Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі


Қорғауғажіберіледі
ҚОО директоры
С. С. Ашляев
«»2023ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі»
6В04212 «Заңтану»мамандығы бойынша
Орындаған
Ю-20-1скАс тобының студенті М. Ж. Галимова
Ғылыми жетекшісі:
х. ғ. к, доцент Б. Ш. Сарсембаев
Қарағанды 2023
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
М. Ж. Галимова
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В04212 «Заңтану»
Қарағанды 2023
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
Факультет қашықтықтан оқыту
Бекітемін
Директор ҚОО
Ашляев С. С.
«__» 2023ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМА
Студентке Галимова Мадина Жанамановнаға
1. Жұмыс тақырыбы: «Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі»
Университет бойынша
« 11 » 01 2023ж. № №15-с бұйрығымен бекітілді.
2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі 26. 04. 2023 ж.
3. Жұмысқа бастапқы деректер Ғылыми әдебиеттер, мерзімді баспалар, оқулықтар, кәсіпорынның қаржылық есептілігі
4. Диплом жұмысында әзірлеуге жататын сұрақтар тізбесі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
а) Денсаулық сақтау саласында жасалатын қылмыстардың сипаттамасы және олардың сыныптамасы;
ә) Денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстардың криминологиялық және криминалистикалық аспектілері;
б) Медицина қызметкерлерімен жасалатын қылмыстарды анықтау және алдын алу мәселелері.
5. Ұсынылатын негізгі әдебиет: Алибеков С. К. Жеке адамға қарсы қылмыстар : оқулық / С. К. Алибеков; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Алматы : LP-Zhasulan, 2021, Шакенов А. О. Криминалистикалық тактика: дәріс курсы / А. О. Шакенов, Б. С. Телемисов, Б. К. Биржанов; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бәрімбек Бейсонов атындағы Қарағанды академиясы. - Қарағанды : Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, 2018, Түкиев А. М. Медициналық қылмыстардың криминологиялық аспектілері // Тұраби. 2022, Идиров Е. И. Қазақстан Республикасындағы медициналық қылмыстарды ашу және алдын алу// Құқық және саясат мәселелері. 2022.
6. Жұмыс бойынша кеңесшшілер, жұмыстың оларға қатысты тарауларын көрсетуімен.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ДАЯРЛАУ КЕСТЕСІ
Ғылыми жетекшіге
табыс ету
мерзімі
Денсаулық сақтау саласында жасалатын қылмыстардың сипаттамасы және олардың
сыныптамасы
Тапсырма берілген күні 3 қаңтар 2023 жыл
Жұмыстың жетекшісі Б. Ш. Сарсембаев
(қолы) (қол қойған тұлғаның тегі, аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
алған студент Галимова М. Ж.
(қолы) (қол қойған тұлғаның тегі, аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖАСАЛАТЫН
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
СЫНЫПТАМАСЫ . . . 6
1. 1 Денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстардың түсінігі және жіктелуі . . . 6
1. 2 аспектілері мен медицинақызметкері қылмыстың арнайы субъектісі ретінде . . . 15
1. 3 Шетелде медицина жауапкершілікке тарту ерекшеліктері . . . 23
2 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ . . 29
2. 1 Денсаулық сақтау саласында қылмыс жасаған тұлғалардың криминологиялық сипаттамасы . . . 29
2. 2 Медицина қызметкерлерінің қызметтік және басқа қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы . . . 37
2. 3 Денсаулық сақтау қызметкерлері жасаған қылмыстарды ашу және тергеу. 49
3 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 57
3. 1 Денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстардың себептері мен жағдайлары . . . 57
3. 2 Медицина қызметкерлерімен жасалған қылмыстардың алдын алу нысандары мен шаралары . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 76
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында қылмыстардың агрессивті енуі байқалады, әсіресе бұл жағдай трансплантация қызметімен тікелей байланысты салаларда, косметологияда және пластикалық хирургияда дің жасушаларын қолдану және т. б. жиі кездеседі.
Медицина қызметкерлерімен тікелей жасалған қылмыстардың тұрақты өсуі қоғамдық қауіптілігін арттырып, олардың зиянды зардаптарының жоғары деңгейімен расталады. Дәрігерлерді қылмыстық қудалау жағдайларының көбеюі әртүрлі факторларға негізделген. Дегенмен, олардың негізгілеріне мыналар жатады: медицина қызметкерлерінің біліктілігі, кәсіби стандарттарды анық бұзуы, қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауы, дәрігерлердің тіпті ақылға қонымды тәуекелге барудан қорқуы, өйткені кез келген қолайсыз нәтиже қылмыстық жауапкершілікке қауіп төндіреді. Кейде объективті себептер (медициналық мекемелердің нашар техникалық жабдықталуы немесе науқастың денесінің физиологиялық ерекшеліктері және т. б. ) маманның дұрыс шешім қабылдауына кедергі болып, науқас немесе оның туыстары тарапынан теріс пікір туғызады. Науқастың туыстарына жақын адамынан айырылу себебінен барлық кінәні дәрігерге аударуды тырысады, өйткені, объективтілікті жоғалтады. Сонымен қатар, қазіргі жаһандық экономика жағдайында, COVID-19 пандемиясының аяқталу аясында денсаулық сақтау саласындағы қылмыстар бұрынғыдан да өзекті бола түсті.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі уақытта өте өзекті, өйткені денсаулық сақтау адам қызметінің маңызды және жауапты салаларының бірі болып табылады. Сондықтан денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстарға байланысты криминалистика мен тереңдету күресу үшін маңызы зор. Мұндай зерттеулердің нәтижелері заңнама мен мұндай қылмыстардың жолын кесу тәжірибесін жетілдіруге, сондай-ақ пациенттердің құқықтары мен медициналық қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралар туралы халықтың хабардарлығын арттыруға көмектеседі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстардың криминологиялық және криминалистикалық аспектілерін толықтай жан-жақты зерттеу және медицина қызметкерлерімен жасалатын қылмыстарды анықтау және алдын алу мәселелерін қарастыру болып табылады.
Қойылған мақсатқа сүйене отырып, алдымызда мынадай міндеттер тұр:
- денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстардың түсінігі және жіктелуін сипаттау;
- денсаулық сақтау саласының криминалогиялық аспектілері мен медицинақызметкері қылмыстың арнайы субъектісі ретінде қарастыру;
- шетелде медицина жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін анықтау;
- денсаулық сақтау саласында қылмыс жасаған тұлғалардың криминологиялық сипаттамасын беру;
- медицина қызметкерлерінің қызметтік және басқа қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасын ашу;
- денсаулық сақтау қызметкерлері жасаған қылмыстарды ашу және тергеуді зерттеу;
- денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстардың себептері мен жағдайларын қарастыру;
- медицина қызметкерлерімен жасалған қылмыстардың алдын алу нысандары мен шараларын анықтау.
Диплом жұмыстың зерттеу объектісі. Денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстардың криминологиялық және криминалистикалық аспектілері мен денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстар зерттеу объектісі болып табылады.
Зерттеу пәні - денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстардың қылмыстық жақтары, оның ішінде олардың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық аспектілері, жасалу механизмдері, түрлері, нысандары мен себептері, сонымен қатар осы қылмыстарға қатысты қолданылатын криминалистикалық әдістер мен тергеу амалдары. Сонымен қатар, зерттеу пәні денсаулық сақтау саласындағы қылмыстардың жасалуына әсер ететін факторлар, олардың алдын алудың мүмкін жолдары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу гипотезасы. Медицина қызметкерлерімен жасаған қылмыстарды алдын-алу шараларын анықтау үшін осы істерге кеңінен талдау жүргізу, олардың жасалу себептерін зерделеу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді және жазалау жүйесін талдау қажет. Сондай-ақ осы тақырып бойынша пациенттер мен медицина мамандарының пікірлері мен тәжірибесін зерттеуді талап етіледі.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі. Бұл жұмыста Старченко А. А., Кудакова А. В., Лысака Н. В., Огнерубова Н. А. сияқты ғалымдардың еңбектері пайдаланылған. Сонымен қатар басқа, зерттеу статистикалық деректерді де қамтиды.
Дипломдық жұмыстың әдістері. Зерттеудің әдістемелік негізі нормативтік материалды талдау әдістері, жүйелік әдіс, сипаттау, салыстыру әдістері, индукция және дедукция әдістері болды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы. Осы дипломдық жұмыстың негізігі қорытыныдылары мен ұсыныстары жоғары оқу орындағы білім алушылары мен құқық қорғау органдары үшін маңызды болуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы конституциялық және салалық заңнама - қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және денсаулық сақтау заңнамалары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СЫНЫПТАМАСЫ
1. 1 Денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстардың түсінігі және жіктелуі
Көптеген ғалымдар Еуропада, АҚШ-та, Канадада және басқа мемлекеттерде демократиялық режимнің дамуымен және қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық негіздерінің нығаюымен қылмыстың әлеуметтік мазмұны түбегейлі өзгергеруін атап өтеді.
Тәжірибе көрсеткендей жеке адамның құқықтары мен бостандықтары мемлекет қамтамасыз ететін және қорғайтын басымдыққа айналды. 20 ғасырдың 80-жылдардың соңы - 90-жылдардың басы, өткен ғасырда осындай жағдай Қазақстанда да қалыптаса бастады. Республикамыздағы конституциялық деңгейде жалпы адамзаттық құндылықтар ресми түрде танылып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары бірінші орынға қойылып, осы құқықтарды қорғаудың түрлі әлеуметтік-құқықтық тетіктері белгіленді.
Алайда, жасалған талпыныстарға қарамастан, халыққа медициналық көмек көрсету тиімділігінің жеткіліксіздігін объективті және субъективті факторлары негізінде сипаттауға болады, мысалы оларға келесілер жатады: дәрігерлермен өздерінің кәсіби міндеттеріне адал емес көзқарасы, медициналық көмек көрсетуден негізсіз бас тарту, медициналық қызметкерлермен пациенттердің физиологиялық процестеріне заңсыз араласуы, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану және т. б.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде неғұрлым «маңызды» деп санайтын қылмыстық құқық бұзушылықтарды «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауында
заң шығарушы орган жеке көрсетеді.
Сонымен, Қылмыстық кодекс дамыған демократиялық мемлекеттердегі әдет-ғұрыптағыдай құндылықтар иерархиясын көрсете отырып, жеке адамның мүддесін бірінші орынға қояды: ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығы, содан кейін ғана қоғам мүддесі және мемлекет.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде бір қылмыс үшін жазаның бірнеше түрлері қарастырылған, бұл осы қылмыстардың құрамының күрделілігімен байланысты, мысалы, баптардың санкциялары текбас бостандығынан айырумен байланысты емес, атап айтқанда: айыппұл, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру, түзеу жұмыстары және т. б. өзіне қосады.
Алайда, медициналық қызметкерге жаза тағайындау, тіпті айыруға байланысты болмаса да бостандық әрқашан үлкен қоғамдық наразылыққа ие. Сондықтан, бас бостандығынан айыруға байланысты жазаларды айтпағанда, «медициналық» қылмыстық іс бойынша әрбір дерлік сот процесі бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударады.
Әдетте, ғылыми әдебиеттерде медицина қызметкерлерінің қылмыстары қасақана және абайсызда болып екіге бөлінеді.
Айдаров Н. М. осы көзқарасты ұстана отырып, денсаулық сақтау саласындағы барлық қылмыстарды олардың кінәсінің нысанына қарай ажыратуды ұсынады[1, 70б. ] . Ғалым қасақана қылмыстарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 99, 106, 107, 116, 319, 320, 321, 322баптардағы көзделген әрекеттерді жатқызады, ал ұқыпсыз әрекеттерге 104, 114, 317, 318 баптардыжатқызады[2] .
Сонымен қатар, кейбір медицина ғалымдары - мысалы, Кенжетаева А. М. абайсызда жасалған қылмыстарды «кәсіби» деп атайды, сонымен, оларды медицина қызметкері тек абайсыздықтан жасалатын және кәсіби міндеттерін бұзу арқылы көрсетілетін қоғамға қауіпті әрекеттер ретінде сипаттайды[3, б. 15] .
Боранбаев С. К., Оспанов Р. С. және басқа да ғалымдардың медицина қызметкерлерінің кәсіби қылмыстарын медициналық көмек көрсету саласында жасалған қасақана қылмыстардан шектей отырып, қылмыстардың жеке тобы ретінде бөліп көрсету керек[4, б. 51] .
Алайда, медицина қызметкерлерінің қандай қылмыстарын «кәсіби» деп санау керек деген сұрақ әдебиетте біршама қарама-қайшы болып табылады және бұл мәселе бойынша біртұтас көзқарастардың болмауы профилактикалық сипаттағы профилактикалық шараларды әзірлеуге кедергі келтіреді.
Боранбаев С. К., Оспанов Р. С. медицина қызметкерлерінің кәсіби қылмыстар тобына келесілерді жатқызады: ҚР ҚК 104-бабы (Абайсызда қазаға ұшырату), 114-бабы (Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру), 118 баптың (Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) 1 және 2-бөлімдері. 320-бабында (Медициналық көмек көрсетпеу) адамның кәсіптік міндеттері бар екендігі тікелей көрсетілген [4, б. 54] .
Медицина қызметкерлерінің кәсіби қылмыстары ретінде таза кәсіби функцияларды орындау кезінде медицина ғылымы мен тәжірибесінің заманауи талаптарын, медициналық этика және медициналық деонтология ережелерін, заңның нұсқамаларын, қабылданған нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып жасалатын әрекеттерін түсіну қажет.
Қылмыстардың бұл түрлеріне мыналарды жатқызу қажет: қасақана адам өлтіру немесе әртүрлі ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру, трансплантациялау мақсатында ағзалар мен тіндерді жинауға мәжбүрлеу, түсіктерді заңсыз жүргізу, кәмелетке толмағандарды саудалау, баланы ауыстыру, бала асырап алудың құпиясын ашу, есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз өндіру, алу, сақтау, беру, өткізу, күшті әсер ететін немесе улы заттардың өткізу мақсатында заңсыз айналымы, санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу, адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру деп есептелетін медициналық көрсетілімдерсіз ерлер мен әйелдерді зарарсыздандыру және т. б. Аталған тізім толықтай қарастырып отырған қылмыстардың түрлерін мен сипаттамасын ашады.
Сонымен, 1997 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін қабылданғанға дейін абайсызда жасалған медициналық қылмыстарға қылмыстық-құқықтық баға беру теорияда мен құқықты қолдануда айтарлықтай қиындықтар болды және заң әдебиеттерінде бұл әрекеттерді қызметтік қылмыстық құқық бұзушылықтар ретінде квалификациялау ұсыныстары жасалды. 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексі қабылданғаннан бері дәрігерлер абайсызда қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін көбінесе ҚК 145 бабы бойынша жауапкершілікке тартылған еді [5] .
Тәжірибешілер жекелеген дәрігерлермен өз міндеттерін орындау барысында адал емес әрекеттер деп бағалайды.
Бүгінгі таңда бұл мәселеде медициналық қызметтің ерекшеліктері ескерілмейді, оны негізсіз деп санауға болады.
Демек, денсаулық сақтау мекемелерімен осы қызметтерін орындауға байланысты қылмыстық әрекеттерді жасаған ғана қызметкерлер теріс қылық субъектілері бола алады.
Абайсызда жасалған барлық медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды келесі түрлеріне кейбір авторлар бөледі:
- науқастарды жеткілікті деңгейде тексермеу және арнайы диагностикалық зерттеулерді жүргізбеу;
- сәбилер мен балаларды немқұрайлы қарау және қадағалау;
- ауруханаға уақытылы жатқызбау және емдеу мекемелерінен емдеу мерзімін сақтамай отырып, ерте шығару;
- операцияларды және басқа емдік шараларды жеткіліксіз дайындау және ұқыпсыз орындау;
- әртүрлі медициналық нұсқаулар мен ережелерді сақтамау және бұзу;
- дәрілік заттарды абайсыз қолдану;
- ауру тарихы мен басқа да медициналық құжаттарды жүргізуге немқұрайлылық таныту;
- медициналық көмекті ұйымдастырудағы ақауларға байланысты абайсыз әрекеттер;
- дәрігерлердің білімі жеткіліксіз деңгейінде болуынан зиянды әрекеттері.
Бұл жіктеудің орындылығы мен негізділігімен келісу қиын. Медициналық қылмыстардың типологиясын негізі ретінде адамның атқаратын кәсіби міндеттерінің сипатына тірек жасай отырып, автор оны үнемі ұстана бермейді.
Екіншіден, ол жіктеу критерийін анық көрсетпейді және заңнамалық актілерді тағайындауды қиындататын бағалау категорияларын пайдаланады.
Ғалымдар ұсынып отырған денсаулық сақтау саласында жасалған қылмыстардың жіктелуі қылмыстық-құқықтық аспектілерді көбірек ескеріп отырады. Бұл зерттеу әрі қарай медицина қызметкерлерінің қылмыстарының алдын алу шараларын әзірлеуді көздейтіндіктен, біз криминологиялық позициядан қылмыстардың түрлері бойынша алдын алу әдістерін әзірлеуге және топтастыруға мүмкіндік беретін сәл басқаша жіктеуді қарастыруымыз қажет.
Талдау барысында медицина қызметкерлерімен жасалған қылмыстарды төрт негізгі блокқа бөлу осы дипломдық жұмыстың мақсатына сай деп тұжырымдау керек және де оларды бөлудің негізгі критерийі «жасалған қылмыстардың таралу дәрежесі және қылмыстың қосымша сипаты» болып табылады.
Тәжірибе ең қатты тараған қылмыстардың бірінші тобы - бұл абайсызда жасалған емдеу-алдын алу қызметі мен эстетикалық медицинаға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды атап көрсетуге болады.
Қылмыстың бұл түрін медициналық-эстетикалық медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық ретінде сипаттау криминологиялық позициядан негіздеу керек.
Бұрын «емдеу» ұғымы «дәрігерлік қызмет жасау» дегенді білдірген, масалы, орта ғасырларда ауруларды арнайы шөптермен емдеу қызметі болған. Орыс тіліндегі түсіндірме сөздікте «емдеу», яғни ауруды тоқтату үшін медициналық құралдарды қолдану, пациенттердің психикалық және физикалық денсаулығын жақсарту мақсатында медициналық манипуляцияларды жүзеге асыруды қамтиды.
Осылайша, науқасты емдеу процесінде өзінің дәрігерлік міндеттерін дұрыс орындамау абайсыз әрекеттер сипатына ие болады. Біз эстетикалық медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың тобына жатқызамыз. Бұл жағдайда медициналық қызметкерлер қызметінің ерекшелігі жүргізілетін медициналық манипуляциялардың процедураларымен анықталады. Бұл жағдайда науқасқа ауруды емдеуге бағытталған медициналық көмек көрсетілмейді, бірақ медициналық қызмет көрсетіледі.
Эстетикалық медицинаның ең танымал түрлерінің ішінде пластикалық хирургия және «сұлулық инъекциялары» деп аталады. Сыртқы түрін және фигурасын пластикалық түзетудің, қауіпсіз әдістерін кеңінен жарнамалауға қарамастан, медицина мамандары жиі мұндай араласудың ықтимал салдарын жасырады, бұл соңғы уақытта сыртқы деректерде қайтымсыз теріс өзгерістерге әкелді. Егер ерекше жағдайларда адам ағзасы кейбір инъекциялық химиялық препараттарға (мысалы, ботокс инъекцияларына) адекватты емес әрекет етсе, онда соңғы уақытта медицина қызметкерінің ұқыпсыз және дұрыс емес әрекеттерді жасау негізінде адамның денсаулығына зиян келтіруде кінәлі болуы мүмкін.
Осыған байланысты медициналық-эстетикалық медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар деп науқасқа медициналық көмек көрсету немесе эстетикалық операция жасау кезінде жасалған, қылмыстық заңмен тыйым салынған және денсаулық сақтау беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерді түсінуді көрсету қажет.
Мысалы оған келесілерді жатқызуға болады: дәрігердің және (немесе) өзге де медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін бұзу, абайсызда жекелеген азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарына, мүдделері мен игіліктеріне зиян келтіру және т. б.
Көрсетіліп отырған қылмыстар тобына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген келесі құқық бұзушылықтарды қосқан жөн: 104-бап «Абайсызда қазаға ұшырату», 114-бап «Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру», 118-бап «Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру», 320-бап «Медициналық көмек көрсетпеу» және т. б.
Бұл қылмыстар тобына қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамы да кіреді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 322-бабыбойынша заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецепттерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру немесе қолдан жасау, егер мұндай қызмет абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге (1 тарамағы- адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян, 2 тармағы-адам денсаулығына ауыр зиян келтіру) немесе өлімге әкеп соқса (3 тармағы) әр түрлі жауапкершілікке тартылады.
ҚР ҚК 322 бабы бойынша қылмыстық жауаптылық, егер стационарда немесе басқа денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істейтін дәрігер пациенттерге жеке түрде (медициналық мекемеден тыс) медициналық қызмет көрсеткен кезде және пациенттің деңсаулығы зардап шеккен уақытында туындауы мүмкін.
Бұл қылмыстар тобының объектісі Қазақстан Конституциясымен және басқа заңнамалық актілерімен орнатылады және осы заңнама адамның өмірі мен денсаулығы қорғайды.
Қаралған қылмыстар тобында медицина қызметкерлеріөзінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының маңызды белгісін көрсетеді.
Кәсіби міндеттерін тиісінше орындамаудың салдары - елімізде көрсетілетін медициналық көмек сапасының төмендігі болып табылады. Сонымен бірге, бұл қылмыстар тобының зардаптары Қылмыстық кодексте нақты анықталғанына қарамастан, бұл нормалардың диспозициясы жалпылама сипатта болып және медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау санатының нақты белгілерін ашпайды.
Осыған байланысты, медициналық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактілерін азайту арқылы медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған шаралар осындай қылмыстардың алдын алудың маңызды критерийі болуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz