Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Қаззақстан Республикасының білім жне ғылым
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселесі

Орындаған:Кеншилиг Назым
Группа: ф-41

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. Тіл мәселесі және ұлттық сана философия тіл білімінің орталық мәселесі ретінде
1.1. Тіл философиясы тілдің философиялық қызметі жөніндегі ғылым
1.2. Алаш ағартушыларының шығармаларындағы тілдік сана мәселесі
2. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ұлттық-философиялық ойлауын дамытудағы рөлі
2.1. Оқу құралы, Тіл қралы, Тіл жұмсар еңбектері - тіл білімінің негізі
2.2. Ахмет Байтурсынұлы шығармаларың ұлттық сананы жаңғыртудағы рөлі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеудің өщектілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.
Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.
Сонымен, проблеманың көкейкестілігі және оның тарихи-педагогикалық тұрғыда зерттелмеуі мен практикадағы маңыздылығы курстық жұмысының тақырыбын А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі деп таңдауға себеп болды.

Зерттеу мақсаты -- Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселес. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастарының негіздерін анықтау.

Зерттеу пәні: Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тілдік процесті пайдалану.

Зерттеу міндеті:

-- А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерінің

құндылықтары.

-А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары.

-- А.Байтұрсынов шығармашылықтарындағы халықтық идеяның зерттелу жайы.

-Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея -- ұлттық

білім беру жүйесінің негізі.

Зерттеу әдістері: талдау , біріктіру, қорытындылау, салыстыру.Тіл - адам баласының барша тіршілік болмысымен ұштасып жатқан құндылығы, ұлттың рухани тағлымы, ұлт болмысының түп қазығы. Кез келген ұлтты тану үшін, сол ұлттың бойына сіңген ұлттық құндылықтарды тани білуіміз қажет. Ұлт үшін маңызды ұлттық құндылықтардың бірі тіл.

1. Тіл мәселесі және ұлттық сана философия тіл білімінің орталық мәселесі ретінде
1.1. Тіл философиясы тілдің философиялық қызметі жөніндегі ғылым

Кез келген ұлт үшін тілдің философиялық мәні, адамзат өмірінде орыны айрықша. Тіл қоғамда адамның рухани жетілуіне, кемелденуіне қызмет ететін рухани құндылықтардың бірі. Әрбір ұлттың рухани байлығы тілмен астасып жатыр. Қоғамдық өмірде саналы адам тәндік қажеттіліктен әлдеқайда кең, әлдеқайда терең әлемде өмір сүруді аңсайды. Ол ‒ рухани әлем. Адамның өмір сүруінде екі әлем бар: биологиялық және рухани әлем. Биологиялық әлем адамның тәндік қажеттіліктерін ғана қанағаттандырса, рухани әлем ‒ адамды мәңгіліктің аясында өмір сүруге шақыратын әлем. Биологиялық жағдай ұрпақ жалғастыру, із-түссіз жоғалып кетпеудің кепілі. Өмір адам үшін белгілі бір мәнділікке ие болған кезде ғана өмір болып табылады. Адам күнделікті мұқтаждықпен ғана күн кеше алмайды, ол үнемі толғанады. Адам табиғаты шексіз, жан-жақты. Ол биологиялық дамуды ғана емес, қоғамдық, рухани дамуды да қажет етеді. Сондай адамның ру- хани дамуынан туған құрдылықтардың бірі ‒ тілі, мәдениеті, діні, дәстүрі. Ал, мәңгіліктің аясы ‒ рухани дүние. Рухани өмірде адам барлық адамдармен теңесе алады, биік құндылықтарға қол созады. Рухани байлық әр кезде әр халықты ұлт ретінде сақтап қалатын және оны өзгелермен қатар өмір сүру құқығын дәлелдейтін императив [3]. Сондықтан, қазақ халқының дүниетанымында тіл - ұлт айнасы деген сөз бекер айтылмаған. Тілді сүю дегеніміз, ұлтты сүю және оны бағалау. Кез келген халықтың өмір салты, әдет -ғұрпы мен мәдениеті оның тілінен көрінеді. Қазіргі қазақ халқы және еліміздің болашағы үшін, тіл басымдылық танытатын құндылықтардың бірі болып табылмақ.
Философия тарихында құндылықтардың қалыптасуы мәселесі ерте заманан бері ғұламалардың назарында болып келді. Философия тарихындағы көрнекті ойшылдар әрбір ұлт үшін тілден биік құндылықтың жоқ екендігін, тілдің жоғалуы ұлттың жоғалуымен бірдей құбылыс ретінде саралайды. Тілдің қалыптасу негізін адамның пайда болу процесімен байланысты. Тілдің қалыптасып пайда болу процессін ғылымда глоттогенез деп атаған. Жер бетінде мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың өзара айырмашылықтарымен өзара ұқсастығыда бар. Құран Кәрімде Алла әр халықты бөлек жаратты делінеді. 5-Мәида сүресінің 48 аятын- да: Сендердің әр біреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді, - деп анық айтылған [4]. Тіл ұлттың өзіндік дара ерекше белгісі болып табылмақ. Қандайда бір ұлтқа тән тіл, сол ұлттың игілігіне қызмет ететін қоғамдық құбылыс. Ол адамның ой-санасының дамуының, жеткізуінің, қарым-қатынас жасауының басты құралы.
Жер бетіндегі әр ұлттың географиялық өмір сүру аймағы, өзіне тән тұрмыс дағдысы, дүниені тануы, тілі, діни көзқарасы, мәдениеті және соған сәйкес салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-тыйым- дары бар болуы заңды құбылыс. Онсыз ешқандай өркендеу, өсіп-өну, даму, тіршілік нышанын көзге елестету қиын. Дамудың ең төменгі сатысында тіршілік кешетін халықтардың да өз тілі, мәдениеті, діні, дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ритуалдары бар. Оған тыйым салуға ешкімнің құқы жоқ. Әрбір жеке дара халық елдік тілін, дәстүрін, мәдениетін, дінін айнытпай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа көшіре беру- ге аса мүдделі. Өркениеттің ең жоғарғы сатысына өткен озық, көшбасшы елдердің ұлттық тілге, мәдениетке, дінге, дәстүрге айрықша мән беретіні, ерекше ұстанатындығы сондықтан. Бұл оларға артықшылық сипат беріп, рухтандырып, өзге халықтардың көзінде мәртебесін асырып тұрады. Төл құндылықтарын берік ұстанған ұлттар жер бетінен ешқашан азып-тозып, бүліншілікке ұшырап, жоғалып кетпейді. Сыртқы жау келсе алдырмайды, ішкі кеселге бой бермейді. Сөйтіп, жарық дүние тұрғанша тұрады. Себебі төл құндылықтардың болымыстық негізінде жасампаз ұлттық рух жатыр [3].
Философияда тілдің қалыптасуын қоғамдық құбылыстармен байланысты- ра отырып, белгілі бір қажеттіліктен туындаған құбылыс ретінде таниды. Сондықтан тіл мәселесі философиядағы
Философия тарихында XIX ғасыр аяғымен XX ғасыр басында тіл философиясы деп аталатын философиялық бағыт қалыптасты. Тіл философиясы тілдің танымдық құрылымын ашатын философияның зерттеу саласы Бұл философиялық бағытта, ең алдымен, тіл құрылымдарының ойды қалай өзгертетіндігі, тілден бөлінбейтін ой қалайша тіл заңдылықтары бойынша өмір сүре бастайтындығын анықтаған. Бұл ілімнің қалыптасуын белгілі ойшыл Вильгельм Гумбольд есімімен байла- ныстырады. Ойшыл өз еңбегінде Тіл ұлттың рухан құндылығы, тіл арқылы адамда ойлау мәдениеті қалыптасып, дүниені меңгереді деп саралайды[5]. Тілдің ішкі формаларының негізін анықтап, оған философиялық талда- улар жасай отырып, адам болмысын дамытудағы ролінің айрықша екендігін қарастырады.
Тіл философиясы термині П.И Житецкий, К.Вослер, М.М.Бахтин, В.Н.Волошинов, А.Марти, О.Функе секілді ойшылдардың ілімдерінде айрықша қарастырылды. Сонымен қатар, ХХ ғасырда Англияда лингвистикалық философия деп аталатын ілім пайда болды. Бұл ілімді аналитикалық философия деп атады. Лингвистикалық философияның қалыптасуын Людвиг Витгенштейн, Готлоб Фреге мен Бертран Расселдің ілімімен тығыз байланыстырады. Адам өзіндік ойын бірінші тілде объективтендіреді, тіл адамда қарым-қатынас құралы ретінде қызмет атқаратындығын анықтаған. Тіл- ақпаратты сақтау және жеткізу құралы ретінде таныған. Бұл философиялық бағыт тілдің табиғатын зерттеу негізінен құрылған. Тілді жеке құбылыс ретінде қарастырмайды, керісінше философияның негізгі салалары феноменология, герменевтика, экзистенци- ализм категорияларының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Людвиг Вин- генштейн: Кез келген сөздің логикалық мазмұны бар, оны түсіну үшін дұрыс ой қорыта білу қажет деп жазады [6]. Бертан Рассел Адамның күнделікті өмірінде қолданылатын тілді, логикалық тілмен жақындастыруға болады [7]. Ойшыл өз дүниетанымында тілдің табиғатын, шығу тегін, оның адамзат өміріндегі қызметін зеріттейді. Тілдің шығуына өте көне замандағы адамдардың жануар- лар дүниесінен бөлініп шығуымен бай- ланыстыра отырып, алғашқыда адам- дар қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін, тек лингвистикалық зерттеулердің жеткіліксіз екендігін, антропогенез және сопогелез сияқты мәселелермен бай- ланысын аша отырып анықтау қажет екендігін көрсетеді. Қандайда тілдің құрылымы адамның ойлау мәдениетімен байланысатындығын қарастырады.
Аристотель өз еңбегінде: Тіл заттарды бейнелеудің бейнесі дейді [8,325 б.]. Тілдің болмыстық сипатына баса назар аударады. Ойлау мен тілдің қатынасын зерттеген. Тіл таңбалық жүйе нәтижесінде дыбысталатын, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән қоғамдық-әлеуметтік процесс ретінде зерделеген. Адам- зат өмірінде заңды түрде қалыптасқан семантикалық жүйе ретінде таниды. Оның негізгі қызметі ретінде ақпаратты сақтау, жеткізу және адамның ойлау процессін жетілдіретін құбылыс ретінде саралайды. Оның қоғамдық өмірде коммуникативтік қызметінде айрықша екендігін баяндай- ды. Аристотельдің тілге қатысты ойла- ры Категориялар еңбегінде айрықша орын алған. Тіл адам болмысына ғана тән универсум ретінде таниды.
И. Кант: Ағартушылық дегеніміз не? [9] деп жазады. Ағартушылықты адам танымының субьектісі ретінде қарастырады. Субьект адамзат өміріндегі игілік - тіл, мәдениет, ғылым, білім, техникаға арқа сүйейді. Ойшыл өз дүниетанымында таным дегеніміз не?,
таным қалай жүзеге асады? деген сұрақтарға шешім іздеген. Танымдық процестердің адамның тіл, ойлау, зерде, пайым, санамен байланыстырады. Адам кез келген затты тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Сол дүниені тануда тілдің ролі айрықша екендігін зерттеді. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс - әрекетімен, ойлау мәдениетімен, тілімен байланыстырып, танымның негізі прак- тика болып табылатынын болжап білді. Кант өз дүниетанымында тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде сипаттайды. Ол философиядағы таным мәселесімен біте қайнасқанын өз еңбектерінде баян- дады. Ойшыл тілдің адамның рухани өмірімен байланысын айқындайды. Ж.Ж.Руссо өз еңбектерінде тілдің логикалық теориясын зерттеді. Ойшыл әлеуметтік келісім теориясында адам өмірін екі кезеңге бөлумен байланы- стырды - табиғи және өркениетті. Бірінші кезеңде адам табиғаттың бөлігі болды және тіл сезімдерден, эмоциялардан, құмарлықтармен байланыстырды. Тілдің шығу тегі ең алдымен эмоционалды- эстетикалық тәжірибеден және дауыс көрінісінен тұратындығын анықтады. Адамдар бір -біріне жақындаған сайын, бір-бірін түсінуде, белгілі бір байланыс белгілерін іздей бастады. Тілдің адамзат өмірінде қалыптасуы адамның психика- сы, парасаты, ойлау мәдениетімен бай- ланысты. Сондықтан тілдің қалыптасуы адам психикасы мен ойлауының бірлігіні арасындағы қимыл әрекеттермен тығыз байланысты екендігін анықтады. Көбінде өз зерттеулерінде ойшыл тілдің адамзат өмірінде қалыптасуын сыртқы ортамен байланыс орнату негізімен байланы- стырды, өмрілік қажеттіліктен туындаған шындық ретінде таныды. Ж.Ж.Руссо тілді қоғамдық тарихи прогерстің нәтижесінде пайда болған құбылыс ретінде танды. Тілдің пайда болуын, дамуын қоғам түсінігімен орайластырады.
Дж.Милль Логика ойлау өнерінің негізі болып табылса, тіл ойды бейнелеудің басты құралы [10] деп қарастырды. Адамның ойлау жүйесінің тілмен тікелей байланысы барлығын анықтады. Тіл адам санасының туындысы, адамзат өмірінің өзегі ретінде сара- лайды. Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы анықтау жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Тіл де, ойлау да - адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады. Біріншіден, тілде, ойлау да - адам миының туын- дысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Сондықтан тілде де, ойлауда да әлеуметтік және биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Ой мен тілдің байланысы арқылы заттар мен құбылыстар және адамдар бір- бірімен қатынасқа түседі.
М. Хайдеггердің Тіл болмыстың үйі сөзі философияда кеңінен тараған. Дүние бар болу, сондықтан дүниеде әр нәрсенің болмысы болуға тиіс. Хайдегердің дүниетанымындағы бар болу болмы- сы, ол жәй ғана бар болып қана қоймай, кез келеген заттың белгілі бір мәнділікте өмір сүруімен байланыстырады. Адам бұл мәнділікке жетуде қамсыздықттан бас тартып, қамдануға әрекет ете білу қажет деп анықтады. Хайдеггер адамның өмірі болмыс құпиясының түсінуде тілдің орыны айрықша екендігін ұғындырады. Адамның ойы сөз арқылы анықталады, тіл ақиқатты танудың негізгі көзі деп біледі. Ойшыл философтар тіл жәй ғана құрал емес, тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, тіл мен болмыс тығыз байланыста деп анықтаған. Себебі, болмысты тіл арқылы ғана тани аламыз, сондықтан тілді болмыстың үйі дейді.
Философия тарихындағы тіл мәселесін анықтауда ойшылдар іліміне ой жүгірту арқылы сараптамалар жаса- лынды. Ойшылдар өз дүниетанымында әлемнің тірегі адам болса, сол адамды жетілдіретін рухани құндылық тіл ретінде жоғары бағалады. Тіл кез келген ұлт үшін ұлтты танудың басты құралы болып табылмақ. Осы жерде, Маркес Габриэль Гарсианың Жүз жылдық жалғыздық романындағы ұлттық құндылығы тілді аяқ асты ету салдарынан, өзінің шыққан тегін ұмытқан, халқының дәстүрін, мәдениетін білмейтін кейіпкердің образы есімізге түседі. Ойшыл, ұлттық тілден безіну, шыққан тегіне деген құрметтің жоқтығы Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті жоғалту адамды адамдық тегінен айыруға алып келетіндігін айтады.
Ұлтты жойғың келсе, оның тіліне балта шап ‒ дейді. Яғни, тілінен айырылған ұлт мәңгүртке айналмақ. Тіл бұзылса ұлттың болмысы бұзылады. Тілден айырылған ұлт, ұлттық қасиетінен айырылып, өз өмірлерінде өзгеге елге тәуелді бола- ды. Ұлттың замана қиындығына төтеп беріп, басқа ұлттың боданында кетіп қалмау үшін, халықтың бірлігін, ұлттың тұтастығын сақтап қалуда тілдің ролі айрықша. Тілінен айырылмаған елдер замана қиындығына төтеп беріп, халықтық қасиетін сақтап қалмақ. Кез келген ұлттың болашағы жарқын болмақ. Тіл ұлтты ұстап біріктіретін құбылыс. Ал, тілді қадірлемесек, ұлтсыздыққа тап болмақпыз. Адамзат тағдыры үшін ұлтсыздану қатерлі дерт. Ұлтсызданудың басты себебі ‒ ұлттың өз-өзін қор тұту, өзін-өзі кемсіту, өзінде барын қадірлемеуден туындай- ды. Өткен тарихымызға ой жүгіртсек, ұлтсыздану нәтижесінде көптеген елдер өздерін шыққан тегімен қоса жоғалып кетті. Ұлтсыздану ұлттық мүдденi мүлде ұмыттырады. Сондықтан қазіргі жаһандану заманымызда ұлттық бірегейлігімізді сақтай білуіміз қажет. Себебі бірегейлік негізі: тіл, мәдениет, дәстүр, діл т.б. ұлтты құраушы эле- менттерден тұрмақ. Демек, ұлт өзінің дәстүрлі мәдениетін, ұлттық символ- дарын, әсіресе тіл, дін, діл бірегейлігін сақтауға құлшыныс танытуы қажет.
Философтардың тілге ден қоюы түсінікті. Тіл - адамның тікелей берілуі, оның болмысының бір көрінісі.

● Тіл - адамның құрылтай қасиеті. Адамды тілсіз немесе өзі үшін тіл ойлап таппай елестету мүмкін емес. Дүниеде тек тілі бар адам ғана бар, ол басқа адаммен сөйлеседі, сондықтан тіл міндетті түрде адамның анықтамасына жатады.
Тіл - адамды құраушы қағидалардың бірі. Адам тек тіл арқылы ғана адамға айналады. Тілде адамның қоршаған әлем туралы білімі бекітілген, адамның шығармашылық іргелі принциптері, оның терең мүмкіндіктері жүзеге асырылады. Тілде адам өзін, ішкі дүниесін білдіреді.
Бұл ережелерден мыналар шығады: 1) тілді меңгермей адамды толық білу мүмкін емес; 2) тілді түсіну, тану, ол адамды және оның дүниетанымын білу арқылы ғана түсіндіруге болады [Тілдегі адам факторының рөлі: Дүниенің тілі және суреті].
Адамзат қоғамының қалыптасуында, дамуы мен қызмет етуінде тілдің рөлі сөзсіз. Тіл - нақты адамның абстрактілі, жалпылама ойлауын және адам санасының ұтымды кезеңін жүзеге асыру құралы.
Тіл біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады. Ол білім алу үдерісінен және алынған біліммен операциялардан бөлінбейді, сондықтан ол адамдардың практикалық қызметімен, соның ішінде соңғы ақпараттық жүйелер саласында тікелей байланысы бар.
Табиғи тілді кез келген жасанды түрде жасалған семиотикалық жүйеге, кез келген машина сияқты механизм түріне теңеуге болмайды.
Егер машинада қайшылықтар пайда болса, ол бұзылады және істен шығады, ал жасанды белгілер жүйесі, оның ішінде алгоритмдік тілдердің барлық түрлері, егер қарама-қайшылықтар болса, жарамсыз болады, өйткені ондағы белгі бірге тең. мәні және онымен байланыстырылған, бұрандамен кез келген гайка сияқты.
Табиғи тіл жүйесінде антижүйе бар. Ондағы қарама-қайшылықтардың (антиномиялардың) болуына және оларды жеңуге байланысты ғана ол дамып, дами береді [Б. Ю.Норман; В.К. Журавлев].
Құрылғыны бірдей немесе жақсырақ басқасымен ауыстыруға болады. Жасанды семиотикалық жүйелер (машина
тілдер) бір-бірін тез ауыстырады. Орыс тілін ағылшын тіліне немесе керісінше ауыстыру мүмкін емес (олардың біреуі мүлдем жоғалып кетеді, өйткені ескірген компьютерлер жойылады).

Табиғи және жасанды тілдердің айырмашылығы ұқсастықтан әлдеқайда көп.
Адамның табиғи тілін жалпы түсіну мен білу қазіргі уақытта тіл философиясына сәйкес жүзеге асырылуда.
Тілдің өрнек философиясы 18 ғасырдың аяғы - 19 ғасырдың басында пайда болды. Оған формалды және мазмұндық жағынан ұқсас табиғат философиясы, өмір философиясы, тарих философиясы, дін философиясы, мораль философиясы, өнер философиясы, құқық философиясы, ғылым философиясы сияқты өрнектер жатады. экономика.
Тіл философиясы мәні мен табиғатын философиялық тұрғыдан түсіну деп түсініледі.
адамның мәні мен табиғатымен байланыстыра отырып, тілдің пайда болуын философиялық тұрғыдан түсіндіру және оның адамға, жалпы қоғамға және өмірдің әртүрлі жақтарына қатысты жалпы бағасын беру.
Тіл философиясы тілдік құбылыстар мен концептілерді солай қарастырмайды, бірақ оларды негізгі міндетті шешу үшін гуманитарлық білімнің сабақтас салаларына енгізу үшін пайдаланады - тіл құбылысын табиғи, мәдени, тарихи және әлеуметтік болмыспен байланыстыра білу. адам био-әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сөйлеу қабілетімен қамтамасыз етілген.

► Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, тіл философиясы білімнің қай салаларымен байланысты болуы керектігін көрсетіңіз: әлеуметтану, мәдениеттану, мифология, психология, логика, математика, биология, археология, тарих, этнография, антропология, экономика, компьютер ғылым, дінтану, әдебиет теориясы, өнер тарихы.

Тіл философиясы, сонымен қатар, тіл арқылы философиялау, әлем, адам және тіл туралы жаңа нәрселерді түсіндіру, түсіндіру, белгісізді нақтылау, оны қалайтындардың барлығын ағарту мүмкіндігі.
Тіл философиясы экспрессиясы қазір тілге байланысты философиялық мәселелер мағынасында ғана емес, сонымен қатар лингвистиканың ғылым ретіндегі философиялық мәселелері мағынасында да жиі қолданылады [Ю. С. Степанов].
Тіл білімі - бүкіл даму жолында философиямен ең тығыз байланыстарды ашатын адамзат білімінің бір саласы.
Тіл білімі бір бөлігі болып табылатын филология философияның туған жері Ежелгі Үндістан мен Грецияда пайда болғаны белгілі. Сонымен бірге филология философияның аясында қалыптасты, бұл философия мен филологияның бастапқы бірлігі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Филология мен тіл білімінің оның құрамдас бөлігі ретінде философиямен органикалық байланысы күні бүгінге дейін сақталған. Философия белгілі бір ғылымдарды, соның ішінде лингвистиканы, дүниетанымның тиісті негізін алып, ғылыми талдаудың принциптері мен әдістерін дамытуға ықпал етеді [Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік].
Тіл білімі мен философияның байланысы, алайда, біржақты емес. Теориялық лингвистика философияның дамуына, әсіресе тіл, сана мен ойлаудың арақатынасы, тіл категориялары мен ойлау категорияларының арақатынасы, тілдің әлеуметтік рөлі, тілдік таңбаның табиғаты, тілдің сана-сезімі мен ойлау қабілетінің өзара байланысы сияқты мәселелерді шешуде өз үлесін қосады. тілдік мағынаның мәні, тағы басқалары [Лингвистикалық энциклопедия - Сөздік; В.З.Панфилов].
Олардың негізгілері, әрине, тілге байланысты философиялық мәселелер. Тілдің табиғаты мен мәнін осы немесе басқа түсіндіру тілді зерттеудің тәсілдерін, зерттеу әдістемесінің өзін анықтайды.

● Әдістеме, біріншіден, танымның ғылыми әдісі туралы ілім; екіншіден, жоспарланған іс-әрекетке оның барлық кезеңдерінде белгілі бір көзқарас, ғалымға бағыт-бағдар беретін бастапқы идеялар мен ережелердің жиынтығы, үшіншіден, теориялық және практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері мен әдістерінің өзі [Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері] .

Тіл біліміндегі құрылымдық бағыт өкілдерін негізінен тілдің формальды жағы қызықтырады. Қолданыстағы көзқарасқа сәйкес, әртүрлі тілдер мүлдем бірегей нәрсе емес. Тілдің құрылымы өте жалпы болып келеді және, сайып келгенде, ол жалпы барлық тілдер үшін бірдей. Тілдер - белгілі бір идеялар комбинациясы түрінде құрылған жүйелер санауға болатын мүмкіндіктердің нақты жиынтығы.
Мүмкіндіктердің идеалды жиынтығы жалпы адамның тілін құрайтын нәрсе - Жердегі барлық адамдар үшін бірдей, абстрактілі, әмбебап және мәңгілік. Структуристер тек абстрактілі идеалдандырылған тіл үлгісін жасауға тырысады.
Тілді мұндай түсіну практикалық іс-әрекеттермен, атап айтқанда, соңғы ақпараттық жүйелер саласында байланысты.
Тілді абстрактылы, әмбебап және мәңгілік нәрсе ретінде қарастыруға Тіл түрі мен сипаты ретінде деп анықтауға болатын тұжырымдама қарсы тұрады. Оны ұстанушылар тілдерде, ең алдымен, жеке және қайталанбас бастауды көреді [Тіл және ғылым соңындағы ХХ ғасыр].
Басқа ұғым бойынша тіл - болмыстың үйі және рухтың үйі. Оның идеологтарының бірі Мартин Хайдеггердің пікірінше, тіл эмпирикалық фактілер мен оқиғаларды таза формальды ретке келтіру құралына, дүниенің логикалық-таңбалық есебіне ғана жарамды әмбебап тілге айналу қаупін төндіреді [Шетелдік тенденциялардың философиялық негіздері. тіл білімінде ].
Егер тіл бір қолданбалы функциямен шектелсе - оның мәніне жат нәрсеге құрал ғана болу үшін, онда ол жалпы ақпарат ағынының сөзсіз автоматты реттеушісіне айналуы мүмкін.
Тіл интеллектуалдық әрекетпен, ақыл-ой операцияларымен байланысты, соның негізінде білім алынады. Бірақ сонымен бірге ол рухани қуат пен адам санасының, ақыл мен жанның күш-қуатының көрінісі, философиялық кеңістік болып табылады және болуы керек.
Көріп отырғаныңыздай, бастапқы идеялар мен ережелер белгілі ғалымдар басшылыққа алады, көп жағдайда анықтайды тіл біліміндегі зерттеулердің бағыты, тілді түсінудің өзі, оны зерттеу сипаты және теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Әдістемеде үш деңгей бар: 1) философиялық әдіснама, 2) жалпы ғылыми әдіснама, 3) белгілі бір ғылымға тән әдістерді қамтитын жеке әдіснама.
Философиялық зерттеу әдістемесі негізгі философиялық заңдылықтар мен ғылыми принциптерді есепке алуды талап етеді.

1.2. Алаш ағартушыларының шығармаларындағы тілдік сана мәселесі

Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.
Ұлттың бойындағы сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы болған Алаш қозғалысы ел тағдырына қатысты барша идеяны өзіне өзек еткені бүгінде көбімізге белгілі. Құдайға тәуба, Алаш қайраткерлері күресінің тағылымы да, Алаш қаламгерлерінің мұрасы да жылдан жылға қазақтың рухани-мәдени өміріне еніп, Алаш сөзі аяулы ұғым, қасиетті түсінік ретінде қоғамымызда асқақтатыла айтылып келеді. Күнделікті теледидардан, радиодан, газеттерден Алаш сөзінің айрықша мән беріліп айтылғанына, жазылғанына куә болудамыз. Яғни, Алланың қалауымен қазақ баласының жаны мен жүрегіне, ойы мен пікіріне, санасы мен сезіміне Алаш ұғымы уақыт өткен сайын бойлай түсуде. Партия ұраны десек, бабамыздың Алаш ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын Алаш қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп отыр - делініпті Алаш партиясы құрылған Бірінші жалпықазақ сиезі жөнінде жазылған Қазақ газетіндегі сүйінші мақалада 1, 414. Сонау XX ғасырдың басында елдің еркіндігі үшін күрескен ерлер қалаған осы қасиетті сөз тәуелсіздігіне жеткен қазақ баласына да соншалықты қымбат, аяулы ұғымға айналуда. Бұл - санамыздың жаңғыруы, тарихи тамырларымызды қастерлеуіміз, елдіктің белгісі, өсер жұрттың өнегесі.

Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері - бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектерінің алуандығы - олардың ұлт тағдырындағы тілдің төтенше маңызын әрі терең, әрі жан-жақты түсінгендігін аңғартады. Соған орай, Алаштың тілдік мұрасын сан тарапты құбылыс деп бағалай келе, оны бірнеше аспектіде сипаттаудың бірқатар мүмкіндіктерін аңғартпақпыз.

Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Оның себебіне үңілсек, онда Алаш қайраткерлерінің барлық ұлттық ерекшеліктердің ішінен халықтың болмысын, өткені мен бүгінін танытарлық тіл сияқты ең көрнекті құбылысты таңдауы аса қисынды еді. Қандай ғылым болса да, әлбетте, белгілі бір қолданбалы, жүзелік сипаттан өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахаңның тіл саласындағы еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының, Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім беруге арналған дүниелер болатын. Айталық, Ахмет Байтұрсынұлының Оқу құралы, Тіл құралы, Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары осыны аңғартады. Әсіресе, тіліміздің жазу үлгісінің, емлесінің қалыптасуындағы Алаш зиялыларының орны алабөтен. Алаш оқымыстыларының қазақ тіл білімі тарихындағы орнын 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі де байқатты. Осы алқалы, тарихи жағынан маңызды ғылыми жиындағы А.Байтұрсынұлының, Е.Омарұлының, Н.Төреқұлұлының баяндамалары, Т.Шонанұлының, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедұлының, М.Тұрғанбайұлының, М.Саматұлының сөйлеген сөздері, ой-пікірлері тілтану ғылымының күрделі мәселелерін шешуде алаштықтардың қаншалықты үлкен еңбек сіңіргендіктерін қаншалықты эрудициясы мен инстуициясы бай тұлғалар екендіктерін айғақтады. Осы сиезде, негізінен, әліпби, жазу ережелері тақырыптары баса көтерілгенімен, олар тілдің сан алуан мәселелері төңірегінде сөз қозғауға өрісті ой тудырды. Осындай білімпаздар сиезі, біздің пайымдауымызша, бүгін де қажет сияқты. Себебі емледе болсын, терминологияда болсын, ономастика саласында болсын тілші ғалымдармен бірге басқа ғылым саласы өкілдерімен бірге ақылдасып ортақ уәжге келерлік мәселелер баршылық. Алаш оқымыстылары қалыптастырған қазақ тіл білімі Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-тілдік мектебін қалыптастырды. Бұл мектеп ілгеріде есімдері аталған тілтанушыларды өсірді, бұдан кейінгі кезеңде Ахаңның көзін көрген өнегесін алған қаншама ғалымдар қалыптасса, совет заманындағы қазақ тіл білімі де Ахаңның ізімен жүрді, оның атын атай алмаса да, еңбектерін пайдаланды. Енді тәуелсіздік алған заманда тағы да Ахаң өзінің ұстаздық мінберіне барша тұлғасымен көтерілді.

Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Бастапқыда Шортанбай Қанайұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Әбубәкір Кердері және тағы да басқа исламдық ағартушылық ағымның өкілдері шығармашылығында, сәл кейінірек тұтастай түрде Ыбырай Алтынсарин, Абай өнернамасында қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің көркемдік, стильдік, жалпы тілдік белгілерін іргелендірді. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Әңгіме, повесть, роман, поэма, баллада, драма сияқты жанрлардың түгенденуі де ұлттық жазба әдебиетіміздің қалыптасу кезеңінен даму биігіне қарышты қадам жасағандығын әйгіледі. Қазіргі кезде ғалымдар тарапынан Алаш әдебиеті, Алаш ұранды әдебиет делініп жүрген әдебиет идеялық жағынан да,тақырыптық жағынан да, тілдік-стильдік жағынан да, жанрлық жағынан да, бейнелілік жағынан да ауызша дамыған сөз өнеріміздің жазба әдебиетке тән деңгейге көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Бұл тіліміздің бойындағы мүмкіндіктерді барынша көрсетуге, көркем әдебиет стилінің дамуына жағдай жасады. Алаш әдебиеті арқылы ұлттық сөз өнеріміз жаңа деңгейге жетіп, тіліміздің байлығы мен оралымдылығының, мағыналылығының, әлеуетінің мүмкіндіктері мол екендігін паш етті. Сайып келгенде, Алаш қозғалысының өзі сол қаламгерлердің шығармашылық жолын айқындады. М.Жұмабаев, Ж.аймауытов, М.Әуезов сияқты ұлы қаламгерлердің қалыптасуына шешуші ықпал етті. Бұған қоса Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы мақалаларынан басталып, Әдебиет танытқышқа, Әдебиет тарихына ұласқан әдебиеттану ғылымының қалыптасуы да Алаш қаламгерлерінің жазба әдебиетімізді дамытқанын, ғылыми-эстетикалық тілдің де негізін қалағандығын дәлелдеді. Қалам ұстаған Алаш азаматтарының әдеби тілімізге жасаған осы тарихи еңбегі қазақ тілінің кейінгі өрістеу жолдарын айқындаған өнегелі, өміршең дәстүр болды. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау, бейнелілік тудыру, тілдің стильдік мүмкіндіктерін ашу, құбылысты суреттеу - олардың ұлттық ойлаудың биігіне жеткендігін, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың рухани игіліктерін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Алаш әдебиетінің рухы Мұхтар Әуезов сияқты данышпан жазушының қаламына қанат бітірді, осы рух Бауыржан Момышұлын, Ілияс Есенберлинді, Мұхтар Мағауинды тағы да қаншама қазақтың ұлыларын, ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет етудің жоралы дәстүріне баулыды.

Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Бұл алаштықтар тарапынан тілдің саяси, әлеуметтік маңызын, ұлттың тұтасуы мен өркендеуіндегі орнын сезініп, оған тұңғыш рет берілген толымды баға болатын. Бұл да тәлімі тарихи деуге татитын Алаштың орасан өнегесі болатын. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді, ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті. Хандық мемлекет тұсында тіл билік пен шешендіктің, көсемдіктің, өнебойы отаршылдықта өткен XIX ғасырда қарсылық пен сынның құралы болса, Алаш қозғалысы тұсында тілге ең алғаш рет ұлтты тұтастырушылық ірі қызмет жүктелді. Яғни, қазақ тілі қалың ел, ордалы жұрттың тілі ретінде сақталу керек, сақтала тұрып ұлттың ұлттығын да сақтауы тиісті деп бағаланды. А.Байтұрсынұлы Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл-деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты. Ахаңның осы сөзіне орайлас пікірлерді Алаш зиялыларының көпшілігі білдірді. Айталық, Ғұмар Қараштың: Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз, Мұстафа Шоқайдың: Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын, Халел Досмұхамедұлының: Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш; ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл - күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек,Мағжан Жұмабаевтың: Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болудегендері біздің заманымызға үндес, өзекті пікірлер. Егер біздің тіліміз егемен елдің, дербес мемлекеттің мемлекеттік тілі екендігін, осы мәртебелі тіліміздің өзінің тұғырына толық қонбай жатқанын ескерсек, Алаш зиялылары өсиетінің бағасы да, маңызы да еселеп артатындығына деп қоямыз. Бұл бағыттағы өрісті ойлардың сілемі қалын оқырман қауымға әлі де мәлім бола қоймаған Ғ.Қараштың Ұлт һәм туған ел, М.Тұрғынбаевтың Қазақ тілін іске асыру мақалаларынан айрықша аңғарылады. Ұлттық руханияттың өзегі ана тіл екендігін рухани-мәдини тарихымызда алғаш білдіргендер алаштықтар болды. Олар ана тілін ұлт болмысының басты бөлшегі ретінде қарастырып, әсіресе, жас ұрпақ тәрбиесінде оның алатын орнына да ерекше назар аударды. Сондықтан да өз ана тілінде сөйлеу, тілін білу - ұлттық іргелі мәселе екендігін Алаш зиялылары сол кезеңнің өзінде-ақ жақсы ұғынғаны олардың еңбектерінен бедерлене байқалып жүрді. Бұл орайда тағы да бір мәселені айта кеткеніміз жөн. Қазіргі кезде ана тіліміз - қазақ тілі туралы әдеби шыгармалар өрісті тақырыптардың біріне айналып отырса, олардың алғашқы үлгілерін дүниеге келтірген де Алаш қаламгерлері болатын. А.Байтұрсынұлының Туған тілім, М.Жұмабаевтың Қазақ тілі, С.Торайғыровтың Туған тіліме өлеңдері - жалпы қазақ әдебиетіндегі тіл тақырыбында жазылған тұнғыш көркем туындылар еді. Алаш қайраткерлерінің тіл турасындағы осы көкейкесті ойлары, рухани күресі азаттық алған бүгінгі қазаққа да жолбасшылық етуде.

Төртіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы қазақ баспасөзі қалыптасты. Бұл құбылыс тиісінше әдеби тіліміздің көсемсөз жанрын дүниеге әкелді. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Ғұмар Қараш, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы да басқа Алаш қаламгерлерінің XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы публицистикалық еңбектерін тізбелемегеннің өзінде, Қазақ газеті сияқты ұлттың ұлы басылымының өзі публицистикалық стильдің, жалпы әдеби тілдің қалыптасуына өлшеусіз мол үлес қосты. Қазақ газеті бетінде жарияланған алуан материалдар сол кезеңнің тынысын, қозғалыстың барысын ғана куәландырып қоймай, сонымен бірге әдеби тіліміздің де өсу, тармақтану қарқынын аңғартты. Бұл газет ұлт көсемсөзінің ғана емес, тіліміздің маржан қорының қойнауында өнген әдебиетіміздің де, сонысымен тіліміздің де айшықтыкөркемдігін, бай бейнелілігін ашты. Сондықтан да заңғар Әуезов: Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын - Қазақ газеті. Қазақ газетінің мезгілі әдебиетке ұлтшылдық туын көтерген мезгілімен тұстас. Ол уақыт қазақ жұрты 1905-ші жылдың өзгерісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытына келеді деген еді 2,350.Ұлттың мүддесін үндеген Қазақ газетінің өзі де, аңғарар болсақ, әдеби тілдік жағынан жылдан жылға өскені байқалады. Әсіресе, газет бетіндегі әдеби тіл тармақтарының саралана көрінуі, қазақ тілінің бай мүмкіндіктерінің тараулана байқалуы газеттің 1917 жылғы сандарынан айрықша көрініс береді. М.Дулатовтың Тарихи жыл мақаласы, Ә.Бөкейханның Қазақ сиезі, Алаштың талапты азаматына, редакцияның Алаш партиясы және тағы да басқа публицистикалық туындыларда ұлт баспасөзі деңгейінің артқандығы, публицистикалық стильдің ширағандығы кеңінен сезіледі. Алаштың рухани көсемі Ахаңның еңбегімен, жігерімен дүниеге келген Қазақ газетімен бірге, Түркістан көсемі Мұстафа Шоқай шығарған Бірлік туы және Алаштың астанасы Семей қаласында Райымжан Мәрсекев, Халел Ғаббасовтар шығарушылары болған Сарыарқа газеттері публицистикалық тіліміздің айрықша дамуына іргелі үлестерін қосты. Сөйтіп, қазақ публицистикалық тілі мен стилі Алаш қозғалысы тұсында аяқтанды деп айта аламыз.

Бесіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Айталық, Ә.Бөкейханның тарих, фольклортану, әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармалары, А.Байтұрсынұлының 1912 жылдан бастап 1928-1929 жылдарға дейін жазылып жарияланған оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми мақалалары, Х.Досмұхамедұлының медицина, биология, тілтану саласындағы ғылыми еңбектері, М.Тынышпаевтың тарихи зерттеулері, М.Дулатовтың тілтану, әдебиеттану, математика саласындағы ғылыми шығармашылығы, Ж.Аймауытовтың психология, әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістері, М.Жұмабаевтың педагогика, әдебиеттану саласындағы еңбектері, Т.Шонанұлының тілтану, әдістемеге арналған оқу құралдары мен зерттеулері, сондай-ақ Ә.Ермековтің, М.Тұрғанбаевтың, Е.Омарұлының, С.Асфендияровтың, М.Бұралқиевтың, Қ.Кемеңгерұлының, С.Сәдуақасовтың ғылыми еңбектері ғылым тілінің, қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуында айрықша белес болды. Қазақ тілінің әліпбиін, емлесін жасаумен, ішкі заңдылықтарын ғылыми дәйектеумен бірге Алаш зиялылары тіліміздің тазалығы, мәдениеті үшін де күресті. Х.Досмұхамедұлының Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы, М.Дулатовтың Қазақ тілінің мұңы, Н.Төреқұлұлының Ауропа сөздері т.б. еңбектерде тіліміздің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларының сақталуы, басқа тілдердің әсері, тіл табиғатының бұзылмауы, сөзжасам т.с.с. мәселелер айтылып, қазақ тілінің табиғи болмысын сақтау, тіл тазалығы, сөз мәдениеті тақырыбында бүгінде өзектілігін жоймаған ойлар өрістетілді. Алаш оқымыстылары бастаған осы ғылыми дәстүр совет тұсында қанша масұқталғанымен, бәрібір қазақтың ғылыми алқабына себілген дән болып көктеп шықты, өз жемісін берді, бүгінгі бізге де қуатты құнар болуда. Әсіресе, Алаш асылдары қалыптастырған ғылыми терминология әлденеше ғылым саласында орнықты. Олардың термин жасаудағы қағидаттары, қазақ тілінің бай мүмкіндіктерін қолдану әдістері мен дағдылары қазіргі қазақ терминологиясының мектебі іспетті. Алаш санаткерлері қалыптастырған осы терминологиялық қор, біздің ойымызша, ғылыми тұрғыдан қорытылу қажет, соған орай оның қағидаттары мен тұжырымдары осы саладағы барлық мамандарға жеткізілуі тиісті. Сонда біз қазіргі термин саласындағы көптеген, жиі айтылып қалып жүрген ала-құлалықтардан арылмақпыз. Сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытуда дағдысын қалыптастыру
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Тілдің грамматикалық жүйесі
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жалпы тіл білімінің әдістері мен тәсілдері
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Сөз таптарының мәселелері
Көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
Жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Пәндер