АУДАРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІН ЖІКТЕУ
ТҰРАН-АСТАНА УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ТІЛДІК ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
Аударма ісі мамандығы бойынша
Практика мерзімі: басталуы 24.01.2022 соңы 01.04.2022
Студент: Абдрахманова Аяжан Кайрбековна
Курс: 4 Тобы: ПД18-1(1) Оқу түрі: күндізгі
Тәжірибе жетекшісі: Алькеева Д.С
Нұр-Сұлтан 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І БӨЛІМ. АУДАРМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1. Аударма туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.2. Аударма теориясының объектісі мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
ІІ БӨЛІМ. АУДАРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІН ЖІКТЕУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...6

2.1. Аударма түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

2.2.Жазбаша және ауызша аударма ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ІІІ БӨЛІМ. АУДАРМА КЕЗІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ҚИЫНДЫҚТАР ... ... .18

3.1.Аудармашының жалған достары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

3.2. Көп мағыналы сөздерді аудару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .29
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30-33-35
КІРІСПЕ
Мен Абдрахманова Аяжан Кайрбековна, ПД-18-11 тобының 4 курс студенті, 2022 жылдың 24 қаңтар - 01 сәуір айына дейін созылған дипломалды тәжірибемді (мекеме атауы) ANOMAD аударма орталығында өттім. Ұйым қазақ тілі мен әлем тілдері арасында аударма жасау, заңдастырумен айналысады. Негізгі мақсаты бәсекеге төтеп беруде алдына жан салмайтын білімді, әрі сауатты өскелең ұрпақты дайындау болғандықтан, оқу мен білімге аса қатты мән береді.
Менің ойымша, тәжірибеден өту бұл болашақ маман ретіндегі ең алғашқы, әрі маңызды қадам. Тәжірибе барысында өзіңді қалай көрсете білсен болшақтағы беретін нәтижен соған ұқсас болады.
Тәжірибе оқу жылында өткен тақырыптардың барлығының қорытындысы ретінде саналады. Ал, аударма ісі мамандығының орындалуға міндетті шарты - тәжірибенің нақты әрі белсенді өтуі болып табылады. Теориялық база мен тәжірибелік қабілеттерді тоғыстыратын кәсіптік тәжірибе болашақ маман өмірінде маңызы зор. Ол оқудың көмекші процестің түрі болып табылады, оның барысында өндірісте теориялық білім бекітіледі. Практика өз бетінше өндірістік қызметке мамандарды дайындау үдерісіндегі соңғы кезең болып табылады жәнеде болашақ маман иесі ретіндегі өмірдің дәмін сезінуге мұрша береді.
Дипломалды тәжірибенің мақсаты мамандық бойынша бағдарламаны өз бетінше орындауы болып табылады.Дипломалды тәжірибеден өту кезінде студент:
- еңбекті қорғау және ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтау;
- негізгі нәтижелерді жазу үшін практика күнделігін жүргізу;
- практика қорытындысы бойынша басшыға жазбаша есеп беруге
міндетті.
Дипломалды тәжірибе:
- теориялық және практикалық білімнің байланысын орнату және нығайту;
- студенттерді тікелей практикалық қызметке тартуға міндетті.
Практика бағдарламасын меңгеру барысында студент практикалық тәжірибесінде:
-берілген тапсырмаларды толық орындауға;
-практиканың әр жұмыстарына уақытылы есеп беруге және оны басшылыққа немесе ұйымға кемінде аптасына бір рет тексертуге;
-университеттің беделін көтеруге;
-практика барысында ішкі тәртіпті сақтауға міндетті болып табылады.
Дипломалды тәжірибенің негізгі мақсаты жазбаша және ауызша аударма, ғылыми аударма, қоғамдық-әлеуметтік аудармаларда және басқа тематикалық мәтіндерді аудару барысында профессионалды тұрғыдан іс-жүзінде орындау болып табылатына аса мән бергеніміз жөн.
І. АУДАРМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1. Аударма туралы түсінік.
Аударма -- бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.
Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Көркем аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме-дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі қажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсқаның ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп-нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады. Абай неміс ақыны Гётенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды, Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің, Шәкәрім Құдайбердіұлы Л.Толстойдың ("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрағұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді.

2.Аударма теориясының объектісі мен міндеті

Аударма теориясының объектісі - аударма, ал міндеті - аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру.[3] Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әртүрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет. Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады.Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп, толықтанып, дамып отырады. Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түйіндерге жинақтап көрсетуге болады: 1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру; 2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргізіп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз езу; 3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату;
ІІ. АУДАРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІН ЖІКТЕУ
1. Аударма түрлері
Аударма - тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру процесі. Аударма сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін - ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма - сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.
Аудару принципі мен аударманың дәлме-дәлдігі туралы ұғым заманалар озған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, орта ғасырларда әріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін келе, жаңғыру дәуірінде, XVII-XVIII ғасырларда еркін аударма етек алды. Одан соң әдебиет әлемінде балама аударма пайда болды.
Алдымен, шетелдік аудармашы, ғалымдардың аударманы қандай түрлерге бөліп, жіктегеніне аз-кем тоқталып өтейік.
1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады:
- Біріншіден, метафраз - түпнұсқаның дәл жеткізілуі,
- екіншіден, парафраз - түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі,
- үшіншіден, имитация (еліктеу) - түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ағылшын аударматануының теориялық жағын дамытуға өз үлесін қосқан Т.Сэвори Аударма өнері кітабында (Лондон, 1952) аударманың мынадай 4 түрін көрсетеді:
- Кемел құнды аударма - таза ақпаратты фраза хабарландырулардың аудармасы.
- Барабар аударма - мазмұны ғана маңызды, баяндалуы аса маңызды емес сюжетті шығармалардың аудармасы. Аударманың бұл түрінде аудармашы мағынасы түсініксіз сөзді немесе тұтас сөйлемдерді түсіріп тастайды да, түпнұсқаны басқаша баяндайды.
- Аударманың үшінші түрінің аты жоқ. Бұл классикалық шығармалардың аудармасы. Онда форманың да, мазмұнның да сақталуы маңызды.
- Аударманың төртінші типі барабарға (2-ші типке) жақын. Бұл ғылыми-техникалық материалдардың аудармасы. Олардың пайда болуы тәжірибелік қажеттіліктерден туады. Тәржіменің бұл түрі аудармашыдан түпнұсқада сөз болып отырған жайт туралы көп білуді қажет етеді.
Ағылшын аударматануындағы Аударманың лингвистикалық теориясы еңбегінің (1965) авторы Дж.Кэтфорд аударманы мынадай түрге ажыратады:
- толық және ішінара аударма: Толық аудармада түпнұсқадағы бүкіл мәтін аударылады, ал ішінара аудармада түпнұсқа мәтінінің бір бөлігі беріледі.
- жаппай және шектеулі аударма: Жаппай аудармада түпнұсқа барлық тіл деңгейлерінде аударылған кезде, қарапайым аудармаға ат беру ұсынылса, ал шектеулі аударма дегеніміз қандай да бір деңгейдегі фонологиялық, графологиялық, грамматикалық және лексикалық деңгейдегі аударма дегенді білдіреді.
Американдық лингвист Дж.Касагранде өзінің Аударманың мақсаттары (1954) атты мақаласында аударманы 4 түрге бөледі:
- Прагматикалық аударма. Мұнда хабарламаны барынша дәл жеткізу көзделеді.
- Эстетикалық-поэтикалық аударма. Әдеби немесе эстетикалық тұрпатты жеткізеді.
- Этнографиялық аударма - түпнұсқаның мәдени контексін түсіндіреді.
- Лингвистикалық аударма. Бұл жерде түпнұсқа морфемаларының мағыналары көрсетіледі.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында американдық ғалым С.Басснетт-Макгайр Аудармашылық зерттеулер атты кітабында аударманың үш түрін көрсетеді:
- ойды басқа тілдік белгілер арқылы жеткізу (бір тілдің ішінде);
- аударманың өзі (бір тілден басқа тілге);
- трансмутация (бір семиотикалық жүйеден екіншісіне қайта құру).
Неміс ғалымы Отто Каде әрқайсысы белгілі бір талаптарға сәйкес келетін әртүрлі категориядағы аударма түрлерін ұсынды:
- Өңделмеген. Бұл жерде аударма тілінің нормаларынан ауытқуға болады.
- Жұмыс. Аударма тілінің нормаларын толық сақтайды. Бірақ ақпараттардың орнын толтыру үшін түсіндірулерді қолдану мүмкін.
- Басылымға дайын. Түпнұсқаның барлық мазмұнын береді және қабылдаушыға қажетті әсер ете алады.
Израильдік ғалым Гидеон Тури Аударма теориясын іздеу (1980) кітабында аудармашылық қатынастардың негізгі 4 түрі барын айтады: формалды қатынастың 2 түрі (этикалық): 1) бастапқы тіл мен аударма тілінің арасындағы (тілдік түр), 2) бастапқы мәтін мен аударма мәтінінің мәтіндік құралдары (мәтіндік түр); сондай-ақ, функционалды қатынастың 2 түрі (эмикалық): 1) бастапқы тіл мен аударма тілінің тілдік құралдарының функциялары арасындағы (тілдік түр), 2) бастапқы мәтін мен аударма мәтін функциялары арасындағы (мәтіндік түр) .
Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов мәтінде аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге асады деген сұраққа төмендегі пікірімен жауап берген:
1) фонема (графема) деңгейіндегі аударма;
2) морфема деңгейіндегі аударма;
3) сөз деңгейіндегі аударма;
4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма;
5) сөйлем деңгейіндегі аударма;
6) мәтін деңгейіндегі аударма.
Бұл пікірге былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға аударатын тілдегі бірліктерді аударылатын тілдің фонетикалық заңдылықтарына сай икемдеу болса, аударатын тілдегі бірліктерге аударылатын тілдің морфологиялық қосымшаларын жалғау; ал қалған деңгейлердегі аударма түрлері аударма процесімен айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз.
Сонымен қатар, Л.С.Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді:
1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма);
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы.
В.Н. Комиссаров Слово о переводе еңбегінде аударманы жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай былай бөледі: 1)көркем аударма; 2)ақпараттық аударма; 3)ғылыми аударма; 4)ресми аударма; 5)публицистикалық аударма; 6) жарнамалық аударма.
М.О. Әуезов 1955 жылы жазылған Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші - сөзбе-сөздік - әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші - еркін аударма, аудармашының өзіншелеп әңгімелеп отырғанына өте ұқсас келеді. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі - шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма.
Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:
1) Ауызша аударма - бұл тәржіманың жазбаша түріне қарағанда күрделірек құбылыс; ақпараттың мазмұн межесін (план содержания) және құрылым межесін (план выражения) жазбай, ауызша жеткізу түрі. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі.
Ауызша аударманың екі түрі бар:
- ілеспе (синхронды) аударма;
- ізбе-із аударма.
Ілеспе аударма - бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, қосарласа, бір мезгілде аудару. Аударудың бұл түрі түпнұсқа мәтіннің айтылуымен қатар жүріп отырады. Арнаулы кабинеттерде ілеспе аударма түпнұсқаның мәтінін сөйлеушіге (мәтіннің авторына) ілесе отырып оқу арқылы, кей жағдайда сөйлеушінің ауызша баяндалған сөзін алдын ала дайындықсыз тікелей аудару арқылы жүзеге асырылады.
Ғалым Ә.Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді:
а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт;
ә) баяндамашы не жарыссөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;
б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға келмейтіндігі;
в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі.
Ізбе-із аударма ─ мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар: парақтан аудару және абзацты-фразалы аударма. Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси, экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады.
2) Жазбаша аударма - жазбаша түрде жасалатын тәржіме түрі; қағазға түсірілген жазбаша мәтінді екінші тілге жазбаша түрде аудару және бұдан алынған нәтиже. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқа мәтін алдын ала танысу, көру, ойлау, пайымдау, талдау, зерттеу, сөздіктерді, басқа да лингвистикалық және лингвоелтанымдық, когнитивтік мағлұматтарды беретін анықтамалықтарға иек арту арқылы екінші тілге жазбаша түрде түсіріледі. Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді.
Жазбаша аударма өз ішінде екі түрге бөлінеді:
1) Көркем аударма - көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Әдеби немесе көркем аударма дегеніміз - бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе - лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен.
Жақсы аударылған көркем аударма - сол тілдегі төл шығармалармен бірге өсіп, жымы білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен елді таныстырады, жақындастырады, ұлттық мәдениетті байытады. Мұнда автор мен аудармашы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа түседі. Бұл ел мен елдің өнер жарысы. Демек, аударма шығармалар ұлттың ұлылығын, елінің елдігін дәлелдеудің бір жолы.
Ғалым А.Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады:
а) көркем аударма - ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ
ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жібермейді;
б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;
в) көркем аударма да төл әдебиет сияқты тұшымды, кедір-бұдырсыз оқылуы қажет;
г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуы тиіс.
2) Ақпараттық аударма - қандай да болмасын ақпаратты, мәліметтерді беру болып табылады. Ақпараттық аударманың өзі өз ішінде мынадай түрлерге жіктеледі:
- ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады. Әр саланың өзіндік қолданылатын қалыпты стилі, термині, мәтіндік құрылымы болады. Бұл саладағы шығармаларды аударуға сөздік те аздық етеді, кәсіби маман біліміне, тәжірибесіне де сүйенген дұрыс. Ғылыми мәтіндер қатаң морфологиялық және синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан. Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн.
- ресми-іскери аударма. Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен (өтініш, арыз, мінездеме және т.б.) бастап күрделі түрлеріне (жарғы, жарлық, ереже, келісім және т.б.) дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады.
- газеттік-ақпараттық аударма - жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т.б. түрде беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік бірыңғай, дербес стилі болады. Спорт газеттерінде спорттық стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі болса, мәдениет баспасөзі эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді. Әр саладағы баспасөздің өзіндік мақсат-мүддесі, идеологиялық нысаны, тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады. Газеттік-ақпараттық аударма өз ішінде екіге бөлінеді:
а) Газет мәтіндерін аудару. Түпнұсқаға деген дәлдік тұжырымын қатаң сабақтастыру негізінде жүргізіледі. Бұл көбінесе ресми ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер, қаулы, жарғылар, қысқасы үкіметтік маңызды құжаттарда қатаң сақталынады.
ә) Публицистиканы аудару - қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері мен құбылыстарына арналады. Публицистикалық мәтіндер оқиғалық, ақпараттық, сыншылдық-талдамалық, саяси пікірталастық болып келеді. Ғылыми-ақпараттық мәтіні процесті, шындық құбылысын сипаттайды, түсіндіреді, талдайды, алдын ала пайымдайды, шындықты теориялық тұрғыдан дәлелдейді.
- тұрмыстық аударма - тұрмыстық немесе іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынастың диалогтік формасы жағдайында туындайды. Мұндай жағдайларда негізінен қандай да бір мақсатқа қол жеткізуге арналған өзара қарым-қатынасқа бағыттылған ауызша мәтіндер жасалады.
Жазбаша аударма процесіндегі ең басты құрал - сөздік. Қазіргі ақпараттар легі ғасырында аудармашының жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай ретпен әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет.
Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:
1) Жалпы дереккөздерге жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен энциклопедиялар жатады.
2) Арнайыдереккөздерге - арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, анықтамалықтар және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған арнайы әдебиеттер жатады.
Зерттеуші-ғалым А.Қ. Жұмабекова Аударматанудың негіздері атты кітабында аудармашылық қызмет субъектісінің сипаты мен оның аударылып отырған мәтін авторына қарым-қатынасы бойынша ажыратылатын аудармалардың мынадай түрлерін келтіреді:
1. Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма - адам жасайтын аударма. Дәстүрлі аударманың келесі түрлері ажыратылады:
а) Авторлық емес аударма (немесе жай аударма) - түпнұсқа мәтінінің авторы болып табылмайтын аудармашының тәржімесі.
ә) Авторлық аударма (немесе автоаударма) - түпнұсқа мәтіні авторының өзі жасаған аудармасы.
б) Автор мақұлдаған аударма - автор талқылауынан өткен түпнұсқа мәтінінің аудармасы.
2. Машиналық (автоматты) аударма - арнайы бағдарлама бойынша компьютер жасаған аударма. Машиналық аударма негізгі үш жағдаяттарда сәтті қолданылуда: Біріншіден, бағдарлама лексикалық және грамматикалық құрылымы шектеулі, стандартты, тар шеңберде мамандандырылған мәтіндерді аудару үшін құрастырылады. Екіншіден, машина арқылы түпнұсқаның жалпы мазмұны жайлы түсінік беретін көп көлемді аударманы алуға болады. Үшіншіден, жұмысқа редактор кіріседі. Ол мәтінді аударуға дайындайды, яғни машина үшін қиын сөздерін алып тастап немесе басқаша жазып қайта редакциялайды немесе аударылған мәтіндегі қателер мен дәлсіздіктерді түзетеді.
3. Аралас аударма - мәтіннің дәстүрлі (немесе машиналық) өңдеуінің едәуір үлесін пайдалану арқылы жасалған аударма.
Аудармаға қойылатын басты талап - автордың стилистикалық өзіндігін сақтау, яғни адамдардың келбет-бітімі, жүріс-тұрысы бір-біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз саптау машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше сол ерекшелікті айыра білу керек.
Классtime газетінің 15 ақпандағы №3 санында шыққан Жолымбет Мәкішев Тұрпайы аудармалар шаршатып жіберді деген мақаласында: Өкінішке орай біздегі аудармашылардың көбісі осы салада баяғыдан бері келе жатқан аудармашының міндеті аудару емес, қазақша сөйлету деген қарапайым қағиданы біле бермейді. Сенің еңбегіңді жұрт аударма емес, түпнұсқаның өзі екен деп қабылдауы қажет емес пе? Бұған қабілеті жетпегендерді тәржімаға жақындатпаған жөн. Ал бұл салада білдей маман атанып жүргендердің көбісі аудармашының міндеті қандай? деген сұраққа аудару деп қарабайыр жауап қайтаратынына сенімдімін. Мұндай тұрпайы түсінікпен біз қазақ тілін өрге бастырмаймыз. Онсыз да қазақ тілі қазір шала сауатты мамандардың кесірінен аударма тіліне айналып кетті. Тіпті жай ғана аударма тілі емес, түсініксіз тәржіманың тіліне айналды деп қазіргі аудармалардың сын көтермейтіндігін қинала жазғанын көз көрді.
Сөз түйінін М.В. Ломоносовтың мына сөзімен қорытындылағым келеді: Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл бере алмасақ, мұны тіліміздің оралымсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет.
2. 2. Жазбаша және ауызша аударма ерекшеліктер
Аударма ауызша аударма және жазбаша аударма болып екі түрде жүзеге асады. Ағылшын және көптеген басқа еуропалық тілдерде мұндай аударма түрлері екі түрлі сөзбен беріледі. Ағылшынша жазбаша аударатын аудармашыны - translator, ауызша аударатын тәржімешіні - interpreter дейді. Алайда ауызша және жазбаша аударманың түпнегізі ортақ, өйткені бұл аударма түрлерін бір-бірімен байланыстыратын қарым-қатынастық мақсат бар.
Іс жүзінде ауызша және жазбаша аударманы бірдей меңгерген немесе аударманың бір түрімен ғана айналысатын аудармашылар да кездеседі. Ол жазбаша аударма (көркем, техникалық және т.б.) немесе ауызша (ілеспе, ізбе-із) аударма болуы мүмкін.
Төменде ауызша аудармамен шуғылданушы Брайан Харрис ұсынған ауызша және жазбаша аудармалардың айырмашылықтарын беріп отырмыз:
Жазбаша аударма
Ауызша аударма
1. Жазбаша аударманың нысаны болып табылатын мәтін сәл де болса ерте құрастырылады.
1. Ауызша аударылатын мәтін әдетте сол уақытта пайда болады (жазылған мәтіннен ауызша аударған жағдайлардан басқа кездерде).
2. Мәтін түпнұсқасы аяқталған шығарма ретінде ешбір өзгеріске ұшырамайды.
2. Айтылатын ой үнемі дамып жетіліп отыратындықтан, оның жалғасын болжау көп жағдайда мүмкін емес.
3. Аудармашы түпнұсқаны бірнеше рет қарай алады, бұл жағдайда есте сақтау қабілетінің қажеті шамалы.
3. Ауызша айтылған ой тыңдаушыға аудармашының есте сақтау қабілеті арқылы ғана жеткізіледі.
4. Мәтін толығымен жазылған сөздерден тұрады. Аудармашы оның қалай құрылғанын білмейді.
4. Айтылған ой сөзден, сонымен қатар, қол қимылдарын, мимиканы, басқа да әрекеттерді қамтиды. Аудармашы оның қалыптасуының куәгері болады.
5. Аудармашы түпнұсқа автор заманы кеңістігінен тыс болғандықтан, мәтінге эмоциялық сезімсіз объективті түрде қарауы мүмкін.
5. Аудармашы сөйлеушімен тікелей қарым-қатынаста болатындықтан, оның эмоциялық әсерінің ықпалында болады.
6. Аударманы бірнеше рет өңдеуге, түзетулер енгізуге болады. Сөздіктерді, анықтағыштарды қолдану мүмкіндіктері шектелмеген.
6. Ауызша аударатын аудармашы бірден барабар (адекватты) аударма беруі тиіс. Сөздіктерді, анықтағыштарды қолдану мүмкіндіктері шектелген.
7. Аудармашы көп жағдайда түпнұсқа авторымен де, оқырманмен де кездесе алмайды.
7. Айтушы, тыңдаушы және аудармашы тікелей қарым-қатынаста болады (әңгіме, мәжіліс кезінде).
Аударманың (жанрлық-стилистикалық және т.б.) түрлеріне байланысты классификациялар өте көп. Психолингвистикалық классификацияға сәйкес, аударманың екі түрін бөліп көрсетуге болады. Олар: ауызша және жазбаша аударма. Ауызша және жазбаша аударманың да бірнеше түрі бар. Олардың барлығын жинақтап, төмендегі сызба арқылы беруге болады.
Ауызша аударма - ілеспе (синхронды), ізбе-із аударма сияқты ауызша рәсімдеуді қажет ететін ауызша аударма түрлерінің басын біріктіретін ұғым. Аударма процесінде түпнұсқа мен оның аудармасы ауызша жасалатындықтан, аударманың бұл түрінде аудармашы түпнұсқа бөліктерін бір-ақ рет қабылдап, оны кейіннен салыстыруға немесе жасалған аударманы түзетуге болмайтынын ескертеді.
Ілеспе (синхронды) аударма - бастапқы мәтінді қабылдай отырып қатар жүзеге асырылатын ауызша аударма. Кәсіби аудармалардың бір түрі.
Көркем аударма мәселесімен айналысушы ғалым Ә.Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді:

ә) баяндамашы не жарыс сөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;

Ғалым ілеспе аудармамен шұғылданатын аудармашыда қажетті төмендегідей қасиеттер болу керек дейді:
а) аудармаға өзін-өзі бейімдей білу;
ә) ынта-зейінді сөйленген сөзге барынша бағыттау қабілеттілігі;
б) тосыннан туған кедергілерден шығуға қажетті қабілеттілік;
в) бірнеше тапсырмаларға бір мезгілде зейін аудара білу қабілеттілігі:
- іс-әрекет жылдамдығы;
- сөз сөйлеу шапшаңдығы;
- психикалық және ден күш-қуатының төзімділігі
ІІІ. АУДАРМАДАҒЫ БАЛАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
3. 1. Аудармашының жалған достары
Аудармашы ретінде біз тек ағылшын тілін емес, орыс тілін де практика жүзінде жиі қолданатын боламыз. Осы ретте аудармашының аударма процесінде кездесетін мәселелердің бірі аудармашыны жаңылыстыратын - аудармашының жалған достары. Бұл мәселе тек орыс тілі аудармашыларда болуы мүмкін. Алайда, біздік қоғамда қолданыста жиі жүретін тек қазақ тілі емес, сонымен қоса орыс тілі де жүретінін есте ұстағанымыз жөн. Аудармашының жалған достарына мысал келтіретін болсам:

Түпнұсқа:alley Аудармасы:тұйық көше, (орыс. переулок) тек аллея мағынасында емес;

Түпнұсқа: data Аударма:ақпарат (орыс. данные), орыс. дата (date) мағынасында емес;

Түпнұсқа: gymnasium Аударма:спортзал, гимназия емес (grammar school, high school);

Түпнұсқа: vacuum Аударма:шаңсорғылау, (орыс. пылесосить)тек вакуум мағынасында емес;

Түпнұсқа: monitor Аударма: көшбасшы, староста, тек монитор емес;

Түпнұсқа: sympathy Аударма:жаны ашу, ( орыс. сочувствие), симпатия, ұнату (attraction) мағынасында емес және т.б.

Аудармаға анализ:Түпнұсқаларда берілген сөздерді біз күнделікті өмірде қолдануымыз әбден мүмкін. Алайда, ағылшын тіліне баламаланған сөздің аудармасы да тура солай болады еп айта алмаймыз.

Практика барысында ізденіп, қолданысқа ие болған осы типті сөздерді қосымша 4-те көрсеттім.

Фразеологизмдерді аудару

Фразеологизмдерді толық мәнінде аудару үшін семантикалық тұтастық дәрежесі бойынша жіктеуді бастапқы қағида ретінде қабылдау керек, себебі фразеологиялық бірліктердің негізгі типтерін (фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер) басқа тілде идиомалардың көмегімен аударуға болады. Мұндай жағдайда аударма тілінде тиісті эквиваленттерді іріктеу жолымен фразеологиялық аудару амалынқолдануға болады. М.Т.Сабитова түрлі тілдердегі фразеологизмдердің тіларалық шендесуін қарастыра келіп, тіларалық тұрғыда шендесетін фразеологизмдердің мынадай типтерін бөледі:

1) Сәйкес эквиваленттілік тіл туыстығынан гөрі тілдіқ мәдени-тарихи байланыстың салдары болып табылатын салғыстырмалы фразеологизмдердің материалдық, мазмұндық-функциялық ортақтастығы. Мұндай фразеологизмдер формальды семантикалық және стилистикалық ұқсастығының жоғары дәрежесімен сипатталады;

2) Тура эквиваленттілік - шендесуші фразеологизмдердің мәндері мен функцияларының ортақтығы, формасының құрылымдық ұйымдасуының ұқсастығы сияқты. Бұл фразеологизмдер толық немесе ішінара семантикалық және стилистикалық сай болуымен, лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымының шендесуімен сипатталады. Бұл амалды қолданғанда бірнеше жағдайды көрсету керек. Абсолютті эквиваленттерді іріктеу жолымен аудару, мысалы, жив - здоров - Safe and Sound, жить как кошка с собакой - lead a cat dog life, почить(почивать) на лаврах - rest one one's laureks, соль земли - the salt of the earth, играть с огнем - to play with fire, час настал - one's hour has struck, нет дыма без огня - there is no smore without fire, белая ночь - ақ түн, золотые наручники - алтын бұғаулар, черный рынок - қара базар, белый слон - ақ піл, ұсыныс беру - вносить предложение және т.б;

2) Ішінара эквиваленттілік. Ішінара фразеологиялық эквиваленттер мәні, стилистикалық бояуы жағынан сай келеді, ал лексикалық құрамы жағынан айырылысады, мысалы, сулить золотые горы - to promise wonders, to promise the moon, в гостях хорошо, а дома лучше - East or West, home is the best, купить кота в мешке - to le a pig in a poke, первая ласточка - the first porlent (sign), овчинка выделки не стоит, the game is not worth the candle, притча во языцех - the talk of the town, избиение младенцев - the massacre of the innocents, нет дыма без огня - тутін отсыз болмайды, балықшы балықшыны алыстан кореді - рыбак рыбака видит издалека;

3) Сипаттап аудару. Сипаттап аудару аударма мәтінінде дербес тілдік бірлік болудан қалып, контекстке сіңіп кеткендей болатын мақалдарды ұғындыруға, түсіндіруге бағытталады; чем дальше в лес - тем больше дров - орманға кірген сайын отынды көп кездестіресің. Сипаттап аударғанда бастапқы тілдің фразеологиялық бірлігінің мағынасы еркін сөз тіркестерінің көмегімен жеткізіледі, мысалы, казанская сирота - a manipulative weasel.

Менің ойымша бұл тәсілдердің арасында ыңайлысы тура эквиваленттілік және сипаттап аудару. Соған біраз мысалдар келтіріп көрейік:

Тура эквиваленттілік:

Түпнұсқасы: lead a cat dog life

Аудармасы: жить как кошка с собакой ( екі қойдың басы бір қазанға сыймас)

Түпнұсқасы: in one's heart of hearts

Аудармасы: жүрек түкпірінде

Түпнұсқасы: to worm oneself into smb's confidence

Аудармасы: біреудің сеніміне кіру

Түпнұсқасы: to do smth as the spirit moves one

Аудармасы: біреудің жанына жағу үшін Құдайдай іс істе

Сөйлем аудармасына анализ: Бұл фразеоогизмдерді егер мен ережеге сай аудармасам онда менде басқаша аударма шығар еді. Мұны аудару барысында мен Буслаевтің аудару тәсілін қолдандым.

Енді келесі түріне көшейік. Келесі түрі сипаттап аудару.

Сипаттап аудару:

Түпнұсқасы: The farther into the forest the more firewood

Аудармасы: Орман көп болған сайын отында көбейеді

Түпнұсқасы: manipulative weasel

Аудармасы: казанская сирота (жетім көрсен жебей жүр)

Түпнұсқасы: twin soul, soulmate(s)

Аудармасы: жаны егіз, жандас, егіз жанды

Сөйлем аудармасына анализ: Аударма кезінде twin сөзін егіз деп аударылған. Мұнда сипаттау көрсетілген. Мысалы, екеуінің жаны егіз болмаса екеуі асыл адамдар деп сипаттама беругеде болады. Мұдағы егіз -сөзі көбінесе адамдары айтқанда қолданылады. TWINS- егіздер. Бірақ фразеологизмнің бұл аудару тәсілі көп қолданыла бермейді. Мәтіндерде, ертегілерде осы аудару тәсілін қолдануға болады.

3.2. Көп мағыналы сөздерді аудару

Баламалық термині қазіргі аударма теориясында кеңінен қолданылуда. П.М. Топер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz