Тест жұмысының тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Дocмұxaмeдoв aтындaғы жoғapы пeдaгoгикaлық кoллeдж

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC
Тaқыpыбы: Бастауыш мектеп математикасындағы тест жұмысы мен түрлері

Пән: Математика
Мaмaндығы: 0105104 - Бacтaуыш бiлiм бepу

Орындаған: Беккулова Н. Р.
Ғылыми жeтeкшi: Ибатова Н.Е

Opaл 2023 жыл

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
МAЗМҰНЫ

Кipicпe ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I - БӨЛIМ Тест жұмысы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Тест жұмысының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...11
1.2 Оқушылардың білімін тексеруде тесттің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
II-БӨЛІМ Тесттердің құрылу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1 Тест жұмысының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы тест жұмысын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қopытынды - - - - - - - - ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КIPICПE
Бүгінгі танда жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру ici оқу үрдісінің құрылымы мен көптеген дәстүрлі әдістерін қайта қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі соңғы кезде оқыту мен студенттер білімін тексеруде жаңа технологияны іздеп, енгізуге көп көңіл бөліп келеді. Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады: оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тестер мен олардың айналасындағы материаддар тек ғылымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында білім жүйесін басқару органдары да қызықтыра бастады. Осы факторлар қолданылатын тестердің сапасын көтерумен қатар, олардың бүгінгі пайдалану аймағын да анықтау жүйелерін даярлауға әкеліп отыр. Мұндағы бір айта әкететін мәселе - кез келген бір тестің қолданылу аясы оның мазмұндық технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны. Осыған орай педагогтар пайдалануындағы тест материалдарын топтарға бөліп жіктеу (классификациялау) қажеттілігі туындап отыр.
Мeнiң куpcтық жұмыcымның өзeктiлiгi
Мeнiң куpcтық жұмыcымның мaқcaты:
Куpcтық жұмыcымның мiндeтi :
1.Тест түciнiгi, мaқcaты мeн мiндeттepiн aйқындaу;
2.ҚP-дaғы шaғын жинaқтaлғaн мeктeптepдiң дaму тұжыpымдaмacын icкe acыpу;
3.ШЖМ-тepдeгi пeдaгoгикaлық пpoблeмaлap жәнe oлapды шeшу жoлдapы;
4.Бacтaуыш шaғын жинaқтaлғaн мeктeптeoқыту жәнe тәpбиe пpoцecтepiн ұйымдacтыpу жoлдapын мeңгepту.
Күтiлeтiн нәтижe-
Зерттеу болжамы-
Зepттeу oбьeктici-
Зepттeу әдici-
Зepттeу пәнi-

I - БӨЛIМ ТЕСТ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Осыдан үш жүз жылдан астам бұрын көрнекі педагог Я.А.Коменский оқушылар аз оқып, көп білетін дидактика әдісін табуды армандаған болатын. Коменскийдің негізгі ойы оқушылардың өз бетінше оқуына күш салу болатын,өйткені ең тәжірибелі деген оқушының өзі оны алмастыра алмайды.Қазіргі кезде нақты айқын болып отырған жайт, біз жоғарғы оқу орындарында қаншама қажетті және пайдалы білім бергенімізбен, адам оны үнемі толықтырып отыруға тура келеді; сондықтанда қазіргі педагогикалық және қоғамдық - саяси әдебиеттерде үздіксіз білім алу, мамандықты жетілдіру, өз бетінше білім алу ұғымдары кездесетіні тегін емес.Бұл мәселемен қазақстандық ғалымдар С.Ә.Әбдіманапов, Д.М.Жүсібалиева, С.Кариев, Ж.А.Караев т.б. жаңа ақпараттық оқыту технологияларды оқу үрдісінде қолдану негізінде айқын көрсеткен. Білім саласында болып жатқан реформалар жаңа принципті педагогикалық технологияларды қолдануды талап етеді. Іс - әрекеттің жетістігі нарықтық жағдайда стандарттық емес шешімдерді қолдануын шеберлікпен анықтау, қайсарлық, жігерлік, іскерлік болып табылады. Бұл қасиеттерді индивидуализациялық және дифференциациялық оқытуда, қызығушылықты есепке алмау да, оқушылардың бейімділігін және қабілеттілігін ұйымдастыруы қиынға түседі. Аталмыш мәселені шешу жеке адам даралығының ізденуін ашуын қажет етеді. Батыстың білім жүйесінің тәжірибесінде, оқу - тәрбиелік процессте кең таралуын тапқан тестілеу практикасына көп көңіл бөлінеді. Дәстүрлі бағалаудан және оқушылардың білімін бақылаудан тесттер оқытудың нәтижесін объективті өлшеумен оқшауланады, сондықтан оқытушының субъективті емес пікіріне бағытталмай, эмпирикалық критериялардың объективтілігіне бағытталады. Тест (ағылшын сөзінен-тексеру, тапсырма)-бұл тапсырмалар жүйесі, білім меңгеруінің деңгейін өлшеуді, анықталған психологиялық қасиеттер дәрежесінің, жеке адамның ерекшелік қабілеттілігінің дамуын рұқсат етеді. Оқушылар білімін, білігін және дағдысын тексеру-оқыту үрдісінің маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде білім беру және тәрбиелік маңызы зор. Оқушылар берілген білімді пысықтап, оның оқушылар жадында жатталуына бірден - бір себеп - тест орындау. Тест арқылы оқушылар берілген сұрақтың жауабын тез жаттап, естеріне тез сақтайды. Ескеретін жағдай тестілердің біркелкі болмауы. Оқушыларды жалықтырмау үшін тестілердің түрлерін ерекшелендіріп отыру тиімді.
Тест ағылшын сөзі - сынақ, байқау деген мағынаны білдіреді де, белгілі тапсырма беру арқылы оқушылардың ақыл ой сапаларын сынап көрсететін әдіс. Ең алғаш рет тестті оқушылардың білімін тексеру үшін ағылшын педагогы Дж.Фишер 1864 жылы қолданған екен. Қазіргі тәжірибеде математика сабағында тестілеу әдісін қолдану тиімді, пайдалы, әрі нақты өлшемнің бірі болып тұр. Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбилеуге көп көмегін тигізуде. Бұл әдіс арқылы мұғалім артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге мүмкіндік алады. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Оқушылар да өз білім деңгейлерін көре алады, өздеріне - өзі бақылау жасай алады. Ата -аналар да өз балаларының білімін бақылау мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Тестілеудің ерекшеліктері:
Оқушы өзін өзі бақылайды, бағалайды, кемшіліктерін анықтайды.
Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге жеткізеді.
Нәтижесі тікелей белгілі болады.
Барлық оқушыға бірдей талап қойылады.
Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады, әрі оқутышының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.
Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған материал тегіс қамтылады.
Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым -педагогтар, тест - оқушылардың өз өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу - білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр.
Тест - сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сандарды айтады. Оқытудың коммуникативтік әдісінің енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Жалпы алғанда тест: педагогикалық тест, психологиялық тест, профессионалдық тест, т.б. бөлінеді. Лингводидактикалық тест - педагогикалық тесттің бір бөлігі ретінде, сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лигводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып: біріншіден - өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден - алған білімдерін тәжірибеде, күнделікті өмірде қолдана білу мақсатында жүргізіледі.
Тест әдісін жүргізу баспалдақты жүйе негізінде жүзеге асырылады:
А) тест жүргізудің дайындық кезеңі;
Ә) тест өткізу кезеңі;
Б) тест тапсырмаларын қорытындылау, бағалау кезеңі.
Тестілеудің артықшылықтары:
Тестілеу барынша сапалы және объективті бағалау әдісі болып табылады, өткізілуі стандартты түрде, жалпы білім тексеріледі. Оның объективтілігі -сапасын көрсету жолымен жүзеге асады. Тестілеу - барынша әділ әдіс болып табылады, себебі тестілеу кезінде, әсіресе бақылау және бағалау үрдісінде барлық оқушылардың жағдайы бірдей болады да, мұғалімнің субъективтілігіне жол берілмейді.
Тесттер - барынша әмбебап болып табылады, себебі тестілеуде курстың барлық тақырыптары бойынша тапсырмалар берілуі мүмкін, ал ауызша емтиханда 2 - 4 тақырып қана алынатын болса, жазбаша емтиханда 3 - 5 тақырып қарастырылады. Осылайша, тестілеу арқылы оқушының курстың барлық тақырыптарын қалай меңгергенің байқауға болады. Тестілеу арқылы оқушының жалпы пәнді немесе бөлек тақырыптарды қалай меңгергенің анықтауға болады. Тест барынша нақты құрал болып табылады, мысалы 20 сұрақтан тұратын тесттің бағалау көрсеткіші 20 бөлімшеден тұрады, ал біз қолданатын бағалау көрсеткіші тек қана 4. Ол уақытта тиімді қолдануға, үлкен көлемді мазмұнды қамтуға, оқушылармен тез екі жақты байланыс орнатуға, материалды игеру нәтижесін анықтауға, жіберілген қателерді түзетуде назар бөлуге және қажетті түзетулер енгізуге көмектеседі. Тест түрінде бақылау топтың оқушыларын бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді және тәртіпке келтіреді.
Тестілеудің кемшіліктерi:
Тесттік сұрақтарды құрастыру, топтастыру ұзақ үрдіс. Барлық пәндер бойынша стандартты тестер жоқ, бар болған да сапасы дұрыс емес. Тестілеу кезінде алынатын мәліметтер бойынша біз оқушының қандай тараулардан ақаулау бар екенін анықтай алсақ та, ақаулардың себебін анықтай алмаймыз. Тест білімінің жоғары, продуктивті, шығармашылық, әдістемелік деңгейін тексеруге, бағалауға мүмкіндік бермейді. Тестте көп сұрақтардың қамтылуы уақыттың жетпеуіне, асығуына байланысты кемшілік туғызады. Тестілеуде кейдейсоқтық элементтер бар. Мысалы, оңай сұраққа жауап бере алмаған оқушы күрделі сұраққа жауап бере алады. Бұған себеп, бірінші сұрақта байқаусыз қате жіберілсе, екінші сұрақта жауапты ойланып табуға болады. Бұл жағдай тестің нәтижесін бұраламайды және оларды талдау кезінде есепке алудың қажеттілігіне әкеп соғады.
Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар:
Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы.
Тест жұмысының тарихы
Тесттік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басаталады. Б.з.д ІІІ ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақты өткен адам 2 - ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда, Спарта да жүргізілген. Сынақтардың түрлері Қытайда чань - буддизм мектептерінде кең қолданылған, онда жұмбақтар, ребустар, психологиялық жағдайлар арқылы сынақтар жүргізілген. Бұл мектепте ойлануға уақыт бермей қолма - қол жауап беру қолданылған. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестті ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.
XIX ғасырда жалпы білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өзгерістер пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушылардың бірі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Ол өзінің бақылау ізденіс жұмыстарын 1884 - 1885 жылдарында жүргізді. Тест термині кеңінен таралуы американдық психолог Дж. Кеттелдің Интеллектуалдық тестілер мен өлшемдер деп аталатын мақаласынан кейін кең өріс ала бастады. Тестілерді алғашқы болып білім беру жүйесіне кеңінен пайдаланудан, француз психологы А.Биненің интеллектуалдық дамуы төменгі дәрежедегі балаларға арнап таңдаған тестілері сериясын (1904 ж.) айтуға болады. Сосын АҚШ-тағы (Стенфорд университетінде) осы әдістеменің негізінде JQ коэффициенті ұсынылған болатын. Қазіргі заманғы талапқа сай (1986) редакцияланған нұсқасында ол бүгінгі күні де кеңінен қолданылып жүр.
Жалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШ - та жақсы дамыған. Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды. Тест технологиясының білім сапасына әсері: білім беру жағдайын талдауына қажет оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі (адамның қатысуынсыз алу), кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы. Тесттер оқушының білім дәрежесін анықтау ісінде субъективтік элементтің болмауын қамтамасыз ете алады, себебі бұл орайда бүкіл ic дұрыс және дұрыс емес жауаптарды есепке алуға және осы мәліметтерді статистикалық түрғыдан саралауға ғана негізделген. Тестерді қолдану оқушылардың нақтылы мәселелер бойынша білім деңгейін, сол сияқты оларда іскерлік пен дағдының жекелеген түрлері қалыптасуы дәрежесін сипаттайтын мейлінше ауқымды материалды тез арада есептеу және саралау шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Солай бола тұрса да, тестілеу дегеніміз оқушылардың үлгерімін тексерудің мейлінше қарабайыр, негізінен алғанда механикалық әдісі екендігін ұғынбау мүмкін емес. Тестер әсіресе олардың дұрыс жауапты таңдап алуды қажет ететін түрлері көмегімен оқушының белгілі бір пәннен бағдарлама көлеміндегі білімін жүйелі, толық бағдарлауға мүмкіндік туғызады, негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір - бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының логикалық ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрді өндеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуде компьютерді қолдану оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін - өзі бақылауын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады және бұл технология оқушы жауабын таңдау принципіне немесе өте қысқа да нұсқа жауаптар (сандар түріндегі немесе әріптер түріндегі) алу принципіне негізделген.

Оқушылардың білімін тексеруде тесттің маңыздылығы
Тесттер оқушының білім дәрежесін анықтау ісінде субъективтік элементтің болмауын қамтамасыз ете алады, себебі бұл орайда бүкіл ic дұрыс және дұрыс емес жауаптарды есепке алуға және осы мәліметтерді статистикалық тұрғыдан саралауға ғана негізделген. Тестерді қолдану оқушылардың нақтылы мәселелер бойынша білім деңгейін, сол сияқты оларда іскерлік пен дағдының жекелеген түрлері қалыптасуы дәрежесін сипаттайтын мейлінше ауқымды материалды тез арада есептеу және саралау шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Солай бола тұрса да, тестілеу дегеніміз оқушылардың үлгерімін тексерудің мейлінше қарабайыр, негізінен алғанда механикалық әдісі екендігін ұғынбау мүмкін емес. Тестер әсіресе олардың дұрыс жауапты таңдап алуды қажет ететін түрлері көмегімен оқушының белгілі бір пәннен бағдарлама көлеміндегі білімін жүйелі, толық бағдарлауға мүмкіндік туғызады, негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір - бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының логикалық ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрді өндеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуде компьютерді қолдану оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін - өзі бақылауын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады және бұл технология оқушы жауабын таңдау принципіне немесе өте қысқа да нұсқа жауаптар (сандар түріндегі немесе әріптер түріндегі) алу принципіне негізделген.
Студенттердің де, оқушылардың да білімі мен біліктілігін тексеріп, оның нақты деңгейін дәл, объективті бағалау үшін, тексеру құралын дайындап алған жөн. Яғни тексерілуге тиісті тақырып көлеміндегі сұрақтар, есептік тапсырмалар сараланып - сұрыпталынып алынып, тексеру әдісіне негізделіп нұсқауларға топтастырылады.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында, білімді тексеру мен бағалауға кең көлемде тест әдісі қолданылуда. Осыған байланысты, оқытушы - ғалымдар алдында әрбір оқу пәні бойынша тест қорын жинақтау міндеті қойылуда. Бірақ тесті қолдану ағарту саласының барлық деңгейінде қолдау тапқанымен, оны құру, методикалық түрғыдан жетілдіру тестік блок тапсырмаларымен қамтамасыз ету, дидактикалық материалдар шығару әлі күнге шешімін тапқан жоқ. Тест құру үлкен шығармашылық ізденісті эксперименталдық сынақтарды қажет етеді. Осындай қиындықтан қашан кейбір әріптестеріміздің: "Тест арқылы оқушыларға білім бере алмаймыз", "Тест оқушыларды сөйлеу қабілетін айырады" деген адамдарға айтарым: Әлемнің дамыған елдері мойындаған бұл тәсілді біздің де мойындайтын кезіміз жеткен секілді. Кез - келген білімді тексеру тәсілі (диктант, шығарма, өзіндік жұмыс, бақылау жұмыстары т.б.) оқушыларды сөйлеп үйретуге емес, білімнің нақты деңгейін көрсете білуге негізделген әдіс екенін ескерген жөн. Сонымен тест құрағанда оның сапасына баса назар аударған жөн. Тест сапасы - тапсырма мазмұнымен нақты, дәл жауабы мен жалған пайымдауларға тәуелді. Бүгінгі күнде қоғамының дамуының жетекші бағыттарының бірі - білім беру үрдісін информатизациялау болып табылады. Ол оқу - тәрбиелік үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялау үшін педагогикалық жаңа технологияларды, информатиканың тәсілдері мен құралдарын қолдануын болжайды. Қазіргі информацияланудың өзіне тән ерекшелігі - білім беру өрісіне белсенді түрде кіру, арнайы оқытатын ортаны құруға беттелген оқытудың жаңа технологияларының пайда болуы және дамуы, информациялық өнімді пайдаланатын жаңа тәсілдер мен құралдарды оқу үрдісінің заңдылықтарына сәйкес қолдану болып табылады. Оқытуды информатизациялау деген ұғым оқытуда компьютерлердің пайда болып, кеңінен қолданылуымен тікелей байланысты.
Тесті пайдалану мұғалім үшін мына мәселерді тиімді шешуге көмектеседі:



II-БӨЛІМ ТЕСТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Психодиагностикалық тесттерге ерекше талаптар қойылады. Бірінші талап - тесттің әлеуметтік - мәдени бейімділігі. Ол дегеніміз - тест тапсырмалары мен бағаларының сәйкес келуі. Егерде тест басқа елден алынған жағдайда, зерттелетін адам тапсырмаларды орындау барысында олардың мәдени ерекшеліктеріне мән беруі керек. Мысалы, бір елде құрылған тесттің танымдық құрамында сөздік - логикалық емес, бейнелік және практикалық ойлау басым болып тұрса және ол тест Европада пайда болып, басқа елде қолданылса, онда ол міндетті түрде сол елдің әлеуметтік-мәдени жағдайына бейімделуі керек. Керісінше, ол ортаға икемделмеген жағдайда қолданатын болсақ, біз басқа елдің тұрғындарының ойлауының даму деңгейіне сәйкес келмейтін өте төмен нәтижелер аламыз. Егер де ақыл-ой тестінде практикалық ойлауға арналған тапсырмалар көп болып, оны вербальдық танымы басым елде қолданса, біз ол жерде ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштеріне ие боламыз. Егер тест қайта қолданған жағдайда, алғашқы құрылған кездегіден өзгеше болса, мұндай жағдайда тестті бір-бірімен салыстыру немесе жаңа жағдайға бейімдеу талап етіледі. Әсіресе мұндай жағдай өзге елде құрылып, басқа тілде жазылған бланк тесттерге қатысты. Бір тілден басқа тілге аударма ешқашан нақты болмайды.Ол үшін сөзбе - сөз аударудан гөрі мағынасына қарай аудару нақтырақ болады.
Екінші талап-тұжырымдамалардың қарапайымдылығы мен тест тапсырмалардың бірегейлігі. Бұл талапқа сәйкес сөздік және басқа тапсырмаларды орындау барысында адамдар әртүрлі қабылдайтын нәрселер болмауы керек ( мыс: сөздер, суреттер т.б.).
Үшінші талап-тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт. Тестті орындау үшін 1 - 1,5 сағаттан көп бөлінбеу керек. Өйткені бұдан көп уақыт орындаса, адам өзінің жұмыс істеу қабілетінің жоғары деңгейін сақтай алмайды.
Төртінші талап - тест үшін берілген тест мөлшері. Тест мөлшері дегеніміз -бір топ адамдармен жеке тұлғаның көрсеткіштерін салыстыруды айтамыз. Мұнда жеке тұлғаның психологиялық даму деңгейі бағаланады, яғни мөлшер дегеніміз нақты бір тесттің репрезентативтік орта көрсеткіштері. Тест мөлшері әдеттегідей, зерттелетін адамдардың жасы мен жынысына қарай таңдап алынған тест нәтижелерімен және жасына, жынысына қарай келесі релеванттық дифференциациясы көрсеткіштерінің орташа алынған бағасымен анықталады. Сонымен тест мөлшері дегеніміз - зерттелетін адамға әлеуметтік - демографиялық мінездемелері бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау өткізудің тәртібі
Қазақ әдебиеті сабақтарында тесттерді қолдану жолдары
Жүйке жүйесі қасиеттері туралы түсініктеме. Е. П. Ильиннің психофизиология ғылымына қосқан үлесі
Оқыту нәтижесін тексеру мен бақылауды ұйымдастыру формалары және тексеру мен бақылаудың басқа да әдіс, тәсілдері
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері туралы ақпарат
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Зерттеудің көкейтестілігі
Бағалаудың тарихы
Пәндер