Тұрсын ханның өлуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Яссауи атындағы университетінің Гуманитарлық факультеті Тарих мамандығы

БӨЖ

Тақырып: 17ші ғасырдағы қазақ хандығы

Орындаған:Шерзод Искандаров

Қабылдаған:Назыгуль Каттабекова

Мамандығы:6В01615-Тарих

Курс:2курс

Жоспар:

1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы

2. Жәңгір хан тұсындағы қазақ хандығы

3. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы

4. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы

5. Қазақ хандығының шаруашылығы

6. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы

Шығайұлы Есім хан (1598-1628) -Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім»деп ардақтайды. Оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен.

Есім хан билікке ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты. Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, "Еңсегей бойлы Ер Есім" атанған еді. Тәуекел Бұхараны қоршағанда ол 20 мың әскерімен Самарқандты билеп тұрған. Ауыр жарақаттан қайтыс болған ағасының орнына хан сайланған Есім отыз жыл бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін қорғау, күшейту жолында қанын да, жанын да аяған жоқ. Шығысында қалмақтармен, солтүстік батысында Бухара хандығымен үздіксіз шайқасуға тура келген. Көрші жатқан қазақ ауылдарын үнемі талан-таражға салып, ұлдарын құл, қыздарын күң етуге ұмтылған қалмақтардың бетін қайтаруы, кейде тіпті өзі де жорыққа шығып, шекарадан алысқа қуып тастауы түсінікті жағдай, ал өзімен қандас, халқы аралас-қүралас Бұхара хандығымен неге жауласты дейсіз ғой? Бұған бірнеше себеп бар.

Билігі

Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.

Қазақ-бұхар соғысы

Бұхар ханы Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды көздеді. Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне ығыстырып тастауды мақсат етті. Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы бұрынғы бітім шартын бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорықтар ұйымдастырады. 1603 жылы Айғыржар деген жерде үлкен шайқас болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері ойсырай жеңіліс тауып, тым-тырақай қашты. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісіне тығылады. Қазақ хандығының әскерлері жауды талқандап мол олжамен Ташкентке қайтып оралды. 1611 жылы бұхар әскерін Имамқұли хан өзі басқарып, Ташкентке шабуыл жасап, сол қаланың түбінде қазақтың қалын қолын басқарған Есім хан әскерімен соғысады. Бұл шайқаста Бұхар ханы жеңіліс тауып, кері шегінеді. Кейін қайта қол жинап Қаратау, Аспара өңіріне шабуыл жасап, бейғам ауылдар мен қалаларды үлкен шығынға ұшыратты. 1612 жылы Имамқұлидың ұлы Ескендір Ұлы жүз ханы Шах Сәидті өлтіреді, және өзін хан деп жариялайды. Бұған жауап ретінде 1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді. Бұхар хандығының әскерін тас-талқан етіп жеңді. 1620-1621 жылдары болған төртінші, бесінші, алтыншы қазақ - бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін Тұрсын хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетті. 1627 жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа Есім хан Қазақ хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік шекарасын берік бекітеді. Бұхара ханы Имамқұли жеңілісті мойындайды.

Тұрсын ханның өлуі

Есім ханның ел ішіндегі беделін, асқан абыройын іштей қызғанып жүретін Тұрсын Бұхара ханының ниетін тез түсініп, Сырдария жағасында екеуі астыртын келіссөз жүргізеді де, Есім ханды жоюдың жоспарын жасайды. Қазақ ханы бұл кезде моңғол билеушілерінің, қырғыз манаптарының өзара қырқысуын тыю үшін шығыс аймақтарда жүрген. Тұрсын ханның түп атасы түсініксіздеу. Толық есімі Тұрсын Мүхаммед- сұлтан. Орыс жазбаларында Шығай ханның ұлы, Есім ханның туысы делінген. Махмуд Уәли "Бахр Ал-аср" атты еңбегінде: "Ол Жалым сұлтанның баласы еді", - дейді. Жалымды екі ұлымен бірге, жоғарыда айтқанымыздай, Ташкент билеушісі Баба сұлтан өлтірген. Бұл зұлым өзінің қайын атасы, қазақтың ұлы ханы Хақназарды да екі ұлымен қоса жансыздары арқылы жайратқанын білеміз. Ал Жалым сұлтан қайдан шықты - ол жағы тағы мәлімсіз. Кейбір зерттеушілер Әз Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның баласы болуы мүмкін дегенді айтады. Енді біреулер Шығай ханның әрпағы, яғни Есім ханның туысы етіп көрсетеді. Қалай дегенмен Тұрсын сол тұста Ташкентті билеп, күллі қазаққа хан болуды армандап жүрген. Бірақ жолында Еңсегей бойлы Ер Есім тұр. Тұрсын жалғыз Ташкентте емес, Біскент, Түркістан, кейде Сауран, Әндіжан, Шахрухийя сияқты үлкенді-кішілі қалаларға да қожалық ететін. Есім ханмен бірігіп соғысқанда өзінен әлденеше рет жеңілген Имамқұли көмектесем деген соң үміт оты жана бастағанды. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, Тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Төлеген (Марқасқа) жырау оны мынадай жырмен оятады:

Ей, Қатаған хан Тұрсын!

Кім арамды ант ұрсын.

Жазықсыз елді жылатып,

Жер тәңірісің, жатырсың,

Хан емессің қасқырсың,

Қара албасты басқырсың!

Алтын тақта жатсаң да

Қазаң жетті қапылсың!

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есігіңе келіп тұр,

Шашқалы тұр қаныңды,

Кешікпей содан қатарсың!

Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.

Хиуа ханы және танымал тарихшы Әбілғазы былай деп жазады:

"Мен қазақтардың ішіне бардым. (Бұл - 1625 жыл шамасы) . Түркістандағы Есім ханның сарайында үш ай тұрдым. Бұл кезде қазақтардың үлкен ханы Тұрсын еді. Ол Түркістанға Ташкенттен келді. Есім хан мені үйде қалдырып, Тұрсынмен кездесуге кетті. Тұрсын ханмен сөйлескен соң Есім мені өзімен бірге алып жүріп, ханға таныстырды да, былай деді: "Мынау Жәдігер ханның ұрпағы - Әбілғазы. Бұған дейін бізге ол әулеттен ешкім қонаққа қелмеп еді, ал біздің кісілер бұларға талай барған. Енді сіздің қасыңызда болғаны жөн деп білемін". "Жарайды, - деді Тұрсын хан, - айтқаның болсын". Ол өзімен бірге мені Ташкентке алып жүрді. Ташкентте, Тұрсын ханның жанында екі жыл болдым. Екі жыл өткен соң Есім Тұрсынды өлтіріп, оның қатағандарын қырып тастады. Сонда мен Есім ханға былай дедім: "Мен сіздер жаққа екі ханнан маған қандай пайда тиер екен деп келіп едім, ал өздеріңдегі жағдай мынау. Енді маған Бұхараға, Имамқұли ханға аттануыма рұқсат етіңіз". "Жарайды, - деп жауап берді Есім хан, - жүре бер". Мен Имамқұли ханға қарай аттанып кеттім".

Есім хан Тұрсын хан мәселесін шешкеннен кейін өзінің Ордасы орналасқан Түркістанға қайтып оралады. Онда ол бір жылдай өмір сүріп, келесі 1628 жылы шамамен 70 жасқа қараған шағында өз ажалынан қайтыс болады. Оның денесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанына қойылып, қабірінің басына кішігірім кесене тұрғызылды. Есім ханның ағасы Ондан сұлтанды есептемегенде, Есім ханнан бастап қазақтың барлық ресми хандары, сондай-ақ қарапайым халықтан шығып, өз заманында саяси, әскери, рухани, мәдени көсем бола білген тұлғалар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанына жерленеді де, қаланың ролі мен маңызын, қасиеті мен құдіретін одан әрі арттырады.

2. Жәңгір хан тұсындағы қазақ хандығы

Есім ханның ұлы Жәңгір сұлтан хан сайланбай тұрып-ақ жаугершілік кезінде өзінің ерлік істерімен көзге түсіп жүрді. Жалпы, кейін хан болған соң да оның хандық қызметі ат үстінде, жорықтар мен шайқастарда өткен екен. Ол сонысымен де өзге қазақ хандарынан ерекшеленеді. Бір ғана мысал - қалмақтармен жекпе-жектерде Жәңгірге қарсы шығатын батыр болмайды екен. Сол үшін де ол «салқам» (айбатты) Жәңгір атанған. Жәңгірдің хан ретіндегі билігін әділ бағалау үшін сол тұстағы жағдайдан хабарымыз болғаны жөн. Он жетінші ғасырда ойраттар қуатты Қытай жағынан қысым көре бастайды. Сөйтіп, 1635 жылы Жоңғар хандығын құрып, жан-жағындағы өзінен әлсіз елдердің территориясына көз тігеді. Оларды Қазақ хандығының Жетісу, шығыс және орталық Қазақстандағы шұрайлы жерлері қызықтырды. Олар қазақтың шаңырағын ортасына түсіріп, халқын қырып, қонысын тартып алуға шындап кірісті. Осынау қазақ-жоңғар арасындағы тынымсыз соғыстар тұсында Жәңгір хан халқын да, жерін де абыроймен қорғап қалды. Жәңгір сұлтан жас кезінің өзінде Сібір-Тобыл ұрысында қалмақтардың тұтқынына түскен. Мұны тарихшылар қазақ-ойрат қарым-қатынасындағы маңызды оқиға санайды. Өйткені, ол көп ұзамай аман-сау еліне қайтады. Ол қашып шыққан немесе кездейсоқ сәтті жағдай жоңғар тұтқынынан босап шығуына көмектескен деген пікір бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Берекет Кәрібаев Жәңгір сұлтанды жоңғар елінің өз ішіндегі Батыр қонтайшыға қарсы топ өздері қашырып жіберген және қалмақтан қыз беріп, Жәңгірдің кейін хан болған ұлы Тәуке сол қалмақ қызынан туғаны жайлы айтады. Оған дәлел ретінде Ш. Құдайбердіұлының еңбегінен мәлімет келтіреді. Атап айтқанда, Батыр қонтайшының бақталасы Хұндүлен тайшы қазақтың болашақ ханы Жәңгірмен одақтасқысы келген. «Ескі жазбаларда келтірілген Хұндүлен тайшының Жәңгірді ұлым деп атайтындығының себебі де осында», - дейді ғалым Б. Кәрібаев. Осылайша, Жәңгір сұлтан 1635 жылы тұтқыннан жоңғарлардың өз көмегімен босап, елге оралады. Құр қайтпай, жоңғар тайшыларының арасынан өзіне жоғарыдағыдай одақтастар табады. Бұл одақтастықтың оған 1643 жылғы Батыр хонтайшы әскерімен болған Орбұлақ шайқасында көп көмегі тигені анық. Орбұлақ ұрысы Жәңгірге салқам деген атты алып берген маңызды шайқас болды. Қазақ жеріне Батыр хонтайшы бастаған қалың жаудың бет алғанын алдын ала білген Жәңгір оларға қарсы тұратын ыңғайлы жерді өзі таңдаған. Сол аралықта Самарқандағы досы Жалаңтөс Баһадүрге хабар жібереді. Көмек келгенше жаудың жолын бөгемек болып, 600 батырды соңына ертіп аттанып кеткен. Тау шатқалында айналдыра ор қазып, онда 300 әскерді қалдырады да, өзі жасақтың жарым бөлігімен бірге шатқалдың сыртына, қарсы бетіне жасырынады. Шатқалдың өте тарлығынан қалмақ әскері меңгерген амал-айласын пайдалануға мүмкіндіктері болмай, шетінен қырылады. Екі рет шабуылға шығуға әрекеттенсе де, оларынан түк шықпайды. Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр келіп жеткенде, онсыз да 10 мың әскерден айрылған жоңғар жағы кері шегінеді. Небары 600 батыр ыңғайлы жер мен ұрыс әдісін ұтымды пайдаланудың арқасында 10 мың жоңғарды жайратты. Жәңгір өміріндегі тағы бір шайқастың тарихи маңызы ерекше. Ол - 1652 жылғы қазақ-жоңғар соғысы. Осы ұрыс кезінде Очирту-Цецен ханның 17 жасар ұлы Галдам Жәңгірді өлтіреді. Жалпы, бұл шайқасты тарихшылар Батыр қонтайшының Орбұлақтағы масқара болып жеңілгені үшін үшін қазақтардан өш алуы деп бағалайды. Профессор Берекет Кәрібаев Жәңгірдің қазақ хандығы үшін жасаған бірнеше еңбегін ерекше атап көрсетеді. «Біріншіден, Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнады. Екінші есте қалар ісі сол, хан тағын иеленгеннен кейін мемлекеттің сыртқы саясатын бірнеше бағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсы қарым-қатынастар орната білді. Жоңғарлармен күресте Мауереннахрдағы аштарханилық әулет өкілдерімен, Шығыс Түркістандағы шағатайлық әулетпен саяси одақ құрып, оны туысқандық байланыстармен нығайтты. Үшіншіден, Жәңгір хан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінде нағыз ерлерше қан майданда қаза табады. Ал оның сүйегі қазақ елінің сол кезеңдегі астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанына жерленген», - дейді ғалым. Жәңгірдің екі қызы, үш ұлы болған. Аппақ, Тәуке және Уәлибақы деген үш ұлдың ішінде Тәуке әкесінен соң тақ мұрагері ретінде қазақ ханы болып сайланды. Кенже ұл Уәлибақы осы шешімге өкпелеп, нағашылары - Үргеніштегі Ғайып ханға кетіп қалған деген де деректер бар.

3. . Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы

Тәуке хан , кейде Әз-Тәуке (толық есімі Тәуекел-Мұхаммед Баһадүр хан Қазы, жазба деректерде Тевеккуль-Магаметь-Багатур хан, Баатыр Теука-хан, Тевкей, Тявка, Тевки, 1635 жылға дейін - 1715 жылдың жазы/күзі) - 1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы. Шешесі Бану ханым қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Аппақ сұлтанның інісі, Уәли (Уәлибек) сұлтанның ағасы.

Ішкі саясаты

Болашақ ханның саясатқа араласуы 1650 немесе 1651 жылға сәйкес келеді. Жәңгір ханның Қашғар билеушісі Абдаллах ханға жіберілген елшіліктің құрамында болған. Әкесінің өлімінен кейін Кіші жүз рубасыларының басым бөлігінің қолдауына ие болды. Хан тағына отырған соң Қазақ Ордасының ішкі және сыртқы саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі саясаттағы реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын және Орта жүздің құрамындағы уақтар мен керейлерден біріккен уақ-керей тайпасын құруы. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген. Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті жорықтар жүргізген. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды. Шамамен, 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың, сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды. Ханның мөріне сәйкес ол қол астындағы көшпенді халықтан «баһадүр» және «қазы» титулдарына ие болған. Кейбір жазба деректер бойынша XVII ғасырдың 50-ші немесе 60-шы жылдары шайқас кезінде екі аяғы ауыр жараланып, мүгедек болып қалған. Сондықтан қала ішінде не ат үстінде, не арнайы жылжымалы төсеніш көмегімен қозғалып отырды. 1672 жылы қазақ ханына ойраттардың жаңа билеушісі Қалдан-Бошоқты ханның қудалауынан қашуға мәжбүр болған дербет тайшысы Даян-Омбоның ұлы Малай тайшы мен хошоуыт тайшысы Абылайдың ұлы Цаган пана іздеуге келген. Цаган тайшы 1673 жылы қазақ жерінде қайтыс болып, оның қол астындағы адамдары Тәуке ханға қызмет ете бастады.

Сыртқы саясаты

Тибеттік буддизмнің Орталық Азияға таралуын көздеген жоңғар билеушісі Қалдан Бошоқты хан 1681-1685 жылдары қазақтарға, қырғыздарға және Әндіжан, Сайрам қалаларының отырықшы халықтарына қарсы жеті жорық ұйымдастырған. 1683 жылы орын алған шайқас кезінде Тәукенің бір ұлы тұтқынға түсіп, жоңғар билеушісінің шешімімен «буддисттік Ватиканның» астанасына жіберілді (туған жеріне 14 жылдан кейін қайта оралды) . 1687 жылдың ортасына қарай адам және материалдық шығындардан ес жиған қазақтар өз күшін қайта жұмылдырып, 1688 жылы Қалдан әскеріне соққы берді. Жеңістің нәтижесі бойынша, алдымен, Ташкент қайтарылды. Ферғананың саяси орталығынан кейін Тәуке ханның қол астына қырғыздар мен Түркістанның солтүстігінде мекендеген қарақалпақтар өтті. XVII ғасырдың ортасына қарай Тәуке ханның саяси ықпалы Қазақ Ордасымен көршілес Сырдарияның орта және төменгі ағыстарында орналасқан сауда және қолөнер дамыған қалаларына да тараған (32 қала мен айналасындағы ауылшаруашылық кенттер) . Ташкент, Сығанақ, Сайрам, Түркістан, Созақ, Аққорған, Қарнақ, Сауран және т. б. қалалардың тұрғындары қазақ билеушілеріне жыл сайын тауармен және ақшалай салық, ал ауылдық аймақтарда тұратын отырықшы халық жиналған егіннің 1/5 немесе 1/10 бөлігін төлейтін. Ішкі саясаттағы белсендігімен қатар Тәуке хан 1687-1697 жылдары солтүстік көршілерімен орын алған қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды реттеуге, сауда-саттықты дамытуға, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. 1687-1693 жылдары Тобыл қаласына бірнеше елшілік аттанған.

1698 жылы қазақтардың оңтүстік жайылымдары жоңғарлардың жаңа билеушісі Цеван-Рабданның шабуылына ұшырады. Бұл екі халықтың арасындағы ұзаққа созылған соғыстың жаңа кезеңіне алып келді. Тәуке ханның билік басындағы соңғы 17 жылында бірнеше қазақ-жоңғар соғысы (1698-1703, 1708, 1709-1710, 1712 және т. б. ) орын алды. Жасына байланысты 1710 жылдан бастап ойраттарға қарсы ұйымдастырылған жорықтарға қатысқан жоқ. Кейбір деректерге сәйкес 1715 жылдың бірінші жартысында Түркістан қаласында қайтыс болған.

4. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы

Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Тарихшылар «Жеті жарғыны» ойраттардың «Их цааз» заңдар жинағына жауабы ретінде қарастырады. Тәуке хан қазақтың және көршілес халықтардың (қарақалпақ және қырғыз) атақты билерімен ақылдаса отырып, әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін жинақтап, заман талабына сай өзгертіп, толықтырған. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.

2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.

3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.

4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есім хан туралы
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Шыңғысхан жайлы
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
Орыс жазушылары мен ақындары қазақ өлкесінде (А. С. Пушкин, В. Гоголь, В. Даль және т.б.)
Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері
Есім ханның өмірі, отбасы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Есім және Жәңгір хандар билеген тұстағы қазақ хандығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz