Жұмысшылардың қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін жеке жауапкершілігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Нормативті сілтемелер
6
:
Нормативті сілтемелер: Анықтамалар
6: 7
:
Нормативті сілтемелер: Белгіленулер және қысқартулар
6: 8
:
Нормативті сілтемелер: Кіріспе
6: 9
: 1
Нормативті сілтемелер: Мәселенің жәй-күйін талдау
6: 11
: 1. 1
Нормативті сілтемелер: «Атамекен-Агро-Шукырколь» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы
6: 11
: 1. 2
Нормативті сілтемелер: Кәсіпорының табиғи-климаттық сипаты
6: 13
: 1. 3
Нормативті сілтемелер: Маршруттағы жұмысты ұйымдастыру
6: 15
: 2
Нормативті сілтемелер: Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу
6: 19
: 2. 1
Нормативті сілтемелер: Тәуліктік уақытқа байланысты автобустардың санын және типін таңдаудың графоаналитикалық әдісі
6: 19
: 2. 2
Нормативті сілтемелер: Автобустардың қажетті санын және қозғалыс кезеңінің сағаты бойынша қозғалыс аралықтарын есептеу
6: 28
: 2. 3
Нормативті сілтемелер: Автобустардың нақты санын анықтау және оларды ауысым бойынша бөлу
6: 29
: 2. 4
Нормативті сілтемелер: Жүргізушіледің жұмыс уақытын есептеу
6: 32
: 2. 5
Нормативті сілтемелер: Жүргізушілердің жұмыс кестесін жасау
6: 34
: 3
Нормативті сілтемелер: Еңбекті қорғау
6: 38
: 3. 1
Нормативті сілтемелер: №60 маршрут жүргізушілерінің талаптарға сай жұмыс кестесін жасау
6: 38
: 4
Нормативті сілтемелер: Қоршаған ортаны қорғау
6: 46
: 5
Нормативті сілтемелер: Экономикалық бөлім
6: 49
: 5. 1
Нормативті сілтемелер: Жүргізушілер санын есептеу
6: 49
: 5. 2
Нормативті сілтемелер: Тасымалдарға арналған шығындарды есептеу
6: 50
: 5. 3
Нормативті сілтемелер: Тасымалдаудан қаржылық нәтижені есептеу
6: 54
:
Нормативті сілтемелер: Қорытындылар мен ұсыныстар
6: 58
:
Нормативті сілтемелер: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6: 59

Нopмaтивті cілтeмeлep

Бұл диплoмдық жoбaдa кeлecі cтaндapттapғa жәнe нopмaтивтік құжaттapғa cілтeмeлep қoлдaнылды:

ҚP CТ 1124-2003 Жoл қoзғaлыcын ұйымдacтыpудың тexникaлық құpaлдapы. Жoл тaңбaлapы

ҚP CТ 1125-2002 Жoл қoзғaлыcын ұйымдacтыpудың тexникaлық құpaлдapы. Жoл бeлгілepі. Жaлпы тexникaлық тaлaптap.

МECТ 12. 1. 004-91 Eңбeк қaуіпcіздігі cтaндapттapының жүйecі. Өpт қaуіпcіздігі. Жaлпы тaлaптap

МECТ 12. 1. 005-88 Eңбeк қaуіпcіздігі cтaндapттapының жүйecі. Жұмыc aумaғының aуacынa қoйылaтын жaлпы caнитapлық-гигиeнaлық тaлaптap

МECТ 12. 1. 012-90 Eңбeк қaуіпcіздігі cтaндapттapының жүйecі. Діpіл қaуіпcіздігі. Жaлпы тaлaптap

ГOCТ 12. 2. 003-91 Eңбeк қaуіпcіздігі cтaндapттapының жүйecі. Өндіpіcтік жaбдықтap. Жaлпы қaуіпcіздік тaлaптapы

Aнықтaмaлaр

Ocы диплoмдық жoбaдa тиіcті aнықтaмaлapы бap мынaдaй тepминдep қoлдaнылaды:

Жoл жүpу құжaты - pecімдeу жoлымeн жoлaушыны тacымaлдaу шapты жacaлaтын қaғaз нeмece элeктpoндық ныcaндaғы құжaт.

