Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары


М. Қозыбаев атындағы СҚМУ
Курстық жұмыс
Пәні: дикторлық шеберлік
Қабылдаған:
Тапсырған: Абылайханұлы Асылхан
Тобы: PR-J-21K
2022-2023 ж
Мазмұны
Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
Курстық жұмыс
ЖОСПАР.
КІРІСПЕ - 1-2-бет
І тарау. Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
- Имидж және оның журналистикадағы орны-3-8
- Журналист имиджін қалыптастырудың алғы шарттары -9-11
- Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары-12-15
- Диктор имиджін қалыптастыруда ұлттық құндылықтардың маңызы -16-17
ІІ тарау. Қазіргі қазақ телевизиясындағы имидж мәселесі-18-21
ҚОРЫТЫНДЫ-22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Жұмыс көлемі: 25 бет
Пәні: дикторлық шеберлік
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ
І тарау. Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
- Имидж және оның журналистикадағы орны
- Журналист имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
- Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
- Диктор имиджін қалыптастыруда ұлттық құндылықтардың мәні
ІІ тарау. Қазіргі қазақ телевизиясындағы имидж мәселесі
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты:
Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттарын ұсыну
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Имидж ұғымына талдау жасау;
- Имидждің журналистикадағы орнын ашып көрсету;
- Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттарын зерделеу;
- Қазіргі қазақ журналистикасындағы имидж мәселесіне тоқталу.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Имидж мәселесі-өзекті мәселе. Себебі біз адамды имиджі арқылы танимыз. Имиджі қалыптасқан адам өзін басқаларға мойындата алады. Сондықтан имидж журналистикада басты қызмет атқарады. Себебі имидж арқылы біз өз бағдарламамызды көпшілікке танытып, рейтингін көтере аламыз.
Қазіргі таңда диктор имиджін қалыптастырудың маңызы ерекше. Өйткені имиджі қалыптасқан диктор өз танымалдылығын арттыра алады. Ал танымал диктордың бағдарламасын барша жұрт қызыға көретіні белгілі. Сол үшін біз өз имиджімізді қалыптастырып, оны орнымен қолдана алуымыз қажет. Ол үшін ең алдымен имидждің мәнін түсініп, оның өзіндік қолданыс ерекшеліктерін білуіміз қажет. Ал бұл ретте бізге имидж туралы мақалалар мен зерттеу еңбектері, тәжірибелі журналистердің өмір жолдары көп көмектеседі. Сондықтан бұл жұмыс диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттарын ұсынуымен өзекті.
Курстық жұмыстың обьектісі:
- Имидждің журналистикадағы орны
- Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
-1-
Курстық жұмыс бойынша зерттеу әдістері:
«Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары» тақырыбында курстық жұмысты жазу барысында мынадай зерттеу әдістері қолданылды:
- шетелдік және отандық журналистика саласындағы дикторлар имиджін зерделеу;
- Қазақстанның қазіргі телевизия саласындағы дикторлар имиджін талқылау;
- Шетелдік және отандық журналистика саласындағы дикторлар имиджін салыстыру;
- Болашақ дикторлардан сауалнама алу.
Тараулар мазмұны бойынша қысқаша сипаттама
Курстық жұмыстың бірінші тарауында имидж мәселесінің мәні мен тарихы ғылыми тұрғыдан негізделді. Оның әлемдік және Отандық телевизиядағы қазіргі жай-күйі көрсетіліп, өзектілігі анықталды. Практика қажеттіліктеріне сүйене отырып, имидж мазмұны, оның телевизиядағы мәні анықталып, диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары ұсынылды. Имидждің журналистикадағы орны нақтыланып, оны жасаудың формалары мен алғы шарттары ұсынылды.
Курстық жұмыстың екінші тарауында имидж мәселесін сынақтан өткіздік. Ол үшін ең алдымен қазіргі қазақ телевидениесінде қызмет атқарып жүрген журналистер, дикторлар имиджі талқыланып, болашақ журналистер арасында имидждің журналист үшін маңыздылығын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Жүргізілген талдау нәтижелері мен алынған сауалнама қорытындылары нәтижесінде диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары ұсынылды.
Зерттеудің жаңалығы:
Диктор имиджін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарымызға назар аудару ұсынылды. Сондықтан диктор имиджін ұлттық құндылықтарға негіздеу керек. Ең алдымен дикторлар қазақы нақыштағы киім үлгісін киіп, шешендік өнерімізді қайта жаңғырту қажет. Сол арқылы қалың көпшілікке ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп қана қоймай, шет елдерге қазақ елін таныта аламыз.
Дереккөздер:
Курстық жұмыс барысында шетелдік және отандық телевизия өкілдерінің еңбектері қарастырылды
-2-
І тарау. Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
- Имидж және оның журналистикадағы орны
Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттарын ұсынудан бұрын диктор имиджінің не екенін анықтап алуымыз қажет. Өйткені зерттелетін мәселенің теориялық мәнін білмесек тақырыпты аша алмасымыз анық. Сонымен имидж деген не? Оның журналистикадағы орны қандай?
Ғылыми дереккөздерге сүйенсек, имидж-тұлғаның өзін-өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді[1] . Ол адамның жетістікке жетуіне көмектеседі. Имидж адамды танымдылық пен бағалы қатынастарға жетелейді. Имидж мәселесін қарастырған кезде, ең әуелі, адамның бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілерді атап кетуге тиістіміз.
Адамның сыртқы аспектісі аяқ киіммен бастап бас киімге дейінгі көптеген элементтерден құралады. Сыртқы аспект-адамның бет-әлпеті, киімі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, дауысы. Белгілі тұлғалар имидждің сыртқы аспектісін қамтамасыз ету үшін стилистің, визажистің көмектеріне жүгініп жатады. Солар арқылы сыртқы аспектіні тартымды етеді. Ал имидждің ішкі аспектісі бұл сыртқы аспектіден мүлде өзгеше. Өйткені ішкі аспект тұлғаның ой-өрісін, зерделілігін, қызығушылықтарын, талаптарын, бір сөзбен айтқанда адамның ішкі мәдениетін қамтиды. Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуынша, адам аяғынан басына дейін өлшенбейді, керісінше, басынан көкке дейін өлшенеді[1] . Сондықтан әрбір адам осы ішкі аспектіні тиімді пайдалана отырып, өз имиджін қалыптастыруы қажет. Сондай-ақ адамның энерго ақпараттық өрісі бар, оның құрылымы мен әрекеттесуі бірдей болғаны жөн. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде сыртқы шарттардың, жағдайлардың түрлі өзгерулеріне байланысты адамның энергетикалық өрісінің өзгеруі көрсетілген, жеке тұлғалық ерекшеліктердің адамдар арасындағы әсер ету күштері мен шамалары белгіленген. Сол себепті имиджбен жұмыс барысында қоршаған ортамен сөзсіз позитивті бағаланатын құндылық ерекшеліктері таңдап алынды. Адамның имиджі оның бойындағы өткен тәжірибелерден жинақтала отырып, күрделі жүйелі білімі болып табылады, -деген екен В. М. Шепель. [2] . Имидж бүтін сипаттамаға ие болып барлық қырлары келісілген. Бүгінгі таңда жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады:
Күні бүгін адамға деген талаптардың және адамның қоғамға деген талаптары жоғарылап жатқандықтан кей жағдайда имидж қоғамның сұранысына жауап бере алмай жатады. Сол себепті де имиджді құрушы имиджмейкердің кәсіби шеберліктеріне қарай үкіметтің имиджі, өнеркәсіп ұжымының имиджді, жекелей тұлғаның имиджі қалыптасып отыр. Үкіметтің оң имиджі елді тиімді басқаруда, педагогикалық ұжымның имиджі жекелей тиімді білім алуда көмектеседі. Ал жеке тұлғаның имиджіне
-3-
ұжымның имиджі әсер етеді. Оң имидждің қалыптасуы нәтижесінде тұлғалардың шетелдерге саяхаттау, жұмыстар атқару, қызметте жоғарылау барысында жақсы ұғым пайда болатындығы дәлелденген екен.
Имидж мәселесімен айналысатын мамандар өз бойларында педагогтің, философтың, психологтың, риторика маманының, жарнама ерекшеліктерін өз бойында үйлестіре білуі керек. Ал осы имидж мәселесімен айналысатын мамандық иелерін кім деп айтамыз. Бұл қандай мамандық?
Имиджмейкер-көне мамандықтың бірі, оның мақсаттары мен міндеттемелері қоғамның даму үдерісінде үнемі өзгеріп отырады. Осы мамандықты зерттеуші ғалымдардың Л. Браун, П. С. Гурев, А. Ю. Панасюк, А. С. Почепцовтардың айтуларынша, егер имиджиология ғылым болып түрлене алмағанда, имиджмейкер өз алдына дербес мамандық бола алмас еді[2] . Аталмыш мамандықтың жетістікке жетуі адам баласының өндірістегі, рухани дүниесіндегі, зерделі іс-әрекеттеріндегі қол жетістіктерімен, этика-эстетикалық нормалар мен талаптардың өзгерулерімен тікелей байланысты болмақ. Кейбіреулер сыртқы келбеті сүйкімді адамдардың жақсы имиджге жетуі жеңіл болады деп санайды. Бірақ бұл дұрыс пікір емес. Өйткені айналамызда сыртқы келбетке қарамай-ақ, өз имиджін қалыптастырып, жетістікке жетіп жатқан адамдар көп. Тәжірибелі практиканың көрсетуі бойынша, жетістікке жеткен адамдардың сыртқы көріністерінде кемшіліктер бар. Мысалы, қисық, қысқа аяқты, таз басты, тістері сарғайып кеткен, өте ұзын немесе қысқа мұрынды адамдар да бар. Алайда осы аталған кемшіліктердің ешқайсысы оған өндіріс пен іскер әлемде, жанұясында бақытты болуына кедергі жасай алмайды. Бұл адамдар өзінің қол жеткізген жетістіктеріне қуанып, өзгеге қызығушылық танытпайды, жеке мәселелеріне алаңдап, мазасызданбайды. Бірақ, әсем бет-әлпеті арқылы тартымды имиджге ие болған жекелей тұлғалар да кездесіп жатады. Бірақ олар қызметте мансапқа қол жеткізуде қажетті дәрежеде нәтижелерге жете алмайды. Олар үшін ақша жетіспейтін жағдайлар көп кездеседі. Сондықтан олар қол жеткізген жетістіктері жағынан өзінен басым адамдарды көре алмайды. Оларға өздеріне біреу кедергі жасап, жұмыс істеулеріне кедергі жасап, бағыттарына тосқауыл болып тұрғандай көрінеді. Осыған орай тұлға имиджінің даралануы пайда болды. Жеке даралық имидж дегеніміз не?
Жеке даралық имидж деп- жеке, дербес тұлғаның имиджін айтамыз[1] . Жеке, дара имидж-дербес тұлғаның имиджі, қарапайым адамның имиджі яғни топтың, ұйымның имиджіне салыстырмалы қарама-қарсылықта болып келеді. Жеке, дара имидждің өзіндік қасиеттері тұжырымдалған. Демек, жеке тұлғаның жеке сапалық көрсеткіштеріне, образдық имиджіне тек сол тұлғаға ғана тиесілі, басқа адамдардан ерекше қасиеттерін ерекшелендіріп сипаттайтын сапалы көрсеткіштер тән болмақ. Яғни, әр адамның өзіне тән ерекшеліктерін жеке, даралық имидж деп айтуға болады.
-4-
«Жеке, даралық» (индивидуальность) термині латын тілінен аударғанда бөлінбейтін, ерекше деген мағына береді екен. Ал психологиялық сөздікте бұл сөз жеке тұлғаның теңдессіз қасиеттерін білдіреді. Психологияда жеке, дербес ұғымы жеке ерекшеліктерді зерттеу контексінде (сөйлемінде) немесе адамның психологиялық қасиеттерінде иерархиялық құрылымдарды құруда тұлғалық ұғыммен бірегей ұғым ретінде қолданылып келеді. Жеке айырмашылықтар мәселесімен байланысты жеке дербестік туралы сөз болғанда, жеке дербестік адам бойында пайда болатын зерделілік, темперамент, тұлғалық секілді психологиялық қасиеттердің түрлері деп түсіндіреді. Жеке дербестік ұғымы адамға жеке адамның қасиеттерінен бөліп қарау үшін қарама-қарсы мәнде қойылады. Мәселен, орташа топтық беталыстар, тенденциялар. Бұндай қарама-қарсы қоюшылық топтағы нақты бір адамға алынған заңдылықты ауыстырмау ережесінде өрнектеледі[4] .
Адам бойындағы тұлғалық қасиеттеріндегі иерархиялық талдауға келетін болсақ, мұнда жеке, даралық жеке тұлғалық деңгейге қарағанда осы иерархияның жоғарғы деңгейі ретінде айшықталады. Жеке тұлғаның жеке, даралық және тұлғалық қасиеттерінің теңдессіз үйлесімі ретінде Б. Г. Ананьев былай деп түсіндіреді: «тұлғалық психологиялық қасиеттердің «шыңы», ол жеке, даралық-тұлғалықтың имидждің «терең» жүйесі болып табылады».
Жеке имидждің пайда болуына алып келетін үдерістер жайлы сөз қозғағанда бізге жекелену немесе даралану ұғымдары осы үдерістерді белгілеу үшін қолдануға қажет болады.
Даралану ұғымы туралы айтар болсақ, оның тарихы тым ұзақ. Бұл мәселенің зерттелу тарихын философияда Фона Аквинскиймен (1225-1274) байланыстырады [2] . Фона Аквинский өзінің «Индивидуация, даралану принципі» деген шығармасында кез-келген екі жеке, дара тұлғалар үшін екеуін ажырата білетін бір белгінің табылатыны дәлме-дәл көрсетіп айтқан болатын. Оның айтуынша, индивидуация, даралану қандай - да бір теңдессіз бөлетін белгілерге байланысты болмауы мүмкін, кей жағдайда ол стандартты қасиеттердің теңдессіз комбинацияларымен қамтамасыз етілуі де мүмкін болып табылады.
Дараланудың философиялық оқытылуы тек қана адамдық даралыққа ғана жатқызылып ғана қоймай, сонымен қатар кез келген жеке обьектілерге тән болып табылады. Жеке даралықты оқыту, зерделеп зерттеудің классикалық дәстүрлеріне сай типтік және теңдессіз диалектиканы қайталанатын және қайталанбайтын диалектикалар деп бөле отырып индивидуацияны, даралануды К. Г. Юнг ғылымда шығармашылықпен дәлелдегені белгілі. К. Г. Юнг аналитикалық психологиясында индивидуация, даралану адамның тұлғалық қадам басуымен, оның тұлғалық мазмұнды өсіп жетілуімен ерекшеленеді деп көрсетеді. Оның ілімі бойынша индивидуацияның, дараланудың үдерістік көлеңкесінде адамның рухани өмір орталығынан шығатын ерекше жасырын бағыттағыш тенденция (беталыс) жатыр.
-5-
Басқа адамдардан имидж арқылы ерекшелену біздің бірегей, қайталанбас ерекшелігімізді қамтиды. Сондықтан біз индивидуацияны, яғни, даралануды «өзін-өзі табу жолынан» немесе «өзіндік іс-әрекет жасауға» бағыттай аламыз. К. Г. Юнг былай деп жазған екен: «Бірқалыпты бірегей адам болу ең тиімді және мақсатты көрсеткішті шама» [2] . Дегенмен «бірқалыпты, бірегей адам» ұғымы «адаптация» ұғымы секілді шектеулі ұғым болып табылады. .
Қазіргі таңда ғылым саласында имидждің бірнеше түрі кездеседі. Олар мыналар:
- Мекендеу ортасының имиджінің қалыптасу қағидалары:егер жағдайыңыз болса, өзгелерден жақсы өмір сүру керек. Өйткені күрделі жөндеуді қажет ететін ғимарат ішіндегі өте қымбат жиһаз адамда кері имидждің пайда болуын тудыруы да мүмкін.
- Габитарлық бұл сөз латын тілінен аударғанда habitus - сыртқы пішін, көрініс деген мағынаны білдіреді, яғни сыртқы имидж. Бұл имидждің белгілері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс-тұрысын қадағалауы болып табылады. Егер заңмен басқару қиын болса, сыртқы пішіннің өзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған бояу, макияж немесе киім адамның мақсатты тиімділігін арттырады, нәижесінде қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді қалыптастырады. Имидждің осы аталған түрі қазіргі кезеңде теледидарда көптеп қалыптасуда. Бұл имидж түрі сыртқы киімді таза, тартымды киінумен ажыратылады. Бұл имидж түрі адамды іскер адам етіп көрсетеді.
- Келесі имидж түрі-іскерлік имидж. Бұл имиджге адамның өз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы танылуын жатқызуға болады. Мәселен, белгілі бір кәсіпорындардың менеджерлер іскер қағаздар формасы мен мазмұнын есепке алудағы іскерлігімен өлшеніп келеді. Тарихи деректерге сүйенсек, тарихтағы іскер адамдардың көпшілігі нақтылай шынайы өмірде өте қатаң, ұйымшыл болған. Мәселен, С. Т. Морозов-ашық, тәуелсіз тұлға. Сонымен іскерлік имиджде қоғамның талаптарына сәйкес тиісті имидж көрінісі белгіленеді. Мысал ретінде өте іскер педагог, менеджер және тағы сол сияқты мамандық иелерін айтуымызға болады.
- Вербальды, яғни, ауызша имидж. Бұл имидж қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ой-пікір имиджі. Вербальді имидж ауызша немесе жазбаша түрде жүзеге асуы мүмкін. Атақты В. О. Ключевский былай деп пікір білдірген: «Анық, түсінікті жаза білу-ізеттіліктің алғашқы ережесі». Теоретиктер вербальды имидждің қалыптасуы үшін «ортаның қалауы бойынша сөз сөйлеу», «күлімдеп
-6-
сөйлеу» әдістерін ұсынады. Вербальды имидждің қалыптасуына ауызша сөйлеудің анық естілуі мен ырғақты әуені әсер етеді. Егер жас қыздың, келіншектің вербальды қарым-қатынастылығы өте нашар дамыған болса, оның әсем сыртқы көрінісі, тіпті байлығы оны тартымды етіп көрсете алмайды. Сондықтан вербальді имидж журналистика саласына өте қажет.
- Вербальды емес іс-әрекет имиджі. Бұл имиджге ымдау, мимикалап көрсету технологиясы жатады. Ол дененің кеңістіктегі орынын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Бұл имиджде мінез-құлықтың теріс, келеңсіз жақтарынан барынша сақтану қажет. Ол үшін адамдармен жекелей қарым-қатынас жасау барысында бет-әлпет күлімсіреп, дене пішіні тартымды, жанға жайлы түсініктер орын алуы тиіс. Бұл имидж түрінің қалыптасуына арнайы жаттығулар, салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден арылу секілді іс-әрекеттер көмектеседі. Ол үшін журналистер міндетті түрде, өзі үшін бірнеше элементтерден құралатын күнтізбені бекітуі керек. Мәселен, дене шынықтыру, жеке гигиена, еңбек және әлеуметтік іс-әрекеттер, демалыс. Нәтижесінде бұл имидж рухани байлықпен, құндылықтармен ерекшеленеді.
- Көп қырлы күрделі имидж. Бұл имидж басқа имидждерден позитивті және теріс бағыттарымен ажыратылады. Бұл имидж түрінде имиджді құрайтын элементтерді таңдап ала отырып, психологиялық тұрғыда адам баласы өзінің оңтайлы сапалық қасиеттерін атап айтар болсақ, сыртқы және ішкі ерекшеліктерін алға қояды. Мысалы саясаткер мен менеджердің имиджі артист пен топ-жұлдыздың имиджінен басқа болып қалыптасады.
- Мекемелер мен ұйымның имиджі. Бұл имидж ұжымдағы әрбір маманның және ұжымның басқалардан ерекшелігін сипаттап көрсетеді. Бұл имидж түрі жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар мен мекемелер үшін маңызды. Нақты дәлелдермен айтар болсақ, сыртқы формадағы іс-әрекеттер дизайн, жарнама, өндірістік үдерісті жаңғыртудағы басты рөл атқарады. Мекеменің эстетикалық талаптарға сай формасы, сыртқы көрінісі мен сана-сезімі ұжымның жұмыла жұмыс істеуіне, беделділіктің пайда болуына ықпал етеді. Заттық имидж-бір заттың немесе басқа жанданбаған обьектінің адам мен адамның қарым-қатынас жасау үдерісінде пайда болатын имидж. Демек, сол затты немесе обьектіні субъект ретінде қабылдауды көрсетеді.
- Корпоративті имидж (ұйым имиджі) деп-біз адам-адам арасындағы өзара байланысты процестердің арқасында пайда болған ұйымдардың, қауымдастықтардың бейнелік образын айтамыз. Корпоративті имидждің табиғатын түсіну үшін біз ұйымның, қауымдастықтың табиғатын талдай білуіміз керек.
-7-
Жоғарыда аталған имидждердің журналистер мен дикторлар үшін маңызы зор. Өйткені бізді бақылап отырған көрерменді жалықтырмау үшін сыртқы, ішкі аспектілерді білу маңызды болып табылады.
Жалпы ғылым саласында имидж бейнелік құбылыс ретінде түсіндіріледі. Имидж жеке тұлғаның тек сыртқы образы ғана емес, бейнелік образ болып та табылады, яғни кең мағынада алғанда біршама тілдер көмегімен анықталатын образ болып саналады. Мәселен, Б. Бергер мен
Т. Лукманның түсіндірулері бойынша, тіл көптеген ұрпақтармен жүйеленген, жинақталған тәжірибені көрсетеді.
Жинақылық және үйлесімді дәрежелі көрсеткіштер символды - белгілерге телінеді. Бейнелер, семиотика ғылымының анықтамасы бойынша-табиғи байланыспен, сыртқы ұқсастықпен белгіленген байланыспаған тек қана шынайы түрдегі конвенцияналды, шартты болып келеді. Кез келген имидж түрінде табиғи белгілерден, көптеген ұқсастық шамалардың, көрсеткіштердің болатынын теріске шығара алмаймыз. Мұның себебі, тек қана адамның имиджді құруы кезеңінде ол тұлғаның тек өзіндік денесін, бетін, дауысын, жестін ғана қолданып қоюында емес, сонымен қатар ең бастысы имидж тұлғаның жаратылысты психикалық сапалылығының анықтамасында болып отыр.
Сондықтан имиджмейкерлер имиджді әзірлеуде, жасауда тұлғаның ойластырылған көрсеткіштеріне емес, оның тұлғалық нақты көрсеткіштеріне назар аударып көрсетеді. Егер, кез келген тұлға актер, марионетка ретінде өзін көрсетіп, соған сай іс-қимылдар жасайтын болса, онда ол тұлғадан толығымен жасанды имидж жасауға болады. Бірақ мұндай жағдай имидждің шектемелі ойластырылған түрі, театрлық рөл ғана болып саналады, екіншіден, осылай ойластырылған жағдайда оның анатомиялық параметрларын ойластыра, негіздей отырып белгілі бір шектеулер қойылады. Имидж, сөзсіз иконалық белгілерге тиесілі болып табылады. Ол мазмұнды тұжырым біздің имиджді анықтауымыздан шығады. Имидж-бейнелік құрылым болып табылатынын жоғарыда айтып өттік. Өйткені оны құруда вербальды белгілер қолданылады.
Имиджмейкерлер клиенттің имиджін құру үдерісі кезеңінде өздерінің алдарына қойған, мақсаттары мен міндеттерінің бірі ретінде клиенттің бойында психосемиотикалық құзырлылық, біліктілікті және өзіндік эксперцияның семиотикалық компоненттерін, сонымен қатар сыртқы көрініс технологиясының сапалықтарын арттыруды көздейді. Соның нәтижесінде өз клиенттерінің сапалы имиджін құрып, оның танымалдылығын, бәсекелстігін арттыра алады. Оның материалдық жағдайының артуына үлес қосады.
Журналистерге де міндетті түрде имиджмайкерлер қажет. Олар
журналистің сыртқы келбетін ғана жақсартып қоймай, ішкі жан дүниесінің жақсаруына да ықпал етеді. Диктордың танымалдылығын арттырып, оның бағдарламасының қаралымын көбейтеді.
-8-
1. 2. Журналист имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
Қазіргі таңда елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының саны артқан сайын олар оқырман мен көрермен қошеметіне бөлену үшін өзара тартысты бәсекеге түседі. Бұл-заңды құбылыс. Мұндай жағдайда есімі елге танылған, имиджі қалыптасқан журналистке сұраныс күшейе түспек.
Ал журналистің міндеті-алған білімін саудалы саясатқа сатылмай, қоғамдағы тұрмыс пен халықтың хал-ахуалын шынайы баяндап отыру. Сондай-ақ журналистің сөзіне ел сене алатындай қалыптасқан дербес бейнесі болғаны дұрыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz