Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық, лингвистикалық және
психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3.Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ.ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ПРАКТИКА ЖҮЗІНДЕ ЖҮРГІЗІ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1. Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2.Өнімді оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Ғылым адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Соның бірі-қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Қазақ тілінің әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика
ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі - тарихи жағынан дамыған,жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келгенғылым.Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. Бұл әдістеме ең алдымен, оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек, қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады. Сондай-ақ қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ.
Сонымен бірге, әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-
сырымен жете таныстырып қоймай, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің
мектеп тәжірибесінен сыналған тиімді оқыту әдістері мен тәсілдерін қазақ
тілін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Сайып келгенде,
әдістеме мұғалімнің шығармашылық жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика және
психология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Әдістеменің лингвистикаға байланыстылығы, біріншіден ол оқылатын
пәннен жеке-дара қаралмайды. Атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі
материалдың мазмұнына орай әдіс-тәсілдерді таңдау, қолдану, олардың
жолдарын көрсету, жаттығу мен дидактикалық материалдарды таңдап, іріктеуге тікелей байланысты. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты түрлі фонетикалық талдау, әріптерді, дыбыстарды дұрыс айта білу, ал сөз таптарын оқыту барысында морфологиялық талдау, түрлі салыстырулар, жалғу мен жұрнақтың ара- жігін ажыраттыру сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы білім жүйесін қалыптастыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуы жəне қалыптасуының өзара байланысының негізгі ұғымдарын ашу.
Зерттеудің міндеті:
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін ашып көрсету
2.Әдістеменің басқа пәндермен байланысын сипаттау.
3.Қазіргі кездегі қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістерімен танысу
I. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
1.1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық, лингвистикалық және психологиялық негіздері
Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты. Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін себептілікті, байланыстылықты, бір-біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Мысалы, әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымына, ал қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тіл біліміне тығыз байланысты қарастырылады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын мәңгілік ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді, дамиды. Сондай өзгеру мен дамуды тілдің синтаксистік жүйесінен көруге болады.
Тілдің синтаксистік жүйесіндегі өзгеріс, даму, ең алдымен, сөздердің, яғни сөз таптарының бір-бірінен тіркесімпаздық қасиетіндегі құбылыстардан, синтаксистік элементтерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіретін амал- тәсілдердегі, формалардағы құбылыстардан, грамматикалық формалардың мағыналары мен функцияларындағы құбылыстардан байқалады. Мұндай құбылыстардың нәтижесінде сөздердің бір кездегі грамматикалық топтарының басқа бір топтағы сөздермен немесе өзді-өзімен синтаксистік байланысында кездеспейтін жаңа тіркестер туып, қалыптасады. Мысалы, мейраммен құттықтау, еңбек озаты, Жер серігі т.б. сөздер.
Тіл біліміндегі осындай өзгерістер қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына әсер тигізді. Осының нәтижесінде қазақ тілі бағдарламасы мен оқулығына Сөз тіркесі, Лексика бөлімдері енгізілді. Мысалы, қазақ тілі бағдарламасы мен оқулығындағы фонетика, грамматика жөніндегі материалдар, қазір лексика, стилистика, орфография мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады. Қазақ тілі курсындағы сөз таптары жөніндегі ережелер де нақтыланып, сөз тудыру мәселесіне арнайы бағдарлама мен оқулықтан орын беріліп отыр.
Мектепте қазақ тілін оқыту барысында оқушының ауызша және жазбаша тіліне көп көңіл бөлінеді. Мұның өзі тілдің фонетика, орфография және орфоэпия бөлімдерін саналы меңгеруге байланысты. Бұл тақырыптарды дұрыс меңгерген оқушы жазба жұмыстарында қате жібермей, сауатты жазатын болады.Бұлардың бәрі де оқыту процесінде байланыстырып сөйлеуге дағды бере отырып, ойын жүйелі, дұрыс айта білуге жаттықтырады.
Қазақ тіл біліміндегі сөз тудыру мәселесі біршама зерттеледі. Мұның мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінде үлкен әсері болды. Әсіресе, қазақ тілі бағдарламасы мен оқулығына бұл тақырып енгізіліп, сөздің құрамына, сөз тудыру жұмыстарына баса көңіл бөлінді. Ол оқушылардың сөздік қорының баюына, орфографиялық дағдыларды меңгеруге жағдай дасады.
Қорыта келгенде қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл ғылымының осындай дамуына, оның қойып отырған талаптарына сай жетіліп келеді. Мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарының қандай саласы болмасын, атап айтқанда, қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен фразеологиясы, орфографиясы мен орфоэпиясы, грамматикасы, сөздердің өзгеруі мен сөздердің сөйлемдегі тіркесі, сөйлем түрлері мен оның белгілері және қазақ тілінің жалпы заңдылықтарымен таныстыру - қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі болып табылады және оның ешқайсысы әдістемелік амал-тәсілдерсіз оқытылмайды. Сондықтан қазақ тілі мектепке арналған бағдарлама бойынша белгілі бір пән ретінде танылса, қазақ тілін оқыту әдістемесі оның оқыту әдістері мен тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.
Педагогика ғылымы соңғы жылдары бірсыпыра табыстарға жетті. Әсіресе
адамның психикасының қоғамдық-тарихи даму табиғатын танып білуде, ой-
санасының жетілуін зерттеу проблемасының айналасында үлкен ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Психологияның жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше. Мысалы, психология грамматикалық ережелерді оқушылардың қалай меңгеретінін осы күнделікті практикада қалай жүзеге асыратынын зерттеп, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына ықпалын тигізіп отырады.
Оқу жоспарын жасағанда да , қазақ тілінің бағдарламасы мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеуде оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріліп отырады.
Әрбір сабақтың мазмұнына қарай әдістерді қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Әсіресе, оқушының логикалық ойлау әрекеттерін дұрыс тәрбиелеудің маңызы зор. Демек, оқушы оқу материалдарын терең түсініп, саналы меңгеру үшін, оның ішкі заңдылығы мен өзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет.
Оқушы бірінші сынаптан бастап қазақ тілін оқу барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды, мысалы: әріп, сөз, сөз тіркестері, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілерінің алуан түрлері - сызықша, нүкте, үтір, леп белгісі, қос нүкте, жақша, түрлі грамматикалық ереже, анықтамаларды оқып үйренеді. Қабілеті әртүрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын түбірінен меңгеріп кетуі мүмкін емес, оның негізгілерін ғана, басты анықтама, ережені сақтауы мүмкін.
Қазақ тілінде айтылу мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді, оларды айту арқылы бір сезім, тілек, өтініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның әр түрлі психикалық көңіл-күйін сеземіз. Ал оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде өзінің ойын, көңіл-күйін, пікірін білдіріп қана қоймай, сонымен бірге өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады.
Оқушы бір-бірімен сөйлесу барысында тілдің эмоциялық жағын, яғни интонация ырғағын, ымдау, қол шараларын пайдаланады. Сондықтан психикалық құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы, оқушы еліктеуіш, одағай сөздерді айтуда, қолданудың тілдік эмоциялық жағын меңгереді. Сондай- ақ қазір тілге қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, кестелер, диаграммалар мен диапозитивтер, магнитофон жазбаларын, кинофильмнің фрагменттерін пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілеттерін арттыру дағдыға айналып отыр. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді, түсіндірілген материалдарды саналы меңгеруге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдеуден деп айтуға болады. Оқу-тәрбие ісіндегі ең қажетті мәселе -- мұғалімнің психологиялық жағынан дайындығы. Әсіресе, қазақ тілін оқытуда, мынадай психологиялық ерекшеліктерді меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгеру қабілеті ескерілуге тиіс. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өз пәнінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі қажет.
Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың әрі әсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан неғұрлым әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым терең түсінеді. Бұл - мұғалімнің шеберлігіне де қатысты мәселе. Сабақты психологиялық жағынан өте тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарт:
бірінші жағдай -- сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Оған қатысты мәселелер шартты түрде: мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі қарым- қатысы, мұғалімнің өзін-өзі ұстау мәнері, оның өнегелі өнегесі, сыртқы келбет-пішіні, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатаң талап қоюмен бірге, оларды сыйлай да білу, саналы адамгершілік пен парасаттылыққа баулу т.б.
екінші жағдай -- мұғалімнің сабақта жеке оқушыны өзіне қарата, зейінін аудара білуі сынып ұжымын тегіс меңгере алуын қамтамасыз етеді. Сабақтың теориялық жағы негізгі фактілермен дәлелденіп, оның ғылыми мәні көңілге қонымды болса, ол оқушылардың логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқушыларға әсерлі болады.
үшінші жағдай - сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы. Бұл мұғалімнің материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуында, дидактикалық заңды принциптерді орынды қолдануына, қажетті көрнекі құралдар мен тәжірибе жұмыстарын тиісті кезінде көрсете білуіне байланысты.
1.2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
Мектепте оқылатын барлық пәндер сияқты қазақ тілін оқыту методикасының да ғылыми-зерттеу әдісі бар. Қазақ тілін оқыту методикасының алға қойған мақсаты -- өзінің зерттейтін объектісін жан-жақты танып білу, заңдылықтарын ашып айқындау.
Демек, ғылыми-зерттеу әдісі дегеніміз белгісізді тану, айқындау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болмасын зерттелетін объектіні танып білу мынадай үш түрлі әрекет бойынша іске асырылады, бірінші - қажетті материалдар, фактілер жинау, екінші - жинақталған фпкті немесе метериалдарды талдау, салыстыру, үшінші - сол фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Құбылысты, объектіні ғылыми танып білу процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер қазақ тілін оқыту методикасында да негізгі кезеңдер болып саналады.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістерінің де белгілі бір жүйесі бар. Яғни, ол қазіргі тіл ғылымы жаңалықтарын, педагогика, психология пәндерінің өзара байланысын ескеріп отырады.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылым ретіндегі дамуының басты шарты - методикалық зерттеулерді әрі қарай дамыту, жетілдіру, эксперименттік тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілерді қосу, методика ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, орыс тілін оқыту методикасындағы тәжірибелерді пайдалану, психологиялық әдістерге де көңіл бөлу. Сондай-ақ мектептегі оқыту жүйесі деңгейін зерттей отырып, бақылау жасаумен бірге, методика ғылымының жаңалықтарын үнемі ескеріп, мұғалімнің жан-жақты методикалық ізденістерін дамыта отырып, шығармашылықпен сабақ беруіне көмектесу жолдарын қрастыру негізгі мәселелердің бірі болып саналады.
Сонымен, қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері мыналар: методикалық әдебиеттерді талдау, зерттеу, алдыңғы қатарлы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу, сабақ процесін көру, бақылау анкетасымен жұмыс жүргізу, жеке әңгімелесу әдісі, эксперимент әдісі.
Мұғалімнің педагогика, психология ғылымдары жаңалықтарын біліп отыруы аса қажет, онсыз оқу процесін сапалы ұйымдастыру мүмкін емес.
Енді сол ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталайық.
Методикалық әдебиеттерді талдау және зерттеу әдісі - мұғалімдердің күнделікті жұмыстарымен тығыз байланысты негізгі мәселелердің бірі.
Мұғалімнің қазіргі методикадағы болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды психология, педагогика ғылымдарындағы жаңа ізденістер мен методиканың өткендегі мұраларын салыстырып пайдалануы қажет, онсыз оқу-тәрбие ісін ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қазақ тілін оқыту методикасы жүйелі зерттелінбеген десек те, бұл мәселе 1940 жылдардан бастап қолға алынғанын айту жөн. Қазақ тілін оқыту методикасының негізгі мәселелері әр кезеңде зерттелінді. Мысалы, жеке мақалалар жазылып, методиканың кейбір салалары, атап айтқанда, фонетиканы оқыту, морфологияны оқыту, тіл дамыту жұмыстары, факультативтік сабақтарды оқыту, техникалық құралдарды пайдалану, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, орфографияны оқыту, пунктуация мәселелері жөнінде ғылыми әрі практикалық жағынан талай еңбектер жарық көрді.
Алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу әдісі - бұл әдіс те методиканы толықтырудың бір түрі. Өйткені тәжірибелі бір мұғалімнің немесе бірнеше мұғалімнің шығармашылығына талдау жасауға болады. Атап айтқанда, тәжірибелі мұғалімнің жұмыс жоспарын, сабақ жоспарын, дидактикалық немесе методикалық нұсқауларды, кесте, сабақ көрнекіліктерін пайдаланудағы іс-тәжірибелерімен танысу, олармен тәжірибе алмасу аса қажет. Сондай-ақ алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу, оны жалпы мектеп практикасына ендіру, ұсыну ғылыми-зерттеу жұмысында дұрыс тұжырымдар, қорытындылар жасауға, жаңа пікірлер ұсынуға мүмкіншілік жасайды.
Оқу процесін бақылау әдісі - бұл да методикада шешуші роль атқарады. Бұл метод арқылы мұғалімнің бүкіл сабақ жүйесінде қолданатын әдіс-тәсілдерінің дұрыс-бұрыстығы, оқушыларға ұсынылған жаттығулар мен грамматикалық тақырыптарға байланысты берілген мысалдардың оқушының жас ерекшелігіне лайықтылығы, дұрыстығы, егер дұрыс болмаса, оны қалай түзеу қажеттігін білуге пайдасы бар.
Сабақ процесін жүйелі, белгілі мақсатпен бақылау, байқау белгілі бір грамматикалық проблеманы дұрыс, жан-жақты, ғылыми талдау жасауға көмектеседі.Мысалы, зат есімді оқытумен байланысты қандай жұмыстар істелінді, нендей ғылыми тұжырым жасалынды деген мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіншілік болады.
Әңгімелесу әдісі арқылы мұғалім оқушының білімін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топ оқушымен де әңгімелесу арқылы да сабаққа қорытынды жасай алады.Орта мектепте бұл әдістің тиімділігі оқушының қазақ тілінен алған білімі мен іскерлік дағдыларын тексеріп, қандай қателер жібергенін анықтап, онымен жұмыс істеудің жолдарын белгілейді.
Анкета бойынша сұрап-білу әдісі. Бұл әдіс бойынша бүкіл сынып немесе бірнеше сынып оқушыларының білім сапасын тексеруге болады. Ғылыми-зерттеу жұмысында анкета әдісі арқылы методикада ұсынылған кейбір әдіс-тәсілдердің тиімді деген жақтарының дұрыс-бұрыстығын тексеруге мүмкіншіліктер болады. Эксперимент әдісі - бұл әдіс методикада мектеп тәжірибесіне байқау жасап, белгілі бір ұсынылған әдістің тиімділігіне әбден көз жеткізу мақсатында, соны тексеру үшін пайдалы.
Қазақ тілі сабақтарында эксперимент жұмысы сабақта қолданылған әдістердің тиімділігін байқау үшін қолданылады. Мұндай мақсатта эксперимент қатар сыныптарда жүргізіледі. Эксперимент және бақылау (тексеру) жасау сыныптарындағы нәтижелер салыстырылады, оның пайдалылығы жөнінде ұсыныстар жасалынады. Ол әдістің тиімділігі дәлелденеді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады.Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді:
1)мақсаттары (не үшін оқыту керек?);
2)мазмұны (нені оқыту керек?);
3)ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?);
4)құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);
5)оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.
Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Әдістеменің мынадай міндеттері бар:
1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу;
2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау;
3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.
Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым.
Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1.Білім беру мақсаттары:
-оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру;
-тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп,оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру;
-оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу;
-тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу;
-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру;
-оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру;
-өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар:
-оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру;
-тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу;
-оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту:
-ана тіліне деген қызығушылықты арттыру;
-оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу;
-оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету;
-тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
1)Толық сауатты адамдар даярлау;
2)оқушылардың творчестволық күштерін,танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды; әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп есептейміз.Қазақ тілін оқыту міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайлары, қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға (мектептің жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына мыналар жатады: а) бағдар-ламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді; ә) оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің жәрдемімен оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде пайда-ланады; б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп жасалған пәнді оқыту әдістемесі
1.3.Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері
Қазақ тілін оқыту методикасы мен методикалық принциптері педагогика ғылымының оқу-тəрбие беру жөніндегі барлық теорияларына, оның дидактика бөліміне негізделеді. Өйткені дидактика барлық ғылымды оқыту жөніндегі əдістер жайлы теорияның жиынтығы немесе педагогикалық ғылымның оқыту əдістері жөніндегі саласы. Сондықтан дидактикалық принциптер əр пəнді оқыту методикасының, оның ішінде ана тілін оқыту методикасының теориялық негізі болып есептеледі. Қағида немесе принцип (лат. principim - принцип; негіз, алғы бастама) -- белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама
мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, əдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тиянақты да берік білім беруде мүғалімдердің ескеретін жұмыстары көп-ақ. Қазақ тіліне байланысты таңдалған материалдардьң көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде, мұғалім білім беру әдістерінің ең, қүнды, ең тиімді түрлерін пайдаланады. Сондықтан қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мүғалім дидактикалық принциптер мен методикалық зандылықтарға сүйенеді. Оқушыларға қазақ тілінен тиянақты білім беруде сүйенілетін жалпы дидактикалық принциптер мыналар: ғылыми принцип, жүйелі принцип, көрнекілік принципі, саналылық пен белсенділік принципі, теорияны практи-камен байланыстыру принципі және жеке оқушылардың. психикалық едекшелігін ескеру принципі. Тілден мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір-біріне ұштастырып отырады. Сонымен бірге, казақ тіліне карай жүргізілетін сабақ курылымдарын өткізу кезінде, білім беру әдістерінің құрылымдық жүйесін іске асыру тусында және сабақтан тыс жүргізілетін жүмыстар үстінде тілдік материалдарды байланыстырып отыруды көздейді. Осы дидактикалық принциптерді іске асыру тұсында, негізінен, екі түрлі принциитің орындалатындығы байқалады.
Біріншісі -- оқушылардың қазақ тілі материалдарын жете меңгеру процесі. Мүны оқушылардың оқу материалдарынсаналы түсінуі,оғанокушының белсенді қатысуы арқылы анықтауға болады.
Екіншісі -- оқу материалдарын үйрету процесі. Мұндай жағдайда оқушылардың сабаққа қатысы оншалық көп байқалмайды, көбінесе, мұғалімнің белсенділігі аңғарылады. Сабақты көрнекі, жүйелі тусінуге оңай етіп құру ең қасиетті міндет больш табылады, Сондықтан да қазақ тілі материалдарының теория мен практикаға сай болуы мүғалімге тікелей байланысты.
Ғылыми принцип. Қазақ тілінен білім мен практикалық дағды беруде жиі іске асырылатын принциптің бірі -- ғылыми принцип. Оқушыларға берілетін білімнің барлығы лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері ұстаз елегінен өткізіліп, оқушылар ойына, білім дәрежесіне сай сипатталады. Тілдік фактілердіңтіл білімінде әбденқорытылған,шешілген мәселелері ғана мектепоқушыларынажеткізіледі. Сондықтан да оқушыларға берілетін білім мазмүны, көлемі және оны окытудың жүйесі сараланып, мектепте өтілетін қазақ тілі жүйелі курсы бойынша ғылыми мәліметтер беріледі. Мектеп оқушыларына қазак тілінен тілдік мәлімет беруде, жалаң теориялық материалдарды ғана ескермей, практикалық жағдайларды да ескерген мақұл.
Окушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемдерге сәйкес болуы қажет:
1) Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет, мәселен төртінші және бесінші класс оқушыларына берілетін жүйе онымен таныстырылатын терминнің аясын аса ғылыми дәрежеде кеңейтіп беруге болмайды: айталық дауысты дыбыстарды -- вокализм деп, ал дауыссыз дыбыстарды -- консонантизм деп түсіндіруге келмейді. Сондай-ақ қосынды дауыстыларды -- дифтонгид деп түсіндіруге болмайды. Сондықтан да қазақ тілінен нақтылы білім беруде, сол класқа ғана сыятын терминдерді ғана пайдалануға болады.
2) Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлдігі талап етіледі. Тілдік фактілерге сай меңгерілетін тақырыптардың дәл, анық болуы мектеп оқушылары түсінігінің кеңеюіне септігін тигізеді.
3) Тілдік тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып алынғаны абзал. Бүған бір тақырып пен екінші тақырыптың байланыстылығы, материалдын, ішкі өзіндік қасиеттері енеді. Бұл сияқты өзіндік белгілер тақырыптын, нақтылы көлемін құрай алады.
4) Қазақ тіліиен берілетін материалдардын, анық-тамалары мен ережелері дәл болғаны абзал. Негізгі берілетін мағыналары мен ішкі заңдылықтарына қарай нақтылы анықтамалар мен ережелер шығарылады.
5) Тілдік тақырыптарға байланысты берілетін практикалық дағдылардың да көлемі дәл болғаны жөн. Әрбір тілдік материалдардың жаттығулары сол тақырыптың ішкі психологиясына байланысты болады. Сондықтан да қазақ тілі материалдарына лайықты бестен артық дағды түрлері сұрыпталады. Сонымен жоғарыдағы айтылған шарттарды ескергенде ғана қазак тілінен ғылыми принцип негізінде білім беруге болады. Бұл ғылыми принциптің іске асырылуы болып табылады
Жүйелі принцип. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін теориялық мағлүматтар белгілі бір орын тәртібі бойынша өтілуі қажет: Қазақ тілінің әрбір тақырыбы методикалық- жүйе арқылы талданады. Тілдік тақырыптардың өтілу тәртібін сақтай отырып, өтілетін материал мен жақа материал байланыстырылады. Осының нәтижесінде тілдік материалдар бірін-бірі толықтыра, аясын кеңейтіп отырады. Тілдік материалдарды өтудің жүйелі принципі психологиялық заңдылықтарға үштастырыла қаралады.
Оқытудың саналылық принципі
Оқытудың саналылық принципі - үйретілген материалды
оқушылардың құрғақ жаттамай, толық түсініп, саналы меңгеруі. Оқу
материалдарын саналы түсіну үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігі,
ынтасы арттырылады, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге
үйретіледі, материалды өз бетінше түсініп, өз сөздерімен айтуға
дағдыландырылады. Түрлі творчестволық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді. Сонымен бірге ережелер мен анықтамаларды саналы түсінуі үшін, оқушылар тіл фактілерін дұпыс ажырата білуге тиіс. Мысалы, оқушылар фонетикадан дыбысты алмастырып айту, жазу ( ң - н, т - д, ы - і т.б.). Жалғау мен жұрнақты ажырата алмау, буынға дұрыс бөлме, дұрыс тасымалдай алмау, ережелерді ажырата алмаудан қате жіберу жиі кездеседі Бұл оқыту принципі оқулықтағы теориялық материалдардың мазмұны мен көлемі оқушылардың жас ерекшелігіне сай, əр оқушының жеке-дара қабілетіне, ақыл-ой өрісінің дамуына жəне білім көлеміне бейімделіп құрылуын талап етеді.Оқу материалдары жеңілден - ауырға, оңайдан қиынға қарай баяндау принципімен түсіндіріледі. Яғни оқушылардың бұрын білетін материалдарының негізінде жаңа материалдарды байланыстыра түсіндіру мақсат етіледі. Демек, оқытудың бұл принципі бойынша оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіншілік болады.
Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі - оқу материалдарының дұрыс бірбірімен сабақтаса орналасуы, берілуі үйретілетін материалды оқушының тиянақты, жүйелі, бірізділікпен қабылдауына мүмкіншіліктер жасайды. Мысалы, сөйлемнің тұрлаулы
мүшелерінен кейін сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, зат есімнен кейін сын есім, сан есімнен кейін есімдік, етістік, көсемше туралы түсінік беріледі. Мұны біз оқытудың дұрыс орналастыру принципі дейміз.
Оқытудың алдын-ала болжау принципі - үйретіліп отырған материалдың келесі сабақтардағы материалды меңгерудегі тиімділігін алдын ала болжау, соны ескере келіп дамыту. Мысалы, бастауыш кластарда өтілетін тыныс белгілерінің ережелері 7 - 8-кластарда жүйелі қайталанады, еске түсіріледі.
Оқытудың берік, тиянақты болу принципі - оқушылардың өрелі ой-санасын ғылыми негізде дамыту үшін, олардың меңгерген білім дағдылары тиянақты, берік меңгертудің маңызы зор. Оқылған материалды жан-жақты
меңгерту, есінде берік сақтату, құрғақ жаттауға жол бермеу, білгенді ұмытпау үшін қайталау, білімін бағалап отыру сияқты жұмыстарды жүргізу қажет.
Білімнің беріктік, тиянақтылық принципін жүзеге асыруда жаттығу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру да шешуші роль атқарады. Түрлі жаттығу жұмыстары оқушының іскерлігі мен дағдысын жетілдіре түседі.
Оқытудың теория жəне практика, өмірмен байланыстыру принципі арқылы оқушылардың мектептегі оқу-тəрбие процесінде алған теориялық білімдерін өндірісте, іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Мысалы, мұғалім түрлі тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу арқылы
дұрыс сөйлей білуге, қатесіз жаза білуге үйретеді, конференцияларда оқушыларға сөйлеуге, баяндама жасауға, мақала жазуға дағды береді. Мұндай дағды ұзақ, жүйелі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz