Міндеттемесін орындауды талап ететін жақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Құқық пәндері кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Шарттық және деликтік міндеттемелерінен талаптардың аражігін ажырату
6В04201
Күндізгі
Ю-21К
Автор: Тимиров А.А
Жетекші:аға оқытушы Жарылғап М.Қ
Петропавл қ, 2022
Мазмұны
Кіріспе
1.Міндетемелердің түсінігі , белгілері және түрлері
1.1 Міндетемелердің пайда болу белгілері
Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7 -- бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271 -- бабы осы кодекстің 7 -- бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттелмелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруде немесе өзге де негіздерден пайда болады. Азаматтық кодекстің 7 -- бабы әр тдүрлі құқықтық қатынастарының мүмкіндік болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар. Бұл ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада Азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының занды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімнің жүргізетіндігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдай да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында Азаматтық міндеттемені де дүниге әкеледі.
Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі зандық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады[1].
Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған біреудің мүлкін қасақана не кездей соқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады. Міндеттеме азаматтық кодекстің 271 -- бабында қарастырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.
Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалы ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме.
2. Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
3. Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
4. Қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (Бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);
5. Басты және тәуелді міндеттемелер; 6. Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме.
Міндеттеме жағымдағы мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен несие берушінің әрекет сипатын айқындау түсу. Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі.
Мұнын өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міндеттеме жиі кездеседі, мәселен, саянсай тұрғызуды айтуға болады. Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тарта тұруын, несие берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз. Мысалы, автор өз шығармасын жасалаған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс. Міндеттеме бір жақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де, екіншісінен тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әр жақты әрқайсысының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу -- сату міндеттемесін мысалға келтірген дұрыс. Бұл міндеттемеде сатып алушының да, сатушының да бірқатар құқықтары мен міндеттері ескеріледі.
Мұндай жағдайда Азаматтық кодекстің 269 -бабының 3 - тармағына сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептеледі[2]. Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай ақшаны беру және т.б. Бірақта мазмұны талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеше әрекет тандалынад. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұнадай міндеттеме балама деп аталады.
Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады. (мысалы, мүсіншінің міндеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай міңдеттемеде борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады.
Міндеттеменің туындауына орай оларды шарты, шарттан тыс деп те, сондай -- ақ бір жақты еркін құжат Міндеттемесі деп те бөледі.
Міндеттеменің шартты тобы өте көп кездеседі (сату -- сатып алу тасмалдау, сақтандыру және т.б.). Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда, болмайды, керісінше азаматтық құқықтық кез келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай - ақ негізсіз баю салдарының туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағандарын заңсыз сатып алу және жинау, мәмлемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайында да көрінеді. Бұл жайында Е.Баянов былай айтады: "Міндеттеменің пайда болуы азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне және олардың өздеріне зиян келтіру салдарынан туындауы да мүмкін Азаматтың құқық теориясында мұндай міндеттемелерді шартсыз Міндеттемелер деп те атайды".
2.2 Міндететме түсінігі мен түрлері
Міндеттеменің ұғымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодексінің 268 - бабында: Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан аз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті, - деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме -- азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап етумен міндеттеме несие беруші мен борышқорғау өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты: құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда -- талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда -- міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі. Заңгерлер: талап етуді Міндеттемелік құқық деп атайды. Бұл -- екі жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше құқылы деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар субъект, мазмұн және объект[3]. Ал, енді міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы азаматтық кодексін тағы да сол 268 -- бабында тайға таңба басқандай: Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие беруші -- деп жазылған. Осы екі субъектіге нактылы анықтама беретін болсақ, борышқор -- белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, тұратын жақ; несие беруші -- борышқордан мойнындағы Міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар -- азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атаулар мен нұсқаланады. Азаматтық кодекстің 269 -- бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бірмезгілге бірнеше адам ат салады. Мұның аты көп тұлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодексінің 286 -- 288 баптарында көрсетілгендей, үлесті ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады. Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға өздерінің ортақ менешік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі басқа біреуте зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер занды түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор, не болмаса, несие беруші ретінде қатысалды.
Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орыңдау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.
Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын өтеген борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар күшін де қала береді.
Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодексін 287 -- бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жақ қатысатын міңдеттемені -- ортақтасқан міндеттеме деп атайды.
Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:
1) Бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны -- ортақтасқан міндеттеме;
2) Бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны -- ортақтасқан талап етуші;
3) Бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқаны - аралас ортақтасу, - делінед[4]
Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге,
міндеттеменің мәні бөлек -- жарып анық нұсқаланбаса - ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады. Кәсіплкерлік қызыметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан міндет болып табылады. Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке - жеке алғанда олардың кез келгеннен де, сондай -- ақ, түгелдей де, Борышқорлардың бірінің ортақтас =
бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олдардың қалғандарынан талап етуге де құқығы
бар. Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді.
міндетті толық орындауы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы. Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады. Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осынай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ. Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушілердің беруінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ.
Азаматтық кодекстің 288 -- бабына сәйкес негізгі борышқор несие берушінің
міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орлындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық
борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін[5].
Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни борышқор өзінің алған негізгі Міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса, Міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы, субсидиялық міндеттемеде занды тұлға құрылтайшысының (меншік иесінің) жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған ондай заңды тұлғаның ауыртпалығын негізі қоғам өзіне көтеріп алады.
Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай құқықтарының бірінен нақты міндеттемесі де кіреді. Заң міндеттемедегі тұлғаны
ауыстыруға жеке құқық қабыддаушылық жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір міндет еткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады. Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде жүзеге асырылады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады. Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне қарыз алушыдан алған қарызды қайталауына талап ету құқығын қалдырады. Талап етуді берге беру (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, мұның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Ол сонымен бірге талап беруді жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке басына тығыз байланысты
құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толықтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді. Дейтұрғанымен талап етуді беру шарты жасалғанда еске салынуы тиіс. Егер несие беруші осьщан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие
берушіге міндеттеменің орындағанын тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады.
Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде және сондай-ақ жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттеменің орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықтар, соның ішінде алынбаған сый ақыға (мүддеге) құқықтар талап етуде байланысты құқықтар ауысады. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы. Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куаландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті.
Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезіңде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы. Азаматтық кодекстің 344 бабына сәйкес, міндеттеме жөніңдегі несие берушінің құқықтары заң құжаттары және срларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізінде:
1. Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде;
2. Заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
3. Міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы нәтижесінде;
4. Сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;
5. Заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.
Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн несие беруші, борышқор және үшінші тұлға арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі келісім-шарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Бұл түсінікті де, өйткені, несие берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой. Сондай-ақ борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілетті болғанын қалайды. Оның үстінен бұрынғы борышқордың міндеті жанасына айна қатесіз ауысуы шарт, жана борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы. Борыштың ауысуымен бірге үшінші жақтың тағайындаған кепілімен кепіл болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге келісілген жағдайда ған күшін жоймайды. Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе талап етілуі беруі нысанасына сәйкес келуге тиіс.
Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік (шегерме) міндеттеме ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп атайды[6]. Азаматтық кодекстің 289 бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындалған борышқор қалған борышқорларының әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шеберлік, тең үлеспен кері талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған борышқорға төлемегені осы борышқорларға және қалған борышқорларға тең үлесте түседі. Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше дау туындамаса, оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті. Азаматтық кодекстің 268 бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасауды тартынуды айтуға болады).
Міндеттеменің пәні ретінде әрекет зандық мүддені білдіреді немес міндеттеме құқық аясында өзіндік маңызға ие болады. Сөйтіп, Міндеттеменің негізінде заттық,
айрықша немесе өзіңдік құқық жатуы тиіс. Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың міндеттемелік құқық қатынасында жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп беруді талап ететін субъективті құқыққа ие екендігі көрсетіледі. Сондай-ақ берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшердще ақысын төлеуге міндетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға міндеттеледі. Әрі жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді талап ете алады, бұл оның субъективті құқығы болып табылады. Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардың құқығы арқылы, сондай ақ міндеті арқылы айқындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі. (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.)[7].
Азаматтық кодекстің 238 бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады. Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді. Мысалы, несие берушінің
тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір Міндеттемеге сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа біреуте жалға бермеуге міндеттеледі. Кейде міндеттемелік құқыққа мүліктік емес сипаттағы әрекеттер де жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz