Ақша қаражаттарының қозғалысы
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Байбекова А.Е.
Ақша қаражаттары қозғалысы есебінің мазмұны және оны ақша ағынын басқару үшін қолдану
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Білім беру бағдарламасы: 6В04106 Бухгалтерлік есеп, аудит және салық консалтингі
Астана 2023
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КеАҚ
Экономика факультеті, Есеп және қаржы кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Есеп және қаржы
кафедрасының меңгерушісі
____________ Жусупов Р.С.
05 желтоқсан 2022 ж.
Студент А.Е.Байбековаға
дипломдық жұмысты орындау бойынша
ТАПСЫРМА
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Ақша қаражаттары қозғалысы есебінің мазмұны және оны ақша ағынын басқару үшін қолдану, 29.11.2022 ж. №1713-Б бұйрығымен бекітілген.
Студенттің аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі: 01.06.2023 ж.
Жұмысқа бастапқы деректер: ҚР бухгалтерлік есеп пен аудит, қаржылық есептілік аясындағы заңдық және нормативтік актілері, ҚР Қаржы министрлігінің нормативтік құжаттары, қаржылық есеп пен аудиттің халықаралық стандарттары, кәсіпорындардың қаржылық есептілік деректері.
Мазмұны (қарастырылуға тиісті сұрақтар тізімі):
Кіріспе
1 Әдебиетке шолу
2 ECOLOGY BUSINESS CONSULTING ЖШС АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
3 ECOLOGY BUSINESS CONSULTING ЖШС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ МЕН АҚША ҚАРАЖТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР
Қорытынды
Графикалық материалдың тізімі: .. кесте, ... сурет, ... қосымша.
Ұсынылған негізгі әдебиеттер:
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы ҚР 28.02.2007 ж. №234-Ш ҚР Заңы (09.12.2022 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);
Утибаев Б.С., Жунусова Р.М., Утибаева Г.Б., Байдаков А.К., (2017) Финансовый анализ: учебное пособие - Астана: КАТУ имени С.Сейфуллина;
Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К.,(1998) Аудит и анализ финансовой отчетности, учебное пособие - Алматы;
Байдақов А.К.,(2019) Кешенді эконономикалық талдау, оқу құралы - Астана: С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ.
Жұмыс бойынша кеңес берушілер (оларға қатысты жұмыстың бөлімдерін көрсете отырып):
Бөлім
Орындалатын жұмыстар мен іс-шаралар
Ғылыми жетекшіКеңесші
Бақылау
мерзімі
қолы
Дипломдық жұмыстың жоспарын дайындау және оны жетекшімен келісу
Утибаев Б.С.
12.12.2022 ж.
Әдебиеттер тізімін іріктеу, оны шолу және өңдеу, негізгі әдебиеттердің библиографиялық тізімін дайындау
Утибаев Б.С.
26.12.2023 ж.
Жұмыстың 1-бөлімін дайындау және тексеруге ұсыну
Утибаев Б.С.
10.01.2023 ж.
Тәжірибе барысында нақты деректерді жинау, жүйелеу және талдау
Утибаев Б.С.
20.02.2023 ж.
Жұмыстың 2-бөлімін дайындау және тексеруге ұсыну
Утибаев Б.С.
15.03.2023 ж.
Жұмыстың 3-бөлімін дайындау және тексеруге ұсыну
Утибаев Б.С.
14.04.2023 ж.
Қорытындылар мен ұсыныстарды жетекшімен келісу
Утибаев Б.С.
27.04.2023 ж.
Ғылыми жетекшінің пікірімен танысу
Нормабақылау, плагиатқа қарсы тексеру
Анықтама, Бекбосынова Л.Ж.
03.04-26.05.2023 ж.
Баяндаманың тезистерін дайындау және дипломдық жұмысты алдын-ала қорғау
10.05. - 30.05.2023 ж.
Сын пікірмен танысу
01.06.2023 ж.
Жетекшінің пікірі мен дипломдық жұмысқа берілген сын-пікірмен қоса дипломдық жұмысты кафедраға тапсыру
01.06.2023 ж.
Тапсырманың берілу күні 05.12.2022 ж.
Жобаның жетекшісі: ______________э.ғ.к., профессор Утибаев Б.С.
Тапсырманы орындауға алған студент: ___________ Байбекова А.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1 Ақша қаражаттары қозғалысының және оны ақша ағындарын басқару үшін қолданудың теориялық-әдістемелік аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
2 Ecology Business Consulting ЖШС-НІҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ ..
2.1 Кәсіпорынның өндірістік - қаржылық іс-әрекетін талдау ... ... ... ... ... ..
2.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарының есебі мен құжат айналымының жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі сесбін қалыптастыруын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Ecology Business Consulting ЖШС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ МЕН АҚША ҚАРАЖТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ..
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар ..
3.2 Ақща ағындарын жоспарлау мен ақша қаражаттары қозғалысының есебінін жетілдіру бойынша ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез-келген нысандағы ұйымдарды құру үшін ең қажетті актив - ақша қаражаты болып табылады. Ақша қаражаты шаруашылық қаржысы болып қана қоймай, сонымен қатар ең өтімді есеп айырысу құралы болып табылатындықтан, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы жеке есеп беріледі. Осы ақша қаражаттарымен жүргізілетін операцияларда заңды бұзу жағдайлары көптеп кездеседі.
Ал ХҚЕС Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы халықаралық қаржы есептілігі стандарттары бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай жасалуы және есепті кезеңге қаржылық есептіліктің құрамында ұсынылуы тиіс деп көрсетілген. Ақша қаражаттарының қозғалысыс туралы есепті жасау қажеттілігі мен негізгі мақсаты - қаржылық есептілікті пайдаланушыларға ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістері және есепті кезеңдегі ақша кірістері мен шығуы туралы ақпарат беру.
Бұл қаржылық есептілік мәліметтері меншік иесін немесе кез-келген мүдделі заңды тұлғаны, акционерлерді кәсіпорынның ақша қаражаттарының жағдайымен олардың қозғалысы қай қызметтен және қандай мөлшерде болғаны туралы ақпараттармен қамтиды. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін уақытылы қажетті шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттар критерийлерін бағалаудың халықаралық жүйесі бойынша бухгалтерлік есепке ақпарат шыңайлығы (шыңдық, нақты ақпарат таңдау мүмкіндігі), ақпарат орындылығы (уақытылығы, маңыздылығы, болжау үшін құндылығы), салыстырылуы (уақыт бойынша салыстыру мүмкіндігі), түсініктілігі талаптары қойылады. Қаржылық жағдай туралы маңызды ақпарат көзі ретінде ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік мәнін қарастыра отырып таңдалған дипломдық жұмыс тақырыбы өте өзекті деуге болады.
Бұл дипломдық жұмыс ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, бухгалтерлік есепті түсініп, оны игеруге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда ақша қаражаттар есебіне үлкен көңіл бөлінеді. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұрақты жүріп отыратын ақша қаражаттар айналымына байланысты. Өйткені барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер қорларды, шикізаттарды, қызметтер мен жұмыстарды сату және сатып алу арқылы өз жұмыстарын атқарады.
Ақша қаражаттар есебінің негізгі мақсаты: толық және шыңайы ақпаратпен ішкі қолданушыларды қамтамасыз ету, ал оны ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік арқылы жүргізуге болады. Осы жоғарыда айтылғанның бәрі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға әсер етті. Дипломдық жұмыстың тақырыбы Ақша қаражаттары қозғалысы есебінің мазмұны және оны ақша ағының басқару үшін қолдану.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі отандық және шетелдік экономистердің жұмыстары мен келесі авторлардың зерттелетін мәселелері бойынша мерзімді басылымдардың материалдары: ғалым-экономистер (Дюсембаев К.Ш., Дюсембаева З.К., Утибаев Б.С., Аманова Г.Д., Нурсеитов Э.О., Байдақов А.Қ., Атабаева К.К., Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И.), сондай-ақ зерттелетін ұйымның жұмыс құжаттамасы.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның басқарушы тұлғалары өз қызметін дұрыс жоспарлау мен басқару үшін кәсіпорынның және нарықты зерттеу мақсатымен басқа да кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы ақпаратқа ие болуы маңызды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнімді кәсіпорын табысын анықтау өте маңызды орын алады. Осындай негізделген басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін аса ақпараттандырылған нысан болып ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілік үлгісінің мазмұны мен құрылымын, оны құрастыру әдістерін зерттеу және оны тәжірибеде қолдануын қарастыру.
Мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді атап көрсетуге болады:
қаржылық қорытынды есеп беру: маңызы, құрылымы және экономикадағы орнын көрсету;
ХҚЕС сәйкес ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп берудің теориялық негіздерін қарастыру;
ақша қаражаттар есебімен, олардың қозғалысы туралы есептілік жасауды зерттеу объектісі негізінде қарастыру.
Жұмыстың зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып кәсіпорынның экономикалық қызметінің ақпараттық тасымалдаушысының бірі - ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік болып табылады. Зерттеу субъектісі - Ecology Business Consulting Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. Жұмысты орындау барысында тақырып бойынша Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, талдауды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар, әдістемелік нұсқаулар, шетел және отандық экономистердің ғылыми еңбектері қолданылады.
1.Ақша қаражаттары қозғалысының және оны ақша ағындарын басқару үшін қолданудың теориялық-әдістемелік аспектілері
Инфляция және төлемеу дағдарысы жағдайында кәсіпорынның ақша ағындарын басқару мәселесі ең өзекті болып табылады, сондықтан кәсіпорынның қызметін басқарудың негізгі аспектілерін (ұзақ мерзімді активтерді, тауарлық-материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешекті, банктің несиелерін, меншікті капиталды басқару) қамтитын ақша ағындарын басқару жүйесін құру қажет. Жүйенің негізгі компоненттері: ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу; олардың ағындарын талдау; ақша қаражаттарының бюджетін құру.
Ақша ағындарын басқару жүйесі келесі сұрақтарға объективті жауап алуға мүмкіндік беруі керек:
ақша қаражаты қандай көлемде және қандай көздерден алынды, оларды жұмсаудың негізгі бағыттары қандай;
кәсіпорын ағымдағы қызмет нәтижесінде ақшалай қаражат түсімдерінің төлемдерден асып кетуін қамтамасыз ете ала ма және мұндай асып кету қаншалықты тұрақты;
кәсіпорын өзінің ағымдағы міндеттемелері бойынша төлей ала ма;
алынған пайда оның қазіргі ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті ме;
инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін меншікті қаражат жеткілікті ме;
алынған пайда мөлшері мен ақша қаражатының көлемі арасындағы айырмашылықты не түсіндіреді.
Бұл жүйе Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп №4 нысаны негізінде ақша қаражаттарының қозғалысын талдауды көздейді. Бұл ағымдағы төлем қабілеттілігін бақылап қана қоймай, ақша ағындарын басқару бойынша жедел шешімдер қабылдауға, қаржылық нәтижелер мен қолма-қол ақша арасындағы өзгерістердің себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша ағындарын талдаудың негізгі міндеті - ақша қаражаттарының қалыптасуының жеткіліктілік деңгейін, оларды жұмыс барысында пайдалану тиімділігін, сондай-ақ компанияның көлемі мен уақыты бойынша оң және теріс ақша ағындарының тепе-теңдігін анықтау.
Өндірісті ұйымдастыру немесе кеңейту кезінде қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі айтарлықтай шығындарға әкелуі мүмкін: пайда, бәсекеге қабілеттілік, компанияның нарықтағы үлесінің төмендеуі немесе жоғалуы және т.б.
Бүгінгі таңда отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде ақша ағыны санатының көптеген түсіндірмелері бар. Жалпы, олардың арасында айтарлықтай сәйкессіздіктер мен қайшылықтар жоқ екенін атап өтуге болады. Алайда, белгілі бір анықтамада атап өтілетін бірқатар ерекшеліктер бар, бұл зерттелетін тұжырымдаманың жалпылама түсіндірмесін ұсыну үшін оларды егжей-тегжейлі талдау қажеттілігін тудырады. Кесте түрінде анықтамаларды талдау нәтижелерін ұсынамыз (кесте 1):
Кесте 1 - Әртүрлі авторлар ұсынған ақша ағыны терминінің анықтамалары
Анықтаманың авторы
Терминнің анықтамасы, дереккөз
Кілт сөздер
7-ші ХҚЕС
(Ақша қаражаттарының қозғалыстары - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері мен төлемдері. []
Ақша қаражаттары, ақша қаражаттарының баламалары, түсім мен төлем
Утибаев Б.С.
Ақша қаражаттарының ағыны - бұл ақша қаражаттарының және олардың баламаларының түсуі және жұмсалуы (азаюы), ал ақша қаражаттарының түсуі (кетуі) - шаруашылық қызмет, жекелеген түрлер немесе шаруашылық операциялар нәтижесінде ақшалай сатып алулардың ұлғаюы (азаюы). []
Ақша қаражаттарының қозғалысы, ақша қаржаттарының түсуі мен шығуы
Байдақов А.Қ.
Ақша қаражаттарының қозғалысы (ақша ағыны) ақшаның кірісімен, ақшаның шығысымен және ақша ағынының сальдосымен (таза ақша ағыны) сипатталады.[]
Ақша қаражаттарының қозғалысы, таза ақша ағыны, кіріс пен шығыс
Аманова Г.Д.
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін түсімдердің және олардың жұмсалуының синхрондылығын бағалау, сондай-ақ алынған қаржылық нәтиженің мөлшерін ақша қаражаттарының жағдайымен байланыстыру үшін ақша қаражаттарының түсуінің және жұмсалуының барлық бағыттарын бөліп, талдау қажет.[]
Ақша қаражаттарының қозғалысы, түсім мен төлем
Радостовец В.К.
Ұйымның ақша ағындары - бұл кассада, банктік, валюталық, есеп айырысу арнайы шоттарында, арнайы шоттарда және берілген аккредитивтерде, сондай-ақ жолдағы чек кітапшаларында, ақша құжаттарында және аударымдарда болатын ақша қаражаттарының жиынтығы.[]
Қолма-қол ақша
Дюсембаев К.Ш.
Ақша ағыны (Кэш-Флоу) - ақша қаражаттарының қозғалысын көрсетеді және кезеңнен кезеңге дейінгі динамикадағы кәсіпорынның қызметін көрсетеді.[]
Ақша қаражаттарының қозғалысы, уақыт кезеңі
Штиллер М.В.
Қолма-қол ақша ағымы - ұйымның ең маңызды циклы аспектілерінің бірі. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушылар үшін пайдалы болып табылады, өйткені ол компанияның ақшалай қаражаттарының қажеттіліктерін бағалау мен ақшалай қаржы жасау мүмкіндіктеріне өз көмегін тигізеді. []
Ақша ағындары, ақша қаражаттары, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, операциялық қызмет, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет
Сатыбалдин С.С.
Ақша ағыны - бұл пайда табу мақсатында өз қызметін қамтамасыз ету үшін ұйым құрған белгілі бір уақыт кезеңіндегі (әдетте бір жыл) ақша қаражаттарының қозғалысы. []
Ақша қаражаттарының қозғалысы, уақыт кезеңі, ұйымның қызметін қамтамасыз ету
Мамыров Н.К.
Ақша ағыны - бұл қолма-қол ақшаның үздіксіз қозғалысы.[]
Үздіксіз қозғалыс, қолма-қол ақша
Нарибаев К.Н.
Ақша ағыны - бұл ақша қаражаттарының қозғалысы, соның арқасында кәсіпорынның экономикалық қызметінің бір түрінен теріс нәтиже, екіншісінен оң нәтижемен өтелуі керек.[]
Ақша қаражаттарының қозғалысы, оң нәтиже есебінен теріс нәтижені өтеу
Бригхем Ю.
Ақша ағыны - бұл белгілі бір уақыт аралығында фирмаға түсетін (жұмсайтын) нақты таза қолма-қол ақша.[]
Қолма-қол ақша, түсімдер мен шығындар, уақыт кезеңі
Бердалиев К.Б.
Ақша ағыны - ақша қаражаттарының және олардың қозғалысын білдіреді.[]
Ақша қаражаттарының қозғалысы
Сейткасымов Г.С.
Ұйымның ақша ағыны - бұл шаруашылық жүргізу процесінде жүзеге асырылатын уақыт бойынша бөлінген ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің жиынтығының қызметі.[]
Уақыт бойынша бөлінген, түсімдер мен төлемдер, шаруашылық қызмет
Сорокина Е.М.
Ақша қаражаттарының қозғалысы, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың түсуі және пайдалануы.[]

Ковалёв В.В.
Кең мағынада түсінілетін уақыт бойынша бөлінген төлемдердің (шығындардың) және түсімдердің (кірістердің) жиынтығы. Ақша қозғалысының элементі кіріс, шығыс, пайда, төлем және т.б.
Уақыт кезеңі, төлем мен түсім, кіріс пен шығыс, пайда
Жоғарыда келтірілген түсіндірмелерді талдай отырып, бірқатар анықтамаларда дәлсіздіктер бар екенін атап өтуге болады.
Мамыров Н.К. өзінің түсіндіруінде ақша ағындарын үздіксіз қолма-қол ақша екенін атап өтеді. Біздің ойымызша, бұл мәлімдеме нарықта сенімді позицияны ұстанатын ұйымдар үшін ғана жарамды, олар жеткілікті жоғары қауіпсіздік маржасына ие және сыртқы жағымсыз факторларға төзімді. Дағдарыс жағдайындағы кәсіпорындарға қатысты, сондай-ақ ақша қозғалысының үздіксіздігіне қатысты жағымсыз төтенше жағдайларды растау күмәнді. Егер ұйымның өніміне нарықтық сұраныс төмендесе немесе оны бәсекелестік нарықтан шығаруға мәжбүр етсе, онда өнімді сатудан түсетін ақшалай түсімдер түріндегі кіріс ағындары кем дегенде қысқарып, не максимумда мүлдем тоқтауы мүмкін. Бұл үздіксіз сияқты белгіге сәйкес келмейді.
Сондай-ақ Мамыров Н.К. мен Брюгхем Ю. ұсынған анықтамаларындағы, ақшалай ағынын қолма-қол ақшамен сипаттауымен келіспейміз. Себебі, бұл анықтамаларда бүгінгі күннің фактісі ескерілмейді. Қолма-қол ақшасыз төлемдер қазіргі күнделікті өмірге тығыз кірді және қолма-қол ақшамен салыстырғанда басым көпшілікте ұйымдардың экономикалық қызметін үнемі сүйемелейді.
Қалған авторлар (Утибаев Б.С., Байдақов А.Қ., Аманова Г.Д., Сатыбалдин С.С., Бригхем Ю., Бердалиев К.Б., Сейткасымов Г.С., Сорокина Е.М., Ковалев В.В.) ақша ағындарын ақша балансының элементтеріне сүйене отырып анықтайды және оны ақша қаражаттарының қозғалысы, яғни олардың белгілі бір уақыт аралығында түсуі мен шығуы ретінде қарастырады. Бұл анықтамалармен біз келісеміз себебі, ақша ағынының бұл түсіндірмесі оны ұйымның қаржылық-экономикалық қызметінің барлық аспектілерін сипаттайтын нарықтық экономиканың негізгі тұжырымдамасы ретінде анықтайды және таза ақша ағыны мен оның құрылымын дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дюсембаев К.Ш. өзінің еңбегінде ағылшын тілінен алынған Кэш-Флоу сөзін барлық дамыған мемлекеттердің экономистерінінің сөздігіне нық еніп, танымал болғанын ескереді. Бүгінгі таңда нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін қаржы институы, банк, инвестициялық қор, өнеркәсіптік кәсіпорын не косультациялық фирма болсын, өзінің инвестициялық қызметінде Кэш-Флоу талдауын қолданбайтын бірде-бір ұйым жоқ екенін сенімді түрде айтуға болады. Себебі, бұл ақша ағындарын талдаудың инвестициялық талдаудың классикалық әдістерінің негізінде жатқандығына және инвестициялық жобаларды жоспарлау мен тиімділігін бағалаудың ең танымал әдістеріне қолданылатындығына байланысты.[]
Зерттеулер көрсеткендей, ақша ағымы түсінінігінің қарапайымдылығына қарамастан, оның мәнін анықтауда әртүрлі авторлар әртүрлі анықтамалар береді. Қазіргі уақытқа дейін жалпы қабылданған анықтама әлі жоқ. Біздің ойымызша, ең дұрыс анықтаманы И.А.Бланк ұсынған: Кәсіпорынның ақша ағымдары деп оның шаруашылық қызметінде уақыт бойынша бөлінген ақша қаражаттарының түсімі мен төлемдерінің жиынтығы []. Мұндай анықтаманы
басқа да авторлар тобы қолданады, олар белгілі бір уақыт аралығындағы ақша қаражаттарының түсімдерінің көлемі арқылы ақша ағымын сипаттайды.
Кейбір зерттеушілер ақша ағымы категориясын тар және кең мағынада қарастыруды ұсынады: тар мағынада, ақша ағымы деп белгілі бір уақыт бірлігіндегі ақша арқылы өлшенетін мақсатты бағытталған қаржы-ақша қаражаттары мен оның баламаларының қозғалысы қарастырылады []. Бұл анықтаманың экономикалық мәні, қаржы-ақша ағымының уақыт бірлігіндегі қаржы-ақша қаражаттарының сандық және сапалық (ақпараттық) жағынан қозғалысын ашып көрсетуімен байланысты.
Қорытындылай келе, ақша ағыны - бұл белгілі бір уақыт бойынша кәсіпорынның ақша қаражаттары мен оның баламаларының түсуі(кірісі) мен шығуы (жылыстауы) деген тұжырымдамаға тоқталамыз.
2. Ecology Business Consulting ЖШС-ГІ АҚША ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБІ МЕН ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ
2.1 Кәсіпорынның өндірістік-қаржылық іс-әрекетін талдау
Ecology Business Consulting ЖШС-нің тіркелу күні - 01.10.2003 жылы. Бизнес сәйкестендіру нөмері (БСН) - 031040002727; салық төлеушінің тіркеу нөмері (ССТН) - 620200230331.
Заңды мекен-жайы мен орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Айдархан Тұрлыбаев көшесі, 8-үй.
Серіктестіктің вебсайты - ebc.kz; электрондық поштасы - ebc_astana@mail.ru; телефон нөмірі - 8(7172)43 07 33, 8(7172) 43 07 57.
Ecology Business Consulting ЖШС-і Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуларының қатысушысы. Мемлекеттік сатып алулары порталына тіркелу күні - 15.02.2016 жыл; мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күні - 02.07.2015 жыл; мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі - зт-922; ID нөмірі - 84575; серіктестіктің атқаратын рөлі - жеткізуші.
Серіктестің жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 21-үй мекен-жайында тұратын, 15.02.1976 жылы туылған, ЖСТ - 760215300928, СТТН - 361810211526 Қазақстан Республикасының азаматы - Муратбеков Жан булатович болып табылады.
Ecology Business Consulting ЖШС қызметінің мәні мыналар болып табылады:
экологиялық жобалау, нормалау және экологиялық аудит;
қоршаған ортаны бақылау;
жұмыс аймағының физикалық және химиялық факторларының мониторингі;
кәсіпорындардың жұмыс орындарын аттестаттау;
парниктік газдарды тексеру;
радиациялық бақылау.
Серіктестіктің мүлкі қатысушының жарғылық капиталға жеке салымы есебінен құралады, негізгі және айналымдағы қаржыдан өндірген өнімнен, шаруашылық қызмет нәтижесінде алынған кірістері мен ҚР заңнамаларына жол берілетін негіздер бойынша алынған басқа мүліктен болады.
Жарғылық капитал мөлшері қатысушы шешімі бойынша көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. Жарғылық капитал ҚР заннамасында белгіленген ең төменгі мөлшерден азайтуға жол берілмейді. Серіктестік өзінің шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін сату-сатып алу, жалгерлік мәмілелерін және ҚР азаматтық заңнамаларында қарастырылған басқаларын жасауға құқылы. Серіктестік белгіленген тәртіпте өз мүлкін қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруға құқылы. Қатысушы серіктестіктің ең жоғары басқару органы болып табылады. Қатысушы серіктестіктің атқарушы органы болып табылатын Директорды тағайындайды.
Серіктестіктің қаржы-экономикалық жағдайына бақылау жасау үшін қатысушымен еңбек ұжымы қызметкерлері қатарынан тексеруші тағайындалуы немесе аудиторлық фирмалар тартылуы мүмкін.
Ecology Business Consulting ЖШС - ті басқарудың жоғарғы органы - Қатысушылардың жалпы жиналысы. Атқарушы орган - Бас директор. Бақылау органы - Тексеру комиссиясы болып табылады.
Серіктестіктің ішікі қызметін реттейтін ішкі ережелер мен басқа да құжаттар серіктестіктің өкілетті органымен дайындалады және ұсынылады және қатысушылардың жалпы жиналысы бекіткеннен кейін заңды күшке ие болады.
Серіктестіктің барлық қатысушылары жалпы жиналысқа қатысуға, күн тәртібі мәселелерін талқылауға қатысуға жіне шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқылы. Жалпы жиналыста дауыс беру кезінде Ecology Business Consulting ЖШС-тің әр қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне сәйкес келетін дауыс санына ие. Серіктестіктің Бас директоры тек қана заңды тұлға бола алады, ол серіктестіктің қатысушысы болмауы да мүмкін. Бас директорды жалпы жиналсы бес жылға сайлайды, он алдағы уақытта бірнеше рет сайлауға болады.
Ecology Business Consulting ЖШС-тің Бас директоры Асет Мукинатов тағайындалған. Бас директор:
Серіктестіктің атынан сенімхатсыз әрекет ете алады;
Серіктестік қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды басқа жұмысқа ауыстыру туралы, жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жұмыстарын белгілейді, лауазымдық жалақы мен дербес үстемақылардың мөлшерін белгілейді, сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады. Жарғылық қызметке қарсы келмейтін түрлі келісімдер мен шарттар жасайды. []
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін жан-жақты зерттеу негізіне бір-бірімен байланысты экономикалық көрсеткіштердің тобы жатады, олар кәсіпорынның және бөлімшелердің жұмысын сипаттайды.
Санды көрсеткіштер абсолютті көлемді білдіреді. Ол қызмет көрсету көлемі қызметкерлердің саны мен құрамы, негізгі құралдар мен материалдардың қажеттілігі және кәсіпорын қызметінің басқа да шаруашылық бағыттары.
Экономикалық талдау - экономиканың әрі қарай даму мақсатында өте өажет ғылыми жүйе. Кәсіпорынның шаруашылық қаржылық қызметіне талдау жүргізу процессінде әрдайым көрсеткіштердің жүйесімен жұмыс жасауға тура келеді. Талдау қорытындысы дұрыс және сапалы болу үшін есеп беру мәліметтерінің сапасы жоғары болуы қажет, мұнда әрине ішкі және сыртқы аудиттің рөлі зор.
Сапалы көрсеткіштер өндіріс тиімділігін анықтайды, кәсіпорын қызметінің жағдайын сипаттайды, еңбек өнімділігін, құрал жабдықтарды пайдалану деңгейі, табыстылығын, атқарылған қызмет бірлігіне анықталған материалдық және басқа да шығындарды көрсетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, оларды көптеген қндірістік және қаржылық мәселелерді шешуге мол мүмкіншілік ашты.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мағызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзін өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Ecology Business Consulting ЖШС-ң қаржылық жағдайын талдаудың ақпарат көздері болып қаржылық есептілік үлгілері болып табылады.
Кәсіпорынның активтеріне талдау жүргізу үшін бухгалтерлік баланс мәліметтерін қолданамыз (кесте 2).
Кесте 2 - Ecology Business Consulting ЖШС-тің мүлкінің 2021-2022ж. құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер
2021 ж
2022 ж
Жыл бойындағы өзгеріс
Құрылым. өзгер.
мың теңге
%
мың теңге
%
мың тг.
%
1
2
3
4
5
6
7
8
Активтер құны, барлығы, оның ішінде:
53 542
100
55 860
100
+2 318
+4,3
х
Қысқа мерзімді активтер, оның ішінде:
24 238
45,3
25 789
46,2
+1 551
+6,4
+0,9
Ақша қаражаттары
14 437
27
15 960
28,6
+1 523
+10,5
+1,6
Дебиторлық қарыздар
4 121
7,7
4 241
7,6
+120
+3
-0,1
Қорлар
2 969
5,5
2 828
5,1
-141
-4,7
-0,4
Өзге де қысқа мерзімді активтер
2 711
5,1
2 760
4,9
+49
+1,8
-0,2
Ұзақ мерзімді активтер, оның ішінде:
29 304
54,7
30 071
53,8
+767
+2,6
-0,9
Негізгі құралдар
17 499
32,7
18 040
32,3
+541
+3,1
-0,7
Дебиторлық қарыз
6 443
12
8 031
14,4
+1 588
+24,6
+2,4
Өзге де ұзақ мерзімді активтер
4 710
8,8
3 288
5,8
-1 422
-30,2
-3
МЕА
652
1,2
712
1,3
+60
+9,2
+0,1
Баланс
53 542
100
+2 318
+4,3
х
Е с к е р т п е - Ecology Business Consulting ЖШС-тің балансы негізінде автормен құрылған
Ecology Business Consulting ЖШС-тің активтері 2 кесте негізінде көріп отырғандай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтерден тұрады.
2 кесте бойынша активтер құнының 2022 жылды 2021 жылмен салыстырғанда 2 318 000 теңгеге немесе 4,3%-ға өскенін көруге болады. Соның ішінде кәсіпорынның қысқа мерзімді активтері 1 551 000 теңгеге немесе 6,4 %-ға өскен, оның ішінде 2022 жылды 2021 жылмен салыстырғанда:
-ақша қаражаттары - 1 523 000 теңгеге немесе 10,5 % өскен;
-қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар 120 000 теңгеге немесе 3%-ға өскен;
-қорлар 141 000 теңгеге немесе 4,7 % төмендеген;
-өзге де қысқа мерзімді активтер 49 000 теңге немесе 1,8-ға % өскен.
Ал ұзақ мерзімді активтер де 767 000 теңгеге немесе 2,6%-ға өскені байқалады, оның ішінде 2022 жылды 2021 жылмен салыстырғанда:
-негізгі құралдар 541 000 теңгеге немесе 3,1% -ға өсті;
-материалдық емес активтер 60 000 теңгеге немесе 9,2%-ға өскені байқалады;
-ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар 1 588 000 теңгеге немесе 24,6%-ға өскен;
- өзге де ұзақ мерзімді активтер 1 422 000теңге немесе 30,2-ға % төмендеген.
Бизнестi қажеттi қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету кез-келген кәсiпорын қызметiнiң анықтаушы факторы болып табылады. Кәсiпорын басшылығы кәсiпорын қызметi ресустардың қандай көздерiнен қаржыландырылатынын және капитал қандай iске салынатынын нақты бiлуi қажет.
2.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарынның есебі мен құжат айналымының жағдайы
2.3 Кәсіпорының ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі есебін қалыптастыруын бағалау
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді оларды операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі бойынша жіктей отырып білдіреді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп - бұл компанияның қаражатты қайдан алатынын және кейіннен қалай жұмсайтының қысқаша және нақты сипаттайтын құжат. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің негізгі мақсаты - пайдаланушыларға ақшаның түсуі мен кетуі туралы ақпаратты беру, ол сонымен қатар есепті кезеңдегі инвестициялық және де қаржылық көрсеткіштерді талдау құралы болып табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп негізінде 3 түрлі бөлімнен тұрады: операциялық қызмет, инвестициялық қызмет және қаржылық қызмет.
операциялық қызмет - бұл шаруашылық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуын сипаттайтын қызмет;
инвестициялық қызмет - бұл негізгі құралдар мен басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алу (сату) нәтижесінде пайда болатын қызмет түрі;
қаржылық қызмет - бұл
Ecology Business Consulting ЖШС-нің ақша қаражаттары есебі мен есеп айырысулар Қазақстан Республикасында бекітілген заңнамаларға сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасы және абсолюттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz