Жастар қолданатын сленгтер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
М.Қаратаев атындағы №51 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағылшын тіліндегі сленгтер және олардың сөздік қорды арттырудағы маңызы

Дайындаған: Манасбай Ханшайым
7- сынып
оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Фазылова Каламкас
Ағылшын тілі мұғалімі
Педагогика ғылымдарының магистрі

2022 жыл

Аннотация
Ағылшын тіліндегі сленгтер және олардың сөздік қорды арттырудағы маңызы тақырыбына жазылған зерттеу жұмысы - теориялық жинақталған мәліметтерді практикалық жұмыстармен ұшьастырудың дәлелі.
Бұл зерттеу жобасы нақты ізденіп зерттеу барысында жеке идея негізінде жасақталған. Сол арқылы ағылшын лингвистикасына қызығушылығын көрсеткен. Зерттеу жобасы кіріспеден, зерттеу және практикалық бөлім, қорытынды, ұсыныс және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Аннотация
Написанная исследовательская работа на тему Английские сленги и их значение в увеличении словарного запаса свидетельствует о соединении теоретических данных с практической работой.
Этот исследовательский проект был создан на основе личной идеи в ходе исследования. Благодаря этому он проявил интерес к английской лингвистике. Исследовательский проект включает введение, научно-практическую часть, заключение, рекомендацию и список использованной литературы.
Abstract
Written research work on the topic "English slangs and their importance in increasing vocabulary" testifies to the combination of theoretical data with practical work.
This research project was created on the basis of a personal idea during the course of the research. Through this, he developed an interest in English linguistics. The research project includes an introduction, a scientific and practical part, a conclusion, a recommendation and a list of references.

Мазмұны
1. Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-5
2. Негізгі бөлім
2.1. Сленг - лингвистикалық құбылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-8
2.2. Ағылшын сленгтерінің жіктелу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-9
2.3.Сленг сөздерінің морфологиялық жолмен жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-10
2.4. Сленг сөздік қорды арттырудың тиімді жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-12
2.5. Оқушылардың сауалнама нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 12-13
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3-14
Пайдаланған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі таңда жастар арасында ауызекі сөйлеу стилінде ағылшын тілінен енген сленгтерді пайдалану сәнге айналған және әлеуметтік желілерде де жазбаша түрде де қолдану аясы кеңейген. Қарым-қатынас барысында ана тілінен бөлек ағылшын тіліндегі сөздерді әңгіме арасына қосады. Бұл жағдай тек біздің мектептің жастары арасында емес, барлық еліміздің аймақтарының білім орындарында, бүкіл қоғамда белең тапқан көрініс. Көптеген ересек адамдар, яғни ана тіліміздің жанашырлары жастардың сленг араластырып сөйлеуін тіліміздің шұбарлануына әкеліп соқтыратынына алаңдаулы, алайда екінші жағынан алып қарасақ, ағылшын сленгтерін қосу арқылы өзге тілді үйренуге, сол тыңдалған сөздерді дұрыс дыбыстай отырып сөздік қорды арттыруына септігін тигізеді.
Бұл өзекті мәселенің шешімін табу үшін сленгтердің өзімізге пайдалы тұстарын айқындап, маңыздылығын арттыру үшін осы жұмысты теориялық тұрде материалдар жинақтап, практикалық тұщымды зерттеулер жүргізуді жөн санадым. Зерттеу жұмысынындағы сауалнамалар мен практикалық әдіс-тәсілдер М.Қаратаев атындағы №51 орта мектебінің 7-сынып оқушыларына жүргізілді.
Зерттеудің мақсаты: Жастар арасында танымал болған сленг сөздерді анықтап, олардың сөздің қорды молайтуға қосатын үлесін айқындау
Зерттеудің міндеттері:
Ағылшын тідліндегі сленгтердің пайда болу тарихын түсіну, сленг жайлы зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау;
Сленгтердің жіктелу түрлерін сипаттау, морфологиялық жолмен жасалуын анықтау;
Сөздің қорды молайтудағы рөліне біршама дәлелдер келтіру;
Сленгтерді жүйелі түрде классификациялау;
Оқушылардан алынған сауалнаманың нәтижелерін талдау, қорытынды шығару;
Зерттеу әдістері:
- Осы тақырып жайлы әдебиеттер, газет-журналдарды оқу;
- Сауалнамасұхбат алу;
- Бақылау;
- Тәжірибелік зерттеу әдісі;
- Статистикалық әдіс
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жастар арасында қазіргі таңда қолданыс тапқан сленгтерді мәдениетті түрде қолдануға қатысты комикстар құрастыру, Ағылшын-Қазақ сленгтері сөздігін жасау, Quizlet қосымшасында карточкалар жасау
Зерттеудің гипотезасы: Ағылшын тілңнен енген күнделікті қолданыстағы сленг сөздер - келешекте тіліміздің кірме сөздеріне (неологизмдеріне) айналады. Олар айтылым барысында мәдениетті қолданыс табады және сөздік өорды молайтады

2.1. Сленг - лингвистикалық құбылыс
Кез келген тілдің лексикасы екіге бөлінеді: әдеби және әдеби емес. Біздің қарастыратын сленг әдеби емес лексиканың құрамына енеді. Сленг көптеген жылдар бойы талқы,а салынып жүрген мәселелердің бірі болып емес пікірлер айтылуда дейді әйгілі ағылшын лингвистерініғ бірі Эрик Петридж [Patridge.E ,17]. Оның пікіріне жүгіне отырып, сленг ұғымына мына анытамаларды беруге болады:
Сленг - Қоғамның төменгі сатысындағы адамдар қолданатын арнайы көбіне құпия болып табылатын сөз қоры.
Сленг - стандартты тілге сәйкес келмейтін эмоционалды-экспрессивті жанама мағыналы сөздер. Бұл сөздер аяқ астынан қолау,а ие болып әйгілі ремесе қолданыстан мүлдем түсіп қалатын кездері болады. [W.T.N.I.D 195].
Оксфорд ағылшын түсіндірме сөздігінде сленгті төмендегіше сипаттайды:
Сленг - белгілі бір әлеуметтік топтың тілі.
Сленг - стандартты тіл яғни әдеби тілден төмен жаңа сөздерге жасалған адамдарға әсер ету үшін қолданылатын сөздердің тіркесі. [OED,856].
Эрик Пертридждің пікірі бойынша сленг ауызекі сөйлеу тіліне , егер де оны қағаз бетіне тұсіріп жазбаша қолданар болсақ, ол неологизмдерге айналар еді. Петридж сленггтерге тек анықтама беріп қана қоймай оның қолданыс аясы жайлы психологиялық тұрғыда бірнеше себептер берген. Олар:
көңіл көтеру үшін;
Ақыл мен ой-санаға жаттығу ретінде;
Ойын қысқа да, нұсқа жеткізу үшін;
Басқаларға ұқсамау үшін;
Қолданыстағы сөздерді қайталамас үшін;
Тілді байыту үшін;
Достық, жылылық атмосферасынтудыру үшін;
Басқалар түсінбес үшін (оқушылар,студенттер);
Эвфемизм ретінде (өлім немесе басқаша ыңғайсыз жағдайларды жеңіл жеткізу үшін);
Үнемі жаңашылдықта болу үшін,
Сленг тілінде сөйлейтін қоғамнан қалмас үшін;
Ештеңені жүрегіне жақын қабылдамас үшін [P.E .36].
Сленг сөзінің этимологиясы дау тудырған және тіл білімінде бұл тұжырымдаманың қайдан пайда болғандығы туралы көптеген теориялар бар. Эрик Партридждің нұсқасы ең орынды деп танылады, ол slang сөзі sling - to utter етістігімен байланысты болуы мүмкін. Сленг ұғымы қазіргі лингвистиканың назарын аудара бастады. Қазіргі уақытта сленгтің анықтамалары өте көп, олар көбіне бір-біріне қарама-қайшы келеді. Бұл қарама-қайшылықтар, ең алдымен, сленг ұғымының көлеміне қатысты: атап айтқанда, әдеби баламалармен синоним болып табылатын экспрессивті, ирониялық сөздерді сленгке қосу керек пе, жоқ па, оны қолдану білімді адамдар шеңберінде талқыланады.
Англияда сленг сөзінің ауызша түрде қашан пайда болғаны белгісіз. Алғаш рет 18-ғасырда англияда жазбаша түрде жазылған. Содан кейін бұл қорлау дегенді білдірді. Шамамен 1850 жылы бұл термин заңсыз жергілікті лексика ретінде кеңірек қолданыла бастады. Бірқатар ағылшын ғалымдары сленг сөзін жаргонның синонимі ретінде қолданады. Бұл белгілі сленг ғалымы Эрик Партридждің пікірі. Ол: Болашақта мен сленг терминін жаргон ретінде қолданамын деп атап кетті.
Стюард Флекснер америка сленг сөздігінің авторы ретінде біраз ақпараттар енгізді. Оның пайымдауынша, әр американдық сөздіктерде кемінде 10 000 немесе 20 000 сөз болады. Сол сөдіктің ішіндегі 2 000 сөз сленгтерден тұрады.
Сленг - күрделі және көп мағыналы тілдік құбылыс. Оның пайда болуы әрқашан тарихи, әлеуметтік және мәдени жағдайларға байланысты белгілі бір тілдік қауымдастықтың өміріндегі тенденциялар. Сленг - үнемі дамып, жаңа бірліктермен толығып отыратын динамикалық құбылыс.

2.2. Ағылшын сленгтерінің жіктелу түрлері
Сленг жайлы зерттеген ғалымдардың көпшілігі оларды үш кезеңге бөледі:
1. Азғантай өмір сүріп, қолданыстан шығып қалатын сленгтер, бұл сленгтер С.Эйбл бойынша сәннің лингвистикалық баламасы болып табылады, сондықтан да қолданыс аясы аз ғана уақытқа барады.
2.Халықтың қолдауын тапқан сленгтер, мысалы: hairdo" - шаш үлгісі, walkie-talkie"-рация, "OK" - жарайды, "VIP" - өте маңызды адам және т.б.
3.Ұзақ уақыт бойы өолданыстағы сленгтер, мысалы: "lousy" жағымсыз сөзі 250 жылдан астам уақыт бойы мағынасын еш өзгертпей қолданылуда. Сол сияқты 500 жылдан астам уақыт бойы мақтаншақ адамды blow" деп атайды.
Э.Партридж сленг сөздері мен тіркестерін 4 топқа бөледі:
1. Ұры-қарылардың сленгтері
2. Уақытша сәнді болған сленгтер
3. Ұмыт бола жаздаған сленгтер
4. Ұзақ уақыт өмір сүретін тұрақты сленгтер
Орыс лингвисті И.Н.Гальперин сленг сөздерге қатысты өзінің жеке топтамасын ұсынады:
1. Ұры-қарылар сленгі, мысалы: dirt" money - ақша, dotty " mad есуас, "barker" gun - қару, т.б.
2. Сленг тілі ретінде де, сөйлеу тілі ретінде де қарастырылатын сленгтер, мысалы: "chink" (money) - ақша, "fishy" (suspicious) - күдікті
3. Ауыспалы мағыналы сленг сөздіктерінде қарастырылатын сленгтер, мысалы: "scrooge" (mean person) - сараң, "blackout" (clergyman) шіркеу адамы, т.б
4. Конверсия арқылы пайда болатын сленгтер, мысалы: "agent" сөзінен "to agent" етістігі.
5. Қысқарған сленгтер, мысалы: rep" (reputation), "cig" (cigarette), "ad" (advertisement), "sis" (sister), "ma" (mother).
6. Синтаксистік және морфологиялық ережелерге бағынбайтын тіркесті сленгтер, мысалы: How come, I says, немесе екі болымсыздықтың қатар келуі: I don't know nothing [Galperin I.R. 79].
Американ лингвистері Ирвинк, Хорибаи, Уэнторс сленг сөздерді қоғамда қолданылуына қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сленгтер туралы
Сленг ұғымының анықтамасы
Ағылшын тілі, жастар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
Тіл экологиясының қалыптасуы
Сленг сөзі ағылшын тіліне енген сөз
Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жастар арасында қолданылу деңгейі мен қазақ тілінің қазіргі жағдайы
Сөйлеу әдебі ағыл
Қазіргі жастардың жаргон, сленг тілінде сөйлеуі
Сленг және масыл сөздердің қазақстандық жастардың сөйлеу мәнеріне әсері қандай
Пәндер