Деректер қорын жасау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ

Ақпараттық технологиялар факультеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы

6В06103 - Ақпараттық жүйелер мамандығы III курста оқытылатын
шифр, мамандық
КЛИЕНТ-СЕРВЕРЛІК АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҚҰРУ ПӘНІ БОЙЫНША
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы:
ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ ОРТАЛЫҒЫ КЛИЕНТТІК СЕРВЕР ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

Жұмысты орындаған

Курстық жұмыстың жетекшісі
АЖ - 37 тобының студенті

Серикбаева С.К.
топ атауы

тегі, аты, әкесінің аты

PhD, аға оқытушы
Аманкелди Г.

тегі, аты, әкесінің аты

Қолы

Комиссия мүшелері

тегі, аты, әкесінің аты, қолы

тегі, аты, әкесінің аты, қолы

Бағасы

2022 ж.

Астана 2022 ж.
Мазмұны

Кіріспе
2
1.
КЛИЕНТ-СЕРВЕРЛІК АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҚҰРУ
НЕГІЗДЕРІ
4
1.1
Клиент-серверлік технологияны ұйымдастыру
4
1.2
Деректер қорын жобалау
7
1.3
Клиенттік бөлікті жобалау
10
1.4
Деректер қорын ұйымдастырудың прогр аммалық құралын
Таңдау
12
1.5.
Клиенттік қосымшаны ұйымдастырудың программалық құралын
Таңдау

2.
ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ ОРТАЛЫҒЫ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ЖАСАУ
14
2.1
Деректер қорын инфологиялық модельдеу
14
2.2
Деректер қорын жасау
17
2.3
Валюта айырбастау орталығы ақпараттық жүйесін Microsoft SQL
Server ДҚБЖ-де жасау
19
2.4
Клиенттік қосымшаны жасау және оны деректер қорымен
Байланыстыру
21

Қорытынды
26

Қолданылған әдебиеттер
27

Қосымша

КІРІСПЕ

Деректер базасы ақпараттық жүйелердің негізіне айналды және көптеген ұйымдардың жұмыс әдістерін түбегейлі өзгертті. Атап айтқанда, соңғы жылдары мәліметтер базасы технологиясының дамуы өте қуатты және қолдануға ыңғайлы жүйелердің құрылуына әкелді. Осының арқасында мәліметтер базасының жүйелері көптеген пайдаланушыларға қол жетімді болды.
Деректер базасы - бұл экономиканың, өнеркәсіптің, бизнестің және ғылымның әртүрлі салаларында қолданылатын белгілі бір тақырып бойынша белгілі бір жолмен құрылымдалған мәліметтер жиынтығы. Қажетті ақпаратқа қол жеткізу жылдамдығы, оны алу жылдамдығы, бизнесті сәтті жүргізуді анықтайды және тиісті табыс баптарының шығындарын азайтады.
Мәліметтер базасын құруға және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көптеген бағдарламалық өнімдер белгілі, мысалы, MS SQL Server, Access, Clipper, Excel және басқалары.
Біз MS SQL Server бағдарламасын пайдаланып курстық жұмысты ұйымдастырдық.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Валюта айырбастау орталығы - бұнда клиенттермен тікелей байланыс ұйымдастырып клиенттерге қол жетімді валютаны ұсынуға мүмкіндік алады. Мұнда валюта курстары яғни сату немесе сатып алу бағасы көрсетіліп клиентпен тікелей байланыс орната аламыз. Орталықта қол жетімді валюталарды арнайы кесте арқылы көрсетеміз.
Жұмыстың өзектілігі:
Қарастырылып отырған тақырыпта біз басқа мемлекетке жұмыс немесе басқа мақсатта жолға шыққан азаматтарымыз, немесе елімізге келіп жатқан басқа мемлекет өкілдерін әр түрлі валютамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беру үшін қолжетімділікті арттыру болып табылады. Бұл менің ойымша қазіргі таңда өзекті болып саналады.
Жұмыстың мақсаты:
Валюта айырбастау орталығы деректер базасын құру негізінде клиенттерге қажетті валюталармен қамтамасыз ету.
Жұмыс міндеттері:
Әр түрлі критерийлер бойынша ақпаратты таңдау мүмкіндігін қарастыру, ақпаратты енгізу үшін формалар жасау қажет және баспа құжаттарын дайындауға арналған есептер.
Зерттеу пәні
Валюта айырбастау орталығы деректер базасы Клиент-серверлік ақпараттық жүйелерді құру пәні негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыстың нысаны
Деректер базасын құру барысында MS SQL Server нысаны таңдалды. MS SQL Server -- Microsoft корпорациясы әзірлеген реляциялық типтегі дерекқорды басқару жүйесі. SQL-бұл дерекқорды басқарудың тиісті жүйесімен басқарылатын, еркін реляциялық дерекқорда сақталатын ақпаратты құру, модификациялау, іздеу және алу үшін қолданылатын стандартты бағдарламалау тілі. Ол серверлік негізде жұмыс істей алады және үлкен функционалдылыққа ие тіл болып табылады
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі
Курстық жұмыс 6 кестеден, 3 сұраныс, 3 фильтр, әр кесте үшін тиесілі триггерлер және сақталынған процедуралармен функциядан тұрады.
Жәнеде осы MS SQL Server бағдарламасында құрған деректерімізді Visual Studio 2019 көмегімен деректер қорының интерфейсін жасадық.

1. КЛИЕНТ-СЕРВЕРЛІК АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Клиент-серверлік технологияны ұйымдастыру
Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға -- клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.

Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі -- әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған -- оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.
Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.
Сервер-бұл клиенттің өтініші бойынша белгілі бір қызметті қамтамасыз ететін логикалық процесс.
Әдетте сервер сұранысты орындап қана қоймайды, сонымен қатар сұрау ретін, алмасу буферлерін басқарады, клиенттерге сұраныстың орындалуы туралы хабарлайды және т. б.
Клиент-серверден қызмет сұрайтын процесс. Процесс өзінің құрылымының кейбір параметрлері бойынша клиент емес, ол тек серверге
қатысты клиент болып табылады.
Клиент пен сервер өзара әрекеттескенде, сервермен диалогтың бастамашысы, әдетте, клиент болып табылады, сервердің өзі бірлескен жұмысты бастамайды. Алайда, бұл сервер клиенттерге олар тіркеген оқиғалар туралы хабарлай алатындығын жоққа шығармайды. Өзара әрекеттесуді бастау, техникалық қызмет көрсетуді сұрау, серверден нәтижелерді қабылдау, қателерді өңдеу - бұл клиенттің міндеті болып табылады.

1.2. Деректер қорын жобалау
Кестелер:
1) Клиент
(Клиент коды, аты-жөні, қызмет түрінің коды)
2) Қызмет
(Қызмет түрінің коды, атауы)
3) Қызметкер
(Қызметкер коды, аты-жөні, жынысы, туған-жылы, мекен-жайы, телефон, лауазым коды)
4) Лауазым
(Лауазым коды, атауы, міндеті, жалақысы)
5) Валюта курсы
(Курс коды, валюта атауы, сату курсы, сатып алу курсы, валюта белгісі, тиесілі мемлекет)
6) Сатылым
(Сатылым коды, клиент коды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АВТОБЕКЕТ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ
Деректер базасына сұраныс құру
Деректер қоры объектілері
Деректер базасының архитектурасы
«Компьютерлік орталық» деректер қорын құру
Деректер қорын үйлестіру
«Есік-терезе» құрылыс дүкені деректер қорын құру
Деректер қорын логикалық модельдеу
Ақпараттық технологиялар факультеті
Пәндер