Бeлгілeнулep мeн қыcқapтулap

МECТ - мeмлeкeттік cтaндapт

ЖШC - жaуaпкepшілігі шeктeулі cepіктecтігі

КҚ - көлік құpaлы

ЖҚ - жылжымaлы құpaмы

ТҚ - тeхникaлық қызмeт

ЖҚE - жoл қoзғaлыc epeжeлepі

ҚҚ - қoзғaлыc қaуіпcіздігі

ҚҚҚ - қoзғaлыc қaуіпіздігі қызмeті

ТҚК - тeхникaлық қызмeт көpceту

Кіріспе

Астықты дәнді-дақылдарды тағамға, мал азығына және тамақ өнеркәсібіне шикізат қоры ретінде пайдаланады. Бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері азық-түлікке пайдаланылып, олардан түрлі тағамдар жасалса, сонымен қатар олардың кейбіреуі құнарлы мал азығы. Бірқатар дәнді дақылдар - тамақ өнеркәсібі үшін шикізат қоры. Арпа - сыра, жүгері спирт өндірісінде пайдаланылады. Осындай жан-жақты пайдаланылатын болғандықтан, оларды Қазақстанның барлық аймақтарында өсіреді.

Дәнді дақылдар - Қазақстанның халықаралық нарыққа экспорттайтын негізгі тауарларының бірі. Бұл ретте қазақстандық астықтың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі елдің агроөнеркәсіптік кешені жұмысының сапасына ғана емес, сонымен қатар оның көлік жүйесінің тасымалдауды қамтамасыз ету мүмкіндігіне де байланысты.

Көлік - экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын шаруашылық ағзасының қан тамыр жүйесі деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру елдің өсіп өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.

Ауыл шаруашылығында орасан зор ресурс бар. Сарапшылардың бағалауы бойынша астық өндірісі, соңғы жылдардағы ауылға қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы ауылды дамыту және атап айтсақ, оның перспективасы үшін ынталандырғыш болды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы - әлеуметтік құрамдас бөліктері мол көп қырлы, көп өлшемді сала. Мұнда халықтың 40 пайыздан астамы тұрады, олар бәсекеге қаблетті өніммен елді қамтамасыз етуге де, сол өнімнің ұлттық экспорттың табысты бабы болуына да мүмкіндік беретін көлемде өндіре алады. Бірақ та жылдан жылға шиеленісе түсіп, көптеген шаруа қожалықтары үшін шесілместей болып отырған проблемалар да баршылық. Қазақстан Республикасының нарық жағдайындағы экономикасы ауылшаруашылығы мекемелерінің алдана нарықтық экономикаға бейімделу проблемаларын тез арада шешуді қойып отыр. Ауылшаруашылығы мекемелері өзінің өндірістік коммерциалық қызметін толығымен қайта қарап, оны қызмет тұтынушылардың қажеттілігін талдауға, зерттеуге және қанағаттандыруға бағыттауы қажет.

Нарық талабын есепке алмай ешқандай да мекеме дұрыс болмайды. Қандайда болмасын мекеменің негізгі мақсаты бұл нарық жағдайында тұтынушыға қажетті қызмет көрсетіп молынан пайда табу.

Осыған байланысты ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынушылардың жүктерді жеткізуге қоятын талаптары негізінен өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандырудан туындайды. Бұл қажеттіліктер тасымалдауға жасалатын келісім шарттарды толығымен көрсетіледі. Басқа жағдайларда қажеттіліктер маркетингтік зертеулер арқылы анықталады.

Автомобиль көлігі жүк тасымалындағы уақытты үнемдеуді қамтамасыз етеді, қоғамның өндірістік күшінің дамуына септігін тигізеді, қоғамдық өндірістің процессіне белгілі бір ауданның күшін жұмылдыруға мүмкіндік береді және тұрғындарға әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсартады.

