Информатика пәні мұғалімі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Физика - математика және ақпараттық жүйе бөлімі

Қорғауға жіберілді
ПЦК жетекшісі: _______ Ш.Турехожаева
____ ____________2023ж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқытудың әдістері мен ұйымдастырушылық формалары
Пәні: Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Мамандығы: 0111000 - Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111093 - Информатика пәні мұғалімі
Тобы: ИИ - И - 19
Орындаған: Алиакбарова Нұрайым Жомартқызы
Ғылыми жетекшісі: Абайдуллаева Роза Папановна

Бағасы: ________

Қызылорда, 2023 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..5
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. 1 SMART - ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ. . . . . . . . . . . . . 5
II. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША САБАҚ БЕРУДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
2. 2 БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .12
III. ТӘЖІРИБЕМНЕН. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .20
3. 2 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .20
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .24

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Информатика- бұл өте жас ғылым. Оның пайда болуы мен қалыптасуы ХХ ғасырдың екінші жартысына жатады. Информатика қазіргі әлемде маңызды пәнге айналды, онда технология біздің өміріміздің барлық аспектілерінде маңызды рөл атқарады. Нәтижесінде мектептерде информатиканы оқыту қажеттілігі барған сайын маңызды бола түсуде. Мектептерде информатиканы оқыту оқушыларға қажетті техникалық дағдыларды беріп қана қоймайды, сонымен қатар олардың проблемаларды шешу қабілеттері мен сыни ойлауды дамытуға көмектеседі. Дегенмен, үнемі дамып келе жатқан технологиялар мен күрделі бағдарламалау тілдерінде мектепте информатиканы оқыту қиын міндет болуы мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін оқытушылар информатиканы тиімді оқытудың әртүрлі әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын жасалды. Түрлі платформалар арқылы әдістерді қолданып, оқушыларға білім беруде алшақтық пен әртүрлілікті жоюға көмектеседі
Жаңашыл мұғалім SMART технологиялары мен жаңашыл әдістермен белгілі дәрежеде оқыту теориясына сүйенеді, өз жұмысында өзіне көмектесетін жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланады, өзгерістер, түзетулер, қосымшалар енгізеді. Жеке тұлғаның қажеттілігін жан-жақты дамыту мәселесіне мұғалім шешуші рөл атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Мектепте информатиканы оқыту әдістемесін меңгере отырып, оқушыларға сабақты жеңіл түрде әдіс-тәсілмен түсінуіне жағдай жасау;
Оқушыларды информатика сабағында информатиканы нақты, анық меңгеретіндей жағдай жасай отырып, SMART технологияларды пайдалану;
Информатика пәнін оқыту үрдісінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланудың ерекшеліктерін, тиімділігін қалыптастыру.

Курстық жұмыстың обьектісі:
Оқушылардың инновациялық әдістер арқылы білім-деңгейін арттырудың жолдaры;
Зерттеу жұмысының нысаны:
Баяндауыш мектеп жасындағы (5 - 9 сынып) балалар

Зерттеу пәні:
Мектептегі оқушылардың информатика сабағындағы үдерісі.

Ғылыми болжам:
Егер мектепте информатиканы оқытудың SMART технологиялары мен әдістері сабақта қолданылса, онда бұл оқушылардың әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білімді игеруге негіз болады.

Зерттеу базасы: М. Сужиков атындағы №6 орта мектеп

1-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. 1 SMART - оқытудың жаңа мүмкіндіктері
SMART оқытудың бастапқы кезеңдерінде мұғалім оқушы үшін білім алудың жалғыз көзі болып келді және ол қосымша ақпараттарды кітапхандағы кітаптар, газет-журналдан ғана біле алды. Қазіргі таңда білімді оқушылар мұғалімнен ғана емес, сондай-ақ оқушылар арасында әртүрлі тәсілдермен білімнің жаңа деңгейін құруға мүмкіндік беріп отыр. Оқытуда жаңа білім беру технологияларды белсене қолданысқа енді, тіпті мұғалімдер білімдерін тек сыныпқа ғана емес, әріптестерімен де бөлісуге қабілетті деңгейге жетті.Технологиялар жеке бағдарланатын және жаңа білімді қалыптастыруға бағытталған. Оқу процесі кез-келген бағытта білім обьектілерінің өзгерістерін қамтиды және қазіргі заманғы мұғалім мұндай өзгерістерге дайын болуы керек және ол өзінің тәжірибесін әріптестеріне оқыту үшін кәсіби дағдылары мықты болуы керек. SMART технологиясы тиімдірек және интеллектуалды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін озық есептеу және коммуникациялық технологияларды пайдалануды қамтитын жүйелерді немесе құрылғыларды білдіреді.
SMART - Өзін-өзі бақылау, талдау және есеп беру технологиясы деген аббревитурасы.
SMART білім беру жүйесі: интерактивті тақталар, электронды оқулық, электронды тапсырмаларды орындау арқылы оқушыны қызықтыра алады. Электронды тапсырмалар ішінде бейне, графика, сурет секілді ақпарат алмасу көздері бар.
SMART білім беру тұжырымдамасы - үлкен көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының (аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, оңғайлы түрде жеткізілуі, сонымен қатар SMART білім беру оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыруы.[1]
SMART education немесе ақылды білім беру - бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге асырылған әлемдік деңгейдегі қолжетімді контент арқылы білім беру болып табылады. SMART education түсінгінің негізі ол кең ауқымды қол жетімді білім ресурстары.[2]
SMART сөзі ағылшын тілінен аударғанда Ақылды дегенді білдіреді. SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, ақылды мақсаттарға қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
S- self-directed (өзін-өзі зертеуге бағытталған)
M-Motivated (белсенді танымдық белсенділікті ынталандырады)
A-adaptive (білім беру пәніне бейімделген)
R- resource Free (білім беру ресурстарына еркін қол жеткізе алады)
T- Technology embedded (технологиямен қамтамасыз етілген). [3]
SMART-оқытудың негізгі идеясы - ол адамды өмірге және жұмысқа дайындық жасауға мүмкіндік беретін білім қоғамы. SMART-оқыту сізге қандай салада білімді жетілдіру керек екендігін өзіңізге таңдауға мүмкіндік береді.
SMART - оқытудың басты мақсаты-мұғалімдердің XXI ғасырдың қазіргі заманғы қоғамының білімі мен дағдыларын дамыту есебінен бәсекеге қабілетті білімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін орта құру: ынтымақтастық, коммуникация, әлеуметтік жауапкершілік, сыни ойлау қабілеті, проблемаларды жедел және сапалы шешу. [4]
Қазіргі уақытта жаңа ақпаратты байланысқа және аудиовизуалды технологияларға көбірек қызықтыру ұсынылып отыр. SMART технология- оқытудың жеңілдетілген әдісі болып табылады. Ол сабақта немесе аудиторияда шағын сынып оқушыларымен жұмыс істеуге, сондай-ақ әртүрлі ізденіс беттер және электрондық кітаптарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін қарапайым процесс. SMART технологияларды пайдалану сабақты оқушылар үшін неғұрлым белсенді етеді, мотивацияны ынталандырады, сондай-ақ мұғалімге, қоғамға сәйкес сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Интерактивті оқыту технологияларын пайдалану интерактивті тақталарды, проекторларды, компьютерлерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемдеуді қамтиды.
Оқушыларды оқытуда SMART - технологияларды қолдану үлкен жетістіктерге әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан пайдалану кезінде нақты, анық, ақиқат болуы қажет.
SMART - технологиясы көптеген маңызды көптеген мәселелерді шешуге ықпал етеді. Олар:
Оқыту үшін аумақтық шектеудің болмауы;
Оқытудың өзіндік ырғағын таңдау мүмкіндігі;
Оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістерін қолдануы;
SMART - технологиясы арқылы білім беру мекемелерінде:
Оқу курсының әрбір қатысушысын бақылау;
Үлгерімді қадағалау;
Мектеп өмірінің мәселелері бойынша мұғалімдерді кеңестері;
Электронды оқулықтар қолдану;
Планшеттер пайдалану жүзеге асады.
Оқушыларды оқытуда SMART технологияларды қолданады және қол жетімді. SMART технологияларды пайдалануда теория мен практикалық қадамдарды ала отыруы керек. Ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктер енгізу оқушылар мен мұғалімдер арасында жаңа білімге қызығушылықты арттырып қана қоймай, әлемдік білім жүйесінің талабына сай білім беру жүргізіледі.
Бұл бөлімде информатиканы оқытудың әртүрлі ұйымдастырушылық формалары, соның ішінде жеке жұмыс, топтық жұмыс, жобаға негізделген оқыту және аралас оқыту қарастырылады.
Информатиканың оқыту барысындағы тәжірибемнен тоқталып өтсем, оқушылар жеке жұмыс пен топтық жұмыстарда сабақ қызықты және оқушыларға түсінікті, есте қалады.
Оқушының жеке жұмысы- барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс. Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сараптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.
Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.
Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін -- көрсеткен болатын. [5]
Мектепте оқытуға болатын информатиканың бірнеше ұйымдастырушылық формалары бар, соның ішінде:
Талқылау, пікірталас - бұл студенттер белгілі бір тақырып бойынша өз ойларымен және идеяларымен бөлісетін интерактивті оықту әдісі. Пікірталастарды мұғалім немесе оқушы жүргізуі мүмкін және құрылымдық немесе ашық болуы мүмкін.
Жобалар- бұл оқушылардың тапсырманы орындау немесе мәселені шешу үшін әртүрлі информатика дағдыларын қолдануды талап ететін ұзақ мерзімді тапсырмалар. Жобалар жеке немесе топтық негізде болуы мүмкін және ашық немесе құрылымды болуы мүмкін.
Топтық жұмыс - сауат ашу сабақтарында өте тиімді, себебі оқушылар өз ойларын жеткізе біледі. Топтық жұмыс кезінде оқушылар қызығушылығы артып, жұмылдыра жұмыс жасай біледі. Орташа оқитын оқушы төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөлісіп жатыр. Ал дарынды балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра көмектесті. Жаңа әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу барысында топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінді. Бұдан оқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырды. Ал түсінгендерін топпен қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы кеңінен талқылап отырады. [6]
Жұптық жұмыс - өз ойын сенімсіз, баяу әрекет ететін балалар үшін тиімді. Өйткені жанындағы жұптың ойын тыңдау кезінде, тапсырманы жұптасып орындау кезінде оқушының ішкі ойын түсінуге көмектеседі. Оқушылардың жұпта әңгімелесу арқылы оқушының не айтқысы келетінін, қандай ой қосатынына біршама көмегі тиеді. Жұпқа беретін жұмыстарды бір сарынды емес баланың қызығушылығын туғызатындай етіп ресурстарды алдын ала дайындаймыз. [7]
Бұл оқушыларды білімді жеңіл түрде меңгере алуына және де уақытты тиімді пайдалануға қолжетімді. Мен тәжірибемде инновациялық технологияларды қолдану үстіндемін. Жеке, топтық, жұптық ұйымдастыру кезінде пайдаланатын платформалар:
Топтық және жұптық бөлу кезінде Ultragenerator платформасын пайдаланамын. Бұл платформа тегін, қолжетімді, үйренуге оңай.
Жеке жұмысқа әртүрлі платформалар қолданамын, бірақ көбінесе сұрақ-жауап, тест арқылы аламын. Nearpod, Quizizz, Kahot секілді платформаларымен оқушыларды қызықтыра алдым.
Nearpod - бұл оқытушылар мен студенттерге бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, оқуды жазуға және қатысуды бақылауға мүмкіндік беретін онлайн презентация және өзара әрекеттесу платформасы. Әмбебап платформада әртүрлі құралдар бар (викториналар, сурет салу, виртуалды экскурсия, сәйкестік, ынтымақтастық) және ол Интернетке қосылуға негізделгендіктен, оған кез келген жерден қол жеткізуге болады.
Nearpod-та ақысыз деңгейден бастап бүкіл ұйымға немесе мектепке жазылуға дейінгі көп деңгейлі жазылым жүйесі бар. Әр деңгей көптеген артықшылықтарды, құралдарды қамтиды және қатыса алатын оқушылар саны артып келеді.
Nearpod студенттерге презентацияға бірегей код арқылы қосылуға мүмкіндік береді. Студенттер кіру үшін ешқандай тіркелгі деректерін пайдаланудың қажеті жоқ, олар жай ғана өз атын немесе басқа идентификаторын енгізеді. Бұл сіздің құрылғыларыңыздағы мазмұнмен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.
Nearpod студенттерді әртүрлі әрекеттерге тартуға көмектеседі, олар сонымен қатар Әмбебап оқуға жақсы сәйкес келеді, бұл студенттерге өздері қалағандай әрекет етуге мүмкіндік береді. [8]
Quizizz - Сұрақтар қоюдың, идеяларды зерттеудің және оқушыларға білгендерін көрсетуге мүмкіндік берудің ең жақсы тәсілі.
Жаңашыл мұғалім сабақта тағы да түрлі ұйымдастыру формаларын өз күнделігіне жазып, оны кез-келген уақытта пайдалана алуы керек. [9]
Оқушыларды тиімді әдістермен қызықтыра отырып, сабақты әртүрлі ұйымдастыру формаларымен өткізуде оқушының жас ерекшелігін ескеру қажет. Ұйымдастыру формалары арқылы әр сабақты әртүрлі форматта өтіп, оқушының информатика пәніне қызығушылығын артыра аламыз. Оқушы әр сабақты асыға күтіп Бүгінгі сабақ қандай форматта және қандай қызықты мәліметтерді аламыз? деген сұрақпен келеді.

2 - ТАРАУ.МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР ҚОЛДАНУ
2.1 SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША САБАҚ БЕРУДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Соңғы жылдары SMART технологиялар біздің өміріміздің көптеген аспектілерінде,соның ішінде білім беруде кең таралуда. Интеллектуалды технологияларды оқытуға интеграциялау оқытушыларға студенттермен өзара әрекеттесуге және оқыту сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашты.
SMART жүйесі арқылы әр оқушыны өмір бойы: оқуға, жаңа білім және дағдылар алуға, технологияларды меңгеруге, инновация және кәсіпкерлік рухын дамытуға бағыттайтын, тәуекел және өзіне жауапкершілік пен міндеттеме ала білуге уәждейтін, ынталандыру ортасын құру болып табылады.
SMART технологияларының басты жүйелері:
Обьективтілік заңдылық;
Отандық білім жүйесінің сай келуі;
Жаңа практикалық әдісті тарату;
Электронды жүйемен оқыту.
Қазіргі таңда ғаламтор желісіне еркін ену функцияларына дамудың перспективалық бағыттарының бірі болып отырғаны бәрімізге белгілі. Білім беру жүйесінде үлкен экранды теледидар арқылы бейнені таза айқын көрініп қана қоймай Google сервистер видеоларды көруге мүмкіндік беретін Rutube немесе Youtube, Hangouts және Google Docs сервистерін, интернет беттерін парақтауға арналған веб-браузерлерді, әлеуметтік желі қосымшаларын, т.б. пайдалануға болады. Бір кезде біз білімді тек мектепте немесе арнайы оқу орындарында оқытушыдан ғана алатын болсақ, бүгінде білімді алудың алуан түрлі көздері бар. Яғни, бүгін кез-келген адамның технология арқылы өздігінен жетілуіне мол мүмкіндік беріліп отыр. Соның ішінде Кибер білім беру кең етек жая бастады. Кибер біліммен қатар Кибер мектептер деген ұғым қолданыла бастады.
Кибер білім алу дегеніміз - онлайн түрінде өздігінен білім алу. Бұл - оқушылардың үй жағдайында қашықтықтан мектеппен байланыс жасау түрі. Ең алғашқы Кибер мектеп ақпарат көздерінде Жапонияда ашылған.
Сонымен қатар АҚШ, Оңтүстік Кореяда да Кибер оқу орындары құрыла басталған.Кибер білім алу оқушылардың өздігінен дамуына мүмкіндік беретін болғандықтан, SMART мектептер құрыла бастады. Кибер білім алу - онлайн тәртібінде өздігінен білім алу болса, SMART білім алу - ақылды білім алу мағынасын білдіреді. Яғни, кез келген жағдайда, кез келген ортада кедергісіз білім алып қана қоймай, оны тұлғаның қажтіне қарай жарата білуіне мүмкіндік беретін білім ортасы. SMART құрылғыларды өздігінен басқарып үйрену өте жеңіл.
Жаңа білім контенті оқушыларға жаңа дағдылар мен жаңа білімдер алуына көмектеседі. Мұғалімге мұндағы арнайы модульдерге бөлінген контенттерді пайдалануына болады. Осы модульдерді технологиялар арқылы өзімізге ыңғайлы етіп жинақтауға және автоматтандыруға болады. Соңғы кезде әсіресе жастар арасында әлеуметтік желілердегі(Facebook, Twitter және т.б) білім ресурстарын пайдалану кеңінен таралды. Мұндай технологияны пайдалану да білім сапасын арттыруға айтарлықтай септігін тигізе SMART тұжырымдамасының енуіне байланысты оқушының да, мұғалімнің де білім беру жүйесіндегі рөлдері өзгереді. Бұрын оқушы үшін жалғыз білім ресурсы сабақтағы дәріс болғандықтан оқушы сабаққа қатысуға міндетті болатын. Ал қазір ақпараттық технологиялардың негізін меңгерген оқушы интернет құралдары арқылы өзіне қажетті кез-келген ақпаратты таба алады. Сондықтан қазір білім алушының дәріске қатысуының қажеттілігі шамалы. Бірақ оқушыға бағдар беруші қажет. Ол - мұғалімнің міндеті. Оқытушы жаңа білім контенттерін жасақтап окушыны соған бағыттауы керек. SMART оқытушы мойлына жаңа міндеттер жүктейді. Енді мұғалім өз мамадығы бойынша жоғары құзіретті болып қана қоймай, сонымен қатар ол ауқымды көлемде басқа да ақпараттарды игеруі керек. SMART оқытушыларға жаңа міндеттер жүктеумен қатар жаңа мүмкіндіктер береді. Олар: жинақталған білімдерімен және тәжірибелерімен алмасу, ғылыммен көбірек айналысу, контентті жаңадан жасамай жасақталған контентті пайдалану арқылы уақыт үнемдеу. SMART тұжырымдамасына сәйкес оқу курсы да өзгерістерге ұшырайды. Енді оқу курсының сапасы артып қана қоймай, оқушының курсқа деген қызығушылығының артуын қамтамасыз ету керек заманда көптеген электрондық ресурстарды пайдаланып жүрген оқушыны қарапайым мәтіндік білім контенттерімен қызықтыру мүмкін емес. Сондықтан оқу курсы мультимедиялық контенттер және сыртқы электрондық ресурстардан құралуы керек. Қазіргі заманғы SMART курс 80 пайызы сыртқы электрондық ресурстардан құралып, 20-30 пайызы ғана кітапты пайдалануы керек. SMART оқулықтар осындай талаптарға сәйкес болуы керек.
SMART оқулық - бұл интернет ресурстар арқылы үнемі толықтырылып отыратын мазмұны бойынша жинақталған құрама оқу материалдары. Өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні мұғалімінің функциялары
Информатика курсын оқыту
Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдалану
Дарынды оқушыға - талантты ұстаз
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Интеграцияланған оқыту тұжырымдамасы
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыстың мәні
Пәндер