Білім алушылардың эксперименттік жұмысындағы проблемалық оқыту технологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Химия пәнінен оқушылардың эксперименттік дағдыларын проблемалық оқыту негізінде қалыптастыру әдістемесі

ЖОБАЛЫҚ Ж Ұ М Ы С
Орындағандар _____________ Орынбасар Балауса Рысбекқызы
Утегенова Аяулым Нурлановна
Халықова Мадина Керімханқызы
Жоба жетекшісі
т.ғ.к., доцент _____________ Қозыкеева Р.А.

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады. Талапқа сай жаңартылған білім беру жүйесі негізінде, білім берудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу денген сөз. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: жай қалыпты ғылыми-оқу мәселесін, жай қалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа білім беру жүйесін дамытуда. Бұл процесс педагогикалық теория мен оқу процесінің практикасындағы айтарлықтай өзгерістермен қатар жүреді. Осыған байланысты мектеп оқушыларының ақыл-ой белсенділігін ынталандыратын, олардың танымдық белсенділіктерін дамытып, химиялық білімді іс жүзінде қолдануға үйрететін химияны оқытудың формаларын, әдістері мен құралдарын жетілдіруді талап етіп отыр.
Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр оқытушы өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Оқушылардың танымдық іскерліктерін дамыту, оларды өз бетінше ойлана білуге дағдыландару, ой түюге, қорытындылар жасай білуге машықтандыру - қазіргі кезеңдегі оқыту процессіндегі негізгі мәселелер болып отыр. Мұндай жұмыстарды іске асыру үшін оқытушылардың өзі ғылыми ізденіс әдістерінің қыр сырларымен жақсы таныс болуы керек. Оқытушының күнделікті кәсіби шеберлігін арттырып, білімін шыңдай түсуі үшін күнделікті оқып-білу, тәжірибе жинақтау қажет. Осы заманғы сабақ берудің озық технологиясын меңгеру керектігін әрбір оқытушы білуі тиіс.
Проблемалық оқыту әдісін химия пәнінен білім беру кезінде жаңа материалды түсіндіру сабақтарында, жинақтап қорытатын дәрістерде қолдану мәселелік жағдайды белгілеп, оқушылардың оны шешуге деген логикасын дамытып қана қоймай, қарама-қайшылықтар мен олардың пайда болу көздерін табуға, мәселені шешуге әрбір қадамды ойластыруға итермелеу қажет.
Жұмыста проблемалық әдістің келесі деңгейлері зерттелді:
1. Оқытушы мәслені (тапсырманы) өзі қойып және оны оқушылардың белсенді тыңдауы мен талқылауы кезінде шешелетінін қадағалайды.
2. Оқытушы мәселе қояды, оқушылар өз бетімен немесе оның басшылығымен шешім табады. Оқытушы оқушыларды өз бетінше шешу жолдарын іздестіруге ынталандырады (ішінара-іздеу әдісі). Мұнда үлгі басшылыққа алынбайды, ойлау жүйесі дамиды.
3. Оқушы мәселені қойып, оқытушы оны шешуге көмектеседі. Оқушының мәселені өз бетінше тұжырымдау қабілеті тәрбиеленеді.
4. Оқушы өзі мәселені қойып, оны өзі шешеді. Оқытушы тіпті мәселені көрсетпейді: оқушы оны өз бетінше көруі керек, ал оны шешудің мүмкіндіктері мен тәсілдерін көруі, қалыптастыруы және зерттеуі керек.
Жобаның өзектілігі - Ғылым мен техника жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамып жатыр. Соған сәйкес бүгінгі таңда мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.
Жобаның мақсаты - Оқушылардың эксперименттік дағдыларын қалыптастыруда, проблемалық оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі, оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу. Яғни проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың логикалық қабілетін, оқу еңбегіне қызығушылығын арттыру, оқушыларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйрету, сонымен қатар, осы оқыту тәсілі эксперименттік дағдыларын қалыптастыру арқылы берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу.
Жобаның міндеттері:
- әрбір сабақта оқытудың проблемалық әдістерін қолдану, практикалық жұмыстарды орындау кезінде эксперименттік біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі проблемалық оқытудың теориялық негізін анықтау;
-оқушылардың ойлау деңгейлерін психологиялық педагогикалық тұрғыдан анықтау жолдарын қарастыру;
-оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
-түрлі промблемаларды шеше алатын белсенді, өз ерекшелігі бар оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Жобаның қолданылу саласы: Егерде ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі, мақсатты түрде құрылса, проблемалық оқыту тәсілдері арқылы химия пәнінен оқушылардың ойлауын дамытуға, эксперименттік дағдыларын қалыптастыруға болады. Сондай ақ, кез-келген сыныпта, кез-келген пән бойынша қолданылуға да болады, себебі проблемалық оқыту ол, жан-жақты технология болып табылады.
Жобаның маңыздылығы. Егер проблемалық оқыту технологиясын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қолдансақ, оқушылардың саналы ұғынуы өз бетінше ізденуі, таным қызығушылығы арта түседі. Проблемалық оқыту технологиясын сабақ өту барысында тақырыптың мазмұнын ашуға, оқушылардың назарын сабаққа аударуға, ойлау арқылы әрекет етуге және өтілген сабақтың есте ұзақ сақталуына көп көмегін тигізеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдебиетке шолу:

1. Білім алушылардың эксперименттік жұмысындағы проблемалық оқыту технологиясы

Еліміздің болашағы, өскелең ұрпақтың білім мен ғылымды қатар меңгеруіне байланысты болып отыр. Сондықтан, қазіргі білім беру мекемелерінің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі білім алушылардың ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, ғылыми жұмыстармен байланыстыра отырып дамыту болып отыр. Ол әрине жоғары білім сапасымен байланысты. Жоғары білім беру жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және оның ғылыми-зерттеу даярлығын жетілдіру. Осыған орай білім берудің жаңа парадигмасы қалыптасты. Жоғары білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес студенттің ғылыми-зерттеу жұмыс жүргізуіне үлкен көңіл бөлініп, барлық білім беру үрдісі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталып отыр.
Білім алушылардың эксперименттік жұмыстарын тиімді ұйымдастырып, ғылыми-ізденушілік жұмыстарға бағыт беретін жаңа оқыту технологиясының бірі - проблемалық оқыту технологиясы.
Проблемалық оқытудың тарихы зерттеу әдісінің пайда болуымен тығыз байланысты және оны жан-жақты зерттеу 60-жылдары басталды. Психологтар С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Богоявленский, Н.А.Менчинская, А.М.Матюшкин еңбектеріндегі проблемалық оқытудың идеясы мен принциптері және мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде қолдану мәселесі - М.А.Данилова, М.Н.Скаткиннің еңбектерінде көрініс тапқан.Проблемалық оқыту технологиясы мәселесімен, әдіскерлер Кудрявцев Т.В, Вилкеев Д.В, Бабанский Ю.К, Махмутов М.И, И.Я.Лернер сияқты ғалымдар да айналысты.
Жалпы проблемалық оқыту технологиясына көптеген ғалымдар әр түрлі анықтама береді. В.Оконь проблемалық оқыту Проблемалық жағдай тудыру, проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету, ол шешімдердің дұрыстығын оқушылардың дәлелдеуі, оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелендіру және бекіту үрдісіне басшылық жасау сияқты іс-әрекеттердің жиынтығы деп есептеді [1]. Д.В.Вилькеев ғылыми ізденуге негізделген оқыту проблемалық оқыту бола алады деп есептейді. Ғалым И.Я.Лернер проблемалық оқытуды қарастыра отырып, проблемалық оқытудың маңызы Оқушы оқытушы жетекшілігімен жаңа танымдық және тәжірибелік мәселелердің шешімін табуға қатысыуында,- деген [2]. В.Кудрявцев бойынша, проблемалық оқыту дегеніміз теориялық зерттеулер нәтижесін тәжірибеде қолдану және талдау. Мұндай пікірді М.И.Махмутов, Ю.К.Бабанский сияқты ғалымдар да қолдады. Мысалы М.И.Махмутов Проблемное обучение. Основные вопросы теорий деген еңбегінде проблемалық оқытуға мынандай анықтама береді: Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталады және ол оқыту арқылы іске асырылады- деді.Яғни бұдан проблемалық оқыту оқушылардың ой-санасының белсенді жұмыс атқаруы нәтижесінде және оладың ой-өрісін өз бетінше шығармашылық жолмен дамыту нәтижесінде жүзеге асады деген қорытынды жасауға болады. Бұл проблемалық оқыту технологиясы оқушы ой-санасын белсендіретін ең тиімді әдістердің бірі болып табылады.
Сабақта проблемалық оқыту нәтижесінде туындайтын іс-әрекеттің мәні оқушының осы материал негізінде жаңа ақпаратты өз бетімен тауып, оны талдап, іс жүзінде, яғни тәжірибеде қолдана алуымен анықталады.
Жалпы айтқанда, бұл оқушылардың қалыптасқан және алған білімдерін пайдалану арқылы білімді одан әрі жетілдіру, тереңдету және дамыту. Мұғалім оқушыға алған білімдерін жаңа проблемалық жағдаятты шешуде қалай пайдалану керектігін көрсете алмайды және оны кітаптан ала алмайды. Ол тек оқушының өз әрекеті арқылы жүзеге асатын жүйе. Жаңа проблемалық жағдайды шешу үшін оқушының өзі ізденеді, зерттейді, жаңа есептерді анықтайды және шешеді.
Кез келген ізденіс, зерттеу жұмыстарында қиындық жоқ. Мысалы, студент мұғалім берген тапсырманы өз бетінше орындай алады, сонымен қатар ғылыми зерттеулерге белсенді қатысып, оған материалды сұрыптай алады. Бірақ бұл ешқандай мәселені шешпейді. Бұл да оқытудың белсенді түрі болмақ, өйткені оқушылар мұғалім берген білімді өмірде қолданады. Бұл проблемалық оқу әрекеті болуы мүмкін емес. Проблемалық оқу әрекеті - оқушылардың ойлауын шығармашылық жолмен дамыту, білімдерін жетілдіру. Оқушылардың шығармашылық тұрғыдан ойлауын белсендіру танымдық қызығушылықты қалыптастыратын проблемалық жағдайлардың туындауымен байланысты. Проблемалық оқыту дегеніміз - кейбір күрделі және қиын есептерді шешуге қажетті ақпаратты оқушының өз бетінше іздеуі. Осыған байланысты қандай жағдайларда проблемалық жағдай туындайды және оны шешудің жолдары қандай? деген сұрақ туындайды.
Проблемалық жағдай туғызуда мынадай ережеге сүйену керек:
-проблемалық сұрақтарды оқушылардың білмеуі;
-проблемалық сұрақтарды шешуде оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімін пайдалану, ол жетіспеген жағдайда жаңа ұғымдарды іздестіру.

П.И.Пидкастий проблемалық жағдайды құрудың және оны шешудің 5 кезеңін былай көрсетеді:
1. Проблемалық жағдай туғызу;
2. Мәселені шешу жолдарын тауып, өз пікірін білдіру;
3. Қиындық тудырған мәселені талдау, себебін іздеу және оны шешудің ғылыми болжамын ұсыну;
4. Білімді жетілдіру арқылы осы ғылыми болжамдарды негіздеу;
5. Проблемалық жағдайды толық шешу, оған көз жеткізу.
Эксперименттің жалпы нәтижесі проблемалық жағдай келесі жағдайларда туындауы мүмкін екенін көрсетті.
1. Оқушы мәселенің шешімін табу әдісін білмесе, проблемалық сұраққа жауап бере алмаса және жаңа фактіні түсініктеме бере алмаған жағдайда, яғни жаңа ұғымды түсіндіру үшін бұрын алған білімі жеткіліксіз болған кезде проблемалық жағдай туындайды.
2. Проблемалық жағдай студенттің бұрын алған білімін практикада қолдану қажет болғанда, сондай-ақ сол білімін тәжірибеде қолдану үшін білімнің жетіспеушілігі анықталған жағдайда туындайды. Білімнің жетіспейтінін сезінген жағдайда оқушының танымдық қызығушылығы артып, ізденімпаздыққа ынталандырады;
3. Мәселені теориялық тұрғыдан шешуге мүмкіндігі болады, бірақ оны тәжірибеде, іс жүзінде жүзеге асырылуында қайшылық болса, проблемалық жағдай туындайды;
4. Керісінше, мәселені практикалық тұрғыдан шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны теориялық тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік болмаса, проблемалық жағдай туындайды.
Оқу үрдісінде проблемалық жағдай тудырудың дидактикалық негіздері төмендегі 4 түрлі мақсатты іске асыруды көздейді.
1. Қойылған проблемалық сұраққа, мәселеге т.б. оқушының назарын аударту, оның танымдық қызығушылығын ояту;
2. Оқушының ойлау қабілетін белсендіруге ықпал ететін күрделі танымдық тапсырмалар беру;
3. Оқушыға берілген танымдық тапсырманың, мәселенің негізгі түйінін шешуге, қиындықтардан шығу жолдарын іздестіруге көмектесу;
4. Тығырықтан шығудың ең тиімді жолдарын іздестіруге бағыттау.
Яғни проблемалық жағдайлар тудырып, оны шешу дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамытуға, интеллектісі мен зейінін арттыруға мүмкіндік туады.
Эксперименттік жұмыстарда проблемалық оқытудың мән мағынасын ашу үшін дәстүрлі оқыту әдісі мен проблемалық оқыту әдісін салыстырып өткен жөн.
Басқа да педагогикалық оқыту әдістерінен, проблемалық оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі - оқытудың мақсаты жағынан, екіншісі - педагогикалық үрдісті ұйымдастыру қағидасы жағынан. Біріншісі бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде материал дайын күйінде беріледі, оқытушы ең алдымен бағдарламаға мән береді. Проблемалық оқытуда мұнда әдебиеттерде көрсетілген дайын білімді қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Керісінше, сол оқу әдебиеттерінде көрсетілген теориялық мәселелерден туатын жаңа пікірлерді, жаңа ұғымдарды оқушылардың өз беттерімен іздестіру мақсаты қойылады. Жаңа ақпаратты оқушы теориялық және эксперименттік мәселелерді шешу барысында алады. Мұнда оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру көзделеді. Екінші айырмашылық бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде оқушыда әр түрлі қиындықтар мен кедергілер туындайды, ол қиындықтарды жеңе алмайды, себебі оқушы үшін оқытушы жұмыс жасайды, оқушының ізденуіне, тығырықтан шығудың жолдарын іздестіруге оқытушы мүмкіндік бермейді. Оқытушы проблемалық оқыту әдісінде оқу материалын баяндай отырып, оған байланысты бірнеше сұрақтарды оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды. Қойылған мәселені шешу барысында барлық кедергілер мен қиындықтарды жеңіп шығады, себебі оқушы өз бетімен белсенді жұмыс жасайды. Яғни, проблемаларды оқушылардың өздерінің шешуіне жол ашылады.

Проблемелық оқытудың негізгі ерекшеліктері

Проблемалық оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі - теориялық мәселелерден туындайтын жаңа ұғымдар мен пікірлерді оқушылардың өз беттерімен іздестіруі.
Проблемалық оқытудың екінші ерекшелігі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыра отырып, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру,
Проблемалық оқытудың үшінші ерекшелігі теориялық және эксперименттік мәселелер арасындағы байланыс заңдылықтарынан келіп шығады да, дидактиканың оқыту мен өмір тәжірибесі арасындағы байланыс ұстанымымен анықталады. Яғни оқушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіне ие болады.
Проблемалық оқытудың төртінші ерекшелігі оқушылардың әр түрлі үлгідегі өзіндік жұмыстарын тиімді орындауы болып табылады. Оқушылар өзіндік жұмыстарын орындай отырып, бұрыннан қалыптасқан білім қорларын пайдаланады және жаңа білім, білік, дағдыларын меңгереді.
Бесінші ерекшелігі дидактиканың жеке бағдарлы оқыту ұстанымымен анықталады. Әр түрлі қиындық деңгейіндегі оқу проблемаларын әр оқушы әрқалай қабылдайды және оның шешімін әркім әрқалай шешеді. Осыған байланысты бірнеше ғылыми болжам, дәлел, түсінік беріледі де, оқушылар оны салыстыра отырып, өз пікірлерін, болжамдарын дәлелдейді.
Проблемалық оқытудың алтыншы ерекшелігі "ойлауды белсендіру"
Бұл жерде оқушылардың ойлау әрекетін үнемі белсендіріп отыру көзделеді.
Проблемалық оқытудың жетінші ерекшелігі бойынша, оқушылардың "шығармашылық ойлауын" жетілдіру арқылы олардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өзіндік ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру көзделеді.
Проблемалық оқыту технологиясы ерекшеліктерінің ішіндегі алғашқы үшеуі ең маңызды болып есептеледі, өйткені біріншісі - білімнің беріктігін, екіншісі - өз көзқарасын қалыптастыру мен қорғауды, үшіншісі - меңгерген теориялық білімді өмірде қолдана білуді қамтамасыз етеді. Ал қалған ерекшеліктер осы үш ерекшеліктің тиімділігін арттырып, жетілдіре, толықтыра түседі.
Проблемалық оқыту технологиясының көрсетілген ерекшеліктеріне қарай, проблемалық оқытудың түрлері анықталады.

Проблемалық оқытудың түрлері

1.Теориялық ізденіс немесе ғылыми-шығармашылық (ғылыми-зерттеу). Оқушының жаңа түсінік, заңдар, ережелер т.б. ойлап шығарудағы ізденісі және өз болжамын жасау. Оқу проблемаларының теориялық шешімін табу қарастырылады.
2.Эксперименттік ізденіс немесе эксперименттік-шығармашылық. Оқушы меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдан білуі қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде оқушы оқу проблемаларының эксперименттік шешімін іздестіреді.
3. Шығармашылық ізденіс. Оқушы үйреніп білген білім қорын одан әрі дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет. Шығармашылық жұмыстарға эксперименттік зерттеу жұмыстары, ғылыми жобалар, шығарма жазу, әңгіме құрастыру, сурет салу, ән шығару, жоба құрастыру, слайд жасау, т.б. жатады.
Проблемалық оқыту түрлері білім алушылардың шығармашылық белсенділіктерін жетілдіреді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, пәнді проблемалық оқыту арқылы терең білімділіктерін дамытады. Білім алушының ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. Көтерілген мәселе бойынша көпшілік ақпарат құралдары мәліметтерімен, кітапханада, қосымша әдебиеттермен, энциклопедиялық сөздіктермен, т.б. жұмыс істей отырып білім қорларын молайтады. Қозғалған мәселе бойынша бір-бірімен ой бөлісуге, өз көзқарастарын білдіреді, оны дәлелдейді. Проблемалық жағдайларды шеше отырып, оқушылардың өз беттерінше саралау, түсіну, игеру, талдау, баға беруі болып табылады.

2. Химиялық эксперимент, проблемалар және оны шешу жолдары

Білім беру стандартына сәйкес, оқушының білім деңгейіне қойылатын талаптардың бірі, оның эксперимент жасау дағдысын қалыптастыру. Химия сол эксперимент жасауда дағды қалыптастыратын жаратылыстану пәндерінің ішінде теориялық-экспериментті ғылым болып табылады. Оқу бағдарламасына сәйкес химия сабағының 70% демонстрациялық тәжірибемен өтсе, 30-35% химиялық экспериментпен өтеді.
Жалпы мектептегі химиялық эксперимент-құбылыстардың сырын ашудың негізгі құралы. Эксперимент арқылы құбылыста ешбір жұмбақ, жасырын сыр жоқ екеніне, олар да табиғи заңға бағынатыны, ол заңдарды білу химиялық өзгерістерді адамның сарамандық іс-тәжірибелеріне кең пайдалануға мүмкіндік туғызатынына оқушылардың көзін жеткізу. Эксперимент оқыту үрдісінде теорияның тәжірибемен өзара байланысын іс жүзінде, білімді сенімге айналдырады. Эксперимент жүргізу барысында оқушылардың өзіндік дамуы, химияға деген қызығушылығы артады және байқалған құбылыстар мен үрдістерді түсіндіру кезінде оқушы бойында білік пен дағды қалыптасады.
Жалпы мектепте химиялық эксперименттің төрт түрі қолданылады:
-Демонстрциялық тәжірибелер;
-Зертханалық тәжірибелер;
-Сарамандық жұмыстар;
-Эксперименттік есептер шығару;
бұлардың әрқайсысының жеке әдістемелік тәсілдері, соған сай мақсаттары бар.
Демонстрациялық тәжірибелерді көрсету мақсаты-бір құбылысты көрсетіп, дәлелдеп түсіндірумен қатар мектепте бар техникалық құралдарды барынша мақсатты пайдалану. Қазір мектептерде химия кабинеті жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталуда , бірақ осы құралдармен жұмыс жасауда әдістемелік көмек қажет. Себебі, демонстрациялық тәжірибелерді орындауда осы құралдармен ең алдымен оқытушы өзі дұрыс жұмыс жасай білу қажет. Оқытушы көрсеткен тәжірибелерді байқай отырып, оқушылар құбылыстың мәнін түсінумен қатар, құралдың құрылысы, оның бөлшектерінің орналасуы, жеке жұмыстардың орындау реті, жұмысты дұрыс істеу мен құрал-жабдықтарды дұрыс қолдана білу жөнінде түсінік алады.
Көбнесе мектеп жағдайында бірқатар өтілетін объектілерді оқушыларға көрсетуге мүмкіндік бола бермейді. Әсіресе, өндіріс орындарына саяхат жасауға көптеген өндіріс орындарының жұмыстары тоқтауына байланысты. Бұл қолайсыздықты шешуде электрондық оқулықтар, виртуалды зертхана қолдануға немесе бейнефильмдерден үзінді көрсетуге болады. Сондықтанда химия кабинеті қазіргі талапқа сай тұрақты жабдықталған экран, тұрақты қойғыш, оқыту құралдары, жаңа үлгідегі интерактивті тақта, компьютермен жабдықталуы тиіс. Сарамандық жұмысты өткізудің негізгі шарты оған алдын ала дайындық жасау. Яғни, оқушы оқулықтағы жұмыстың сипаттамасымен танысады, тәжірибенің мақсаты, қолданатын құрал-жабдықтар және реактивтер, құралды құрастыру сызбасы немесе сілтемесі, тәжірибенің орындалуы және құбылыстарды бақылау, оны химиялық тілмен жазады. Бұл мәселелерді ұтымды орындалуы және уақытты үнемдеу үшін, қойылатын химиялық эксперименттерге карта-сызба нұсқауларды немесе сарамандық және зертханалық жұмыстарға арналған жұмыс дәптерлерін дайындауға болады. 5
Эксперименттік есептер шығару, мұның зертханалық тәжірибелер мен сарамандық сабақтардан негізгі айырмашылығы, оқушылар өз беттерінше орындайды. Оқушыларды эксперименттік химиялық есептерді шешуге үйрету, күрделі әдістемелік сұрақтардың бірі. Эксперименттік есептерді шығаруға әзірлік сыныпта оқытушы басшылығымен іске асырылуы тиіс. Ең алдымен жоспар құруға үйрету және қорытындысын болжауға машықтандыру. Соның ішінде, эксперименттік есептерді шешу барысында оқушылардың зейінін мынаған аударуымыз керек:
- есепті неғұрлым аз сарамандық әрекеттін қолданып шешу керек;
- тиімді реактивтерді таңдап, оны үнемдеп қолданған жөн;
- іс жүзінде жүретін реакцияларды қолдану қажет;
-заттың үлгісін алу;
-зерттеу барысында бақылау нәтижесін жазу.
Жұмыс нәтижесін есептің мақсатымен салыстырып, тұжырымдап дұрыс қорытынды жасау. 6
Сонымен қатар, тұрмыстық химияны экспериментке енгізуіміз керек, соның ішінде оқушылардың өзіне жақын таныс өнімдерді алу, танымдық деңгейін көтеруде теорияда алған білімдерін іс жүзінде жетілдіру. Химиялық эксперимент кезінде ерекше талаптардың бірі-бұл оқушылардың қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтау. Сарамандық, зертханалық жұмыс кезінде әр оқушы қарапайым халат пен перчаткамен қамтамасыз етілу керек. Білім саласының алдында тұрған міндеттерді шешудің маңызды шарттарына оқушылардың толыққанды оқу әрекеті арқылы өз оқу үрдісін жетілдіру жатады. Осыған байланысты өзіндік жұмыстарды орындау аса маңызды рөл атқарады. Бұл оқушылардың химия пәні бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарынадағы эксперимент. Ғылыми-ізденіс жұмыс жасау үшін химияда көптеген әдістерді қолданылады, мысалы химиялық, физико-химиялық, физикалық әдістерді (салмақты талдау, бөлу, айдау, титриметриялық талдау т.б. әдістері). Бұл әдістерді қолдануда құрал -жабдықтар тым аз болғандықтан пән оқытушылары ЖОО зертханаларымен бірге жұмыс жасауға болады. Ал қарапайым зерттеу жұмыстарға мысалы, үй жағдайында азық-түліктердегі крахмалды табу, айранда, алмада, лимонда қышқыл бар екендігін оқушылар өз беттерінше табады. Осындай жұмыстарды орындау оқушының алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді. Оқытушылардың сабақ үстінде кездесетін бір қиыншылықтың бірі - бұл сабақ түсіндіру барысында демонстрациялық немесе зертханалық жұмыстардың құралдарын дайындауда және әр түрлі концентрациясы бар ерітінділерді дайындауда уақыттары кетіп қалуы. Сол уақытты үнемдеу үшін химия кабинетіне мамандырылған зертханашы қажет және зертханашылар құрал-жабдықтармен, реактивтермен жұмыс істеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында зертханашыларға арналған дайындық курстардан өту керек.Ол сабақтың тиімді өтуіне жауапты болады.
Химия пәнінен оқушылардың эксперименттік дағдыларын проблемалық оқыту негізінде қалыптастыру әдістемесі, оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз проблеманы өз беттерімен шештіруге итермелейді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруді.
Проблемалық оқыту нәтижесінде туындайтын белсенділіктің мәні оқушы берілген материал негізінде өз бетімен жаңа ақпараттар тауып, оны талдап және іс жүзінде, яғни тәжірибеде қолдана алуымен айқындалады.
Жалпы айтқанда, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан, меңгерген білімдерін пайдалану арқылы білімді одан әрі жетілдіру, тереңдету және дамыту болып табылады. Оқушыға бұрыннан игерген білімдерін жаңа проблемалық жағдайды шешуде қалай пайдалану керектігін оқытушы да көрсетіп бере алмайды, кітаптан да ала алмайды. Ол тек оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы ғана іске асатын үрдіс. Жаңа проблемалық жағдайды шешу үшін оқушы өзі ізденеді, зерттейді, анықтайды, жаңа мәселелердің түйінін шешеді.

ІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

0.1. Химия пәнінен оқушылардың эксперименттік дағдыларын проблемалық оқыту технологиясы негізінде қалыптастыру
Қазіргі уақытта білім және кәсіби машық-білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары, бізге оқыту әдістемелерін жаңғыртуды талап еттеді. Оқытуды қызметтік-құзырлылық тұрғыдан ұйымдастыруда оқушылардың қажетті құзырлылықтарын қамтамасыз ететін педагогикалық технологияларды қолданған орынды. Оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын педагогикалық технологиялар көрсетеді. Инновациялық оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және тиімді нәтиже негізін құрып, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру - қазіргі заман талабы. Бүгінгі таңда Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.М. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба негізінде қарқынды оқыту технологиясы, Қазақстанда профессор Ж.А. Караевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік саралап оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Ә. Жүнісбектің үндесе оқыту әдістемесі, Ф.Ш. Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі, Ш. Бектұровтың, Қ. Қадашеваның, Қ. Сариеваның т.б. ғалымдардың әдістемелері белсенді түрде қолдануда. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологиялардың арасында күнделікті сабақ үрдісінде пікірлесім түрлерінің тиімділігін көрсететін технологиялар - дамыта оқыту, модульдік, деңгейлеп оқыту және проблемалық оқыту технологиялары 7.
Проблемалық оқыту технологиясын пайдалану оқушының танымдық, ізденушілік іс-әрекеттерін жандандырып, оның шығармашылық ойлауын дамытады. Мұндай технологияны пайдаланудың мақсаты - оқушы мен мұғалімнің проблемалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету болып табылады.
Проблемалық оқыту - оқушының жүйелі түрде оқытушымен бірге өзіне таныс емес, жаңа проблемаларды шешуге ізденіс жасайтын педагогикалық процестің ерекше ұйымдастырылуы болып табылады.
Проблемалық оқыту технологиясы режимінде сабақтарды моделдеу принциптеріне проблемалық жағдаяттарды жасау, проблемаларды шешу процесінде оқушыларды оқыту, іздену іс-әрекетін жасата отырып, дайын білімді меңгеру. Яғни проблеманы жасау формаларына проблемалық сұрақ, проблемалық есеп, проблемалық тапсырмалар жатады. Проблеманы жасаудың формаларын шешу әрқашанда жаңа іс-әрекет тәсілдерін іздеумен байланысты болады.
Проблемалық сұрақтың ерекше белгілеріне: күрделілігі, оның қарама-қайшылықты формада болуы; кең мазмұнды, қызықты формада, күрделілік деңгейі оқушының жас ерекшелігіне, сыныбына сай болуы жатады.
И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин проблемалық оқыту әдістер жүйесін былай жіктейді: түсіндірмелі-көрнекілікті, репродуктивті, проблемалық баяндау, ішінара-іздену, зерттеу.[8,9]
Проблемалық оқыту технологиясымен жұмыс жасай отырып, оқытушы сапалы түрде жаңа нәтиже алады: оқушы ақпараттарды іздеудің жаңа тәсілдерін меңгереді, ойлаудың проблемалық деңгейі жүзеге асады. Мұндай оқыту технологиясы бойынша сыныппен жұмыс жасаудың барысында проблеманы оқытушы қояды, ал оқушы оның шешімін табуға тырысады.
Күнделікті сабақ барысында проблемалық оқыту технологиясының әдістерімен таныс болған оқушылар, оқушы көмегімен өздері проблеманы қоя бастайды. Проблемалық сұрақтар сабақтың тақырыбына жалпы қойылуы мүмкін, сонымен қатар, сабақтың құрамды бөліктеріне де қойылады.
Әр түрлі проблемалық ситуацияларды жасау оқытушы үшін әрине басты қиындық болып табылады: оқушылар өздерінде бар білімдері мен қандай да бір есеп немесе сұрақтың жаңаша талаптары арасындағы сәйкессіздікті табуына, білімдерін жаңаша жағдайларға қолдана білуіне жету керек. Сондықтан да, проблеманы шешу іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін ізденумен байланысты. Проблемалық жағдаяттың туындауы деген сөз, оқушы өзіндік іс-әрекеттері процесінде белгісіз нәрсеге кездесті деген сөз. Бұл белгісіз қажетті іс-әрекетті орындау үшін анық болуы тиіс [10,11].
Проблемалық оқыту технологиясын пайдалану барлық уакытта өз мақсатына шығармашылық ойлаудың дамуына жете бермейді. Егер оқушыда ізденіске қажетті білімі болмаса, онда проблеманы шешуге де оның құлқы болмайды, содан мақсат орындалмай қалады. Сондықтан да проблемалық оқыту технологиясын химия сабақтарында дәстүрлі оқыту технологиясымен байланыстыра отырып берілуі тиіс.

2.2.Химия сабағында проблемалық оқыту технологиясын қолданудың ерекшеліктері
Химияны оқытуда проблемалық оқыту технологиясы оқытушының басшылығымен оқушылардың алдына проблема қою арқылы олардың ізденіс іс-әрекетін ұйымдастыруда жүзеге асады. Проблемалық оқыту - химиядан білім беру үдерісінде оқытушының жетекшілігімен, оқушылар алдына қойылған проблемалық ахуалды өз беттерімен шешіп, жаңа білім алуды көздейтін, мазмұны мен құрылымы бойынша оқытушы мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін жинақтайтын оқыту технологиясы.
Проблемалық жағдаят қоюдың 20 - дан астам жолдары бар. Практикада М.И.Махмутов проблемалық жағдаяттар туындайтын төмендегідей шарттарды көрсетті:
-оқушылар өмірде теориялық түсініктеме қажет ететін құбылыстар мен және фактілермен кездескенде;
-оқушылармен практикалық жұмыс ұйымдастырғанда;
-өмірдегі құбылыстарды талдау барысында;
-жорамал жасағанда;
-жаңа фактілерді талдап, қорытынды шығарғанда;
-фактілерді, құбылыстарды, объектілерді салыстырғанда;
-зерттеуге нақты тапсырма берілгенде және т.б.

Проблемалық оқыту әдісімен жүргізілетін химиялық эксперимент сабағының схемасы:
-Проблемалық жағдаят туындату;
-Проблема қою;
-Проблемадағы сипатталған жағдаятты зерттеу;
-Қойылған проблеманы шешу: а) проблеманы талдау және оны шешудің тиімді жолын табу. ә) проблеманы шешуге қажетті мәліметтерді жинақтау. б) проблеманы шешу жоспарын құру.
-Проблеманы шешу және оның дұрыстығын негіздеу;
-Проблеманың шешу жолын және нәтижесін зерттеу;
-Проблеманы шешу нәтижесінде меңгерген жаңа білімді практикада қолдану;
-Қойылған проблеманы кеңейту және жалпылау мүмкіндіктерін қарастыру;
-Проблеманың шешімін зерттеу және басқа тиімді шешу жолдарын ізде;
-Жүргізілген жұмысты қорытындылау.
Проблемалық оқыту-ойлау операциялары (логика, талдау, қорытындылау және т.б.) мен оқушылардың ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық, ситуациялық, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б.) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан ол бәрінен гөрі көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытуды, оның жалпы дамуын және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген ықыласын арттыру дегеніміз олардың ойлау қызметін жандандыру, дамыту болып саналады.
Демек, проблемалық оқыту оқытушының жан-жақты әрекеттерін талап етеді. Бұл әрекеттер оқушының жаңа ұғымының мәнін ашу тәсілдерін өздігінен іздестірумен сипатталатын танымдық әрекеттерін ұдайы тудырып отырады. Мұндай іс-әрекетті ізденіс деп атайды.
Ізденістің мәні неде? Оқушы нені іздейді?
Оқушы өзіне берілген сұраққа жауап іздейді, ол берілген мәселені шешудің тәсілін іздейді. Ақыл - ой ізденісі - күрделі процесс. Ол әдетте, мәселелік ситуациядан, мәселеден басталады. Бірақ мәселенің пайда болуымен ізденістің бәрі бірдей байланысты емес. Егер оқытушы оқушыларға қалай орындау керектігін көрсетіп, тапсырма берсе, онда өздігінен іздеудің өзі де проблеманы шешкендей болмайды.
Оқушылар материалдар жинай отырып, ғылыми зерттеу жұмысына белсенді қатысып соның өзінде ешқандай мәселе шешпеуі мүмкін. Егер оқушы жалпы дербес ізденіспен емес, мәселелерді шешу жолдарын іздестіру ізденісімен айналысатын болса, онда оқу мәселелік оқуға айналады.
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолын да меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау қызметін арттыру.
Ойлау адамның проблемаға тап болуынан басталатын болғандықтан, мәселелік оқытудың негізі мәселелік ситуация блып табылады. Проблемалық ситуация - адам пайда болған құбылысты, фактіні, шындық процесін қалай түсіндіруді білмеген, мақсатқа өзіне мәлім тәсілмен жете алмайтын жағдайда ғана пайда болған, оның интелектуалдық қиналуы.
Проблемалық ситуацияның пайда болуынан бастап, мәселенің шешілуіне дейін бірнеше кезеңі болады: а) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи педагогикалық технологиялар
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Квест сабақтарының артықшылығы - оқытудың белсенді әдістерін қолдану
Материалтану оқу курсының оқыту әдістемесі
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Саралап оқыту технологиясының мәні
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Критериалды бағалау технологиясы
Әдістеменің технологиядан ерекшелігі
Пәндер