Дипломдық жобаның мақсаты: “Атамекен-Агро-Шукырколь” ЖШС-гі дәнді дақылдарды тасымалдауды жетілдіру. Осы мақсатқа жету барысында келесідей сұрақтар қарастырылу қажет:

  • «Атамекен-Агро-Шукырколь» ЖШС-гі тасымалдауды жетілдіру;
  • жүргізушілердің жұмыс уақыттары мен кестесін есептеу және құру;
  • Еңбекті қорғау талаптарына сай жүргізушілердің жұмыс ауысымын ұсыну;
  • автокөлік маркасына сәйкес қоршаған ортаға зиянды улы заттар мөлшерін анықтау;
  • ұсынылған шаралардың экономикалық көрсеткіштерін анықтау.

Дипломды орындау барысында «Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру», «Автомобиль тасымалын ұйымдастыру», «Логистика» пәндері және арнайы әдебиеттер қолданды.

  1. Мәселенің жәй-күйін талдау“Атамекен-Агро-Шукырколь” ЖШС-нің жалпы сипаттамасы

“Атамекен-Агро-Шукырколь” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Шукырколь ауылында орналасқан кәсіпорын. 2007 жылдың 26-шы наурызында құрылды. Бұл ауыл шаруашылық кәсіпорыны дәнді дақыл егумен және ірі қара мал өсірумен айналысады. "Атамекен-Агро" компаниясының 15 еншілес өндірістік кәсіпорынды қамтитын компаниялар тобының бірі.

В «Атамекен Агро» оценили ущерб от экспортных ограничений

Сурет 1. 1«Атамекен-Агро-Шукырколь» ЖШС орналасуы

«Атамекен-Агро-Шукырколь» ЖШС-нің даму тарихы:

  • 2007 ж. - "Атамекен-Агро-Шұқыркөл" компаниясының құрылуы.
  • 2009 ж. - "Атамекен-Агро-Шұқыркөл" кәсіпорны "Атамекен-Агро" шоғырландырылған тобына кірді.
  • 2012 ж. - "Ақ ниет" кафесі ашылды.
  • 2012 ж. - "Атамекен-Агро-Шұқыркөл" Канададан "Абердин-Ангус" ет тұқымды ірі қара малының 150 басын әкелді.
  • 2016 ж. - жаңа мал шаруашылығы кешені салынды.

1990-шы жылдардағы экономикалық дағдарысты бастан өткерген ауыл шаруашылығы 2003 жылы "Атамекен-Агро-Целинный" бөлімшесі ретінде және 2007 жылы "Атамекен-Агро-Шукырколь" ЖШС ретінде басқарды. Шукырколь ауылында бірте-бірте материалдық өмір жақсара бастады, жұмыс пайда болды, бұл тұрақтылықты білдіреді. Бірте-бірте көптеген ғимараттар ұзаққа созылған дағдарыстан кейін қалпына келе бастады, халық саны өсе бастады. Қазіргі уақытта ЖШС 11 500 гектар жерге иелік етеді, ал 7200 гектар жерге мәдени өсімдіктер егіледі. Жаңа заманауи техника енгізілді: астық жинайтын комбайн, К700, трактор, КамАЗ, бұл уақытпен қатар жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

"Атамекен-Агро-Шұқыркөл" қызметінің негізгі түрі:

  • Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы және жемшөп дақылдарын өсіру.
  • Ірі қара мал тұқымын (ІҚМ) өсіру.
  • Етті өңдеу және консервілеу.
  • Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндіру.
  • Ұн кондитерлік өнімдерін өндіру.

Кәсіпорынның Жер Банкі-13, 9 мың гектар жер. Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы және жемшөп дақылдарын өсіруге арналған егіс алаңы 7, 6 мың гектар, жайылым алаңы - 4, 99 мың гектарды құрайды. "Атамекен-Агро-Шукырколь" қоймалары 6, 9 мың тонна астыққа есептелген. Кәсіпорын аумағында осынша ток осынша ангар бар . . . Бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестікте әкімшілік кеңсесі, бақылау-кіргізу бекеті, дүкен, асхана, жөндеу шеберханасы, машиналарды қоятын аумақтар, машина-трактор паркіне жөндеу-ТҚК орталық шеберханасы, машина ауласы, жанар-жағар май базасы, өндірістік ғимараттар, және т. б. қажетті бөлімшелер бар.

Мекеме ауылшаруашылығы дәнді дақылдар егіп - жинау жұмыстарын атқару қызметін көрсетуден басқа ауылшаруашылығы машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтау алға қойылған мәселелердің бірі болып саналады.

Ауыл шаруашылық ресурс жүйесінде жер қорлары негізгі орын алады. Серіктестің жер қорларының құрылымы келесі: егістік жер, шабындық, жайылым, көлдер және су торабтары, қоражай учаскілері, ұжымдық бақшалық және басқа жер аудандары.

«Атамекен-Агро-Шукырколь» ЖШС-ің жалпы шаруашылыққа қатысты жер құрылымы және көлемінің ауданы 1. 1 кестеде берілген.

Кесте 1. 1

Ауыл шаруашылық жерлерінің түрлері
Жер көлемінің ауданы, га
№: 1
Ауыл шаруашылық жерлерінің түрлері: Егістік жерлер
Жер көлемінің ауданы, га:
№: 2
Ауыл шаруашылық жерлерінің түрлері: Шабындық жерлер
Жер көлемінің ауданы, га: 2520
№: 3
Ауыл шаруашылық жерлерінің түрлері: Жайылымдық жерлер
Жер көлемінің ауданы, га: 1240
№: 4
Ауыл шаруашылық жерлерінің түрлері: Басқа жерлер
Жер көлемінің ауданы, га: 5780
№: 5
Ауыл шаруашылық жерлерінің түрлері: Барлық жер көлемі
Жер көлемінің ауданы, га: 3100
№:
Ауыл шаруашылық жерлерінің түрлері:
Жер көлемінің ауданы, га: 12640
  1. Кәсіпорынның табиғи-климаттық сипаты

Кәсіпорынның климаты күрт континенталды. Қысы суық және ұзақ, жазы салыстырмалы түрде ыстық, ашық, жауын-шашынның едәуір мөлшері бар. Тіпті құрғақ айда да жаңбыр көп жауады. Ауаның орташа температурасы қаңтар айында -15 °C, шілде айында + 20. 2 °C болып келеді. Ең ыстық айлар мамыр, маусым, шілде және тамыз. Бұл айларда ауаның күндік орташа температурасы 25 0 -30 0 С аралығында, ал түнде орташа 18 0 С болады.

Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 мм құрайды, оның 80-85% жылы мезгілде (сәуір-қазан) түседі. Қар жамылғысы шамамен 5 ай - қарашадан наурызға дейін жатады. Жауын-шашын ең төмен ақпан айында, орташа есеппен 21 мм. Мұнда жауын-шашынның көп бөлігі шілде айында түседі, орташа есеппен 63 мм.

Кәсіпорын аумағында қатты желдер басым. Олардың жылдамдығы жылына орта есеппен 5 м/с құрайды, бірақ желдер 10-15 м/с жылдамдықпен жүреді. Желдің басым бағыты оңтүстік-батыс, әсіресе қыс айларында.

Кесте 1. 2

«Атамекен-Агро-Шукырколь» ЖШС-нің 2022 жылғы ауа-райы жағдайы

Ай
Температура, °C
Жауын-шашын, мм
Ай: Сәуір
Температура, °C: +8. 85
Жауын-шашын, мм: 5. 5
Ай: Мамыр
Температура, °C: +14. 69
Жауын-шашын, мм: 14. 5
Ай: Маусым
Температура, °C: +18. 57
Жауын-шашын, мм: 24
Ай: Шілде
Температура, °C: +20. 47
Жауын-шашын, мм: 15. 5
Ай: Тамыз
Температура, °C: +17. 24
Жауын-шашын, мм: 4
Ай: Қыркүйек
Температура, °C: +13. 68
Жауын-шашын, мм: 1
  1. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу

2. 3

Ауылшаруашылық жүктерін маусымдық тасымалдауды ұйымдастыруды жоғарғы деңгейде өткізу үшін барлық көрсеткіштерді қамтамасыз ететін жылжымалы құрам болуы қажет. Ол көрсеткіштерге мыналар жатады: жүк ағынының құрамы мен сипаты, тасымалдау қашықтығы, тиеп-түсіру жұмыстарының әдістері мен ұйымдастырылуы, тасымалдаудың төменгі деңгейдегі еңбек және материалдық шығын әкелуі, өзіндік құнның төмен және рентабельділіктің жоғары болуы.

Ауыл шаруашылығының маңызды өндірістік процестерінің бірі - егін жинау. Астықты тасымалдау жеңіл процесс емес, оны ұйымдастыру белгілі бір білім мен материалдық шығындарды талап етеді.

Астық-ерекше өнім. Ауыр, ұсақ консистенциясы бар, тіпті көлік корпусындағы ең кішкентай саңылауы оның бір бөлігін жоғалтып алуына алып келеді. Дәнді дақылдардың үлкен көлемін тасымалдауға қабілетті жүк көлігі астық тасушы деп аталады. Сапалы тасымалдау үшін ол бір уақытта бірнеше сипаттамаларға жауап беруі керек:

  • өткізгіштік-егін жинау кезінде астықты тасымалдау егістіктің өзінен басталады. Астық тасығыштың шассиі жерге батып кетпеуі немесе бұрылмауы үшін жоғары өткізгіштікке ие болуы керек.
  • автотрасса бойынша қозғалыс кезінде астық тасушы жүктің бір бөлігін жоғалтпауы тиіс.
  • шанақ дизайнына қойылатын жоғары талаптар. Бүйірлері астық төгіліп қалмайтындай және түсіру қиын болмайтындай биік болуы керек.

Бұл ретте, «Атамекен-Агро-Шукырколь» кәсіпорнында бұндай жылжымалы құрам үш жақты аудару мүмкіндігі бар өздігінен аударғыш КАМАЗ-4528-10 автокөлігі. Атамекен-Агро-Шукырколь кәсіпорнында дәнді дақылдарды егістік алқабынан астықты жинаудан кейінгі өңдеу пунктіне дейін (шартты түрде "ток") және токтан элеваторға дейін самосвал камаз жүк көлігімен тасымалдайды. Бұл тасымалдаудың өзіндік ерекшелігі бар: астықты тасымалдаудың едәуір арақашықтығы - 5 километрден астам, арнайы жабыны жоқ, рельефі біркелкі емес және кедір-бұдырлы жерлер бойынша ауылдық жолдар, егістіктердің үлкен мөлшері, сол себепті, камаз жүк көлігі өте ынғайлы болып келеді. Техника тұтқыр топырақта, тастарда, тіпті таяз тоғандарда да еркін жүреді. Бұл астықты тасымалдау жылдамдығын арттырады, көліктің жолда болу уақытын қысқартады. Өнім өрістен ұн тартатын зауытқа жеткізілмейді, өйткені бірде - бір, тіпті ең үлкен зауыт егістіктен астық көлеміне төтеп бере алмайды-бұл миллиондаған тонна. Астық тез бұзылатын өнім емес, ол ұзақ уақыт сақталады, сондықтан ол тоқта жиналады.

Сурет 1. 2 КАМАЗ-4528-10 автокөлігінің сызбасы

Үш жақты аудару мүмкіндігі бар өздігінен аударғыш КАМАЗ-4528-10 автомобилінің техникалық сипаттамасы:

Дөнгелек формуласы 6х4

Жүк көтерімділігі, кг 15000

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтық қатынастары
Қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау жолдары
Заңның мақсаттары және маңызы
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы мәні
Парламенттік бақылау функциячы
Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері туралы қазақша реферат
Қызметкердің зиянды келтірудегі кінəсі
Импорттағы өнім сапасын көтерудегі аккредиттеудің рөлі. Аккредиттеу облысындағы халықаралық тәжірибе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz