Жыныстық қылмыстардың ұғымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Құқықтық пәндер кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Зорлау. Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық
Орындаған: Юр-21тобының студенті
Нұрланқызы А.
Ғылыми жетекші: з.ғ.м.,аға оқытушы
Самуратова А.У.
Орал,2023
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Жыныстық қылмыстырдың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жыныстық қылмыстардың жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2 Жеке адамдарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.1 Зорлау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... .13
2.3 Жыныстық қатынас жасауға еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.4 Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.5 Жас балаларды азғындық жолға түсіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Кіріспе
Осы жұмыста Қазақстан Республикасындағы жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі, құрамдас бөліктерінің анықтамасы, зорлау қылмысының түсінігі, құрамының обьективтік және субьективтік белгілерінің ерекшеліктері, жыныстық қылмыстардың жүйесі және оларды саралау мәселелері теориялық тұрғыдан кенінен қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты
Жыныстық қылмыстар және зорлау мәселесі тек бүгінгі таңда ғана емес, сонымен қатар ғасырлар бойы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді. Осыған байланысты аталған қылмыстар курстық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдап алынды.
Менің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жыныстық қылмыстар ұғымын тереңірек ашу, жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды салыстыру, жыныстық қылмыстар неліктен жасалатындығы, оларды жасаушы адамдар мен жәбірленушілердің жеке басына талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті
Жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігін ашып, оның өзектілігін көрсету;
Зорлық-зомбылық қылмыстарының болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін анықтау;
Жеке адамдарға қарсы жыныстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың әрқайсысына талдау жасау;
Зорлық-зомбылық қылмыстарын салыстыру, саралау, қоғамға қауіптілігін анықтау қарастырылған.
Курстық жұмыстық өзектілігі
Жалпы Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30-тамызда қабылданған Конституциясына адам құқықтары мен бостандықтарына арналған басқа жаңа баптар енгізілген болатын. Бұл баптардың барлығы адам құқықтары туралы декларация қағидадаттарына негізделіп құралған. Қазіргі 2014 жылы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен бұрынғы 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінінен өзгерістері өте көп. Жаңа Қылмыстық кодексте көптеген жаңа қылмыстардың түрлері көрсетілген. Сол себепті адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау еліміздің Конституциясының негізгі басты мақсаты болып табылады.
Қоғамға қауіптілік жағынан жоғары жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірі жыныстық қылмыстар болып табылады.
Елімізде аталған қылмыстар жылдар бойы қоғамдағы өзекті мәселе болып келеді. Қоғам мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алып, кінәлі адамды тауып, тиісті жазасын беруді құқық қорғау органдарынан талап етеді. Оларға тағайындалатын жаза осындай қылмыстарды қайталанбауын қамтамасыз ететіндей болуы қажет. Бірақ кейбір жағдайларда осындай ауыр қылмыс жасаған адамдар жазадан құтылып кетіп те жатыр.
Жалпы атап айтқанда осы курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасындағы жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қазіргі қоғамдағы өзектілігін көрсеттім.
Курстық жұмыстың құрылымы
Тақырыптың жалпы сипаттамасы мен мақсаты және міндетіне, сондай-ақ зерттелу деңгейіне байланысты курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Мен осы курстық жұмысымды жазу барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Қылмыстық Кодексіне түсіндірме, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот қаулыларын, сондай-ақ қылмыстық құқыққа қатысты А.Н. Ағыбаев, И.Ш. Борчашвили және тағы да басқа оқулықтарды пайдалана отырып жаздым.
1 Бөлім. Жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы түсінігі
Жыныстық қылмыстардың ұғымы
Жыныстық зорлық-зомбылық деп біреуді басқа адаммен мәжбүрлі түрде жыныстық әрекеттерге күштеуді айтамыз. Жыныстық зорлық-зомбылыққа зорлау, жыныстық сипаттағы шабуыл, жыныстық қанау, жыныстық алымсақтық(бопсалау) және кей жағдайда жанұядағы зорлық та жатады.
Жыныстық бостандық деп жыныстық жасқа толған және толмаған азаматтардың өздерінің жыныстық өмірін ерікті анықтау құқығын айтылады. Жыныстық бостандық - ол қоғамның немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбай, өз еркімен өздерінің жыныстық құштарлығын қанағаттандыру құқығы болып табылады. Жыныстық бостандықты шектеу қоғамдық қажеттілікпен және моральдық бекітілген нормамен айқындалады. Басқа адамдардың еркінен тыс жыныстық сипаттағы кез- келген әрекет жыныстық бостандыққа қол сұғу болып табылады.
Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы Нормативтік қаулысы бойынша: Зорлау деп әйел жынысты адаммен оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданамын деп қорқытыпне жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып табиғи нысанда жасалған жыныстық қатынасты түсіну керек. Әйел немесе еркек жынысты адамға табиғи емес нысанда жасалған жыныстық құштарлықты қанағаттандыруды (еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы және т.с.с.) өзге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық деп түсіну керек. делінген.
Жыныстық қылмыстар институты дегеніміз - жеке адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы жасалатын қылмыстық заңнаманың арнайы бөлігі. Адамның еркіндігінің және бостандығының көрінісі ретінде жыныстық қол сұғылмаушылығы мен жыныстық еркіндігі адамның жеке басына тиiспеушiлiк қағидасының бір бөлігі болып табылады. Бұл қағиданы бұзатын қылмыстар түрлері жыныстық қылмыстарға әкеліп соғады. Адамның жыныстық еркiндiгi жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруда адамның кіммен және қандай нысанда жүзеге асыратындығын өзі таңдау құқығын білдіреді. Жыныстық қол сұғылмаушылық - зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне қарсы қорғану құқығын көрсетеді.
Адамдардың жыныстық тәрбиесі мен сауаттылығы біздің қоғамымыздың қалыптасып қалған жыныстық тәрбилік пен өнегелілік дәрежесіне тікелей байланысы бар, өйткені аталған құндылықтар жалпы қоғамымымздағы қарым-қатынастар тізбегіндегі бір жүйе ретінде бағаланады. Адамдардың жыныстық тәрбиесі мен өнегелілігі олардың сексуалдық қарым-қатынастары нормаларымен қатар, біздің қоғамымыздағы сексуалдық қарым-қатынастарды көрсететін пікірлерді, көзқарастар мен салт-дәстүрлерді де қамтиды.
Жыныстық тәрбие мен өнегелілік біздің қоғамымыз дамыған сайын, өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың әр уақытта жақсы бағытқа өзгермейтінін ескерген жөн. Мысал ретінде қазіргі кезеңдегі қоғамдағы жыныстық тәрбие мен өнегелілік деңгейін Қеңес Одағы кезеңіндегі деңгейге қарағанда әлдеқайда құлдырауы арқылы көрсетуге болады.
Адам баласы жыныстық тәрбие мен өнегеліліктің деңгейіне халықтық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптары, алдымен өсіп келе жатқан толқынды тәрбиелеуге елеулі түрде көңіл бөлген. Қазіргі кездегі жыныстық мораль мен өнегеліктің төмендеуін біреулері қоғам өмірінің барлық салаларындағы тәртіптің төмендеуімен, экономикалық дағдарыспен түсіндірсе, екіншіл біреулері оны отбасындағы тәрбиенің төмендеуімен, жас өспірімдерді бақылаудың төмендеуімен, біздің кино және видео материалдар нарығымызға жыныстық тәрбиелеуге кері әсерін тигізетін, жыныстық салада мінез-құлықтар бостандығын құндылықтар ретінде көрсететін қарым-қатынас үлгілерінің кең таралуымен түсіндіреді.
Адамдардың жыныстық тәрбиесі мен өнегелілігі тепе-тең түсініктер болып табылмайды. Жыныстық өнегелілік жыныстық моральға қарағанда кеңірек ұғым. Жыныстық өнегелілік қоғамдағы жыныстардың өзара қатынастарына жалпы қабылданаған көзқарастарды көрсететін және адамдардың сексуалдық қарым-қатынастарының барлық қырларын ретке келтіретін адамгершілік ережелерінің тізбегінен құралады. Қоғам мүшелері басшылыққа алатын моральдық деңгейі жоғары, иманды қоғамда қалыптасқан жыныстық қатынастар нәпсіқұмарлық құқық бұзушылықтардың неғұрлым төмен деңгейін сақтауға әсер етеді. Және де керісінше адамгершілікпен сиыспайтын, тәрбиеге қайшы қоғамда жыныстық қылмыстар деңгейі сәйкесінше жоғары көрсеткіштерді құрайды.
Адамның жыныстық бостандығы мен еркіндігіне қарсы қылмыстар деп - еліміздің қылмыстық заңнамасында бекітілген, он төрт жасқа немесе он алты жасқа толмаған жасаөспірімнің жыныстық еркіндігіне, бітім-болмысы, адамгершілігі психикалық тұрғыда қажетті деңгейде дамуына, ересек адамдардың жыныстық өмірінің бостандығы мен біздің қоғамымызда қалыптасып қалған жыныстық қарым-қатынастарға қауіпті болатын қылмыстық қастандықтарды айтуға болады.
Жыныстық қылмыстар туралы көптеген авторлар өз пікірлерін қалдырған. Мысалы Я.М.Якомлевтің пікірі бойынша: Жыныстық қылмыстар дегеніміз - әр түрлі жыныстағы адамдардың арасындағы жыныстық қылмыстың дұрыс тәртібін немесе жәбірленушілердің жыныстық бостандығын бұзатын жыныстық іс-қимыл түріндегі, тұлғаның немесе субъектінің жыныстық құштарлығын қанағаттандыру мақсатымен қасақана жасалатын, қоғамда қалыптасқан жыныстық тәртіпке қарсы, жыныстық қатынасқа қол сұғатын, қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет.
Сондай-ақ, Б.В.Даниэлбьек жыныстық қылмыстарға байланысты мынадай анықтама береді: Жыныстық қылмыстар дегеніміз - өзінің және басқаның жыныстық құштарлығын қанағаттандыру үшін қасақана жасалған, қоғамдағы жыныстық қатынастың дұрыс тәртібіне қол сұғатын, жыныстық сипатқа ие қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет.
Яғни, авторлардың ойынша бұл анықтамалар жыныстық қылмыстардың белгілерін анықтайтын жыныстық мақсат деген концепциядан туындайды. Осы жерде олар басқа себептермен жасалған қоғамға қауіпті жыныстық сипаттағы әрекеттердің жыныстық қылмыстар ретінде танылу мүмкіндігін жоққа шығарады. Жасалуы негізінен жеке адамдардың жыныстық бостандығымен жыныстық қол сұғылмаущылығына жататын қоғамдағы жыныстық мінез- құлықтың негізгі қағидаттарын бұзатын қылмыстық іс-әрекеттерді бір топқа біріктіру толық ірі дұрыс анықталған болып табылады.
Сонымен жыныстық қылмыстар дегеніміз - жыныстық қатынас, жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер міндетті түрде жәбірленушіге қатысты күш қолданып, немесе оны қолдану қатерін төндіру және мәжбүр ету жолымен немесе онсыз жыныстық бостандыққа және жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы бағытталатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.
1.2 Жыныстық қылмыстардың жүйесі
Жыныстық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі жоғары және олар өте кең таралған қылмыстар қатарына жатады. Бұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілігі азаматтардың заңмен қорғалатын жыныстық бостандығына қол сұғылмаушылыққа қарсы, қасақана қол сұғу, оларға моральдық, адамгершілік, рухани тұрғыдан зиян келтіре отырып, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына ауыр зиян келтіреді.
Жыныстық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамдардың жыныстық бостанды, жыныстық бостандыққа қол сұғылмаушылықты реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Ал тікелей объектісіне келетін болсақ жыныстық бостандықтың, жыныстық бостандыққа қол сұғылмаушылықты реттейтін жекелеген салалары болып табылады. Сонымен қатар қосымша объектісіне жеке тұлғалардың өмірін, денсаулығын жатқызуға болады.
Жыныстық қылмыстардың объектісіне байланысты көзқарастар әртүрлі. Оған мысал ретінде Я.М.Яковлев жыныстық қылмыстардың топтық объектісіне қоғамда мүшелері арасындағы жыныстық қатынастарды жатқызатындығын айта кетуге болады.
Ал, П.П.Осипов жыныстық қылмыстардың топтық объектісін адамдардың өз жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты олардың арасындағы қатынастардың пайда болуының әлеуметтік негіздерін есептейді. Сонымен қатар, Н.С.Шостак болса жыныстық қылмыстардың топтық объектісі деп өнегелікті атайды.
Қылмыстық құқық саласындағы заң әдебиеттерінде әртүрлі пікірлер мен көзқарастарды кездестіре аламыз. Мысалы, жыныстық қатынастарды біреулері барлық жыныстық қылмыстардың топтық объектісіне жатқызса, басқалары оны жекелеген жыныстық қылмыстардың тікелей объектісіне жатқызады.
Объективтік жағынан жыныстық сипаттағы қылмыстардың барлығы әрекет арқылы жасалады. Яғни жыныстық қылмыстардың объективтік жағы кінәлі адамдардың Қылмыстық кодекстің жыныстық сипаттағы қылмыстардың диспозициясында немесе анықталған заңға қайшы іс-әрекет жасаунан көрінеді. Бұл топтағы қылмыстар құрылымы бойынша формальді болып келеді. Жыныстық қылмыстардың әлдебіреуінің ауырлататын белгілерінің болуын анықтау үшін айыпталушының іс-әрекеттері мен ауырлататын белгілер арасындағы қажетті себепті байланыс анықталуы қажет.
Қылмыстың субъектісі нақты қылмыс құрамының ерекшеліктеріне қарай 14 немесе 16 жасқа толған кез-келген есі дұрыс ер адамдар болады.
Авторлардың көбісі жыныстық қылмыстардың жүйесін қазіргі заңдарға сәйкестендіріп құрастырған. Я.М.Якомлев жыныстық қылмыстардың толық әрі дәлірек жүйесін көрсетеді. Ол жыныстық қылмыстар жүйесін мынадай 4 топқа бөліп қарастырады:
Жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар
Балалар мен кәмелетке толмағандардың дұрыс жыныстық тәрбиесімен дұрыс жыныстық дамуына және жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы қылмыстар
Әйелдер мен еркектер арасындағы дұрыс жыныстық қатынасқа қол сұғушылық қылмыстары. Бұл топқа автор бір құрамдағы қылмыстарды, яғни еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің арасындағы жыныстық байланыс.
Жыныстық қылмыстардың жүйесіне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Қодексі жыныстық қылмыстарды мынадай түрлерге топтастырған:
Зорлау (120бап)
Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері(121бап)
Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау(122бап)
Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету(123бап)
Жас балаларды азғындық жолға түсіру(124бап)
2 Бөлім. Жеке адамдарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтар
2.1 Зорлау
Жалпы зорлау қылмысы ол жыныстық қылмыстардың арасындағы ең ауыр және кең тараған қылмыс болып келеді. Зорлау ол яғни, адамның еркінен тыс, оны күштеп жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу болып табылады. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыскердің күш қолдану арқылы жасаған әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген зиянның нәтижесінде оның шеккен зардаптарының ауыр болуы, яғни жәбірленушінің денсаулығына, ар-намысына, психикасына, өте үлкен зиян келтіріледі, кейбір жағдайларда жәбірленушінің өліміне де апарады. Зорлау қылмысы көп жағдайда зардабы қаламаған жүктілікке әкеліп соғады.
Зорлауда жәбірленушінің еркінен тыс дәрменсіз күйін пайдалануы негізге алынады яғни жібірленуші өзімен не болып жатқанын сезіне алмай, қарсыласуға шамасы келмей әрекетсізденуі. Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайы есінен айрылу ауруы салдарынан болуы мүмкін ( диабетикалық ком, стенокардин приступі, эпилептикалық есінен айрылу және т.б) күйзеліске байланысты талып қалу жағдайлары және т.б.
Зорлау кезіндегі күш қолдану ретінде жәбір көруші әйелдің қарсылық көрсетуін жаншу мақсатында әйелді ұру, оның денесіне түрлі жарақаттар салу, әйелдің тәнін азаптайтын өзге де әрекеттер жасау, аяқ-қолын байлап тастау, үй ішінде не басқа да жайларда қамауда ұстау, әйелдің жәрдем шақыруына жолын кесу және өзге де әрекеттер жатады. Ал күш қолдану қаупін төндіре отырып бопсалау, қорқытуға айыптының жәбірленушіні, ол әйелдің баласын немесе өзге де жақындарын, туыс адамдарын ұрып-соғатынын, сабайтынын немесе азаптау, басқа да зомбылық әрекеттерді жүзеге асыратынына көз жеткізетін әрекеттер жатады.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасын іске асыру аясында 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді.
Кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін жазаның төменгі шегі - 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Өгей әкесі, мұғалімі немесе басқа тәрбиешісі тарапынан зорлық бұрынғы 12-17 жылдың орнына 17 жылдан 20 жылға дейін күшейтілген.
Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан зорлау бұрын 17 жылдан 20 жылға дейін болса, енді 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға әкеліп соғады.
Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 4 Нормативтік қаулысында: Зорлауға немесе өзге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа оқталу - бұл қасақана тікелей ниетпен жасалған, жәбірленушімен зорлық жыныстық қатынасына түсуге, өзге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа бағытталған, бірақ кінәлінің еркінен тыс себептермен көздеген нәтиже іске аспай қалған әрекеттер деп көрсетілген. Яғни бұл жерде қылмыстық іс-әрекет ретінде зорлаудың құрамы орын алуы үшін айыпты адам қылмыстық заңнамада қарастырылған әдістердің бірін қолдану жолымен жәбірленушіге қарсы заңда көрсетілген әрекеттерді жасауы керек. Демек сол уақытта қылмыс аяқталған болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120 бабы, 1 бөлігінде зорлау қылмысы былай сипатталады:
Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау - бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұл жерде қылмыстың тікелей объектісі - әйелдің жыныстық еркі және бостандығы, ал қосымша объектісі әйелдің ар-намысы, өмірі, денсаулығы болып табылады.
Жыныстық бостандық ол - адамның жеке бостандығының құрамдас бөлігі болып саналады. Және де әр адамның өз жыныстық қажеттіліктерін жеке өзі анықтауға жатады.
Объективтік жағы - әрекет арқылы жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау.
Күш қолдану - адамға тәндік тұрғысынан кері әсер ету болып табылады. Яғни зорлау барысындағы күш қолдану денсаулыққа әртүрлі дәрежедегі зиян келтіру.
Субъектісі - 14 жасқа толған, есі дұрыс, ер адам.
Субъективтік жағы - тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Айыпты адам жәбірленушіге қатысты оның еркіне заңға қайшы түрде қылмыстық заңнамада қарастырылған әдістерді қолдану арқылы жыныстық актіге түсетінін біледі, өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін түсінеді, осы әрекетті жасауды қалайды.
Санкциясына келетін болсақ салыстырмалы айқындатылған санкция болып табылады, ал санаты жағынан ауыр қылмыс болып табылады.
