Авторлық аударма түпнұсқа мәтінді аударған авторлық аударма
Туран-Астана университеті
ГУМАНИТАРЛЫ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ӘЛУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ТІЛДІК ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
6В02301-Аударма ісі
Өндірістік тәжірибе
ЕСЕБІ
3 курс күндізгі оқу курсы академиялық топ
Д-ПД-19-1
Бекен Кәмилә Мәлікқызы
Тәжірибе жетекшісі
Идрисова М.А.
Нұр-Сұлтан 2022ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
АУДАРМА ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
АУДАРМА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
АУДАРМА ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
АУДАРМА - НЕГІЗГІ ТІЛДЕГІ ХАБАРЛАМАНЫ АУДАРАТЫН ТІЛДЕГІ ХАБАРЛАМАҒА ӨЗГЕРТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
АУДАРМАНЫҢ БІРЛІКТЕРІ МЕН МӘТІННІҢ БӨЛІНУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
АУДАРМАНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
АУДАРМАНЫҢ ЭКВИВАЛЕНТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ АУДАРМАСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
АУДАРМА ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ОРЫН ТӘРТІП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
АУДАРМАДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ ... ... ... ... ... 37
КАЛЬКАЛАУ МЕН БЕЙНЕЛЕУ АУДАРМАСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 3
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
КІРІСПЕ
Мен, Бекен Кәмилә Мәлікқызы "Тұран-Астана" университеті, Әлеуметтік-Гуманитарлық факультетінің 3-курс студенті, 23.05.2022-25.06.2022 уақыт аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, "Центр переводов Казахстана ЖШС-де өндірістік тәжірибеден өттім. Практика толықтай аудару бөлімінен тұрды. Бізге берілген мәтін бойынша нақты, мәтін мағынасын аша жеткізу, қателіктерсіз мұқият аудару болды. Берілген мәтіндер күрделене отырды және мәтін бойынша тапсырмалар орындалды. Кәсіби практика жоғары оқу орнында алған теориялық білімді бекіту, тәжірибелік машықты және құзыреттілікті арттыру үшін, сонымен бірге озық тәжірибе жинақтау үшін бағытталған. Оқу үрдісі кезінде Аударма ісі мамандығының студенттері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес төмендегідей кәсіптік тәжірибе түрлерінен өтеді: оқу практикасы және дипломалдық практика. Практиканың барлық түрлеріне студенттердің жолдамасы ректордың бұйрығымен бекітіледі. Жолдамада практиканы өту мерзімі, практика базасы мен жетекшілері көрсетіледі. Практика жетекшілері ретінде мамандық ерекшелігін жақсы білетін кафедраның тәжірибелі оқытушылары тағайындалады. Практика жетекшісі тәжірибе басталмас бұрын бекіту конференциясын өткізеді, тәжірибе ережелерімен, талаптарымен таныстырады, құжаттарды толтыру бойынша кеңес жүргізеді, практика бағдарламасына сәйкес студенттермен кеңес өткізеді, практика өту барысын қадағалайды, практика қорытындысын бағалайды және практикадан өту бойынша қорытынды есепті жазбаша түрде өткізеді. Студент практикадан өту барысында:
-практика бағдарламасын толық орындау, университет бекітілген форма бойынша практика күнделігін жүргізу;
-практика базасына сәйкес практика өтетін орындардың ішкі ережелеріне бағыну;
-практика күнделігін толтыруға, барлық атқарылып жатқан іс шараларды күнделікке түсіруге, бақылау нәтижелерін және оларды талдауға;
-кафедраға практика орнының мөрімен расталған және қол қойылған практика бойынша есепті (пікір немесе мінездеме, жазбаша есеп) уақытында өткізуге;
-практика бағдарламасы бойынша тапсырманы уақытында орындауға, өз уақытында есеп беруге, қорытынды конференцияда белсенділік танытуға;
-бекітілген мерзімде денсаулығына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен практикадан өтпеген жағдайда, басқа мерзімде практика бағдарламасын өтеуге міндетті.
Аударма ісі мамандығының студенттері үшін өндірістік практиканың базалары практика базасы ретінде таңдалған ұйымдар және мекемелер болып табылады. Жоғары оқу орны практика базаларымен өндірістік практиканы ұйымдастырудың типтік келісімшартының үлгісіне сәйкес келісімшартқа отыруы тиіс. Практика базаларымен келісімшарт практика басталғанға дейін кем дегенде 2 ай бұрын жасалады. Оқу аудармашылық практикасы оқу үрдісінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Оқу аудармашылық практика жетекшілігі кафедраның тәжірибелі оқытушыларымен жүзеге асырылады. Оқу аудармашылық практика бірінші шет тілі бойынша жүргізіледі. Оқу аудармашылық тәжірибесі міндетті болып есептеледі. Оқу тәжірибесінің мақсаты: аудармашылық тәжірибені жинақтау барысында студенттердің жалпы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беру. 6В02301 Аударма ісі мамандығы бойынша оқу практикасының міндеттері:
-лингвистикалық және аударма пәндері бойынша теориялық білімдерін кәсіби қызметте қолдану арқылы бекіту;
-жазбаша аударма пәні бойынша (ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару) практикалық сабақтарда меңгерген кәсіби аудармашылық шеберлік пен дағдыны жетілдіру;
-шет тілінен (ағылшын) қазақ тіліне жазбаша аудару аясында кәсіби аудармашылық қызметті жүзеге асыратын озық тәсілдерді меңгеру;
-аудармашының кәсіби маңызды қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беру;
-ғылыми, жалпы саяси және бейінді-тақырыптық мәтіндерді жазбаша аудару саласында негізгі кәсіби тәжірибені жинақтау.
Аударматанудың негіздері пәні - таңдау компоненттегі базалық пән. Бұл курста аударматану ғылымының теориялық мәселелері, аударма жасаудың техникасы, әдіс-тәсілдері мен аудармаға және аудармашыға қойылатын талаптар, аударма саласының жанрлық түрлері қарастырылады.
Пәнді оқу барысында білім алушылар аударғалы жатқан материалдағы
сөздін мағынасын түсініп, лексика және грамматикалық талаптарын білуі керек. Пәндегі ұғымдар мен категорияларды жан-жақты терең қамти отырып, бастысы екі немесе бірнеше тілдерге еркін аударма жасай білуі тиіс. Студенттер аударма туралы ғылымның осы күнгі жағдайын, аударма қызметінің негізгі концепцияларын, түрлі аударма тип пен формаларының ерекшеліктерін, аударманың негізгі лексика-фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық мәселелерін игеруі керек.
АУДАРМА ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ТАРИХЫ
Қазіргі тіл білімі арқылы меңгерілетін көптеген күрделі мәселелердің арасында тіл аралық қатынастар қызметінің лингвистикалық аспектілерін аударма немесе аударма қызметі деп аталатын меңгеру саласы маңызды орын алады.
Аударма - бұл, әлбетте, адам кәсібінің өте көне түрі. Адамзат тарихында адам топтарының тілдер айырмашылықтары бар қалаптасуымен қатар әр түрлі тілдер ұжымдарымен қатанасуға көмектесетін билингвтер де пайда болды. Жазба тілінің шығуымен осындай ауызекі тілші-толмач аудармашыларға жазбаша түріндегі де ресми, діни және іскери түрдегі әр түрлі мәтіндерді аударатын аудармашылар қосыла бастады.
Басынан бастап аударма маңызды әлеуметтік адамдар арасындағы тіл аралық қатынасты жасайтын қызметті атқарды.
Жазбаша аудармаларды тарату адамдарға басқа халықтардың мәдени мұраларына қол жеткізуді кеңейтіп, мәдениет пен әдебиеттерін байытуға, әсерін тигізуге мүмкіндік берді. Шетел тілдерін білу - бұл тілдердегі кітаптардың түпнұсқасын оқуға мүмкіншілік береді, бірақ бір ғана шет тілін меңгеріп алудың өзі әркімнің қолынан келмейді.
Алғашқы аударма теоретиктері ретінде өздерінің тәжірибесін қорытындылауға ұмтылған аудармашылардың өздері болды, бірақ та кейде кәсіби бойынша әріптестерінің тәжірибесі де осыған қосылды. Өздерінің аудармашылық ісін көрсетуге барлық кезеңнің атақты аудармашылары болған еді, дегенмен олардың білдірген көзқарастары қазіргі талаптарға сай ғылыми дәлелді болмағанымен жүйелі теоретикалық тұжырымдамаларға енгізілмесе де, бір қатар осындай пікірлер мен көзқарастар күні бүгінге дейін өзіне қызығушылықты арта түседі.
Сонымен, антик кезеңінің аудармашылары түпнұсқаға аударманың жақындық деңгей мәселесін кеңінен талқылауға түсірген. Библия мен басқа шығармашылардың ерте кездегі киелі мен негізгі болып саналатын аудармаларында түсініксіздікке немесе аударманың толық ұқпауына әкеліп соққан түпнұсқаны дәлме-дәл аудару мен тастап алуға талпыныстар басым болды. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар түпнұсқаға қатысты үлкен бостандыққа ие болуға аудармашылар құқығын теориялық жағынан әріпті емес, мағынасы немесе жалпы көрінісін, түпнұсқа ерекшелігін көрсету керектігін айқындауға тырысты.
Аудармашы көздеуге тиісті мақсаты туралы бастапқы пікірлердің өзінде ақ біздің заманымыздың дәлме-дәл немесе еркін аударманың болуы мен түпнұсқа ие болатын оқырмандарға әсерін тигізетін жақтарын сақтауға керектігі туралы көптеген теоретикалық даулы қайшылықтарды табуға болады.
Кейінірек кейбір аудармашылар жақсы аударма немесе жақсы аудармашы дәрежесіне ие болатын бірқатар талаптарды көрсету арқылы аударманың қалыпты теориясының кейбір түрлерін қалыптастыруға тырысты. Француз гуманисі, айқын және аудармашы Этьенн Доле (1509-1546 жылдары өмір сүрген) оның ойынша, аудармашы бес шақты аударманың негізгі принциптерін сақтауы қажет деп көрсеткен, бұлар:
1.Аударатын мәтіннің мазмұны мен автордың мақсатын еркін түсіну;
2.Қандай тілден қай тілге аудару тілдерін біркелкі жетік білу;
3.Сөзбе-сөз, дәлме-дәл аудару жақтарынан бас тарту, себебі бұл түп нұсқаның мазмұнын өзгертеді де, оның көркемдік формасын жойып жібереді.
4.Аудармада жалпы қолданылатын сөйлеу түрін пайдалану;
5.Түпнұсқаның иісті ырғағынан шығып жалпы әсерін тигізетін сөздерді дұрыс қолдану мен тізбектеу.
1790 жылы Аударма принциптері атты ағылшын А.Тайтлердің кітабында аударманың негізгі талаптары былайша көрсетілген:
1)аударма түпнұсқа идеясын толық беруге тиіс;
2)аударма стилі мен мазмұндамасы түпнұсқа сияқты болулары қажет; 3) түпнұсқа шығармасы сияқты аударма да, жеңіл оқылуға тиіс.
Аударманың ғылыми негіздері жиырмасыншы ғасырдың ортасында қалыптасып, сол кезде аударма мәселесі тілшілер назарында бола бастайды. Бұл кезге дейін лингвистика ғылымы меңгеретін мәселелерге аударма мәселесі ешқандай жағымен енбейтін болып саналатын. Аудармашылардың өздері аударма өнерінде аударманың лингвистикалық аспектілері шағын, таза техникалық рөл атқаратындығын тұжырымдаған.
Әрине, аудармашы түпнұсқа тілімен қатар аударма тілін жетік білуі тиіс, бірақ та тілдерді білу аударманың тек қана қосымша жағы, негізі емес, болып саналады. Осындай білімнің рөлін композиторға ноталарды білу рөлімен салыстыруға болады.
Өздері жағынан, тілшілер аударма қызметін тіл білімі зерттеу объектісіне енгізуін көздемесе де, бірақ та ол лингвистикалық факторлармен айқындалды.
Тіл білімінің басты назарынада тіл ерекшеліктерін меңгеруі болса, оның қайталанбас құрылымын грамматика жүйесі мен басқа тілдерден айырмашылығы болатын жеке тілдердің әрбір сөздік құрамының ерекшеліктерін ашуы болды. Бұның барлығы тіл ерекшелігі болып, оның ұлттық рухы мен әр түрлі тілдерде жазылған екі мәтіннің біркелкілігінің принциптік болмауын болжады.
Аударма түпнұсқаны тиісті, дәлме-дәл түрде жеткізуді санағандықтан, аударма арқылы таза лингвистикалық себептермен атақты ақын мен жазушының шығармашылық ерекшеліктерін көрсетуі мүмкін еместігін дәлелдей отырып, мүлдем іске аспайтын кәсіп болып есептелінген.
Тілшілердің аудармаға қатыстығын айқын түрде белгілі неміс жазушысы мен аудармашы Август Шлегелге жазған хатында В.Гумбольдт былай көрсетеді: Қандай да болсын аударма, меңінше, орындалмайтын істі шешуге талпыныс болып саналатыны сөзсіз. Себебі әрбір аудармашы түпнұсқасын өз халқының тілі мен ерекшеліктері арқылы сақтауға қолға алып, немесе өз халқының ерекшеліктерін түпнұсқа арқылы беруде су астындағы екі тастың біреуіне соғылуы тиіс.
Осындай кейінірек аударыла алмайтын теориясы деп аталатын көзқарастарды көптеген лингвистер, оның ішінде, аудармашылық рөль атқарып жүргендердің өздері қолдады. Аудара алмайтын теориясы аудармашылар орындалмайтын іспен айналыса бергендіктен, аударма тәжірибесіне ешқандай әсерін тигізген жоқ. Дегенмен, бұл теория аударманың лингвистикалық талдау жолында қайтсе де, кедергі етті. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында тілшілер аударма ісіне қөзқарастарын өзгертуге мәжбүр болды да, оны жүйелі түрде меңгеруге кірісті.
Біз білеміз, бұл кезеңде, алдымен саяси, коммерциялық, ғылымитехникалық және де іскери мәліметтердің аудармасы алға қойыла бастады, мұнда автор стилінің жеке ерекшеліктері меңгерілмей қалған еді. Осыған байланысты аударманың негізгі қиыншылықтары мен аударма процесінің барлық сипаттамасы бұл үрдеде қатысытын тілдер қолданыс тәртібі мен құрылымда болатын қайшылықтармен айқындалатындаға нақты қолдау тапты. Ал, егер де, тілдер қатынастығы туралы сөз етілсе, оны меңгерумен, әрине, тілшілер айналысуы тиіс. Осыдан басқа, аударма дәлдігіне қойылатын талаптардың рөлі нақтылай түседі. Деректемелерді аударуда бүтіндей аударманың дұрыстығымен, түпнұсқа мен аударманың оқырманға біркелкі әсерін тигізетіндікпен шектелуі мүмкін емес.
Аударма барлық деталдарды, әрбір сөздің мағынасына дейін, түп нұсқаға жақынырақ ақпараттарды жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс.
Аударма процесінің тілдің алғашқы негізі айқын көрініс табады.
Бұл процестің лингвистикалық болмысы неге нақты лингвистикалық факторлармен ол қандай дәрежеде анықталады, ақпаратты дәл жеткізуде осындай факторлар қалайша шектеу жасайды екендіктерін анықтау қажет етіледі. Көптеген елдерде аудармашылар керектігін әжептәуір қанағаттандыру үшін, аударма мектептері, факультеттер мен институттар құрылды. Тәртіп бойынша, аудармашыларды даярлау шетел тілдері берілетін оқу-мекемелері: университет пен институт негізінде өткізілді және де тілдер оқытушыларына аудармаға үйрететін оқу құралдары мен тиісті бағдармалар жасау міндеті артылды. Тілші-мамандары жоғары кәсіби аудармашылар дайындайтын тиімді курстар құру үшін керекті ғылыми негіз жасауға тиісті болды. Көптеген аударма мамандарын даярлау аудармашы кәсібінің: Аудару үшін екі тілде сөйлеу мәнін білу шарт атты салттық формуласының керексіздігін көрсетті.
Бұл формулада көрсетілген факторлар өз бетінше шеберлікпен аудара білуді қамтамасыз етпейді екен, тек қана екі тілді жай білу ғана емес, оларды аудара білудей білу керек, яғни бір тіл единицасының екінші тіл единицасына ауысу жағдайы мен тәртібімен тіркесу арқылы білу.
АУДАРМА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Кең түрде айтқанда, аударма теориясы термині аударма тәжірибесі терминімен салыстырмалы түрде болған. Аударма теориясы, аударма тәжірибесінің әр түрлі концепцияларын, заңдарын, зерттеулерін қамти отырып, оны қандай әдістермен, жолдармен жүзеге асатындығын зерттейді.
Осыған байланысты, аударма теориясы аударма жүргізу анықтамасымен сәйкес келеді.
Қарапайым түрде айтқанда, аударма теориясының құрамына аударма жүргізудің теориялық бөлімі оның қосымша аспектілерімен қарама- қайшы түрде болады.
Аударма - бұл күрделі, көп қырлы, аспектілері бөлек әр түрлі ғылымдардың пәні бола алатын құбылыс.
Аударма жүргізуі әдеби, этнографиялық аударма түрлерін, сонымен бірге әр түрлі мемлекеттердің аударма тарихын зерттейді.
Зерттеудің пәніне байланысты аударма жүргізуі әдеби аударма жүргізу (әдеби аудармасының теориясы), этнографиялық аударма жүргізу, тарихи аударма жүргізу деген түрлерге бөлінеді.
Қазіргі кездегі аударма жүргізудің ең бастысы лингвистикалық аударма жүргізу болып табылады. Аударма жүргізудің бөлек түрлері бір-бірін толықтырып, аударма жүргізуді жан-жақты сипаттауға бағытталады.
Аударма теориясы жалпы аударма теориясы, жеке аударма теориясы, және негізгі аударма теориясы (лингвистикалық аударма теориясының бөлімдері) деп бөлінеді.
Аударма теориясы лингвистикалық аудармасының жалпы заңдарын, қандай да бір тілдер жұптарының қасиеттеріне байланысты болып, осы процесстің жүзеге асыру әдісін және бөлек аударманың қасиеттерін зерттейді.
Жалпы аударма теориясы аударманың әр түрлерін, қандай да бір тілден басқа тілге аудармаларын қамтиды.
Жеке аударма теориясы жеке бір тілден басқа бір жеке тілге аудармасының, лингвистикалық аспектілерін зерттейді.
Аудармадағы негізгі аударма теориясы әр түрлі түпнұсқадағы жанрда жазылған мәтіндердің аудару процесінің қасиеттерін, осы процестердің құбылысына әсер ететін тілдік пішіндерін, оны жүзеге асырудың жағдайын айқындайды.
Жалпы аударма теориясы жеке және арнайы аударма теорияларының негізгі анықтамаларын теориялық түрде анықтайды.
Жеке және арнайы аударма теориялары жалпы аударма теория заңдылықтарының бөлек аударма түрлеріне қатысын айқындайды.
Аударма теориясы өзінің алдына келесі міндеттерді қояды:
::жалпы лингвистикалық аударманың негіздерін айқындау және суреттеу, яғни тілдік жүйелердің қандай қасиеттері мен заңдылықтары аударма процесінің негізінде болатындығын дәлелдеп, осы процестің мүмкіншілігі мен шегін көрсету;
::аударманы лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде айқындау, оның басқа тілдік құбылыстарынан айырмашылығын нақтылау;
::аударма жүргізудің классификациялық негіздерін қарастыру;
::аударма эквивалентік мәтіндер мен аударманың коммуникативті тең негіз ретінде айқындау
::жеке және арнайы аударма теорияларының жалпыпринциптері мен құрылымындық қасиеттерін әр түрлі тілдердің комбинациялары үшін қарастыру;
::аударма процесінің жалпы ғылыми принциптерін аудармашының
негізгі мәтінді, аударма мәтініне жаңарту қызметі ретінде суреттеу;
::аударманың қалпы деген аңықтаманы айқындап, аударманың баға сапасының принциптерін қарастыру.
Теориялық бөлімдерден бөлек, аударма лингвистикасының құрамындағы аударма әдістемесіне үйрету, әр түрлі сөздіктерді құрастыру, бағалау әдісі мен аудармаларды өзгерту сияқты көптеген қосымша аспектілер жатады. Осының барлығы аудармашының қызметін жақсартады.
Ең аудымен лингвистикалық аударма теориясы дискриптивті теориялық пен болып табылады. Ол аударма процессінің заңдылықтарын объективті түрде суреттеумен айналысады.
Қорыта келгенде, аударма теориясында не болу керек екендігін емес, не бар екендігін, зерттеу құбылысының табиғатын суреттеуі жатады. Лингвистикалық аударма механизмін суреттеу көмегімен ережелер мен принциптерді, әдістер мен аударма тәсілдерін құрастыра отырып, аудармашы өзінің алдына қойған мәселелерін сәтті түрде шеше алады.
Аударма - бұл әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар арасындағы байланыс мүмкіншіліктерін қамтамасыз етудің бір жолы.
Сол себептен аударма теориясы үшін тілдік байланыс процесінің қасиеттері тура және ауыспалы тілдік актілері, мәтін мен байланыс жағдайдың көмегімен мәтінді түсінуі адамның басқа құбылыстар негізгі әсер етеді.
Лингвистикалық аудармасында ең негізгі зерттеу әдісі салыстырмалы аударманың талдауы болып табылады, яғни мәтіннің түпнұсқасы мен құрамының аудармасын негізгі мәтіннің түпнұсқасы мен құрамымен салыстырудың талдау. Бұл мәтіндер зерттеу мен талдауға келетін, объективті фактілер болып табылады.
Аударма процесінде әр түрлі тілдерде жазылған мәтіндердің арасындағы қарым-қатынас байқалады. Осы мәтіндерді салыстырудың арқасында аударманың ішкі механизмін, эквивалентті бірліктерді көре аламыз.
Сонымен бірге екі не одан да көпбір мәтіннің аудармаларын салыстыра аламыз. Лингвистикалық аударма теориясының құрылуының жолында аударылмайтынның теориясы деген түсінбеушілік пайда болған. Тіл білімі жағынан, аударманы қарастырғанда негізгі мәтінді басқа тілге тура, дәл аударуға мүмкін емес.
Қайсыбір мәтіннің ерекшелігін нақты түрде басқа тілде жеткізу мүмкін емес. Сондықтан аударма процесі мәтінді дәл, тура жеткізу болып табылмайды. Дәлділіктің болмауы мәтінді түсінуге әсер етпейді. Мысалы: A good student never comes unprepared, Жақсы талапкер (студент) сабаққа ешқашан да дайындалмай келмейді. Осы мысалда студент деген өз ұл бала мен қыз баланы білдіреді. Бірақ неміс пен француз тілдерінде зат есімді міндетті түрде атау керек, осыған қарамастан сөйлемнің мәні бізге түсінікті.
Қорытындылай келе, аударманың ең басты мақсаты, ол- тіларалық байланыстың қандай да бір түрін құрастырып, сол арқылы мәтіннің аудармасын негізгі мәтін мағынасына сай келетіндей еткізу.
АУДАРМА ТҮРЛЕРІ
Қазіргі аударматанудың аударма тәжірибесі мен ұғымдық саласының жүйелілік талдауы аударманың жеке типологиясын құруға мүмкіншілік етеді және де аударманың басқа жақтарын дайындауға орын беріп, таныстыру арқылы, оның презентация мен қолданылуын, сонымен қатар, басқа да негізгі компоненттермен аударма қызметінің байланысын көрсетеді.
Аударма типологиясы келесі белгілері бойынша өткізіледі:
1.Аударма мен түпнұсқа тілдерінің байланысы бойынша өтуі;
2.Аударма қызметінің субъектісі мен оның аударма мәтіні авторына деген қөзқарасы арқылы;
3.Аударма сегментациясының типі бойынша және аударма
материалдарының қайта құрастыруы бойынша;
4.Аударылған мәтін мен түпнұсқа мәтінінің презентациясы бойынша;
5.Аударылған мәтіннің түпнұсқасымен сай болуы бойынша;
6.Аударма материалдарының стилдік жанрын айқындау мен жанрлық түрге жатқызуы арқылы;
7.Түпнұсқа мазмұның толық мағынасын және мазмұндық түрін айқындауы бойынша;
8.Негізгі функциялар арқылы;
9.Түпнұсқаның бірінші мәтін болуына байланысты;
10.Адекваттық түрі бойынша.
1. Аударма мен түп-нұсқа тілдерінің байланысы бойынша аудармалар
а) ішкі тілдік аудармасы-бұл сөздік белгілердің сол тілдік белгілері
арқылы түсіндіруі;
ә) диахрондық тарихи аударма тарихи мәтіннің көне тілінде жазылған
түрін қазіргі тілге аударуы;
б) транспозиция бір жанрдағы немесе функциональдік стильдегі мәтінді
жанр мен функциональдік стильге аудару;
в) тіларалық аударма хабарламаны-жаңалау (өзгертеужаңарту бір белгі жүйесі арқылы көрсетілген аңықталған хабардың басқа бір белгі арқылы көрсетілген хабарламаға ауысуы;
г) бинарлық аударма бір негізгі тілден басқа бір тілге аударуы;
ғ) интерсемионтикалық аударма бір негізгі тілден басқа бір жасанды тілге
аудару немесе керісінше;
д) трансмутация бір жасанды тілден басқа жасанды тілге аударуы.
2. Аударма қызметі субъектісінің жалпы сипаттамасы бойынша белгілейтін және де оның аударма мәтінінің авторына қатынастығын көрсететін аудармалар.
а) Дәстүрлік негізгі кісімен қолжазба арқылы аударма - адам арқылы жасалатын аударма аудармашы бола тұра немесе сол аударма мәтінінің авторы болған емес аудармашымен жасалған аударма;
ә) Авторлық аударма түпнұсқа мәтінді аударған авторлық аударма;
б) Авторлық аударма автормен өткен тексеруден түпнұсқа мәтінінің
аудармасы;
в) Машиналық, автоматтық аударма - компьютер арқылы жасалынған
немесе жасалынып жатқан аударма;
г) Аралас аударма - дәстүрлік немесе машинналық аударма түрлерінің
негізгі жақтарын қолданылатын мәтінді өңдеу арқылы өткізілетін аударма. 3. 3. Мәтіннің аудармалық сегментациясы мен аударма бірліктерін қолданылу арқылы өтетін аудармалар.
а) Морфемдік арқылы жүретін аударма - жеке морфемалар деңгейлері арқылы жасалынатын және олардың құрылымның байналысынын есепке алмайтын аудармалар;
ә) Сөзбе-сөз аудармасы - жеке сөз деңгейінде өтіп сөз арасындағы мағыналық, синтаксистік пен стилистикалық байланыстарын есепке алмау арқылы болатын аудармалар;
б) Фразалық сөйлем аудармасы-жеке сөйлемдер деңгейінде немесе
жүйелі түрде бір-бірінен кейін фразалар аударылып жатқан аударма түрі;
в) Азат-жолдық фразалық аударма-жеке сөйлемдер немесе азат жол
деңгейінде, бір-бірінен кейін аударып жатқан аударма түрі;
г) Толық мәтіндік аударма-жеке сөздер мен сөйлемдер, азат жолбөлшектерін белгілемей, толық мәттіннің аудармасы.
4. Түпнұсқа мен аударма мәтіндерінің ерекшеліктері бойынша өтетін презентациялық аудармалар
а) жазба аудармасы - жазбаша орындаған аударма;
ә) жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы- жазбашы мәтіннің жазбаша
түрінде орындалған аудармасы;
б) ауызша мәтіннің жазба аудармасы - ауызша мәтіннің жазбаша
аудармасы;
в) ауызша аудармасы - ауызша аударма түрі;
г) ауызша мәтіннің ауызша аудармасы-ауызша мәтіннің ауызша
аударылған түрі;
ғ) синхрондық аударма түпнұсқа мәтіннің айтуымен қатарлас өткізілетін
ауызша аудармасы;
д) рет-ретімен өтетін аударма мәтіннің бір бөлшегін тыңдағаннан кейін,
немесе кідірісар асында өтетін ауызша аударманың түрі;
е) бір жақтық аударма - бір бағытта орындалатын бір тілден ауызша аударылатын реттік аударма;
ё) екі жақтық аударма бір тілден басқа тілге және керісінше орындалатын
әңгіменнің ретімен өтетін ауызша аударма;
ж) жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы, ауызша түрінде орындалған
жазбаша мәттіннің аудармасы.
5. Түпнұсқа мен аударылған мәтіндердің сипаты мен сапасы бойынша сәйкестігін айқындайтын аударма түрлері.
а) еркін аударма түрі түпнұсқанның негізгі ақпаратын толық жеткізбей толықтыру мен алып тастау және тағы басқа мәтін деңгейіндегі жасалғандықтан ол үшін тіл бірліктерінің эквиваленттік категориялары релеванттік емес болып есептеленеді.
ә) интерпретация- басқа тілдер жүйесі мен бір тілдер жүйесіне жататын сөйлеу құралының берілген ереже бойынша ауысуы арқылы өтетін жеке аудармадан бөлек тілден тыс қызметіне негізделген аударма түрі
б) адекваттық аударма - аударма түпнұсқаға сәйкес және коммуникативтік құралдар арқылы түпнұсқаны дәлелдейтін аударма
в) дәлдік аударма- семантикалық дәлдікпен сипатталатын аударма, яғни түпнұсқа мағына жоспарын семантикалық түрде толық және дұрыс жеткізетін аударма.
г) аутентикалық аударма түпнұсқамен заңдық күште бірге болатын ресми іс-қағаздарының аудармасы, халықаралық құқық бойынша келісім-шарт мәтіні бір тілге таңдауы мен бекітілуі мүмкін, бірақ оның аутентикасы екі немесе одан да көп тілдерде айқындалады.
ғ) бекітілген аударма бұл аударма заңды түрде түпнұсқаға сәйкес
бекітіледі
6.Аударма мәтінінің жанрлы растайтын стилистикалық сипаттамасы бар бір жанрға сәйкес болып жататын ерекшеліктері бойынша аударма түрі
а) ғылыми - техникалық аударма - ғылыми-техникалық мәтін мен
құжаттардың аудармасы
ә) саяси-қоғамдық аударма- саяси-қоғамдық мәтіндердің аудармасы
б) көркем шығарма аудармасы-көркем шығарма мәтіндерінің аудармасы
в) әскери аудармасы-әскери тақырыптарға байланысты мәтіндердің
аудармасы
г) заңгерлік аударма-заңгерлік мәтіндердің аудармасы
ғ) ауызекі аударма - ауызекі мәтіндердің аудармасы
7.Түпнұсқа мағынасының мазмұнын толық түрде жектізу ерекшеліктері арқылы айқындалатын аудармалар
а) толық жалпылама аударма түрі түпнұсқа мазмұн мағынасын толық
қысқартпай аудару
ә) толық емес аударма-түпнұсқа мазмұн мағынасын толық емес
қысқартып аудару
б) қысқартылған аударма-түпнұсқа мазмұн мағынасын қысқартып жабық
түрде аудару
в) фрагментарлық аударма - мәтіннің барлығын емес, оның бір немесе
бірнеше бөлшектерін аудару
г) аспектілік аударма-мәтіннің тек қана бір бөлшегін аударып, берілетін тапсырыс бойынша белгіленген аспект аударма мәтіннің басты тақырыбы, нысаны, керектігі негізге алынып аударылады
ғ) реферетивтік аударма-реферат құжатының нақты мәліметтері берілетін аударма түрі, оның мақсаты, тақырыбы, зерттеу әдістері мен нәтижелері туралы мәлімет берілетін аударма түрі
8. Негізгі прагматикалық функция ерекшеліктері бойынша аудармалар
а) практикалық тәжірибелік аударма-тәжірибелік қолдануға ақпараттық
қайнар көзі болып есептелетін аударма түрі
ә) жұмыстық аударма-редакциялық тексеруден өтпеген аударма, көбінесе
тәжірибелік қолдануға керекті бірақ басылымға дайын емес аударма түрі
б) кеңес беру аудармасы- көбінесе ауызша түрінде болатын аннотациялық, реферативтік және қағаздан жазбаны таңдап алып аударылған элементтері бар аударма беретін адамның көзінше аударылатын, аударма үстінде оны қызықтыратың түпнұсқа мазмұн аспектісін анықтайтын ақпарат түрінің аудармасы
в) баспасөз аудармасы-бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы тираждалған және кең таратылуы үшін арналған жазбаша аудармасы
г) баспадан шыққан аударма-бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы
тираждалып көпшілікке таралған тәжірибе немесе оқу аудармасы
ғ) оқу аудармасы-бұл аударма көбінесе оқу үрдесінде аудармашыларды дайындау үшін немесе шет тілін үйрету әдісінің бір түрі болып табылатын аударма
д) эксперименталдік аударма-ғылыми мақсат бойынша орындалған
аударма
е) эталондік аударма- мамандандырылған аудармамен салыстыру үшін
үлгілік аударма түрі
9.Түпнұсқа мәтіннің бірінші емес болып ерекшеліктері айқындалатын аудармалар
а) тура аударма-түпнұсқадан болатын негізгі аударма
ә) жанаманегізі емес болатын аударма-негізінен түпнұсқадан емес, бірақ
оның басқа тілге аударылған мәтіннің аудармасы
б) керісінше аударма-негізгі тілге аударылған түпнұсқа мәтінінің
аудармасы
10.Адекваттық түрі бойынша аудармалар
а) семантикалық-стилистикалық адекваттық аударма - толық
семантикалық, дәлдұрыс және стилистиалық эквиваленттік, функциональдістилистикалық жағынан аударма тілінің стилистикалық нормасына сәйкес аударма түрі
ә) прагматикалық-адекваттық аударматүпнұсқаның жалпы негізгі коммуникативтік (көтеріңкідоминантік) функциясын дұрыс аңықтайтын аударма түрі.
б) дезиративті-адекваттық аударма-қолданушының ақпараттық сұрасына толық, дұрыс жауап беретін, мазмұн мағынасын және түпнұсқаның басты коммуникативтік функциясын міндеті түрде толық жеткізбейтін аударма түрі.
АУДАРМА - НЕГІЗГІ ТІЛДЕГІ ХАБАРЛАМАНЫ АУДАРАТЫН ТІЛДЕГІ ХАБАРЛАМАҒА ӨЗГЕРТУ
Аңықтама бойынша, дәлме-дәл аударма мүмкін емес, себебі әр түрлі тілдер өзінің грамматикалық құрылымен, сөздік қорымен, осыған қоса, басқалай мәдениетімен ерекшеленеді, бұның барлығы аударма нәтижесімен түрлеріне әсерін тигізуі мүмкін. Сөйтіп, егер де салыстармалы грамматикалар мен екі тілдін сөздіктер тиісті баламаларымен орыс пен ағылшын тілдері салыстармалы түрде болса да, тәжірибеде әр түрлі халықтар мәдениетінің салыстырмалы анықтамалары жоқ. Әлбетте, аудармашының негізгі және аударма мәдениеттерінен теңдік дәрежеде хабары бар. Бірақ та, бұл олай болуы мүмкін емес, көбінесе аудармашы бұған сәл ғана баға береді, сондықтан негізгі мәтіннің кейбір эдементтерін немесе бүтіндей категориялын салыстыру - мәдени жоспары арқылы аударылады. Дегенмен, жалпы мәдени құндылықтарына немесе салыстармалы мұраларға негізделген мәтіндерді, жеткізуге назар аударып, негізгі ақпараттың стилистикалық, эмоциональды және бағалау компоненттерін аударылмауына көп көңіл бөлмей, әр түрлі ұлттық-мәдени салттарында басқаша көріністерге иелендірсе, көбінде мәселелер туындайды. Бұл мәселелер кеңдеу диапазонда болуы мүмкін: қайталанбас бөлек элементтерден барлық негізгі мәтінге дейін, осыған байланысты, бір мәселенің сипаттамасы аударма бағытына байланысты өзгеріліп отырады. Ресми хатты ағылшын тілінен орыс тіліне аударған кезде, ағылшының Dear Sir қарапта түрі орысшаға жиірек Құрметті мырза түрімен аударылады. Бұл формула түрі орыс ресми стиліне жатпайды, бірақ орыс мәдениетінің шетел сөздерін қабылдауына қарағанда, бұл форма мәтінге орыс қабылдауында шағын ирониялық әсер тигізсе де, мәтіннің эмоциональді - стильдік көркемдігіне қарағанда дәлме-дәл аударма бола алмайтындықтан, қолдануға орынды болып саналады. Орыс тілінің ресми хатына негізгі формула құрамының лексика-семантикалық көзқарасымен нақты аударма болмаса да, Құрметті директор қалпы жақынырақ саналады.
Сонымен, ағылшын тілінен орыс тіліне аудармашы жағдаят бойынша екі дәл емес жақындау түрлерден таңдай, өзгертулерге кеңістіктерге ие. Алайда, бұл мәселе орыс тілінен ағылшын тіліне Аса қадірлі Шредер мырза! ресми қаратпа түрін аударғанда басқаша көрініс табады - Deeply respected Mr.Schroeder! формуланың дәлме-дәл аудармасы, не леп белгісі болсын, барлық күмәнданудан тыс баламасы ретінде келмейді, себебі ағылшын-саксондық қарапта дәстүрі бұл жағдайда қатаңырақ және де Dear Sir немесе Dear Mr. Schroeder дәстүрлі формуланың нақты емес берілуі іскери эпитеттің негізгі бұзушылығы сияқты қабылданады.
Осындай мәселелерді шешуде аудармашының аралық қарым-қатынас жасауымен, грамматикалық анықтамалар, екі тілдік сөздіктер мен әр түрлі халықтардың мәдениеті бойынша оқу құралдары (негізінен - аудармашының жеке мәдени тәжірибесіне) байланысты іске асады. Бұл ауысым, яғни аударма ісінің коммуникативтік жетістігі аудармашының аударма түрін дұрыс таңдай білуіне, аударма бірліктерін анықтау мен тиісті стратегиясын қолдануға тікелей байланысты.
Аударма ісін орындауда аудармашы, ең алдымен, аударма түрін анықтайды, яғни аударма мәтіні үшін ақпараттық реттеудің мөлшерін белгілейді. Аударма мәдениетінде қай түрде негізгі мәтін болуы мүмкін екендігін реттеудегі бірінші дәрежесін белгілеуін шығару:- толық немесе бөлешектеп беруінде жатыр. Коммуникативтік тапсырмаға байланысты бұл кезеңде толық, немесе қысқартылған аударма таңдалады (бұл терминдер толық біркелкі емес аталатын болса да, кейбір деректемелерде реферативтік деп көрсетілген).
Қысқартылған аудармаға - тәжірибе жүзінде мәтіндердің барлық түрлері жатады: жай іскери хаттан романға дейін. Қысқартылған аударманы қолдану нәтижесіне мынадай мәтіндер: тезис, конспект, рефераттар, аңдатпа, көшірмелер, дайджестерлер жатады. Әрдайым мұндай мәтіндердің көлемі, оның лексика-семантикалық, синтаксистік пен стилистикалық бейнесі аудармашымен мақсатқа жету үшін таңдап алынатын түріне байланысты. Негізінен, қысқартылған аударма таңдап алынып, функциональдік аударманың екі негізгі түрінің беруімен орындалады.
Таңдап алынатын аударма - қысқартылған аударманың түрі ретінде аудармашы көзқарасына байланысты тірек сөздерді таңдап алудан тұрады, негізгі мәтіннің және оларды толық аударатын единицалардан. Негізгі мәтіннің басқа компоненттері осындай аударма түрінде көрсетілмей, нәтижеге жету үшін, қажетті емес түріне жатып, мүлдем аударылмайды. Мұндай аударма түрі іскери хаттар түрінің газет деректемелердегі, ғылыми мақалалар мен хабарлама, баяндамалары тезистік-реферативтік түрімен айтып жеккізуде өте жиі қолданылады. Осындай аударманың дұрыстығы аудармашының тек қана атақ дәрежесімен сақталып осындай аудармада негізгі ақпараттың кейбір маңызды жақтары жойылып кетпейтіндей, тірек бірліктерін дәл таңдап алуға негізделеді.
Функционалдык аударма - негізгі мәтін қысқартылып басқа тілге жеткізетін түрі ретінде мәтіннің функционалды түрде, қайта өңделген, бірліктерінен аударылған мәтінді құрастыруынан тұрады. Функционалды тұрғыдан мен қысқартуы немесе жай түріне келтіру мақсатында қолданылған негізгі мәтіннің лексика-семантикалық, грамматикалық, стилистикалық өзгертулеріне негізделуі мүмкін. Аударманың осындай түрінің мысалы ретінде айтылатын бүтін көлемді шығармаларды жай түрде жеткізетін әдеби мазмұндамалар жатады, мысалы: Б. Заходердің Ғажайып еліндегі Алиса атты аударма әңгімесі.
Мәтіннің өзгерту-трансформация түрінен басқа функционалды аударма негізгі мәтіннің күрделі бөлшектерінің жеткізуін қалайды, бірақ та бұл жерде олардың жай түрге түсіп қалуына байланысты міндетті болуы қажет емес.
Толық аударма - қысқартылған аудармаға қарағанда аударма тіл бірліктеріндегі негізгі мәтіннің барлық компоненттерінің ақпараттық реттеуімен бірге нақты жеткізуіне бағытталған. Толық аударма әр түрлі түрлермен беріледі, бірақ жиі кездесетін: дәлме-дәл, немесе сөзбе-сөз аударма, семантикалық пен коммуникативтік аударма түрлерін санауға болады.
Дәлме-дәл аударма - негізгі мәтіннің аудару тіл бірліктеріндегі мүмкіншілік бойынша элементтердің ағым реттерін сақтауымен сөзбе-сөз беруі мен айқындалады. Негізінен, дәлме-дәл аударма коммуникативтік мақсаттпен өте сирек қолданылады да, таратуда тек қана ғылыми салаларға тиесілі. Сөйтіп, лингвистикалық талдау мақсатында дәлме-дәл аударма басқа түрлерге қарағанда көбірек қамтылады.
Питер Ньюмарк деген ағылшын ғалымы мен аудармашысы толық аудармаға екі түрін жатқызады: семантикалық (semantic) және коммуникативтік(communicative), ол дәлме-дәл аударманы толық емес аударманың ерекше бір түріне жатқызады. (Peter Newmark. Paragraphs on Translation. Cleveden, Multilingual Matters, Ltd., 1993, p. 7- тараудан қарауға болады).
Негізгі мәтінді беруі - түпнұсқаның өзіндік синтаксистік құрылымы туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіншілік етеді. Дәлме-дәл аударма да аударылмайтын сөздік ойынға, немесе фразеологиялық бірліктерге түсініктеме беруде қолданылады (тәртіп бойынша сөзбе-сөз аударма дәлме-дәл, сөзбесөз деген таңбалармен беріледі). Көркем аударма тарихында бұл түрдің өлеңдік мәтіндерге қолданған үлгілері бар, мысалы: Шекспир пьесаларының А.Радлова аударған.
Семантикалық аударма - негізгі мәтіннің аудару тілінің бірліктерінде контекстуальдік мағынада толығырақ жеткізуін де болады. Семантикалық аударма процессі екі стратегияның негізінен бір-біріне әсер етуден тұрады, біріншіден: екіншіден, аударылатын тілде қолданылатын, айту түріне бағытталған стратегия, айтылатын сөздің негізгі формасының ерекшеліктерін сақтауға негізделген бағыт. Бірінші стратегия - стандартты емес, авторлық баламаларды, түп нұсқалық стилистикалық тәсілдерді, ерекше лексиканы аударғанда орынды болады - осындай жағдайда семантикалық аударма жиірек негізгі таңбаның ерекшеліктеріне бағытталады және аудармада оның ерекшеліктері дәлме-дәл аударылмағанға дейін көбіректеу болады. Екінші стратегия жалпы пайдаланылатын негізгі мәтіннің лексика-грамматикалық элементтеріне қолданылады, мәселен, синтаксикалық стандарттық құрылымдар, пунктуация, сөйлем көлемі, типтік метафоралар, жалғаулықтар, синтаксистік баламалар, морфологиялық құрылымдар, кең тараған жалпы мәдени мен ғылыми-көпшілік терминдері мен сөйлемдер.
Семантикалық аударма, тәртібі, жоғары әлеуметтік-мәдени дәрежесі бар мәтіндерге қолданылады: тарихи маңызды құжаттар, көркем әдеби шығармалар, эпостың ерекше үлгілері. Түпнұсқаның шағын тілдік детальдарына бұл түрде назар аударылатындай аударылатын мәтіннің оқылатындығы елестетуімен жиірек түседі. Мұндай аударма түрі, ең алдымен, академиялық арнайы мамандарға арналған басылымдарды, немесе аутентикалық аударма деп аталатын бір данада болатын құжаттарды аударуда қолданылады, яғни түпнұсқаға сәйкестігі ресми түрде қабылданған, немесе екі
(немесе одан да көп) тілде баламалар түрінде қатарлас қалыптасқан аударма мәтіні. Семантикалық аударма техникалық нұсқаулықтар, көптеген ғылыми басылымдар мен, әрине, заң құжаттары сияқты мәтіндерді беруде керекті.
Коммуникативтік түрі қабылдаушыға біркелкі әсермен шығатын аударма мәтініне әкелетін негізгі ақпаратты беруде тиісті жол табуға тиесілі. Осындай аударма түрінде негізгі мәтіннің тілдік құрамына, емес оның мазмұны мен эмоциональді-эстетикалық маңызы басты объект есебінде болады. Функциональді аудармадан коммуникативтік аударма негізгі төрт материалдың қысқартуын, не жай келтіруін қаламайды. Сөйтіп, күнделікте әдеби деп жиі аталатын, жеке түрдегі көркем аударма, негізінен, коммуникативтік қабылдаушының прагматикасын немесе бағдар жасайтын, не меңгерілетін аударма болып саналады.
Бұл аударма түрі көркем әдебиеттің, публицистиканың, ғылымитеоретикалық пен ғылыми көпшілік мәтіндері көптеген түрлеріне тиімді болып есептеленеді. Коммуникативтік аударманың кәсіптік баламасы ретінде көптеген поэтикалық аудармалар болып саналады, себебі шығармашылық мәтін өзінің табиғаты бойынша жай семантикалық, осыған қоса дәлме-дәл, кейбір верлибрдің үлгілерінен басқа аудармаға жатпайды. Тақпақтық мәтінді прозамен, толығырақ оның лексика-семантикалық пен грамматикалық жақтарын сақтауымен аударуға талпыныс, ештемені өзгертпейді, себебі бұндай жағдайда өлеңнің маңызды жақтары - оның фонетикалық пен ырғақметрикалық компоненттері аударылмай, сөйтіп өлең, өлең бола алмай, сапасы басқа мәтінге ауысып, коммуникативтік мақсаттарды шектеу үшін қызмет етеді. Мысал ретінде Гамлетті прозалық түрде М. Морозовтың аудармасын келтіруге болады, актер, режиссер мен басқа алушылар немесе Анна Ахматованның ағылшын тіліне аударылған оқу құралы ретінде жасалған прозалық аудармалар (мәтіннің жолдарын бөлуін сақтауда) қазіргі американдық аудиторияның аудармашысымен келтірілген.
Аударманың қай түрін қалауын аудармашы барлық жағдайлардың басқа аударма процесінде аударманың бір түрі таза күйінде сирек кездеседі, көптеген күрделі мәтіндер әртүрлі аударма түрін қолдануымен аударылады, дегенмен олардың біреуі жетекшілік жасайды да, бүтін негізгі мен аударма мәтіндер арасында қатынастық сипаттамасын, көрсетуде, негізгі мәтіннің бөлу жағдайын беруде және аударма бірліктерін анықтауда, осыған қоса негізгі мәтінді аударма мәнге келтіретін аударма тәсілдерін таңдауда анықтамалар береді.
Аударма түрлерін таңдау үшін ұсынылатын ережелер:
1.Жеке бөлшектік емес аударманың толық мазмұны коммуникативтік маңызы болмағанда, оның мазмұнымен жалпы танысу үшін, негізгі мәтіндерді аударма тілімен жеткізу үшін қолданылады.
2.Таңдамалы жеке аударма дәрістер, іскери хаттар, қалыпты хабарламалар, газеттік материалдарын аударуда пайдаланылады, және де негізгі мәтін не автор стилінің сипаттамасы туралы көрініс алу керекті болғанда, басқа да біркелкі мәтіндер, немесе пікірлерді аударғанда қолданылады, бірақ та толығырақ бұнымен танысу - бірінші кезектігі міндет емес.
3.Функциональдік жеке аударма қысқарту мен негізгі мәтінді қарапайым түрге келтіру үшін, бұлар көпшілік оқымандарға, не осындай түрдегі негізгі мәтіндерді жоғарғы деңгейдегі емес, қабылдауға дайындық жүргізу үшін ұсынылады. Осындай түрлерге әр түрлі мазмұндамалар, көрсеткіштер мен болжамдар жатады.
4.Толық аударма мазмұны жоғарырақ маңызды, қабылдаушыға толығырақ түрде аударма мәтіні берілген негізгі мәтінді жеткізу үшін қолданылады.
5.Дәлме -- дәл, толық аударма өте сирек қолданылады, мысалы: оқу, не ғылыми мақсатпен, ерекше мәтіндердің академиялық басылымы үшін, әсіресе эпикалық мәтіндерді аудару мақсатымен іске асады.
6.Семантикалық толық аудармалардың ғылыми ерекшеліктері жоғары, немесе әлеуметтік-мәдени мәні бар, олардың толық мазмұны көпшілік мамандарға арналған негізгі мәтіндерді аударуға бағытталады.
7.Коммуникативтік-прагматикалық толық аударманың әлеуметтікмәдени мәні бар, толық мазмұны көпшілік қабылдаушыларға арналған негізгі мәтіндерді жеткізу үшін пайдаланылады.
АУДАРМАНЫҢ БІРЛІКТЕРІ МЕН МӘТІННІҢ БӨЛІНУІ
Аударманың негізгі ретінде тек сөз ғана емес, сонымен бірге әр түрлі тілдік бірліктері фонемадан басталып сөйлемге дейін бола алады. Аудармаға байланысты бастапқы бірлік дұрыстығын анықтаудың ең негізгі ережесі, ол қандай да бір бастапқы бірліктің мәтіндік функциясын айқындауы болып табылады. Сөзбесөз аударманың тұрақсыздылығы, тілдердің мәтіндік функцияларының қате бағалануына байланысты; қандай да бір тілдік (ауызекі сөйлеу тілі немесе жазбаша сөйлеу тілі), жағдайына түскенде, сөз тілдің бірлігі ретінде мәтіннің басқа сөздерімен жүйелі түрде байланыста болады. Бір сөзбен айтқанда, сөздері бір-біріне тәуелді болады. Осындай тәуелділіктер контекстердің құрылымын құрайды: ең азы жай сөзден басталып, максималды мәтіндік түрге дейін. Контекстуалдық сөз тәуелділіктердің феномені кеңістікуақыттық және себеп-салдар деген сөз құрылымдық қасиеттерге бөлінеді. Әр түрлі тілдерде осындай тәуелділіктер біркелкі болмайды.
Аудармашы тек бөлек сөздермен қарым-қатынаста ғана болмай, сонымен бірге мәтіндегі сөздердің арасында болатын тәуелдік жүйесімен жұмыс жасайды. Жаңадан жұмысқа кіріскен аудармашының қателігі - бөлек тәуелділіктер мен жүйе тәуелділіктерді бағалауының білмеуінде. Мысалы: Ол Санкт-Петербургте тұрады. Деген сөйлемді ағылшын тіліне аударсақ: She lives in St. Petersburg - деген сөйлем шығады. Осы екі сөйлемнің сөздері аудармалық түрде бір-біріне сай келеді. Ал мысалы: Ол Асторияда тұрады - деген сөйлем ағылшынша басқаша болады: She is staying at the Astoria. Кейдір сөйлемдерді аударғанда әр тілге сіңген сөз тіркестерін негізге алу керек. Осындай айырмашылықтарды кеңістік - уақыттық және себеп-салдар тәуелділіктері анықтайды. Орыс тіліндегі жить деген сөзі әр түрлі сөз тіркестерімен келе береді, мысалы: жить в населенном пункте немесе жить в гостинице. Ал ағылшын тілінде, осы сөз уақыт-кеңістігіне байланысты болады, мысалы: тұрақты жерде өмір сүру, әрқашан сол жерде өмір сүру to live, ал уақытша өмір сүру to stay болады.
Егер мәтінді бағалау үшін, ең негізгі контекстуалдық тәуелділіктердің түрлерін қарастырсақ, ең алдымен олардың құрамына: Не? Қандай? Қашан? Қалай? деген сұрақтардың жауаптарын енгізу керек. Басқа тәуелділіктердің тобы немен айтылған? - (тақырыбы) және не айтылған? - (рема) деген сұрақтардың жауаптарынан тұрады.
Мысалы : A few students of our university were reported to take part in the competition деген сөйлемде a few students of our university сөз тіркесі ағылшын тілінде рема болып табылады, яғни не айтылды? - деген сұраққа жауап береді. Ағылшын тілінде рема сөйлемнің алдында тұра береді. Ал орыс тілінде рема сөйлемнің екінші бөлімінде тұрады Как сообщается в конкурсе приняли участие несколько студентов нашего ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz