Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

Ағыбай Мадина Ершатқызы

Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6В05209 - «География» білім беру бағдарламасы

Астана 2023

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»

« » 2023ж Физикалық және экономикалық география кафедрасының

меңгерушісі

PhD докторы, асс. профессор

Рамазанова Н. Е.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері»

6В05209 - «География» білім беру бағдарламасы

Орындаған: (қолы) Ағыбай М. Е

Ғылыми жетекшісі: (қолы)

г. ғ. д профессор Сапаров Қ. Т

«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

Жаратылыстану ғылымдары факультеті,

Физикалық және экономикалық география кафедрасы

“География” -6В05209 оқу бағдарламасы

“Бекітемін”

Кафедра меңгерушісі

Н. Е. Рамазанова

“___”20___ж.

Дипломдық жұмысты орындауға арналған

ТАПСЫРМА

Студент: Ағыбай Мадина Ершатқызы

  1. курс, Гг-41 тобы, 5В060900 - «География» оқу бағдарламасы
  1. Дипломдық жұмыс тақырыбы:

Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері ___

« 26 » желтоқсан 20 22 ж № 2458-п ректордың бұйрығымен бекітілген

  1. Дипломдық жұмысты тапсыру мерзімі «29» 2023 ж.
  2. Жұмыста алынған мәліметтер (заңдар, кітаптар, зертханалық-өндірістік мәліметтер) :Ғылыми оқулықтар, кітаптар, анықтамалықтар, мерзімдік басылымдар, ғылыми мақалалар, интернет-ресурстар.
  3. Дипломдық жұмысты жасауда туындайтын сұрақтар:Дипломдық жұмыстың құрылымы, негізгі мәлімет көздеріне жарамды кітаптар бойынша, жұмыс мазмұнын құруда туындайтын сұрақтар, зерттеу барысында қолданылатын әдістер.
  4. Графикалық материалдар тізімі:ArcGIS 10. 4 бағдарламасымен жасалған карталар, кестелер, диаграммалар.
  5. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі:Алпысбес М. А., Аршабек Т. Т. Бұқар жырау ауданының тарихы (Монографиялық зерттеу), Аршабеков Т. Т Қарағанды облысы топонимдері. Конкашпаев Г. К. Казахские народные географические термины.
  6. Жұмыс бойынша кеңестер (оларға қатысты жұмыстың бөлімдерін көрсету)

№, бөлім, тарау

Ғылыми жетекші, консультант

Тапсырманы алу мерзімі

Тапсырма берілді (қолы)
Тапсырма алынды (қолы)
№, бөлім, тарау: Кіріспе
Ғылыми жетекші, консультант: Сапаров Қ. Т.
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма алынды (қолы):
№, бөлім, тарау: 1 бөлім
Ғылыми жетекші, консультант: Сапаров Қ. Т.
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма алынды (қолы):
№, бөлім, тарау: 2 бөлім
Ғылыми жетекші, консультант: Сапаров Қ. Т.
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма алынды (қолы):
№, бөлім, тарау: 3 бөлім
Ғылыми жетекші, консультант: Сапаров Қ. Т.
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырма берілді (қолы):
Тапсырма алынды (қолы):
  1. Дипломдық жұмысты орындау кестесі
Жұмыс кезеңдері
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері
Ескерту
№: 1
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын бекіту
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:
Ескерту:
№: 2
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау үшін материалдар жинау
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:
Ескерту:
№: 3
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыстың (жобаның) теориялық бөлігін дайындау (1-бөлім)
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:
Ескерту: Практикаға кеткенге дейін
№: 4
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыстың (жобаның) талдамалық бөлігін (2-3-бөлімдер) дайындау
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:
Ескерту: Практика кезінде
№: 5
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыстың (жобаның) толық мәтінінің жоба нұсқасын аяқтау
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:
Ескерту: Практика аяқталғаннан кейінгі бірінші аптада
№: 6
Жұмыс кезеңдері: Алдын ала қорғауға дипломдық жұмысты (жобаны) ұсыну
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:
Ескерту: Шолу дәрістері (консультациялар) кезінде
№: 7
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмысты (жобаны) ұсыну рецензияға
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:
Ескерту:
№: 8
Жұмыс кезеңдері: Ғылыми жетекшінің пікірімен және рецензиясымен дипломдық жұмыстың (жобаның) түпкілікті нұсқасын ұсыну
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:
Ескерту:
№: 9
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:
Ескерту: МАК кестесіне сәйкес

Тапсырманы беру күні « » 2022 ж.

Ғылыми жетекші: г. ғ. д., профессор Сапаров Қ. Т.

Тапсырманы орындаушы: студент Ағыбай М. Е

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1 Бұқар Жырау ауданы топонимикалық жүйелерінің қалыптасуының физикалық-географиялық алғышарттары . . .

1. 1 Бұқар Жырау ауданының физикалық-географиялық жағдайлары және аймақ топонимдерінің қалыптасуындағы рөлі . . .

1. 2 Ауданның топонимиялық жүйесінің тарихи қалыптасу жолдары . . .

1. 3 Аудан топонимдерін зерттеудегі қолданылатын әдістер . . .

2 Бұқар Жырау ауданының табиғат жағдайларында топонимдердегі бейнелену дәрежесі . . .

2. 1. Орографиялық нысандар сипаттамасы, олардың топонимдерде көрініс табуы . . .

2. 2 Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбаларды негіздейтін географиялық атаулар . . .

2. 3 Гидрографиялық жүйесі мен терминдік атаулар . . .

2. 3. 1 Микрогидронимдер . . .

2. 4 Өсімдіктер жамылғысы және жануарлар дүниесін негіздейтін географиялық атаулар . . .

3 Экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың топонимдердегі көрінісі . . .

3. 1 Дәстүрлі шаруашылықты негіздейтін, тұрмыс-тіршілікке қатысты пайда болған географиялық атаулар . . .

3. 2 Жайылымдық атаулар мен терминдер . . .

3. 3 Антропонимдер мен некронимдердің топоним жасаудағы рөлі . . .

3. 4 Топонимдерді қалпына келтіру және қорғаудың қазіргі мәселелері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Географиялық атауларды қалыптастыратын негізгі фактор - халық. Кез-келген халық рухани білімін өзі өмір сүрген орта мен өзі қолданыс ретінде пайдаланған, тұтынған шаруашылық тұрғысынан алатыны айқын. Осы ретте, қазақ халқына тән топонимдер көшпелі-отырықшы мәдениетіне орайластырылып, мал шаруашылығы, жануарлар әлемі және фитонимдік ұғым санатында өрбіп, нәтижесінде жер-су аттарын айыра білу, географиялық нысандардағы белгілерді нақтылауға алып келді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі аумақтың топонимикалық жүйесін жан-жақты кешенді талдау, географиялық атаулардың ерекшеліктерін анықтау, табиғи орта топонимдерінің қалыптасуына әсерін зерттеу, топонимикалық зерттеулердің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, географиялық атаулардың пайда болуын білу, сонымен қатар жер-су аттарын қайта орнына келтірудің қажеттілігімен сипатталады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Бұқар Жырау ауданының топонимиялық жүйесіне жан- жақты талдау жасай отырып, табиғат жағдайларын бейнелейтін географиялық атауларды анықтау, табиғи орта топонимдерінің қалыптасуына тигізетін әсерін зерттеу болып табылады. Аталған мақсатқа сәйкес, мынандай міндеттерді шешу қажеттілігі анықталды.

-Бұқар Жырау ауданының топонимиясының қалыптасуының тарихи географиялық жағдайларын сипаттау.

-Бұқар Жырау ауданының табиғат жағдайларында географиялық атаулардың бейнелену заңдылықтарын қарастыру.

-Халықтық географиялық терминдердің мағынасын талдап, топоним жасау белсенділігін анықтау;

-Бұқар Жырау ауданының топонимикалық карталар топтамасын құрастыру;

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы.

  • Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алғаш рет Бұқар Жырау ауданының топонимдер жүйесінің физикaлық-геогрaфиялық негіздері зерттелді және географиялық нысандардың атауында табиғи компоненттердің сипаттамаларын көрсету заңдылықтары анықталды.
  • Бұқар Жырау ауданының табиғи жағдайларының ерекшеліктерін сипаттайтын топонимдер жүйеленді, сонымен қатар негізгі топонимдік заңдылықтар туралы құнды мәліметтер жиналды.
  • Алғаш рет топонимикa мәселелерін aйқындaйтын aрнaйы кaртaлaр жүйесі: физикалық, оронимдер, гидронимдер, микрогидронимдер, фитонимдер және зоонимдер, дәстүрлі шаруашылықтағы топонимдердің көрінісі карталары құрастырылды.

Зерттеудің негізгі әдістері: статистикалық, лингвистикалық, картографиялық, топонимикалық, жүйелік талдау әдісі, географиялық, салыстырмалы-тарихи, геоақпараттық әдістер болды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және 1 қосымшадан, графикалық бөлім 7 карта мен 15 кестеден тұрады.

1 Бұқар Жырау ауданы топонимикалық жүйесінің физикалық-географиялық қалыптасу алғышарттары

1. 1 Бұқар Жырау ауданының физикалық-географиялық жағдайлары және аймақ топонимдерінің қалыптасуындағы рөлі

Бұқар Жырау ауданы Қарағанды облысының солтүстік шығысында орналасқан ірі аудандардың бірі. Жер көлемі-14, 6 мың км² тең. Шекарасының жалпы ұзындығы-836, 4 мың шаршы км. Бұқар жырау ауданының әкімшілік шекарасы солтүстік шығысында Павлодар облысының Баянауыл ауданымен (шекараның ұзындығы-170 км), оңтүстік-шығысында Қарқаралы ауданымен (шекараның ұзындығы-161 км), оңтүстігінде Шет ауданымен (шекараның ұзындығы-10 км), Абай ауданымен оңтүстігінде (шекараның ұзындығы-204 км), батысында Нұра аудандарымен (шекараның ұзындығы-27 км) және солтүстігінде Сарыбел (Осакаров) ауданымен (шекараның ұзындығы-272 км) шектесіп жатыр. Орталығы - Ботақара кенті. Бұқар жырау ауданы 1997 жылы Ульянов және Тельман аудандарының негізінде қайта құрылды.

Ауданының ең биік нүктесі - Семізбұғы тауы ауданның солт. -шығыс бөлігінде орналасқан. Ол солт. - батыстан, оңт. -шығысқа қарай 7 км, ал ені 4 км мөлшерде созылып жатыр. Бұл таудың биіктігі - 1049 м. Аудан Сарыарқа кіндігі - Қарағанды облысының солт. -шығ. орналасқан жері түгелдей қазақтың ұсақ шоқылы таулары аймағындағы қыратты төбелерге тиесілі. Қазақтың ұсақ шоқылы өлке жерлері батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылған. Бұл ең ежелгі, тау тасы мүжілген өлкелердің бірі. Батысында ені 900 шақырымнан астам, ал шығысында 350 шақырымға жуық. Осы жазықтың биіктігі солт. -шығыс, оңтүстік-батыс бөлігіне дейінгі аралық 800 метрден 400 метрге дейін төмендейді.

Аймақтың жер бедері нағыз шоқылы және биіктік белдеу бөлшек-бөліктері байқалатын аласа таулы өлкені құрайды. Мұнда орманды дала зоналары аумағын кездестіреміз. Бұл аймақтың негізгі бөлігі жартасты, жалды-қырқалы келген су айрықты-ұсақ шоқылы және мүжілген жазықтан тұрады. Жер бедерінің ұзаққа созылған геологиялық дамуының іздері бұл жерден айқын көрінеді. Бұдан 250-300 млн жыл бұрын өткен ежелгі дәуірде таулардың орнында алып теңіз болғаны, оның түбіне кейін құмдаққа, әктасқа, тақтатасқа айналған қатты жыныстар пайда болған [2, 46 бет. ] .

Бұқар Жырау ауданының топонимдерінде физикалық-географиялық нысандар (тау, төбе, сай, көл, бұлақ, құм, дала т. б. ) молынан кездесіп отырады: Мәселен, «Сақалтөбе», «Жартас», «Қушоқы», «Тасоба», «Қызылжал» сияқты орографиялық яғни жер бедерінің оң пішіндерін бейнелейтін атауларды жатқыза аламыз.

Кесте 1

Бұқар Жырау ауданының оронимдер негізінде қалыптасқан географиялық атаулар

Ороним атауы
Топонимиялық белсенділігі
Ороним атауы: Төбе
Топонимиялық белсенділігі: Сақалтөбе-тау
Ороним атауы: Биік
Топонимиялық белсенділігі: Ақбиік-тау
Ороним атауы: Оба
Топонимиялық белсенділігі: Тасоба-тау
Ороним атауы: Шоқы
Топонимиялық белсенділігі: Қушоқы-ауыл
Ороним атауы: Жар
Топонимиялық белсенділігі: Жартас-тау
Ороним атауы: Жал
Топонимиялық белсенділігі: Қызылжал-жайлау
Ороним атауы: Ескерту [1] дерек көзі ретінде автормен құрастырылған

Геологиялық тұрғыда бұл өңір аумағында тегістелу үдерісі тоқталған жоқ. Әлі де денудациялық процестер жүріп жатыр. Ұсақ шоқылар маңындағы жазықтар онша биік емес. Ежелгі тау сілемдерінің қатты жынысты жерлерде ұсақ шоқылар қалдықтары ғана сақталған. Бұл жердің геологиялық құрылымы герцин қатпарлығынан қалыптасқан, ұзақ уақыт шөгу нәтижесінде уатылып, мүжіліп, тек мезозой эрасында белесті, қыратты, ұсақ шоқылы, дөңесті жазық өңірге айналған. Жер бедері ұсақ шоқылы болғанымен, жазық жерлері қорықтар мен Ұлттық саябақтар ұйымдастыруға, жер өңдеуге аса қолайлы келеді [6, 61 бет. ] .

Сарыарқа жері Еуразия құрылығының орта белінде орналасқандықтан бұл өлкенің климаттық жағдайы шұғыл континентті болып сипатталады. Бұқар жырау ауданы дала зонасында орналасқан. Шұғыл ауа-райының басты белгілері - жазы ыстық әрі құрғақ, қысы қатаң, ұзақ болып келеді. Бұл жылдық және бір күндік ауытқушылықтың жоғары болуы бұл жердегі Сібір антициклоны мен арктикалық ауа массалары кедергісіз ұдайы айналымға түсуіне байланысты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -15-17°С, шілдеде 19-21°С. Бұқар Жырау ауданының аумағы толығымен дала зонасында орналасқандықтан жылудың көлемі ұлғаяды, атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері оңтүстікке қарай азаяды және климаттың шұғыл континенттік белгілері шығысқа қарай өсе түседі. Бұл Сібір антициклонының әсерімен байланысты. Жаз кезіндегі булану үрдісі атмосфералық жауын-шашын түсімінен қарағанда 3-7 рет асып түседі.

Бұл аймақ орналасу жағынан оңтүстік дала өтпелі зона шоқылы құрғақ далалы ауданға жатады. Өйткені, жаз айларындағы ауа температурасының жоғарылығы қарқынды буланумен қабаттасады, топырақ қатты құрғап, өсімдіктер жазда күйе бастайды. Даланың әдемі жасыл реңі жаздың ортасына жетпей сары түске айналады. Оны аудандағы түске байланысты оронимдер топтамасынан (Кесте-2) байқауға болады.

Кесте 2

Бұқар Жырау ауданының оронимдеріндегі түсін анықтайтын атаулар

Түске байланысты
Топонимикалық белсенділігі
Түске байланысты: Сары
Топонимикалық белсенділігі:

Сарыадыр-тау,

Сарыапан-тау,

Сарыжал-тау,

Сарытау-тау,

Сарытөбе-қоныс

Түске байланысты: Ескерту [1] дерек көзі ретінде автормен құрастырылған

Осы жерде «Сарыарқа» атауының қалыптасуын айта кеткен жөн. Сарыарқа - өзіндік табиғи бітім-болмысымен ерекшеленетін мекеннің бірі. Сарыарқа атауы «сол жердегі өсімдіктерінің күйгендігінен сарғайып жататын, сансыз адырлы қырқадан тұратын кең байтақ жон, жалпақ үстірт» ұғымын білдіреді. «Сары десе дегендей», бұл байтақ өлкенің мың сан өсімдігінен бастап, тау-тасына дейін сарғыш тартып жатады.

Өлкенің табиғи байлығын - өзен-көлі, жер қазыналары, өсімдік дүниесі, аң-құсы құрайды. Сарыарқа жерін әр түрлі етіп ерекшелендіретін геологиялық табиғаты жаратылыстары - ойпаттар, кең тегіс шұңқырлар, үстірттер мен аласа тау сілемдері және шыңдарын қар басқан биік таулы аудандар. Сарыарқа орталығы мен шығысында биіктейді де, солтүстікке, оңтүстікке, батысқа қарай аласарады, солтүстік Мұзды мұхит пен ішкі тұйық алаптардың арасындағы су айрық болып саналады.

Қазақстанның барлық далалары, оның ішінде Бұқар жырау ауданының аумағы кіретін Сарыарқа даласының климаттық жағымсыз жағы - ылғалдылықтың жетіспеушілігі, ауа-райы тұрақсыздығы, топырақтың тоңазуы мен қатуы сияқты факторлармен байланысты. Атмосфералық жауын шашынның жылдық мөлшері барлық дала зонасы шегінде 200 - 300 мм аралығында дейін ауытқиды. Аудандағы жауыншашынның жылдық мөлшері 300-360 мм. Жылдық мөлшерінің 60-70% жылдың жылы мезгіліне келеді.

Бұл өңірдің шекарасы бойынша біршама ірілі-ұсақты өзендері ағып өтеді. Барлық өзендер жүйесі ағынсыз-ішкі алапқа жатады, яғни Теңіз көл алабына жатады. Аудан су ресурстарына онша бай емес.

Аудандағы ең ірі су жүйелері - Ашысу, Нұра, Шерубай-Нұра өзендері ағып өтеді. Осылардың ішінде ең ірісі Нұра өзені. Нұра өзені- Теңіз көлінің алабына жатады. Бұл өзен Қарқаралы тауларынан басталады, ұзындығы - 978 км. Су жинау алабынын көлемі 60, 8 мың шаршы км. орташа тереңдігі 1-4 м құрайды. Бір жылдағы орташа су шығыны-19, 5 текше м сек. Жайылмасы 15 м дейін, кейбір жылдары 80 м дейін жетеді. Аудан өзендерінің қоректенуі көбінесе көктем айларына қар суымен қоректенеді. Сонымен қоса жер асты сулары да жаз айларында өзендерді қоректендіріп тұрады. Нұра өзенінің бойында «Самарқанд су бөгені» салынған.

Аудан аумағында 220 жуық ұсақ көлдер бар, ал оның ішінде ең ірісі Ботақара көлі (22 мың км²), Батпақкөл (12 мың км²), Шыбынды. Аймаққа кіретін өзендер ағынсыз тұйық Қарасор көлі мен Ертіс өзені алабына жатады.

Жер асты сулары. Сулардың жер бетіне шығуы сайлы, жыралы, ойпаңды жерлерде байқалады. Аудан аумағында сумен қамтамасыз етуге жарамды тұщы жарықшақты сулар кең таралған. Ертедегі көмілген аңғарлар шөгінділеріндегі жер асты сулары қатпарлар арасында түзілген. Минералдану көрсеткіші аса жоғары. Даланың қабат суларының басым көпшілігінің тұзды немесе сортаңды. Шоқы мен тауларда және олардың шлейфтерінде жер асты сулары топырақ бетіне бұлақ түрінде шығады, бірақ олар үнемі топырақты тұздандырып күзде кеуіп қалады. Тұзды су қоймасы, Қаракөл, Шыбынды, Есіл сияқты көлдер осы тұста. Бұл өңірден ағып өтетін өзендер негізінен қар және жер асты суымен қоректенеді [4, 50 бет. ] .

Бұқар жырау ауданының территориясында топырақ түрлерінің өзгерісі айқын көрінеді. Орталық бөлігінің топырағы қара топырақты болып келеді. Ара-арасында таудың қара топырағы кездеседі. Қалған аймақтың барлығы дерлік қызғылт-қоңыр топырақты және қоңыр топырақты болып келеді. Топырағының құрылымы кесекті, өсімдік жамылғысы қарағанды-бетегелі-селеулі. Бұл құнарлы топырақты мүмкіндігінше пайдалануға ылғалдың жетіспеушілігі әсер етеді. Физикалық-географиялық нысандарды атауда халық ең алдымен табиғат жағдайларының шаруашылық үшін маңызды болып келетін және де соған сай белгілерін таңдап алады (Кесте 3) .

Кесте 3

Бұқар Жырау ауданының топырақ жамылғысы ерешеліктерін анықтайтын топонимдер топтамасы

Топырақ жамылғысы атауы
Топонимикалық белсенділігі
Топырақ жамылғысы атауы: Ақ
Топонимикалық белсенділігі: Ақтасты-бұлақ
Топырақ жамылғысы атауы: Құм
Топонимикалық белсенділігі: Құмдыкөл-тұзды көл
Топырақ жамылғысы атауы: Сор
Топонимикалық белсенділігі: Жана Ащысор-төбешік
Топырақ жамылғысы атауы: Тас
Топонимикалық белсенділігі: Тасшоқы-тау
Топырақ жамылғысы атауы: Қоңыр
Топонимикалық белсенділігі: Қоңыртөбе-тау
Топырақ жамылғысы атауы: Ескерту [1] дерек көзі ретінде автормен құрастырылған

Далаларда шөптесін өсімдіктер мен жартылай бұталы өсімдіктер дамыған, олардың өсіп-өнуі жаздағы ылғалдылықтың аздығына бейімделген. Далалық өсімдіктерден тар, оратылған жапырақты шымдық өсімдіктер кездеседі. Оған: ақ селеу, бетеге, боз және т. б жатады.

Дала өсімдіктерінің түрлеріне бетеге, әр түрлі жусандар, қараған, тобылғы жатады. Дала өсімдіктері бірлестігінің жамылғысының 55-80% тау аралық жазықтарда тараған. Аласа таулы жерлерінде шоқ болып теректер өскен қайыңдар кездеседі [2, 65. ] .

Жануарлар әлемі орманды-дала жануарлар құрамына қарағанда, шөлейт фаунасына жақынырақ. Аймақ алқабында сүтқоректілердің, құстардың, бауырымен жорғалаушы мақұлықаттың түр-түрі кездеседі. Құстардан - құр, шіл, тоқылдақ, орман кептері, көгершін, бөктергі, бөдене, күйкентай, үкі, жапалақ, құладын, ителгі, қыран, сұңқар, бұлдырық, бозторғай, тау қыраны, шыбжық мекендейді, көлдерінде су құстары - үйрек, қаз кездеседі. Аңдар әлемінде қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сасықкүзен, ақкіс күзен бар. Жануарлар дүниесінен елік, арқар, бұлан, бұғы, қоян, арқар, елік, суыр, сарышұнак, аламан, т. б. андар мекендейді. Ауданда жануарлар әлемінен жыртқыштардың алуан түрлі түрлерін тарағанын (Кесте 4) байқай аламыз:

Кесте 4

Бұхар Жырау ауданының жануарлар дүниесін сипаттайтын зоонимдер

Жыртқыш жануарлар
Топонимикалық белсенділігі
Жыртқыш жануарлар: «қасқыр» - бөрі
Топонимикалық белсенділігі: Бөрiтескен-қоныс
Жыртқыш жануарлар: қарсақ
Топонимикалық белсенділігі: Қарсақбай-төбешік
Жыртқыш жануарлар: түлкі
Топонимикалық белсенділігі: Түлкілі-тау
Жыртқыш жануарлар: ит
Топонимикалық белсенділігі: Итқонған-қоныс
Жыртқыш жануарлар: аю
Топонимикалық белсенділігі: Аюлы-тау; қоныс
Жыртқыш жануарлар: Ескерту [1] дерек көзі ретінде автормен құрастырылған

Төменде Бұқар Жырау ауданының топонимиялық жүйелер диаграммасы және зерттеу аумағының физикалық-географиялық картасы берілген.

C:\Users\admin\Downloads\Мадин диаграмма.png

Ескерту - [1] дерек көзі негізінде автормен құрастырылған

Сурет 1 Бұқар Жырау ауданының топонимиялық жүйесі

Ескерту - [9] дерек көзі негізінде автормен құрастырылған

Сурет 2 Зерттелу аумағының физикалық картасы

1. 2 Ауданның тарихи қалыптасу ерекшеліктері және топонимдерінің жасалуына ықпалы

Топонимдердің, яғни географиялық атаулардың қалыптасуы география мен тарихтың өзара арақатынасынан туатын күрделі үрдіс. Белгілі бір атаудың мәнін ғылыми тұрғыдан сарапқа алу үшін тарихымыздағы адамдар мен тұлғалар, орындармен, оқиғалармен байланыстырып, өткен ғасырдың тарихи құнды мәліметтерінен аламыз. Сондықтан топонимдердің жасалуына әсерін анықтау үшін ауданның тарихын зерделеп қарастырып шолып өткен жөн.

Әкімшілік мағынасында - Бұқар Жырау ауданы деп бұл өлке бірден аталған жоқ. Бұқар Жырау ауданы Семізбұғы, Далба, Ботақара-Нұра өңірі - Сарыарқаның жон-ортасындағы аумақты алып отырған өлкелердің бірі. Осы өңірде орналасқан әкімшілік аумақтық аудан Бұқар Жырау баба есімін бекерге иеленіп отырған жоқ. «Көмекей әулие» лақабына ие болған жыраудың ауылы жаз мезгілінде жайлауы Сұңқарқияда, қыс мезгілінде Далбадағы қыстақта, қазір жыраудың мазары бой көтерген тұста отыратын болған. Бұқар Жырау ауданы 1997 жылдың 23 мамыр күні Тельман (1928-1997) және Ульянов (1938-1997) аудандарының бірігуі нәтижесінде қайта құрылды. Ауданның орталығы - Ботақара кенті аталды [2, 12 бет. ] .

Аудан бұрынғы кұраммен кайтадан калыптасты, тек 1963 жылдың 2 қаңтарына дейін Тельман ауданынын құрамына кірген Ақбастау, Ақжар, Көкпекті және Үштөбе селолық кеңестерін ескертпегенде. (Қарақұдық с. ), Көкпекті (Көкпекті с. ), Кузнецкий (Тоғызкұдық с. ), Озерный (Бұкар жырау с. ), Петров (Петровка с. ), Пролетар (Шешенқара с. ), Пушкин (Ақбел с. ), Суықсу (Суықсу с. ), Үштөбе (Үштөбе с. ), Хорошевский (Белағапі с. ) селолық кеңестері кірген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 23 мамырдағы №3528 Жарлығымен Ульянов ауданы - Бұқар жырау ауданы болып өзгертілді [3, 282 бет. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Бұхар жырау ауданы топонимі
Орталық Қазақстан, Қарағанды облысы
Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні
Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама
Ерте ортағасырлық топонимдер
Этнолингвистика және этимология
Қазақстан топонимиясы
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи — лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz