Қасым хан, Хақназар хан


Ерте замандағы Қазақстан
1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан тас және қола дәуірінде. Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен бірлестіктер
Дәріс жоспары:
- Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеті.
- Қазақстан тас қола дәуірінде
- Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар сақ, ғұн, үйсін тайпаларының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көрші елдермен қарым-қатынасы
1. “Қазақстан тарихы” оқу пәнінің негізгі мақсаты Жоғары оқу орнының студенттеріне алғашқы адамзат баласының даму эволюциясынан бастап бүгінге дейінгі еліміздің басынан өткерген түрлі тарихи оқиғаларын оқыту, соның барысында Отан сүйгіштікке баулу, мемлекеттің рухани, материалдық ескерткіштеріне құрметпен қарап, саяси-мемлекеттік маңызды тарихынан толық хабардар болуын қамту болып табылады
“Қазақстан тарихы” пәні осындай аталған мақсаттарды алға тарта отырып бірнеше міндет қояды:
- Студенттердің Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі кезең тарихын, жүйелі түрде оқыту.
- Түрлі салада маманданып жатқан студенттерді Отан тарихына құрметпен қарауға баулып, ұлттық дәстүр мен ұлттық руханиятты құрметтеуге үйрету.
- Мемлекеттік идеологиямен ұштасып жатқан саяси- экономикалық, мәдени шараларға атсалысуға үйрету.
- Студенттерді жалпы адамзаттық мәдениет және адамгершілік құндылықтарға баулу.
Қазақстан территориясындағы тас ғасыры . Тас ғасыры өз ретінде көне тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар тараған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді.
Қазақстан аумағындағы ерте дәуір: қола (б. з. б. ХVІІІ - ІХ ғғ. ) және темір (б. з. б. VІІІ - б. з. V ғғ. ) . Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті. Металл балқытуымен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңнің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады
Сақтар. Б. з. д. 1 мың. ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар «сақ» атауымен белгілі., бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.
Солтүстік шығыста - аримаспы, Орта Қазақстан - исседондар, Батыста савроматтар,
Жетісу жерінде сақ дәуірінің керемет бір ескерткіші - Есік қорғаны. Ол Алматының шығысында, км. жерде Іле Алатауының бөктерінде орналасқан.
Хунну және ғұндар мемлекеті . Хунну мемлекетінің құрылуы. Б. з. д. ІІІ ғ. ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Б. з. д. 209 ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін «сенгер» деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекет құру барысында қызмет ете бастады.
Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б. з. д. ІІ ғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және қангар тайпалары ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де атайды.
Үйсіндердің мемлекеті . Б. з. д. 1 мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде «Үйсін елі» деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б. з. д. ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан Монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұнда Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында «Күнби» титулы бар билеушісі тұрды.
Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемлекттердің біріне айналды.
Кангюй мемлекеті. Кангюй атауы (Қытайша Канцзюй) алғашқы рет деректерде б. з. д. ІІ ғ. кездеседі.
Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А. М. Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б. з. д. І ғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді.
Негізгі әдебиеттер:
- 1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. - 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.
- 2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
- Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
- 5Байпаков К. М., Таймагамбетов Ж. К. Археология Казахстана. А ., 2005.
- 8. Маргулан А. Х., Акишев К. А., Қадырбаев М. К., Оразбаев А. М. Древняя культура
Қосымша әдебиеттер:
- Сорокин В. С. Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бутак І в Западном Казахстане // Материалы и исследования по археологии. № 120. М., 1962.
- Агапов П., Қадырбаев А. Сокровища древнего Казахстана. А., 1979.
- Акишев А. К. Искусство и мифология саков. А., 1983.
- Акишев К. А., Байпаков К. М. Вопросы археологии Казахстана. А., 1973.
- Геродот. История в девяти книгах / Перевод и примечания Г. А. Стратиновского. М., 1972.
Тақырып 2. Ерте орта ғасырлық (VІ-ХІғғ. ) мемлекеттер
Дәріс жоспары:
1 . Түркі этнонимі. Түрік және Батыс түрік қағанатының құрылуы.
2. Түргештер мен Қарлұқтар мемлекеті тарихы.
3. Оғыз мемлекетінің құрылуы.
4. Кимек қағанаты (ІХ ғ. - ХІ ғ. басы) .
Түрік энтонимі ең алғаш аталуы 542 ж. қытай жылнамаларында кездеседі. Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінді.
Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы - қаған жоғарғы билеушісі әскербасы болды.
Түргеш қағанаты (704-756 жж. ) . түргештер ҮІ ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған Дау-жанжалдар қара және сары түргештер арасында күреске ұласты. і. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлұқ тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж. ) . Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж. ) «бұлақ» деген атпен мәлім болған.
ХІІ-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан акумақты қоныс еткен. Қашқардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды.
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ. ) . ХІ-Х ғасырда Сырдарияның орта ағысында Оғыз мемлекеті қалыптасады. Оғыздардың құрамында Сырдария алқабы мен Арал өңірінің, Каспий далаларының үнді-еуропа және финн-угор тектес ежелгі этикалық компоненттер . Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды.
Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардың тегеурінен Шығыс Европаға, Кіші Азияға кетті. Біразы Мауреннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына өтті. Кейін келе Дешті қыпшақ түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.
Кимек қағанаты (ІХ ғ. - ХІ ғ. басы) . Қимақ тайпаларының бірлестігі Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы аудандарына дейінгі жерлерді, Орталық және Шығыс Қазақстан мен Жетісудің солтүстік шығыс аудандарының арасындағы ұланғайыр кең алқапты алып жатты. Кимектер қағанның орталығы, оның ордасы Имекия (немесе Кимекия) қаласында болды.
Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Қыпшақ хандарының орталық билікке бағынбауы және өз мемлекеттігін құруға ұмтылғандығы ішкі сиппаттағы себеп болды.
Қыпшақ хандары оғыздардың жерін басып алғаннан кейін едәуір күшейіп күш қуаты жағынан басым болады. Осы оқиғалар кимектерді саяси үстемдігінен айырып қана қойған жоқ, сонымен қатар олар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.
Сұрақтар:
- Түрік қағанатының көрші елдермен қарым-қатынасы .
- 751 жылы арабтар мен қытайлықтардың арасындағы Атлах шайқасының Орталық Азия халықтарының тағдырында қандай тарихи маңызы бар?
- ІX-X ғғ. Евразияның саяси және әскери тарихында оғыздардың қандай роль атқарғанын мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.
- Ортағасырлық қандай авторлардың еңбектерінен қимақтардың саяси, экономикалық жағдайы туралы білеміз?
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. - 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.
2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
7. Зуев Ю. А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. А., 2002.
8. Кляшторный С. Г., Савинов Д. Г. Степные империи Евразии. Спб., 1994.
Қосымша әдебиеттер:
- Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1986.
- Акишев К. А., Байпаков К. М., Ерзакович Л. Б. Древний Отрар. А., 1972.
- Аманжолов А. С. Тюркская руническая графика. А., 1986.
- Бартольд В. В. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. Соч. Т. 5. М., 1968.
- Гумилев Л. Н. Древние тюрки. М., 1967, 1993; Көне түріктер. А., 1994.
- Кляшторный С. Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М. -Л., 1964.
Тақырып 3 Дамыған орта ғасырлық мемлекеттер (ХІ- ХІІІ ғғ. ) .
Дәріс жоспары:
1. Қарахан мемлекеті: территориясы, саяси-әкімшілік құрылымы.
2. Қарақытай мемлекеті.
3. Найман мен керейт ұлыстары (ХІІ ғ. басы-ХІІІ ғ. )
4. Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы-1224 ж. )
Қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210 жж. ) . Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы - Баласағұн қаласы. Қағанаттың мемлекеттік дінін ислам деп жариялады. Оның астанасы Қашқар болды. ХІІ ғ. 1-жартыжылдығында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды.
Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж. ) . Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Қиданның Ляо мемлекеті (907-1125 жж. ) құрылды. Қидандар Орта Азияға Қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін Горхан деп жариялайды. ХҮ ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік, Мауереннахр аймағының жері қара қытай иелігіне кірді. 1198 жылы Аңғал аймағынан шыққан Турид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы береді.
Наймандар мен керейт ұлыстары (ХІІғ. басы - ХІІІ ғ. ) . Найман тайпалар одағы ҮІІІ ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған.
Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. .
Наймандар монғол дәуірінде қазақ даласына қоныс аударып, Сырдарияға дейін жетіп, қазақ халқының қалыптасуына белсене қатысқан. Керейіттерге келетін болсақ, олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт деген этонимін сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен қырғыздардың құрамына, ал шағын тобы қазақтардың да құрамына кірді.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы - 1224 ж. ) . «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады.
ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. - 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.
2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
4. Ахинжанов С. М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А., 1989.
Қосымша әдебиеттер:
- Барманкулов М. К. Вселенная тюрков. А., 1996.
- Барманкулов М. К. Хрустальные мечты тюрков о квадронации. А., 1999.
- Босворт К. Э. Нашествия варваров: появление тюрок в мусульманском мире. М., 1981.
- Гумилев Л. Н. Древняя Русь и Великая степь. М., 1989.
Тақырып 4. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІғ. ) . Қазақстан территориясындағы ХІV-ХVғғ. мемлекеттер.
Дәріс жоспары:
1. Шыңғыс ханның Қазақстанды басып алуы.
2. Ұлыстардың құрылуы.
3. Алтын Орданың құрылуы және саяси тарихы. (1243-ХV ғ. oртасы) .
1219 жылдың күзінде Шыңғысхан орасан зор әскерді бастап, Жетісу арқылы Мауереннахрға аттанды. 1219 жылдан 1221 жылға дейін Шыңғыс хан әскерлері бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. 1220-1221 жылдарғы қысқы жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Шыңғыс хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді
Шыңғыс хан қазаға ұшырағаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шыңғыс ханның немересі Жошының екінші ұлы Батый хан басқаратын болды. 1236 жылы Камадағы Бұлғарияны, мордваларды талқандап, 1237-1240 жылдары орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Алып империя Алтын Орда құрылды.
Алтын Орда астанасы алғашқы кезде Еділ сағасындағы Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді.
Негізгі әдебиеттер:
- Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. - 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.
- . Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
- Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
- Моңғолдың құпия шежіресі. А., 1999.
- Федоров-Давыдов Г. А. Общественный строй Золотой Орды. М., 1973.
Қосымша әдебиеттер:
- Әбілғазы. Түрік шежіресі.
- Егоров В. Л. Золотая Орда: мифы и реальность. М., 1990.
- Есенберлин И. Алтын Орда. Тарихи трилогиясы. А., 1982.
- Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. А., 1997.
- Моңғолдың құпия шежіресі. - Өлгий, 1979.
8. Дәріс тақырыбы : Қазақстан территориясындағы ХІҮ-ХҮ ғғ. мемлекеттер.
Дәріс жоспары:
1. Ақ Орда.
2. Моғолстан мемлекеті.
3. Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбек мемлекеті) .
4. Ноғай Ордасы мен Сібір хандығы.
Ақ Орда хандығы. Хандықтың аумағы қазіргі Қазақстан жерін түгел қамтыды. Оның халқы этникалық жағынан біріңғай түрік тілдес тайпалар мен халықтар - қыпшақ, қаңлы, үйсін, жалайыр, алшы, қарлұқ, найман, керей, қаракесек (арғын), қоңырат, маңғыт т. б. еді. Бұлардың әлеуметтік даму деңгейі біркелкі, шаруашылық тұрмысы негізінен көшпенді және жратылай көшпенді мал шаруашылығы болды
XIV ғ. аяғы - XV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда едәуір әлсіреп кетті. 20-жылдардың аяғында Шығыс Дешті Қыпшақтың үлкен бөлігіндегі билік Шайбани ұрпағы Әбілхайырдың, қолына көшті. XV ғ. екінші ширегінде Орыс хан мен Барақ ұрпақтары Қазақстанның оңтүстік аудандарында өз биліктерін сақтап қалды.
Моғолстан 1346 жылы Шағатай мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты. Моғолстанның құрамына Түркістан, Оңтүстік-шығыс Қазақстан аумақтары және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дулаттар, албандар, суандар, қаңлылар, керейлер, арғындар, барластар т. б. Моғолстан ордасының орныққан орталығы Алмалық қаласы болды. Моғолстан бұрынғы Шағатай ұлысының және Жошының оңтүстік-шығыстағы әскерлеріне толық билік жүргізді.
Ноғай ордасы. Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой кетерген мемлекеттік құрылымдардың бірі - Ноғай Ордасы . Ноғай Ордасы XIII ғ. екінші жартысында бөлектене бастады. XVI ғ. екінші жартысында Казан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Ноғай ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырап кетті, оның ыдырау процесінде халықтың бір бөлігі Кіші жүз құрамына енді. Солтүстік-шығыста тұратын ноғай рулары Сібір иеліктеріне қарап кетті.
Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті) . Феодалдық бытыраңқылықтың күшеюі XV ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның орталық аймағында Әбілқайыр хандығының пайда болуына әкелді. Әбілқайырдың жаулаушылық соғыстары XV ғасырдың 30-жылдарында басталады.
1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде қалмақтардан күйрей жеңілген Әбілқайыр Түркістанның талан-таражыға түскен қалаларын тастап шығып, Дешті-Қыпшаққа кетуге мәжбүр болды. . 1468 жылы Жетісу жорығы кезінде Әбілқайыр қаза тапты. Қазақ хандығының құрылып, нығаюына байланысты Шайбани әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады.
Негізгі әдебиеттер:
- . Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. - 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.
- Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
- Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының құрылуы // «Қазақ тарихы», №№ 4-6.
- Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. А., 1992.
Тақырып 5. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы. ХV - ХVІII ғ. бас кезіндегі әлеуметтік - экономикалық саяси өзгерістер
Дәріс жоспары:
1. “Қазақ” этнонимі. Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары.
2. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек (1465-1466 жж. )
3. Қазақ хандығының күшеюі. Қасым хан, Хақназар хан. Қазақ-ойрат қатынастары.
4. Есім, Жәңгір хандардың тұсындағы Қазақ хандығы.
5. Қазақ мемлекеттілігінің нығаюындағы Тәуке ханның рөлі. “Жеті Жарғы”
Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процесстердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан - алғашқы қауым қоғамының ыдырау дәуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі.
ХV ғ. екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық көршілері арасында да сол заман оқиғаларын көрсететін жазба деректерде де «қазақ» атымен белгілі болды. Деректерде бұл термин әуелгі кезде әлеуметтік мәнінде қолданылып, «өз мемлекетінен, тайпасы мен руынан оқшауланып шығып, шытырман оқиғалар іздеуге мәжбүр болған адам». (В. В. Бартольд) мағынасында қолданылады. «Тарих-и Рашиди» мен өзге деректерде «қазақ» атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кететін саяси топты білдіру үшін бастапқыда «өзбек-қазақ», сосын «қазақ» түрінде пайдаланылады.
Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең байтақ, аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процесстердің заңды қорытындысы болды.
Қазақ хандығының негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек еді. Қазақстан рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау XV ғ. 40-50-жылдарының өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде - Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысында, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді.
Қасым хан басқарқан жылдары (1511-1518) қазақ халқының саны 1 миллионға жетіп, қуатты мемлекетке айналды. Хақназар Қазақ хандығын 42 жыл (1538-1580) биледі. Есім хан (1598-1628) бүкіл саналы өмірін ат үстінде өткізген, Қазақ хандығының шекарасын кеңейту, қорғау жолында халқына өлшеусіз қызмет етті. Халық оны «Еңсегей бойлы ер Есім» деп атады.
XVII ғасырдағы қазақ хандығының тарихында Тәуке хан (1680-1718) да айрықша орын алады. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болды. Тәуке хан Қасым хан мен Есім ханның тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң жораларын бірізге түсіріп, «Жеті Жарғы» зандар жинағын жасады. Үш жүздің басын біріктіріп, олардың көшіп-қону конысын белгіледі. Әр руға таңба үлестіріп, ұранын айқындады. Жыл сайын қазақ ру басыларын жинап Күлтебеде кеңес өткізді. Қазақ хандығына «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» деп аталатын зандар болд
Негізгі әдебиеттер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz