Аударма теориясы


«ТҰРАН-АСТАНА»УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТ «ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ТІЛДІК ПӘНДЕР » КАФЕДРАСЫ
6В02301-«Аударма ісі»
Оқу тәжірибесінің есебі
( бакалавриат , магистратура, докторантура)
4 курс күндізгі оқу бөлімі
Топ: Д-ПД-19-1
Білім алушы: Галина Аружан Айтуаровна
Университет тағайындаған
тәжірибе жетекшісі:
Алькеева Данара Сапабековна
АСТАНА, 2023
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ3
Жалпы ережелер3
Аударма машинасы және адам4
1-БӨЛІМ. Аударма теориясының қалыптасуы5
1. 1Аударманың даму тарихы, В. Н. Комиссаров5
1. 2 Зерттеушілердің еңбектері және аудармаға байланысты көзқарастары7
2 БӨЛІМ. Аударма теориясының негізгі міндеттері10
2. 1. Аударма теориясының негізгі ұғымдары10
КІРІСПЕ Жалпы ережелерДипломалды/өндірістік тәжірибе жоғары оқу орнында алған теориялық білімді бекіту, тәжірибелік машықты және құзыреттілікті арттыру үшін, сонымен бірге озық тәжірибе жинақтау үшін бағытталған.
Мен Галина Аружан, "Тұран-Астана" университеті бекіткен дипломалды тәжірибесінен "академиялық күнтізбеге" сәйкес «27» наурыз бен «03» маусым аралығында «Центр переводов Казахстана» мекемесінде өттім. Оқу үрдісі кезінде «Аударма ісі» мамандығының студенттері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес кәсіптік тәжірибе түрлерінен өтуге міндетті. Практикадан өту барысында жетекшім Аширалиев Бахтияр Маратович, менен төмендегідей талаптарды міндет етті:
- практика бағдарламасын толық орындау, университетпен бекітілген форма бойынша практика күнделігін жүргізу;
- тәжірибе базасына сәйкес практика өтетін орындардың ішкі қауіпсіздік ережелеріне бағыну;
- барлық атқарылып жатқан бақылау нәтижелері мен іс шараларды күнделікке түсіру, және оларды талдау;
- берілген тапсырманы уақытында орындау, есеп беруге және қызмет барысында белсенділік таныту;
- бекітілген график бойынша, денсаулығына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен практикадан өтпеген жағдайда, басқа күні келіп практика бағдарламасын өтеу;
Қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр, сондықтан екі тілдегі мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауыз екі сөйлесуде іске асыуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде назардан тыс қалып қоятын. Сондықтан менің бұл практиканы өтудегі басты мақсатым аударма теориясының негізгі ұғымдарына сипаттама бере отырып, аударма процесіндегі негізгі принциптерін талдау. Аударма ғылымының қалыптасу және даму тарихына кішігірім шолу жасау. Ауызша аудармамен қоса, жазбаша аудармамен де айналысу. Онымен қоса міндеттерім де бар:
- лингвистикалық және аударма пәндері бойынша теориялық білімдерін кәсіби қызметте қолдану арқылы бекіту;
- жазбаша аударма пәні бойынша (ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару) практикалық сабақтарда меңгерген кәсіби дағдыны жетілдіру;
- шет тілінен (ағылшын) қазақ тіліне жазбаша аудару аясында кәсіби аудармашылық қызметті жүзеге асыратын озық тәсілдерді меңгеру;
- аудармашының кәсіби маңызды қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беру;
- ғылыми, жалпы саяси және бейінді-тақырыптық мәтіндерді жазбаша аудару саласында кәсіби тәжірибені жинақтау;
Аударма машинасы және адамКөп материалдарды зерттеу барысында мен аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе ол машиналардың көмегімен аударма жасау жүйесі екендігін білдім. Тез арада басып шығаратын электронды- есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатқан болатын. Барлық аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының орнын басты. Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш қиындықсыз атқарады деген сенім болды. Алайда уақыт өте келе машинамен аударылған аудармалардың негізгі мәселелері (проблемалары) оның есте сақтау қабілетімен байланысты емес екендігі анықталды. Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам аударманы қалай сәтті жасйды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады, өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмеген еді. Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеумен айналысты, осы жерден машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді. Ал мен практикадан өтіп жатқан мекеме, қазақ тілі мен әлем тілдері арасында аударма жасау, заңдастырумен айналысады. Негізгі мақсаты бәсекеге төтеп беруде алдына жан салмайтын білімді, әрі сауатты аудармашыларды дайындау болғандықтан, оқу мен білімге аса қатты мән береді.
Менің ойымша, тәжірибеден өту бұл болашақ маман ретіндегі ең алғашқы, әрі маңызды қадам. Тәжірибе барысында өзіңді қалай көрсете білсең, болшақтағы беретін нәтижең соған ұқсас болады. Тәжірибе оқу жылында өткен барлық тақырыптардың қорытындысы ретінде саналады. Ал, аударма ісі мамандығының орындалуға міндетті шарты - тәжірибенің нақты, сапалы әрі белсенді өтуі болып табылады. Теориялық база мен тәжірибелік қабілеттерді тоғыстыратын өндірістік тәжірибе болашақ маман өмірінде маңызы зор. Ол оқудағы көмекші процестің түрі болып табылады, оның барысында өндірісте теориялық білім бекітіледі. Практика өз бетінше өндірістік қызметке мамандарды дайындау үдерісіндегі соңғы кезең болып табылады және де болашақ маман иесі ретіндегі өмірдің дәмін сезінуге мұрша береді.
1-БӨЛІМ. Аударма теориясының қалыптасуы Аударманың даму тарихы, В. Н. КомиссаровАударма дегеніміз- кейбір аспектілері әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәндері бола алатын күрделі, көп қырлы құбылысы.
Адамдар аударма жасаумен өте ерте кезден бастап айналыса бастаған, сол кездің өзінде-ақ олар басқа тілдерде сөйлеушілермен қарым-қатынас орнату мен оларды түсінісудің қажеттігін жақсы ұғына білген. Алайда, алғашқы қауымының тілі бір болмағаны айғақ. Осындай жағдайда адамдардың түрлі топтары арасында қарым-қатынас орнату үшін тез түсінетін, жылдам ойлай алатын, есте сақтау қабілеттері жақсы, сөйлеушіні түсініп, оның айтқанын аударып бере алатын адамдар болғаны белгілі. Осылайша, аударманың бастапқы қарапайым түрі жазу пайда болғанға дейін шыққандығын болжауға болады. Олай болса, аудармашылықты ең көне кәсіптердің бірі деп есептеуге негіз бар.
Белгілі Ресей аударматанушысы В. Н. Комиссаров «Современное переводоведение» атты еңбегінде төмендегідей қызықты деректер келтіреді: Аударманың мыңжылдық тарихы бар екендігіне көптеген деректер куә. Ежелгі Вавилон мен Ассирияда әміршінің айтқандарын бағынушы халыққа жеткізетін аудармашы топтары болған. Жалпы, тілдері бөлек халықтарды жаулап алу нәтижесінде пайда болған ежелгі империялар аудармашылардың көмегінсіз құрылуы мүмкін емес еді. Ал Ежелгі Египетте көрші елдермен байланыс орнату үшін аудармашыларды даярлайтын арнайы мектептер болған. В. Н. Комиссаровтың ғылыми болжамы бойынша, алғашқы қауымда өзге диалектілерді зерттеудің алғашқы ұстаздары мен мамандары әйел адамдар болса керек. Тұтқынға түскен немесе басқа тайпа өкіліне тұрмысқа шыққан олар еріксіз басқа тайпа тілін үйренуге мәжбүр болып, қарым-қатынас пен өзара түсіністік орнату мақсатында делдал аудармашы қызметін атқарған. Сонымен қатар, олар балаларын да өздерінің ана тіліне үйреткен. Сөйтіп, оларда алғашқы қостілділік қалыптаса бастаған. Аудармашылық қызмет әртүрлі тілдерде сөйлейтін қоғамдастықтағы адамдардың арасындағы қажеттіліктің негізінде туындады. Мұндай қарым-қатынастың аясы әртүрлі болды: сауда-саттық, саясат, елшілік, мәдениет және т. б. Осы байланыстардың дамуында Александрия, Рим, Иерусалим, Константинополь, Самарқанд және көптеген басқа да қалалар үлкен рөл атқарды. Бұл аймақтады экономикалық және саяси себептерге байланысты әртүрлі халық өкілдері мекендеді. Оларға арнайы делдалдар, яғни аудармашылар қызмет көрсетті. Аудармашылық қызметтің көне жәдігерлері Месопотамия қалашығынан (бірнеше тілдегі сөздердің тізімі берілген қыш тақтайшалардағы кестелер), Көне Мысырдан (аудармашылардың іс-әрекеттері бейнеленген тастағы барельефтер) табылған.
Жазу пайда болғаннан кейін ауызша «тілмаштарға» ресми, діни және іскери сипаттағы мәтіндерді жазбаша тәржімелейтін аудармашылар қосылды. Ежелден-ақ аударма адамдардың тіларалық қатынасын жүзеге асыра отырып, маңызды әлеуметтік рөл атқарған. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдени мұрасына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Аударма ғылымының алғашқы теоретиктері аудармашылардың өздері болды. Әр кезеңнің аудармашылары өздерінің «тәржімелік ұстанымдары» туралы баяндағаны белгілі, дегенмен, олардың айтқан ойлары ғылымның қазіргі талаптарына, дәлелдеріне жауап бермесе де, бірізді теориялық тұжырымдамаға жүйеленбесе де, сондай бірқатар ойлар қазіргі таңда қызығушылық тудырып отырғаны сөзсіз. Грек-рим өркениеті кезеңінде алғаш рет аударманың негізін құрайтын кейбір ұстанымдары анықталып, оның ағартушылық қызметі таныла бастады. Көне дәуірден бастап аударма Еуропа, Таяу және Орта Шығыс, сондай-ақ Үндістан өркениеттерінің арасындағы делдал пайда бола бастады. Кейінірек ІX-X ғғ. көне грек және ислам өркениеттерінің арасындағы делдал қызметін Бағдаттағы аудармашылық мектеп атқарды. Ал XІІ-XІІІ ғғ. Испанияда арабша аудармалар жасала бастады. Бұл дәуірде негізінен медицина, математика, астрономия бойынша трактаттар аударылды. Аталған кезеңдерде көбінесе аударманың екі түрі орын алған. Олар: 1) сөзбе-сөз аударма - аударма тілінің ерекшеліктерін ескерместен, түпнұсқаны өзге тілде көшіруге; 2) еркін аударма - өз тілінің талаптары мен нормаларын қадағалауды көздеп, түпнұсқаның мәнін, «рухын» жеткізуге негізделеді.
Діни мәтіндерді аудару барысында бұрмалаушылықтың орын алуы ықтимал немесе тілдер арасындағы өзгешеліктер сөзбе-сөз аударманың пайда болуына түрткі болған еді. Еркін аударма діни емес мәтіндерді аударуда жиі қолданылды. Оның міндеттерінің теориялық тұжырымдарын грек тілінен латын тіліне аударушы Цицеронда (б. з. д. І ғ. ), Библия мәтінін ежелгі еврей түпнұсқасынан латын тіліне аударуды жүзеге асырушы Иеронимде (б. з. д. ІҮ ғ. ) кездеседі. Кейініректе Рожер Бекон (ХІІІ ғ. ) мәтін мазмұнын дұрыс беруге мүмкіндік беретін түрлі тілдер мен ғылымды білу негізінде ғана аудармаға саналы түрде келу талабын ұсынды. Сөзбе-сөз аударманы шеттетіп, мәтін мазмұны бойынша аударуға жоғары баға беретін осы сияқты пайымдаулардың арқасында аудармаға сыни пікірлер пайда бола бастады, бұдан былай ол күрделі тұжырымдардың бастамасы болды.
1. 2 Зерттеушілердің еңбектері және аудармаға байланысты көзқарастарыАударманың қоғамдағы мәні, және аудармашылық іс-әрекеттің масштабының кеңюі зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Аудармашы өз жұмысында үнемі әртүрлі варианттағы қиыншылықтармен кезігіп отырды. Осындай қиындықтарды жеңу туралы өз ойларын түсіндіруге тырысты. Мұндай тұжырымдама аударма принциптері түрінде қалыптасып отырды. Сөйтіп, аударманың бірінші теоретиктері аудармашылардың өздері болды. Олар өздерінің жеке тәжірибелерін таратуға тырысты.
Мәселен, тіпті көне дәуірдің аудармашылары аударманың түп нұсқаға жақындық деңгейі туралы мәселені кеңінен талқылаған. Көне аудармаларда оригиналды сөзбе- сөз көшіріп аудару орын алды. Ол кейде аударманы түсінуге қиындық келтіретін болған. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар еркін аударма жасаудың құқығын нормативтік теория жағынан негіздеуге тырысты. Онда жақсы аударма дегенге жауап беретін бірнеше талаптар айтылды.
Француз гуманисті, ақын, аудармашы Этьени Доле (1509-1546) аударманың төмендегі 5 негізгі принциптерін басшылыққа алуы тиіс деп санады. Олар:
- Аударылатын мәтіннің мазмұнын және автордың айтайын деген ойын толықтай түсіну;
- Аударылатын екі тілді жетік білу;
- Сөзбе- сөз аударудан бас тарту;
- Аударма сөйлеудің жалпы қолданылатын формасын қолдану;
- Сөздерді дұрыс таңдап, дұрыс орналастыру;
1790 жылы ағылшын аудармашысы Тайтлер А. өзінің «Аударма принциптері» деген жұмысында аудармаға төмендегідей талаптарды ұсынды:
- Аударма оригиналдың идеясын толық беруі тиіс;
- Аударманы берудің стилі мен манерасы оригиналдағыдай болуы керек;
- Аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс;
Мұндай талаптар қазір де мәнін жоғалтқан жоқ. Сөзбе- сөз аудару мен еркін аударуды жақтаушылардың арасындағы талқылау Ресейде де болды. Орыс аудармашылары Вяземский П. А және әсіресі Фет А. А сөзбе- сөз аударуды жақтады, бірақ белгілі әдебиетшілер және аудармашылар Карамзин Н. М, Жуковский В. А аудармада аудармашылар оригиналды сақтай отырып, еркін өз бетінше шығарма жасау құқығын жақтады. Әсіресе олар өлеңдерді аударуда еркіндікті талап етті. Жуковскийдің мынадай қанатты сөзі кеңінен белгілі: «Прозада аудармашы- құл, ал өлеңде қарсылас». Аударманың осы бір- біріне қарсы екі концепциясы XX ғ. - да болды. Ол кездегі ұсынылған аударма принциптері негізінен аударма практикасына сүйеніп жасалып отырды. Олар аударма әрекетінің мәнін ашатын қандай да бір ғылыми теориясына сүйенген жоқ. Олар аударманың жеке, немесе жеңіл аспектілерін қозғап отырды. Ағылшын зерттеушісі Сэвори Т. әртүрлі авторлар ұсынған аударманың негізгі талаптарын қосып төмендегідей талаптар ұсынды:
- Аударма оригиналдың сөзін беруі керек;
- Аударма оригиналдың ойын беруі тиіс;
- Аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс;
- Аударма аударма тәрізді оқылуы тиіс;
- Аударма оригиналдың стилін беруі керек;
- Аударма аудармашының стилін беруі керек;
- Аудармада алып тастау, қосу болу керек;
- Өлеңдерді проза түрінде аудару;
- Өлеңдер аудармада өлең түрінде берілуі тиіс;
Мұндай аударма әрекетінің керектігіне аудармашылардың өздері қарсы болды. Себебі аудармашылар бағынуға тиіс қандай да бір аударманың нормасы мен ережелері, аудармашылардың шығармашылық еркіндігіне шек қоятын еді. Олар аударма теориясы мен ғылымын, аударма өнеріне қарама- қарсы деп қабылдады. Аударма теориясы туралы ұғым болмаса да, аударма шедеврлерін жасағанын және жасап жатқанын көрсетті. Олар аударма деген- өнер, ешқандай аударма туралы ғылым мүмкін емес деп санады. Бірақ, аударма өнері аудармашының тікелей психологиясына байланысты. Оның аударма процесін меңгеру қабілетіне, аударма барысы мен нәтижесіне әсер ететін барлық факторларды ескеріп, тілдік құралдарды дұрыс таңдап, толыққанды аударма мәтінін жасай алу қабілетіне байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz