Банктердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың кезеңдері


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ
Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан
НАО «Кокшетауский университет им. Ш. Уалиханова»
Бекболат Риза
«Коммерциялық банк ісінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
ББ 6В04106 «Банк ісі және қаржылық менеджмент»
ОП 6В04106 «Банковское дело и финансовый менеджмент»
Көкшетау 2023
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ
Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан
НАО «Кокшетауский университет им. Ш. Уалиханова»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы:
На тему: «Коммерциялық банк ісінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау»
ББ 6В04106 «Банк ісі және қаржылық менеджмент»
ОП 6В04106 «Банковское дело и финансовый менеджмент»
Орындады:
Выполнила: Бекболат Р.
Жетекші
Руководитель э. ғ. к., қауымдастырылған профессор
Конуспаев Р. Қ.
«Қорғауға жіберілді» «Допускается к защите»Кафедра меңгерушісі
Зав. Кафедрой Утегенова Ж. С., PhD,
қауымдастырылған профессор
Көкшетау 2023
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстан Республикасы банк жүйесінде, соңғы жылдары еліміздің экономикасының қарқынды дамуы барысында банк қатынастарында түбегейлі өзгерістер болды. Қазіргі уақытта экономикада болып жатқан жаһандану мен жаңа серпіліс жасау қарсаңында банктердің құқықтық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген бизнес және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті тандауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Банктер бұрынғыдай жоғарғы жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, салып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша таңдай алады.
2017 жылғы 27 ақпандағы сол кездегі ҚР Президентінің Халыққа жолдауының алтыншы бағытында еліміздің қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, банктің бәсекеге қабілеттілігін басқару мәселесі, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы «ұшқыр» жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда. Аталмыш міндеттердің белгіленгеніне төрт жылдай мерзім өтсе де, бұл мәселе қай кезеңде, қай жылда болмаса да өз маңыздылығын жоғалтпақ емес. Себебі, отандық экономистердің пікірінше 2024 жылдың ортасында қаржылық дағдарыстың жаңа толқыны күтілуде деп жорамалдауда.
Сонау 2007 жылдың басында АҚШ-тан бастау алған қаржылық дағдарыс біздің экономикамызға кері ықпал етпей қоймады. Дағдарысқа байланысты қазақстандық ірі банктеріміздің сырттан қарыз алудағы мүмкіндіктері шектелді, сөйтіп дәл осы уақыттары қайтару мерзімі жеткен сыртқы қарыздарды қайтаруда олардың бәсекеге қабілеттілігіне қатысты мәселелер орын алды. Әлемдік қаржылық дағдарыс отандық коммерциялық банктердің «осал» тұстарын анықтап берді, бірінші кезекте, банктердің несиелік активтеріне, банк өтімділігі, капитал жеткіліктілігіне байланысты бірқатар мәселелерді күн тәртібіне қойып берді. Күткеніміздей, банк жүйесінің несиелік қоржынының нашарлауы (банктердің өтімділігінің тапшылығымен қоса алғанда) жалпы банк секторының тұрақты қызмет етуіне және даму перспективасына ықпал ететін шешуші фактор болып табылады.
Аталмыш жағдайлардан кейін, бүгінгі таңда коммерциялық банктің бәсекеге қабілеттілігін басқарудағы сенімділікті арттыру мақсатындағы банк жүйесінің даму тенденцияларына байланысты бәсекеге қабілеттілікті басқарудағы қажеттілік күннен-күнге артуда. Сол себептіде қазіргі кезде бәсекеге қабілеттілікті және оны басқаруды талдау, толық саралау өте қажетті және ең маңызды мәселе болып отыр.
Банктің бәсекеге қабілеттілігі оның сенiмдiлiгiне, табыстылығына үлкен әсерiн тигiзетiн болғандықтан, бiз әлемдiк тәжiрибедегi қазiргi кезде оларды бағалау әдiстерiн оқып бiлуiмiз және осы алған тәжiрибенi елiмiздiң банк тәжiрибесiне енгiзуiмiз абзал.
Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы қарастырылып отырған банктің бәсекеге қабілеттілігі мен төлем қабілеттiлiгiн басқару әдiстерi. Қазақстанның банк жүйесiнiң дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылатындығында.
Факторлық талдау негiзiнде банк тұрақтылығының банк қызметiне әсерiн зерттеу үшiн бiз әлемдiк тәжiрибеге үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстанда тиiмдi де пайдалы банк қызметiне әсер ететiн жағдайларды анықтап, тәуекелден “қорғану” әдiстерiн саралап отырмыз. Осы кешегi күнге дейiн отандық банктер үшiн банктің бәсекеге қабілеттілігін әсер ететiн басты мәселе болып алынған несиелердi қайтармау проблемасы қаралып келедi. Бұл мәселенi реттеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң пруденциялдық нормативтерi бағытталған.
Бүгiнде өзiнiң маңыздылығын жоғалтпай, бұл мәселенің орнын басқа мәселе алады - ол активтер көлемiнiң жеткiлiктiлiгi мен оның сапалылығы.
Өзiмiздiң отандық банктер әлемдiк банк тәжiрибесiнде бар барлық мәселелермен кездестi деуге болмайды, бiрақ олардың саны өсiп барады, ал бұл мәселе Қазақстандық банктер үшiн жаңа болып есептелiнедi, сондықтан бұл тұрғыда қандай да бiр терең зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда, банктің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы зерттеулер Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудағы ең түйiндi мәселе болып отыр. Барлық аталған өзектi мәселелер және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негiзгi мiндеттерiн анықтауға өз әсерiн тигiздi.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - коммерциялық банктердің бәсекеге қабілеттілігін басқару жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадық:
- банктің бәсекеге қабілеттілігін басқару мәселесiмен байланысты теориялық сұрақтарды зерделеу, олардың құрылымын анықтау, банк өтiмдiлiгi түсiнiгiнiң мазмұнын нақтылау;
- банктердiң тұрақты дамуына әсер ететiн факторлар жүйесiн талдау немесе банктің бәсекеге қабілеттілігі мен төлем қабілеттiлiгi моделi мен принциптерiнiң тиiмдiлiгiн нақты мысалдармен дәлелдеу;
- «Еуразиялық банк» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде талдау, мәселелерді анықтау, шешу жолдарын ұсыну;
- жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жіті кемшіліктерді дәйектеу және оларды жою жолдарын ұсыну;
- талдау нәтижелерi бойынша қорытындылар қалыптастыру және отандық банк мекемелерi үшiн банк бәсекеге қабілеттілігін басқару мәселелерi бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу;
- ұсыныстар тиімділігін есептеу.
Талдау объектісі ретінде «Еуразиялық банк» АҚ мекемесі алынды.
Зерттеу пәні - банктің салымшылары, контрагенттері мен Ұлттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі, екінші деңгейдегі банктер арасындағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге байланысты қарым-қатынастары.
Диплом жұмысының әдiстемелiк негiзiн Қазақстан Республикасының банк қызметiн реттейтiн заңдары, қаулылар, ережелер, коммерциялық банктің бәсекеге қабілеттілігін басқарудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы отандық және шетелдiк экономистердiң ғылыми еңбектерi, оқулықтар, екiншi деңгейлi банктердiң статистикалық деректерi, мерзiмдi басылымдардың материалдары құрайды.
Зерттеу жұмысы теориялық және практикалық әдіске негізделіп, «Еуразиялық банк» АҚ мекемесіндегі банктің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін көрсеткіштерді тереңірек есептеуге көңіл аударылды.
Зерттеу барысында қолданылған ғылыми әдістер - дедукция, факторлық, баланстық, корреляция-регрессиялық талдау, статистикалық талдау, классификациялық әдіс, салыстырмалы талдау, экономикалық- математикалық талдау, симплекстік әдіс, қаржы-экономикалық көрсеткіштерді талдау.
Диплом жұмысы үш бөлімнен: бірінші бөлімде банктің бәсекеге қабілеттілігін басқарудың теориялық және әдістемелік негізі онда: банктің бәсекеге қабілеттілігін басқарудың теориялық алғышарттары мен әдістері, ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердегі бәсекеге қабілеттілігін басқаруды «Еуразиялық банк» АҚ мысалында кешенді түрде талдау және үшінші бөлімде қазіргі экономикалық жағдайдағы банктің бәсекеге қабілеттілігін басқаруды жетілдіру мен даму перспективалары онда: коммерциялық банктердің бәсекеге қабілеттілігін ұтымды басқарудың жаңа әдістері, жолдары мен бәсекеге қабілеттілікті басқару тиімділігін арттырудың экономикалық-математикалық талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банк жүйесіндегі проблемалар және жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы - коммерциялық банктің бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін банктің бәсекеге қабілеттілігін кешенді басқарудың ғылыми тұрғыдан негізделген қаржы менеджментінің жаңа тұжырымдамасы негізінде ҚР ЕДБ-дің активтері мен пассивтерін басқару тетіктерін, бәсекеге қабілеттілікті басқаруды жетілдіруге, банктің қаржылық қызметін талдау тәжірибесіне математикалық оңтайландыру моделін қолдануды енгізуге ғылыми-тәжірибелік ұсыныстардың жасалуымен сипатталады.
1 Банк ісінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың теориялық және әдістемелік негіздері
1. 1 Бәсекеге қабілеттіліктің теориялық алғышарттары
«Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы отандық мамандармен де, шетелдік мамандармен де әртүрлі түсіндіріліп жүр. Бұл бір жағынан мәселенің маңыздылығы мен күрделілігін, екінші жағынан оның әдістемелік зерттелуінің аяқталмағандығын және ары қарай зерттеулердің қажеттілігін көрсетеді.
«Бәсекеге қабілеттілік» терминіне қатысты мағына құраушы негізгі ұғым «бәсеке» болып табылады. Бәсеке ретінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы капитал салудың тиімді аялары, өткізу нарықтары, шикізат көздері үшін олардың сайысы түсініледі.
Бәсекенің ілімдері мен тұжырымдамаларын жүйелендіру оны анықтаудың келесі тәсілдерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді (Сурет 1) .
Бәсеке ұғымын анықтаудағы жалпы ғылыми амал-тәсілдер
Тәртіптік - бәсекені сатушылардың өз тауарларын сатудың тиімді шарттары үшін адал күресі ретінде түсіндіреді
Құрылымдық - бәсекені нарықтың құрылымына байланысты анықтайды
Функционалдық - бәсекелік артықшылықтар факторларына баса назар аударады
Сурет 1 «Бәсеке» ұғымын анықтаудағы жалпы ғылыми көзқарастар
Бәсеке ұғымына көзқарастардың дамуын осы аталған үш бағыттың шеңберінде қарастырамыз. Тәртіптік амал-тәсілде экономикалық агенттердің бір-бірімен сатып алушылар үшін бәсекелік күресіне басты назар аударылады және оның негізгі өкілдеріне А. Смит, А. Маршалл, Д. Рикардо және т. б. жатады. Бәсекенің сипаты туралы алғашқы ілімдік ережелердің негізін қалаған ағылшын экономисті, философ, экономикалық ілімнің классикалық мектебінің аса көрнекті өкілі А. Смиттің пікірі бойынша бәсеке - нарықтың барлық қатысушыларының қызметін реттйтін «көрінбейтін қол» болып табылады [1, 151 б. ] .
А. Смиттің бәсекелік ілімінің жаңалығы келесілерде, ол бірінші рет:
1. Бағаларды ұсыныс қысқарғанда жоғарылататын және керісінше ұсыныс артқанда төмендететін жарыс ретінде бәсеке ұғымын қалыптастырды;
2. Бәсекенің басты қағидасы - «көрінбейтін қолды» анықтады, оған сәйкес қуыршақ-кәсіпкерлердің жіптерін тарту арқылы «қол» оларды экономиканың «идеалды» даму жоспарына сәйкес әрекет етуге мәжбүрлейді, нарыққа керексіз өнімдерді өндіретін фирмаларды аяусыз ығыстырады;
3. Ілімдік тұрғыда бәсекенің икемді және шебер механизмін жасады, ол салалық пайданың нормасын теңестіреді, салалар арасындағы ресурстардың оңтайлы үлестірілуіне әкеледі. Механизмнің шеберлігі келесіде, тауарға сұраныс қысқарған жағдайда сапсыз және тым қымбат өнімдер шығаратын фирмалар қиындыққа ұшырасады. Бәсеке механизмінің икемділігі сыртқы ортадағы жағдайдың кез келген өзгерісіне бірден реакция көрсетуіне аңғарылады;
4. Тиімді бәсекенің негізгі шарттарын анықтады, оларға сатушылар мен сатып алушылардың көптігін, ақпараттың молдығын, пайдаланылатын ресурстардың икемділігін, тауардың нарықтық бағасына әрбір сатушының мәнді өзгеріс енгізе алмауы жатқызды;
5. Бәсекені дамыту және күшейту моделін жасады, нарықтық қатынастар жағдайында тұтынушылардың қажеттіліктерін ең жоғары деңгейде қанағаттандыру мүмкіндігін және жалпы қоғам масштабында ресурстардың ең тиімді пайдаланылуының жүзеге асатынын дәлелдеді [2, 213 б. ] .
Аталған ғалымның идеялары Д. Рикардо еңбектерінде жалғасын тапты, ол жетілген бәсекенің ілімдік моделін жасап, оның ұзақ мерзімді кезеңде қызмет ету қағидаларын сипаттады. Д. Рикардоның пікірінше компаниялар өз шешімдерін өнім өткізуге және өндіруге шығындарды азайтатын сапалық-бағалық матрицаларға негіздейді [3, 475 б. ] .
Бәсеке іліміне қомақты үлес қосқан ғалымдардың бірі А. Маршалл өз еңбектерінде жетілген бәсекенің көмегімен нарықта тепе-теңдік орнататын механизмді және шекті пайдалылық пен өнімділіктің заңдарын негіздеді. А. Маршаллдың пайымдауынша бәсекелік қатынастардың мәні бір нәрсені сатуда немесе сатып алудағы адамдардың жарысқа түсуі, «адам» ретінде ол нарық субъектілерін түсінген. Саяси экономия классиктерінің негізгі мәселесі, біздің ойымызша, бәсекені анықтаудағы тар бағыттығы, бұл бәсекеге қабілеттілікті талдауды сатылатын тауарлар шеңберінде шектейді.
Құрылымдық көзқарас бәсеке субъектілерінің бір-бірімен жарысына емес, нарықтың құрылымына, бәсекенің жүзеге асу шарттарына талдау жүргізуге көбірек көңіл бөледі. Оның бастаулары А. О. Курноның, Ф. И. Эджуорттың, Дж. Робинсонның, Э. Чемберлиннің еңбектері болып табылады және қазіргі кезде бұл бағыт батыстық экономикалық ойда тұрақты тұғырға ие болған, өйткені Р. Макконелл, С. Фишер, Р. Дорнбуш, П. Самуэльсон, Р. Шмалензи, Л. Брю сынды атақты экономист-ғалымдардың туындылары аталған көзқарасты қолдайды.
Кесте 1
«Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі» анықтамаларына шолу
Блинов А. О. [13, 20 б. ]
Захаров В. Я.
1 кестенің жалғасы
Фигурнов Э. Б.
Донец Ю. Ю. [6, 18 б. ]
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі анықтамаларына салыстырмалы талдау арқылы келесі қорытындылар жасауға болады:
- Барлық анықтамаларды үш топқа бөлуге болады:
- ұйым қызметіне байланысты;
- өнім бәсекеге қабілеттіне байланысты;
- өнімге және кәсіпорынның өндірістік қызметіне байланысты;
- Бірде-бір анықтамада бәсекеге қабілеттілікті кім бағалайтыны көрсетілмейді.
- Пайдаланылған анықтамаларда бәсекеге қабілеттіліктің уақыттық факторы көрсетілмейді. Нарықтағы бәсеке - үзіліссіз үрдіс, сондықтан мұндағы «жеңімпаз» нақты уақыт сәтіне, кәсіпорын балансы сияқты анықталады.
Қазіргі қалыптасқан жағдайда бір жағынан нақты өндірістің даму ерекшеліктеріне жауап беретін, екінші жағынан елімізде қалыптасқан нарықтық жағдайлар мен олардың даму тенденцияларын ескеретін бәсекелесудің әдіс-тәсілдерін таңдау механизмін ұсынудың маңызы аса зор. Бәсекелестік шарттары мен талаптарына жауап беруге қалыптасу кез-келген кәсіпорынның басқару жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселе. Аталған мәселені шешу үшін бәсекелестердің қызметін жан-жақты талдау, кәсіпорынның меншікті әлеуетін анықтау және оны пайдаланудың тиімділігін бағалау, кәсіпорынның бәсекелестермен салыстырғандағы алатын орнын анықтау, нарықтағы бәсекелестік әрекеттерінің стратегиясын жасау және оны кәсіпорынның даму жоспарын жүзеге асыру барысында пайдалану сияқты қадамдар жасалуы тиіс[14] .
Бәсекеге қабілеттілігі түсінігі негізінен маркетинг және менеджмент ғылымдары шеңберінде зерттеледі, сонымен бірге өнімнің (қызметтің), кәсіпорынның, саланың, бүкіл экономиканың да бәсекеге қабілеттілігі бағаланады. Зерттеу аясы кеңірек болған сайын бәсекеге қабілеттілігін бағалау объектісі үлкенірек және оны жүзеге асыру күрделірек болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz