НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жалақының мәні, атқаратын кызметтері жене ұйымдастыру қағидалары

1. 2 Еңбек ақыны ұйымдастырудың нысандары мен жуйелерінің экономикалық мазмұны

1. 3 Қазақстан Республикасында жалақыны мемлекеттік реттеу

2 Южнефтегаз АҚ ЕНБЕК АҚЫНЫ УЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2. 1 Южнефтегаз АҚ тарихы мен кызметінің қысқаша сипаттамасы

2. 2 Южнефтегаз АҚ экономикалық сипаттамасы

2. 3 Южнефтегаз АҚ-нда енбек ақыны ұйымдастыру ерекшеліктерін талдау

З НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі

3. 2 Южнефтегаз АҚ-нда еңбек ақы төлеуді уйымдастыруды жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

KIPICПE

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері - жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазакстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзкарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады. Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптаскан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық-әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды. Нарықтык экономика жағдайында жұмысшы күші ерекше тауар ретінде қарастырылады. Ол еңбек нарығында сатып алынады жене сатылады, оның құны мен бағасы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінд анықалады . Осыған сәйкес, сұраныс пен ұсыныс еңбек ақының мөлшерін дифференциациялаудың анықтаушы факторлары болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикасы дамыған елдерде еңбекке ақы төлеуді реттеу екі өзара байланысты әдіске негізделеді:мемлекеттік және ұжымдық-шарттық. Ұжымдық-шарттық реттеуде негізгі көңіл еңбек ақы мәселелеріне аударылады. Еңбек ақыны ұжымдық-шарттық реттеуді жүзеге асырудың нысаны болып басты, салалык, корпоративтік, аймактық келісімдер мен ұжымдык шарттар табылады. Қазақстан Республикасындағы болып жатқан өзгерістердің сипаты әлеуметтік әріптестік шеңберінде әлеуметтік-еңбектік қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеудегі еңбек ақы мәселелерін ескертуді талап етеді. Бұл жалақы жұмысшы күшінің бағасы ретінде еңбек ақының мәніне, оның соңғы жылдардағы құнсыздануына, жұмыскерлердің салалық, аймақтық және кәсіптік-біліктілік топтары бойынша еңбек ақының дұрыс бөлінбеуіне байланысты болып отыр. Сонымен жалақының мәнін жұмыс күшінің бағасы немесе құны ретінде мінездеп, ол еңбек нарығы дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей еңбек ақынын бағасы жұмыс күшіне өзгеруі мыналар болғанда болады: - жумыс куші кайта ендіруді кенінен қамтамсыз ету тек физиологиялық мұқтаждыктарды ғана емес, сонымен қатар жұмысшы және оның отбасың әлеуметтік және мәдени игіліктермен қамтамасыз ету. - еңбек нарығының жұмыс күшіне бағасын көрсететін еңбек ақыны реттеудің ұжымдық-шарттық жүйесінің өркениетті қалыптасуы. - енбек акы келеміндегі айырмашылыктарды объективті есептеу. Жоғарыда аталан себептердің барлығы жұмыскерлердің еңбек ақысын ұйымдастыру қажеттілігі мен бүгінгі таңдағы өзектілігін көрсетіп отыр. Курстық жұмыстың мақсаты - енбек ақының экономикалық табиғаты туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді жалпылау негізінде жұмыскерлердің еңбек ақысын баскару ерекшеліктерін зерттеу және "Южнефтегаз" кәсіпорнының қызметі мен еңбек ақы жүйесін талдаужәне ҚР-ғы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша тежірибелік ұсыныстар жасау. Белгіленген максаттарта қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер койылады: -еңбек ақының мәні мен ұйымдастыру функцияларын, оларды жүйелеудің тәжірибелік анықтаудың тетриялыө тәсілдерін қарастыру;

-еңбек ақы нысандары мен оны басқару мен реттеу жүйесін және ҚР-ғы еңбек ақыны реттеудің құқықтық аспектілерін зерттеу;

-"Южнефтегаз" кәсіпорнының қызметін және ондағы еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау;

-еңбек ақыны төлеудегі кемшіліктері және Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде еңбек ақының мазмұны, оны ұймдастыру қажеттілігі мен бугінгі таңдағы өзектілігі туралы айтылған. Екінші бөлім Қазақстан Республикасында бүгінгі таңдағы қалыптасқан еңбек ақы деңгейі, динамикасын талдау мен "Южнефтегаз" АҚ-ның қызметін және ондағы еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесін талдауға арналған. Үшінші бөлімде еңбек ақыны төлеудегі шетелдік тәжірибесі және

Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалған. Қорытынды белім курстық жұмыстың мазмұнына сәйкес оның барлық бөлімдері бойынша қорытындылар мен тәжірибелік ұсныстардан тұрады.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жалақынын мәні, атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары

Жалақынын мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет. Ал экономикалық категория ретінде жалақы деген не ?сұрағы тууы мүмкін. Жалақы - бұл жалдамалы жұмысшыныңтабыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсың экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсың өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алуыға жалдамалы жұмысшыларға жалақы төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.

Нарыктық экономика жағдайында жалақының көлеміне нарықтық және нарыктық емес біркатар факторлар әсер етеді.

Нарыққа өткеннен кейін еңбек акыға қатысты жаңа қатынастар пайда болады. Яғни, нарық ресурсы болатын еңбек нарығы пайда болады. Оның субъектілері ретінде мыналар болады: жұмыс беруші (жеке кәсіпкер, біріккен кәсіпкерлер) . Олар белгілі еңбек ресурсы санына сураныс білдіреді. Сонымен бірге жалдамалы жұмысшылар - еңбек ресурсының меншіктері. Олар еңбекнарығындағы еңбек ресурсының сапалы санын ұсынады. Ал объекті, ол белгілі-бір уакыт аралығында сапалы еңбек ресурсы санын колдану құқығы болады. Еңбек бірлігінде нарықтық баға - уакыт бірлігіне нақты кәсіби сипаттамасы бар келісім шартқа негізделген және ақы мөлшерлемесі. Жалақы мөлшерлемесі жұмысшы күшінің құнымен анықталады, яғни жұмыс күнін жаксы өдіру ушін қажетті тұтыну тауарлары, қызметтері және өмір қаражаттары. Бірақта қазір нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалақы мөлшерлемесі өндіруші минимумынан асып кетеді және ол сол елде, салада нақты сападаңы еңбек ақы деңгейінен құрылады. Одан басқа жалақы мөлшерлемесін кейде теңестіру айырмашылығы деп айтуға болады - төлемдер, жұмыс орнын ауыстырғандағы айырмашылаштарды көрсетеді.

Жалақының негізгі элементі - жалақы мөлшерлемесі. Бірақта ол еңбек нәтижесіне әсер ететін жұмысшылардың мүмкіншіліктерін, физикалық күнін, реакциясын ескермейді. Сондықтан жалақы құрылымында тағы бір элементті бөліп айтура болады, ол өтпелі бөлігі. Ол еңбек қызметінің жеке нәтижесінің өзгешелігін көрсетеді: (сыйақы, қосымша төлем және т. б. )

Сонымен бірге табыстың басқа түрлері де бар. Ол жумыстының нақты кәсіпорында алатын мүмкіншілігі (материалды көмек, бағалы сыйлық, зейнетақы сақтандыруы) .

Жұмысшы үшін жалақы жоғарыдағыға косымша айтсақ отбасының тұрмысын жақсаргатын табыс. Жұмыс берушіге өз жұмысшыларына еңбекакы төлеу ол жұмысшы күшін жалдау үшін кеткен шығындар. Осыған қоса жұмыс беруші өнім бірлігіне жұмыс күшінің шығындарын қыскартуға ұмтылады. Жалақының нақты көлемі нарықта, әлеуметтік қатынастарда, өндірісте пайда болатын әр түрлі факторларға байланысты . Адамның өз еңбегі үшін алатын ақша саны негізінде жұмыс күшінің құны көлеміне байланысты. Әр топ үшін бұл құнның жоғарғы және төменгі деңгейі болады. Төменгі деңгейге өмір сүруге қажетті қаражат сомасы жатады. Олар отбасын асырау, кәсіби білім алу ушін, жұмысшының жұмыс қабілетін арттыру үшін жұмсалады. Көптеген елдерде өмір сүру минимумы деген көрсеткіш саналады. Ол кедейшілік шегін - жұмысшылардың төменгі квалификациясымен жұмыс қызметін ұстайтын қаражат мөлшері. Жоғарғы жұмысшы күші шені ол кейбір елдерде әдет-ғұрыпты болатын әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді өтейтін қосымша шығындар. Жалақының мәнін атқаратын қызметтерінен айқын кере аламыз. Ол: өндірісте, тұтынуда жузеге асырылады. Жалақының атқаратын бес қызметі болады:

1. Ұдайы өндіру

2. Ынталандырушы

3. Өлшеулік-бөлуші

4. Ресурсты-орналастырушы

5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыпастырушы

1. Ұдайы өндіру қызметті. Бұл жұмысшыларды және де олардың отбасыларының мүшелерін, жұмыс күшін, ұрпакты өндіру үшін керекті өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етуге байланысты. Мұнда тұтынуды көтерудің экономикалық заңы іске асырылды. Бұл функция жалақыны мемлекеттік реттеу айырмашылықтарымен, жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін заңмен бекітілген оның минималды көлеміне байланысты.

2. Ынталандырушы қызметі. Оның мәні жұмысшының еңбек үлесіне байланысты жалақы белгілеу кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты.

3. Өлшеулік-бөлуші қызметі. Бұл қызмет өндіріс құралдарының иелері мен жұмыстар арасындары тұтыну қорын бөлу кезіндегі еңбекті көрсетеді. Жалақы арқылы оның еңбек үлесіне сәйкес өндіріс процесінін әрбір қатысушысына тұтыну қорындағы жеке бөлігін анықтауға болады.

4. Ресурсты-орналастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні қазіргі уакытта айтарлыктай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймактар, салалар, кәсіпорьндар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет ету тек жалданушы жұмысшынык еркіндігі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуга ұмтылу оның муқтаждарын қанагаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі.

5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні - төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тутыну көрінісінің формасы тусіндіріледі. Төлем қабілеті бар сураныс екі негізгі факторларды әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді.

1. 2 Еңбек ақы нысандары мен жүйелерінің, экономикалық мазмұны

Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеудің кең тараған нысандары: кесімдік және мерзімдік.

Кесімді нысаны - өнімінің әрбір данасына төлем немесе атқарылған жұмыс көлеміне байланысты. Мерзімді еңбек ақы - жұмыс істеген уақытына төлем, бірақ күнтізбелік емес, тарифтік жүйемен қарастырылған нормативтік уакыт. Кесімді жане мерзімді еңбек ақы төлеудің нысандарын жүйелі түрде көрсетуге болады.

Көптеген жағдайларда еңбек ақы төлеудің керекті нысандарын таңдап алған жөн. Кесімді еңбек ақыны қолдану жағдайлары:

- нақты жұмысшыға байланысты жұмышының сандық көрсеткішінің болуы.

- орындалған жұмыстарды дәл есептеуге мумкіндіктін болуы.

- нақты бөлімдегі өнім шығаруды немесе жұмыс атқаруды көбейту мумкіндіктің болуы.

- нақты өндірістік бөлімшеде жұмысшыларды өнім көлемін немесе атқарылатын жұмыстарды көбейтуге ынталандырудың керектігі. Кесімді еңбек ақыны колдану төмендегі жағдайларға әкелсе, онда оны қолдану тиімсіз болады:

- өнімнің сапасының төмендеуіне;

- технологиялық режимнің бұзылуы;

- құрал-жабдықтарды күтудің төмендеуі;

- шикізат пен материалдың үлкен шығыны;

Мерзімлі еңбек ақыны қолданудың жағдайлары:

- өнім шығаруды көбейту мүмкіндігінің жоқтығы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық тәрбие
Экономикалық тәрбиенің әдістері
Жалақының мөлшеріне әсер ететін факторлар
Демалыс уақытын төлеу
Нарық жағдайында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
Еңбек ақының экономикалық табиғаты туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді жалпылау негізінде жұмыскерлердің еңбек ақысын басқару ерекшеліктерін зерттеу және энергетикалық кәсіпорын "Западнефтегаз" кәсіпорнының қызметі мен еңбек ақы жүйесін талдау
Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру
Нарық жағдайында еңбек ақының теориялық негіздері
Еңбекті төлеуді ұйымдастырудың функциялары, элементтері және қағидалары
Нарық жағдайындағы еңбекақы төлеудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz