Қазіргі кезең


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Елді мекендердің даму тарихы
Орындаған: Алипказина Е.
Қабылдаған: Дабылова Б.
Алматы 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Елді мекен анықтамасы және оның құрамы . . . 3
- VІ- ХІХ ғасырлар аралығындағы елді мекендердің даму тарихы . . . 4
- ХХ ғасырдан бастап елді мекендерің даму тарихы . . . 6
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 16
КІРІСПЕ
Тәуелсіздігіміз жарияланған уақыттан бергі кезеңдегі жаңа жағдай, жаңа талаптар біздің жүріп өткен жолдарымыз бен рухани- мәдени үрдістерімізді жаңаша саралап, болашаққа тың көзқарастармен қарауға жетелеп келеді. Қазақ тарихнамасындағы ғылыми негізде әлі де зерттеліп келе жатқан мәселенің елді мекендердің даму тарихы. Қалада немесе өзге елді мекенде өмір суретін адамдар үшін өзінің кіші отанының, тұрғылықты жерінің əкімшілік мəртебесін білу маңызды. Сондықтан қаланың əкімшілікаумақтық бірлік ретіндегі құқықтық мəртебесін анықтау құқықтық ілімнің міндеттерінің қатарын құрайды. Қала мəнін түсіну басқаруды жетілдіруге, онда өмір сүруді аз ғана шығынмен жақсартуға мүмкіндік береді.
1. ЕЛДІ МЕКЕН АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ
Елді мекен - адамдардың отырықшы өмірін, еңбек әрекетін, олардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтаамсыз ететін орын. Елді мекендердің қалалық және ауылдық типтері бар.
Қалаларды, кенттердi, ауылдар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады.
Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi. Елдi мекендердің жерi мынадай:
1) тұрғын үй;
2) әлеуметтік;
3) коммерциялық;
4) өзге де функционалдық аймақтарға бөлінеді.
Тұрғын үй аймағына құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй маңындағы жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер кіреді.
Әлеуметтік аймаққа мемлекеттік және коммерциялық емес объектiлер алып жатқан және оларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер кіреді.
Коммерциялық аймаққа арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың, өндiрiстiк объектiлердің, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің, инженерлiк және көлiктік инфрақұрылым объектiлерiнің жерлері, сондай-ақ осы объектiлердiң және кәсіпкерлік қызметпен байланысты өзге де объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгiлеуге арналған жерлер кіреді.
Өзге аймақтарға:
1) темiржол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыржол көлігі жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары алып жатқан және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
3) орман қорының жері;
4) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су айдындары мен акваториялар жерi;
5) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;
6) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылысжайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланылатын жер;
7) қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер;
8) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтары үшін берілген, сондай-ақ өзге де пайдалану режиміндегі жер кіреді.
2. VІ- ХІХ ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Қазақстан аумағында елді мекендер, археологиялық қазбалардың мəліметтеріне сүйенетін болсақ, көне заманда пайда болған. Қалалардың пайда болуына əсер еткен негізгі фактор, əрине, еңбек бөлінісі, қолөнердің дербестікке ие болуы деген тұжырым.
VІ-Х ғасырларда Сырдария, Талас, Іле, Шу өзендерінің аймақтарында қолөнер мен сауданың, мəдениеттің орталықтарына айналған қалалар пайда бола бастады. Жетісуда қалалардың өсіпдамуына Ұлы Жібек жолының тигізген ықпалы ерекше, оның бойында Тараз, Суяб, Отырар қалалары орналасты.
ХІ-ХІІ ғасырлар бұрынғы қалалардың көркеюімен қатар, Торғай, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендерінің алқаптарында жаңа қалалардың бой көтеруімен сипатталады. Осы кезеңде Іле жазығында 56 жаңа қаланың пайда болғаны ерекше аталып өтілуі керек. Қалалар жер өңдеумен айналысатын оазистер негізінде, жазықтың көшпенді жəне жартылай көшпенді шаруашылығының өзара əрекеттес аудандарында қалыптасып дамыды.
ХІІІ ғасырдағы монғол шапқыншылығы қала мəдениетінің күрт төмендеп кетуіне əкеліп соқты. Отырар, Тараз, Сығанақ қалаларының күйретілгені көпшілікке аян. Дегенмен де, халық шаруашылығы мен мəдениетінің өзіндік ордасына айналған қалалар тарих сынынан мүдірмей өтіп, келесі кезеңдерде қайтадан бас көтере бастады. Оған куə - Тараз қаласы, өрлеу мен құлдырау сатыларын кезектесе басынан кешіп, қазіргі кезеңге дейін өзінің тарихи болмысын сақтап келіп отыр.
ХІV ғасырда Отырар маңызды əкімшілік саудаөндірістік орталыққа айналады. Сығанақ қаласы да ірі сауда орталығы, сенімді бекініс ретіндегі мəртебесін қайта қалпына келтіреді. Сырдария мен Арыс жағаларында Сайрам, Шілік, Яссы, Сауран жəне тағы басқа қалалар бой түзеді.
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Яcсы (Түркістан) ерекше мəртебеге ие болады. Дегенмен де бұл кезеңде аймақтағы ортағасырлық қалалар кеңеюі төменгі қарқынмен жүзеге асады, оның басты себебі өзара соғыстар мен таластартыстар еді.
ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қалалардың (оңтүстік қалаларынан басқасының) пайда болуы мен дамуы Қазақстанның Ресейге қосылуының нəтижесін көрсетті. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында шекаралық аумақта əскери бекіністер салына бастайды. 1718 жылы Семей (1752 жылдан бастап қала), 1720 жылы Өскемен жəне Кереку (Коряковская) (1868 жылдан бастап Өскемен қаласы, 1861 жылы Павлодар қалалары аталған), 1752 Петропавл (1807 жылдан бастап Петропавл қаласы) бекіністері салынған. Осы кезеңде алдымен əскери бекініс ретінде салынып, кейін қала мəртебесіне ие болған 30дан астам елді мекен қалыптасты. Бұл кезеңдегі қалалар Ресей патшалығының əскериəкімшілік алғышебі (форпост) қызметін атқарғаны мəлім. Отарлау барысында жəне аймақты экономикалық игеру барысында жаңа қалалардың қалыптасуына жағдай жасалынды. Орталық жəне Шығыс Қазақстанда пайдалы қазбаларды игеру маңында жұмысшы поселкелері қалыптаса бастайды. Олардың қатарына Қарсақпай, Қарқаралы, Торғай, Рид дер жəне т. б. жатады. Кейбір мекендердің қалыптасуы Қазақстанда темір жол салынуымен де байланысты. Осы тұста қаланың қала өндірісі мен ауыл арасындағы, аймақтар арасындағы нарықтық қатынастардағы байланыстырушы звено ретіндегі маңызы арта түсті. Қалаларда тамақ өндірісіне, тері өңдеуге қатысты жəне механикалық сипаттағы теміржолдық, қолөнерлік шағын өндіріс орындары, деполар шоғырланды. Тұрғындарының санына байланысты қалалардың сипаты қазіргімен салыстырғанда жер мен көктей еді. Сол кездегі ең ірі қала Уральскінің халық саны 1897 жылы халық санауына сəйкес 36446 адам болса, ең шағын қала Торғайда 896 адам ғана тұрған екен .
Қала халқының қалыптасуы мен дамуы Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуімен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың басына дейін экономиканың аграрлық сипаты ауыл тұрғындарының қалалықтардан үстем басымдылықта болуын (90 %) негіздесе, одан кейінгі кезең бұған күрт өзгерістер енгізетіндігіне куəгер боламыз.
3. ХХ ҒАСЫРДАН БАСТАП ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Кеңестік биліктің орнығуы қазақ даласында қалалар мен қала типтес мекендердің пайда болуына игі ықпалын тигізді. Оның өзін бірнеше топқа жіктеп қарастыруға болады:
-соғысқа дейінгі кезең (1917-1940 жж. ) ;
-соғыс жылдары (1941-1945 жж. ) ;
-соғыстан кейінгі қалпына келтіру кезеңі (1945-1950 жж. ) ;
-1960-1990жылдар.
- қазіргі кезең
Соғысқа дейінгі кезең (1917-1940 жж)
1 кезеңдегі қалалардың қалыптасуы мен дамуы кеңестік қоғам орнату жоспарына сəйкес жүзеге асырылады - индустриалдандыру, ауыл шаруашылығында ұжымдасу, мəдени төңкеріліс, социализмнің материалдықтехникалық базасын қалыптастыру ұрандарына сай жүргізіледі. Əр түрлі аудандарда нақты мəселелер əлеуметтік экономикалық міндеттермен объективті жəне аймақтық жағдайларға лайықты шешімін тауып отырған. Осы кезеңде Қазақстандағы 22 қаланың орнына 31 қала, 29 жұмысшы поселкесінің орнына 60 осындай мекен келеді. 1926 жылы 40 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы, Петропавл, Семей қалалары ғана болса, Ұлы Отан соғысының алдында бұндай қалалардың саны 11ге жетті. Əрі 4 қала үлкен қала мəртебесіне ие болды, яғни 100ден 200 мыңға дейінгі жəне одан да көп халқы бар қалалар атанды (Алматы, Қарағанды, Семей, Петропавл) . Пайдалы қазбаларды игеру жəне өңдеу Қарағанды, Балқаш тəріздес жаңа қалалардың пайда болуына негіз болды.
Қазақстанды өнеркəсіптендіру тұсында салынған қалаларға тəн мынандай ерекшеліктерді атап өтуге болады:
- қызметінің біртектестігіне байланысты тар ауқымда мамандану (Ащысай, Қарсақпай - рудалық, Белоусовка, Зыряновск - шахтерлік, Алексеевка, Аягөз, Луговой, Моинты - көліктік, Мақат, Қосшағыл - мұнай өндіруші қалалар мен поселкелер болды) ;
-ел аумағында орналасуының жоспарлылығы, пайдалы қазбалар қорына жақын салынуы;
-Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент маңайында агломерациялардың пайда болып, серіктес қалаға айналуы;
-тұрғындарының көп ұлттық құрамының болуы.
Соғыс жылдары (1941-1945 жж. ) ;
Келесі кезең- соғыс жылдары. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қалалардың дамуы елдегі əскери жəне экономикалық жағдаймен анықталған. Елімізде, бір жағынан, батыс аймақтардан стратегиялық маңызды кəсіпорындар мен тұрғындарды эвакуациялауға сəйкес ескі қалалар дамыса, екінші жағынан, табиғи байлықтарды əскери экономика қажеттігіне сай шұғыл игеруге байланысты жаңа қалалар қалыптаса бастайды. Өндірістің материалдық базасының күрт көтерілуіне жəне халық санының өсуіне байланысты бұрынғы ауылселолар қала мəртебесіне ие болды. Олардың қатарынан Талдықорған, Макинск, Теміртау жəне т. б. қалаларды көре аламыз. 1945 жылы Қазақстанда 38 қала жəне 100 қала типтес по селкелер болды.
Соғыстан кейінгі қалпына келтіру кезеңі (1945-1950 жж. ) ;
Соғыстан кейінгі жылдары жаңа қалалық қоныстардың пайда болуы мен дамуына əкімшілік жəне мəдени құрылым, жер қойнауын игеру, ірі өндірістік жəне көліктік құрылыс, тың жəне тыңайған жерлерді игеру тəріздес факторлардың əсер еткені белгілі. Соғыстан кейінгі қалпына келтіру жылдарының міндеті экономикалық жəне демографиялық потенциалдың орнын толтыру болса, одан кейінгі жылдары қала дамуында сапалы өзгерістер кезеңі орнықты. Солтүстікте тың жəне тыңайған жерлерді игеруге жəне темір рудаларын шығаруға, батыста мұнай жəне химия өндірісінің дамуына, оңтүстік аймақтарда полиметалл рудаларын игеруге, орталықта көмір өндіруге жəне тағы басқаларға байланысты жаңа Рудный, Лисаковск, Шевченко, Жаңа Өзен, Кентау, Қаратау, Жаңатас, Абай, Саран, Шахтинск, Екібастұз, Ермак тəріздес қалалар пайда болды. Ондаған қалалар авто, темір, су көліктері жолдары тоғысқан жерлерде ауылдық мекендер мен теміржол стансалары негізінде пай да болса, кейбіреулері бірінші кірпішінен бастап қаланды. Екіншілерінің қатарына Арқалық, Шев ченко, Степногорск т. б. қалалары жатады. Соғыстан кейінгі жылдары 40 қала пайда болған. Қала тұрғындарының саны 1946 жылдан 1983 жылға дейін 3, 9 есе өсіп, республика тұрғындарының 57 пайызын құраған.
1960-1990жылдар.
Одан кейінгі кезеңдегі қаланың заңдық белгілерін қарастыру қала кеңестерінің ұйымдасу жəне əрекет ету мəселелерін талдаумен ғана шектеліп отырды. Елді мекендерді қалалық елді мекен санатына жатқызудың нақты өлшемдері 1961 жылғы 6 наурыздағы «Қазақ КСРдағы елді мекендерді қала жəне жұмысшы поселкелері категориясына жатқызу тəртібі туралы» Жарлықпен анықталды.
Аталмыш жаңалықтар 50-60жылдардағы конституциялық құқық теориясында көрініс тапты. Қалалар маңындағы ауылдық жерлерден қала шекарасымен бөлінген əкімшілік аумақтық бірлік ретінде қарастырылды. Бағыныштылығына байланысты қалалар республикалық, облыстық жəне аудандық болып бөлінді. Қала категорияларын ажырату барысында ғалымдар қаланың əкімшілік маңызы, оның өндірістік кəсіпорындарының даму болашағы, коммуналды шаруашылығының даму деңгейі, əлеуметтік мəдени мекемелерінің мөлшері тəріздес өлшемдерді басты назарда ұстауды ұсынды.
Кейінірек «Қазақ КСРнің əкімшілік аумақтық құрылымы мəселелерін шешу тəртібі туралы» Ереже (15. 02. 1984 ж. ) қабылданды. Онда қалаларды құру жəне тарату туралы, əкімшілік орталықтарды бекіту жəне аудару, қалаларды Бас жоспары Қазақ КСР Министрлер Кеңесімен бекітілетін қалалар құрамына қосу туралы мəселелер көтерілді жəне шешімін тапты. Қазақ КСРі аумағында орналасқан елді мекендер қалалыққа жəне ауылдыққа бөлінеді. Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық жəне аудандық бағыныштылықтағы қалалар, сондайақ жұмысшы поселкелері жатқызылады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz