Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері (фильм индустриясы бойынша сөздік)
5B020700 - Аударма ісі мамандығы
Орындаған:
Куанышбаева Аида Алмасовна
Ғылыми жетекші:
Ешнияз Гүлзада Салмырзақызы
Алматы 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы
1.1 Көркем фильмдерді аудару процесі және теориялық негіздері
1.2 Көркем фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері
2 ТАРАУ Көркем фильмдерді тілдік тұрғыдан талдау
2.1 Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған фильмдерге ғылыми көзқарас (Гарри Поттер фильмі негізінде)
2.2 Гарри Поттер фильмінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың лексикалық, грамматикалық және лингвомәдени ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда көркем фильмнің адам өмірінде алатын орны үлкен. Фильмдердің көмегімен біз басқа елдердің мәдениетін және олардың әдет-ғұрыптарын біле аламыз. Бұл жерде аудармашының рөлі орасан зор және аудармашылардың арқасында біз кез келген фильмді өз тілімізде көре аламыз. Осы ретте көркем фильмдерді аудару ең қиын аудармалардың бірі болып саналатынын ескеру маңызды. Әр түрлі жанрдағы фильмдер болғандықтан, аудармашы олардың барлығын мағынасына қарай аудара білуі керек. Қазіргі уақытта кино әлемдік индустрияда жетекші орындардың бірін алады. Жаһандану жағдайында шетелдік көркем фильмдерді түпнұсқада көруді қалайтын адамдар саны артып келеді, дегенмен ағылшын тілін аудармасыз көруге мүмкіндік беретін деңгейде білмейтін көрермендер аудиториясының үлкен бөлігі әлі де бар.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде киноиндустрия өнімдерінің кең таралуы және кинокөрермендердің тек отандық фильмдерді ғана емес, сондай-ақ шетелдік туындыларды қарауға ықыласы, соның ішінде көркем фильмдердің қазақ тіліне аудару қажеттілігін арттырады.
Дипломдық жұмыстың пәні: Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Көркем фильмдердің қазақ тіліне аударылу мәселесін қарастыру және Хәрри Поттер фильмінің мәдени ерекшеліктерін ашу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
* фильмдерді аударудың проблемалары мен ерекшеліктерін анықтау;
* фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың лексикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне шолу жасау;
* Хәрри Поттер фильмінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудармасын көрсету;
* Хәрри Поттер фильмінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың лексикалық, грамматикалық және лингвомәдени ерекшеліктерін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: Дипломдық жұмысты жазу барысында жүйелеу, жинақтау, аударма трансформацияларына талдау жасау, салыстырмалы талдау және т.б. зерттеу әдістері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы: Жүргізілген зерттеу жұмыстары қазақ тіліндегі киноаударманың теориялық негізін салып, дамытуға үлес қосады.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы: Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерін алдыңғы уақытта студенттер және кәсіби киноаудармашылары қолдана алады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық маңыздылығы, жұмыс құрылымы көрсетіледі.
1 тарауда фильмдер зерттеу нысандары ретінде қарастырылады. Фильмдердің аудару процессі және мәселелері зерттеледі. Фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері зерттеліп анықталады.
2 тарауда Хәрри Поттер фильмі талданып, ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуының лексикалық, грамматикалық және лингвомәдени ерекшеліктері зерттеліп анықталады.
Қорытындыда дипломдық зерттеу бойынша қысқаша тұжырымдамалар көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дипломдық жұмысты жазу барысында сүйенген зерттеулер тізімі беріледі.
Қосымшаларда зерттеу жұмыстары нәтижесінде талдау жасалынған фильмдер мен олардың аудармалары(глоссарий) ұсынылады.
І КӨРКЕМ ФИЛЬМДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ
0.1 Көркем фильмдерді аудару процесі және мәселелері
Кино - өнердің бір түрі. Ол төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Соның ішінде көркем фильмнің алар орны бөлек. Көркем фильм - кинематография саласындағы көркем туынды. Көркем фильм - жалпы әлеуметтік ортаның мәдени негіздерін жарыққа шығаратын жалпы өркениеттегі өзгеріс ғана емес, лингвомәдени орта ретінде жалпы әлемнің рухани ізгілікке ұмтылған бейнесін жасау әдісі. Көркем фильм сонысымен өмір шындығын көрсете алатын көркем туындыға негізделген. Шет ел танымында көркем фильм өз қалыптасқан мәдениетін басқа қоғам өкілдеріне көрсетудің жарқын формасына айналған. Ең әуелгі мысал - американдық кино өндірістен пайда болған фильмдер, сол халықтың тыныс-тіршілігін, салт-санасын, тұлға ретінде қалыптастыру жолдарын өзге бір мәдениетке таныстырады. Сол көркем фильмді тамашалаған басқа аудитория сол мәдениетті тұтасымен болмысын және қажетті керек ақпаратты бойына қалыптастырады [2; 65 2. Милевич И.Г. Стратегии перевода названий фильмов Русский язык за рубежом. - 2007. № 5.].
Көркем фильмді аудару процесі бастапқы мәтінді аударма тіліне сөзбе-сөз аударудан әлдеқайда күрделі болады. Ол бірнеше аспектілер бойынша жүзеге асады: зерттеу және дайындық, аударма жобасы, өңдеу, дәлдік және тағы басқа процестер арқылы жүзеге асады.
Фильмді аударуға көшпес бұрын аудармашы біраз зерттеу жүргізуі керек. Олар фильм туралы негізгі ақпаратты, соның ішінде:
* автор туралы фактілер;
* жанр;
* сюжет және басты кейіпкерлер;
* мақсатты аудитория;
* ұсақ-түйектер және т.б мәселелерді қарастыруы керек.
Сонымен қатар фильмді көріп, сценарийді бірнеше рет оқып шығу ұсынылады және фильмнің транскриптінің көшірмесін алуы керек, бұл оларды дайындаудың соңғы кезеңі. Осы материалдардың барлығын жинағаннан кейін олар келесі қадамға өте алады.
Фильмдерді аудару барысында тағы бірнеше маңызды фактілерді ескерген жөн. Яғни фильмді субтитрлермен аудару мен дубляж арасындағы айырмашылық:
* дубляж аударманың үлкен локализациясы мен бейімделуін қамтамасыз етеді;
* субтитрлер бастапқы көру тәжірибесін сақтайды;
* субтитрлерді оқу фильмді көруге кедергі келтіруі мүмкін, сондықтан аударма қысқа және сауатты орындалуы керек.
Соңғы статистикаға назар аударсақ, АҚШ аудиториясы субтитрлерді дубляждан гөрі 76% артық көреді. Еуропалық аудитория керісінше дубляжды құптайды. Франция, Италия, Венгрия, Германия және Испания елдері дубляж көптеген адамдар үшін қолайлы нұсқа деп есептейді.
Қай елді алмасақ та фильмдердің өзіндік аудару дәстүрін дамытады және екі негізгі әдістің бірін ұстанады. Ол - дубляждау немесе субтитрлау. Фильмді аударудың қай әдісін таңдау керектігін шешу ерікті емес және тарихи жағдайлар, дәстүрлер, аудитория үйренген техника, құны, сондай-ақ халықаралық контекстегі мақсатты және бастапқы мәдениеттердің жағдайы сияқты бірнеше факторларға байланысты.
Бұл жерде жоғарыда аталған аударма әдістерін және олардың бүкіл әлемге таралуын ұсынуға тырысамын, содан кейін оларды тарих пен мәдениет тұрғысынан түсіндіруге тырысамын. Кейіннен бұл әдістердің аудиторияға және бүкіл мәдениеттерге тигізетін орасан зор күшін көрсетуге тырысамын.
Аударма - белгілі бір тілде ауызша тараған не болмаса жазба тілінде қалыптасқан мәтінді оқырманға, қабылдаушы екінші тарапқа дәлме-дәл түсінікпен жеткізу. Белгілі бір тілде негізі қалыптасып, түпнұсқаға ие болып, екінші бір тілге баламасы жасалған кез келген мәтін, аударма болып саналады. (Тұрарбеков З. Қазақ аудармасының теориясы мен практикасы. 3-бет.). Аударма - өз тілінде толығып, не азайып, отыратын күрделі топтасқан көшірме. Аудармашылар - ағарту ісінің кіре тартар күреңдері (ауд. К. Юсуп Аударманың жекелеген бөліктері мен аспектілері ғылыми салалардың зерттеу негізі болады. Аударма саласы психология, тілтану, әдебиеттану, этнолингвистика сынды іргелі ғылымдармен тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде аударманы лингвистикалық аспектіде қараудың маңызы артып келеді. Осының нәтижесінде аударма теориясы, аударма тарихы, аударма жасаудағы негізгі қағидалар мен меңгерту әдістетемесі атты бағыттар қалыптасып үлгерді.
Кино аудармасын аударма қызметінің ерекше түрі ретінде қарастыруға болады. Оның ерекшеліктері оны аударманың ауызша немесе жазбаша түріне дәл жатқызуға мүмкіндік бермейтіндіктен, осыған байланысты фильмдерді аударуға байланысты арнайы ережелер мен проблемалар туындайды. Кинофильм-бұл лингвистикалық, сонымен қатар аударма кезінде қосымша ескеру қажет экстралингвистикалық факторларды қамтитын күрделі жүйе. Осы орайда фильмдерді аудару барысында кездесетін мәселелерді айта кеткен жөн. Аударма ауызекі сөйлеу ерекшеліктерін (аяқталмаған сөйлемдер, кідірістер, шылаулар), шу мен музыканы, сондай-ақ айтылу ерекшеліктерін және кейіпкерлердің екпінін қиындатады.
Аударма негізінен үш қызметті атқарады. Алғашқысы төл туындыны әлемге таныту жолдарымен айналысады. Екіншісі, сырттан келген құндылықтарды ішкі мәдениетке араластыру жолын ұстанады. Соңғысы сырттан келген түсініктерді төл тарихқа сәйкестендіріп бейімдеу жолдарын қадағалайды. Барынша өз әдебиеті мен мәдениетіне жанастырады. (Аудармашыға көмек. Алматы, 2006 ж. 30-бет). Сондай-ақ аударманың атқарар қызметіне елдер арасындағы рухани байланысты нығайту да жатады. Бұған мысал негізінде, халықаралық көркем туындылардың көптеген тілдерге тәржімеленуін айтуымызға әбден болады. Көркем негізді қуаттайтын аударма коммуникативтік құралға ие бола отырып, оқырман мен көрерменнің, тыңдарманның ой-өрісін жетілдіріп отыруға түрткі болады. Халықтың әлемдік сауаты артып, аударманың арқасында таным көкжіиегі кеңиеді. Түрлі ақпарат пен жаңалықтардың қосындысы аудармада көрініс табады. Қысқаша айтқанда ұлттық мәдениет пен өркениетті дамытудың жарқын үлгісі болып табылады (Ә. С. Тарақов Аударма психологиясы және мәдениеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2005.) Аударманың негізгі түрлеріне еркін аударма және кәсіби аударма жатады. Өлі тілдерді тірілтудің де бірден бір жолы - аударма ісі. Көне еврей, латын, грек, ескі шағатай, көне түрік тілдерінен құралған түпнұсқаларды аудару да мәдени мұраның өзегіне айналады. Аудармашылар болмаса санаулы полиглоттардың және тілдерді қарастыратын арнаулы мамандардың ғана түпнұсқаны тануға қолы жетер еді.
Көркем фильмдерді аударудың ең басты қиындығы олардың экспрессивтілігінде: кинофильмдер көрерменге қандай да бір реакция тудыру үшін түсіріледі, ал фильмнің қай тілге аударылғанына және оның екінші әлеуметтік-мәдени контекстіне қарамастан "сахналық" әсерге қол жеткізу керек. Демек, аудармашының алдында өте қиын міндет тұр - кинофильмнің қажетті көркем идеясын қайта құру (яғни. аударма тілі арқылы) және бұл тапсырма аудиовизуалды мәтіннің көп арналы және полисемиотикалық сипатын ескеру қажеттілігімен одан әрі қиындайды.
Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма мәселесі жайлы ауқымды зерттеулер жасалынуда. Аударманың теориясы мен практикасы қалыптасуда. Бұл сала шет елдік ғалымдар үшін нақты зерттеу саласына айналып болғанымен, біздің тіл білімінде жаңа сала болып табылады. Қазақстанда аударма практикасы мен теоремасымен жүйелі айналысып, қалыптасуына негіз болған ғалымдардың қатарында Ө.Айтбаев, Б.Хасанов, Н.Шаймерденова, А.Алдашева т.б. зерттеушілердің үлесі орасан. Аталған ғалымдар тәржіматану саласын қазақ қоғамында қалыптастырып, негізгі ұстанымдары мен тілдік тұрғыда әдіс-тәсілдерін негіздеді.
Аударма теориясы мен практикасының негізін қалыптастырушылар Н.С.Гумилев, К.Чуковский, қатарлы кеңес ғалымдары. 1930 жылы К.Чуковский мен А.Федоров бастаған ғалымдардың Искусство перевода атты аударма мәселесі жайлы еңбегі жарық көрді. Аталмыш зерттеу еңбегі аударма саласының теориялық негіздерінің толыққанды қалыптасуына негіз болды. Соңғы зерттеу еңбектерін қарап отырсақ, аударма негіздері контрастивті лингвистика, салыстырмалы лингвисика, психолингвистика төңірегінде де қарастырылып жатыр. Аударманың тілдік негіздерін төмендегі бөліктер құрады.
1. Аударма түпнұсқа емес, қайталауды қажет ететін нысан;
2. Қайталануды қажет ететін негіз, тілдің нормалық жүйелерімен сәйкестендіріледі.
Яғни, бұл - аударманың негізі бола алатын тілдік жүйедегі көркемдік тұрғыдағы мәтіндік негіз.
Кез келген тәржімашы көркем мәтінді немесе көркем фильмді аудару барысында ішкі мазмұнға сәйкесті түрде ой баламалығын қатаң сақтауға икемделеді. Тәржімалау барысында қатаң түрде сақталған көркем мәтін бөліктері ішкі тарапта инвариант деп қарастырылады. Инвариант - латын тіліндегі сөз. Өзгермейтін, өзгеруге қарсы деген мағынада. Кез келген негіздің өзгермеушілік формасын сипаттайтын функция. (сөздік) Яғни, инварианттардың жүйелі түрде сақталу формасы баламалықтың сол формада сақталу қағидасы болады. Осы турасында аударма баламалығы - аударма мен түпнұсқаның аражігін анықтап, теңдігін саралап, толықтай түпнұсқаны негіздей алмаса да, екі бөліктің салыстырмалы тұтастығын анықтай алады. Соған байланысты баламалық деңгейлер де әр қилы болып орналасады [72, 45-б.]. Сонымен, тәржімалау жүйесі кезеңінде аудармашының басты талаптары мәтіндер арасындағы баламалықтың категориясын анықтап саралау. Зерттеушілердің пікірлерін негіздей отырып, баламалықтың басты категориялары сарапталатын төмендегідей жіктемеге топтастырылған.
1) жоғары деңгейдегі баламалық;
2) үйлесімді баламалық;
3) келісімді баламалық;
4) жартылай баламалық;
Жоғары деңгейдегі баламалық - лексиканың жүйелі түрде толықтай сәйкес келуімен байланысты. Форма мен интенцияның толыққанды жұмысын да бағдарлайды.
Үйлесімді баламалық - мазмұн мен форманың авторлық позиция турасында интенция мен лексикалық бірліктер жинтығының толық көлемде және ең жоғары сапада көрінуін қадағалайды;
Келісімді баламалық - лексикалық бірліктер баламылық үдерісінен шыға алмай қалған жағдайда дискурстың жүйелі сақталуын реттейді;
Жартылай баламалық - тәржімалаудың жартылай негізде орындалуы және түпнұсқа мен аударма мазмұнының сәйкестігі. Ал осы нұсқада көрсетілген баламалық түрлерінің бөліністерін біршама аударма негіздерінде пайдалануға негіз болатын үш форма негіздеуге болады;
* тілдік таңбаларға негізделген деңгей; (фразеологизмдер бөліктері және сөз)
* сөйлеу аспектілері негізінде қалыптасқан түрлер (иллокуция, перлокуция, локуция)
* прагмалингвистикалық деңгейлер (жанр, аудармашы, мәдениет)
Яғнн, аудармалардың кез келгені осы негізді ұстанады және тілдік ерекшеліктер мен тілдік құбылыстарды алдыңғы қатарға шығарады. Мысалы, мазмұнды аударма - прагматика, лексика, контекстік ерекшеліктерге бағынатын болса, пішің құрылымдармен сипатталады - айтылым мен сөйлеу интенцияға бағынады. Осылардан барып ақпараттық және көркем аударма туындайды. Ақпараттық аударма - оқырманға, тыңдарманға мәлімет берсе, көркем аударма тікелей көркем мәтін аясында өрбиді.
Шетелдік лингвист ғалымдар А.В. Федоров, С.А. Семко, И.С. Алексеева, В.С. Виноградов, Ю. Найда, К. Райс, тағы сол қатарлы ғалымдар аударма теориясының қалыптасу негіздерін және аудару процесіндегі қиындықтар мен түрлі жағдаяттарды зерделеп көрсетті.
Аударма теориясының негізі турасында А.В. Федоров аударманың бір мағына емес көп мағына үндей алатын формасы бар екендігін айтады. Қысқа аударма ұғымының өзі екі мағына үстейді. Атап айтатын болсақ процесс және нәтиже. Процесс - тікелей жұмыс барысына бағытталады, ал нәтиже сол жұмыс барысының қорытындысына тәуелді. Процесс пен нәтиже ішкі мазмұн турасында бір - бірімен тығыз байланысты. [Фёдоров, А. В. Основы общей теории перевода (лингвистические проблемы): Для институтов и факультетов иностр. Языков: учеб. Пособие. - 5-е изд. А. В. Фёдоров. - Москва : Издательский Дом Филология три, 2002. - 416 с]
Зерттеуші В.С. Виноградовтың тұжырымы да осы мәселе турасында жоғарыда аталған А.В. Федоровтың пікірімен ұштасады. Яғни аударма теориясының негізі мәселесінде екі ғалымның ұстанымы бір. Нақтылай айтсақ, көпмағыналы сөз аудармада екі терминологиялық мағынаны білдіреді. Алғашқысы - процесс. Яғни түп негіздің семантикалық компонентін нақтылап оның мазмұнын қарастырса, екіншісі - осы мазмұннан шығатын процестің нәтижесі мен ауызша және жазбаша мәтінінің көрінісі. Виноградов, В. В. Избранные труды. Лексикология и лексикография В. В. Виноградов. - М., 1977. - 312 с.
И.С. Алексеева өз еңбектерінде аударманың теориялық негіздерін қарастыра отырып аударманың негізгі түпнұсқа мәтінмен байланысын анықтайды. Аударманың өзі түпнұсқаның бір бөлшегі екенін және біржақты процесс екендігін де айтады. Бұл қағида түпнұсқаны аударған адамның шығармашылық қабілеті мен жеке тұлға ретіндегі өмірлік миссиясына да байланысты. Алексеева, И. С. Введение в переводоведение: учеб. пособие для студ. филол, и лингв. фак. высш. учеб. заведений И. С. Алексеева. - СПб : Издательский центр Академия, 2004. - 352 с.
Аударманың негізіне процесс пен нәтиже ғана тән емес, оның бір бөлігінде аудармашының қызметі, көркем туындыға қойған мақсаттары мен міндеттері, идеясы тұрады. Аудармашының басты жоспары аударма классификациясына, яғни аударманың бөліну жіктеліміне тәуелді. Аударманың классификациясын саралау үшін бірнеше әдіс-тәсілдер бар. Оның бастапқы қайнар көзінде қағидалар мен таңбалық белгілер жатыр. Ғалымдардың бір бөлігі аударма классификациясын тілдік қарым-қатынастағы интерпретация тәсілі арқылы құрастырады. Бірнеше авторлардың аударма негізі және классификациялық бөліністерін зерделей отырып, көркем фильмдерді талдау кезінде А. Паршиннің және В.С. Бархударовтың жіктемелерін басшылыққа аламыз. Атап айтсақ А. Паршиннің он негізден тұратын түрлерін зерделеп көрсек: Паршин, А. Теория и практика перевода А. Паршин. - СПб : СГУ, 1999. - 202 с
1. Аударма тілі мен түпнұсқа тілінің аражігі;
2. Аударма қызметі субъектісінің сипаты және аударылатын мәтінге автордың көзқарасы;
3. Аударма сегментациясының түрі және аударманы өңдеу әдіс-тәсілдері;
4. Аударма және түпнұсқа мәтіндердің қалыптасу формасы;
5. Аударма мәтінінің түпнұсқа мәтініне сәйкестігінің сипаты;
6. Аударманың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктері;
7. Түпнұсқаның семантикалық мазмұнын көрсетудегі жүйелілігі мен бірізділігі;
8. Негізгі функциялар;
9. Бастапқы мәтіннің негізділігі;
10. Мәтіннің сәйкестігі.
Жоғарыда көрсетілгендей А.Паршиннің классификациясы көркем фильмнің аударылуының бастапқы шарттары болып табылады. Ғалымның бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz