай
түрлеріне бейімделу тиіс.

Мал шаруашылығы объектілерін салуды ұйымдастыру.
Қазіргі уақытта әр жеке шаруашылықтар малға арналған құрылыстарын өз
қаржыларымен жүргізеді. Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс берушінің
ұсынысымен жоба жасауға арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Жобалауға
тапсырма жасау – ол жұмыстың алғашқы кезеңі. Онда негізгі технологиялық
міндеттер мен санитариялық – гигиеналық талаптар атап көрсетеледі. Олардың
бәрі болашақ кәсіпорынның техникалық дәрежесін айқындайтын жобалық металық
құжаттар жасау үшін негіз боп табылады. Жобаға ұсыныстар мен тапсырмаларды
жасауға жеке шаруашылықтың немесе өндіріс кооперавтивтердің басшылары мен
мамандары қатысады. Жобалық тапсырманы малдың жасы, жынысы, тобына қарай
ұстаудың зоогигиеналық талаптарын қатаң, сақтау, олардың ауруға шалдығуын
азайтады.
Жобалық ұсыныстар мен тапсырмаларды жасауға мал мамандары белсенді
араласуы қажет. Сонымен қатар олар технологиялық процестерді жаксы
меңгерген, малға керекті ережелерді сақтауға қатаң болуы керек.
Мал қораларының құрылыстары оларды жобалаудан басталады. Құрылыс салу және
қалпына келтіру (реконструкция) үшін жобалау және зерттеу жұмыстарын қол
қойылған келісімін негізінде жобалау мен зерттеу ұйымдары жүргізеді.
Келісім шартта жобалау және зерттеу жұмыстарын орындау мерзімі мен құны,
оған қоса келісімде көрсетілген жұмыстар сметасы, заказ берушінің осы
жұмыстарды қаржыландыруы туралы аңықтамасы және оларды жобалау үшін
бастапқы деректерді беретін график көрсетілуге тиіс.
Құрылысты бастамас бұрын нысанды жобалау үшін бөлінген қаржы есебінен
құрылыс салу үшін жобалау-зерттеу жұмыстарының алғашқы тізімі жасалады.
Кәсіпорынның, ғимараттың және басқа құрылыстардың жобасы техникалық
құжаттар жиынтығын болып есептеледі. Оған: түсіктеме жазбалар, кескіндер
мен схемалар, экономикалық және техникалық есеп-қисаптар, сметалар мен
нысанды салып және іске қосуға қажетті басқа да құжаттар жатады.
Жобалау – құрылыс салудың алғашқы да маңызды кезеңі. Сондықтан да
жобалауды ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін, сондай-ақ құрылыс
басталар кезде ол іске қосылар кезде технологиялық және өндірісті
ұйымдастыру жағынан, механикаландыру, жарықтандыру, сол сияқты
архитектуралық- жоспарлау шешімінің дәрежесі, құрылыс конструкциясы жағынан
артта қалып қоймастай етіп олардың даму келешегін ескере отырып жасаған
жөн. Мал шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттары мен басқа құрылыстарын
жобалауды жобалау мекемелері жүзеге асырады. Ал тапсырма беруші – сол
құрылысты салғызуға құқығы бар ұйым.
Келтірілген цифрлар малдың түрі мен олар бекітелген жылдарды көрсетеді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарын, мал қораларын және басқа да құрылыстарды
жобалау нормаларында мына жағдайлар анықталу керек: мал мен құстарды ұстау
жүйелері, табынның мөлшері мен құрылымы, үй-жайлар мен қора-қопсырлардың
арнайы тізімдері және құрамы мен оларға қойылатын технологиялық талап, үй,
қоражайлар мен басқа да құрылыстардың алаңы мен көлем мөлшелері, қажетті су
мен оған қойлатын талап нормалары, мал мен құс көндерін шығару жүйелеріне
қойылатын талаптар нормативі, мал мен құстардан бөлінетін жылу, газ мен бу
нормалары, өндірістік процестерді технологиялық жабдықтау және
механикаландыру.
Жоба түрлері: Көрсетілген жобалық тапсырмаға сәйкес жобалар: дербес,
экспериментальдық қайта қолданылатын және типтік болып бөлінеді.
Дербес жоба айырықша сирек оъектілер үшін жасалады. Дербес жоба көбінесе
экспериментельдық болып келеді. Оны ғимаратты, не кешенді құрылыстарды тек
бір-ақ рет салу үшін қолданады. Жобалау жер бетінің жағдайына,
орнына,климатына, геологиялық, гидро логиялық және т.б. нақты жағдайларға
қарай жүргізеді.
Экспериментальдық жоба тікелей өндірістік жағадайларда жаңа техникалық
шешімдерді мұқият тексеру қажет болған жағдайда жасалады. Оның зерттеу
негіздеріне: жануаларды күтіп-бағудың жаңа технологиясы, өндірістік
процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың айырықша жүйесі,
құрылыстық жаңа шешімдер және т.б.
Қайта қолданылатын жобалар барынша сәтті жасалған дербес жобаларды
қайтадан қолдану керек болған кезде пайданылады.
Типтік жоба біртекті объектілерді жаппай салуға және қолдануға арналған.
Олар өзінің орны мен негізгі параметрлері жағыннан көп қолдануға болатын
жобалық шешім. Титік жоба құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын төмендету
есебінен құрылыс салу құнын күрт қысқартуға мүмкіндік береді.
Жұмысшы жобаны типтік жоба бойынша салынатын кәсіпорын нысандарына
жасайды. Оған мыналар қажет: жалпы түсінітемелік жазба, құрылысты
ұйымдастыру, сметалық құжат, жұмыс жобасының паспорты, жұмысшы
құжаттар.

2.3.Буаз сиырларды азықтандыру

Мүйізді ірі қара мал қарыны көп бөлімді күйіс қайтаратын малға жатады.
Олар, негізінен, өсімдіктектес көк шөп және басқада аумақты жемшөппен
қоректенеді. Мүйізді ірі қара мал азықтандыруын алынатын өнімі бойынша
сүтті және етті болып келетін сала бағытына байланыстырады. Сүт өндіруге
сүтті бағыттағы қара – ала, аулие – ата, қырдың қызыл, симментал, бурыл
латыш және де сүтті – етті бағыттағы алатау секілді мүйізді ірі қара мал
тұқымдары өсіріледі. Олардан өндірілетін сүт биохимиялық тұрғыдан құрамы
өтте күрделі, ал қоректілік тұрғысынан төлге жұғымды сиыр желінінде пайда
болатын құнды биологиялық сұйық.
Сүт құрамында төл тіршілігіне қажетті баолық дерлік, минералды және
биологиялық әсерлі заттар жеңіл қортылып, жылдам сіңірілетін түрде
жиналады. Желінде түзілген сүттің құрамы желінген азықттың да тамырдағы
қанның да құрамынан ерекшеленеді. Сүттегі қант мөлшері қандікінен – 90 есе,
май мөлшері – 18 – 20 есе асып, кальций мен фосфор элементтері де қандағы
деңгейінен анағұрлым жоғары шоғырланады. Сүт құрамында азық пен қанда
кездеспейтін кезеин, сүт альбумині, сүт қанты және сүт майы түзіледі.
Лактоза деп аталатын сүт қанты қан плазмасындағы глюкозадан, сүт мйы,
ондағы липидтерден, фосфотидтер мен басым бөлігі сіркеқышқылы болып келетін
ұшпалы май қышқылдарынан, ал сүт белогы – сіңірілген амин қышқылдарынан
түзіледі. Сонымен қатар сүт майының түзілуіне месқарындағы микробиологиялық
метоболизмде пайда болып, тікелей қанға енетін ұшпалы май қышқылдары да
тікелей қатысады.қандағы витаминдар мен минералды заттар сүт құрамына
өзгеріссіз енеді.
Сиыр етін өндіру үшін етті бағыттағы мүйізді ірі қара мал тұқымдарынан
елімізде қазақтың ақ бас, қалмақ, галловей, санта – гертруда т.б. тұқымдары
өсіріледі. Бұлардың төлін жеделдетіп өсіріп, бордақылып, етке сояды.
Сондықтанда төлден сүтті сиыр өсірілгенде, оларды аумақты жемшөпті мейлінше
мол жеп, ас қорыту жолының сиымдылығын ұлғайту көзделетін болса, етті
бағытттағы малды құнарлы азықтандыру арқылы қысқа мерзімді тірілей салмағы
мен қоңдылығын жоғарлату көзделеді.

Сауылған буаз сиырды азықтандыру

11 -12 айлық өндірістік айналымда сиыр басының бұзау алу үшін сиырды
бұзаулағаннан кейінгі, яғни сауымның 3 – ші айында ұрықтандырады. Нәтижелі
ұрықтанған сиырдың буазудағы 9 айға созылады. Сиыр буазудағы сүт қоректі
жануар ұрғашыларының буазудағының даму заңдылығына сәйкес дамиды, яғни
буаздықтың алғашқы ²³ кезеңінде ұрпақ сапа жағынан дамып, көлемі мен
салмағы онша өспейді де, тек тауар алдындағы буаздықтың соңғы ¹³ кезеңінде
ұлғайып, өседі. Оны буаздықтың 1 – 3 – ші айындағы алғашқы ¹³ кезеңінде
ұрпақтың салмағы небәрі – 20 – 30г тартып, сиырдың энергетикалық
мұқтаждығын тек 5% - ға өсіретінін, 4 – 6 – шы айындағы екінші ¹³
кезеңінде ұрпақтың салмағы 5 – 7 кг, яғни туылғандағы салмағының 15 – 20 %
көлемінде тартып, сыиырдың энергетикалық мұқтаждығын 15% - ға өсіретінін, 7
– 9 – шы айындағы үшінші ¹³ кезеңінде ол туылғандағы салмағын 75%
көлемінде ұлғаятынын келтірсек болады.
Осыған байланысты буаздықтың басында ұрық сиырдың энергетикалық
мұқтаждығын тек 5 – 10% жоғарлатады. Бірақ дамып, өскен сайын жетіле
түскен ұрықтың қоректік мұқтаждығы өседі де, оны дұрыс дамытып, жетілдіріп
тудыру үшін буаздықтың соңына қарай сиырды саумай, сулатып жібереді.
Сиырдың суалту мерзімі 45 – 60 күнге созылады. өсіп жетілуі аяқталмаған
құнажын мен жоғарғы өнімді және арықтаған сиырға бұл мерзімді 1 – 2 аптаға
ұзартады. Сиырды суалтқанда екі мақсат көзделеді
.
1) Буаз сиыр қанындағы қортылған қоректі заттарды сүт түзіміне
шығындамай, тура алдында жедел өсе бастаған болашақ төлдің қоректік
мұқтаждығын толығымен қамтамасыз етіп, жақсы дамыған,жоғары салмақты
бұзау алу.
2) Сауым бойы сүт түзген сиыр организмін демалтып, құндылығын көтеріп,
денесіндегі қоректік, минералды және витаминдік заттар қорын
толықтырып, келесі сауымға дайындау.
Біріншіден, сүтті сиыр өнімі сүт пен бұзау болғандықтан, оны дұрыс та
бағытты азықтандыру арқылы шеберлікпен ұштастыра білу қажет. Дұрыс дамып,
жақсы жетілген бұзаудан ғана жоғары салмақты мал мен сүтті сиыр өсіруге
болады. Ол үшін буаздық кезеңіндегі ұрық дамуы қажетті қоректі заттар мен
жеткілікті қамтамасыз етіп, туылғандағы бұзау салмағы енесінің тірілей
салмағының 7 – 9% - нан кем болмауы керек. Айталық, 470кг тарататын
сиырбұзауы 33 – 40 кг таратуы керек. Тек сондай салмақты, жақсы дамып,
жетіліп туылған бұзау өміршең келіп, сыртқы орта жағдайына жылдам
беймделіп, өсіп – жетіледі де, болашақта жоғары өнімді мал болады.
Эмбриондық даму кезеңіндегі қоректену кемістіктері мал өнімдігін
төмендетеді.
Екіншіден, 10 ай сауым бойында сауылған сиыр организмі күнделікті
құрамды биологиялық сұйық болып келетін сүт түзуден бір шама зардап шегеді.
өйткені сиырдың қоректену жағдайына қарамай сүт құрамы әрдайым өз
тұрақтылығын сақтайды. Сауым бойысауылатын 3 – 4 т сүтпен сиыр денесінен
көптеген қоректік заттар, минералды элементтер мен витаминдер шығарылады.
Айталық 1кг сүтпен сиыр денесінен шығарылатын 1,2г СаО, 2,0 Р2О5, 0,1г МgО
көлемі жеген азықтар және азықтық қосындылар мен жеткізілмесе, олардың
сүттегі мөлшері дене (сүйек) қорынан алынады.
Сондай заттарды денедегі қорын толықтырып, сиыр организімін келесі
сауымға дайындау үшін сауылған кезеңдегі құнарлы азықтандыру арқасында сиыр
құндылығы жоғарлап, тәулігіне 800 – 900 г қосмша салмақ қосқан буаз сиырдың
тірілей салмағы 10 - 12% ауырлауға тиіс.
Буаз сиыр мұқтаждығы тіршілікті қамтамасыз ету деңгейінің қоңдылығына
байланысты – 40 - 70% (24 – 40 мДж) немесе 100 кг тірілей салмағына
шаққанда 5 – 8 МДж артады. Орташалап алғанда сиырдың салмағы 1кг салмақ
қосуына не азайтуына – 24 МДж, майлылығы 3,6 – 3,8% 1кг сүт түзілуіне 3 МДж
өнімдік энергиясын жұмсайды. Өнім өндіруіне АЭ пайдалынымы 60%
болғандықтан, 1кг салмақ қосуына ... 24 : 0,6 = 40МДж, 1кг сүтке – 3 : 0,6
= 5 МДж энегргия шығындайды.
Буаз малды көп көлмде азықтандырудан туындайтын ацетонемия мен екінші
себепті остеодистрофияға шалдығушылықтан сақтандыру үшін салқын қорада
ұстап, мезгілімен серуендетіп тұрған жөн. Нәтижелі ұрықтанып буаз болған
сиыр организімінің жүйке – гуморальдық жүйесінің қызметі жаңа бағытта
қалыптаса бастайды да, біртіндеп сүт түзілуін реттейтін орталық қызметі
әлсіреп, ұрық жетіліп, өсіп – дамуын реттейтін орталықтың қызметі күшейеді.
Соның нәтижесінде азықтандыру деңгейіне қарамай буаздықтың 5 – 6 айында
сиыр сүттілігі азайып, дене қоында қоректік заттар жиналуы күшейеді.
Суалтылығы кезеңінде буаз сиырының жүйке – гуморальдқ жүйесінің
қызыметі өзгеруінен сүт түзуі тежеліп, бәсеңдеіді де, болашақ бұзау болатын
ұрық дамуы күшейіп, қоректік мұқтаждығын арттырады. Осыған байланысты
суалтылған кезеңде бұзау сиырға берілетін әр 1 а.ө. – мен 110 – 115г
қортылатын протеин, 9 – 9,5г Са, 5,5 – 5,7 г, Р, 45 – 55 коротин жеткізілуі
керек.
Буаздық сиырдың құрамдық заттарға мұқтажығы артады. Жылдық сауын 3000
– 4000 кг буаз сиыр азығының суалтылған кезеңдегңі азығының 1 а.ө. – мен
110 қортылатын протеин, 96г крахмал, 88 г қант, 9,0г кальций, 5,5г фосфор,
2,4г магний, 8,0г калий, 2,7г күкірт болып, шикі жасунық көлемі 360 –
300г (жылдық сүттілігі жоғарлаған сайын кеми түседі) аралығында болуы тиіс.

Қосымша салмақ қосып құндылығын арттыру үшін құнажындар мен күйі төмен
сиырларға 1кг қосымша салмақ қосымына шаққанда – 5 а.ө., 500г қортылған
протеин есебінен 1-2а.ө. – не (тәуліктік 200 – 300г салмақ қосымына)
жоғарлатады. 100кг тірілей салмағына шаққанда құндылығына байланысты буаз
сиырдың энергетикалық мұқтаждығы – 5 – 8 МДж немесе тіршілікті қамтамасыз
ету деңгейінен 40 – 70 % (24 – 40 МДж) артады.
Сирды суалтуды азықтандыру деңгейін өзгерту арқылы жүргізетіндіктен,
суалтылған кезеңнің 1 – ші онкүндігінде (декадасында) желіндегі сүт түзуін
тежеу үшін суалтылған сиырды азықтандыру нормасына сәкес, яғни 100%
деңгейінде азықтандыру нормасы 20% төмендетіп, яғни 80% деңгейінде
азықтандырады. Желіне сүтке толмай суалып кеткен сиыр азығын біртіндеп
молайтып, суалтылығын кезеңінің 2 – ші онкүндігінде азықтандыру деңгейін
азықтандыру нормасына сәйкес, яғни 100% деңгейінде азықтандырады.
Буаздықтың өскен мұқтаждығын толығырақ қамтамасыз ету үшін кезеңінің 3 – 4
– ші онкүндіктерінде буаз сиырды азықтандыру нормасынан 20% арттырып,
деңгеінің норма көрсеткіштеріне 100% қайта сәкестендіріп, буаздықтың
соңынан келетін кезеңнің 6-шы соңғы онкүндігінде одан қайта 20% төмендетіп,
80% деңгейіне түсіреді де, бұзаулауға дайындайды.
Суалған буаз сиыр рационын таза сапалы азықтардан құрастырады. Ластанып
немесе шіріп, көгеріп бұзыла бастаған азықтар сиырға іш тастату мүмкін.
Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда, жайылым отының
құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттадың деңгеін бақылайды. Олардың
калий нитраты түріндегі мөлшері жайылым шөбінің құрғақ затында 0,5 – 0,6% -
дан аса, қоректік заттардың, оның ішінде, әсіресе каротиннің сіңімділігін
нашнрлатып, зат алмасуын бұзатын ескереді.
Суалған буаз сиырдың 100кг тірілеі салмағына шаққанды... 2 – 2,5кг
пішен (оның 13 бөлігін жаздық дәнді дақылдар сабанымен алмастыруға
болады), 2 – 2,5кг сапалы сүрлем, 1 – 1,5 кг пішендеме, 0,8 – 1кг тамыр
жемістілер беруді жоспарлайды. Азықтандыру нормасынан жетіспеген рацион
қоректілігінің көрсеткіштерін сиырдың жоспарланған жылдық спуымына
байланысты тәулігіне бір басқа берілетін 1,5 – 2кг құнарлы жеммен
жеткізіледі. Олардан буаз сиырға алдымен бидай кебегін, сұлы ұнтағын, зығыр
және күнбағыс күнжарасы мен шротын беруге болады.
Суалтылығынан кейін бөлек топтастырылған суалған буаз сиырды қысқы
кезде тәулігіне 2 – 3 рет азықтандырып, жеткілікті көлемде таза,
температурасы 8 - 10°C суару суымен қамтамассыз етеді. Іш тастаудан
сақтандыру үшін буаз сиырды суық сумен суарып, құрамында улы госсипол-
болатын мақта күнжарасы мен шротын және де химиялық азотты қосындылармен
азықтандыруға болмайды.
Жазғытұры суалтылған сиырларға мейлінше мол көкшөп жеткізіп құнарлы
жемді шығындамауға болады. Сиырды көкке біртіндеп, қысқы азықтардың
тәуліктік мөлшерін аздап кемітіп барып үйретеді. Олардан бірден бастартпауы
үшін сабан кесіндісін қант сірнесімен ылғандандырып жүргізуге болады. Буаз
құнажындарды ұрығымен қоса өзінің өсіп – жетілуін қамтамасыз етіп, күніне
500 – 600г қосымша салмақ қосатындай деңгейде азықтандырады. Ол үшін
олармен арықтаған буаз сиырлардың азықтандыру нормасын 1 – 1,5 а.ө. – не
жоғарлатады. Оның 1 а.ө. – де – 105г, ал буаздықтың соңына қарай 110г
қортылатын протеин келуі керек.
Суалтылған кезеңнің соңына қарай, бұзаулауына 6 – 7 күн қалған
рациондағы шырынды және құнарлы азықтар көлемін азайтып, бұзаулауға 2 – 3
күн қалғанда оларды толығымен алып тастайды да, жеткізілетін жем шөп
мөлшерін сиыр тіршілігін қамтамасыз етіп деңгейде қалдырады, Бұзаулайтын
күні алдына жұмсақ пішен салып, жылы суға жеңіл қортылатын бидай кебегі,
зығыр кұнжарасы секілді жемді араластырып ішкізеді.
Суалтылған кезеңде сиырдың дұрыс азықтандырғанын тірілей салмақ
қосуымен байқалады. Дұрыс азықтандырылған жағдайда сауылмаған буазсиыр
тәлігіне 800 – 900 г қосымша салмақ қосып, сауалтылған кезең мерзімінде
ұрығының жетілуі мен құндылығын арттыру есебінен кезең басындағы тірілеі
салмағына 10 - 15% қосады. Солай болғанда қоректік заттармен жеткілікті
қамтамасыз етілген бұзаудың эмбрионалдық дамуы дұрыс өтіп, туылғандағы
тірілей салмағының 7 – 9 % жетеді. Бұл оның эмбрионалдық жетілгенінің,
болашақ өмір шеңдігі мен жеке басының жақсы дамуының (отогенезінің) айғағы
болып табылады.

Суалған бауз сиырды азықтандыру
Бір жылдаТірілеі Азық ҚортылатынКальций гФосфор гКаротинАс тұзы
берілетінсалмағы, өлшемі, протеин, г г
сүті, кг кг кг кг
2500- 400-450 6,6-7,0 700-800 70-75 35-45 300-35045
3000
3001- 451-500 7,3-7,8 810-910 83-93 45-50 350-40050
3500
4001- 501-500 8,5-9,0 970-107 95-105 55-60 400-45060
4500
5000- нан
жоғары 551-600 9,5-10,5 1100-1200 110-115 65-70 500 65

Жылына майлылығы 3,8-4 пайыз 3500 кг сүт беретін, тірілей салмағы 450-
500 кг суалған буаз сиыр.

Тәулігіне
Азық берілетінАзық Қортылатын Кальций Фосфор Каротин г
түрлері мөлшері өлшемі протеин Г
кг кг г
1 2 3 4 5 6 7
Сүрлем 15,0 2,8 270 24 16 225
Жем 2,0 2,2 230 3 8 -
Пішен (50 %
бұршақты
азықтар 4,0 2,0 300 40 10 135
Жаздық
дақылдар 5,0 0,4 20 9 10 10
Сабаны
Ас тұзы 0,05 - - - - -
Азық 0,07 - - - - -
Преципитат
Рацион - 7,4 820 76 35 370
құрамы

Сиыр шаруашылығын өндідірістік негізінде өркендету үшін жемшөп мол
болғаны жөн, сонда мал толық азықтандырылады. Сауын сиырларды дұрыс
азықтандыру арқылы сүт өнімін кобейтіп, оның сапасын жақсартуға болады. Ол
үшін сауын сиырларын жыл бойы рационы мол жем шөппен дұрыс азықтандырып,
жем-шөп құрамы организм мұқтажын толық қамтамасыз етіп отыру тиіс.
Сауын сиыр шаруашылықтарындағы қырдын қызыл, қара ала, алатау,
симментал және әулиеата сиырлары шоғырланған аймақтардың табиғи және
экономикалық жағдайына байланысты жем-шөп қорын әрбір шаруашылық өздері
қамтамасыз етуі керек.
Рацион құрамын бағалағанда, оның сапасына, азық өлшемінің өзіндік
құнына және сиырлардың сүт өніміне қарап бағалайды. Ал сауын сиырлардың
сүтіне қарап юағалайды. Сауын сиыр өнімі көбейген сайын, рацион құрамының
сапасы дажақсара түсуі қажет. Осы тәсіл сауын сиырлардан сүтті алуға
мумкіндік ьеріп, оларды бағып-күтуге жұмсалатын шығын азая түседі.
Сауын сиырларды азықтандыруда ғылыми негізделген сауын сиырлардың
сүт өніміне қарай ьір жылда жұмсалатын азық өлшемі қолданылып келеді.
Сауын сиыр шаруашылықтары үшін, олардың азық өлшемінің мөлшеріне
қарап, әр сиырға қажетті жем-шөпті есептеп білуге болады. Солтүстіктегі
облыс шарушылықтарында сиыр қыс айларында қорада 215 күн болса, жайлымда
150 күн бағылады, ал оңтүстіктегі облыс шаруашылықтарында, керісінше сиыр
қыста қорады 150 күн болса, жайылымда 215 күн бағылып жүр. Әрине, бір сауын
сиырдың жылдық сауым мөлшерін есептегенде, олрдың сүт өніміне және тірідей
салмағына да қарайды. Қыс айларында бір сауын сиырларға тәулігіне 8-10 кг
шөп, 4-6 кг пішендеме, 25-40 кг сүрлем (жүгері, қызылга, т.б) және 3-5 кг
әр түрлі жем беріледі.
Сауын сиырлардың сүті көбейген сайын жүгері сүрлемін аз, ал
қызылшаны көбірек береді. Қызылшаның сиыр сүтін көбейтуде маңызы зор, әрі
азық құрамын толқтырып, жем-шөптің толық пайдалуына жақсы әсер етеді. Қыс
айларында мал рационында жүгері сүрлемі көп болса, аздап қызылша қосады,
өзара қатынасы 1: 1- 1,5 болады. Егер сиырдан тәулігіне 10-12 кг сүт
сауылса, 0,5-1 кг қызылша берілуі қажет.
Сауын сиырдың сүт өніміне, жем-шөптегі қорытылатын протеин
мөлшеріне қарай, әрбір кг сүт үшін 200-350 грамға дейін жем береді. Әрбір
килограмм азық өлшеміне 100-115 грамм қорытылатын протеин болғаны жөн.
Егер, азық құрамында қорытылатын протеин аз болса, сауылатын сүт мөлшері
азайып, мал азығы көп жұмсалады.
Ғылыми зерттеулер бойынша мал азығы құрамында қорытылатын
протеин жеткіліксіз болса, сауылатын сүт 10-20% кемиді, әрі 1 центнер сүт
алу үшін азық өлшемі 15-18% көп жұмсалады. Жем-шөп құрамын протеинмен толық
қамтамасыз ету үшін, жемге белогі көп, қосындыларды араластырған жөн. Сауын
сиырларды азықтандырғанда жем қоспасында өсімдік ұны және белок, витамин
т.б минералды заттар көп болғаны дұрыс.
Азық құрамында клечатка құрғақ заттың 22-25%-дан аспағаны жөн.
Клечатка мөлшерден көп болса, шөп пен сабан сапасының төмен екендігі
байқалады, әрі құрғақ заттың қорытылуын және сиыр сүтін азайтады.
Егер жем-шөпте протеин жетіспейтін болса, қосымша синтетикалық
азотты қолданған жөн, синтетикалық азот 25-30%-ға дейінгі қажетті протеинді
толықтырады. Әрине, кристалды синтетикалық азотты арнайы нұсқау бойынша,
бірнеше тәсілмен пайдаланады: дақылды азықтармен, жем қоспалармен,
сүрлеммен т.б әдістермен.
Тәулігіне 15-20кг сүт беретін сиырдың азық құрамында 85-100 г
калций, 60-75 г фосфор, 525-650 мг картоин болғаны жөн. Егер мал азағында
фосфор, калций жетіспейтін болса, онда преципитат( дикальции фосфат), суйек
ұнын, динатрий – фосфат, диаммрний фосфат т.б минералды заттарды қосады.
Сауына сиыр рационында витаминді азықтардың болғаны жөн. Қыс
айларында шөпте, сүрлемде, өсімдік ұнында, сәбізде картоин көп болады.
Әсіресе сауын сиырды қыс айларында құрамында Д витамині аздау, ал сауын
сиыр сүт өніміне қарай, тәулігіне 8-25 мың мөлшерін қажет етеді. Әсірісе
азық құрамында жақсы шөп жеткіліксіз болса, Д витамині бар жем-шөп өте
қажет. Д витамині дрожжда көп болады, сондықтан оны әр сиырға 7-10 күнде
бір рет тәулігіне 0,5-1 килограмнан берген жөн. Жем-шөп құрамындаға әрбір
кг құрғақ затта 0,1 мг кобальт, 0,1 мг йод, 8-12 мг мыс, 10-12 мг қорғасын
және 40-60 мг марганец болуы қажет.

2.2.Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын санитариялық
талаптар

Қиды сақтау технологияларына қойылтатын – санитариялық талаптар

Көнді өндеу, сақтау және пайдалану қоршаған ортаны ластанудан қорғау
және адам мен мал денсаулығына қауіпсіз ету мақсатында жүргізеді. Сұйық
көңді өңдеу құрылғысы мал шаруашылығы мекемесінің қоршау ішінде орналасуы
керек. Сұйық көңді сақтау, Өңдеу қондырғысының териториясы қоршалып,
көпжылдық жасыл ағаштармен қорғалуы керек және жықсы 3,5 м енеді кіріп –
шығатын жол салынады.
Қою және сұйық көңді дада аймағына тасу техникалық немесе санитарлық
жағнан шектелсе, онда оларды арнайы көң сақтағышқа (арнайы ыдыс) сақтайды.
Көңсақтағыш конструкциясы, оның сиымдылығы және орналасу орны көнеді
шығару технологиясына, годрогеологиялық көрсеткіштерге, мал ұстау
әдістеріне жіне т.б. байлансыты.
Көңсақтағыштар мал қора – жайына 60м кем емес қашықтықта, ал үйлерден
500 – 600 м қашықтықта жел өтінің ық жағынан орналасады. Мал шаруашылығы
орналасқан аймақта жабық көңсақтағыш салуға болады.
Көңсақтағыштарда қи органикалық тыңайтқыштар жасау үшін сақталады. Оның
жер үстінде, сәл тереңдетілген, терең апаңдардағы, сонымен қатар ашық және
жабық түрлері болады.
Жабық көңсақтағыш міндетті түрде желдету жүйісімен қамтамсыз етілуі
керек, себебі көң сақтағанда көмірқышқыл газының көп мөлшерде, сонымен
қатар, жарылғыш қауіпі баржәне улы (метан, сутегі, күкірттісутегі және
т.б.) газдердың жиналуы мүмкін.
Сұйық көңге арналған көңсақтағыш 2-5м тереңдікте темір – бетонан
жасалған, ал қою қи үшін (төсеніштік) ашық аса терең емес (сәл
тереңдетілген) су өтпейтін алаң немесе 1,5 – 2м тереңдіктегі көң сақтағыш
қоланылады.
Мал қора – жайы мен көңсақтағыш арасында алдын алу мақсатында 3
кркнтиндік көң қабылдағыштан (сұйық нәжісі қабылданғанда) кем болмауы
керек. Олар көңді 6 тәулік бойы уақытша ұстау (карантиндік) үшін қажет.
Егер кешенде 6 тәулік ішінде ерекше қауіпті ауру байқалмаса, көңді
көңсақтағышқа ауыстырады. Карантиндік көңсақтағыштармен қатар, термиялық
және басқа да әдістермен көңді залалсыздандыру арналған тұрақты немесе
жылжымалы қондырғылар болуы керек, олардың аса қауіпті аурулардың (топалаң
және т.б.) қоздырушыларын химреагенттермен толық залалсыздандыру
мүмкіндігі болмағанда пайдаланады.

Мал өліксілерін жинау және утильдеу

Мал өліксілерін уақытша жинау және утильдеу – малдын жүқпалы ауруларын
алдын алуда аса маңызды шара болып табылады. Барлық малдың өліксесі
топырақты, суды және ауаны ластайды. Сөйтіп мал мен адамның арасында індет
ауруының таралуына себепкер болады.
Жұқпалы аурудан өлген мал өлексесі мен ішкі ағзалардан потогенді
микроорганизімдер ұзақ уақыт сақталады. Өліксені бірнеше тәсілмен жояды :
жергілікті жердің жағдайына және аурудың түріне байланысты мал өлікселерін
өртейді, биоматериялық шұңқырда залалсыздандырады немесе ветеринариялық -
санитарлық ультилдеу заттарында өңдейді. Өліксіні көмген дұрыс емес,
өйткені өлксе және басқада биологиялық қалдықтар потогенді қоздырушылармен,
токсиндермен, радионуклеотидтермен, химиялық және де басқада улы заттармен
зақымдануы мүмкін. Сондықтанда олар эпизоологиялық және эпидемиялогиялық
тұрғыдан өте қауіпті болып саналады.
Биотермиялық шұңқырлар арнайы жолмаен салынадын. Биотермиялық шұңқырлар
құрғақ, жерасты сулары тереңде орналасқан және тұрғын үйлерден алшақ жерде
салынуы тиіс. Биотермиялық шұңқырларға өлікселерді салғанан соң, 20
тәуліктен кейін, терофильді микрофлораның дамуы нәтижесінде ондағы
температура 65°C- қа жетеді.
Ветеринариялық – санитариялық утильзауыты арнайы жоба бойынша елді
меекндерде 1км, ал мал шаруашылығы кешендеріннен 3 км қашықтықта салынады.
Зауыт территориясы және өндіріс корпусы санитарлық жағдайына байланысты,
бір – бірінен бөлінген, екі аймақтан (таза жыне лас) тұрады.
Лас аймақта шикі затты қабылдау, өлікселерді сою, терісін сыпыру, шикі
заттарды ұсақтап, қазандарға салу, сонымен қатар автокөлік пен терілерді
залалсыздандыру жұмыстары жүрізіледі.
Таза аймақта шикізаттарды термиялық жолмен залалсыздандырып,
технологиялық өңдеу өткізіледі.
Өліксе немесе басқада өндіріс қалықтарын алып келген арнайы көліктер
зауыт территориясына теа лас аймаққа өтетін қақпа арқылы өтеді.
Шикізеттарды түсірген соң автокөліктер мен контейнерлер механикалық
тазаланып, жуылп, дезинфекцияланады.

2.4.Буаз сиырлар ішетін суға және су көзіне қойылатын санитариялық –
гигиеналық талаптар

Судың санитариялық – гигиеналық маңызы

Біздің планетамыздағы тірі жәндіктердің денесінің үштен екісі судан
тұрады. өсімдік организмінде де, жануарлар организмінде де судың мөлшері
едәуір жоғары, су болмаса олар тіршілік етпейді.
Су дегеніміз негізгі биологиялық сұйық. Су организмге үш сұйық күйінде
(фазада) кездеседі: клетка ішінде, клетка сыртында және трансцеллюларлық.
Оның ең көп мөлшері клетка ішінде жиналады (40 – 50пайызы). Клетка
сыртындағы суға қан плазмасы, клетка арқылы сұйық және лимфа жатады.
Трансцеллюларлық сұйық (ішек – қарын жолындағы, перикардтағы, плеврадағы,
құрсық қуысындағы, көз ішіндегі, буын қалтасындағы) тамырлардан кілегей
қабат арқылы бөлінген.
Ұлпалардағы су құрамының ондағы зат алмасудың белсенбілігімен тығыз
байланысы бар. Мәселен, мида - 86%, бүйректе - 80% су болады. Жануарлар
организіміне су азықпен бірге, су ішкенде және органикалық заттардың клетка
ішінде ыдырауыесебінен пайда болады (метаболикалық су). Судың көбісі
теріде, дәнекер ұлпада, бұлшық еттерді болады. Олар су қоры міндетін
атқарады. Тері су алмасуда зор роль атқарады, сондай – ақ организмді
температураның кездейсоқ өзгеруінен қорғайды. Диффузия мен терлеудің
нәтижесінде эпидермис арқылы су бөлінеді, организімнің зәр бөлуін азайтады.
Жануарлар судың тапшылғына шыдамсыз келеді. Организміндегі су 20% кемісе ол
өледі. Олар, әсіресе төл организімі аштықтан көрі шөлге шыдай алмайды.
Жануарлар ашыққанымен су беріп отырса майының, көміртегі мен белоктардың
50% жоғалтқанымен 30 – 40 тәлік тіршілік ете алады. Ал су бермесе 4 – 8
тәулік ішінде – ақ өліп қалады.
Шөлдеу организмді интоксикацияға ұрындырады. Себебі, бауы, бүйрек, қан
құрамында айтарлықтай өзгерістер пайда болады.белоктарда жылдам ыдырай
бастайды.
Су жетіспесе органдар мен ұлпалардың шөліркеп зат алмасу бұзылады,
сүтқышқылының мөлшері өсіп тотығу процессі төмендейді, қанның ұйыю артып,
дене қызуы көтеріледі, тыныс алуы жиілейді, ас қорыту бездерінің секрециясы
азайып, тәбеті төмендейді және өнімділігі күрт кемиді.
Организімде су көбейген кезде электролиттер айтарлықтай көбейіп кетеді,
соның салдарынан клеткалар зақымданады. Сөйтіп организм суға уланады.
Шамадан тыс тұтынылған су қан және басқа клеткаларға өтіп оларды
ісіндіреді. Қан қысымы артады, ішекте сумен тым артық араласқаназықты
организм нашар сіңіреді. Сақа мал рационында су шамадан тыс көп болса,
олардың өнімділігін көтерілмейді, керсінше төмендеп кетеді. 1кг сүт өндіру
үшін (азықпен бірге түсетін суды қоса есептегенде) 4-5л су жұмсалады деп
есептеген дұрыс.
Организімдегі бүкіл процесс (ассимиляция, диссемиляция, резорбция,
диффузия, осмос және т.б.) органикалық және неорганикалық заттардың судағы
ертіндісі күйінде өтеді. Су тірі материяның басқадай компоненттерімен
қосылысқа түсіп отырады.
Ас қорыту, азқазан – ішек жолдарында азықтың қорытылу процестері тек
сұйық, сулы ортада ғана өтеді. Су тотығу, гидролиздеу және басқа да алмасу
рекацияларына тікелей қатысады.
Ол зат алмасу кезінде құрылған түрлі зиянды заттарды организімнен
шығару үшін де қажет. Ішекке су организімге ас қорыту жолы арқылы түсіп,
одан қан және лимфа мен ұлпа арқылы кеңістікпен ұлпаға барады. Осымен бір
мезгілде ас қорыту каналдарының ең басты ащы ішектің, кейде тоқ ішектің
қабырғаларында су ас қорыту сөлімен бірге қайта сіңіріледі. Осылайша су екі
бағытта жүреді.
Су малдың кейбір індетті, вирустық және инвазиялық аурулардың
таралуында үлкен роль атқарады. Ондай ауруларға тоопалаң, бруцеллез,
тулеремия, пастереллез, сольмонеллез, лептоспироз, маңқа, аусыл және
көптеген паразит аурулары жатады.

2.5. Буаз сиырларды күтіп-бағу технологиясын,күтуді, пайдалануды
санитариялық гигиеналық бағалау

Мал қораларын желдету жүйелері
Желдетудың негізгі қызметі – қора-жай ішінен ластанған ауыны шығарып, оны
сыртқа таза ауамен ауыстыру. Жануалар мен құстар айналаға жылу, дымқыл бу,
көмірқышқыл газын шығарады және жануалар қи нәжісіндегі органикалық заттар
бұзылады да, аммиак, күкірттісутегі және басқалар пайда болады. Ауасы толық
тазатырмалған қора-жайда зиянды заттар тым көп жинакталып қалады. Содан
барып малдың зат алмасу процесі төмендейді, жалпы физиологиялық жағдайы
әлсірейді, жемін қорытуы мен сіңімді заттарды қабылдауы төмендейді,
өнімділігі мен өнім сапасы азаяды. Сондықтан да қора-жай ішінде
микроклиматтың қалыпты сақталуы үшін ауаны тазартып тұру аса пайдалы.

Желдетудің түрлері. Мал қораларында желдетудің табиғи, механикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың эмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуы
Құс өсіру шарттары
Мал шаруашылығының даму тарихы
Мал шаруашылығы өндірісінің есебі
Ірі қара малдың өнімділігі
Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру
Мал азықтары жайлы
Ірі қара малды және төлдерді азықтандыруда Д витаминінің маңызы
Қой төлдету технологиясы
Сиыр малына жалпы сипаттама
Пәндер