Осы баптың екінші бөлігінде:
Мыналар:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа да адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;
3) жәбірленушіге соз ауруын жұқтыруға алып келген;
4) бірнеше рет жасалған;
5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау
Бұл жерде адамдар тобы жасаған деп яғни, он төрт жасқа толған екі немесе одан да көп адамдардың бірлесіп жасаған зорлау қылмысын түсінеміз. Бірақ қылмыстың сыбайлас қатысушылары, яғни ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші тікелей жыныстық қатынасқа түспей, бірақ қылмыстың жасалуына өз ықпалдарын тигізетін әрекеттері адамдар тобы жасаған қылмыс болып сараланбайды. Бұндай жағдайда олардың әрекеттері осы баптың бірінші бөлігімен сараланады.
Көбінесе осы адамдар тобы арқылы жасалған зорлау қылмысы кәмелетке толмағандар жасайды. Бұл дегеніміз кәмелетке толмағандардың психикалық тұрақсыздығымен түсіндіріледі.
Өлтіру қатерін төндірумен ұласқан деп яғни, зорлау қылмысын жасау кезінде жәбірленушіні өлтіремін деп қорқыту мысалы оны өлтіремін, бауыздаймын, дарға асамын деп сөзбен айтып, немесе сөзсіз қару көрсету арқылы болуы мүмкін. Өлтіру қатерін төндіру жеткілікті негізде болуы қажет, қорқыту кезінде жәбірленушінің өміріне шынайы түрде қауіп төнуі керек.
Аса қатыгездікпен жасалған зорлау қылмысында айыпталушы қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру барысында жәбірленушінің немесе басқа адамның денесін қатты ауырту, ұрып соғу, азаптау, қинау, жанын күйзелту сияқты іс-әрекеттер жасалады.
Соз ауруы дегеніміз жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар. Олардың қатарына сифилис, гонорея, поховый лимфогранулеманоз, мерез, жұмсақ шанкр жатады. Осы аурулардың бар жоғын анықтау үшін және олардың соз ауруларына жататындығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар жүргізіледі.
Соз аурулары қоғамға өте қауіпті аурулардың бірі. Соз ауруы тұқым қуалайтын аурулардың қатарына жатпайды. Бұл аурулар патологиялық жолмен баланың денсаулығына кері әсерін тигізеді, және де әйелдердің бедеулігіне әкеліп соқтырады.
Қылмыскер өзі соз ауруымен ауыратынын біліп, зорлау қылмысын жасаса, ҚР ҚК 120 бабының 2 бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Ал егер қылмыскер жәбірленушіге соз ауруларының бірін жұқтыра отырып, оның денсаулығына ауыр зиян келтірсе, онда ҚР ҚК 120 бабының 3-бөлігімен сараланып, қылмыстық жауапқа тартылады.
Келесі, бірнеше рет жасалған деп бұл жерде яғни, кәнәлі адам екі немесе одан да көп зорлағысы келіп, соны ойластырса, бірақ белгілі бір себептерге байланысты қылмыстық әрекеттерін соңына дейін жеткізе алмаған болса, онда адамды зорлауға оқталу ретінде қарастырылады. Жалпы зорлау қылмысының басым көпшілігі қайталанып жасалынған қылмыстардың қатарына жатады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабына сәйкес, егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адамның ауыр қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады. Қылмыстардың қауіпті қайталануы деп, егер осы адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса, ауыр қылмыс жасағаны; егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, аса ауыр қылмыс жасағаны танылады. Оны жасайтын адамдарды рецидивисттер деп атайды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемелерде өтейді. Қылмыстық құқықта рецидив жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы рецидив деген бұрын сотталған адамның жаңадан ұқсас емес қылмыс жасауы. Ал арнайы рецидив деген бұл бұрын сотталған адамның тағы да осындай қылмысты қайталап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz