Микроорганизмдердің ауада таралуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Білім және Ғылым Министрлігі

Алматы Технологиялық Университеті

Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі кафедрасы

Тағам Технологиялар Факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: « Суда тіршілік ететін микроағзалар. Ауадағы микроағзалар. »

Орындаған: Төреқұл А. Сейдазым Д. Серғали А.

Топ: ССиМ 21-15

Қабылдаған: Нукенова С. А.

Алматы, 2023ж.

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Микроағзалардың суда таралуы . . . 4

2. Микроағзалардың ауада таралуы . . . 7

3. Микроағзалардың топырақта таралуы . . . 9

Қорытынды . . . 10

Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 11

Кіріспе

Микроорганизмдер, микробтар - тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А. В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы - микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.

Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әртүрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, 70 - 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH<1, 0) немесе сілтілі (рН 9, 0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25 - 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын микроорганизмдер белгілі. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т. б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай микроорганизмдерді - ауксотрофтар деп атайды. Көптеген микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын (ақуыздар, көмірсулар, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектер) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер) . Микроорганизмдер табиғатта - топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Микроорганизмдер фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағы молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы қазбалардың (мысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микроорганизмдердің практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әртүрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т. б. ), адам шаруашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады.

1. Микроорганизмдердің суда таралуы

Мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдердің суларында микроорганизмдердің көптеген түрлері кездеседі. Ал жер асты сулары мен артезиан суларында микробтар тіптен болмайды деп айтуға болады. Су микрофлорасы олардың биологиялық ластану деңгейіне және өзен арналарына жіберілетін сарқынды суларды тазарту сапасына байланысты болып келеді.

Өзендер, көлдер мен тоған суларында кездесетін микроорганизмдер аутохтонды (қалыпты тіршілік ететін) және аллохтонды (ластану кезінде сырттан түсетін) деп екі топқа бөлінеді.

Аутохтонды микрофлора деп суда әрдайым тіршілік ететін және көбейетін микроорганизмдердің жиынтығын айтады. Бұлардың қатарына Micrococcus candicans, Micrococcus roseus, Sarcina litea, Bacterium aquatilis communis, Pseudomonas fluorescens, Chromobacterium violaceum және Proteus пен Leptospira туысының көптеген түрлері, зең саңырауқұлақтар жатады. Сонымен қатар ластанбаған су қоймаларынан анаэробты микроорганизмдердің арасынан Bacillus cereus, Mycoplasma mycoides, Chromobacterium violaceum және Clostridium туысына жататын бактерияларының кейбір түрлерін бөліп алуға болады.

Аллохтонды микрофлора - суға кездейсоқ түсіп, қысқа мерзім тіршілік ететін микроорганизмдердің жиынтығы. Мұндай микроорганизмдердің мөлшері ашық су қоймаларының типіне, ластану дәрежесіне, метеорологиялық жағдайлардың ауысуына, жыл мезгіліне және тағы басқа әсерлерге байланысты болады.

Судағы микроорганизмдердің басым көпшілігі зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. Олар жануарлар мен өсімдіктерден бөлінген органикалық өнімдерді ыдыратып, суда тіршілік ететін басқада организмдерді қоректік заттармен қамтамасыз етеді.

Өзен суларын негізінен тұрмыстық және өндірістік қалдықтар ластайды. Көлдер, тоғандар мен сазды суларда микроорганизмдер онша көп болмайды. Ашық су қоймаларына микробтардың басым бөлігі топырақтан түседі. Сондықтан микроорганизмдер көлдер, тоғандар мен өзендердің жағалауларында көп мөлшерде кездеседі.

Суда белгілі микробтардың барлық топтары тіршілік етеді. Олардың ішіндегі ең көп бөлігі бактериялардың үлесіне тиеді. Себебі бактериялардың цитоплазмалық мембранасы жасушаның тіршілігіне қажетті қоректік заттарды өткізіп отыратын қабілетті иеленген. Осы қабілеттілікке байланысты олар өте аз мөлшердегі қоректік субстраттарды сіңіріп, органикалық заттарды синтездей алады. Бактериялар судағы органикалық және минералдық заттарды тотықтырып, су қоймаларында өтетін маңызды биологиялық процестерге қатысады. Сонымен қатар бактериялар су қоймаларындағы күкірттің алмасуын жүзеге асырады және олардың арқасында су түбінде пайдалы қазбалардың жиналуына мүмкіндік береді. Микроорганизмдер суға түскен органикалық заттарды минералды қосылыстарға дейін тотықтырады.

Микроорганизмдермен, соның ішінде патогенді микробтармен ластанған сулар пайдалануға жарамсыз болып табылады. Сондықтан кез келген су көздеріне санитарлық-микробиологиялық бағалау жүргізіліп отыруы қажет. Топыраққа қарағанда судың өздігінен тазаруы айтарлықтай төмен болып келеді. Мұндай су қоймаларда патогенді микроорганизмдер ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, онда көбейеді.

Су қоймаларының өздігінен тазаруы бірнеше факторларға байланысты: 1) судың жылдам ағуынан, ондағы органикалық заттардың мөлшері азаюынан; 2) күн сәулесінің бактериоцидті әсерінен; 3) микробтардың әсерінен органикалық қосылыстардың минералдануынан; 4) қоректену тізбегінің болуынан: бактерия - қарапайымдар - жәндіктер - балықтар мен жануарлар - адам; 5) лайлы жердегі қатты бөлшектермен адсорбциялануынан; 6) өсімдіктердің беткейіне адсорбциялануынан; 7) өсімдіктер фитонциттерінің әсерінен болады.

Судың биологиялық жолмен тазаруы. Қандай да болмасын судың өзіндік бір биологиялық «қауымы» болады. Бұл «қауым» тұрақты болмайды. Осыған байланысты ол биологиялық топтарға ажыратылады. Олар судағы органикалық заттардың өзгеруіне байланысты организмдер «қауымы» бір-бірімен алмасып отырады. Міне осы жағдайға байланысты әрбір судың ластану дәрежесі анықталады, яғни олар жеке сапробтық аймақтарға ажыратылады. Осы сапробтық аймақтарға қарай отырып, ондағы тіршілік жағдайларын анықтауға болады. Мұнда «сапробтық» деп белгілі бір дәрежеде минералданған және қажетті концентрациялы органикалық заттары бар, белгілі бір организмдер ғана тіршілік ететін судың жинақталған физиологиялық ерекшеліктерін айтады. Осы ерекшеліктерге байланысты кез келген суда сапробтық аймақтардың белгілі бір ретпен алмасып отыратынын байқау киын емес.

Полисапробтық немесе өте ластанған аймақ. Мұндай су өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарына бай келеді. Суда протеин, еріген қанттар, пектин заттары, клетчатка және басқа да қосылыстар көп болады. Осы аймақта анаэробты шіру процесі өте күшті жүреді. Әрине, тіршілік ететін организмдер де органикалық заттардың көп мөлшеріне, олардан бөлінетін көмір қышқыл газына, метанға, күкіртсутегіне аса төзімді болады. Айтылған протеин, клетчатка заттары бұл аймақта шіру процесіне ұшырайды. Оттегі болмайды. Сондықтан да мұнда анаэробты бактери¬ялар көп. Мәселен, 1 мл суда бір миллионға жуық бакте¬риялар кездеседі.

Мезасапробтық аймақ. Бұл аймақта органикалық заттардың минералдануы тоқталмай жүре береді. Бірақ мұндағы протеин заттары мен көмірсулар құрам бөліктеріне ажыраған күйінде болады. Сондықтан да тотығу процесі жүріп жатады. Әсіресе, аммиактың азот қышқылына дейін тотығуы өте қуатты жүреді. Органикалық заттардың қалғаны көмір қышқылына айналады. Су¬дың бұл аймағының 1 мл-нен 100 мыңдай бактерияны кездестіруге болады.

0лигосапробтық аймақ. Ол органикалық заттарға кедей, ірі организмдері өте аз, таза су. Бұл аймақтағы судың бір миллилитрінде 10-нан мыңға дейін бактериялар болады. Аммиактың азот қышқылына, күкіртсутегінің күкірт қышқылына дейін тотығуы аяқталады. Тотықтыру процесін жүргізетін - темір бактериялары. Сондықтан олар мұндай аймақтың негізгі санитарлық көрсеткіші болып есептеледі.

Ірі өндіріс орталықтарында, халқы көп қалалы жерде түрлі қалдықтардың көп болуына байланысты су едәуір ластанады. Сондықтан алдын ала тазартылмаған мұндай суды су қоймаларына, өзендерге ағызуға тыйым салынады. Ластанған суды тазартпай өзенге немесе көлге ағызып жіберу жалпы санитарлық-гигиеналық ережелерді бұзғандық болып қана қоймай, қоршаған ортаға да зиян келтіру болып табылады. Табиғи суға қосылатын сарқынды суды міндетті түрде тазарту қажет. Ластанған суды қалыңдығы 2 метрдей болатын топырақ қабатынан баяу өткізу арқылы тазартуға болады. Лас су алдымен шіру процесіне бейім тұратын органикалық заттардан тазарады да, жер асты суына барып қосылады. Саңылаулары мол қалың топырақ қабаты

органикалық түйірлерді механикалық жолмен ұстап қалады. Суды аталмыш жолмен сүзу жұмыстарында ірі түйіршікті құмдақ топырақты және шымтезекті пайдалануға болады.

2. Микроорганизмдердің ауада таралуы

Ауа микробтардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін ең қолайсыз орта болып есептеледі. Ауада су мен топырақ сияқты қоректік заттар болмайды, тікелей күн сәулесінің әсері, құрғақшылық микроорганизмдер тіршілігінің жойылуына көмектеседі. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені деп саналады. Ауадағы микроорганизмдер топырақтағы шаң-тозаңдармен көтеріліп, қайтадан солармен бірге шөгеді. Сондықтан ауадағы микроорганизмдерінің саны мен сапасы негізінен топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты. Микробтардың ауада таралуы әртүрлі жағдайларға тәуелді. Әсіресе қозғалысы күшті, өнеркәсіп орындары, ірі қалалар ауасы микроорганизмдерге бай келеді. Ал керісінше ауыл, село, орман. тау, теңіз және арктика мұздарының бетіндегі ауадағы микроорганизмдердің саны аз. Органикалық заттарға бай өңделген топырақ бетіндегі ауада микроорганизмдер әжептәуір болады. Сол сияқты құмды, аңызақ жел тұратын жерлердің ауасында микробтар өте аз кездеседі. Тіпті бір жердегі ауада жауын жауғанға дейін микробтар көп болса, жауыннан соң олардың саны едәуір азайып кетеді. Ауаның жоғарғы қабатына көтерілген сайын микробтар саны да азая түседі. Е. Н. Мишустиннің зерттеуіне қарағанда Москва үстіндегі 500 м биіктікте әрбір текше метр ауада (1м3) 2100, ал 2000 м биіктікте - 500-700 бактерия кездесетіні белгілі болған. Москвадан 5-7 км-дей қашықтықтағы биіктікте ауа мүлде таза болатындығы айқындалған.

Ауадағы микроорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі күшті әсер етеді. Түссіз бактерияларға қарағанда пигменттері бар түсті бактериялар төзімділеу. Әдетте спора түзбейтін микроорганизмдер төзімсіз болатындықтан, спора түзетіндеріне қарағанда олардың саны да аз болады. Ауадағы микробтар саны коғамдық орындардың бәрінде бірдей болмайды. Мәселен қала маңындағы ауаның бір текше метрінде 200-400-ге дейін бактериялар болса, ірі қалалардың бір текше метр ауасында 4000-1 аралығында микроб кездеседі екен.

Бұдан адамдар мен көліктер көп жүретін жерлерде және мекемелердің маңындағы ауада микроорганизмдер көп болатыны анықталған. Жыл мерзіміне байланысты ауадағы микроорганизмдердің саны мен сапасы да өзгеріске ұшырап отырады. Олардың ең аз болатын мерзімі - қыс, ал көп кездесетін кезі - жаз. Көктем мен күзде олар онша көп болмайды. Қыс кезінде қар жер бетін жауып қалады да шаң-тозаңның көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Ал жаз уақытында жел шаң-тозаңдармен бірге ауаға микроорганизмдерді де ұшырады. Күз бен көктем кезінде жауын-шашын жиі болып, көтерілетін шаң-тозаң азаяды. Сондықтан бұл мезгілдерде ауада микробтар көп болмайды.

Ашық жерлерге қарағанда бөлме мен үй ауасында микробтар біршама көп болады. Мәселен, бөлме ауасының бір текше метрінде 100 мыңға жуық микроорганизм кездеседі. Бөлмеде адам көп болған сайын көтерілетін шаң да көбейе түседі, микробтар саны да артады. Кейбір ауру қоздырғыш микроорганизмдер бөлме ауасына таралып, тыныс алған кезде басқа адамға жұғады. Сондықтан бөлме ауасын желдету арқылы жаңартып тұру, күн сәулесінің бөлмеге жақсы түсуін қамтамасыз ету оның тұрғындарының денсаулығы үшін үлкен маңызы бар мәселе. Ауада микробтар көп болған жағдайда тек ауру тарау қауіпі ғана молайып қоймайды, сонымен қатар бөлмеде сақталатын дәрі-дәрмектердің зең саңырауқұлақтарымен және спора түзуші бактериялармен зақымдануына қолайлы жағдай жасайды. Бөлме ауасын микробтардан тазарту тек санитарлық-гигиеналық жолмен ғана жүргізіліп қоймай, басқа да шаралар

қолданылуы қажет. Мәселен, бұл үшін ауаны ультракүлгін сәуле шығаратын бактерицидті шамдармен өңдеу қазір кеңінен қолданылуда. Әсіресе сұйық дәрі-дәрмектерді дайындайтын дәріханалар аулаларының таза болуына баса назар аударылуы тиіс.

3. Микроорганизмдердің топырақта таралуы

Топырақ түрлі микроорганизмдердің тіршілік ететін табиғи орталарының бірі болып табылады. Микробтар топырақтан суға және ауаға таралады. Микроорганизмдердің белсенді тіршілігінің арқасында топыраққа түскен өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары үнемі ыдырап отырады. Микроорганизмдердің басым көпшілігі қоректік заттары мол, су және ауа режимдері біршама жақсы қамтамасыз етілген топырақта тіршілік етеді. Микробтардың жеке жасушасының салмағы елеусіз болғанымен, олардың 1 г қара топырақтағы жалпы саны ондаған миллионнан бірнеше миллиардқа жетіп, жердің әр гектарының құнарлы қабатындағы жалпы салмағы 5-15 тоннаға дейін жетеді. Топырақта сапрофитті микроорганизмдер спораларының ұзақ сақталатындығы белгілі, ал зардаптылары болса қоректік заттардың жетіспегендігінен спора түзбейді және тікелей түскен күн сәулесінің, құрғақшылықтың, антагонист микробтардың жойқын әсерлеріне ұшырап отырады. Микроорганизмдердің топырақта таралуы жыл мезгілдеріне және географиялық аймақтарына қарай түрліше болып келеді. Топырақтағы микроорганизмдердің саны жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады. Қыста азайып, жазда кайта көбейеді. Көптеген ғалымдар қыс кезінде топырақта тіршілік тежеледі, тіпті тоқтап қалады деген пікірлер айтқан. Ал Н. А. Красильниковтың пайымдауынша қалың қар астындағы топырақта да микробиологиялық процестер үздіксіз жүріп жатады.

Микробтардың басым көпшілігі топырақтың жоғарғы қабатында (5-15 см), өсімдіктерге жақын жерлерде шоғырланады. Топырақтың жоғарғы қабатынан тереңдеген сайын олардың саны азая түсіп, 1-3 м тереңдігінде тіпті кездеспейді. Мәселен, 20 см тереңдіктен алынған 1 г топырақта 5-6 миллионға дейін бактериялар болса, 60 см тереңдіктен алынғандарында не бары 0, 5 миллиондай, ал 1-3 м тереңдіктегі топырақта тіпті кездеспейді. Топырақтың төменгі қабаттарында су және ауа режимдерінің нашарлығынан, органикалық қосылыстардың жетіспеушілігінен онда микро¬организмдер өте аз болады. Сонымен қатар топырақ микроорганизмдерінің басым көпшілігі аэробты. Анаэробты микроорганизмдер аз, негізінен спора түзетін микроорганизмдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық көрсеткіш микрооргагизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Микроорганизмдер генетика жүйесі
Тағамдарды консервілеу әдістері
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Микробиология пәнi және мақсаты, оның қазiргi таңдағы биология, медицина, өнеркәсiпте алатын орны
Орталар құрамы
Қоршаған ортада микробтардың таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz