Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Бекітемін ________________________
_______________20___г.

Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА Студент____________________________ _______________________________
Аты, жөні, тегі
___________________________________ __________________________
Курс, мамандығы, оқу нысаны
Диплом жұмысының тақырыбы___________________________ _________ ___________________________________ _______________________________

Тапсыру мерзімдері:
1 тарау ___________________________________ ___________ 20 ___ ж.
тарау аты
2 тарау___________________________________ ____________20 ___ ж.
тарау аты
3 тарау___________________________________ _____________20 ___ ж.
тарау аты
Қорытынды ___________________________________ ________20 ___ ж.

Кафедраға тапсыру мерзімі ___________________20___ж.
Жетекші _______________________ __________________________ қолы
Тапсырманы орындауға қабылдадым
__________________20__ж. __________________ қолы
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ

Әлжанова М, Кенжетай А

Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ақтөбе, 2023 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру мәселесінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Математикалық сауаттылықты жетілдіру мәселесінің зерттелуі ... ... ... ... 7
1.2Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2. Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
2.2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...80

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі: Бәсекеге қабілетті, сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ұлттық мүдде алдындағы маңызды мәселе. Оның негізгі діңгегі, бастамасы мен ең алғаш іргетасы жас буынды тәрбиелеу барысында мектеп қабырғасында қаланады. Толық жетілген, білімді, алғыр жас тұлғаларды болашақ ел кеңістігіне шығару үшін бүгінде еліміздегі барша мектептерде қолайлы жағдайлар, жаңа бағдарламалар мен оқу-материалдық базалары жасалған. Ол туралы мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өзінің 2022 жылғы қыркүйек айындағы Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі - барынша цифрландыру. Құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсартумен мықтап айналысуды тапсырамын деген болатын [1].
Бүгінгі таңда білімді ұрпақ тәрбиелеу барысында барынша жан-жақты сауатты тұлғаларды қалыптастыру маңызды болып табылады. Әсіресе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын:жазу,сөйлеу, есептеу, ойлау дағдылары мен қарым-қатынастарын қалыптастыру маңызды. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды[2].
Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту арқылы олар, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді [3]. Жалпы математикалық сауаттылық оқу процесінен бөлек, күнделікті өмірде де маңызы жоғары білік болып табылады. Оқушыларға бүгінгі күні кіші мектеп жасынан бастап, мектеп бітіруші түлектердің жоғарғы оқу орынына түсуге арналған ұлттық бірыңғай тестілеуіне дейін осы пәннің енгізілуі соның дәлелі.

Оқу процесі барысында оқушылардың тез жан-жақты ойлауы, логикасы, сыни ойлау дағдылары осы аталған қабілеттер тұрғысынан дамиды. Мектептегі Математика пәнінің мазмұны қарым-қатынас құралының бірі ретіндегі математикалық ойлау қабілетін; проблемалық жағдайларды математикалық үлгілерге сүйеніп шешу білігін дамытуға бағытталған[6]. Математикалық сауаттылық білім алушыларға тек математика сабағында ғана емес, сонымен қатар өзге пәндерде де тиімді. Математикалық сауаттылықты арттыру барысында қалыптастырылған немесе дамытылған оқушы бойындағы түрлі қабілеттер мен қасиеттер олардың өзге сабақтарда белсенділігіне, сергектігі мен ширақтығына әсер етеді.
Осы тұрғыда бастауыш сынып оқушыларының математика сабағы және математикалық сауаттылығын жетілдіру бағытында бастауыш сыныптардағы сыныптан тыс математика сабақтар туралы: Р.И.Кенжебекова мен Қ. Молдабек, Қ.А.Сарбасова, А.А.Кдырбаева секілді ғалымдар жұмыстанған. Математиканы үйрету әдістемесі мен бастауыш сыныптардағы математика сабақтарын жоспарлау мен дидактикалық материалдарды қолдану жөніндегі тақырыптарға Г.В. Ахметжанова мен Н.В. Гнатюк, Ш.Х.Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева және Р.Қ.Өміртаева, Т.К.Оспанов сынды ғалымдар оқу әдістемелік құралдарын жазып шығарған.
Қазақстандық педагог ғалымдар Р.И.Кенжебекова мен Қ.Молдабектің бірлестігімен шығарылған Бастауыш сынып математикасынан сыныптан тыс жұмыстар: теориясы мен әдістемесі атты еңбегінде бастауыш сынып оқушыларының математикадан өткізілетін сыныптан жұмыстармен ондағы мәселелер туралы қозғаған. Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарға назарын аударту үшін олардың қызығушылықтарын ашу, бастауыш сынып математикасынан оқушылардың уақытын тиімді пайдалану үшін сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың теориясы, осы сабақ барысында ойын есептерді пайдалану мен олардың маңызы, жүйелері туралы құнды деректер жазылған. Ресейлік Тольятти қаласының мемлекеттік университетінің ғалымдары Г.В. Ахметжанова мен Н.В. Гнатюк бастауыш сынып мамандары үшін Теории и технологии начального математического образования атты электронды оқу-әдістемелік құралын жазып шығарған. Оқу-әдістемелік құралының құрылымы құрылымдық-логикалық диаграммаларда берілген дәріс материалдарын, практикалық жаттығуларға арналған тапсырмаларды, тестілерді қамтиды. Математика пәнін оқу бағдарламасы мен жаңа оқу ағымына сай түрлендіріп отыру да аса қажеттілікті тудырады. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына пәнді оқыту мен жаңа сабақты түсіндіру барысында олардың жас және даралық ерекшеліктерін ескеріп, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану балалардың зейінінің сабақ қа шоғырлануына септігін тигізеді. Осы бағытта отандық ғалымдар Ш.Х.Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева мен Р.Қ.Өміртаева Алматы қаласында Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар атты мұғалімге көмекші құралын жазып шығарды. Балаларға математиканы үйретудің жолдарын тек сабақ үстінде емес, сонымен қатар сабақтан тыс жұмыстардың пайдасы мен тиімділігі бар екенін көрсеткен тағы бір автор математика-физика ғылымдарының кандидаты, доцент А.К.Сарбасованың еңбегінде Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру сыныптан тыс жұмыстардың түрлері , олардың педагогикалық маңызы , математикадан сыныптан тыс сабақтарды өткізу мазмұны туралы жазылған.
Сыныптан тыс жұмыстардың барлығының да идеялық мазмұны, мақсаты, орындалу мен ұйымдастырылу барысы мен нәтижелері мазмұнды болады. Математикадан сыныптан тыс сабақтар жүргізгенде де оқушылардың білім көкжиегі мен танымдық әрекет түрлерін, талпыныстарын дамытып, жетілдіру өзекті сипат алады.
Дегенмен қазіргі таңда математикалық сауаттылығынан өткізілетін сабақтан тыс жұмыстардың формаларының тапшылығы мен оған бөлінген уақыттың тым тапшы болуы бүгінгі таңда математика сауаттылығының қамтитын өзектілігінің арту мөлшерін толық қамти алмауда. Келешек ұрпақтың математикалық сауаттылығын қалыптастыру барысында туындаған бұл қарама-қайшылықтар біздің жобамыздың өзекті мәселесі болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс уақыттарында математикалық сауаттылығын арттырудың жолдарын зерттеу, тәжірибе жүзінде дәлелдеу
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс уақыттарында математикалық сауаттылығын жетілдірудің жолдарын теориялық талдау;
2. Бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс уақыттарында математикалық сауаттылығын жетілдірудің жолдарын эксперимент жүзінде дәлелдеу;
3. Оқушылардың математикалық сауаттылығын сабақтан тыс уақыттарда жетілдіру бойынша зерттеу нәтижелерін талдау, әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны: Кіші мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттарын ұйымдастыру процесі
Зерттеу пәні: Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Зерттеу болжамы: Егер, кіші мектеп жасындағы оқушыларға сабақтан тыс уақыттарда математика бойынша арнайы бағдарлама дайындалып, сабақтан тыс жұмыстардың жоспары құрылып, жүйелі түрде қосымша сабақтар жүргізілсе, онда оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру мүмкіндігі артады
Зерттеу әдістері: әдебиеттермен танысу, зерттеу тақырыбына байланысты талдау, жинақтау, салыстыру, бақылау, эксперимент, сауалнама,сұрақ-жауап, математикалық-статистикалық талдау.

1. Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру мәселесінің теориялық негіздері
1.1 Математикалық сауаттылықты жетілдіру мәселесінің зерттелуі

Қазіргі таңда білім адамзат қажеттіліктерін қамтамасыз етудің көзі болып отыр. Біліммен қаруланған ұрпақ болашақ сауатты мемлекеттің діңгегі болмақ. Қазақстан Республикасының алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаев ол туралы 2012жылы халыққа жолдаған жолдауында: Оқу жастарға тек білім беріп қоюмен ғана шектелмей, сонымен қатар жастардың әлеуметтенуінің негізі болуы керек-деген болатын [17]. Сол тұрғыда тұңғыш президент мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын құруды тапсырған. Бұл оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды, оқу үдерісі мен оның тәрбиелік құрамдарын күшейтуді, оқушылардың сауаттылығын арттыру арқылы болашақ білімді жастардың санын көбейтуді көздеген жоспар.
Алғаш функционалдық сауаттылық ұғымы өткен ғасырдың 60-шы жылдары ғылымға енгізіле бастаған. Негізгі түсініктерін алғаш болып ЮНЕСКО ресіми ұйымы қолданып бастаған болатын. Л.рождественской мен И.Голвинаның деректерінше алғашқы функционалдық сауаттылық ұғымы сауаттылық, минимальды,ең төменгі сауаттылық ұғымдарымен қатар ЮНЕСКО құжаттарында кездесе бастаған[18].
Функционалдық сауаттылықтың жай сауаттылықтан айырмашылығы жай сауаттылық оқу, жазу, сөйлесім әрекетінен тұрса, функционалдық сауаттылық осы әрекеттердің тереңінен дамып, адамның әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құруы, мәдени орта қалыптастыра алуы, өз бойындағы білім, білік, дағды қызметтерін дамытып дұрыс қолдана алуы секілді іс-әрекеттерді қамтиды.
Функионалдық сауаттылық әр оқушы бойында табылатын қасиеттер мен біліктерді шыңдау, олардың ашылуына мүмкіндік беру арқылы білімдері мен іскерлік дағдыларын көрсетудің үлкен бір жолы. Болашақ жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу арқылы белсенділік, сыни ойлау, шығармашылық, өз бетінше шешім қабылдай алу, болашақ маман ретінде кәсіби жолын таңдай алуға қабілетті, білім мен ізденіске құштар өмір бойы білім алуға дайындық секілді қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру аса маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі. Оқушы сауаттылығы дегеніміз- пәндерден алған білімдерін оқуда, өмірде дұрыс пайдалана алуы, сыныптан сыныпқа көшкен сайын өткен материалдарды бекітіп өзінің базалық білім қорын молайтуы, алған білімдері мен бойларына сіңірген құзыреттіліктерін кез-келген ортада тиімді іске асыру қабілеттері.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы- олардың шығармашыл, өзін-өзі танитын, өзін-өзі дамыта алатын, жаңа заман жаңалықтарынан хабардар, техникалардың тілін білетін, білім мен ғылымға құштар, келешекте қоғамдық ортада өзіндік орныны таба білетін тұлға ретінде қалыптасуының негізі.Сол себепті, сауаттылық негіздерін оқушы бойына кіші жастан бастап дарыту аса маңызды. Бұл мәселе тұрғысында жұмыстану бүгінгі бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына қойылған үлкен міндет. Функционалдық сапасы жоғары, сауатты тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалім оқушыны жан-жақты тани алуы, зерттеуі, оның өзіндік даралық ерекшеліктерінен хабардар болуы керек. Бұл,оқушының білім, шығармашылық, спорт, мәдениет салаларында өз қабілеттерін көрсетіп ашыла алуына, өз ойын ашық айта алатын қоғамның белсенді мүшесі ретінде тәрбиеленуіне, әлеуметтік-саяси сан алуан салалардағы жаңалықтар мен мәселелерден хабардар болуына , жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмек ьереді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін функционалдық сауаттылықтың меңгерілуі тиіс басты бағыттарына: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылығы, денсаулық сауаттылығы, компьютерлік сауаииылық, құқықтық сауаттылық жатады.
Сауаттылық - бұл адамның жалпы оқу және жазу қабілеті [7]. Көзі ашық көкірегі ояу білімді азамат атану үшін ең алдымен жан-жақты сауатты бола білу бүгінгі қоғамдық ортада ең маңызды мәселе. Сауатты адам деп әдетте қандай да бір тілде оқи не жаза алатын адамды айтады[17]. Сауаттылық адам дамуының ілгерілеуіне , оның іргетасының құрылуына себепші. Жазу мен оқудан басталатын қарапайым сауаттылықтар адам баласының сан ғасырлар бойы жинаған деректері мен түрлі әдеби, ғылыми әр түрлі салалардағы жемістерімен танысуға мол мүмкіндік берелі. Тұлғаның ғылым сырларын танып одан ләззат алуына жол ашады.
Сауаттылық- тұтас ұлттық даму көрсеткіші. Оның таралуы бүтін бір ұлттың ұрпақ тәрбиесі, әлеуметтік-эконмикалық жағдайы, саяси жай-күйі туралы шағын сипаттама береді. Сауаттылықтың белгілі бір ұлт ішінде таралу өлшемі сол ұлттың адамгершілік, ақыл-ой және моральдық даму қазынасы туралы ақпарат береді. Елдегі сауатты азаматтар санының көп болуы сол елдің сауаттылық көрсеткіштерінің артуының кепілі болады.
Жалпы сауаттылық қазіргі заман талабына сай түрліше бөлінеді. Оқу және жазу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, қаржылық сауаттылық және т.б.
Математикалық сауаттылық - тұлғаның математикалық сөйлеуі және жазуы мәдениетіне қоршаған ортаның және олардың заңдылықтарына бағынуы. Математиканы оқып үйрену әлемдегі оның рөлін анықтау және түсіну, сантүрлі формаларда берілген сандық ақпараттарды оқуы, талдауы, түсіндіріп беруі, дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айтуы, амалдарды есептеудің оңтайлы тәсілдерін табуы, оларды орындауы, өзін-өзі тексеріп, өмірмен байланыстыра алуы, математикадан алған біліктері мен білімдерін қарапайым өмірде, түрлі жағдайлар барысында қолдануы[8]. Математикалық сауаттылықтың бастамасы адам бойына алғашқы сыныптардан яғни, мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап сіңіріле түсуі тиіс. Сол үшін де барлық әлемдегі барша мектептерде кіші мектептен жоғарғы сыныптарға дейін математика пәні ең маңызды пәндердің бірі болып табылады. Американдық математик, Дж.Поля ол туралы өз еңбектерінде былай деген болатын: Бастауыш мектептердегі математика жақсы және тар мақсатқа ие. Бірақ біздің математиканы оқытудағы ең жоғарғы мақсатымыз өсіп келе жатқан баланың барлық ресурстарын дамыту[9].
Соңғы деректерге сүйенсек ел халқының математикалық сауаттылық деңгейі атап айтарлықтай жоғары деңгейде емес. 2019 жылғы желтоқсан айындағы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың берген деректеріне сүйенсек, (ЭЫДҰ) PISA жариялаған нәтижелерінде ересектерге арналған PISA деп атайтын PIAAC халықаралық зерттеуінің 16-65 жас аралығындағы адамдардың оқу, математикалық сауаттылығы мен есептерді сандық ортада шығара білу дағдыларын бағалап, ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен айтарлықтай төмен екенін көрсетті [4]. Бұл экономикалық дамуға ел сауаттылығының, соның ішінде математикалық сауаттылықтың да әсер ететіндігін көрсетеді. Сол себепті, сауатты азаматтарды тәрбиелеу жолдарын біз мектеп қабырғасынан бастауымыз қажет.
Оқушылардың математикалық сауаттылығы деген ұғымына келесі қабiлеттiлiктер жатады:
* қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын мәселелерді тани білу;
* бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру;
* бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу;
* шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау;
* қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру;
* шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу[5].
Оқушылардың математикалық дайындық деңгейін анықтау мазмұны олардың математикалық сауаттылықты меңгеру сапасының көрсеткіші болып табылады. Адамның өмір сүру барысында математиканы түсіну мен тану қабілеті, жақсы қисынды матемтикалық пікірлерді айтуға, осы уақытта және болашақта саналы, мүдделі азамат болуына, қажетті жерде математикалық құндылықтарын қанағаттандыруға жағдай жасайды.
Мектептердегі математика сабақтары оқушылар үшін келешекте нақты өмірлік жағдайлар мен мәселелерді шешуге, қоршаған әлем аспектілерімен байланысатын және өзіндік математикалық талдау, сараптауды қамтитын, қоғам, табиғат, мектеп, отбасы, оқушының жеке өмірі, спорт, болашақ кәсіби саласымен байланысты тапсырмалардан тұрады. Тапсырмалар тек математикалық күрделі сипатта орындалмай, математикалық сауаттылықтың логика, елестетудеңгейі, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейі сияқты түрлерінен құралады. Жалпы математикалық сауаттылық оқушылардың қоршаған әлем мен өмірде кездесетін математикалық мәселелері мен сауалдарына дұрыс шешімдер табуға, математикалық әдістерді, айғақтарды пайдалану арқылы қандай да бір мәселені шешу барысында тиімді, тез әрі оңтайлы нәтижеге жетуге үйретеді.
Қазақстандағы білім беру ұйымдарының соңғы мониторингтік қорытындысы бойынша ел оқушыларының математикалық сауаттылықтан есептерді шығара алу үлесі 70%-ды құраған. Республикада жүргізілген жалпы сынақтардан оқушылардың орташа баллы 12-ден 8,4 балллды құрайды. Бастауыш сыныптарға математикалық сауаттылықтың екі тақырыбы бойынша, Математикалық модельдеу және Жиындар және оларға қолданатын амалдар тақырыптарында тест жүргізілген. Бұл тесттер қорытындысы бойынша оқушылардың өңірлердегі математикалық сауаттылық сапасы, математикалық сауаттылықтың қандай тақырыптарынан оқушылардың жиі қиындыққа ұшырайтындықтары анықталды.[21].
Математикалық сауаттылықты дамыту бағытында матемтатика саласында осы қазірге дейінгі атқарылған жұмыстар өте көп болып келеді. Ой мен қиялдың, логиканың байланыс тапқан бұл саласын зерттеген зерттеушілер көп. Мысалы ХХ ғасырда швейцариялық психолог және гнесеолог Э.Инхелдер Балалық шақтан жасөспірімдік кезеңге дейінгі логикалық ойлаудың өсуі (1958), Бала психологиясы (1966)[10] атты еңбектерінде балалардың шамаларды есте сақтауы мен олардың жас ерекшелік психологиясындағы бұл тақырыпқа әсері туралы жазған. ХІХ ғасырда өмір сүрген кеңестік педагог А.М.Леушина мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуының бастамасы болатын балаларды санауға, кеңістіктік және уақыттық бейнелерді қалыптастыруға үйретуге арналған практикалық нұсқаулықтар жазған[11]. Беларусь кеңес мұғалімі, педагогика ғылымдарының докторы А.А.Столяр математикалық сауаттылықтың логикалық даму мәселелерін зерттеп мектеп жасына дейінгі балаларға арналған алғашқы математика оқулығы мен бастауыш сыныптарға арналған математика пәнінің оқу бағдарламасын жасады[12]. Ресейлік ғалым О.В Катуржевская өзінің математика әдістемесі атты еңбегінде математиканы оқытудың мақсаты - білім алушылардың сауаттығын көтеру мен математиканы оқи отырып олардың адамгершілік, мәдени және рухани сапаларын арттыру деп көрсетеді[13]. Отандық ғалымдардан педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Р.И.Кенжебекова Қазақстандағы Педагогикалық зерттеулердегі математикалық өңдеу әдістері мен математика негіздерін зерттеп бірнеше еңбектер жазған. Солардың ішінде бастауыш сынып оқушыларының математикадан сыныптан тыс жұмыстар тақырыбын қозғап,оқу әрекетіндегі тәрбиеші мен тәрбиеленуші рөлін, олардың математиканы түсінудегі ізденісін танымдық әрекеттері мен ынтасын, оқыту барысындағы түрлі әдістер элементтерінің әсерін талдаған. Ол өз оқулығында: тәжірибе көрсеткендей сыныптан тыс өткізілетін математика сабақтары оқу материалдарын терең және тиянақты меңгеруге әсер етеді, оқушылардың ойлау кеңістігін кеңейтіп, ізденіс-шығармашылық қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жасау , мақсатқа жетушілік талпыныстарын арттырады-деген[14]. П.С. Сағымбекова.П, А.С. Тортаева мен Э.Ы. Тлеубаеваның бірлестіктерімен Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі оқу құралы жарық көрген болатын. Оқу әдістемелік құралында авторлар оқу-танымдық қызметтің тиімділігін арттыру жолдары, оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдерді сабақ барысында пайдаланудың математикалық сауаттылықты жетілдіруге тигізетін септігі туралы баяндаған. Қазіргі қарыштап дамыған заманда өскелең ұрпақ қажеттіліктерін қамтамасыз ете алу, олардың дербестіктерін, шығармашылықтарын, мақсат қою қабілеттерін дамыту маңызы осы оқу құралы мазмұнын толық қамтыған[19]. Білім беру саласында елеулі орын алған ғалымдардың бірі Ж.Қ.Астамбаева Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы атты еңбегінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың математика сабағын ұйымдастыру, олардың теориялық ілімі, оқу процесіндегі орын алу технологиясы туралы, ондағы оқушылардың математикаға деген ынта-жігерін білім беру жүйесінде іске асыру жолдары туралы ақпараттарды қамтыған[20]. Аталған еңбектердің барлығы мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы оқушылардың математикалық түсінігі, сауаттылығы тақырыптарын қарастырған. Оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
PISA зерттеуінің математикалық сауаттылық бағыты
Функционалдық сауаттылықтың түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Бастауыш мектепте математиканы оқыту
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың негіздері
Қарапайым түсініктер. Сандар номенклатурасы
Пәндер